Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0.86 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата11.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

47

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

әлеуметтік  даму  министрлігінің  Стратегиялық  жоспарына  сәйкес  ҚР  ДСӘДМ  жыл  сайын 



тағайындайтын  ЖОО  студенттерінің  стипендия  мөлшеріне  байланысты.  Аталмыш 

Стратегиялық  жоспарда  оқып  жатқан  контингент  түріне  байланысты  республикалық 

бюджеттен төленетін стипендия мөлшері белгіленеді. 

3.8.4.2.5  Атаулы  стипендия  көрсетілген  мөлшерде  салық  есебінсіз  төленеді.  Атаулы 

стипендия оқып жатқан контингент түріне байланысты республикалық бюджеттен төленетін 

стипендиямен қоса Университеттің өз қаражатынан төленеді. 

3.8.4.2.6 Атаулы стипендияны тағайындағанда стипендиаттың жоғары оқу орындардың 

ҚР  заңнамасына  сәйкес  басқа  да  ақшалай  төлемдер  мен  жәрдемақыларды  алу  құқығынан 

айырмайды. 

3.8.4.3 Атаулы стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің тәртібі мен 

критерийлері 

3.8.4.3.1 Атаулы стипендия 1-ші және 2-ші курста үлгерімінің орташа балы 4,75-тен кем 

емес  3-курс  студенттеріне  тағайындалады,  сондай-ақ  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 

айналысуы керек және факультет пен Қоғамның қоғамдық өміріне белсенді араласуы қажет. 

3.8.4.3.2  Атаулы  стипендия  алуда  ғылыми-практикалық  конференция  (ЖОО, 

республикалық, халықаралық) қатысушылары мен жүлдегерлеріне немесе пәндік олимпиада 

жеңімпаздарына басым назар аударылады 

3.8.4.3.3  Атаулы  стипендия  тағайындау  кезінде  студенттің  материалдық  және 

отбасылық жағдайы ескеріледі. Жетім студенттер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан 

шыққан студенттерге баса назар аударылады. 

3.8.4.3.4 Атаулы стипендия 4-оқу семестрден кейін жазғы сессияны аяқтағаннан кейін 

тағайындалады. 

3.8.4.3.5  Кафедралар,  деканаттар,  қоғамдық  студенттік  ұйымдар,  Университеттің 

Факультеттер кеңесі мен Ғылыми кеңесі стипендия алуға мүдделі студенттерді стипендияға 

үміткер ретінде ұсыну құқығына ие. 

 

3.8.4.4 Атаулы стипендияны тағайындау және төлеу тәртібі  

3.8.4.4.1  Атаулы  стипендияға  үміткерлерді  бекіту  үшін  медициналық-биологиялық 

пәндер  кафедрасының  оқытушы-профессорлар  құрамынан,  деканат  қызметкерлерінен, 

студенттерден конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия құрамы Университет 

ректорының  бұйырығымен  бекітіледі.  Комиссия  құрамы  төрағаны  қосқанда  7  адамнан 

тұрады. 


3.8.4.4.2  Стипендия  бір  оқу  жылына  тағайындалады  (5  және  6  оқу  семестрлері)  және 

ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінен 31 тамызына дейін төленеді. 

3.8.4.4.3  Атаулы  стипендия  келесі  жағдайларда  тоқталады  және  одан  кейін  қайта 

берілмейді: 

-  қысқы  емтихан  сессиясы  нәтижесінде  студент  стипендиясынан  айырылған  болса  (5-

семестр); 

- оқудан шығып қалған стипендиат; 

- стипендиаттың академиялық демалысы кезінде; 

-  стипендиат  «АстМУ»  АҚ  білім  алушыларының  ішкі  тәртіп  ережелерін»  бұзған 

жағдайда. 



 

3.9 Студенттерді академиялық қолдау 

3.9.1  Университетте  тәрбие  процесінің  жүйелі  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін 

Кураторлар кеңесі бар, ол факультет деканаттары арасында тәрбие жұмысын үйлестіреді. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

48

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.9.2  Кураторлар  кеңесі  –  алқалық  орган,  кеңес  оқытушылар  мен  студенттерді  өзара 



байланыстырып,  іс-шаралар  кешенін  өткізіп  тұрады.  Кураторлар  кеңесі  жұмысының 

басымдылығы  –  студентті  тұлға  ретінде  тани  білуі,  оның  сұранысы  мен  мүддесін  есепке 

алуы. 

3.9.3  Кураторлық  1  –  4  курс  топтарының    студенттерінен  құралған    академиялық 



топтарға бекітіледі. 

3.9.4  Кураторлар  кеңесімен  келісім  бойынша  куратор  терең  білімді,  эрудициялы, 

мәдениетті  және  кәсіптік  дайындықты  жоғары  деңгейде  меңгерген  маманды  қалыптастыру 

мақсатында тату, ұйымшыл, белсенді топты құру  үшін топтың оқу қызметін, қоғамдық және 

мәдени өмірін ұйымдастырады. 

 

3.10 Академиялық ұтқырлық 

3.10.1  Академиялық  ұтқырлық  –  білім  алушының  белгілі  академиялық  кезеңде  (оқу 

немесе  өндірістік  практиканы  қосқанда),  әдетте,  семестрде  немесе  оқу  жылында  басқа 

жоғары оқу орынға (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы. Білім алушы өз оқу орнында кредит 

түрінде  меңгерген  білім  беру  бағдарламаларын  белгіленген  тәртіпте  міндетті  түрде  қайта 

тапсырып, оқу немесе зерттеу жүргізу мақсатында ауысады. 

3.10.2 Білім алушыларды GPA және ағылшын тілін меңгеруіне (TOEFL немесе IELTS 

сертификаттары міндетті түрде болуы керек) байланысты іріктейді. Академиялық ұтқырлық 

бағдарламасы  бойынша  (шетелде  немесе  Республика  ішінде)  Университеттің  қаражаты 

есебінен  оқуға  кететін  білім  алушылардың  GPA  балы  3,67-ден  төмен  болмауы  керек. 

Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  өз  қаражаты  есебінен  оқуға  кететін  білім 

алушылардың GPA балы 3,0-ден кем болмауы тиіс. 

3.10.3 Сұрақтар бойынша №414 (университеттің бас корпусы) кабинеттегі академиялық 

ұтқырлық жөніндегі үйлестірушіге бара аласыз. 

 

3.11 Халықаралық ынтымақтастық туралы 

 

3.11.1  Университеттің  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіруі  оның  алдына  халықаралық 

қызметті  дамыту  бойынша  жаңа  міндеттер  қойды.  Бұл  міндеттер  еліміздің  халықаралық 

белсенділігінің дамуымен, оның ішінде денсаулық сақтаумен байланысты. 

3.11.2  Алға  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  Университетте  халықаралық 

ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі қызмет атқарады, оның мақсаты: 

-  халықаралық  талаптарға  сәйкес  білім  беру  және  ғылыми  қызметті  дамыта  отырып 

Қазақстан Республикасында да, шетелде де Университет беделін көтеру; 

-  халықаралық  байланыс  пен  қызметтік  серіктестікті  дамыту  және  нығайту,  сондай-ақ 

Университет бәсекелестігін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілерге қатысу; 

3.11.3  «АстМУ»  АҚ-та  Қазақстан  Республикасындағы  шетел  елшіліктерімен 

серіктестікті  дамыту  бойынша  белсенді  жұмыс  атқарылып  жатыр.  Ұлыбритания 

(Шотландия), Жапония, АҚШ, Италия, Австрия, Германия, Чехия, Литва, Польша, Болгария, 

Ресей,  Түркия,  Египет,  Сингапур  және  т.б.  елдердің  университеттерімен  ынтымақтастық 

туралы меморандум жасалды. 

3.11.4 Меморандумдар негізінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады: 

-  Оқудан,  жазғы  практикалардан  және  тағылымдамалардан  өту  үшін  студенттер  мен 

оқытушылармен алмасу; 

- Университетте дәрістер оқу үшін шетелден оқытушыларды шақыру; 

- бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

49

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

-  бірлескен  ғылыми  зерттеу  жүргізу,  жоба  әзірлеу,  жүзеге  асырылып  жатқан  жобалар 



шеңберінде ғылыми әдебиеттермен алмасу; 

- халықаралық семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастыру; 

конференцияларға қатысу, тезистер мен баяндамалары және т.б. жариялау. 

3.11.5  «Қазақстан  Республикасындағы  медициналық  білім  беруді  модернизациялау 

2016-2019  жылдарына  арналған»  жобасына,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігінің  медициналық  білім  беруді  басқару 

саласына  халықаралық  стандарттарды  енгізу  бойынша  Техникалық  тапсырмасына  сәйкес, 

Астана  медицина  университеті  мен  Римнің  Ла  Сапиенца  Университетінің  Медициналық 

Мектебі 

арасында 

стратегиялық 

серіктестік 

жүзеге 

асуда, 


ол 

халықаралық 

ынтымақтастықтың ықтимал формаларының кең ауқымын қарастырады: 

–    зерттеу  салалары  мен  оқу  бағдарламалары  бойынша  сапаның  халықаралық 

стандарттарына қолжеткізу; 

 



 «АстМУ» АҚ оқу жоспарларына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша 

әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқу жоспарымен үйлестіру (неврология, 

анестезиология және реаниматология); 

 



білім алушылардың ұтқырлығын, Болон процесінің ережелері мен 

принциптерін ескере отырып қызметкерлердің халықаралық білім беру процесіне араласуын 

және ұтқырлығын қамтамасыз ету; 

 



білім беру қызметі нарығында «АстМУ» АҚ-тың бәсекелестігін арттырудың 

маңызды құралы ретінде бірлескен диплом бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру; 

 

университеттің халықаралық ғылыми қызметінің дамуы, ЖОО-ның 



халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және инновациялық бағдарламалар мен 

жобаларға қатысу ауқымын және сапасын арттыру; 

 

«АстМУ» АҚ-тың халықаралық беделін көтеру, ол үздік халықаралық 



агенттіктерде білім беру бағдарламаларының аккредитациясына және рейтінгісіне қатысу 

арқылы жүзеге асырылады. 

«АстМУ»  АҚ-тың  стратегиялық  серіктестікті  дамытудағы  басты  бағыты  – 

корпоративтік  басқару,  менеджмент  және  денсаулық  сақтау  ісінде  көшбасшы  болу  (МВА, 

МРН,  МНА  бағдарламалары),  сондай-ақ  неврология,  анестезиология,  реаниматология 

бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру. 



 

3.12 Студенттің өздік жұмысы 

 

3.12.1 Жалпы ережелер 

3.12.1.1 Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – өз бетінше оқып-үйренуге бөлінген белгілі 

бір  тақырыптар  бойынша  жұмыс.  СӨЖ  тестілеу,  бақылау  жұмысы,  коллоквиум,  реферат, 

шығарма, есеп түрінде тапсырылады. 

3.12.1.2  Оқыту  әдістері  -  әдебиетпен,  электронды  деректер  базасымен  және 

компьютерлік 

оқыту 

бағдарламаларымен 



жұмыс 

жасау, 


жағдайға 

жағдаяттық 

тапсырмаларды  шешу,  тесттік  тапсырмаларды  шешу,  рефераттарды  дайындау  және  қорғау, 

анатомиялық  залда  жұмыс  жасау,  муляждармен  жұмыс  жасау,  өз  бетінше  оқуға  берілген 

тақырыптар бойынша оқытушыдан консультация алу және т.б. әдістер.  

3.12.1.3  СӨЖ  тақырыптары  мен  оны  өткізу  формалары  пәннің  жұмыс  бағдарламасы 

бойынша СӨЖ тақырыптамалық жоспарына сәйкес құрастырылады.  

3.12.1.4  СӨЖ  тақырыптарының  сұрақтары  межелік  бақылауға,  сонымен  бірге 

қорытынды бақылау емтихан билеттеріне шығарылады.  


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

50

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.12.1.5  Студент  кафедра  межелеген  мерзімде  СӨЖ  барлық  тақырыптарын  тапсыруы 



тиіс.  СӨЖ  кафедра  белгілеген  мерзімде  өткізілуі  керек.  Ол  болмаған  жағдайда  кафедра 

Тәртіп саясатына сәйкес айыппұл шараларын қолдануы мүмкін.  

3.12.1.6  Пәнді  оқу  аяқталысымен  СӨЖ  бойынша  орташа  балл  есептелінеді.  СӨЖ 

бағалары журналға қойылады. СӨЖ-ден алынған балдар РРБ бағасына әсер етеді 



 

3.12.2 СӨЖ-дің орындалу формалары 

3.12.2.  СӨЖ-ді  орындау  формалары  –  реферат,  рефератқа рецензия беру, презентация, 

тестіні/жағдаяттық  тапсырманы  құру,  тестіге/жағдаяттық  тапсырмаға  рецензия  беру,  оқу-

клиникалық орталықта жұмыс (манипуляцияны үйрену), анатомиялық залда жұмыс (мәйітті 

препараттау), клиникадағы кезекшілік, сырқатнаманы жазу және т.б.  

3.12.2.2  Рефератты  ресімдеуге  қойылатын  талаптар:  реферат  бір  жарым  интервал 

қолдану арқылы А4 форматта, қаріп мөлшері «14», «Times New Roman», жоғары, оң, төмен 

парақтың жиектері – 2 см, сол жиек – 3 см формасында компьютерде терілуі қажет.  

3.12.2.3 Реферат мазмұнына қойылатын талаптар: 

-  сауаттылық,  нақтылық,  айқындық  және  материалды  баяндағанда  логикалық 

жүйелілік сақталуы керек; 

- айғақтың нанымдылығы; 

- екіұшты түсінік болмауы үшін тұжырымды нақты және қысқа етіп беру қажет

3.12.2.4 Реферат мазмұнының шамамен алғандағы сұлбасы:  

Жұмыс  тақырыбы,  мақсаты  және  міндеті,  мәселенің  қазіргі  заманғы  жағдайы, 

аталмыш  мәселені  зерттеу  және  рефераттың  сол  тақырыбы  бойынша  зерттелген  нақты 

мәселелерді тізбектеу қажеттілігі. Қорытындылар мен ұсыныстар. Реферат көлемі 5-8 бет. 

3.12.2.5  Мазмұнында  –  кіріспе,  жұмыстың  барлық  бөлімдерінің  аты,  нөмірлері, 

қорытындылар,  ұсыныстар,  қолданылған  әдебиет  тізімі  көрсетіледі,  әр  бөлім  және 

тақырыпшаның қай беттен басталатыны белгіленеді.   

3.12.2.6  Кіріспе  1-2  беттік  көлемде  жазылады,  онда  тақырыптың  қысқаша  негіздемесі, 

рефераттың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі баяндалады. 

3.12.2.7  Әдебиеттерді  шолуда  (3-5  беттер)  реферат  тақырыбы  бойынша  жарияланған 

әдебиеттерге  жүйелендірген  анализ  беріледі.  Студент  әртүрлі  авторлар  баяндаған 

мәселелерге  сыни  баға  береді,  реферат  тақырыбы  бойынша  мәселені  зерттеу  қажеттілігі 

туралы  қорытынды  жасайды.  Тексте  қандай  да  бір  әдебиет  көздеріне  сілтеме  жасау 

қолданылған әдебиеттер тізімінің реттік номеріне сәйкес цифрмен жақшаның ішіне алынады.  

3.12.2.8  Қорытынды  2-5  тармақтан  тұрады  және  олар  реферат  тақырыбы  мәніне  сай 

келіп, жеткілікті түрде нақты болуы тиіс.  

3.12.2.9  Әдебиеттер  тізім  алфавиттік  ретпен  (авторлардың  тегі  бойынша)  құрылады 

және 5-15 атауды енгізуі тиіс. 

3.12.2. 10 Рефератты бағалау критерийлері:  

-

 

жүргізілген зерттеу мақсаты мен міндеттерінің негізделуі; 



-

 

жүйелі түрде, сауатты, анық баяндай білуі; 



-

 

қолданылған әдебиет көлемі; 



-

 

жұмысты ресімдеу сапасы; 



рефератты  қорғау  қысқа,  нақты,  анық,  логикалы  баяндауы,  проблеманы  және  кәсіптік 

тілді меңгеру деңгейі); 

-

 

қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға жауаптың толықтығы; 



-

 

жұмыстың ерекшелігіне қарай өзге де параметрлер.  



3.12.2.11  Ұсынылған  реферат  рецензияға  жіберіледі.  Студенттер  рецензент  ретінде 

болады (бұдан әрі – рецензент). Рецензент рефератқа жазбаша түрде рецензия жазады.  



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

51

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.12.2.12Реферат рецензиясын жазуға қойылатын талаптар: 



  3.12.2.13 Рефератқа берілген рецензияда мыналар көрсетілуі тиіс:  

   -  тақырыптың  өзектілігі,  ұсынылған  тақырып  жаңалығы  мен  іс  жүзіндегі 

маңыздылығы,  

 

- қорытынды мен ұсыныстардың болуы



- мәселені шешу мен жұмысты аяқтау дәрежесі, жұмысты дұрыс құрастыру;  

- автордың ғылыми әдебиетті білуі;  

- тақырыпты терең зерттеуі және аргументті дәлелдей алуы;  

-  қорытындының сәйкестігі және оның маңыздылығы; 

-    жұмыстың құрастырылу қисындылығы, сауатты баяндау  мен ресімделудің талапқа 

сай келуі; 

-  ескертулер  мен  ұсыныстарды  атап  көрсету,    қорытынды  сөзде  рецензент  жұмысқа 

баға беріп, реферат талаптарына сәйкестігі туралы өзінің пікірін айтады. 

3.12.2.14 СӨЖ орындау формасы – презентация. 

3.12.2.15 Презентация мазмұны оқу тақырыбындағы немесе жобаның оқу бөліміндегі 

студенттің өзіндік жұмыс мақсатын қамту қажет.  

3.12.2.16  Студенттің  презентациясы  мазмұнын  талдайтын  бағалау  өлшемдеріне 

мыналар қосылуы мүмкін: 

- қасиеттердің, құбылыстардың және т.б. толық сипаттау;  

- ұсынылған проблеманы талдау;   

- және тағы басқалары. 

3.12.2.17  Білім  алушының  презентациясы  текстінің  дұрыстығын  талдайтын  бағалау 

өлшеміне:  

- орфографиялық және пунктуациялық қателердің болмауы; 

- ғылыми терминологияны қолдану;  

- ақпарат нақты, толық, тиімді және өзекті болуы тиіс. 

3.12.2.18 Студент презентациясының дизайнын талдап, бағалау критерийлері: 



-  жалпы  дизайн  –  презентацияны  ресімдеудің  ойға  қонымдылығы,  эстетика 

талаптарына жауап беруі, презентация мазмұнына дизайнның қарсы сипатта болмауы; 



-  диаграммалар  мен  суреттер  –  презентация  бейнесінің  тартымдылығы, 

қызықтылығы және мазмұнға сәйкес келуі, текстің үстіне шықпауы (егер ол арнайы эффект 

болмаса);  

-  текст,  бояу,  фон    текст  оңай  оқылып,  фонның  графикалық  элементтермен 

үйлесімдігі;  



- тізімдер мен кестелер  кестелер мен тізімдер дұрыс құрастырылуы мен орналасуы; 

- барлық сілтемелер қосылады. 

3.12.2.19 Презентацияға қойылатын талаптар: 

3.12.2.20 Слайдтарды ресімдеу 

Стиль: - ресімдеудің бірегей стилін сақтаңыздар;  

- презентациядан алшақ стилді қолданудан бас тартыңыздар; 

            -  көмекші  мәлімет  (басқару  тетіктері)  негізгі  мәліметтерден  (текст,  сурет)  басым 

болмауы тиіс. 

Фон:    - фонға көк немесе жасыл түстерді таңдаңыз; 

Бояуды қолдану: 

-  бір  слайдта  3  көп  емес  бояуды    қолдану  ұсынылады:  біреуі  фонға,  екіншісі 

тақырыптар атауына, үшіншісі текстке.  

- фон мен тексте қарама – қарсы түстер қолданыңыз.  

            - гиперсілтеме түсіне ерекше назар аударыңыз (қолдану алдында және соңында)  


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

52

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Анимациоялық эффектлер:  



 

 

- слайд мәліметін таныстыру үшін компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз. 



           -  слайдтағы  мәлімет  мазмұнынан  көңіл  аудармау  үшін  әртүрлі  анимациялық 

эффекттерді теріс пайдаланбаңыз. 

 

3.12.2.21 Мәліметті ұсыну 



Мәлімет мазмұны: 

- қысқаша сөздер мен сөйлемдер қолданыңыз; 

- демеуліктер, үстеулер, сын есімдер санын азайтыңыз; 

 

- тақырып атаулары аудитория көңілін қызықтыруы қажет;  



Парақ бетінде мәліметтің орналасуы:    

- мәліметтердің көлденең орналасуы тәуір.  

- аса маңызды мәлімет ортада орналасуы қажет. 

 

- егер де слайдта сурет болса, онда оның астында жазу жазылуы тиіс. 



Шрифттер:  

- тақырыптар атауы – 24 кем емес.  

- мәліметтер үшін – 18 кем емес..  

- кертпесіз шрифт алыстан оңай оқылады. 

- бір презентацияда әртүрлі шрифтті араластыруға болмайды. 

-  мәліметті  ерекшелеу  үшін  қалың  шрифт,  курсив  немесе  астын  сызуды  қолдануға 

болады. 

 

- бас әріптерді теріс пайдалануға болмайды (кіші жолмен салыстырғанда олар нашар 



оқылады) 

Мәліметті іріктеу тәсілі  

-  қолдануға  тиісті  сұлбалар:  рамка,  шекара,  бояуды  құю;  әртүрлі  түстегі    шрифттер, 

жіңішке сызықтар, көрсетіштер; суреттер, диаграммалар, аса маңызды фактілерді  безендіру 

үшін;  

Мәлімет көлемі: 



 

 

- бір слайдты көп мәліметпен толтыруға қажет емес, себебі адамдар бір мезетте үштен 



көп емес фактіні жаттай алады: фактілерді, қорытындыларды, анықтамаларды

 

-  негізгі  тармақтар  бір  бірден  бөлек  әрбір  жеке  слайдта  орын  алса  аса  тиімділікке 



жетесін.  

Слайдтар  түрі:  -  әртүрлілікті  қамтамасыз  ету  үшін  слайдтардың  әр  түрлісін  қолдану  тиіс: 

текстпен, кестемен, диаграмалармен. 

3.12.2.22 Тестке қойылатын талаптар. 

- тепе – теңдік (валидация) – тақырыпқа сұрақтың сәйкестігі. 

-  тест  мәнін  түсіну  –  сұрақ  пен  жауаптың  анық  тұжырымдамасы,  жалпыға  танылған 

терминдер мен атауларды қолдану. 

-  қарапайымдылық  –  бір  тесттік  тапсырмада  бір  қиындық  деңгейіндегі  бір 

тапсырманы құрау керек.  

3.12.2.23 Жалғыз жауабы бар тесттік тапсырмалар түрі: 

-  тесттің  негізі  сұрақтан  құралады,  шын  жауапқа  ұқсас,  шынайы,  тепе-тең  түрде 

таңдауға 5 жауап беріледі 

-  егер  сұрақ  салыстырмалы  мағына  берсе,  жауап  «әдеттегідей»,  «негізінде»,  «ең 

алдымен» және т.с. белгіленеді. 

3.12.2.24 Тесттерде дұрыс жауапқа тұспалдар мен көмектер болмауы тиіс.  

3.12.2.25 Аса көп кездесетін қателіктер: 

- дұрыс жауап дистрактор ұзын болып келеді; 

- сұрақ пен жауапта жалпы элементтер бар болады; 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

53

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

-  «біреуі  де  емес»,  «ешқашан»,  «әрқашан»  сөздері  дұрыс  жауап  ретінде  таңдамауға 



көмекші болып тұрады

-  жауаптар  нұсқасын  құрастыруда  дистрактор  немесе  дұрыс  жауаптар  ретінде 

«жоғарыда көрсетілгендердің бәрі»,  «дұрыс емес»,  «жоғарыда аталғандардың бірде  – біреуі 

емес» сөздерін қолдануға болмайды. 

3.12.2.26 Тестті құрастыру 2 кезеңнен тұрады: 

- сұрақты құрастыру 

 

- дұрыс жауапты тұжырымдау 



3.12.2.27 СӨЖ бағасын қоюға қойылатын талаптар: 

3.12.2.28  Білім  алушының  СӨЖ  бойынша  білімі  тікелей  пропорционалдық 

арасалмаққатағы балдық  – рейтингтік әріптік жүйе бағасы бойынша  анықталады (қосымша 

Б). 


СӨЖ  бойынша  жалпы  максималдық  балл  көлемі  пән  жұмыс  бағдарламасына 

сәйкесінше, өзіндік жұмысқа қарастырылған жалпы сағат көлеміне сәйкес келеді.  

«Өте жақсы»  бағасы жалпы балл  көлемінің 90  – 100%,  «жақсы»  бағасы  – 75 – 89%, 

«қанағаттанарлық» – 50 – 74% және «қанағаттанарлықсыз» – 0 – 49% тең.  

Егер де білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай 

да бір қателер мен дәлсіздікті жібермесе, СӨЖ тапсырмаларын  уақытылы, дұрыс орындаса 

және есебін тапсырса, сонымен бірге өзіндік ойлау қабілетін танытса, материалды өздігінше 

жүйелендірсе «өте жақсы» бағасы қойылады.  

Егер де білім  алушы 75% төмен емес материалды меңгерген және  сұрақтарға жауап 

беру  барысында  өрескел  қателіктер  жібермесе,  бақылау  мен  зертханалық  жұмыстарды 

уақытылы  орындаған  және  оны  түбегейлі  ескертулерсіз  тапсырған,  коллоквиум  мен  үй 

тапсырмаларын  дұрыс,  уақытылы  және  түбегейлі  ескертулерсіз  орындаған,  оқытушының 

нұсқауымен  қосымша  әдебиеттерді  қолданған  болса,  ғылыми  –  зерттеу  жұмысымен 

айналысқан, түбегейлі қателіктерді студенттер өздері дұрыстай білетін болса, оқытушының 

көмегімен бағдарламалық материалды жүйелендіре білсе «жақсы» бағасы қойылады 

Егер де білім алушы 50% төмен емес материалды меңгерген болса, СӨЖ орындауда 

оқытушының  көмегіне  мұқтаж  болып,  СӨЖ  тапсырмаларын  уақытынан  кешіктіріп 

орындаса,  СӨЖ  тапсыру  барысында  түбегейлі  қателіктер

 

жіберсе,  материалды 



жүйелендіруде қиындықтарға тап болса «қанағаттанарлық» бағасы қойылады. 

Егер  де  студент  СӨЖ  тапсырмаларын  орындамаса,  СӨЖ  қарастырылған  аталмыш 

тақырып  бойынша  негізгі  әдебиет  материалдарын  өтемесе  «қанағаттанарлықсыз»  баға 

қойылады. 



Каталог: student -> zhol korsetkish
student -> Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан
student -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В074600 Ғарыштық техника және технология
student -> Ақпараттық технология факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы
student -> Басылым Ақпараттық-танымдық 2015 жыл №2 (75) ақпан
student -> Оқытушылары Муратбекова Б. А. және Байгаскина Ж. К
student -> IYate 7202 –«Жылутехнологиясындағы шет тілі» мамандығы бойынша докторанттардың 6D071700 мамандығына арналған
student -> Syllabus қазақ тілі-1 пәні бойынша 5В071700 – Жылуэнергетика
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш
zhol korsetkish -> Анықтамалық-жол көрсеткіш

жүктеу 0.86 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет