Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы



жүктеу 32.16 Kb.
бет3/3
Дата17.02.2022
өлшемі32.16 Kb.
#17361
1   2   3
Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы
Эвристикалық жүйелер белгілі бір міндеттер түрін шешуге бағдарланған. Оларды құрған кезде жүйені əзірлеушілердің жеке тəжірибесі, интуициясы, білімі пайдаланылады. Осындай жүйелер үшін оларды əзірлеудің бірыңғай нысандандырылған тəсілдемесі жоқ.
Жалпы тұжырымдамалықжүйелер білімді нысандандырылған түрде сақтауға жарамды түрге келтірудің белгілі бір базалық қағидаттарына негізделген.

Объектілік бағдарланған ақпараттық жүйелер

Сыныптарды жəне олар арасындағы байланыстарды белгілеу технологиясын пайдалана отырып, мəндік саланың ең толық сипаттамасын алуға болады. Объектілік –бағдарланған тəсілдеме постреляциялық ақпараттық жүйе ұғымымен тығыз байланысты.


Постреляциялық ақпараттық жүйелерде негізгі ерекшелігі кестелер құрылымында атомарлық емес атрибуттарды пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Кестенің алаңы — атрибут құрамдас типті болуы мүмкін. Бұл деректер типтер С++, Jаvа, Objесt Pаsсаl сияқты бағдарламалау тілдерінде кең таралған. Құрамдас типтің деректері белгілі бір типтің алаңдарынан тұратын құрылымдар ретінде түсіндіріледі. Бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеудің объектілік парадигмасына бағдарланған тілдерде құрылым ұғымының ары қарай дамуы тип-сынып болып табылды

Гипермəтіндік ақпараттық жүйелер. Интернет және Интранет желілерінің кең таралуына байланысты желінің əр түрлі ақпараттық жүйелері арасында деректермен алмасудың əмбебап механизмдерін əзірлеу өзекті болды.осындай технологияның негізі ретінде XML-стандарт пайдаланылады. XML тілі гипермəтінді құжаттарды əзірлеуге арналған стандарт болып табылады жəне осы құжаттарды желінің қосымшалары арасында беру қағидаларын белгілейді. Технология XML — сондай-ақ ақпаратты сақтау жəне беру хаттамасы. XML құжат кіріспеден жəне негізгі бөлімнен тұратын белгі болып табылады.
жүктеу 32.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет