Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



жүктеу 287.98 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата01.03.2017
өлшемі287.98 Kb.
  1   2   3   4

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

4-page

2-бет


№ 8 (1602) 

23 ақпан

2016 жыл

Жалғасы 8-бетте

Ұлт жоспары – 

баршаның ортақ міндеті

ауқымды істер 

атқарылмақ

On English 

MOdal VErbs

3-бет


Жалғасы 6-бетте

1973 жылы Қазақ ССР астанасы – Алматы 

қаласына оқуға келу бақытына ие болған 

– Мұрат Пұшатай, Қибадет Дәрел, Күнішай 

Рүстем, Арман Көкен, Дәметкен Тоқтарбай 

және мен – Ботагөз Уатқан Уланбатыр – 

Иркутск – Алматы пойызына отырып, 1973 

жылғы қыркүйек айының алғашқы күні 

әсем астанамыз Алматыға келіп түстік. 

Қазақстанда 1950-1960 жылдары Моңғолия қазақтары 

арасынан бірен-саран ғана студент оқыған. Содан кейінгі 

ұзақ үзілістен соң екі елдегі қазақтың қайтадан Атажұртта 

кездесуі жалғасын тапқан жылымық жылдардың кезі 

болатын.


Алматыда алғаш көргендеріміз кілең сары шашты, 

көк көзді орыстар болды. Қазақтың аздығына іштей 

құлазып қалдық. Бір үміт, бір күдікпен университет 

ректоры  – Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы ағамызға 

кірдік. Өмекең орта бойлы, қапсағай денелі, қара торы, 

ұлтын жан-тәнімен сүйетін азамат екені көрініп тұрды. 

Жүзінен мейірімділіктің, әкелік қамқорлықтың лебі 

еседі. Маңдайдан иіскеп, қазақы салтпен амандасты, 

әкемізді көргендей болдық. Танысып, амандық білісті, 

шай беріп, қонақжайлылық танытты. Моңғолияның 

Баян-Өлгий аймағы, ондағы қазақтар туралы қызықтап, 

біраз әңгімелесті. 

Алыстан шаршап келді деп қамқорлығын аямай, 

мейірімді, ағалық сүйіспеншілікпен: «Ақшаларың бар 

ма?» – деп сұрады. Жауап қайырып үлгергенімізше төс 

қалтасындағы әмиянынан «Ленин атамыздың»  басы 

бар қызылқоңыр түсті ақша шығарып, әрқайсымызға  10 

сомнан берді. Онысымен қоймай, «Ақшаларың таусылып 

қалса, ұялмай келіп тұрыңдар», – деп шығарып салды. 

ҚазҰУ-да философия және саясаттану 

факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 

100 кітап» жобасы аясында әдеби кеш өтті. 

Шараға белгілі ақын, журналист, бірнеше 

кітаптың авторы, республикалық «Заң» 

газетінің редакторы  Бекжан Әшірбаев 

қатысты.

Бірегей жоба елінің тарихын, мәдениетін, рухани 

құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті 

жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру 

үшін жастарды кітап оқуға үндеп келеді. Университет 

ректорының өзі: «Адам өмір бойы оқуы керек. Бұл 

алғашқы бастама. Бұл кітаптардың тізімі толыға бермек. 

Біздің мақсат – ҚазҰУ-ға оқуға келген жас студенттік 

төрт жылда жүз кітапты оқып шығуы азаматтық борыш 

екендігін сезіндіру. Жастар арасында кітап оқуды сәнге 

айналдыру қажет», — деп ізгі ойын білдірген еді. 

Кезекті ректорат отырысында  барлық университет ұжымына міндеттелген индикативті 

жоспарды орындау көрсеткіштері басты тақырып ретінде қаралды. Ректорат мүшелерінің 

қатысуымен өткен жиынды университет ректоры Ғалым Мұтанов ашты. Онда университеттің 

әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып 

отырған индикативті жоспардың орындалуы туралы география және табиғатты пайдалану 

факультетінің деканы Виталий Григорьевич Сальников пен халықаралық қатынастар 

факультетінің деканы Кәрімжан Нұрымұлы Шәкіровтің есептері тыңдалды. 

Мінбеге, алдымен, география және табиғатты 

пайдалану факультетінің деканы Виталий Григорьевич 

көтерілді. Ол өз сөзін: «Біздің факультет жоспардағы 

барлық тапсырмаларды орындауда айтарлықтай 

жақсы көрсеткіштерге  қол жеткізуде. Соның ішінде 

ең маңыздысы оқу-әдістемелік бағыттағы жұмыстар 

толықтай 100%-ға орындалды. Қосдипломдық білім 

беру жұмыстары бойынша көптеген істер атқарылып, 

ағылшын тілінде пәндер оқытуда факультетіміз 

пайыздық өлшеммен 135%-ды көрсетті. Сондай-ақ 

кәсіби біліктілікті көтеру, білім беру бағдарламаларын 

аккредиттеу бөлімдері бойынша жұмыс істеуде факультет 

ұжымы жоғары бағаға ие болып отыр», –деп бастады. 

Сонан соң факультет тынысымен таныстыра отырып, 

өзге де жұмыстардың нәтижесінен құлағдар етті. Ұстаздар 

мен студенттер тарапынан орындалған ғылыми бағыттағы 

жетістіктер мен  әлеуметтік-тәрбие  жөнінде аяқталған 

істерге кеңінен тоқталып өтті. 

Сонан соң есеп беру кезегі халықаралық қатынастар 

факультетінің деканы Кәрімжан Нұрымұлына берілді. 

Индикативті жопарды орындау көрсеткішін жарты 

жылдық бағалау қорытындысы бойынша  халықаралық 

қатынастар факультеті үздік факультеттер қатарына 

енді. Аталмыш жоспарды орындауда жалпы 5 орынға 

тұрақтаса, оқу-әдістемелік жұмыстардың орындалу 

деңгейі бойынша 1 орынды иемденген. Факультет деканы 

есеп беру кезінде былай деді: «Біздің факультетімізде 

индикативті жоспарды іске асыруда былтырғы жылмен 

салыстырғанда әлдеқайда жақсы деңгейде жұмыстар 

жасалды. Оны өздеріңіз де бағалап, көріп отырған 

боларсыздар. Бұған дейін халықаралық қатынастар 

факультеті шет тілдерін оқыту, шетелдіктерді оқыту, 

шетелдік университеттермен байланыс секілді 

жұмыстарды әрқашанда 100%-ға орындап келе жатыр. 

Бүгінгі көрсеткіш белгіленген межеден екі есеге артып 

отыр. Бұл біздің факультетіміздің мақтан тұтар тұсы 

деп білемін. Сонымен қатар осы оқу жылында кәсіби 

біліктілікті көтеру, жұмыс берушілермен жұмысты 

ұйымдастыру істері, әлеуметтік-тәрбие бағытындағы 

жұмыстарды атқаруда да біздің ұжым ерекше белсенділік 

танытты. Авторлық құқық алу, мемлекеттік марапаттаулар 

мен шәкіртақылар иеленуде де жақсы деңгейде екенін 

айтып өткім келеді». 

Қос факультетке де ҚазҰУ-дың бірінші проректоры 

М.М.Бүркітбаев, ғылыми-инновациялық жұмыс 

жөніндегі проректор Т.С. Рамазанов, академиялық 

мәселелер жөніндегі департамент директоры А.Қ. 

Хикметов және әлеуметтік даму жөніндегі проректор 

Ш.Е. Жаманбалаева өз салалары бойынша баға беріп, 

кемшең тұстары мен жақсы деңгейдегі көрсеткіштерін 

тілге тиек етті.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар «Талапкер» 

кәсіби бағдар беру орталығының директоры Данара 

Қылышбекқызы Қалиақпардың республикалық 

«әл-Фараби» олимпиадасының бірінші кезеңінің 

қорытындылары туралы ақпарын және халықаралық 

ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан 

Болатханқызы Смайылованың Ұлыбританияға іссапары 

туралы есебін тыңдады. 



Қаламқас АМАНҚОСОВА 

2

№8 (1602) 23 ақпан 2016 жыл

ақпарат


В КазНУ состоялась встреча с дирекцией кластерного бюро ЮНЕСКО Алматы для 

обсуждения совместных проектов в рамках концепции устойчивого развития  

Факультет тынысы



Жуырда ҚазҰУ басшылығының 

ЮНЕСКО-ның Алматы 

қаласындағы кластерлік 

бюросы директорының қызметін 

атқарушы Андрей Шевелевпен 

кездесуі өтті. 

А.Шевелев мырза алдымен ҚазҰУ 

мұражайын аралап, университеттің 

тарихымен және жетістіктерімен танысты.  

Кездесуді ашқан әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов бүгінгі 

таңда университет пен ЮНЕСКО арасында 

тығыз қарым-қатынас орнап, жемісті 

жұмыстар атқарылып жатқандығын 

атап өтті.  «Университетіміздің алға 

қойған мақсаты, бастамалары мен даму 

стратегиясы ЮНЕСКО тарапынан үнемі 

қолдауға ие болып келеді. Бұл біз үшін 

үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік», – 

деді ол. Сонымен қатар ол университетте 

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика 

және қоғаммен байланыс кафедрасының 

20 жылға жуық жұмыс істеп келе 

жатқандығын айтты.

Кездесу барысында басты үш мәселе 

– биоэтика, журналистика және тұрақты 

даму бойынша білім беру бағытына баса 

назар аударылды. 

«Білім қолжетімді болмаған жағдайда 

оқымаған адамдардың экстремистер мен 

лаңкестердің қатарын молайта түсу қаупі 

арта түседі. Сондықтан да біз білімнің, 

оның ішінде жоғары сапалы білімнің 

маңыздылығын жете түсінеміз», – деді 

Андрей Шевелев. 

ЮНЕСКО кластерлік бюросының 

білім саласы бойынша маманы Айгүл 

Халафова: «Соңғы 15 жылдың ішінде, 

дәлірек айтқанда, 2000 жылдан 2015 

жылға дейінгі білім беру жүйесіндегі даму 

мен кемшіліктер бейнеленген ЮНЕСКО-

ның статистикалық мәліметтері 

бойынша, Қазақстанның жеткен 

жетістіктері көз қуантады. Оған сіздердің 

университеттеріңіздің сіңірген еңбегі зор. 

ҚазҰУ – заманға сай түрлі салада кәсіби 

мамандар дайындайтын іргелі оқу орны», 

– деп пікір білдірді.

Сондай-ақ кездесуде БҰҰ-ның 

тұрақты даму бойынша жаһандық хабы 

болып табылатын ҚазҰУ мен БҰҰ, 

 

ЮНЕСКО сынды белді халықаралық 



ұйымдар бірлесіп жүзеге асыратын 

маңызды шаралар да қозғалды. Атап 

өтсек, лаңкестік пен діни экстремизмге 

қарсы күрес бойынша халықаралық 

конференция ұйымдастыру, Алматы 

қаласынан бастау алатын халықаралық 

«Бейбітшілік және келісім маршын» 

өткізу және   «Невада Семей» халықаралық 

антиядролық қозғалыс президенті Олжас 

Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына 

атсалысу сынды мәселелер қаралды.  

А. ҚҰРМАНБАЕВА

Жуырда әл-Фараби кітапханасында 

жоғары оқу орнына дейінгі білім 

беру факультетінің бейіндік мектеп 

оқытушылары мен оқушылары Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арналған «Жас әл-Фараби» 

атты  ІІІ ғылыми-зерттеу  конференциясын 

өткізді. 

Оқушының ғылымға деген 

қызығушылығын ояту, шығармашылық 

ізденістерін дамыту, ғылыми зерттеудің 

әдістерін үйрету, шығармашылық 

тұлға тәрбиелеуді мақсат еткен шараға 

Алматы қаласының мектептері қатысты. 

Оқушылар екі секция: жаратылыстану-

математикалық және қоғамдық-

гуманитарлық пәндер бойынша жұмыс 

істеді. 

М.Б. АМИРКАНОВ,

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті 

деканының орынбасары 

***


№1 студенттер үйінде физика-

техникалық факультетінің жылуфизика 

және техникалық физика кафедрасы 

студенттерінің ұйымдастыруымен 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 

Хантәңірінің мұзбалағы атанған әйгілі 

ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 

85 жылдығына орай «Мен тілеймін, 

жарқыным, сен де тіле, Жақсылық орнасын 

деп жер бетінде!» атты  ашық кураторлық 

сағаты өтті. 

Шараның мақсаты – М. Мақатаев 

туралы мәлімет алу арқылы рухани тәрбие 

алу. Оның барысында ақынның өмірі мен 

шығармашылығына арналған бейнеролик 

көрсетіліп, жан-жақты деректер 

берілді. Студенттер Мұқағалидың 

өлеңдерін оқыды және ақынның өз 

даусымен жазылған өлеңдерін тыңдады. 

Осындай тағылымды шаралар студент 

жастардың танымдық көзқарастарын 

қалыптастыруға, шығармашылықтарын 

шыңдауға ықпал етері даусыз. Ақынның 

әр өлеңінің жастарға беретін тәлімі мен 

ғибраты мол.

Куратор-эдвайзер 

М.Қ. АСЕМБАЕВА, 

317 ТОП СТУДЕНТТЕРІ 

Жақында Түркі әлемін зерттеу 

қоғамының баспасынан ҚазҰУ 

ректоры, академик Ғалымқайыр 

Мұтановтың  «Заман рухымен 

тілдесу» атты өлеңдер жинағы 

түрік тілінде жарық көрді. 

Өткен жылы бұл кітап Анкара 

қаласында басылып, түрік 

оқырмандары  тарапынан өте 

жақсы қабылданған болатын.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі Түркияның 

қалың зиялы қауым өкілдерінің 

қатысуымен Ыстамбұл, Ескішехир, 

Анкара қалаларында өтті. Онда  сөйлеген  

Түркі әлемін  зерттеу қоғамының Бас 

хатшысы Ибрагим Акгүн, Еуразия 

Жазушылар Одағының төрағасы Якуб 

Омароғлы, түркі дүниесіне белгілі ақын 

Али Акбаш, т.б. зиялы қауым өкілдері өз 

ой-пікірлерін білдіріп,  кітапқа жоғары 

баға берді.

Тұсаукесер рәсімінде Ғалымқайыр 

Мұтанов өлеңдерінің стилі жағынан 

алғанда, Шығыс поэзиясының 

бастауларымен, түркі жырларымен 

үндестігі, жалпыадамзаттық  гуманистік 

идеялармен суарылғандығы атап 

көрсетілді.

 «Заман рухымен тілдесу» кітабының 

түрік тілінде екінші мәрте қайта 

басылып шығып, Түркияның үш 

шаһарында  тұсаукесері өткізілуі – 

автор шығармашылығының шетел 

оқырмандарына танылуының жарқын 

көрінісі. 

Осы сапарда  Ғ. Мұтановқа Түркі 

дүниесінің ұлы ақындарының бірі 

"Мақтымқұлы" медалі тапсырылды.

БАСПАСөз ҚызМЕТІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және 

саясаттану факультетінде «Парламенттік сайлау: жаңа 

шынайылық дабылдарына жауап ретінде» атты дөңгелек 

үстел өтті. 

Шараны факультет деканы ф.ғ.д., профессор Әлия 

Масалимова ашып, кезектен тыс өткелі отырған сайлаудың мәні 

мен маңызына тоқталды. «Парламенттік сайлау еліміздің саяси 

жағдайына оңды ықпалын тигізері даусыз. Сынға түскелі отырған 

азаматтар бұған дейін өз саласының нағыз мамандары ретінде 

танылған жандар. Сондықтан мен жастарды өз таңдауларын 

жасауға, белсенді болуға шақырамын», – деді ол. Бұл ойды сайлау 

науқанының ерекшеліктері жайлы баяндама жасаған профессор 

Е.К.Aлияров та қолдады. Ол: «Биылғы сайлау науқаны еліміздің 

саяси өміріне көп өзгерістер әкелгелі отыр. Мерзімінен 

бұрын өткелі отырған бұл шара бірнеше қауіптің алдын 

алып, еліміздің экономикалық жағдайына оң әсерін тигізбек. 

Сайлау бүкіләлемдік мәселеге айналып отырған дағдарыстан 

шығу жолдарын қарастыру мақсатында да ұйымдастырылып 

отырғандығын түсінуге тиіспіз», – деген пікірін ортаға салды.

Іс-шара барысында саясаттану және саяси технологиялар 

кафедрасының меңгерушісі Гүлнар  Насимова: «Сайлау – 

Қазақстандағы саяси процесстердің көрсеткіші», – дей келе, 

жиынға қатысқан студенттерді кезектен тыс өткелі отырған 

сайлауға белсенділікпен атсалысуға үндеді. Сондай-ақ дөңгелек 

үстел аясында үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі мен дұрыс 

таңдау жасауға байланысты «Сайлау алдындағы жергілікті 

тұрғындардың көңіл-күйін анықтаудың әлеуметтік әдістері», 

парламенттік сайлаудағы Қазақстандықтардың электоралды 

мәдениетінің ерекшеліктері, саяси жүйені демократияландыру 

мен сайлау кезіндегі жастардың  рөлі хақындағы бірқатар сұрақтар 

төңірегінде баяндамалар тыңдалды.



өз тілшімізден

3

№8 (1602) 23 ақпан 2016 жыл

тыныс


ҚазҰУ-да 25 ақпанда Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлт 

жоспары – қазақстандық 

арманға бастайтын жол» атты 

мақаласы университеттің 

профессорлары мен 

оқытушылары алдына жаңа 

міндеттер қойды және оның 

жауапкершілікпен орындалуын 

талап етеді. 

Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту 

жобасы ел болашағы дамуының жаңа 

бағыт-бағдарларын көрсетуімен маңызды. 

Ұлт жоспарын жүзеге асыру Президент 

атап көрсеткендей: «Барлық мемлекеттік 

органдардан, қоғамдық институттар мен 

азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, 

табандылық, креативтілік және 

қажырлылық талап етіледі». 

Басты міндет – алғашқы жүз қадамды 

жасау. Бұл оңайлықпен атқарыла 

қоймайды. Қоғамда берік тәртіп 

қалыптасқан жағдайда оның орындалуы 

да арта береді. Осыған байланысты 

Елбасы: «Ұлт жоспарын орындай 

отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу 

Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз 

Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген 

және бізге жаһандық даму берген 

барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз», 

– деп айқындап көрсетіп, оның қуатты 

мемлекет пен ұлтты топтастырудың 

негізі екенін де анықтап берді. Қуатты 

мемлекеттің дамуына  ұлттар арасындағы 

татулық, бірлік, ынтымақ және өзара 

түсіністік жарқын жол ашады. Мұны 

қазіргі жаһандану дәуіріндегі күрделі 

экономикалық және саяси жағдайда 

әрбір қазақстандық азамат айқын түсінуі 

тиіс. Мақала Елбасының өткен жылғы 

желтоқсандағы Қазақстан халқына 

арнаған кезекті Жолдауын толықтырып, ел 

алдындағы жаңа міндеттерді көрсетуімен 

де маңызды. Ұлт жоспарын орындау 

барша халықтың оны нақты ұғынуымен 

бірге, ортақ мақсатқа жігерлі жұмылуға 

шақырады. 

Бұл мақаланы филология және әлем 

тілдері факультетінің шетел филологиясы 

және аударма ісі кафедрасының ұстаздары 

мен магистранттары, студенттері де 

бірнеше рет қызу талқылап, пікір бөлісті.

Әнуар ТАРАҚОВ, 

профессор 

Ағымдағы жылдың қаңтар 

айында ҚазҰУ ректоры 

Ғ.М. Мұтанов бастаған делегация 

М.В. Ломоносов атындағы 

ММУ ректоры, академик 

В.А.Садовничийдің шақыруымен 

іс-сапарға барып қайтқан 

болатын.

Бұл кездесудің басты мақсаты 

 

білім саласындағы ынтымақтастықты 



жандандыру, заманауи талапқа сай 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын, әсіресе 

жаңа материалдар мен өнімдердің 

түрлерін, биокосмостық  зерттеулерді 

жүзеге асыру болды.

ҚазҰУ мен ММУ космостық 

технология, биотехнология, биомедицина, 

химиялық технология т.б. салалар бойынша 

мамандар, бакалавр, магистр және 

PhD докторларды бірлесіп дайындауды 

көздеп отыр. Оның ішінде биология 

және биотехнология факультетінің де 

үлесі болғанына үлкен үмітпен қараймыз. 

Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасып, 

білімін, біліктілігін арттыратыны да 

қуаныш сыйлайды. 

Айта кетерлігі, М.В. Ломоносов 

 

атындағы ММУ мен ҚазҰУ-дың 



бастамасы осыдан 80 жылдай бұрын 

басталған ынтымақтастықтың жалғасуы 

дер едім. Ең алғаш 1930 жылы Мәскеу 

университетінің биология мамандығына 

түсіп, сол жерде студент, аспирант, ғылым 

докторы дәрежесіне жеткен бірінші 

академик – Темірбай Байбосынұлы 

Дарқанбаев және лауреат, академик Мұрат 

Абенұлы Айтқожин осы университет 

ғалымдарынан дәріс алды. Сонымен қатар 

осы университеттің 15 жылдай ректоры 

болған, атағы әлемге әйгілі академик 

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков, 

математика саласынан 60-70 жылдары 

ҚазҰУ-дың ректоры болған профессор 

Асқар Закарияұлы Закарин – ММУ түлегі. 

Бұл тізім, әрине, жалғай берсек ұзаққа 

созылары анық. 

Қорыта келе екі университеттің алға 

қойған мақсаты, орындалуға тиісті 

жобалары бірліктің, тұрақтылықтың, 

жасампаздықтың нәтижесінде іске 

асарына сенім мол. 

Н.Т. ТОРМАНОВ,

профессор

15 февраля на факультете филологии и мировых языков КазНУ 

слышались смех, казахская, русская и английская речь, из радио 

лились звуки музыки, французская речь перемежалась с немецкой. 

Вдоль коридора факультета висят 

репродукции Ренуара, Дюрера, Пикассо. 

Приятное волнение студентов. Вот  “Ода 

к радости” Бетховена, во время пауз 

между парами слышны современные 

ритмы Европы. Какие милые сердцу 

моменты: торжественно одетые студенты; 

девочки, повторяющие стихи; споры по 

поводу монтажа видео. Еще мгновение 

– и начнется праздник многоязычия и 

многоголосья. 

Еще вчера, на 2 курсе, студенты, 

несмело произносившие иностранные 

слова и звуки, сегодня стараются 

самостоятельно декламировать стихи, 

произносить цитаты великих людей, петь, 

и, пусть немного неуклюже, общаться на 

иностранном языке. Абсолютно соглашусь 

с истиной, высказанной Жуаном Жимэнэ: 

“Кто учит иностранный язык, овладевает 

новой душой”. 

В нашем празднике активно приняли 

участие студенты кафедры иностранной 

филологии и переводческого дела 

факультета. Как проникновенно пела 

на английском языке студентка 3 курса 

специальности “Иностранная филология” 

Б. Нурлыбай. Со всей ответственностью 

подошли к презентации творчества 

западноевропейских художников и поэзии 

Поля Элюара М. Калиева и А. Аулетова. 

Умело смонтировал кадры с пейзажами 

Европы Е. Илчибаев. Зрителей впечатлило 

исполнение “Оды к радости” Бетховена 

на немецком языке студентами второго 

курса.

Гость нашего университета, студент 



КазНТУ им. Сатпаева П. Хан, не менее 

талантливый, чем 2Рас и Eminem, 

исполнил рэп на английском языке. Вся 

аудитория подхватила freestyle гостя.

“Владение несколькими иностранными 

языками – это норма для образованного 

человека”, – так сказала в своей речи 

заведующая кафедрой иностранной 

филологии и переводческого дела 

Данель Карагойшиева. С этим трудно не 

согласиться.

Как сказад мой французский коллега, 

мы, филологи, знаем вес слова, и 

поэтому ценим красоту речи. Язык – 

это дар, который соединяет сердца с 

сердцами, n’est- ce pas. Приходите к нам 

на факультет, изучайте языки, будьте 

достойными гражданами своей страны, а 

преподаватели сделают все возможное для 

достижения этой цели.

 

ШОЛПАН МАКАТАЕВА,

старший преподаватель

кафедры иностранной филологии 

и переводческого дела 

Жуырда ҚазҰУ-дың филология 

және әлем тілдері факультеті шетел 

филологиясы және аударма ісі 

кафедрасына қарасты Аударма 

орталығының ұйымдастыруымен 



жүктеу 287.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет