Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 287.38 Kb.

бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі287.38 Kb.
1   2   3

Айнұр МАМАНҚЫЗЫ.

МӘСЕЛЕ

ТҰРАЛАП ҚАЛҒАН ТУРИЗМ 

ҚАШАН ДАМИДЫ?

Ғалымдар  тобы  19  шақырым  тереңдікте 

тіршілік  барын  дәлелдеді.  Мамандар  Вашингтон 

штатындағы Лопез жағалауында табылған ежелгі 

арагонит жынысын зерттеді. Ғылым қайраткерлері 

олар  органикалық  қосылыстардың  метанмен 

қанықтырылған сұйықтығының арқасында пайда 

болғанына сенімді.Зерттеушілер жер астында тірі 

ағзалардың көбеюі мен өмір сүруіне қолайлы орта 

бар  екендігін  мәлімдеді.  Еске  салсақ,  «жерден 

тыс  өмір  биомаркерлері»  жарысына  барша  әлем 

ғалымдары  қатысуда.  Зерттеу  шамамен  ширек 

ғасырға созылады. 

Қазақстанға  іс-сапармен  келген  норвегиялық 

ғалымдар  қазақстандық  әріптестерімен  бірлескен 

жаңа  «Қорған  ДНК»  атты  жобаның  басталғанын 

хабарлады.  Ғалымдар  Қазақстанда  қорған-қо-

рым дардан  ДНК-материалдарын  жинаумен  айна-

лысатын болады. Олардың нәтижесін әлемге әй гілі 

Копенгаген  университетінің  генетикалық  лабо-

раториясында  талдайды.  Жобаның  мақсаты  біздің 

протоүндіеуропалық  тамырымыздың  ортақтығын 

дәлелдеу болып табылады.

П Р О К У Р А Т У Р А  

Е С К Е Р Т Е Д І 

Қызылорда қалалық 

прокуратурасы қала тұрғындары 

үшін кең таралған алаяқтың 

түрлері туралы аранайы ақпарат 

жинақтады. Аталған ақпаратты 

назарға алып, алдағы уақытта 

абай болыңыздар.

НЕСИЕ БЕРУ БОЙЫНША

Алаяқтардың  басым  бөлігі  несие 

алу  мен  несие  жабуды  ұсыну  кезінде 

кездеседі. Кей жағдайларда, алаяқтар ірі 

мөлшерде  несие  алу  мақсатында  несие 

беру  жөніндегі  өтінімдердің  мәліметтерін 

бұрмалайды.  Мұндай  жағдайларға  жол 

бермеу  қажет,  себебі  несие  туралы 

мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген 

жауаптылыққа,  оның  ішінде  қылмыстық 

жауаптылыққа  әкеліп  соқтыруы  әбден 

мүмкін.


Алаяқтар  тарпынан  берілген  мұндай 

ұсыныстар заңға қайшы немесе шындыққа 

сәйкес 

келмей 


жатады. 

Осындай 


жағдайлардың нәтижесінде сізге берілген 

ұсыныстар 

орындалмай, 

керісінше 

қосымша  қаржыларыңызды  жоғалтып, 

ұзаққа  созылатын  сот  процесстерінің 

қатыушысына айналасыз.

Міне, осындай алаяқтардың қақпанына 

түсіп қалмауы үшін, несие алу кезінде тек 

банк  қызметкерлерінің  кеңесіне  жүгініп,  

несиені  заңда  көзделген  тәртіп  бойынша  

алыңыздар.



ТЕЛЕФОН АЛАЯҚТАРЫ

Ұялы  байланыс  арқылы  кездесетін 

алаяқтардың  мақсаты  алдау  арқылы 

сіздің ақшаңызды белгілі бір шотқа аудару 

немесе басқа  мекен-жайға жіберу болып 

табылады.

Аталған  алаяқтықтың  кең  тараған 

түрі – телефон байланысы арқылы сіздің 

жақын  туысыңыздың  ауыр  жағдайда 

екенін  айтып,  оны  осы  жағдайдан 

құтқару  мақсатында  белгілі  сомадағы 

ақша  қаражатын  белгілі  адамның  атына 

аударуды сұрау әрекеті.

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК

Жылжымайтын 

мүлік 

нарығында 



алаяқтықтың  көп  түрлері  орын  алуда. 

Алаяқ    көбіне  жаңа  тұрғын  үйден  пәтер 

алуға   көмек көрсетемін деп сенімге кіріп, 

осы  мақсатта  алған  қаражаттарды  жеке 

басына жұмсайды.

Сонымен  қатар,    жылжымайтын 

мүлікті 

жалған 


меншік 

құқығын 


танитын  құжаттарымен  сату  бойынша, 

азаматтарды алдау жолымен ақшаларын 

алып қою жағдайлары жиі кездеседі.

Жұмыс 


ұсыну. 

Азаматтарды 

жұмысқа  орналастырамын  деп  алаяқтық 

жасайтындар  да  ортамызда  жүр.  Жұмыс 

іздеушілер 

 

жұмысқа 



тұрғызамын 

деп  қызмет  ұсынғаны  үшін    оларға  ірі 

көлемде рахмет айту есебінен ақша беріп 

алданады.



ЕГЕР,  АЛДАНЫП 

ҚАЛСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Егер,  сіз  алаяққа  кездесіп  қалсаңыз, 

өз  бастамаңызбен  мәселені  шешуге 

асықпаңыз.

Бұл жағдайда, қылмыстың орын алған 

жері  бойынша  дереу  полиция  немесе 

прокуратура  органдарына  арызданып, 

қылмыскерлерді  іздестіру  жұмыстарын 

жеңілдету  және  келтірілген  залалды 

қайтару  үшін  арыз  арқылы    істің  мән-

жайын  толық  анықтауға  жәрдемдесетін 

мәліметтерді көрсету қажет.



ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ 

ПРОКУРАТУРАСЫ.

ҚАРАШАҢЫРАҚ

БІЛІМНІҢ КЕНІ



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹13     18 ÀҚÏÀÍ, 2015 ÆÛË

ÏÀÐÀÑÀÒ

Acta  Zoologica  журналында  жарияланған  зерттеу 

жұмыстарының  нəтижесі  көрсеткендей,  егер  пілдердің 

тұмсығы  ұзын  болмағанда  олар  өз  денелеріне  лайықты 

мөлшерде  азық  жей  алмайтын  еді.  Тұмсықтарының 

көмегімен  алып  жануарлар  құнарлы  жəне  жұмсақ 

өсімдіктерді  қиналмастан  жұлып  жейді.Ғалымдардың 

айтуынша,  пілдердің  ауыз  қуысы  мен  бас  сүйегі  өзге 

жануарлардікі секілді емес, олар еңкейіп жерде өсіп тұрған 

шөпті аузымен жұлып жей алмайды. Пілге тұмсық сол үшін 

керек дейді зерттеу жүргізген мамандар. Айта кетейік, пілдер 

Жер бетінде өмір сүретін ең үлкен жануарлар. Олар бір күнде 

жүздеген килограмм жапырақ пен шөп жейді. 

Бүгінгі бақуатты тұрмыс, бақытты тірліктің 

берекесін  қолы  құрыштан,  белі  беріштен 

жаралған біздің əкелеріміз қаратері арқасына 

қатып жүріп жасады. Сол бір балалық дəурен 

дегеннің дəмін татпаған, зілбатпан бейнетпен 

ер  жеткен  өткен  ғасырдағы  жиырмасыншы 

жылдардың  балалары  аштықты  да,  соғысты 

да бастан кешті.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы 

саласының өркендеуіне еңбек күшін, ер бол-

мысын сарп еткен Дүтбай Мəмбетов те біз ай-

тып отырған қиын кезеңнің перзенті.

Қазіргі  Айдарлы  аулынан  шығысқа 

қарай  қиялап  жүрген  кісі  Сырдарияға  жет-

пей  үлкен  ойпатқа  ойысады.  Бұл  ертеректегі 

«Қарақұскеліс» деп аталған көлдің орны.  Ша-

масы  осыдан  үш  жүз  жылдай  бұрын,  əлде 

одан да əрірек пе екен, Арқадан ауа құлаған  

арғын-қыпшақ  аулын  осы  көлді  жағалай 

жығыпты.  Дарияның  тасуында  Айбала  жар-

масы арқылы əлгі жерге қашқын су сарқырай 

құйылып,  шалқыған  көлге  айналады  екен. 

Бірақ  көктемде  шалқыған  көл  күзде  тарты-

лып қалатын болған. Сол кезде көл табанында 

дарияның  балығы  дүнияның  байлығы  болып 

шапырлап  қалады-мыс.  Құдайдың  құдіреті, 

осы  сəтте  қайдан  пайда  бола  қалатынын  кім 

білген, күннің көзін жауып тұтасқан қарақұс 

көшкіні  келеді  дейді.  Бір-ақ  күнде  көл  таба-

нын тазалап тастайтын қара құстар содан ке-

лер күзге дейін көрінбей кетеді екен. Бұл жер-

дің атын сондықтан «Қарақұскеліс» деген.

Нəресте  Дүтбайдың  кіндік  қаны  та-

мып,  бала  Дүтбайдың  тапқа  жерағаш  салған 

топырағы осы.

Əкесі  Мəмбет  малды  кісі  болыпты. 

Кəмпеске  кезінде  көп  малын  елге  таратып 

беріпті. Мəмбет аулына сол кезде аққұба ажа-

рына қияқ мұрты жарасқан тік тұлғалы ерек-

ше  сəнді  кісі  келіп,  əкесімен  əңгімелескенін 

Дүтбайдың  өзі  беріректе  айтып  жүріпті. 

Дүтбай  онда  бес-алты  жастың  шамасында 

екен.  Бұл  оқиға  Қызылорданың  ел  астанасы 

болып тұрған кезеңіне келеді. Соған қарағанда 

əлгі кісі Сəкен Сейфуллин болса керек депті. 

Бұл топшылау дұрыс та болар, арғын руынан 

шыққан  Сəкеннің  белді,  малды  рулас  ағасы 

Мəмбетке келуі əбден мүмкін. Міне, осы еке-

уара əңгімеден соң Мəмбет бар малын жұртқа 

бөліп берген.

Осыдан төрт-бес жыл өтісімен ашаршылық 

деген аждаһа шыққан. Тірі тірінің етін жеген, 

ошаққа  телміріп  отырып  отбасымен  түгел 

ісіп-кеуіп    өлген  қасіреттерді  көрді    Дүтбай. 

Сол  заманның  балалары  аш-жалаңаш  жүріп 

мектепке барды.

Шалбарының қыры сынса сабаққа бармай-

тын  бүгінгінің  балалары  арқасына  шүберек 

сөмкесін  кендір  жіппен  байлап,  ағасының 

жыртық  керзі  етігін  жамап  киіп  тырп-тырп 

басқан сол балаларды көрсе қорқып қашар еді. 

Қазіргілер интерактивті тақтаға жазады, олар 

қолына  түскен  қағазға  күйген  ағашпен  жаз-

ды.  Бір  сөйлемнен  соң  күйген  ағаш  жұқпай 

қалады,  сосын  олар  отқа  қақтаған  оншақты 

ағаш алып жүреді...

Баяғылар 

айтқандай 

бəлдеу-бəлдеу, 

1939  жылы  Дүтбай  мен  оның  қатарластары 

өздеріне соқпай өткен бала күндерін өздерінен 

кейінгілерге  қалдырып,  он  тоғыз  жасқа  тол-

ды.  Сол  жылы  Дүтбайды  əскерге  шақырды. 

Əуелі шекара қызметінде болып, сол жерден 

фин-кеңес соғысына түсті. Өрімдей жас өмір 

мен  өлім  арбасқан  от-жалынға  кіреді.  Сол-

дат  болып  сымдай  тартылып    аулына  аман 

оралған осы соғыстан соң тағы бір соғыстың 

суық хабары шықты. Бұл дүниенің бетін түгел 

шарпыған Ұлы Отан соғысы болатын. Неміс 

басқыншыларына  қарсы  тұрған  кеңес  елінің 

жеңімпаз  əскерінің  сапында  кіші  сержант 

Дүтбай  Мəмбетов  Украина  мен  Белоруссия-

ны азат ету үшін болған ұрыстарға бастан аяқ 

қатысты. Əшейінде бұршақ жауса басы жары-

лып, жамбасы сынатын адам жеме-жемге кел-

генде  борап  тұрған  оқтан  да,  лаулап  тұрған 

оттан да тайсалмайды екен. Қалай дегенде де 

кеңес  əскерінің  жауынгерлік  рухтары  берік, 

отаншылдық  сезімдері  асқақ  болды.  Олар 

ажалдан  бассауға  сұраған  жоқ,  бастарында, 

саналарында бір ғана мақсат бар-ды, ол – жау-

ды жеңу.


Кіші  сержант  Дүтбай  Мəмбетовтің 

қайсарлығы  мен  қауіпке  қасқая  қарсы 

жүгіретін жүректілігіне жауынгерлер риза бо-

лысатын. Ол соңына жолдастарын ертіп, атой 

салып  алға  бастай  білген  сарбаз  болды.  Осы 

бұқпантайламайтындығы  болар,  бірнеше  рет 

денесін  оқ  тілгілеп,  бірнеше  мəрте  жарасы-

нан  емделіп,  жауынгер  сапына  қайта  барып 

қосылды.  Польшаны,  Чехославакияны  азат 

етуге  қатысты.  Харбын  қаласы  үшін  боған 

шайқаста  ауыр  жарақат  алып,  госпиталда 

емделіп, 1947 жылы туған елге оралды.

Жеңімпаз  жауынгерді  еңбек  майданы 

күтіп тұр еді. Ел еңсесі төмен болатын, техника 

тапшы. Жұмыстың бəрі қолмен атқарылатын. 

Дүтбай  елге    оралғасын  «Құмшығанақ» 

колхозының  шаруашылығында  еңбек  етті. 

Күн  мен  түнді  санамады,  жаралы  аяғын 

сылтып  басып  алға  адымдады.  Ел-жұртты 

жұмылдырып  қолдап  арналар  қазып,  иықтап 

дəн  тасыды.  Қолхоздың  есепшілігінен 

басқарма  төрағалығына  дейін  көтерілді. 

Өзі  көтерілген  сайын  өзгелердің  де  еңсесін 

көтеріп, белін тіктеуге тіке жүріп үлес қосты.

Кейін  Құлшығанақ  Айдарлымен,  Айдар-

лы  Амангелдімен  қосылып,  шаруашылық 

кеңейген  тұста  Дүтбай  солдат  күніндегідей 

алдыңғы  сапта  жүрді.  Бес  жылға  жуық  фер-

ма  меңгерушісі  қызметін  атқарды.  Малдың 

жайы,  қыстауы,  жайлауы,  жем-шөбі,  төлі, 

өнімі,  малшының,  жұмысшының,  жағдайы, 

техника, керек-жарақ, жабдық – осының бəрін 

ферма  бастығы  үйлестіретін.  Осылайша  ел-

жұрттың  қарны  тойып,  қабағы  жадыраған 

заманға  да  жетті.  1963  жылдан  кейін  пошта 

бөлімінің бастығы болды. Дүтбай келсе елдің 

жанын  жадыратар  жаңалық  қоса  келетін.  Ол 

кісіні  күллі  ауылдың  үлкен-кішісі  құрмет 

тұтты. Қадірін еңбекпен арттырды.

Құдай  қосқан  қосағы  Ұлған  қырық  жыл-

дан аса жас ұрпақ тəлімгері болған ұлағатты 

ұстаз, өн - бойына ұлттың нақышын тоқыған 

отанасы  еді.  Шуақты  шаңырақтың  алтын 

уығы  Дүтбай мен Ұлған бір ұл, бір қыздан он 

екі немере, алты шөбере сүйді.

Дүтбай  ақсақалдың  соңғы  жылдары  екі 

көзі зағип  болып қалды. Бірақ өзі бейнетпен 

биіктеткен  заманның  жақсылығын  көкірек 

көзі қалт жібермей бағамдайтын.

Омырауында  Ұлы  жеңістің  мерейтойлық 

медалдары  мен  «Ұлы  Отан  соғысы»  ордені 

жарқырап  отырған  Дүтбай  ағаға  тілшілер 

келіп:  «Соғыста  неше  немісті  өлтірдіңіз?» 

деп  сұрақ  қояды-мыс.  Сонда  Дүкең  оларды: 

«Неміс  те  адам,  адам  адам  өлтірдім  мақтана 

ма  екен»  деп  тиып  тастайды  екен.  Осының 

өзі-ақ ел қадірлісінің санасы сарабдал, ақыл-

ойы дара кісі болғанын танытады.

Жалпы, 

ерекше 


қасиеттердің 

тіні 


тектіліктен  тарайды.  Дүкеңнің  арғы  аталары 

ілімі  мол,  Алла  нығметіне  бөленген  жандар 

болған.

Өмірінің  кейінгі  қырық  жылын  бұрынғы 



«Киров» , қазіргі Маханбетов атындағы ауы-

лында өткізген Дүтбай ағаның ондай ерекше 

қасиеттерін бұл ауылдың жұртшылығы жақсы 

біледі. Ол кісі сынық салған, балаға түкірген. 

Осы өңірдегі төрт-бес ауылдың  емші-дəрігері 

болған. Көзі жұмылып, əлі құрып келген бала 

Дүкең  түкіргеннен  кейін  құлындай  шауып 

кеткен.


Аттан  түспеген  кезінде  аңшы,  қақпашы 

болған Дүкеңнің өте қарулы, балуан тұлғалы 

бейнесін аулы сағына еске алады. Бүгінде ор-

ман  шаруашылығында  жұмыс  істейтін  ба-

ласы  Алмас:  «Əкем  қыңқ  деп  қиналғанын 

білдірмеген  адам.  Бірде  Мүтəліп  Қыраубаев 

деген  ақын  кісі  қисайып  жатқан  əкемді 

құлағынан  тартып  тұрғызбақ  болады.  Əкем 

құлағы  созылып,  шеміршегі  үзіліп  кеткенше 

шыдап жата берген. Мүтəліп əкеммен құрдас, 

ойнағаны  ғой.  Сонда  ол  кісі  «жаны  шығып 

кетсе  айтқанынан  қайтпайтын  Дүтбайды 

құлағынан  тартқанға  тұрады  деген  мен  де 

ақымақ» деп əзілдепті.

Бұл  кісілердің  төзімі  мен  шыдамын  өмір 

өзі шыңдаған. Тағдыр теперіші мен ел басы-

на түскен ауырлықты, еңбек салмағын тоқсан 

жыл    арқалаған  азаматтың  қандай  қатерлі 

сындардан  өтіп,  бүгінгі  бейбіт  күн  бақытын 

жүрек жөргегіне салып тербеткенін ұрпақтың 

ұмытпауы керек.

Өйткені, алдыңғы толқын ағалардың, асыл 

əкелердің  өмірбаяны  өнегеге  толы.  Олардың 

берен бейнесі күн шапағын жамылған қыран 

секілді бүгіннің көңіл көгінде қалықтап қала  

бермек. Ел ағаларының осындай ардагерлерін 

ардақтап жатқан, ұлықтап жатқан тəлімді ша-

ралары қуантады.

Сондай  ел  құрметіне  лайық  тұлғалардың 

бірі  –  соғыс  жəне  еңбек  ардагері  –  Дүтбай 

Мəмбетов еді.

 

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

Қазақ  жері  тек  қана  кəсіпорындар  мен  қалалардың,  автомобиль 

жолдары мен электр станцияларының жиынтығы ғана емес, бұл ұлттық 

нысандарымызға  толы  атамекен  туған  жер.  Физика  ғылымының 

барлық заңдарына қарама қарсы, Үстірттің ми қайнатқан аптабы мен 

Хан тəңірінің жеті қат көкті тіреген мұзарт тауларының ұлттық санаға 

«ыстықтығы» бірдей.

2014  жылдың  қараша  айының  12-ші  жұлдызында  «Нұр  Отан» 

партиясының  саяси  кеңесінің  кеңейтілген  отырысында  Елбасымыз 

халыққа өзінің кезекті Жолдауын жолдады. «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар  жол»  деген  атқа  ие  болған  бұл  Жолдау  жылдағыдан  ертерек 

шықты əрі зор маңызға ие болды. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық 

Саясаты – əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге жасалған ғалаат 

қадам»  –  деп  көрсетті  Елбасы  бұл  Жолдауында.  Болашақты  болжай 

білетін басшымыздың сындарлы саясаты арқасында қазақстандықтар 

болашаққа  сенімді  болмақ.  Президенттің  11  қарашадағы  Жол-

дауы  қаншалықты  қарқынды  жəне  күтпеген  жерден  болса, 

атқарылатын  жұмыстардың  соншалықты  маңыздылығын  жəне  аса 

жауапкершілікпен, жылдам, нəтижелі орындалуы керектігін көрсетті. 

Жолдауды  мерзімінен  ерте  жариялаудың  бірден-бір  себебі,  соңғы 

уақытта  орын  алған  əлемдегі  геосаяси  қайшылықтардың  себебінен 

туындаған  экономикалық  дағдарыстың  жаңа  қарқынмен  үрдіс  алуы. 

Елбасы айтқандай, экономикамыз қиын кезеңді бастан өткергелі отыр. 

Астанадан тарам-тарам жолдардың басталуы – жүректен шыққан 

тамырларының бейнесіндей болады деген образ да маған жақсы əсер 

етті. Халық арасында «жол – өмір» деген сөз де бар ғой. Жəне бұл жол 

шын мəнінде бəріне өмір беретін, жақсы тұрмысқа жеткізетін жолдар 

болмақ. 

Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан даму бағдарламалары Қазақстанды 

озық 30 елдің қатарына қосылуына зор пайдасын тигізуде. Бүгінгі таңда 

елімізге əлемді шарпып отырған қаржы дағдарысынан айналып өту əрі 

даму міндеті қойылып отыр. Уақыттың қысқалығына байланыс ты осы 

Жолдауда  Елбасы  жаңа  экономикалық  саясатты  жариялады.  Мұнда 

елдің дамуы жəне əлеуметтік көркеюімізбен бірге еліміздегі маңызды 

əлеуметтік мəселелер де қамтылып, жолдауда өз орнын тапқан.

Нұрсұлтан Назарбаев қашаннан-ақ Қазақстан халқының бірлігіне 

үлкен  маңыз  беріп  келеді.  Қазақ  халқының  «Бір  күн  ұрыс-жанжал 

болған үйден қырық күн несібе кемиді» деген мақалы тегін айтылмаған. 

Кең-байтақ  Қазақстанды  мекендеген  ұлт  пен  ұлыстардың  татулығы 

мен бірлігі кез келген күрделі мəселенің кілті секілді. Ел бірлігі барда 

шешімін таппайтын іс жоқ.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Мəңгілік  Ел»  жалпыұлттық 

идеясы да елімізге деген əр қазақстандықтың патриотизмінен бастау 

алады.

«Ұлттар достығы – біздің тыныс-тіршілігіміз!» деп Елбасымыздың 



өзі  атап  айтқандай,  егемен  еліміз  алған  биіктер  мен  табыстардың 

ұлтаралық  татулық,  өзара  келісім  мен  бірліктің  арқасында  келіп 

отырғанын жастардың ойына сіңіру керектігі туралы пікірі де көптің 

көңілінен  шықты  деп  ойлаймын.  Бүгін  еліміз  бағыт  ұстап  отырған 

Мəңгілік  Ел  болудың  нұрлы  жолында  барша  қазақстандықтар 

жұмылған  жұдырықтай  қимылдап,  ортақ  Отанымыздың  гүлденуіне 

үлес қосуы керек деуі де орынды. Болашақ жастардың қолында екені де 

шындық. Жолдауда аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды 

көздің  қарашығындай  сақтау  қажеттігіне  маңыз  берілді.  Алда  атап 

өтілетін  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  20  жылдығы,  Қазақстан  мемлекеттілігінің 

түпқазығы  Қазақ  хандығының  550  жылдығы  сияқты  мерекелерді 

қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  бағытында  ұйымдастыру 

туралы ойлары да ұтымды.

Елбасымыз  айтқандай,  «Məңгілік  Ел  –  елдің  біріктіруші  күші, 

ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының 

ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 

тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мəңгілік Ел! 

Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. «Мəңгілік 

елдің  жарқын  болашаққа  жабырқамай  жетуі  үшін  салынған  даңғыл 

жол  –  осы  «Нұрлы  жол».  Осы  себепті  біз  –  тəуелсіз  Қазақстанның 

гүлденуі, жаңаруы жəне жаңғыру үшін барымызды да, нарымызды да 

салып күресуіміз қажет.

Жұбатхан НҰРҒАЛИЕВ,

Қорқыт ата атындағы 

Қызылорда мемлекеттік 

университетінің студенті.

ЕЛ ЕРІН ҰМЫТПАЙДЫ

ӨНЕГЕ ӨРІСІ

«ҚÀÐÀҚҰÑÊÅËІÑÒÅÍ» 

ҚÀÍÀÒ ҚÀҚҚÀÍ ҚÛÐÀÍ

ЕЛ

       



БІРЛІГІНІҢ 

БЕЛГІСІ


    Теміртауда  қызылшаға  қарсы  жасалған  екпеден  кейін 

студенттердің жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс 

қозғалды деп хабарлайды KTK. 11 ақпан күні Теміртау медициналық 

колледжінің 178 студентіне қызылшаға қарсы екпе жасалған. Алай-

да, сол күні өздерін жайсыз сезініп, тіпті естерінен танған 18 студент 

ауруханадан бір-ақ шықты. Дегенмен, өңірдің бас дəрігері вакцина 

салынған  адамдардың  10-15  пайызынан 

осындай  əсер  байқалатынын  жеткізіп, 

елді сабырға шақырған болатын. Десе де 

наразы  болған  ата-аналар  дəрігерлерді 

жазалау туралы прокуратураға ұжымдық 

шағым түсірген.  



ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2014 жылдың 11 қарашасындағы Елбасымыздың «Нұрлы 

жол  –болашаққа  бастар  жол»  атты  халыққа  Жолдауында 

бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы жəне ертеңгі күнге 

деген  сенім,  бейбітшілік  пен  тұрақтылық  –  күн  сайынғы 

еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық 

жетістік екенін атап өткен.

Бүгінгі  күні  шетелдерде  орын  алып  жатқан  түрлі 

əлеуметтік-экономикалық  сипаттағы  шиеленістер  мен 

қақтығыстар сол мемлекеттердегі тұрақтылыққа кері əсерін 

тигізуде.

Өз  кезегінде,  қоғамдық  саяси  ахуалды  тұрақтандыру 

жəне саяси-əлеуметтік шиеленістердің алдын-алу прокура-

тура органдарының негізгі міндеттері  болып отыр.

Қызылорда  қаласының  прокуратурасымен  қала 

аумағында  əлеуметтік  шиеленістер  орын  алуы  мүмкін 

жағдайлар  бойынша  оларды  шешу  бағытында  жұмыстар 

үнемі жүргізілуде.

Бұл  орайда,  Қызылорда  қаласының  прокуратурасымен 

қала аумағында қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыру жəне 

саяси-əлеуметтік  шиеленістердің  алдын-алу  мақсатында 

қалалық прокуратурада арнайы сенім телефоны орнатылған.

Аталған  сенім  телефонының  негізгі  мақсаты  қала 

аумағында  əлеуметтік  шиеленістер  орын  алуы  мүмкін 

жағдайлар бойынша қала тұрғындарының кез-келген ауыз-

ша  немесе жазбаша хабарламасы бойынша шара қолдану, 

заң бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу болып табылады.

Сонымен  қатар,  қала  тұрғындары  қала  аумағында 

əлеуметтік шиеленістер орын алуы мүмкін жағдайлар бой-

ынша  өздерінің  мəселелерімен,  өтініштерімен  Қызылорда  

қаласының прокуратурасына келіп (мекен-жайы: Қызылорда 

қаласы,  З.Шүкіров  көшесі,  №62  үй),  өздерінің  сұрақтары 

мен  ой-пікірлерін  білдірулеріне  болатындығын  хабарлай-

мыз.


Қызылорда  қаласының  прокуратурасында  қоғамдық 

саяси  ахуалды  тұрақтандыру  жəне  саяси  -  əлеуметтік 

шиеленістердің алдын-алу мақсатында орнатылған сенім те-

лефоны


Қызылорда қаласының прокуратурасы

Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, №62 үй

Қалалық 

прокуратураның 

əлеуметтік-

экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі

тел: 24-75-79

Қызылорда қаласының прокуратурасы.

Сыр елінің шежірелі тарихында өзінің күмбезді бейнесін 

сомдаған  əкем,  ауыл  шаруашылығы  саласының  майталман 

маманы    Жақсылық  Зиманов  жайлы  ой  толғап,  салиқалы 

сөз саптау əрине, мен үшін оңай емес. Сағым жылдарға де-

ген  сағыныш  та  жүрек  түкпірінен  үн  қатып,  еріксіз  өткен 

балалық бал дəуренге жетелей береді, жетелей береді...

Дегенмен, өткенге көз жүгіртіп, əкемді еске алсам, көңіл 

терезесінің айнасы тазарып, рухым биіктей түсердей əсерде 

боламын. Балалық дəуренмен қош айтысып, кемеліне келген 

шақта  ел  мүддесін  ойлаған  ер-азамат  бəлки,  өткен  өміріне 

шолу  жасап,  парасатпен  қарауы  табиғи  заңдылық  та  бо-

лар. Мен өз əкемнің жүріп өткен жарқын жолдарын, тұғыры 

биік тұлғасын туған халқына паш етуді əке алдындағы, жал-

пы қоғам алдындағы перзенттік парызым деп сезіндім. Мен 

əкемнің  ізі  қалған  даңғыл  жолдармен  жүрген  сайын,  оның 

тау тұғырлы бейнесі құзар шыңдай биіктей берді.  Əкемнің 

көзін көрген ел зиялыларымен тілдескен сайын менің алдым-

нан  асыл  жанның  қазыналы  сыр  сандығы  ашылып,  ішінен 

маржанды  ойлар  мен  жақұт  өсиеттер  нұр  шашып  тұрды.  

Халықтың  даналық  мəйегіндегі «Таулар алыстаған сайын 

биіктей береді» деген сөз ақиқатқа айналғандай. Əкем жайлы 

аузы дуалы, сөзі уəлі қариялардың ізгі лебіздері мен ыстық 

ықыластарын естіген сайын, марқайып, кеудемде мақтаныш 

сезімі оянып, жан дүнием қайта түлегендей əсерде болдым. 

Жер бетіне кісі келеді екен, Алла берген кесімді мерзімін 

жүріп  өтеді  екен.  Бірақ  сол  жолды  кім  қалай  жүріп  өтеді? 

Мəселе осында...

Уақыт  өткен  сайын  кезінде  бағасына  жетпеген  аяу-

лы  жандардың  адалдығын  кейін  түсінеміз,  олардың  артын-

да қалған парасатты ой-пайымына, зерделі сөзіне, ұлағатты 

бейнесіне, ыждағатты ісіне тəнті боламыз. 

Біздің  ұлтымыздың  құнарлы  көсем  де,  шешен  сөздері 

бабаларымыздың өткен өмір жолдарынан алынғаны ақиқат. 

«Əке самайындағы ақты аңғармаған бала, өз маңдайындағы 

бақты бағалай білмейді» дейді халықтың қанатты сөздерінде.  

Əкемнің қоғамға адал қызмет жасап, халықтың қиын қыстау 

шақтағы  өткір  проблемаларымен  бетпе-бет  келіп,  тыным 

таппай  елеулі  еңбек  еткен  шағында  мен  оң-солын  танып 

білмеген  бала  болатынмын.  Есімде  қалғаны,  ол  өте  сер-

гек,  көз  жанары  жалындап,  от  шашып  тұратын.  Өн  бойы-

нан имандылық самалы есіп тұрушы еді. Анамның да көңілін 

тауып, ойнақы сөйлеп, əдемі əзілмен шаңырақты шаттыққа 

бөлейтін. Өз ісіне жауапкершілігі болар, жиналыста оқитын 

баяндамаларын  үйде  біздің  алдымызда  оқып,  қайталап 

жүретін.    Тағы  есімде  қалғаны,  біздің  отбасына  қонақ  көп 

келетін.  Қазанымыз  оттан  түспей,  игі  жақсылар  мен  зиялы 

кісілердің  берекелі  мəжілісі  мен  күміс  күлкісі  біздің  үйден 

тарап жатушы еді. 

Мен өзімнің саналы ғұмырымда əкемді үлгі қылған жан-

мын.  Оның  бойындағы  асыл  қасиеттерді  өзімнің  тал  бой-

ымнан тапсам  деп армандаймын. Төңірегімнен əкеме ұқсас 

жандардың бейнесін іздеймін.

Мен  сергектік  пен  сезімталдықты,  адалдық  пен 

турашылдықты,  парасат  пен  сабырды,  жинақылық  пен 

жомарттықты,  талғампаздық  пен  бекзаттықты  əке  бойынан 

көре  білдім.  Оған  қызыға  қарадым.  «Асыл  туған  адамның 

алтын жетпес нарқы бар» дегендей, əкеме халықтың берген 

ақ  батасымен  көктеп,  көгеріп,  шыңдарға  қанат  қаққан  бо-

лармын.  Бəлки,  халық  қалаулысы  болып,  елге  қызмет  етіп 

жүргенім,  əке  тағылымының  қасиетінен  дарыған  болар. 

Бірақ, бүкіл өміріме қуат сыйлайтын əкенің орны бөлек екен, 

оның  ақылы  керек.  Қиналған  сəтте  қабырғалы  ақылын  ай-

татын əке батасына сусайтын кезім де жетерлік. Аяулы ана 

бейнесі  де  алыстаған  сайын  шоқтығы  биіктей  түседі.  «Əке 

сөзі – парыз, ана сүті – қарыз» деген бар ғой.  Балалықтан 

даналыққа  бет  бұрған  шақта  адалдықтың  арқанын  керіп, 

əділдіктің,  турашылдықтың  туын  желбіреткен,  Аралдың 

бұйра  толқындарындай  қайсар  əкенің  жарқын  бейнесін 

жұлдыздай  жарқыратсам  дедім.  Оның  асқақ  бейнесінің 

ғарыш  көгіндегі  темірқазықтай  болып,  біздің  əулетіміздің 

ғана емес, халық  жүрегінде қалатынын сезгенде, менің бой-

ымды  шаттық  кернеді.    Менің  парызым  ізгілік  өнегесімен 

өрілген асқар тау, кесек тұлғалы əке рухына бас иіп, тағзым 

етіп,  халықтың  алғаусыз  ақ  батасымен  бейнесі  асқақтай 

түскен оның өршіл рухын тірілту болды. 




1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал