Анықтамалық жолкөрсеткіш



жүктеу 327.19 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата07.05.2017
өлшемі327.19 Kb.
1   2   3

СТУДЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ

Күзгі  семестрдің  бірінші  курсына  тіркеу  талапкерлердің  университетке

өтініш беруінен басталады жəне ағымдағы жылдың 30 тамызында аяқталады.

Екінші  курс  жəне  одан  жоғары  курс  студенттерін  келесі  оқу  жылының

күзгі жəне көктемгі семестріне   тіркеу 1 наурызда аяқталады. (қосымша Е)

Жазғы  семестрге  студенттерді  тіркеу 1 наурыздан  басталады  жəне  емтихан

сессиясы аяқталғанға дейін жалғасады.

Оқытудың  кредиттік  жүйесі  бойынша  уақыт  мөлшеріне  сəйкес  оқу-

əдістемелік  кеңесттің  шешімімен  əрбір  элективті  пəндер  бойынша  пəндерді

ашуға арналған қажетті студенттер саны белгіленеді, ал əрбір оқытушы үшін -

оқу легінде студенттердің мүмкінді жоғары саны белгіленеді.

Егер  аталған  пəнге 1 наурызға  дейін  студенттердің  саны  белгіленгеннен

төмен  болған  жағдайда  пəн ашылмайды (жұмыс  оқу  жоспарына  енгізілмейді).

Эдвайзер  бұл  туралы  ақпараттық  тақтаға  жəне  университеттің  сайтында

хабарландыру  жасайды. Осы  пəнге  жазылған  студенттер 10 сəуірге  дейін

эдвайзермен бірігіп жеке оқу жоспарларын а өзгерулер еңгізуі тиіс.



10

Егер  студент  осы  құқықтарын  қолдана  отырып  оқу  жоспарына  егізілген

элективті курсты  басқа  элективті  курспен  ауыстыруына  қайта  өтініш  бермесе,

рентабельдік емес курсты ауыстыру тұралы шешімді тіркеу бөлімі қабылдайды.

Егер  берілген  оқытушыға  белгіленгеннен  көп  студенттер  саны  тіркелсе,

онда кафедра осы пəн бойынша екінші (қажет жағдайда - одан да көп) оқу легін

қалыптастырады жəне өзінің қарастыруы бойынша оған білікті оқытушыларды

тағайындайды. Осыдан  соң  студенттер  жазбалардың  кезегі  негізінде  лек

бойынша жəне   олардың дербес рейтингі бойынша таратылады.

БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Студентерідің  білімін  бақылау  мен  бағалау  баллдық-рейтингілік  жүйе

(БРЖ) бойынша  жүзеге  асырылады. БРЖ  ағымдағы  бақылауды, межелік

бақылауды жəне қорытынды аттестаттауды жүргізуді ұйғарады.

Ағымдық  бақылау  оқу  үрдісінде  студенттің  білімін, оның  аудиториялық

сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі

тексеруге  бағытталған. Əрі  студенттің  семестр  бойындағы  жұмысын, яғни

практикалық  сабақтарға  қатысуын (семинар), ОЖСӨЖ  жұмыстарын

орындауын, ағымдық  бақылауларды  тапсыруын бағалау  жүргізіледі. Ағымдық

бақылау  оқытушымен  жүргізіледі (лектормен). Ағымдық  бақылауды  бағалау

тəртібі пəн бойынша силлабуста көрсетілген.

Білім  алушылардың  оқу  пəндері  бойынша  бақылау  түрі -емтихан.

Емтихан  нəтижесі  көп  баллды  əріптік  жүйе  бойынша  оқу  курсы

соңындабағаланады. Ағымдық  жəне  межелік  бақылаудың  барлык  түрлері  мен

сəйкес  бағаларды  оқытушы  қояды. Аталған  баға  белгіленген  оқу  пəнінің

қорытынды  бағасының 60 %-ын  құрайды. Межелік (рейтингілік) бақылау

академиялық  кезеңнің 8-інші  немесе 15-інші  аптасында  өткізіледі. Ағымды

емтихан  пəн  бойынша  қорытынды  білім  бағасының 40 %-нан  кем  болмауын

қадағалайды.

Пəн  бойынша  қорытынды  емтихан  бағасын  қояр  кезде  емтиханда  алған

бағасын  қояр  кезде  емтиханда  алған  балл  мен  семестр  бойындағы  ағымдық

үлгерімнің орташа алы ескеріледі.

Семестрлік ағымдық балл бірінші жəне екінші межелік бақылау нəтижесі

арқылы анықталады.

Қорытынды  əріптік  баға  мен  оның  балл  бойынша  сандық  баламасы  №1

кестеде көрсетілген пайыздың мазмұнымен анықталады.

Қорытынды  нəтиже  оқу  пəнін  студенттің  меңгергеру  деңгейімен

сипатталынады, БРЖ  бағалау  өлшемдерімен  емтихан  ведомостіне  енгізіледі

жəне əріптік, баллдық жəне пайыздық өлшеммен белгіленеді.

Қорытынды бағаның есептеу формуласы:

Иэ = РИ * 0,6 + Э * 0,4

Иэ – қорытынды емтихан бағасының пайыздық мөлшері

РИ – қорытынды межелік бақылау бағасының пайыздық мөлшері

Э – емтихан бағасының пайыздық мөлшері

0,6 жəне 0,4 - коэффиценттер

Кесте №1. Əріптік эквиваленттегі балдар жəне пайыздағы бағалар



11

Əріптік жүйе

бойынша

бағалау


Баллдардың

эквивалент

саны

Пайыздық


мазмұны

Дəстүрлі жүйе

бойынша бағалау

А

4,0



100

Өте жақсы

А-

3,67


90 – 94

В +


3,33

85 – 89


Жақсы

В

3,0



80 – 84

В -


2,67

75 – 79


С +

2,33


70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0


65 – 69

С -


1,67

60 – 64


D +

1,33


55 – 59

D

1,0



50 – 54

F

0



0 - 49

Қанағаттанарлықсыз

Бақылаудың барлық түрлерінің қорытындысы нəтижелері бойынша білім

алушының  академиялық  кезеңдегі  жəне  студенттің  білім  рейтингі  анықтау,

яғни GPA (ОБ) орташа баллы регистр бөлімімен саналады.

Қорытынды  орта  балл GPA білім  алушының  жетістіктерінің  деңгейінің

орташа есептелінген бағасын төмендегі формула бойынша есептеп шығарады:

(

)



å

å

+



´

+

´



+

´

=



n

n

n

K

K

K

K

И

К

И

К

И

GPA

...


)

...


(

2

1



2

2

1



1

мұндағы И1; И2; … Иn  - пəндер бойынша қорытынды сандық эквивалент;

К1; К2; …  Кn – кредиттегі оқытылатын пəндер көлемі;

n – жыл (семестр) бойынша оқытылатын пəндер саны;

Аралық  аттестация  нəтижесі  бойынша (қорытынды  бақылау) офис-

регистратор  студенітердің  рейтингісін  белгілейді.Студенттердің  академиялық

рейтингі  оқу  орнының  Ғылыми  Кеңес  шешімімен  белгіленген  түрлі

академиялык жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға негіз болады.

Студентгердің 

қанағаттанарлықсыз 

баға 

алған 


жағдайында

ағымдык/межелік  жəне  аралық  аттестацияны  қайтадан  өтуі  белгілі  себептер

болмаған жағдайда қарастырылмайды.

Пəн  бойынша  қорытынды  баға  ағымдық  үлгерім  бағасы мен  қорытынды

тексеру  бағасынан (емтихан  бағасы) құралады. Білім  алушымен  меңгерген

белгілі  бір  оқу  пəні  бойынша  ағымдық  үлгерім  бағасы  сол  пəн  бойынша

рейтингтік  бақылау 60 пайызын, ал  сол  пəн  бойынша  қорытынды  бақылау

бағасынын  40 пайызын құрайды.

Жақсы  баға  меңгерген  кредиттер  санын  белгілі  бір  оқу  пəні  бойынша

бекітілген  кредиттер  санымен  толықтыруға  негіз  болып  студенттің

транскриптіне қойылады.


12

Қорытынды  бақылауды (емтихан) «қанағаттанарлық  емес» бағаға

тапсырған жағдайда, оқу пəні бойынша қорытынды баға есептелмейді.

Қорытында  бақылауда  алынған  жақсы  бағаны  жоғарлату  мақсатында  қайта

тапсыруға рұқсат етілмейді.

Келесі  академиялық  кезеңде  немесе  ақылы  түрде  өткізілетін  жазғы

семестрде жақсы баға алу үшін сол пəннің оқу жоспарымен қарастырылған оқу

жұмыстарының  барлық  түрлеріне  қайта  қатысып, рұқсат  алып  қорытынды

тексеруді қайта тапсырады.

Қорытынды  бақылау  нысанында "канағаттанарлықсыз" баға  алған

студенттер  сол  пəнді  қайтадан  тыңдап, келесі  академиялық  кезеңде  ақылы

негізде қайтадан тапсыруға құқылы.

Академиялық  үлгермеушілік - студенттердің  оқу  пəні  бойынша

қорытынды  бақылаудағы  үлгермеушілігі. Академиялық  үлгермеушілік

емтиханда "қанағаттанарлықсыз" баға  алған  жағдайда  немесе  емтиханға

келмеген  жағдайда  болуы  мүмкін. Студент  мұндай  жағдайда  ағымдық

академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредит көлемін жинақтай алмайды.

Студенттің  пəн  бойынша  жалпы  бағасы  ағымдық  жөне  межелік

бақылаудың  барлык, түрі, сондай-ақ  СОӨЖ  орындау  барысы  нəтижесі  үшін

жəне қорытынды бақылау нəтижесі бойынша қойылады.

Əрбір  студент  өзінің  академиялық  рейтингі  туралы  дəйекті мəліметтерді

деканаттан, тіркеу бөлімінен жəне порталдағы жеке кабинетінен біле алады.

Деканат студенттін орташа балы (GPA) бекітілген орташа балдан жоғары

болып, кейбір сабақтардан "қанағаттанарлықсыз" бағаларының болуына

қарамастан келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Курстан курсқа көшу үшін

студенттің балы бекітілген орташа балдан (GPA) кем болмауы керек.

Студент курсты оқып бітіргеннен кейінгі барлық бағаларымен

жинактаған кредит көлемі транскриптке енгізіледі. Транскрипт - студенттің бір

немесе бірнеше оқу орындарында қалыптасқан білімі мен дағдыларының

академиялық деңгейін бейнелейтін ресми құжат.



ЕМТИХАН СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТƏРТІБІ

Емтихан  сессиясының  мерзімділігі  мен  ұзақтылығы  университеттің

ғылыми  кеңесі  бекіткен  академиялық  күнтізбе  мен  жұмыс  жоспарына  сəйкес

анықталады. Университетте оқу семестрінің аяқталуы бойынша ұзақтылығы үш

аптадан  тұратын  екі  емтихан  сессиясы  қарастырылған - қысқы  жəне  жазғы.

Жазғы  емтихан  сессиясының  нəтижесі  бойынша  студенттерді  курстан  курсқа

ауыстыру туралы ректордың бұйрығы шығарылады.

Студенттер  жұмыс  жəне  дербес  оқу  жоспарларында  қарастырылған

барлық  емтиханды  қатаң  түрде  оқып  тапсыруы  тиіс, сондай-ақ  барлық  оқу

түріне арналған бірыңғай бекітілген бағдарлама бойынша тапсырады.

Студенттердің  қорытынды  рейтингісі  жəне  төлем  ақысы  бойынша

факультет  деканы  емтихан  сессиясын  тапсыруға  рұқсат  береді. Студент  пəн

бойынша  емтиханға  жіберіледі  егер  қорытынды  рейтинг  мөлшері 50%-дан

жоғары болса.



13

Емтихан    тапсыруға  бөгде  адамдардың  қатысуына  оқу  бөлімінің

меңгерүшісі, тіркеу  бөлімінің  меңгерүшісі  жəне  факультет    деканының

рұқсатынсыз рұқсат етілмейді.

Емтихан  нəтижесі  ведомосқа  қойылады  жəне  қорытынды  бақылау

өткізілген  күні  жарияланады. Емтихан  ведомосының  көшірмесі  емтихан

аяқталған  соң  үш  күннен  кешіктірілмей  деканатқа  жəне  кафедраға

тапсырылады. Құрама емтихан ведомосы үш күндік мерзімде емтихан сессиясы

аяқталған соң деканатқа тапсырылады.

Емтиханның қорытындысы бойынша бағаларымен келіспейтін студенттер

аппеляцияға беруге құқы бар (Қосымша Д).

Берілген курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық

емтиханды  табысты  тапсырған  жəне  орташа  өту  баллдарының  белгіленген

деңгейін жинаған студент университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа

көшіріледі.

Курстан  курсқа  көшу  үшін  орташа  өту  балл  университеттің  шешімімен

белгіленеді жəне жыл сайын оқу-əдістемелік кеңесте қарастырылады.

Белгіленген  мерзімде  емтиханды  ауырып  немесе  басқа  себепті

жағдайлармен  тапсыра  алмаған  студенттерге  факультет  деканы  өзінің

жарлығымен  олардың  тапсыруына  жеке  мерзім  белгілейді  жəне  бұл  шешім

тіркеу бөліміне тапсырылады.

Академиялық  үлгермеушілікті  жою  үшін  студент  Тіркеу  бөліміне

(Қосымша Б) өтініш беріп, жеке оқу жоспарын толтыруы, қайта дəріс тыңдауы

қажет жəне ақылы негізде осы пəн бойынша басқа қарастырылатын сабақтарға

қатысуы тиіс, бақылаудың қорытынды түріне рүқсат ала алады.

Үлгермеушілікті  жою  жазғы  семестрде  оқу  үрдісінің  белгіленген

кестесімен жəне академиялық күнтізбе мерзімімен жүзеге асады.

Əрбір  емтихан  сессиясының  нəтижесі  транскриптке (The transkript)

енгізіледі, оның  біреуі  деканатта  сақталады, ал  екіншісі - студенттің  қолына

беріледі.



АПЕЛЛЯЦИЯ

Апелляция - студенттердің  біліміне  обьективті  емес  баға  қоюда

қалыптасқан  факторларды  айқындау  мен  жою  мақсатында  жүргізілетін  іс -

жосығы (процедура).

Апелляция  егер  жиынтық (суммарлық) рейтингке  эсер  еткенде  немесе

студенттердің  білімінің  қорытынды  бағасын  көтерген  жағдайда  ғана

белгіленеді.

Апелляция студенттің бастамасы бойынша келесі жағдайда жүргізіледі:

тестілік тапсырмалардың ішінара дүрыс құрылмағаны болса;

тестілік тапсырманың дүрыс жауабы болмаса;

тестілік тапсырманың бірнеше дүрыс жауабы болса;

тестілік  тапсырма  пэннің  оқу-əдістемелік  топтамасында  баяндалған  оқу

бағдарламасы шегінен тыс шыққан болса;

Апелляция  емтихан  өткеннен  кейінгі  келесі  күні  белгіленген  үлгі

бойынша студенттің өтініші негізінде жүргізіледі.


14

СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУДАН ШЫҒАРУ

Студенттерді  оқудан  шығару  университет  ректорының  бүйрығымен

ресімделеді.

Студент мына жағдайларда университеттен шығуы мүмкін:

өз еркімен;

ақылы оқытудың келісім-шарт талаптарын орындамағанда;

студент университеттен басқа ЖОО-ға ауысқанда;

медициналық көрсеткіші бойынша;

Үш  рет  қайтадан  оқу  нəтижесі  бойынша  академиялық  үлгермеушілік

болған жағдайда;

бір академиялық кезеңде кем дегенде 12 кредитті меңгермегенде:

Университет Жарғысын (оқу пəндерін жəне ішкі тəртіп ережесін) бұзғаны үшін;

Университеттен 

шығарылған 

студенттерге 

белгіленген 

үлгіде

академиялық анықтама (Тгаnscгірt) беріледі.



Студент  оқудан  шыққан  жағдайда  оның  университетпен  байланысы

аяқталады. Білімі туралы өзінің құжатын алу үшін студент белгіленген тəртіпте

университетпен есептесуі қажет, жүгіртпе (обходной) қағазын толтырады жəне

оны университеттің статистика бөліміне тапсырады.



СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫСУЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ

ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ

Күндізгі  оқу  түрінің  студенттерінің  ауысуы  мен  қайта  қабылдау  туралы

өтініші  қысқы  немесе  жазғы  каникул  кезінде  жұмыс  оқу  жоспарының

айырмасын тапсыруымен қарастырады.

Күндізгі жəне сырттай, кешкі оқу түрінде білім алушылардың ауысу мен

қайта  қабылдауына  өтініш  мекеме  жетекшісі  қайта  кезекті  академиялық  кезең

басталмас бұрын бес жұмыс күн ішінде өтінішті қабылдайды.

Сырттай  оқу  түрінің  студенттерінің  қайта  қабылдауға  өтініші  кезекті

емтихан сессиясына оқу сабақтарының басталуына дейін, ал басқа жоғары оқу

орындарына  ауысу  туралы  өтініш  қысқы  немесе  жазғы  каникул  кезінде

қарастырылады.

Ауысқанда  жəне  қайта  қабылданғанда  жұмыс  оқу  жоспары  пəндеріндегі

академиялық айырмашылықтар жəне академиялық кезеңде оқып кеткен пəндері

анықталады.

Жұмыс  оқу  жоспарларындағы  академиялық  айырмашылықтар  білім

ұйымы  жетекшісімен  оқу  карточкасы  немес  транскриптті  бойынша  бұрын

меңгерілген  пəндерінің  сағаттарын, кредит  санын  есепке  ала  отырып

анықталады.

Егер  оқу  жоспарындағы  пəндердің  оқу  айырмашылығы  кем  дегенде

міндетті компонентке жататын 5 пəннен аспаса, онда студенттерді тиісті курсқа

ауыстыру мен қайта қабылдау жүзеге асады.

Курстан курсқа ауысудың негізгі шарты білім алушының үлгерімнің орта

балы (GPA) ЖОО белгілеген ауысу балынан кем болмауы керек.

Университет бойынша бекітілген орташа балы (GPA) ол;



Бакалавриат

15

Күндізгі


1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,33

2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,67

3-ші курстан 4-ші курсқа – 2,00

Сырттай немесе кешкі

1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,67

2-ші курстан 3-ші курсқа – 2,00



Магистратура:

1-ші курстан 2-ші курсқа – 2,00

ЖОО-на ауысу мен қайта қабылданудың негізгі шарты 15 кредиттен кем

емес оқу жоспарымен бір академиялық кезеңді толық аяқтаған болуы керек.

    Сондай-ақ, білім алушы кез келген оқу түріне, мамандығына жəне зі таңдаған

жоо-на  қайта  қабылдану  кезінде  оқудан  шығару  мерзіміне  тəуелсіз  ауысуына

болады.

Білім  алушыларды  ауыстыру  жəне  қайта  қабылдауда  курсы



пререквизиттерді  есепке  ала  отырып  анықталады. Меңгерген  кредиттер  білім

алу траекториясына сəйкес қайта есептеледі.

Пəн  айырмашылықтарын  анықтауда  қорытынды  бақылау  түрі  есепке

алынбайды.

         Сынақ əріптік минималды D (1.0; 50-54%)   максималды А (4,0; 95-100%)

бағалауына теңестіріледі.

Білім  алушының  курстан  курсқа  көшуі  жазғы  сессиясы  қорытындысы

бойынша  жəне  жинаған  көшу  балы  қорытындысын  есепке  ала  отырып  жүзеге

асырылады. Курстан курсқа көшу ЖОО жетекшісі бұйрығымен жүзеге асады.

Білім грантымен білім алушы көшу балын жинаған жəне келесі курсқа көшкен

жағдайда  академиялық  қарызы  болса, оны  ақылы  түрде  жояды, бірақ  бұл

жағдайда білім гранты сақталады.

Білім  грантымен  білім  алушы  өзге  ЖОО-на  білім  грантын  сақтап  ауыса

алады.


         

Мақсатты  грантпен  оқуға  түскен  білім  алушы  басқа  ЖОО-на  ауысқан

жағдайда білім гранты сақталмайды.

Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  жазғы  семестрде  де  көшу  балын

жинай алмаған білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады.

Өайталап оқу курсына қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу

жоспарымен немес жаңа оқу жоспарымен білім алады.

Қайталап  оқу  курсына  қалдырылған  білім  алушы  білім  гранты  иегері

грантынан айырылады жəне ары қарай ақылы түрде білім алуын жалғастырады.

ЖОО  шығарылған  білім  алушы  кез  келген  оқу  түріне, мамандыққа, ЖОО-на

қайта  қабылдануына  болады. Қайта  қабылдаудың  студентке  қоятын  міндетті

шарты болып кем дегенде бір академиялық кезеңді аяқтау болып табылады.

Ақылы  түрде білім алушы білім алудың ақысын төлемегендіктен оқудан

шығарылған жағдайда, оқу қарызын толық төлеген соң оқудан шығару күнінен

бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануына болады.


16

Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау  оқу  жоспарындағы  пəндерді

жою тек ақылы түрде жүзеге асады.

Бір  мамандықтан  екінші  мамандыққа  ауысу  тек  ақылы  түрде  жүзеге

асады.

Басқа  ЖОО-нан  ауысқан  жағдайда  студент  Офис-тіркеуші  жəне



мамандық  эдвайзерімен  бірге  жазғы  семестрге  пəн  айырмашылықтарын  жою

үшін (Б  қасымшасы), жеке  оқу  жоспарын  бекіту  үшін (Ж  қосымшасы) өтініш

жазуы керек.

Ақылы  негізде  білім  алушы  студент  университет  Ғылыми  кеңесінің

шешімімен мемлекеттік білім алу грантына көшуге құқығы бар. Сонымен бірге

ол студенттің бағасы «А» дан «В-» дейін болуы керек.

Оқу жоспары пəндердегі  академиялық  айырмашылығын  жою  үшін білім

алушы  академиялық  кезең  ішінде  барлық  оқу  сабақтарына  қатысып, барлық

ағымдық бақылауды тапсырып, қорытынды бақылауға рұқсат алады.

Оқу  жоспары  пəндердегі  академиялық  айырмашылық  уақытында

жойылмаса, академиялық қарыз болып саналады.

1-топтық  емтихандық  сессияға  қатыспаған  жəне  сол  себепті  оқудан

шығарылған сырттай оқу түріндегі студенттер ағымдағы оқу жылындағы 2-топ

емтихандық сессиясына қатыса алмайды.



ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жазғы  семестр  жұмыс  оқу  жоспары  жəне  академиялық  күнтізбемен

белгіленген  мерзімде  ұйымдастырылады  жəне  қосымша  білім  алу  немесе

академиялық үлгермеушілігін жою мақсатында ақылы негізде өткізіледі.

Жазғы  семестрде  оқу  ақысы  əр  пəнге, оған  бөлінген  кредиттср  санына

байланысты  болады  жəне  əр  пəн  үшін  кредиттер  саны  бойынша  университет

бухгалтериясына ақысы төленеді.

Жазғы  семестр  ұзақтығы 6 апта, осы  уақыт  ішінде  пəн  толығымен

оқытылады. Жазғы  семестрге  жалпы саны 7-8 кредиттен  құрайтын үш  пəннен

артық жіберілмейді.

Жазғы семестрге   тіркелетіндер:

- университеттегі  кез-келген  мамандық  бойынша  қосымша  оқу

курсын   меңгеруге   ниетті, үлгерімі жақсы студенттер;

- емтихан  тапсыра  алмаған  немесе  рейтинг  қорытындысы  бойынша

емтиханға жіберілмеген студенттер;

- қайта қабылданғанда, басқа  жоғары оқу  орнынан ауысып келгенде

жəне академиялық демалыстан шыққан кездегі  оқу пэндерінде айырмасы

бар студенттер.

Қосымша оқу курстары келесі талаптарды ескере отырып жария етіледі:

студент келесі  курсқа  академиялық үлгермеушіліксіз көшірілген болуы керек;

топ рентабельді жəне кемінде 5 адамнан түруы керек;

қосымша  курстар  саны  студенттің GРА-сының  жылдық  деңгейімен

анықталады, GРА  неғүрлым  жоғары  болса, студент  көбірек  қосымша  сағат

сұрай  алады.

Жазғы семестрді ұйымдастыру тəртібі:


17

студент  жазғы  сессия  аяқталғаннан  кейін  тіркеу  беліміне  жазғы  семестрге

қатысқысы келетіні жөнінде уəжді (мотивті) өтінішін береді (қосымша Б);

оң шешім қабылданған жағдайда тіркеу бөлімі жазғы семестрге сабақ кестесін

жасайды да студент ақысын телеген соң ректорға бекіттіреді.

КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

Кітапхана жоғары оқу орны студенттері, профессор-оқытушылар құрамы

жəне  қызметкерлеріне, сондай-ақ  ғылыми  жəне  тəжірибелік  қызметін,

біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру үшін əдебиетке муктаж қүқық-

қорғау органдары кызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

Бүгінгі  күнде  университет  кітапханасының  кітап  қоры 30 000-нан  аса

бірлікті құрайды, соның ішінде 5365-сі қазақ тілінде. Кітапхана қоры ай сайын

толықтырылып отырады.

Кітапхана  оқыту  бағдарламалары, 287250 МБ  көлеміндегі  электронды

тасмалдаушыда, сонымен  бірге  383 CD  дискіде, 55 видиокасетада, 66

аудиокасетада   ақпараттық жəне анықтамалық материалдары бар медиатекамен

жабдықталған. 2005 жылдан кітапханада РАБИС бағдарламасы жұмыс істейді,

сондай-ақ  жүйелік, алфавиттік  жəне  жиынтық  каталог  бар.  Университет

жанынан  ғылыми  қорының  асыл  қазынасы  болып  табылатын  жəне  болашақ

мамандардың зерттеушіге тəн қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін арнайы

сирек кітаптар жəне қолжазбалар қоры құрылған. Бұл қор Елбасының «Мəдени

мұра» бағдарламасына сəйкес өз алдына міндеттер қойып жұмыс істейді.

Кітапхананың  екі  оқу  залы 100-ден  аса  студентке  қызмет  көрсете  алады.

Кітапханада "ЮРИСТ" ақытамалық-құқықтық  жүйесі  жəне  мемлекеттік  жəне

орыс тіліндегі құқықтық база бар.

Студенттер  мен  оқытушылар  кітапхана  оқу  залдарында  орнатылған

комьютерлермен пайдалана алады.

Кітапхана  №2 оқу  ғимаратында  Шмидта  көшесі 44 үй 2 қабатта

орналасқан.

Кітапхананы  пайдалану  ережесі – оқушы  жəне  кітапхана  міндеті  мен

құқығын, кітап  қорына  қол  жеткізу  ретін  ұйымдастыруды  анықтайтын  құжат

болып табылады.

Кітапхана, кітапхана қорындағы оқушыларға уақытша қолдануға кітапты,

басқа да басылым материалдарын беруді ұйымдастырады.

Кітапхананы пайдалану ережесі:

Кітапхананы  пайдалану  ережесі – оқырманға  қызмет  ету, оқырманның

міндеттері  мен  құқықтары, қорды  пайдалану  мүмкіншіліктерін  айқындайтын

құжат.

Кітапхананы  пайдалану  құқығына  студенттер, оқытушылар  жəне



университет қызметкерлері ие.

Кітапхананы пайдалану тегін.

Əдебиетті үйге беру абонементте жүргізіледі.

Оқу залында пайдалануға арналған əдебиет үйге берілмейді.

Оқу  залын  оқырманды  тіркеу  келесі  ретпен  жүргізіледі: студенттер –

анықтамаға байланысты, қызметкер – төл құжаты бойынша.



18

Кітапханаға  жазылу  алдында  оқушылар  кітапхананы  пайдалану  ережесімен

танысуы керек.

Əр  бір  оқырманға  бес  жыл  бойы  кітапхананы  пайдалануға  мүмкіндік

беретін оқырман кəртішкесі толтырылады.

Оқырман  формуляры, оқырман  кəртішкесі  жəне  кітап  формуляры

студентке берілген əдебиетті тіркеу құжаты болып табылады.

Кітəпті  жоғалтқан  немесе  əдебиетті  бүлдірген  оқырман  жоғалтқан,

бүлдірілген əдебиет құнына сай басқа кітаппен немесе 10-еселік құны бойынша

өтейді.


Кітапты немесе басылым материалдарын жоғалтқан немесе əдебиетті бүлдірген

оқырман 1 жылға  дейін  университет  кітапханасын  пайдалану  мүмкіндігінен

айырылады (оқудан шығарылады).

Оқушылар абонементтен алған  əр-бір əдебиет  бойынша  оқырман немесе

кітап формулярында қол қояды.

Алған  əдебиетті  кітапханаға  қайтадан  өткізу  қабылдаған  кітапханашының

қолымен бекітіледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 327.19 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет