Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы


Тақырып 2.   Билік. Саяси билік және саяси жүйе



жүктеу 291.22 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата25.04.2017
өлшемі291.22 Kb.
1   2   3

Тақырып 2.   Билік. Саяси билік және саяси жүйе 

 

Билік  ұғымы,  оның    әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  мәні  мен  мазмұны.  Билікті 

адамдардың алғашқы табиғи қатынас ретінде түсіну (Аристотель), билікті құқыққа байланысты 

екінші  құбылыс  ретінде  түсіну  (Локк,  Гоббс,  Руссо,  Кант),  билікті  саясатқа  байланысты 



құбылыс  ретінде  түсіну.  Вебердің  билікке  берген  анықтамасы.  Билік  формалары  (үстемдік, 

тәуелділік, басқару, бедел, бақылау). Билік теориялары. 

Саяси билік. Оның мәні және  ерекше белгілері. Саяси биліктің субъектілері. (мемлекет, 

әлеуметтік-саяси  топтар,  элита,  тұлға).  Билікті  алып  жүрушілер.  Саяси  жүйе  және  оның 

қоңғамдық функциялары. Саяси жүйенің  құрылымы. Саяси билікті жүзеге асыру механизмдері. 

Саяси жүйенің түрлері. 

Мемлекет  –  саяси  жүйенің  негізгі  буыны  және  саяси  билікті  жүзеге  асырудың  басты 

тетігі.  Мемлекеттің  белгілері.  Мемлекеттің  атрибуттары.  Мемлекеттің  функциялары. 

Мемлекеттік  биліктің  бөлінуінің  принциптері.  Заң  билігі,  атқарушы  билік,  сот  билігі. 

Мемлекеттің  түрлері.  Унитарлық  мемлекет,  федерация,  конференция.  Монархия  (абсолюттік, 

конституциялық), республика (тоталитарлық, президенттік). 

Саяси  режим  саяси  билікті  жүзеге  асырудың  тәсілі  және  әдісі  ретінде.  Мемлекет  пен 

азаматтық  қоғамның  өзара  қатынасы  саяси  режимді  анықтаудың  негізгі  ретінде.  Саяси 

режимдердің әртүрлілігі, олардың қазіргі саясаттанудағы түрлері. Тоталитарлық, авторитарлық, 

демократиялық  режимдер.  Саяси  режимдердің  проблемалары,  олардың  объективті  және 

субъективті  шарттылықтары.  Тоталитаризмнің  пайда  болуы,  генезисі,  функциональды  негізі. 

Тоталитаризм  саяси  биліктің  адамға  билік  жасауы  білінетін  жүйе.  Оның  негізгі  белгілері  мен 

ерекшеліктері. Тоталитаризм тарихи феномен ретінде. Саяси жүйедегі авторитаризмнің  түрлері. 

Институттар,  ассоциациялар,  қоғамдық  топтар.    Авторитаризм  шарттылығындағы  одақтар. 

Авторитаризм  мен  тоталитаризмнің  өзара  қатынасы.  Демократиялық  режим,  құрылымы  мен 

институттары. 

 

Тақырып  3.    Демократия.  Қазіргі  тұжырымдамалар  және  саяси  тәжірибе. 



Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет 

 

Демократия  ұғымы,  оның    мәні  мен  мазмұны.  Демократия  мемлекет  басқару  формасы. 

Демократия  әлеуметтік  саяси  өмірдің  ережесі  ретінде  саяси  режим  түрі.  Демократия  -  саяси 

құндылық ретінде. 

Демократияның  негізгі  принциптері:  халық  билігі;  халық  келісімі  бойынша  басқаратын 

үкімет;  адамның    негізгі  құқықтарымен  бостандықтарынан  қорғау;  адамдардың  заң  алдында 

теңдігі;  еркін  және  таза  сайлау;  көпшілік  ережесі;  азшылықтың  құқықтарын  сақтау;  әділ  сот; 

әлеуметтік, экономикалық және саяси-идеялық плюрализм; бостандық және жауапкершілік.  

Демократия  түрлері  (тура,  өкілдік).  Демократияның  тарихи  формалары.  Қазіргі 

замандағы демократия концепциялары (плюралистік, элитарлық, партисипаторлық). 

Саясаттану ғылымы қазіргі заманда демократияға көшу проблемалары туралы.  

Азаматтық  қоғам  және  құқықтық  мемлекет:  ұғымдары,  олардың  өзара  байланыстары. 

Саяси  ғылымда  азаматтық  қоғам  мен  құқытық  мемлекет  концепциясының  қалыптасуы  (Локк, 

Монтескье, Кант, Гегель, Маркс). 

Азаматтық  қоғам  ерікті  және  біріне  бірі  тең  адамдардың  мемлекеттен  тыс  тіршілік 

әрекеттерінің сферасы, олардың мемлекеттің араласуынсыз құратын өзара қарым-қатынастары. 

Азаматтық қоғамның құрылымы, оның жеке және көпшілік сфералары. 

Құқықтық  мемлекет  –  әрекеттері  заң,  құқықпен  шектелген,  адамдардың  бостандығын 

қауіпсіздігін  және  абыройын  қорғайтын,  билікті  тәуелсіз  халықтың  еркіне  бағындыратын 

мемлекет.  Құқықтық  мемлекеттің  белгілері:  мемлекетті  азаматтық  қоғамның  бақылауы, 

құқықтың  заң  алдында  тұруы,  құқықтың  жалпыға  бірдейлігі,  барлық  азаматтардың  құқытық 

теңдігі;  жеке  адам  бостандығын  тек  қана  басқа  адамдардың  бостандығы  және  құқықтарымен 

шектеуі,  конституциялық  ережелердің  тікелей  қолданылуы;  биліктің  бөлінуі;  құқық  туралы 

даудың  сот  арқылы  шешілуі.  Құқықтық  мемлекет  пен  әлеуметтік  мемлекеттің  арақатынасы. 

Қазақстанда азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы. 

 

 



 

Тақырып 4. Тұлға және саясат. Саяси көсемдік 

 

Адамның  саяси  өмірдегі  орны.  Американдық  саясаттанушы  Г. Алмонд  іліміндегі 

субъектілердің үш тобы: парохиальды, бағынушылар, партиципанттар. Саясаттағы субъектілер 

классификациясы.    Институциональды  (партиялар,  профсоюздар,  саяси  қозғалыстар). 

Саясаттағы әлеуметтік стратификация.  

Адам  –  саясат  объектісі.  Саяси  әлеуметтену,  оның  мән-мазмұны.  Саяси  әлеуметтену 

және  азаматтық  кәмелетке  жетудің  кезеңдері.  Саяси  әлеуметтену  процесіне  ықпал  ететін 

факторлар.  Саяси  факторлар  (саяси  жүйе,  мемлекет,  саяси  режим).  Саяси  емес  факторлар 

(отбасы,  мектеп,  шіркеу  т.б.).  Саяси  әлеуметтену  және  тұлғаның  саяси  құрылымының 

қалыптасуы, саяси ой-сана, саяси мүдделілік, саяси ерік, саяси жүріс-тұрыс (іс-әрекет).  

Адам  саясат  субъектісі.  Саяси  қатысу,  оның  себеп-сылтаулары.  Саяси  қатысудың 

формалары  (тікелей  қатысу,  жанама  (өкілдер  арқылы)  қатысу).  Саяси  қатысуға  ықпал  ететін 

факторлар.   

Саяси  көсемдік,  оның  мәні    мен  мазмұны.  Саяси  көсемдік  туралы  психологиялық 

көзқарас. Көсемдікті билік арқылы анықтау. Функционалды көзқарастың ерекшелігі. Марксизм 

көсемдік  жөнінде;  Ленинннің  концепциясы  (бұқара-тайпа-партия-көсемдер).  Көсемнің  тарихи 

прогреске ықпалы.  

Саясаттанудағы көсемдік типологиясы туралы.   

М.Вебердің  көсемдік  түрлері:  дәстүрлік,  рационалды,  харизмалық  көсемдер,  Р.Такер   

(США):  реформаторлық,  консерваторлық  көсемдік.  Тоталитарлық  қоғамдардағы  көсемдіктің 

проблемасы. Көсемдіктің демократияға көшу жағдайына қалыптасу ерекшеліктері.  

Саяси  мәдениет:  ұғымы,  мәні  мен  мазмұны.  Саяси  мәдениет  -  жалпы  адамзат  

мәдениетінің  құрама бөлігі, сонымен қатар саяси жүйенің де құрама элементі. 

Саяси  мәдениет  –  жеке  адам,  болмаса  бүкіл  қоғамның  көлемінде  тарихи  қалыптасқан 

және  олардың  саяси  прогреске  қатысуын  ықпал  ететін  тұрақты  ой-сана,  көзқарас  дәстүрлері, 

сенім  идеяларымен    құндылық  ориентациялары  және  жүріс-тұрыс,  іс-әрекет  моделдерінің 

жиынтығы.  

Тұлға,  топ,  тап,  ұлт,  қоғам  саяси  мәдениеті.  Саяси  мәдениетінің  саяси  әлеуметтену 

қажетке  тиетін  ықпалы.  Саяси  мәдениет-адамның  саяси  еркінділігінің  қажетті  шарты.  Саяси 

мәдениеттің  саяси  прогреске  тигізетін  ықпалы.  Саяси  мәдениет  және  билік  ауыстыру  

проблемасы. 

Саяси  мәдениеттің  құрылымы:  білім,  бағалау,  іс-қимыл  блоктары.  Саяси  мәдениеттің 

қалыптасуына  ықпал  ететін  факторлар:  саяси  режим,  саяси  партиялар,  ұлттық  дәстүрлер, 

шіркеу т.б. 

Саяси  мәдениет  функциялары:  реттеу,  әлеуметтік  тәжірибені  сақтау,  тәрбиелеу 

аксиологиялық (құндылық) функциялары. 

Саяси  мәдениет  түрлері.  Г.Алмонд,  С.Верба  (АҚШ)  типологиясы:  патриархалдық, 

бодандық,  активистік  мәдениеті.  Баталовтың  (Ресей)  типологиясы:  нарықтық  саяси  мәдениет, 

этатикалық (мемлекеттік) мәдениет. 

Бұрынғы  кеңестік  қоғамдығы  саяси  мәдениет  ерекшеліктері.  Тоталитаризмнің  күйреуі, 

демократияға көшу және жаңа саяси мәдениет қалыптасу мәселелері.  

 

Тақырып  5.  Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  орнығуы.  ҚР-ның  саяси 



жүйесі   және оның дамуы 

 

КСРО  ыдырауының  қарсаңындағы  Қазақ  ССР-ның  саяси  жүйесі.  Қазақстанның 

формалды  суверенитеті.  Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  орнығуы  және  оның 

ерекшеліктері. КСРО-ның құлауы және одақтас республикалардың «тәуелсіздік шеруі». 

Қазақ  ССР-нің  мемлекеттік  суверенитеті  туралы  Декларация  (1990).  Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы  Конституциялық  Заң  (1991).  Қазақстан 

Республикасының бірінші Конституциясы (1993). 


1995  жылғы  Конституциялық  реформа  және  президенттік  типті  демократиялық  саяси 

режимнің  қалыптасуы.  Қазақстан  Республикасының  екінші  Конституциясы  (1995). 

Республиканың мемлекеттілік сипаты және мемлекет құрылым туралы.  

Президент,  оның  елбасы  және  ең  жоғары  лауазымды  қызметкер  ретіндегі  атқаратын 

функциялары.  

Заң шығару билігі. Парламент: құрылымы, қалыптасу принциптері, басқару органдары.  

Атқару  билігі.  үкімет:  өкілеттіліктері,  құрылымы.  Жергілікті  атқару  билігі  және 

жергілікті өзіндік басқару.  

Сот билігі, оның құрылымы.  

Қазақстандағы  президенттік  режим  және  оның  басқа  мемлекеттермен  (Ресей,  АҚШ) 

ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 

 

Тақырып 6. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолында.    

 

Жаңашыл  демократияның  принциптері  мен  тұжырымдамасы  туралы  саяси  ғылым 



бағамдары.  Мемлекеттік  суверенитеттің  жариялануы  және  республиканың  демократиялық 

дамуға бет бұруы, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Саяси жүйенің кеңестік түрін 

өзгеріске ұшырату. Саси жүйенің негізіне айналған советтердің шексіз билігін шектеу.  

Республиканың  саяси  жүйесінің  демократиялық  сипаты  жөніндегі  1993  және  1995  ж. 

Конституция.  Халық  –  билік  көзі.  Адам  өмірі  мен  оның  құқықтары  –  маңызды  құндылық. 

Азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарының теңдігі. Саяси плюрализмнің кепілдемесі.  

Казақстандағы  демократиялық  реформалардың  ерекшеліктері.  Бұл  процестің 

эволюциялық  және  бейбітшіл  сипаты.  Учет  ценностей  западной  Батыс  демократиясының 

құндылықтарын есепке ала отырып, Шығыс халықтарының даму тәжірибесі мен Қазақстанның 

ұлттық  менталитетін  терең  қарастыру.  Әуелі  экономика,  оның  негізінде  саяси  өзгерістер 

принципін талқылау.  

ҚР Президентінің  Казақстан  халқына жолдауы  «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық 

өрлеу – Казақстанның жаңа мүмкіншіліктері». 

 

Тақырып  7.  Қазақстандағы  саяси  партиялар.  ҚР-дағы  адам  құқықтары  мен 



еркіндігі 

 

Саяси  партия  ұғымы,  оның  белгілері  мен  қызметі.  Саяси  партиялардың  тарихи 

қалыптасуы.  Саяси  партиялар-азаматтық  қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  байланыс  дәнекері. 

Партиядан тыс қоғамдық қозғалыстар.  

Саяси  партиялар  типологиясы  оларды  әр  түрлі  типтерге  бөлу  саяси  идеология 

тұрғысынан  (коммунистік,  социал-демократиялық,  фашистік  партиялар),  әлеуметтік  негіздері 

және  әлеуметтік  мүдделер  тұрғысынан  (жұмыскер,  шаруа,  ұлттық  партиялар),  партиялардың 

құрылу және ұйымдастыру тұрғысынан (бұқаралық, авангардық партиялар), іс-әрекет тәсілдері 

тұрғысынан (реформашыл және революцияшыл, сабырлы және радикалдық партиялар).  

Қазіргі  әлемдегі  партиялық  жүйелер.  Аворитарлы  және  тоталитарлық  мемлекеттегі  бір 

партиялылық.  Плюралистік қоғамдағы екі партиялық және көп партиялық жүйелер. Партиялық 

коалициялар. Оңшыл, солшыл, орталық партиялар. 

Қазақстан  Республикасында  көппартиялық  жүйенің  қалыптасуы,  оның  ерекшеліктері. 

Саяси  партиялар  туралы  заң.  Саяси  плюрализм  туралы  1995  ж  ҚР-ның  конституциясы. 

Республикадағы  саяси  партиялардығ  типологиясы.  Саяси  партиялардың  және  қоғамдық 

адамзаттық  қозғалыстар  мен  ұйымдардың  түрлері,  олардың  бағдарламалық  мақсаттарының 

сипаттамасы  (социалистік  бағыттағы  партиялар,  жалпы  демократиялық  сипаттағы  партиялар, 

ұлттық және ұлттық-демократиялық түрдегі партиялар). 

Саяси  партиялар  қызметінің  тәжірбелік  ерекшеліктері.  Билік  партиясы,  оппозициялық 

партиялар олардың түрлері. Мемлекет және қоғамдық-саяси ұйымдар. Саяси партиялар туралы 

ҚР-дағы (2002) 2008 ж өзгерістер енгізілген заңның қабылдануы және оның ерекшеліктері.  


Қоғамдық-саяси  өмірдегі  сяаси  партиялардың  рөлін  көтеру  туралы  ҚР  Президентінің 

Казақстан  халқына  жолдауы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Казақстанның 

жаңа мүмкіншіліктері». 

Жаңашыл  саяси ғылымдағы құқық пен бостандық проблемалары.  Адам өмірі мен оның 

құқықтары  –  маңызды  құндылық  жөніндегі  1995  ж  ҚР-ның  конституциясы.  Қазақстан 

азаматтарының    экономикалық,  әлеуметтік,  азаматтық  құқықтары.  ҚР-ның  азаматтық  кодексі 

(2001 ж). Саяси құқытар мен бостандықтар. Тұлға құқығы мен еркіндігі туралы конституциялық 

кепілдеме.  

Республикадағы құқық пен бостандықтың даму ереркшеліктері. Адам құқықтары туралы 

негізгі халықаралық құжаттардың ҚР Конституциясымен қатынасы. Қоғамдағы құқықты түсіну 

деңгейі. Құқықтық нигилизм проблемалары мен оны жеңу жолдары.  

 

Тақырып  8.  ҚР-ның  ұлттық  саясаты.  Қазақстан  халықаралық  қатынастар 



субъектісі ретінде 

 

Қазақстан  –  көпұлтты  республика.  Ұлттың  этникалық  құрылымы:  өткені  мен  бүгіні. 

Қазақ  халқының  дамуындағы  сталиндік  тоталитарлық  жүйенің  жағымсыз  жақтары. 

Демографиялық  проблемалар:  Қазақстандағы  этнодемографиялық  және  этношаруашылық 

ереркшеліктерін  құрту  (1928  ж  конфискация;  голощекиндік  геноцид  1931-1932;  «жарамсыз» 

халықтардың    репрессивті  депортациясы;  тың  және  тыңайған  жерді  игеруге  «патриотты» 

ұмтылыс).  Қазақстанның  тәелсіздікке  қол  жеткізуі.  Тіл  прорблемасы.  Қазақстандағы  миграция 

проблемасын шешу. Көршілес елдер мен шет елдердегі қазақ диспорасы. 

Республикадағы барлық ұлттардың мәдени және рухани дамуына кепілдік беру. ҚР-дағы 

ұлттар ассмаблеясы. ҚР азаматтары туралы заң (1991 жыл 20 желтоқсан). 

Тәуелсіз  Қазақстан  –  халықаралық  қатыгастар  субъектісі.  ҚР-ның  БҰҰ-ның  мүшелігіне 

енуі  (1992  ж).  “Халықаралық  қатынастар”,  “халықаралық  саясат”,  “сыртқы  саясат”  ұғымдары. 

Сыртқы  саясат  –  халықаралық  қатынастардың  негізгі  компоненті,  оның  мәні  мен  мазмұны, 

функциялары.  Ішкі  және  сыртқы  саясаттың  өзара  байланыстары.  Сыртқы  саясаттың  түрлері 

және  әдістері.  Саяси  ғылым  соғыс  пен  бейбітшілік  туралы.  Халықаралық  қатынастар 

теориялары. Зорлық теориясы (Гумпилович). Марксизм  халықаралық қатынастардың үстемдік 

туғызатын жайттардың мүдделерімен байланыстығы  туралы.  Халықаралық қатынастардың ХХ 

ғасырдағы негізгі концепциялары (саяси идеализм теориялары, күштер балансы теориясы, саяси 

реализм  теориясы,  модернистік  теориялар).  Қазіргі  заманның  біртұтастығы  мен  көптүрлілігі. 

Халықаралық  қатынастар  дамуының  негізгі  тенденциялары:  халықтар  мен  мемлекеттердің 

арасындағы  тәуелділіктің  күшеюі.  Бейбітшілікті  қамтамасыз  етудегі  халықаралық  ұйымдар 

рөлдерінің күшеюі. Халықаралық саясаттың адам құқығы мәселелерімен байланысы. 

Қазіргі  замандағы  глобалдық  проблемалар.  Халықаралық  қауіпсіздік  концепциялары. 

Жалпы  қауіпсіз  әлемнің  перспективалары  мен  кепілдері.  Регионалдық  келіспеушіліктер, 

олардың  халықаралық  қауіпсіздікке тигізетін ықпалдары. Терроризм  мен экстремизм  мәселесі. 

КСРО-ның  жойылуына  байланысты  “жаңа  әлемдік  тәртіптің”  қалыптасуы  (бір  супермемлекет 

үстемдік жүргізетін бірполюстік әлем). 

Сыртқы  саясат  туралы  ҚР  конституциясы:  бейбітшілік  пен  тұрақтылыққа  ұмтылыс. 

Ядролық қаруды таратуға қарсылық 

ҚР президенті сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы. Республиканың қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету. Қазақстанның геосаяси ерекшеліктері. ҚР-ның интеграциялық  инициативасы. 

ЕуразЭО, Орталық Азия және т.б. аясында. 

 Терроризм,  саяси  және  діни  экстремизм  туралы  ҚР  саясаты.  «Казахстан-2030» 

президенттік  стратегиясы.  Президент  Назарбаев  Н.А.  Казахстанның  миссиясы  туралы: 

халықтың  әл-ауқатын  көтеру.  Қр  Президентінің  халыққа  жолдауы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа 

экономикалық өрлеу – Казақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 

 

 


Семинар сабағының мазмұны 

 

Саясаттану  курсы  бойынша  семинар  сабақтарының  міндеті  студенттерде  белсенді 

азаматтық  ұстаным,  патриоттық  сезім,  өз  Отанына  мақтаныш,  оның  тарихи  мен  қазіргі 

жағдайына  қатыстылығын  қалыптастыру,  өзінің  еңбегі  мен  жеке  қатысуымен  оның 

экономикалық,  интеллектуальдық,  өнегелік  потенциалын  Президент  Н.А.Назарбаевтың 

Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына қосу міндетіне бағыттау. 

Семинар  сабақтарында  курстың  негізгі  мақсаты  ж‰зеге  асады  -  яғни  студенттердің 

саяси  білімін  көзқарастардың,  патриоттық  ұстанымдардың  тұрақты  ж‰йесіне  орнықтыру,  тек 

отандық  қана  емес,  сонымен  қатар  басқа  халықтар  мен  елдердің  өмір  салтына  құрмет  білдіру 

қатынасын қалыптастыру. 

Семинар  сабақтары  танымдық  және  тәрбиелік  функция  атқарады,  студенттердің 

өздігінен  атқарған  жұмыстарын  бақылау  жасауға  м‰мкіндік  береді,  оның  нәтижесінде 

жастардың белсенді өмірлік ұстанымының, менталитетінің негіздері қаланады.  

 

 



Саясаттану пәні бойынша семинар сабағының материалдары 

 

1. Билік                                                                                                                           2 сағат 

2. Саяси режим                                                                                                              2 сағат 

3  Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет                                                            2 сағат 

4.  Тұлға және саясат                                                                                                    2 сағат  

5. Тәуелсіздік туралы Декларация (1990 г.) мен Конституциялық заңның  

тарихи маңызы (1991г.).  Қазақстан демократиясының қалыптасуы мен  

дамуының негізгі этаптары                                                                                          2 сағат 

6.   Қазақстандағы құқық пен ерік мәселелері                                                           2 сағат 

7. Қазақстандағы көппартиялықтыі қалыптасуы мен дамуы                                   2 сағат 

8. «Казахстан- 2030» стратегиясы                                                                               2 сағат                                                                                                

                                                                                                                       

                                                                                                                     Барлығы: 16 сағат             

 

СӨЖ-нің мүмкін болатын тақырыбы 

     

1. Саяси ой-сана тарихынан 



2.  Саяси режимдер 

3. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер 

4. Демократия. Жаңашыл тұжырымдамасы 

5. Халықаралық қатынастар 

6. ҚР-гың сыртқы саясаты: 

7. Қазақстанның саяси жүйесі 

8. ҚР азаматтарының құқытары мен бостандықтары 

 

Семестрлік жұмыстардың тақырыптары 

 

1-тарау. Саясаттану теориясы 

1.1 Саясаттану ғылымы 

1.2 Саясат - қоғамдық құбылыс 

1.3 Ежелгі Шығыстағы саяси ілімдер 

1.4 Ежелгі Грекиядағы саяси ғылым 

1.5 Ежелгі Римнің сяаси ой-санасы  

1.6 Мұсылман Шығысындағы саяси ой-сана.  

1.7 Макиавелли и макиавеллизм 

1.8  17- 19 ғасырдағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдер 

 


1.9 Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы 

1.10 Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары  

1.11 «Алаш» партиясы мүшелерінің сяаси көзқарасатры 

1.12 Жаңашыл буржуазиялық саяси теориялар мен идеологиялар 

1.13 Марксизм-ленинизм саяси ілім ретінде. 

1.14 Социал-демократия және оның ХХ ғасырдағы эволюциясы. 

1.15 Фашизм және оның саяси идеологиясы. 

1.16 Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы. 

1.17 Билік 

1.18 Қоғамның саяси жүйесі 

1.19 Мемлекет 

1.20 Саяси партиялар және партиялық жүйелер 

1.21  Азаматтық қоғам 

1.22 Құқықтық мемлекет 

1.23 Жемқорлық: тарихы мен бүгінгі жағдайы  

1.25 ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер  

1.26 Авторитарлы саяси режимдер 

1.27 Демократилық саяси режимдер 

1.28 Демократия 

1.29 Демократияның жаңашыл тұжырымдамасы: өзгешелігі  

1.30 Демократияның жаңашыл тұжырымдамасы: ұқсастықтары 

1.31 Адам құқығы мен бостандығы саясаттың негізгі проблемасы  

1.32 Саяси жаңару (демократияға өту) 

1.33 Жеке тұлға және саясат 

1.34 Саяси көшбасшылық 

1.35 Саяси көсемнің суреті   

(студенттің  таңдауынша:    Сталин,  Хрущев,  Брежнев,  Горбачев,  Ельцин,  Назарбаев, 

Рузвельт, Черчиль, Де Голль, Ден Сяопин, М.Тетчер т.б.) 

Ескерту  – төмендегі жоспар бойынша саяси портрет құрастырыңыз: 

1.36 Саяси мәдениет 

1.37 Саясаттану халықаралық қатынастар туралы 

1.38 Саясаттану адамзаттың болашағы туралы  

 

2-тарау. «Казақстанның саяси өмірі» 

2.1 Казақстан Республикасының саяси жүйесі 

2.2 КСРО – ның  егемендігі  туралы декларация (1990  ж).  Қазақстан Республикасының  

мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы конституциялық заң (1991ж) және оның тарихи маңызы 

2.3  1995 жылғы Конституциялық  реформа: себебі, сипаты.  

2.4 Қазіргі Конституция  

2.5  Қазақстан  Республикасы  конституциясындағы    мемлекеттегі  бірінші  тұлға  ретіндегі 

президенттің құқығы, қызметі мен рөлі туралы тұжырымдар 

2.6 Қазақстан – президенттік Республика: ерекшелігі  

2.7 ҚР-дағы президенттік республиканың ерекшеліктері 

2.8 ҚР-ның бірінші президенті  

2.9 АҚШ, Россия және Қазақстандағы президенттік республика (саластыру) 

2.10 Қазақстан: қалыптасуы мен демократия жолындағы дамуы 

2.11 Билік және оппозиция ( Қазақстандағы) 

2.12 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі мен ерекшеліктері.  

2.13. Мемлекеттік билік жүйесіндегі парламент.  

2.14. ҚР-дағы орындаушы үкімет.  

2.15. Қазақстандағы көппартиялық: пайда  болуы және ерекшеліктері.  

 


2.16. Бір партия анализі 

2.17. Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі  

2.18 Қоғамдық қозғалыс анализі (таңдау бойынша) 

2.19. Қазақстандағы саяси  мәдениет: ерекшелігі мен дамуы  

2.20. Қазақстан  Республикасының ұлттық  саясаты: мақсаты мен негізгі принциптері  

2.21. Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар (таңдау бойынша) 

2.22.  Қазақстандағы ұлттар  ассамблеясы және ұлтаралық  татулықта қамтамасыз етудегі 

рөлі.  


2.23. Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары 

2.24.


 

Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет 

2.25.    Мемлекеттің  жоғары  құндылығы  түріндегі  жеке  адам  құқығы  мен  бостандығы 

туралы ҚР конституциясы.  

2.26. ҚР  азаматтарының  азаматтық,  экономикалық  және әлеуметтік құқығы.  

2.27. Саяси құқық және бостандық. ҚР азаматтарының негізгі міндеттері  

2.28. ҚР – сыртқы саясатының негізгі принциптері мен бағыттары.  

2.29. Қазақстан Республикасы және ТМД  шеңберіндегі интеграция саясаты 

2.30. Қазақстан және әлемдік қауымдастық.  

2.31. Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасының дамуы. 

2.32  Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасының дамуы. 

2.33  Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасының дамуы. 

2.34 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.35 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.36 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.37 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.38 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.39 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.40 XXI ғасырдағы Казақстан (“Казақстан -2030” стратегиясы туралы) 

2.41. 


Қазақстан: 

тарихы 


мен 

болашағы 

(Н.А.Назарбаевтың 

«ХХІ 


ғасыр 

табалдырығында», «Тарих толқыныда» кітабы бойынша). 



Каталог: student -> sillabus 2012 -> sd kz
sd kz -> Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В071700 – Жылуэнергетика
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-2 пәні бойынша 5В071600 –Аспап жасау бағыты
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-2 пәні бойынша 5В073100-Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бағыты
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі 2 пәні бойынша 5В071700 Жылу энергетика бағыты
sillabus 2012 -> Нpe 215 Метрология, стандарттау және сапаны басқару 1
sillabus 2012 -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамту
sillabus 2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі коммерциалық емес ақ «алматы энергетика және байланыс универитеті»

жүктеу 291.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет