Анықтамалық-жол көрсеткіш



жүктеу 0.86 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата11.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

3.13 Студент портфолиосы  

3.13.1  «Студента  портфолиосы»  –  әртүрлі  бағыттағы  студенттің  жеке  жетістіктерін 

дәлелдейтін құжаттар жиынтығы. Студентте портфолионың болуы студенттің университетте 

оқыған кезеңіндегі  әртүрлі  қызмет  бойынша (оқу, ғылыми-зерттеу, спорт  және т.б.) жеткен 

жетістіктерінің  нәтижесін  есепке  алуға  мүмкіндік  береді.  «Портфолио»  жасау  функциясы 

студентке тапсырылады. 

3.13.2  «Портфолио»  жасаудың  басты  мақсаты  –  университетте  оқыған  кездегі  жеткен 

жетістіктерін растайтын құжаттарды жинау және сақтау.  

3.13.3  Студент  қызметінің  барлық  түрлерінің  нәтижелері  портфолиоға  енгізіледі,  бұл 

бұдан әрі интернатурада оқуын растайтын құжаттардың бірі болып табылады. 

 

 

 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

54

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.14 Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат 

 

3.14.1  Университеттің  барлық  түлектері  (бакалаврлар,  интерндер,  резиденттер, 



магистранттар  және  докторанттар)  оқу  бітіргеннен  кейін    университет  жетекшілік  ететін 

аймақтардың  медициналық  ұйымдарына  жұмысқа  орналасады.  Бүгінгі  күні  жыл  сайын 

Астана қаласы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген жұмыс берушілердің 

қатысуымен  өтетін  «Бос  орындар  жәрмеңкесінде»  түлектер  бос  жұмыс  орындарына 

жіберіледі.  

3.14.2  Университет  студенттерді  бос  жұмыс  орындарына  жіберетіндіктен  (Қазақстан 

Республикасының  2012  жылғы  30  наурыздағы  «Маманды  жұмысқа  жіберу,  өз  бетімен 

жұмысқа  орналасу  құқығын  беру  және  т.б.  ережелерін  бекіту  туралы»  №  390    Қаулысы) 

мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  және  ауылдық  квотамен  оқыған  студенттер 

аудандық және ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс. 



 

3.15 Материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану ережелері 

 

3.15.1 Кітапхана  

3.15.1.1  Кітапхана  –  Университеттің  заманауи  ақпараттық  бөлімшесі,  оқырманның 

зияткерлік және эстетикалық дамуына, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруға, бос уақытының мәнді 

болуына және рухани дамуына әсер етеді. 

3.15.1.2 

«Астана  медицина  университеті»  АҚ-тың  тәрбие,  ғылыми,  оқу 

бағдарламалары 

қызметін 

ғылыми-медициналық 

әдебиеттерге 

және 

оқытушы-


профессорлардың,  ғылыми  қызметкерлердің,  студенттердің    басқа  да  құжаттарына  еркін 

және  толық  қолжетімділік  жолымен  кітапханалық,  библиографиялық  және  ақпараттық 

қамтамасыз ету – кітапхана миссиясы болып саналады. 1.1.  

3.15.1.3  Кітапханада  оқулықтар,  газеттер,  журналдар,  ғылыми-медициналық 

әдебиеттер,  шетел  әдебиеттері,  бір-бірімен  байланысты  мамандықтарға  байланысты 

әдебиеттер, жарыққа шықпаған материалдар (диссертациялар, авторефераттар) қоры, көркем 

әдебиеттер  бар.    Кітапхананың  барлық  қоры  әліпбилік,  пәндік  және  жүйелік  каталогпен 

жүйеленген.  Сонымен  қатар,  құжаттың  авторына,  тақырыбына,  аталуына,  шифрына, 

нөміріне  байланысты  әртүрлі  параметрлерде  қажетті  ақпаратты  іздеу  мүмкіндігін 

арттыратын электронды каталог бар.   

3.15.1.4  Пайдаланушыға  төмендегі  қосымша  қызметтер  ұсынылады:  патентті-

ақпаратты  іздеу  және  диссертациялар  қоры  бойынша  іздеуді  жүргізу,  мақалаларды 

индекстеу,  библиографиялық  тізімді  құрастыру  және  әртүрлі  құжаттарды  тақырыбына 

байланысты  іріктеу  және  тағы  басқа  қызметтер.  Оқырмандарға  толықтай  қызмет  көрсету 

үшін  оқулықтарды  тек  кітапхана  арқылы  ғана  емес,  сонымен  қатар  Интернет  арқылы 

электрондық брондау жүйесі енгізілуде.  

3.15.1.5 Кітапхананың негізгі қоры университет корпусында  (Бейбітшілік көшесі, 53) 

орналасқан,  онда  төмендегі  абонементтер  бар:  оқулықтар,  ғылыми  әдебиеттер,  мерзімдік 

жарияланымдар залы, оқу залдары және анықтамалық-библиографиялық бөлім.  

3.15.1.6 Студенттер университеттің білім алушылары қатарына кіргені туралы бұйрық 

негізінде кітапханаға жазылады.   

3.15.1.6.1 Оқырман әдебиетті алу үшін оқырман билетін көрсетуі тиіс.  

3.15.1.6.2  Оқырман  билеті  кітапхананың  кітаптар  қорын  пайдалану  құқығын  беретін 

жалғыз құжат болып саналады.  



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

55

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.15.1.6.3 



ЖОО-ның  студенттері,  аспиранттары,  докторанттары,  оқытушы-

профессорлары,  ғылыми  қызметкерлері  және  қызметкерлері  кітапхана  қызметін  пайдалана 

алады.   

3.15.1.6.4 Оқулықтар оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес бір семестрге, бір 

оқу жылына немесе бір оқу циклына беріледі.  

3.15.1.6.5 

Жоғалған  немесе  бүлінген  басылымдардың  орнына  кітапхана 

қызметкерлерінің келісімімен тура сондай басылымдармен ауыстырылады. Жоғалған немесе 

бүлінген  басылымдардың  бағасы  нарықтық  бағаны  есепке  ала  отырып  айқындалады  («ҚР 

мәдениет туралы» Заңы 1997 ж., 23-бап). 

3.15.1.6.6  Студенттер  университетті  бітіргенде  немесе  оқудан  шығарылғанда,  кету 

парағына қол қоюлары керек.   

 

3.15.2 Ақпараттық-техникалық база  

3.15.2.1  Университеттің  білім  беру  процесі  жақсы  ақпараттық-техникалық  база 

арқылы жүзеге асырылады. Оған келесілер кіреді: 

- әдебиеттің 809 мың данасынан тұратын кітап қоры; 

-  кітапхананың  негізгі  қызметі  сипатталған  және  кіруге  болатын  Web-портал: 

www.bibl.amu.kz

-  интернет,  электрондық  баспалар  мен  электрондық  мәліметтер  базасымен  қамтамасыз 



етілген студенттер мен оқытушыларға арналған кітапхананың электрондық залдары; 

-  кітапхананың  электрондық  каталогынан  және  кітапханашылардың  автоматтандырылған 

жұмыс орнынан тұратын ИРБИС – 64 автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; 

-  электрондық  кітаптар,  оқытудың  интерактивті  бағдарламасы  мен  оқу  құралдары, 

мультимедиялық контент, нақпішін (муляж) және симуляторлар базасы; 

-  әлемдік  баспалардың  электрондық  базасына  жыл  сайын  жазылу:  Springer,  Boock-UP, 

Elsevier, Thomson Reutors. 

 

3.16 Сайт 

Университеттің  www.amu.kz  ресми  сайты  оқу  орнының  айнасы  болып  табылады, 

сондай-ақ Университет қызметі туралы жылдам әрі, дұрыс ақпарат берудің негізгі құралы. 

 

 Сайтта 



студент 

Университеттің 

ғылыми-клиникалық 

қызметімен  («ғылыми-клиникалық  қызмет»  бөлімі),  білім  беру 

қызметімен  («білім  беру»  бөлімі),  тәрбие  ісі  және  әлеуметтік 

қызметімен («тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет» бөлімі), әкімшілік 

және  экономикалық  қызметімен  («әкімшілік  және  экономикалық 

қызметі» бөлімі), студенттердің қоғамдық қызметімен таныса алады, 

Университет 

туралы 


(«Университет 

туралы» 


бөлімі), 

Университеттің  құрылымдық  бөлімшелері  туралы  ақпарат  оқи 

алады және  соңғы жаңалықтардан («Жаңалықтар» бөлімі) хабардар 

болып  отырады.  Студент  сайттан  «Оқу-білім  беру  порталына», 

«Университет  кітапханасы»  сайтына  кіре  алады.  Сайттағы  ақпарат 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

56

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

үнемі жаңартылып отырады. Сайтта студенттерге арналған «Студентке» бөлімі бар. 



3.17 Студенттермен кері байланыс 

3.17.1  Наразылықпен,  өтініштермен  және  ұсыныстармен  жұмыс  жасау  –  мекеменің 

үздіксіз  дамуының  негізгі  процестерінің  бірі.  Келіп  түскен  барлық  жазбаша  және  ауызша 

өтініштер тұтынушылардың ұсыныстары мен наразылықтары журналына тіркеледі. Мұндай 

журналдар барлық бөлімшелерде бар. Университетке келіп түскен жазбаша өтініштер түзету 

шаралары мен сараптама жүргізу үшін бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. 

3.17.2  Сонымен  қатар  университетте  тұтынушыларды  тікелей  қабылдау  қызметі  бар. 

www.amu.kz

  сайтында  Университет  ректоры  мен  факультет  декандарының  блогтары  бар. 

Әлеуметтік  маңызды  қызмет  түрі  болып  табылатын  үздіксіз  жұмыс  істеп  тұратын  сенім 

телефоны, сенім жәшігі бар. 

3.17.3  Университеттегі  кураторлар  институты  оқу  орнының  тәрбие  жүйесінің  негізгі 

бөлімі.  Ол  студент  пен  оқытушы  қарым-қатынасы  бойынша  іс-шаралар  кешенін  өткізеді. 

Кураторлар  институтының  басым  бағыты  –  студент  тұлғасы,  оның  қызығушылығы  мен 

қажеттілігін ескеру. 

3.17.4  Университетте  Әлеуметтік-психологиялық  қызмет  бар.  Ол  ЖОО-дағы 

әлеуметтік-психологиялық  ахуалды  зерттейді.  Студенттер  арасында  үнемі  ахуал 

мониторингін жүргізіп, проблемаларды анықтайды және алдын алады. 

3.17.7 Университеттің МУА-12-12   «Кері  байланыс мониторингі» стандартына сәйкес, 

сауалнама,  edu.amu.kz  сайтындағы  «Сириус»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі,  

«Сауалнама» модулі арқылы алынған студенттердің ұсыныстары негізінде оқу жағдайы, оқу 

сапасына қанағаттанушылық деңгейі анықталады. 

3.17.6 Университетте «Нұр Отан» партиясының «Өркен» бастауыш партия ұйымы және 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  қызмет  істейді.  Бұлар  Партия  көшбасшысы,  ел  Президенті 

саясатының  жолбасшылары,  елдегі  жастардың  жағдайын  жақсарту  бойынша  практикалық 

жағынан  жүзеге  асырушы,  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  міндетін  шешу  үшін 

жастарды мобилизациялау орталығы. 

 

3.18 Көшірме жасау қызметтері 

3.18.1 Ксерокөшірме аппараты 53-корпуста (1-қабатта) орналасқан. Қызметі ақылы.   

 

3.19 Спорт базасы 

3.19.1  Университеттің  студент  жастары  арасында  саламатты  өмір  салты  мен  спортты 

насихаттау  мақсатында  «Спортклуб»  қызмет  істейді.  Студенттер  11  секцияның  ішінен  бір 

спорт  түрін  таңдап  ала  алады:  Жекпе-жек  студенттік  клубы,  армрестлинг,  волейбол, 

баскетбол, шахмат, кір спорты және тағы басқа. 

3.19.2  Спортпен  белсенді  айналысатын  студенттер  оқу  жылы  барысында  Университет 

қаражаты  есебінен  басқа  қалаларда  өтетін  жарыстарға  қатыса  алады.  Сондай-ақ  спортклуб 

еліміздің  белгілі  спортшылары,  жаттықтырушылары  мен  спортшы  студенттер  арасында 

кездесу  ұйымдастырады.  Университетте  оқу  барысында  студент  «үміткер»  немесе  «спорт 

шебері»  спорт  атақтарын  ала  алады.  Сондықтан  спортклуб  Университет  абыройын 

қорғайтын  оқу  орнымыздың  студенттерін  спортпен  айналысуға  шақырады,  үнемі  іріктеу 

жүргізеді. 



 

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

57

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.20 «АстМУ» медициналық орталығы» 

3.20.1  «АстМУ»  медициналық  орталығы»  ЖШС  тексеруден  өткісі  келетін,  емделгісі 

келетін,  реабилитациялық  шаралардан  өткісі  келетін  білім  алушыларға  медициналық 

қызметтердің толық спектрін ұсынады. 

3.20.2 «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС 1999 жылы ашылды. 

3.20.3  Орталық  бір  ауысымда  72  адамды  қарауға  арналған.  Тегін  медициналық  көмек 

көрсетудің  кепілденген  көлемін  орындау  аясында  медициналық  қызмет  көрсету  бойынша 

мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асырады. 

3.20.4  2010  жылғы  1  қаңтардан  бастап  Бірыңғай  ұлттық  жүйе  аясында  жұмыс  істейді. 

2005  жылғы  31  қазандағы,  сериясы  ЛП  №00033К  медициналық  және  дәрігерлік  қызмет 

көрсетуге Мемлекеттік лицензиясы бар. 

3.20.5  «АстМУ»  медициналық  орталығы»  ЖШС-да  жоғары  санатты  білікті  мамандар, 

медицина  ғылымдарының  профессорлары  мен  доценттері,  докторлары  мен  кандидаттары, 

университет қызметкерлері жұмыс істейді. 

3.20.6  «АстМУ»  медициналық  орталығы»  ЖШС-да  келесі  мамандар  қызмет  істейді: 

кардиолог,  гастроэнтеролог,  ревматолог,  терапевт,  педиатр,  гинеколог,  уролог, 

дерматовенеролог,  гематолог,  маммолог,  эндокринолог,  невропатолог,  рефлексотерапевт, 

стоматолог, ЛОР, косметолог. 

3.20.7 Келесі зерттеулер жүргізіледі:  

- электрокардиография;  

- барлық ағзаларды ультрадыбыстық диагностикалау; 

- қанды, несепті зертханалық зерттеу, РИФ, ИФА – диагностика; 

- рентгенологиялық диагностика; 

3.20.8 Емшара кабинеті, күндізгі стационар жұмыс істейді. 

3.20.9  «АстМУ»  медициналық  орталығы»  ЖШС-да  гемосканерлеу  (қанның  бір 

тамшысынан  ауруды  диагностикалау),  ал  дәрігер-диетолог  дұрыс  тамақтануды  үйретеді, 

саламатты  өмір  салтын  ұстану  бойынша  ұсыныстар  береді.  Сондай-ақ  орталықта 

классикалық және шығыс массажын жасау қызметі бар. 

3.20.10 


«АстМУ» 

медициналық 

орталығы» 

ЖШС-да 


рентгенологиялық 

остеоденситометрия  кабинеті  бар,  ол  Қазақстан  Республикасындағы  жалғыз  және  бірегей 

«LUNAR Prodigy GE» рентгендік денситометр арқылы остеопорозға диагностика жасайды. 

3.20.11  Білім  алушының  барлық  медициналық  анықтамалары  (сырқаттану  сеебебінен 

сабаққа  кіруге  рұқсат  ететін),  санитариялық  медициналық  кітапшалар,  ДКК  қорытындысы 

тек «АстМУ» медициналық орталығы» ЖШС берген анықтамамен расталуы керек. 



 

3.21 Оқу ақысын төлеу тәртібі 

3.21.1  Алғашқы  оқу  жылының  оқу  ақысы  ағымдағы  жылдың  25  тамызынан 

кешіктірілмей төленеді. Ақшалай қаражат Университеттің есеп шотына аударылады: «Астана 

медицина университеті» АҚ, Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 33, СТТН 031400074326, Кбе 

16,  БИН  080  940  008  218,  ЖСК:  47998ВТВ0000002926,  «Цесна  Банк»  АҚ  Астана  қаласы, 

БИК: TSESKZKA. 

3.21.2  Оқуын  жалғастыруға  қабылданған  және  басқа  оқу  орнынан  ауысқан  студент 

Университеттің сабаққа рұқсат ету туралы бұйрығымен белгіленген мерзімнен кешікпей оқу 

ақысының  100%-ын  төлеуі  тиіс.  Оқу  ақысының  мөлшері  Университет  пен  білім  алушының 

арасында жасалған шарт негізінде белгіленеді. Оқу ақысын Банкке басқа тұлға төлесе «төлем 

мақсаты» («назначении платежа») бағанына білім алушының аты-жөні және ЖСН жазылуы 

керек. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

58

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.21.3  Университеттің  есеп  шотына  қаражатты  төлеу  кезіндегі  банк  қызметінің  құны 



оқу ақысына кірмейді  және Тапсырыс берушінің өз қалтасынан төленеді. Тапсырыс беруші 

Университетке төлемді  растайтын құжатты әкелу  арқылы қызметтің төленгенін куәландыра 

алады. 

 

3.22 Стипендия тағайындау тәртібі 

3.22.1 Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі 

3.22.1.1 Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, 

сондай-ақ  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  оқуға  ауыстырылған,  емтихан 

сессиясының  немесе  білім  алушылардың    аралық  аттестациясынан  «жақсы»,  «өте  жақсы» 

деген бағаларға сәйкес келетін бағалар баламасын алған студенттерге төленеді. Әр айдың 5 

күні төленеді. 

 

3.22.1.2 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа (оқудың бірінші 



жылына)  қабылданған  білім  алушыларға  мемлекеттік  шәкіртақы  бірінші  семестр  бойы  ай 

сайын  төленеді.  Келесі  семестрлерде  мемлекеттік  шәкіртақы  емтихан  сессиясының  немесе 

өткен  семестрде  өткізілген  білім  алушылардың  аралық  аттестацияның  нәтижесі  бойынша 

төленеді.    

 

3.22.1.3 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан зағип мүгедектерге 



және естімейтін мүгедектерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және 

басқа  адамның  қамқорлығындағы  балаларға  мемлекеттік  стипендия  емтихан  сессиясының 

қорытындысы бойынша академиялық қарызы жоқ, аралық аттестацияда қанағаттанарлықсыз 

бағасы жоқ болған жағдайда төленеді. 

 

3.22.1.4 Жазғы сессия немесе аралық аттестация қорытындысы бойынша мемлекеттік 



стипендияға  ұсынылған  студенттерге  стипендия  жазғы  демалыс  кезеңінде  екі  ай  үшін 

(шілде, тамыз) жиналып беріледі. 

 

3.22.1.5 Белгіленген уақытта дәлелді себеппен (сырқаттану, отбасылық жағдайы, апат) 



емтихан  тапсыра  алмаған  студент  растайтын  құжатты  көрсеткеннен  кейін  сынақтар  мен 

емтихандарды  жеке  тапсыру  мерзімі  белгіленеді,  бұдан  кейін  оған  мемлекеттік  стипендия 

тағайындалады. 

 

3.22.1.6  Кәсіби  практика,  жазғы  демалыс  және  жалақысы  төленетін  жұмыста  немесе 



қызметте  жұмыс  істеген  кезеңде  студенттерге  мемлекеттік  стипендия  белгіленген  тәртіп 

бойынша төленеді. 

  

3.22.1.7 Бір оқу орнынан екіншісіне ауысқан білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы 



оқу  жоспарындағы  айырмашылықты  жойғаннан  кейін  осы  Ережелермен  белгіленген  тәртіпте 

төленеді.   

 

3.22.1.8  Студентке  медициналық  қорытынды  негізінде  берілген  академиялық 



демалыстарды  қоспағанда  басқа    академиялық  демалыста  болған  кезеңінде  мемлекеттік 

шәкіртақы төленбейді. 

 

3.22.1.9  Академиялық  демалыстан  келген  білім  алушыға  мемлекеттік  шәкіртақы 



алдағы  (кезекті)  емтихан  сессиясының  немесе  білім  алушылардың  аралық  аттестациясының 

қорытындысы бойынша Ережелерге сәйкес белгіленген тәртіпте төленеді.   

 

3.22.1.10  Сырқаттануына  байланысты  келесі  оқу  жылына  қалдырылған  студенттерге 



мемлекеттік стипендия кезекті емтихан және аралық аттестаттау нәтижесіне дейін өткен сессия 

(оқу жоспары орындалған) қорытындысы негізінде төленеді. 

 

3.22.1.11  Туберкулезге  шалдыққан  студенттерге  (сәйкес  медициналық  қорытынды 



болған жағдайда) мемлекеттік стипендия жұмысқа қабілетсіз мерзімге төленеді, бірақ 10 айдан 

артық емес. 

 

3.22.1.12  Жүктілігі  және  босануына  байланысты  демалыс  алған  білім  алушыларға  мемлекеттік 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

59

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

шәкіртақы  жүктілігі  және  босануына  байланысты  демалыс  алғанға  дейін  Қазақстан  Республикасының 



қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген мөлшерде демалыс мерзімі аяқталғанша төленеді. 

 

3.22.1.13  Академиялық  демалыс  уақытында  жүктілігіне  және  босануына  байланысты 



еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын  көрсеткен  білім  алушының  академиялық  демалысы 

үзіледі, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.   

 

3.22.1.14 Білім алушылар үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде баласы 



үш жасқа толғанға дейін мемлекеттік шәкіртақы төленбейді.    

 

 3.22.1.15  Мемлекеттік шәкіртақы төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:  



1)  оқудан  шығарудың  себебіне  қарамастан  білім  алушы  білім  беру  ұйымынан  шығарылған 

жағдайда;   

2) білім алушы қайтыс болған жағдайда

3) оқуды бітіруіне байланысты оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап. 

4) емтихан сессиясының қорытындысы бойынша. 

 

3.22.1.16  Мемлекеттік  стипендия  төлеу  білім  беру  ұйымы  басшысының  себебі 



көрсетілген тиісті бұйрықты шығаруы арқылы тоқтатылады.   

 

3.23 Тәрбие жұмысы 

3.23.1 Жалпы ережелер 

3.23.1.1  Бүгінгі  таңда  білім  беру  процесінде  тұлғаның  рухани-адамгершілік  дамуына 

аса  мән  беріледі.  Атап  айтқанда  тұлғаны  адамгершілікке  тәрбиелеу  және  рухани 

қалыптастыру бүкіл тәрбие беру процесінің өзегі болып табылады. 

Университет қызметінің негізгі түйіні – білім беру процесі және тәрбие беру процесі. 

3.23.1.2  Тәрбие  ісі  жөніндегі  деканаттың  негізгі  қызметі  −  кәсіптік  және  әлеуметтік 

біліктілікті, студенттердің белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау, 

жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларда  Отанымыздың  дамуы  мен  нығаюына  өз  үлесін 

қосуға дайын болашақ дәрігерлердің жеке қасиеттерін тәрбиелеуге әсер ету.     

 

3.23.2 Тәрбие жұмысының принциптері 

3.23.2.1.  Ізгілендіру  принципі  студент  тұлғасын  мойындауға  негізделген;  оның 

бірегейлігі мен ерекшелігін құрметтеу. 

3.23.2.2. Кәсіби өнегелік принципі болашақ мамандардың кәсіби бірлестіктің этикалық 

нормаларын 

меңгеруге, 

өзінің 


кәсіби 

қызметінің 

нәтижесіне 

жауапкершілігін 

қалыптастыруға,  олардың  кәсіби  бейімділігін  дамытуға  көмектесуге,  дарындылығына, 

ерекше қабілетіне бағытталған. 

3.23.2.3  Тәрбиелеп  оқыту  принципі  –  оқу  пәндері  оқулықтарының  мазмұны  арқылы 

тәрбиелеу,  студенттерді  тұлғалық  дамыту,  өз  бетінше  оқу  және  өзін-өзі  тәрбиелеу  үшін  оң 

уәждеме қалыптастыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламаларын қолдану, сондай-

ақ оқудан тыс уақытта шығармашылық-практикалық қызметке бейімделу. 

3.23.2.4  Демократизация  принципі  –  теңқұқықтылық  және  тәрбие  қызметіндегі 

субъектілердің әлеуметтік серіктестігі, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің болуы және 

жұмыс  істеп  тұруы  және  оның  Университеттің  әкімшілік-басқарушылық  құрылымдарымен 

өзара тиімді әрекеттесу механизмі. 

3.23.2.5  Ынталандыру  принципі  –  студенттерді  оқудағы,  шығармашылық 

жұмысындағы,  ғылымдағы,  спорттағы,  қоғамдағы  және  басқа  қызмет  түрлеріндегі 

жетістіктері үшін моральдық және материалдық тұрғыдан марапаттау.  


Каталог: student -> zhol korsetkish
student -> Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан
student -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В074600 Ғарыштық техника және технология
student -> Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы
student -> Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан
student -> Оқытушылары Муратбекова Б. А. және Байгаскина Ж. К
student -> IYate 7202 –«Жылутехнологиясындағы шет тілі» мамандығы бойынша докторанттардың 6D071700 мамандығына арналған
student -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В071700 – Жылуэнергетика
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш

жүктеу 0.86 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет