Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы



жүктеу 238.82 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.02.2017
өлшемі238.82 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Ақпараттық технология факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бакалавриат 

Курс бағдарламасы(Syllabus) 

            “ФИЛОСОФИЯ”  пәні бойынша студенттерге арналған  мамандықтар: 

 

мамандықтар: 

5В070200 – Автоматтандыру және басқару 

5В070300 – Ақпараттық құралдар  

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету 

5В071700 – Жылу энергетикасы 

5В071800 – Электр энергетикасы 

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету  

5В060200 – Информатика  

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар 

5В071600 – Құрылғыларды құрастыру   

5В100200 – Ақпараттық қорғау жүйелері 

 

 

1,2  курс  



Семестр – 2,3,4  

Барлығы – 3 кредит                              

Сағаттардың жалпы саны – 135 

Дәріс – 30 сағат   

Семинар – 15 сағат  

СӨЖ – 90 сағат  

СОӨЖ – 30 сағат   

Семестрлік жұмыс – 2,3,4 семестр  

(3 СЖ – 2,3,4 семестр)   

Емтихан – 2,3,4 семестрде  

 

 

 



 

 

 



 

Алматы 2012 



Силлабусты құрастырған: проф., ф.ғ.к. Мухамеджан Қ.Ш., аға оқытушы Жарқынбаев 

Е.Е. жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.  

Силлабус  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  20  маусым  2012ж.    өткен  №10  хаттама 

мәжілісінде қаралып,  бекітілген.  

 

 

Кафедра меңгерушісі ___________________________Джагфаров Н.Р.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Оқытушы туралы мәлімет 

 

1.  Мұхамеджан  Қуаныш.  Шәкіртұлы  –  Әлеуметтік  пәндер  кафедрасының 

философия    ғылымының    кандидаты,  профессоры.  2001  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап 

АЭжБУ  жұмыс  істейді.  Философия  курсын  5В070200  –  Автоматтандыру  және  басқару; 

5В070300  –  Ақпараттық  құралдар;  5В070400  –  Есептеу  техникасы  және  бағдарламалық  

қамтамасыз  ету;  5В071700  –  Жылу  энергетикасы;  5В071800  –  Электр  энергетикасы; 

5В071900  –  Радиотехника,  электротехника  және  телекоммуникация;  5В073100  –  Өмір 

тіршілігінің    қауіпсіздігі  және  қоршаған  ортаны  қорғау;  5В060200  –  Информатика 

мамандықтарында жүргізеді.  

2. Жарқынбаев Елзат Еркенұлы – Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушы.  

2001  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  АЭжБУ  жұмыс  істейді.  Философия  курсын    

5В070200 – Автоматтандыру және басқару; 5В071700 – Жылу энергетикасы; 5В071800 – 

Электр энергетикасы; 5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация; 

5В073100  –  Өмір  тіршілігінің    қауіпсіздігі  және  қоршаған  ортаны  қорғау;  5В081200  – 

Ауыл  шаруашылығын  энергиямен  қамтамасыз  ету;  5В074600  –  Ғарыштық  техника  және 

технологиялар мамандықтарда жүргізеді. 

  

            Алматы    энергетика    және  байланыс  институтында  «Философия»  пәні    күндізгі  



бөлімде    оқитын    барлық    мамандықтар  бойынша    бірінші  және  екінші  курстың 

студенттеріне  оқытылады.  Бөлінген    уақыт    көлемі  135    сағат,    олардың  30  сағаты  – 

дәрістер, 15 сағаты – семинар  сабақтарына  арналған  және  90 сағаты  студенттерінің  өз  

төтесінен  білім  алуына  бөлінген. Кредит саны – 3.    

«Философия»  курсы    қазіргі    заманғы    жоғары    білімді  маманға  қажетті  негізгі  

философиялық  және  ғылыми  мәселелерді қамтиды. Ол ең  алдымен  гуманитарлық  және 

әлеуметтік – экономикалық  білімдердің  негізгі  даму  кезеңдері мен  салалары,  әлемдік  

философияның  тарихы,  ғылыми  мектептер  мен  концепциялардың  пайда  болуы  және  

маңызы  жоғары  сияқты    тақырыптарға  қатысты  болады.    Әсіресе    адамның    дүниеге 

көзқарасын, өмірлік  принциптері мен  рухани   мәдениетін жүйелі түрде  қалыптастырып  

дамытуға  бағытталған  бірден – бір  пән  болып  табылады.  

  

Курстың басты міндеттері  

 

1.

 



Философия  тарихын  ойдың    көпжақты  бағыты  есебіндегі  процесс  ретінде  арап,  

оның рухани парасатылық мәнін алу.  

2.

 

Студенттерге  философияның    даму  кезеңдерін  оқытуда  түп  нұсқаудағы 



материалдарға  сілтеме  жасай    оытырып,  олардың  гуманитарлық  мәдениетін  дамытуға 

жадай жасау.  

3.

 

Жұмыстардың    дәстүрлі  және  белсенді  әдістерін  студент  тік  топтарда    қолдана 



отырып,  келешекте  олардың    шығармашылыққа  деген  ұмтылыстарын    жетілдіру. 

Студенттерге  тарихи  философиялық    процестің    жалпы  сипаттамасын    түсіндіріп,  

философияның  даму  этаптарының  басты парадигмаларын  бағалауға үйрету.  

Екінші  бөлімнің  міндеттерін  студенттерге    оқытуда  тоқталатын  философияның 

бөлімдері  мынандай:  онтологія,  гносеологія,  әлеуметтік  философия,    философиялық  

антропология  және  аксиология.  Сондықтан    бұл  бөлім  студенттерге  философияны  

оқытудағы  дүниетанымдық  және  теоретикалық    әдістемелік  жағының    ары    қарай  

дамуына негіз болмақ.  



 

 

 

 

 

Болмақшы нәтижелер: 

 

1)

 



Студенттердің  алынған  білімінің  бірінші  бөлім    тарихи  –  философиялық  бөлім 

арқылы  философиялық  мәселелердің  теоретикалық  бастамаларын  жүйелі  түрде 

түсіндіруге мүмкіндік болады.  

2)

 



Студенттердің  пәнге  деген  өзіндік  шығармашылық    қатынасын  бағыттай  келе,  

материалды өздігінше  бағалауда дәрістен алынған,  ақпараттарды, философиялық ойдың  

тарихынан алынған материалдарды бағалауды үйрену.  

3)

 



Студенттерге  философияның  теоретикалық    бөлімдеріндегі  категориалды    және 

әдістемелік аппараттарды игеру.  

Курсты  оқу  барысында  студент  тер    дүниетанымның    тарихи  философиялық  даму  

бағыттары мен пәннің заңдары мен  категорияларын, негізгі  ұғымдары мен  принциптерін  

толықтай  меңгеруі қажет.  Философия  пәнін  оқу  барысында оның  әдістемелік  жағына, 

яғни пәнді меңгеруге байланысты әдістерді толықтай білуі қажет.  

Сонымен  қатар  студенттерді  мәселе  қоя  біліп,  он  өздігінше  шешу  амалдарын 

амалдай білуге, яғни логикалық  ой. Қорыту қабілетін арттыру болмақ.  

 

Реквизит алды: Реквезиттен кейін.  

 

«Философия»  пәнін    оқудың  алдында    студенттер    «Қазақстан  тарихы», 

«Экономика  негіздері»  «Адам  және  қоғам»  пәндерімен  танысады.  «Философия»  курсын 

өткеннен  кейін «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Құқық негіздері» «Экономикалық теория 

негіздері».  

 

Курстың саясаты 

 

1.  Берілген  оқу  кестесі  бойынша  пәндік  сабақтарға  қатысу  (лекция,  семинар) 



студенттің міндеті болып табылады.  

2.  Егер  студент  қандай  да  бір  себептермен  сабаққа  қатыса  алмаса,  онда  ол 

қарыздарын    өз  бетінше  өтеу  қажет  яғни  өткен  тақырыптарды  оқып,    аудиториядан  тыс 

уақытта оқытушы  белгілеген мерзімде тапсыруы қажет.  

3. Студент институттағы оқу ережесіне бағынуы керек: сабақты себепсіз жібермеу, 

сабаққа  кешікпеу,  оқу  материалдарын  түсіндіру  кезінде  сөйлеспеу,  ұялы  телефондарын 

өшіріп қою, сабаққа тән киім үлгісімен келу және т.б. 

 4.  Әрбір  үйге  берілген  тапсырма  уақытылы  орындалып,  семинар  сабағындағы 

талқылауға студент белсене қатысуы қажет. Семестрлік жұмыс бекітілген кесте бойынша 

уақытымен  орындалуы  керек.  Уақытылы  орындалмаған  семестрлік  жұмыс    үшін 

студенттің  бағасы  кемиді.        Лекция  және  семинарға  енбей  қалған  тақырыптарды  

оқытушы екінші аралық бақылауда қамтуы қажет. 

 

Бағалаудың критериі 

  

1.Оқу  процесі  барысында  студенттің  білімі  мен  оқу  тәртібі  қорытындыланып, 



бағаланады.  Оқытушы  қандай  негіздерге  сүйеніп  бағалайды:  біріншіден,  студент  жазба 

жұмысында тарихи деректерге  сілтеме жасайтын болады, жалпы материалды  еркін  түрде 

өз  сөзімен  айтып  бергені  жөн;  екіншіден,  оқытушы  студенттің  конспектісін  тексеру 

арқылы  оның  үш  сұрақ  бойынша  ұсынылған  әдебиеттерді  қолдана  отырып 

дайындалғанына  көз  жеткізеді;  үшіншіден,  өз  ойын  еркін  білдіріп,  жаңа  деректерді 

қатыстыра  отырып,  толықтырған  студент  ең  жоғары  баллға  үміттене  алады.  «Қазақстан 

тарихы» бағдарламасында он әкі семинар сабағы берілген.  

2.Семинарға белгілі бір себептермен қатыспай немесе қанағаттанбайтын баға алған 

студенттер  арнайы  белгіленген  күндері  келіп  нашар    бағалары  мен  қарыздарын    өтеуіне 


мүмкіндік  алады.  Семинар  сабағына  белсенді  түрде  қатынасып  және  уақытында 

мұғалімнің  талабы  бойынша  толық  конспектісін  өткізіп,  аралық    бақылауды  тапсырып, 

жақсы  баға  алған  және  үш  семестрлік  жұмысты  уақытында  орындаған  студент  емтихан 

тапсыруға  рұқсат алады. 

3.Студенттердің  жауабы  мен  семестрлік  жұмыстар  100  балдық  жүйемен 

бағаланады. Семинар сабағындағы жауаптар 40% құрайды. Семестрлік жұмыстар  саны 3 

және әр қайсысы 10% бағаланады. Дәріске қатысулары 20% құрайды. Аралық бақылаудың 

бағасы – 10%.     



 

Бақылау түрі және қорытынды бағасының үлесі  

 

Бақылау түрі 

Қорытынды бағаның үлесі (%) 

Дәріс 


20% 

 

100х0,6=60% 



Семинар  

40%  


Семестрлік жұмыстар 1,2,3 

10х3=30% 

Аралық бақылау – 2  

10% 


 

Емтихан  

                                                40% 

 

«Философия» күндізгі бөлім студенттері үшін.   

 

Апталар 







 Жұмыс 



түрі 

Л1 


  С1 

Л2 


Л3 

С2 


Л4 

Л5 


С3 

СЖ1 


Л6 

СЖ1 


Л7 

С4 


АБ1 

Л8 


Апталар 

10 



11 

12 


13 

14 


15 

 

 Жұмыс 



түрі 

Л9 


   С5 

СЖ2 


Л10 

СЖ2 


Л11 

С6 


 

Л12 


Л13 

С7 


СЖ3 

Л14 


СЖ3 

Л15 


С8 

АБ2 


 

 

 



«Философия» қысқартылған оқу бөлім студенттері үшін.   

 

Апталар 







 Жұмыс түрі 



Л1 

   


С1 

Л2  


С2 

Л3 


СЖ1 

С3 


СЖ1 

Л4 


АБ1 

С4  


Апталар 

10 



11 

12 


13 

14 


15 

 

 Жұмыс түрі 



Л5 

    


С5 

Л6 


 

С6 


 

Л7 


СЖ2 

С7  


СЖ2 

Л8 


АБ2 

 

Анықтама белгілер:    Л – лекция; 



                                      С – семинар; 

                                      СЖ – семестрлік жұмыс 



 

Студенттерді бағалаудың қыр-сыры. 

№ 



Әріптік баға  

 Баллдары 

Дәстүрлі 

1. 


(95-100) 

(90-94) 


(А) 

(А -) 


өте жақсы 



өте жақсы 

2. 


(85-89) 

(80-84) 


(75-79) 

(В+) 


(В) 

(В-) 




 жақсы 

 жақсы 


 жақсы 

3. 


(70-74) 

(65-69) 


(С+) 

(С) 


қанағат. 



қанағат. 

(60-64) 

(55-59)  

(50-54) 

(С-) 


(Д+) 

(Д) 




қанағат. 

қанағат. 

қанағат. 

4. 


 (0-49) 

 (F) 


қанағатсыз. 

 

Пәннің мазмұны мен өткізілетін сабақтардың түрлеріне қарай сағаттардың бөлінуі 

№ 

Тақырып атауы және реті. 



Күндізгі оқуға бөлінген академ. сағат. 

саны 


Дәріс 

(сағат) 


Семинар 

(сағат) 


СӨЖ 

(сағат) 


СОӨЖ 

1. 


Көзқарас  және оның  тарихи  түрлері. Философия  

көзқарас  формасы.  





2. 


Философия:  пәні    және    функциялары.  Қазіргі  

замандағы  маңызы.  





3. 


Көне Үнді және Ежелгі Қытай философиясы. 



4. 



Антикалық  философия.  



5. 



Ортағасырлық  батыс – еуропалық философия.  



6. 



Ортағасырлық  Шығыс  мұсылман философиясы.  



7. 



Қайтаөрлеу дәуірі  философиясы.  



8. 



XVII – XVIII ғасырлардағы  философия Эмпиризм 

және  рационализм.  





9. 


XVIII  –  XIX  ғасырдағы    неміс    философиясы. 

Марксистік философияның  негізгі  идеялары.  





10. 


Отандық  философияның  тарихы.  



11. 



Қазіргі  заман  философиясының  ерекшеліктері.  



12. 



Таным:  жалпы  мәселелері.  Ақиқат  –  танфымның  

мақсаты.  





13. 


Тәсіл    және  методология.  Эмпирикалық    және  

теориялық  таным  тәсілдері.  





14. 


Қоғам  және    табиғат:  философиялық    талдау  

негіздері.  





15. 


Қазіргі    заманғы    өркениеттің  ауқымды 

тауқыметтері.  





16. 


Адам    және    қоғамның    рухани    дүниесі.  Сана 

мәселесі.  





17. 


Қоғамдық  сананың  құрылымы және  формалары. 

Жеке адам  және қоғамдық  сана.  







Барлығы: 

30 

15 

90 

30 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


№ 

Тақырып атауы және реті. 

Қысқартылған 

оқуға бөлінген 

академ. сағат. 

саны 


Сырттай оқуға 

бөлінген академ. 

сағат. саны 

Д 

Ә  



Р  

І  


С  

С 

Е



М 

С

Ө



Ж 

 

С 



О 

Ө 

Ж 



Д 

Ә  


Р  

І  


С  

С 

Е



М 

С

Ө



Ж 

 

С 



О 

Ө 

Ж 



1. 

Көзқарас    және  оның    тарихи    түрлері.  Философия  

көзқарас    формасы.  Философия:  пәні    және  

функциялары. Қазіргі  замандағы  маңызы. 







2. 



Көне  Үнді  және  Ежелгі  Қытай  философиясы. 

Антикалық  философия. 







3. 



Ортағасырлық    батыс  –  еуропалық  философия. 

Ортағасырлық  Шығыс  мұсылман философиясы. 







4. 



Қайтаөрлеу  дәуірі    философиясы.  XVII  –  XVIII 

ғасырлардағы 

 

философия 



Эмпиризм 

және  


рационализм. 







5. 

XVIII  –  XIX  ғасырдағы    неміс    философиясы. 

Марксистік  философияның    негізгі    идеялары. 

Отандық  философияның  тарихы. 







6. 



Қазіргі  заман  философиясының  ерекшеліктері. 







7. 

Болмыстың  универсальді    байланыстары    және  

олардың 

 

философиялық 



 

категорияларда  

бейнеленуі. 







8. 

Таным:  жалпы  мәселелері.  Ақиқат  –  танфымның  

мақсаты.  Тәсіл    және  методология.  Эмпирикалық  

және  теориялық  таным  тәсілдері. 







9. 



Қоғам  және    табиғат:  философиялық    талдау  

негіздері.  Қазіргі    заманғы    өркениеттің  ауқымды 

тауқыметтері. 







10. 

Адам    және    қоғамның    рухани    дүниесі.  Сана 

мәселесі.  Қоғамдық    сананың    құрылымы  және  

формалары. Жеке адам  және қоғамдық  сана. 









Барлығы: 



15 

15 

60 

15 







15 

 

Тақырыптар мазмұны 

 

Тақырып  №  1.    Философия:  пәні  және  функциялары.  Философияның  қазіргі 

замандағы қоғам және адам өміріндегі рөлі.  

 

Көзқарас  және  оның  тарихи  түрлері.  Миф,  дін,  өнер,  философия,  ғылым:  олардың 



жалпы және ерекше сипаттары. Философиялық көзқарас мәні. Философия пәні мен негізгі 

мәселелері  жөніндегі  әртүрлі  пікірлер,  философия  тарихындағы  философияға  берілген 

анықтамалар.  Жалпы  адамзаттық  мәңгілік  құндылықтар  өтпелі,  топтық  игіліктерден 

басымдылығы,  маңыздылығы.  Адам  ең  жоғарғы  құндылық.  Философияның  гуманистік 

идеяларды дамытуға, қалыптастырудағы, бағыттаудағы шартты маңызы. 

Философиядағы  диалектикалық  ойлау  және  метафизикалық  (догматикалық)  ойлау 

түрлері. 


Философияның  қазіргі  заманғы  рөлі  және  негізгі  функциялары.  Күнделікті  өмірлік 

тәжірибе және дүниетаным өзара қарым-қатынасындағы философиялық мәдениет,  ойлау, 

көзқарастың қажеттілігі. 

 

Тақырып № 2. Философияның шығу тегі. Ежелгі Шығыс философиясы.              

 

Философияның шығуына себеп болған мәдени-тарихи алғышарттар. Философиялық 



ұғымдардың  алғашқы  даму  кезеңдердегі  анықтамасы,  парафилософия.  Ежелгі  дәуірдегі 

Қытай  философиясының  ерекшеліктері.  Философиялық  мектептер:  конфунциандық, 

даостық, легизм және моизм т.б. 

Ежелгі  Үнді  философиясына  тән  ерекшеліктер.  Брахманизм,  жайнизм,  буддизм 

философиясы,  иога  ілімі.  Үнді  философиясы  өмір  және  өлім  туралы.  Рейнкарнация 

идеясы. 


 

Тақырып № 3.  Антика заманы философиясы.   

 

Космоцентристік  сипаты.  Философиялық  мектептердің  пайда  болуы:  милет,  элеат, 



пифагоршілер,  атомистер,  софистер  және  стоиктер  мен  эпикурейліктер.  Антика 

философиясы  болмыс,  адам  және  қоғам  туралы.  Сократтың  парасат  философиясы, 

Платонның  объективті  идеализм  негізін  қалауы,  Аристотель  философиясы.  Антикалық 

диалектикалық ілімінің қалыптасуы.    

            

Тақырып № 4.  Ортағасыр дәуірі философиясы.  

 

Теоцентристік  сипаты.  Философияның  ролі,  әлеуметтік  функциясының  өзгеруі. 



Христиан  дінінің  пайда  болуы  және  Августин  ілімі.  Креационизм  және  эсхатология 

идеясы.  Жан  және  тән,  ақыл  және  ерік,  ақыл  және  сенім  туралы.  Ф.Аквинский 

философиясындағы  құдай  және  әлем  туралы.  Ұғымдар  табиғаты  туралы  айтыс: 

номинализм және реализм, дін және ғылыми таным.                 

 

Тақырып № 5.  Ортағасырдағы Шығыс мұсылман философиясы.  

 

Философия  және  ислам  діні.  Шығыс  елдерінің  мәдени-әлеуметтік  дамуындағы 



ерекшеліктер.  Шығыстық  перипатетизм,  ортодоксальді  және  ортодоксальді  емес 

философиялық  ағымдар.  Мутакалимдер  және  мутазилиттер.  Әл-Кинди,  Әл-Фараби,  Әл-

Газали, Ибн-Сина философиясындағы болмыс, адам және қоғам мәселелері. Әл-Фарабидің 

әлеуметтік-этикалық  көзқарастары,  "Ізгі  қаланың  тұрғындары"  кітабі,  Әл-Фараби  таным 

туралы, ақыл және білім, ғылымдарды жүйелеуі. 

Шығыс  мұсылман  философиясының  Батыс  Еуропада  еркін  ойлау  идеясының 

жаңғыруына тигізген әсері.  

 

Тақырып № 6.  Қайта өрлеу дәуірі  философиясы. 

 

Ренессанс 



философиясының 

антропоцентристік 

сипаты. 

Гуманизм 

және 

натурфилософия. Пантеизм. Н.Кузанский, Д.Бруно, Г.Галилей т.б. ғылыми-философиялық 



көзқарастары. 

 

Тақырып № 7. Жаңа заман философиясы.  

 

Жаңа  заман  философиясының  ғылымицентристік  сипаты.  Метафизикалық 



онтология:  Р.Декарт,  Б.Спиноза,  Лейбниц      философиясындағы  субстанция  мәселесі. 

Таным  тәсілдері  мәселесі:  эмпиризм  және  рационализм,  философия  және  саясат.  ХVIII 



ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық идеясы: мәдениет  философиясы, саясат және құқық 

философиясы (Вольтер, Дидро, Гольбах, Руссо, Монтескъе).     

                                                                                                                  

Тақырып № 8.   Классикалық неміс философиясы.  

 

Диалектика және идеализм, адам және бостандық философиясы. И.Кант, И.Г.Фихте, 



Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель философиясы. 

Л.Фейербахтың  антропологиялық  материализмі.  А.Шопенгауер  және  Ф.Ницше 

философиясындағы    адам  және  қоғам  мәселесі.  ХIХ  ғасырдағы  Марксистік  философия. 

Диалектикалық материализм және тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Қоғамдық-

экономикалық формация теориясы.  

 

Тақырып № 9.   Қазақ философиясының тарихы.  

 

Көшпенді мәдениет және қазақ философиясының шығу тегі. Миф және  символизм. 



Образдық, интуитивтік ойлау ерекшеліктері.  

Синкретизм және семантика. 

Орта  ғасыр  дәуіріндегі  қазақ  философиясының  дамуы.  Жүсіп  Баласағұн,  Қорқыт, 

Ахмет Яссауи, Дулати, Асан қайғы т.б. философиясындағы өмір, бақыт мәселесі. 

Халық  -  ауыз  әдебиеті  және  жыраулар  философиясы:  Бұхар,  Ақтамберді,  Шалкиіз, 

Шортанбай, Дулат т.б. 

 

Тақырып № 10. ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ философиясының дамуы.  

 

Қазақ  философиясы  тарихындағы  Абайдың  алатын  орны.  Этикалық  рационализм 



және гуманизм. "Қара сөздері" еңбегінің маңызы. Абай және Шәкәрім дүниетанымындағы 

болмыс, адам және қоғам, сенім және таным мәселелері, бостандық идеясы. 

Ш.Уалиханов  шығармаларының  қазақ  мәдениеті  тарихында  алатын  орны.  ХIХ  

ғасырдың аяғы ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары: А.Байтұрсынов, 

С.Торайғыров,  Ә.Бөкейханов,  М.Шоқай,  М.Дулатов,  М.Тынышбаев,  М.Жұмабаев, 

М.Әуезов, Т.Рысқұлов т.б. 

Кеңес  үкіметі  жылдарында  қазақ  философиясының  даму  ерекшеліктері.  Марксизм 

идеясы және коммунистік идеологияның үстемдігі, колониялдық  - тоталитарлық жүйенің 

ұлттық философиялық дүниетанымымызға тигізген кері әсері. 

 

Тақырып № 11. Таным және ақиқат мәселелері.  

 

Гносеология және философия тарихындағы таным мәселесінің қаралуы. 



Таным  теориясының  негізгі  ұғымдары:  бейнелеу,  сана,  бейсаналық,  таным,  ақиқат, 

тәжірибе.  Таным  формаларының  көптүрлілігі.  Ғылыми,  жартылай  ғылыми,  ғылымнан 

тысқары  таным  формалары.  Қарапайым  білім  және  зерделілік.  Ғылыми  таным  және 

көркемдік тану. Танымды " бейнелеу" деп және "құрастыру" деп түсіну. Таным субьектісі 

және  обьектісі.  Субьектінің  тарихи-әлеуметтік  іс-әрекетінің  сезімдік  бейнелеу  ретінде 

қабылдануы  және  оның  таным  процессіндегі  ролі.  Сезімдік  бейнелеудегі  образбен 

белгінің  бірлігі.  Сезімдік  таным  формалары.  Ақыл  арқылы  тану  дүниені  бейнелеудің 

сапалы  деңгейі.  Ойлау  формалары.  Ақыл  және  түйсіктің  тарихи  -  әлеуметтік  табиғаты, 

олардың  тәжірибемен  байланысы.  Таным  процесіндегі  сезім  және  ақылдың  бірлігі. 

Эмпиризм және рационализм, иррационализм және сенсуализм.  

Таным  структурасы:  эмпирикалық  және  теориялық  деңгейлері.  Идеалды-теориялық 

моделдеу,  фундаментальді  принциптер  мен  заңдар,  гипотеза  мен  теория,  жаратылыстану 

және философия. Ғылым және дін. 

 


Тақырып № 12. Ғылыми таным методологиясы.  

 

Эмпирикалық  зерттеу  тәсілдері:  бақылау,  тәжірибе,  индукция,  аналогия, 



классификациялау.  Теориялық  зерттеу  тәсілдері:  дедукция,  моделирование,  аксиоматика, 

формализация,  анализ  және  синтез.  Ғылыми  теория  жасау  тәсілдері:  абстрактіліден 

нақтылыға өту, тарихилық пен  логикалықтың бірлігі, жүйелеу. 

Ғылымның қоғамдағы ролі;әлеуметтік дамуға ғылымның араласуы. Қазіргі заманғы 

ауқымды тауқыметтерді шешудегі ғылымның ролі. Парасаттылық және ғылым.Ғылымның 

этикалық  ережелері  мен  құндылықтары.  Ғылыми  ізденістер  еркіндігі  және  ғылымның 

әлеуметтік жауапкершілігі. 

 

Тақырып №13.  Табиғат және қоғам.  

 

Философиядағы  социогенез  мәселесі.  Этносфера  және  әлеуметтік  қатынастар. 



Әлеуметтік топтар және стратификация ұғымы. 

Табиғат  пен  қоғам  арасындағы  байланыстың  тарихи  формалары.  Шығыстық  және 

Батыстық шаруашылықтың ерекшеліктері. Географиялық детерменизм идеясы. 

 

Тақырып  №14.  Қазіргі  заманғы  экологиялық  және  басқа  ауқымды 



тауқыметтер.   

 

Саяси  экономикалық,  демографиялық  және  медициналық  мәселелерді  шешудің 



көкейкестілігі.  Қазіргі  заманғы  өркениет  дамуының  заңдылықтары,  бейбіт-қатар  өмір 

сүрудің өзектілігі. 

Ғылыми - техникалық прогресс болашағы.  

Техносфера және ноосфера. Экологиялық мәдениет. 



 

Тақырып № 15.   Адамның және қоғамның рухани әлемі. Сана және тіл.  

                                                                                                   

Сана және рухани дүние туралы діни, философиялық, ғылыми түсініктер.  

Философия  тарихындағы  сана  мәселесінің  қойылуы.  Бейнелеу  және  саналылық. 

Сананың шығу тегі туралы әртүрлі философиялық көзқарастар. 

Бейнелеу  формалары:  өлі  және  тірі  табиғаттағы  бейнелеу.  Бейнелеу  және  психика. 

Сана  және  тіл  туралы  философиялық  концепциялар.  Сана  және  ойлау,  еске  сақтау  және 

ерік, сана және ес. 

 

Тақырып № 16.  Қоғамдық сана, пікір және оның формалары.  

 

 Жеке  адам  санасы  мен  қоғамдық  сана  байланысы.  ¦лттық  сана  және  жалпы 



адамзаттық құндылықтар. 

Дін, парасат, құқық, саясат және эстетикалық талғам. Ғылым және өнер. 

 

Cеминар сабақтарының мазмұны. 

 

Семинар  сабақтары  студенттердің  теориялық  және  күнделікті  материалды 



философиялық  сараптама  жасауға  дағдыландырады.    Сол  тұрғыдан  алғанда,  семинардың 

мақсаты-жаңа  фактілермен  студенттердің  ойын  кеңейтіп,  рухани  байыту.  Сабақ 

барысында  студенттердің  ойлау  мәдениетін,  сөйлеу  шеберлігін  дамытып,  логикалық 

тұрғыдан жүйелі пікір айтуға үйрету жолға қойылады. 

Философиялық  әртүрлі  көзқарастарды  талдай  отырып  студенттер  диалектикалық 

дүниетаным  қалыптастырады,  проблемаларды  шешуге  және  саралауға  жаттығады. 

Қарама-қарсы  пікірлерді  дәйекті  түрде  дәлелдей  отырып  пікір  сайысында  шешендік 


өнерді игереді. Өз пікірін дәлелді түрде қорғауға, түсінікті тілмен тыңдаушыға жеткізуге, 

жан-жақты  ойланып  барып  ойын  жүйелеп  айтуға,  басқа  адамның  пікірімен  санасуға, 

жинақтаған  ғылыми-философиялық  білімін  пайдалана  білуге  үйренеді.  Философиядан 

семинар сабақтары тәрбиелік және танымдық функциялар атқарады. Студент алған білімі 

негізінде дүниетанымын кеңейтіп, философиялық көзқарасын қалыптастырады. 

Дүниеге қоғамға, адамға деген қарым-қатынасын мәдениетті деңгейге көтереді. 

 

Философия курсынан семинар сабақтарының тақырыптары. 

 

1.



 

Философия  - адам және қоғамның рухани өмірінің ерекше сферасы                       2 сағат 

2.

 

Әлемдік философиялық ойдың тарихи даму кезеңдері. Ежелгі Шығыс  



философиясы.                                                                                                                       7 сағат 

3.

 



Таным - философиялық сараптаудың пәні. Ғылыми таным методологиясы            2 сағат 

4.

 



Адам болмысы философия мәселесі ретінде сана адам өмірінің басты саласы 

ретінде                                                                                                                                   2 сағат 

5.

 

 Сана-философиялық мәселе.                                                                                        2 сағат. 



 

Барлығы: 15 сағат 

 

Семестрлік  жұмыстардың  тақырыптары 

 

1 бөлім.  Философия пәні  және шығу тарихы 

1 Философияның мәні  және  мәдениеттегі орны 

1.1 Философия – көзқарас формасы. 

1.2  Философия және миф.  

1.3  Философия  және  дін.  

1.4  Философия  және өнер.  

1.5  Философия және ғылым.  

1.6  Саясат  философиясы. 

1.7  Құқық  философиясы.  

1.8  Парасат  философиясы. 

1.9 Философияның  құндылықтар жүйесіндегі орны. 

1.10 Философияның  функциялары.  

2 Философия пәнінің қалыптасуы  

2.1 Онтология – болмыс туралы ілім.  

2.2 Гносеология – таным туралы ілім.  

2.3 Антропология – адам туралы ілім.  

2.4 Аксилогия – құндылықтар  туралы ілім.  

2.5 Логика – ойлау туралы ілім.  

2.6 Этика – парасаттылық  туралы ілім.  

2.7 Эстетика - әсемдік туралы ілім.  

2.8 Теология – құдай туралы ілім.  

2.9 Социология – қоғам туралы ілім.  

2.10 Риторика – шешендік туралы ілім.  

3 Философияның  шығу тарихы 

3.1 Мифогендік концепция  философия  туралы.     

3.2 Гносеогендік концепция  философия туралы.  

3.3 Эклектикалық  концепция философия туралы. 

3.4 Өмір  даналығы  және философия.   

3.5 Құдайды тану  даналығы. 

3.6 Техникалық  даналықтың  мәні.  

3.7 Шығыс және Батыс  мәдениетіндегі  философияның  қалыптасуы. 



3.8 Қазақтың  ұлттық  дүниетаным ерекшелігі. 

3.9 Әлемдік  мәдениет  тарихындағы философияның  рөлі. 

3.10 Діни философияның даму тарихы.  

 

2 бөлім.  Әлемдік философияның  тарихы.  

 

1 Ежелгі Шығыс  философиясы 



1.1 Көне Қытай философиясының  ерекшелігі. 

1.2 Конфуций философиясындағы  адамгершілік мәселесі.  

1.3 Даосизм  философиясындағы саяси - әлеуметтік мәселелер.  

1.4 Легизм  философиясы.  

1.5 Жайнизм философиясы өмір  туралы.  

1.6 «Сансара» және «нирвана» ұғымдарының  мәні. 

1.7 Иога  іліміндегі адам мәселесі.  

1.8 Чарвака – локаята философиясының  ерекшелігі. 

1.9 Үнді философиясының  дүниежүзілік мәні.  

1.10 Буддизм философиясының ерекшеліктері.  



2 Батыс Еуропалық  философияның тарихы.  

2.1 Ежелгі Грек философиясындағы адам  бақыты мәселесі.  

2.2. Софистер  философиясы. 

2.3 Аристотельдің жан  туралы ілімі.  

2.4 Иоанн Скот  философиясындағы  сенім және  ақыл.  

2.5  Орта  ғасырлық  христиандық  философиядағы  құдай туралы концепция.  

2.6 Пико  делла  Мирандоланың  гуманистік философиясы. 

2.7 Н. Макиавеллидің саяси және   әлеуметтік доктринасы. 

2.8 Ғылымның  картезиандық концепциясы.  

2.9  Эразм  Роттердамскийдің  «Ақымақтық  жасасын»  кітабының  философиялық  

мағынасы. 

2.10 Кант философиясындағы  парасаттылық мәселесі. 

2.11 А. Шопенгауэр  өмір  туралы. 

2.12  Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі. 

2.13 «Өмір  философиясы» адам  туралы.  

2.14 Прагматизм  философиясы.  

2.15 Батыс  мәдениетіндегі  «технократиялық» ойлаудың  мәні.  

2.16 Герменевтикалық  философияның  негізгі идеясы.  



3 Шығыс  мұсылман  философиясының  тарихы.  

3.1 Әл – Фарабидің  әлеуметтік – этикалық  ілімі.  

3.2 Ибн – Сина  құдай және дүние туралы.  

3.3 Суфизм  философиясының  ерекшеліктері. 

3.4 Ислам  дінінің  философия  тарихындағы  орны.  

3.5 «Шаманизм» дүниетанымының  көшпенді мәдениет  тарихындағы орны. 

3.6 Қазақтың  ұлттық  философиясының  даму  кезеңдері.  

3.7  Ақын – жыраулар  философиясындағы адам мәселесі.  

3.8 Шоқан Уәлихановтың  саяси - әлеуметтік көзқарасы.  

3.9 Абай  философиясындағы сенім  және ақыл  мәселесі.  

3.10 Шәкәрім  «жан»  туралы.  

3.11  XX ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялылары ұлттық құндылықтар  туралы.  

3.12 Мәшһүр  Жүсіп Көпеев шығармаларындағы  әлеуметтік – этикалық  мәселелер. 

3.13


 

Қазіргі  заманғы  әлемдік  философиядағы ислам  дінінің  орны.  

3.14

 

Абай  дүниетанымындағы  құндылықтар жүйесі.  



3.15

 

Әл – Фараби іліміндегі ғылымдар  жүйесі.  



 

3  бөлім.  Философиялық  ұғымдар  және даналық  ойлар  

1. Философиялық  категориялар жүйесі.  

1.1  Болмыс  және материя ұғымдары.  

1.2  Субстанция,  субстрат,  материя  категорияларының    монистік  және  дуалистік 

философияда қаралуы.  

Философиядағы  сана және  бейсаналық  мәселелері.  

Идеалдылық  мәселесінің  философияда  қаралуы.  

 Диалектика – даму туралы ілім.  

Жалқы, ерекше, жалпы  ұғымдарының  диалектикасы.  

 Мән  және салдар  ұғымдары. 

 Мазмұн және  форма ұғымдары.  

 Себеп  және салдар  ұғымдары.  

1.10 Кездейсоқтық, қажеттілік және бостандық  ұғымдарының мағынасы.  

1. 11 Таным және ақиқат  мәселесі.  

1.12 Ғылыми таным  методологиясы.  

1.13 Қарама – қарсылықтың  бірлігі және күресі заңының  мәні.  

1.14 Терістеуді терістеу заңының  мәні. 

1.15 Сандық  және сапалық  өзгерістердің өзара  байланысы  заңының  мәні. 

1.16  Рационализм және иррационализм арасындағы қайшылықтар.  



2 Философия  тарихындағы  даналық  ойлардың  мағынасы  

2.1 Философиядағы адамның мәні туралы көзқарастар. 

2.2 Философиядағы  адам бақытының  мәселесі.  

2.3 Философия тарихындағы  өмір және өлім мәселесі.  

2.4 Парасаттылық  және даналық  туралы.  

2.5 Сократтың  «өзіңді өзің танып біл» деген  философиялық  өсиетінің мағынасы. 

2.6 Күн – Фу – Цзы  философиясындағы  «алтын  аралық» ұғымының мәні. 

2.7 Буддизм философиясындағы адамның  құдаймен қосылу жолдары.    

2.8 Демокрит  адам бақыты туралы.  

2.9 Платон идеалды қоғам  туралы.  

2.10 Аристотельдің  адамға  берген анықтамасының  мәні.  

2.11 И.Кант мораль туралы.  

2.12 Абай адамның  мәні туралы.  

2.13 Әл -  Фараби  адам және қоғам туралы.  

2.14  Философия  тарихындағы  сенім және ақыл  туралы көзқарастар.  

2.15 Қазақ  ақын – жырауларының  философиясындағы өмірдің мәні  туралы ойлар.  

2.16 Философиядағы сұлулық  мәселесі.  

 

Емтихан сұрақтары  

 

1.

 



Көзқарас және оның формалары. 

2.

 



Антикалық философияның космоцентристік сипаты.  

3.

 



 А. Шопенгауер “бақыт” туралы. 

4. Миф және дін. 

5.

 

Платон және Аристотель философиясындағы әлеуметтік мәселелер.  



6.

 

Жүсіп Баласағұн “бақыт” туралы. 



7.

 

Философиялық көзқарас ерекшелігі. 



8.

 

Ортағасырлық философияның теоцентристік сипаты.  



9.

 

Қазақ философиясының ерекшелігі. 



10.

 

Философияның негізгі функциялары. 



11.

 

Фома Аквинскийдің философиясы. 



12.

 

Шәкәрім “үш анық” туралы. 



13.

 

Философияның негізгі мәселелері. 



14.

 

Мұсылмандық философия және перипатетизм. 



15.

 

Әл-Фараби “бақыт” туралы. 



16.

 

Эмпиризм және рационализм. 



17.

 

Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі. 



18.

 

Қазақ философиясының даму ерекшеліктері. 



19.

 

Жаңа дәуір философиясының ғылымицентристік сипаты.  



20.

 

И. Канттың трансцендентальді философиясы. 



21.

 

Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі. 



22.

 

Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты. 



23.

 

Фихтенің субъективті идеализмі. 



24.

 

Қазақ философиясындағы экологиялық шарттар. 



25.

 

Гегельдің абсолютті идеализмі. 



26.

 

Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер. 



27.

 

М.Хайдеггер философия туралы. 



28.

 

Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі. 



29.

 

Таным деңгейлері және формалары. 



30.

 

Абайдың дінге көзқарасы. 



31.

 

Абай философиясындағы адам мәселесі. 



32.

 

Француз ағартушыларының философиясы.  



33.

 

К.Юнг философиясындағы “архетип” ұғымы. 



34.

 

Артур Шопенгауэр философиясы.  



35.

 

"Ақиқат" ұғымы және тәжірибе. 



36.

 

Дін және ғылым. 



37.

 

Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеясы. 



38.

 

Сциентизм және антисциентизм. 



39.

 

Философия және саясат. 



40.

 

Ф.  Ницшенің  философиясының  иррационалистік  сипаты.  41.  Абайдың  "Қара 



сөздері" еңбегінің мәні. 

42.


 

 Философия және дін. 

43.

 

Шәкәрім философиясы. 



44.

 

Марксизмнің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.  



45.

 

Экзистенциализм философиясы адам туралы. 



46.

 

Позитивизм философиясы.  



47.

 

Ибн-Сина философиясындағы құдай эманациясы идеясы. 



48.

 

Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері. 



49.

 

"Өмір философиясы" өкілдерінің көзқарасы. 



50.

 

Философия тарихындағы "сана" ұғымы. 



51.

 

Постпозитивизм философиясының пәні туралы. 



52.

 

Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары.  



53.

 

Адамзат тарихына формациялық және өркениеттік көзқарастар ерекшелігі.  



54.

 

Ф.Ницше философиясындағы әлеуметтік мәселелер. 



55.

 

Кун-Фу-Цзы философиясының ерекшеліктері. 



56.

 

Қоғамдық сана және формалары. 



57.

 

Ақын-жыраулар философиясындағы “өмір” мәселесі. 



58.

 

Экзистенциализм философиясы. 



59.

 

Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары. 



60.

 

Абай философиясындағы әлеуметтік  мәселелердің көтерілуі. 



61.

 

Қазақ философиясының қалыптасу және даму ерекшеліктері. 



62.

 

"Индустриалды", "информациялық", "ашық қоғам" концепциялары. 



63.

 

Табиғат және қоғам. 



64.

 

Жыраулар философиясының ерекшелігі. 



65.

 

Болмыс және материя ұғымдары. 



66.

 

А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы. 



67.

 

Орыс философиясының тарихы.  



68.

 

Қозғалыс формалары, "даму" ұғымы.  



69.

 

Ф.Энгельс адамның жаратылысы туралы. 



70.

 

Шығыс философиясына тән ерекшеліктер. 



71.

 

Диалектикалық заңдылықтар мәні.  



72.

 

Марксизм философиясы адамның мәні туралы. 



73.

 

Көне Үнді философиясының даму ерекшеліктері. 



74.

 

Қазақстан Республикасының дамуындағы стратегиялық бағыттар.  



75.

 

Философияның негізгі функциялары. 



76.

 

Неотомизм философиясы.  



77.

 

Диалектикалық категориялар жүйесі. 



78.

 

Шәкәрім философиясындағы “ұждан” ұғымы. 



79.

 

Абайдың дінге көзқарасы.  



80.

 

Философия тарихындағы адам, тұлға және мемлекет туралы идеялар.  



81.

 

М.Шаханов поэзиясындағы “рухани құндылықтар” мәселесі. 



82.

 

ХХ ғасырдағы қазақ философиясының даму кезеңдері. 



83.

 

О. Сүлейменовтің шығармаларындағы адам және қоғам туралы ойлары. 



84.

 

Неотомизм философиясындағы адам мәселесі. 



85.

 

Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы. 



86.

 

Ұлттық сана және мәдениет. 



87.

 

З.Фрейд философиясындағы “сублимация” ұғымы.  



88.

 

А. Иассауидің сопылық философиясы. 



89.

 

Номинализм және реализм.  



90.

 

Қазақ философиясындағы  өмір мен өлім мәселесі. 



91.

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  назарбаевтың  Қазақстан  халқына 



жолдауы  «Жаңа  онжылдық  –  жаң    экономикалық  өрлеу  –  қазақстанның  жаңа 

мүмкіндіктері» 29 қаңтар 2010ж. 

 

“Философия” курсынан кітапханада бар әдістемелік нұсқаулар. 

 

Семинар  сабақтарының  сұрақтарын  және  философия  пәнінен  күндізгі  бөлімнің  2 -

курс студенттері мен 1 курс сырттай бөлімнің студенттері жазатын семестрлік жұмыстың 

тақырыптарын,    қажетті  әдебиеттер  тізімін  «Философия»  атты  әдістемелік  нұсқаудан 

қараңыз. 

Семинар 


сабақтарына 

және 


студенттердің 

семестрлік 

жұмысының 

тақырыптарына арналған әдістемелік нұсқау”. – Алматы, 2011ж. деп аталатын кітапшадан 

қараңыз. 

 

Әдебиеттер тізімі:  

 

1.



 

Абай. Қара сөздері. - Алматы, 1995. 

2.

 

Абай. Өлеңдер. -  Алматы, 1976. 



3.

 

Әуезов М.  Абай Құнанбаев. - Алматы, 1995. 



4.

 

Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы, 1973. 



5.

 

Әбішев К.А. Философия. - Алматы, 2000. 



6.

 

Абдильдин Ж.М. Диалектика Канта. - Алматы, 1974. 



7.

 

Бес ғасыр жырлайды.  2 томдық. - Алматы,  1989. 



8.

 

Жүсіп Баласағұн. Құтадғу білік. - Алматы, 1986. 



9.

 

Уәлиханов Ш. Шығармалары, 5т. - Алматы, 1972. 



10.

 

 Бөкейханов Ә. Шығармалары. - Алматы, 1994. 



11.

 

 Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы, 1989. 



12.

 

 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. - Алматы, 1958. 



13.

 

 Шырзахметов М. Абай және шығыс. – Алматы, 1994. 



14.

 

 Есимов Ғ.  Хакім Абай, - Алматы, 1995. 



15.

 

 Ғабитов Т.Х    Философия., - Алматы, 2003. 



16.

 

 Касабек А., Мұхамбетәлі Қ.,  Алтай Ж. Философия тарихы. - Алматы, 1999. 



17.

 

 Ақмамбетов Ғ.Ғ.,  Философия және мәдениеттану. - Алматы, 1998. 



18.

 

 Сүлейменов О.О.   АЗиЯ, - Алматы, 1990. 



19.

 

 Иассауи Ахмет., Диуани хикмет. - Алматы, 1990. 



20.

 

 Сегізбаев О.А.  История казахской философии, - Алматы, 2001. 



21.

 

 Әлеуметтік философия.  Христоматия. - Алматы, 1994. 



22.

 

 Мир философии.  В-2 частях. - Москва, 1991. 



23.

 

 Рассел Б.  История западной философии. - Новосибирск, 1991. 



24.

 

 Сумерки богов. Сб. - М., 1989. 



25.

 

 Шоқай Мустафа.  Шығармалары. 2 т. - Алматы, 1998. 



26.

 

 Құдайбердиев Ш.  Үш анық. - Алматы, 1991. 



27.

 

 Құдайбердиев Ш. Шығармалары, - Алматы, 1989. 



28.

 

 Орынбеков М. Предфилософия протоказахов., - Алматы, 1993. 



29.

 

 Таранов П.С.  120 философов. - Симферополь, 1996. 



30.

 

 Философский энциклопедический словарь. - М, 1997. 



31.

 

 Современная западная философия.  Словарь.  – М., 1991. 



 

Қосымша әдебиеттер: 

 

1. Абишев К.А. Философия. – Алматы, 2000. 



2. Исторические типы философии. Конспекты лекций. – Алматы: АЭИ, 1995. 

3. История философии в кратком изложении. – Пер. с чеш. И.И. Богута. – М.: Мысль, 

1995. 

4.

 



Мир философии. Части I, II. – М., 1991. 

5.

 



Основы философии /Учебное пособие. – Алматы, 2000. 

6.

 



Философия.  Основные  идеи  и  принципы  // Популярный  очерк  под  общ.  ред. 

А.И. Ракитова. – М., 1990. 

7.

 

Философский энциклопедический словарь. – М., 1997 (1989, 1983). 



8.

 

Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии // Пер. с арабского. – Алматы, 1993. 



9.

 

Гусейнов А.А. Великие моралисты. – М., 1995. 



10.

 

Кайназаров Е.К.,  Кайназарова А.Е.  История  Казахстана  с  древнейших  времен  до 



наших дней (Учебное пособие). – Алматы, 1992. 

11.


 

  Касабек А., Касабек С. Искание истины (о природе национальной философии). – 

Алматы, 1998. 

12.


 

 Касымжанов А.А. Портреты. – Алматы, 1995. 

13.

 

 Легенды и сказания Древней Греции и Древнего Рима. – М., 1990. 



14.

 

 Лось А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991. 



15.

 

 Мотрошилова Н.В.  Рождение  и  развитие  философских  идей:  историко-



философские очерки и портреты. – М., 1991. 

16.


 

 Ницше, Фрейд, Камю, Сартр. Сумерки богов. – М., 1989. 

17.

 

 Общественная мысль Казахстана в 1917–1940 гг. – Алматы, 1991. 



18.

 

 Панов В.Г. Эмоции. Мифы. Разум. – М., 1992. 



19.

 

 Пантин И.К.,  Плимак Е.Г.,  Хорос В.Г.  Революционная  традиция  в  России.  –  М., 



1986. 

20.


 

 Паркер Б. Мечта Эйнштейна. – М., 1991. 

21.

 

 Петрова А.М. Проблема в человека в философии. – СПб., 1994. 



22.

 

 Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. – М., 1991. 



23.

 

 Русские философы (конец XIX – середина ХХ века). Антология.–М., 1993. 



24.

 

 Сегизбаев О.А. Казахская философия XV – начала ХХ века. – Алматы, 1996. 



25.

 

 Сегизбаев О.А. История казахской философии. – Алматы, 2001. 



26.

 

 Современная западная философия. Словарь. – М., 1991. 



27.

 

 Современная философия: Словарь и хрестоматия. – Ростов – на – Дону, 1996. 



28.

 

 Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество / Пер. с английского. – М., 1992. 



29.

 

 Тейяр де Шарден. Феномен человека. – М., 1987. 



30.

 

 Франк С.Л. Духовные основы общества. – М., 1992. 



31.

 

 Хабермас Ю. Демократия. Разум. Нравственность. – М., 1995. 



32.

 

 Человек в мире и мир человека (Культура личности). – Алматы, 1991. 



33.

 

 Человек:  Мыслители прошлого и настоящего  о  его жизни,  смерти и  бессмертии 



(Древний мир – эпоха Просвещения). – М., 1991. 

34. Человек  и  общество.  Основы  современной  цивилизации:  Хрестоматия.  –  М., 

1992. 

35.


 

Хайдеггер М. Бытие и время. - М., 1991. 

36.

 

Серік Мырзалы. Философия. – Алматы, 2009.  



37.

 

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

жолдауы.  “Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында”  // 



Егемен Қазақстан. - Алматы, 2005.-19 ақпан.  

Каталог: student -> sillabus 2012 -> sd kz
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В071700 – Жылуэнергетика
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-2 пәні бойынша 5В071600 –Аспап жасау бағыты
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-2 пәні бойынша 5В073100-Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бағыты
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі 2 пәні бойынша 5В071700 Жылу энергетика бағыты
sillabus 2012 -> Нpe 215 Метрология, стандарттау және сапаны басқару 1
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамту
sillabus 2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі коммерциалық емес ақ «алматы энергетика және байланыс универитеті»
sillabus 2012 -> Метрология, стандарттау және сертификаттау
sd kz -> Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы

жүктеу 238.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет