Ақпанның оны
Спорт - өнер
- 6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау;
- 6.4.4.2 етістіктің түрлерін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Ой қозғау - 1.Етістік болатын сөздер айт.
- 2.Етістіктің сұрақтары қандай?
- 3.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- 4.Етістіктің ережесін еске түсір.
1-тапсырма. Мәтінді суреттегі ақпаратпен толықтырып оқып, стилін анықтаңдар. Ішкі және сыртқы айналымға бөлініп, ойтүрткі сұрақтары негізінде «Сократтық семинар» ұйымдастырыңдар. - 1. Спортты өнердің бір түрі деуге бола ма?
- 2. Дағыстандық балуанның пікіріне қосыласыңдар ма?
- 3. Қай халыққа қандай спорт түрі тән, етене жақын деп ойлайсыңдар?
- 4. Қазақтың ұлттық спорт түрлеріне тағы нені қосар едіңдер?
Дескриптор:
- Оқушылар мәтін стилін анықтап, сұрақтарға жауап береді
ЕТІСТІК
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы
ДАРА ЕТІСТІКТЕР
КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР
Дара етістіктер бір сөзден тұрады. Тұлғасына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Мысалы: ек, оқы, кел, айт т.б. (түбір етістіктер); бас+та, қол+да, кір+іс, жыр+ла, сан+а, түз+е т.б. (туынды етістіктер).
Күрделі етістіктер кемінде екі сөзден құралып, қимылды білдіреді, бір сұраққа жауап береді. Мысалы: ән сал, қабыл ал, алып бар, айта гөр, келген еді, барса игі еді, танымал болды, жек көреді, құр қалды т.б.
Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз. - Ұшты, күреді, құйды, емдеді, биледі, шомылды, көрді
Дескриптор:
- Дара етістікті күрделі етістікке айналдырады
4-тапсырма. Берілген мәтіннен етістіктерді тауып, тұлғасына және құрылысына қарай ажыратыңдар. Дескриптор: - Оқылым мәтінінен етістіктерді тауып, құрылысына қарай ажыратады
Дара етістік
|
Күрделі етістік
| | | | | - 122-беттегі 6-тапсырма
Спорт секциясына қатысатын достарың туралы, спортпен шұғылданудың денсаулыққа әсері жөнінде аргументативті эссе жазыңдар. Етістіктерді құрылысына қарай талдаңдар.
Поделитесь с Вашими друзьями: |