Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0.86 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата11.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

41

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

қатысып,  ағымдық  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады  және  қорытынды  бақылауға 



қатысуға рұқсат алады.   

 

3.7.1.8  Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндердің  айырмашылықтары  белгіленген  мерзімде 



тапсырылмаса бұдан әрі академиялық қарыз болып саналады.  

 

3.7.2 Білім алушыларды ауыстыру немесе оқуға қайта қабылдау 

3.7.2.1 Бакалавриат үшін оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес 

пәнінен артық болмаса студент көшіріледі және оқуын қайта жалғастыра алады.  

3.7.2.2 Үлгерімнің орташа балын алу (GPA) (жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) 

бекітілген  көшіру  балынан  кем  емес)  білім  алушыны  бір  курстан  екінші  курсқа  ауыстыру 

үшін міндетті шарт. 

3.7.2.3  Білім  алушыны  көшіру  немесе  оқуын  қайта  жалғастырудың  міндетті  шарты  – 

жеке  оқу  жоспарына  сәйкес  бірінші  академиялық  кезеңді  толықтай  аяқтау,  топтарда  бос 

орынның болуы (тиімділік) және осы курсқа сәйкес келетін көшіру балы (GPA) болу керек. 

3.7.2.4  Білім  алушы  оқудан  шыққан  мерзіміне  қарамастан  кез  келген  оқу  түріне, 

мамандыққа және кез келген ЖОО-ға  көше алады немесе оқуын қайта жалғастыра алады. 

 

Студенттерді курстан курсқа ауыстырудың критерийлері 

«Стоматология» мамандығы бойынша 1-5 аралықтағы курс студенттерінің 

көшіру балы: 

 

Курс 



Көшіру балы 

1-курстан 2-ге 

2,20 

2-курстан 3-ке 



2,33 

3-курстан 4-ке 

2,67 

4-курстан 5-ке 



2,80 

Интернатура  

2,80 

 

3.7.2.5  Білім  алушыларды  ауыстыру  және  оқуға  қайта  қабылдау  кезінде 



пререквизиттерге  байланысты  оқу  курсы  анықталады.  Меңгерілген  кредиттерді  қайта 

тапсыру  тиісті  білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  маңызды  білім  беру 

траекторияларына сәйкес жүзеге асады. 

3.7.2.6  Пәндер  бойынша  айырмашылықтарды  анықтаған  кезде  қорытынды  бақылау 

формаларындағы айырмашылық ескерілмейді. 

3.7.2.7  Сынақ  білім  алушының  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  әріптік  жүйесінде 

минималдық  D  (1,0;  50-54%)  диапазонынан  максималдық  А  (4,0;  95-100%)  диапазонына 

дейін теңеледі. 

3.7.2.8  Білім  алушыларды  бір  курстан  екінші  курсқа  ауыстыру  жазғы  емтихан 

сессиясының (аралық аттестация) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, жазғы семестр 

нәтижесі мен жиналған көшіру балы есепке алынады. 

3.7.2.9  Білім  алушыларды  бір  курстан  екінші  курсқа  ауыстыру  ЖОО  басшысының 

бұйрығы негізінде ресімделеді. 

3.7.2.10  Белгіленген  көшіру  балын  алған  және  келесі  курсқа  көшірілген  білім 

грантымен оқып жатқан студентте академиялық қарызы болса ақылы түрде қарызын жояды, 

бұл жағдайда гранты сақталады. 

3.7.2.11  Қайта  оқу  курсына  қалдырылған  білім  грантының  иегері  грантынан 

айырылады және бұдан әрі ақылы түрде оқиды. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

42

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.7.2.12  Білім  грантымен  оқып  жатқан  студент  басқа  ЖОО-ға  ауыса  алады,  бұл 



жағдайда оның гранты сақталады. 

3.7.2.13 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке ЖОО-лар үшін бекітілген, 

бөлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға бөлінген мақсатты грантпен оқып 

жатқан студент басқа  ЖОО-ға ауысса білім гранты сақталмайды. 

3.7.2.14 Білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысу процедурасы төмендегі 

тәртіп бойынша жүзеге асады:   

1)  Басқа  ЖОО-ға  ауысқысы  келетін  білім  алушы  өзі  білім  алып  жатқан  ЖОО  ректорының 

атына ауысу туралы өтініш жазып, жазбаша түрде жазылған және мөр басылған басқа ЖОО-

ға ауысу келісімін алып, өзіне керекті ЖОО ректорына барады; 

2)  Қабылдаушы  ЖОО  ректорының  атына  ауысу  туралы  жазған  өтінішіне  қосымша  ретінде 

көшірмесі беріледі:   

– оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен куәландырылған 

және  мөр  басылған  факультет  деканының  (институт  директорының)  қолы  қойылған  оқу 

карточкасы немесе офис-тіркеушінің қолы қойылған транскрипт; 

–    ұлттық  бірыңғай  тестілеуді    (ҰБТ)  немесе  кешенді  тестілеуді  тапсырғаны  жөніндегі 

сертификат;  

– білім беру грантының иегері куәлігі (егер білім беру грантының иегері болса);  

– білім алушының білім алған ЖОО ректорының атына жазған өтініші; 

3)  факультет  деканы  (институт  директоры)  өткізілген  құжаттар  негізінде  оқу-жұмыс  жоспарында 

міндетті компонент ретінде берілген пәндер мен курс бойынша айырмашылықтарды анықтайды, білім 

беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта тапсыруды жүзеге асырады  және тіркеу 

бөлімімен келісіп жеке оқу жоспарын бекітеді; 

4)  факультет  деканының  (институт  директорының),  оқу  бөлімі  (оқу-әдістемелік  бөлім  немесе 

басқарма)  бастығының,  ЖОО  жетекшісінің  білім  беру  қызметі  жөніндегі  орынбасарының 

визаларына  сәйкес  ЖОО  жетекшісі  бір  ЖОО-дан  екінші  ЖОО-ға  ауыстыру  туралы  бұйрық 

шығарады.  

3.7.2.15 Білім алушы ауысатын ЖОО басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш күн 

ішінде студент оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сауал жолдайды. 

3.7.2.16  Студент  оқыған  ЖОО  басшысы  бұл  сауалды  алғаннан  кейін  білім  алушыны 

оқудан шығару туралы бұйрық шығарады («(ЖОО аты) ауысуына байланысты шығарылды» 

деп  жазылған)  және  бұйрық  шыққан  күннен  бастап  үш  күн  ішінде  қабылдайтын  ЖОО-ға 

студенттің жеке ісін жібереді. 

3.7.2.17  Студент  оқыған  ЖОО-да  транскрипт  көшірмесі,  сынақ  кітапшасы,  студент 

билеті және жіберілген құжаттар тізімі қалады. 

3.7.2.18  Студент  білім  гранты  негізінде  бір  ЖОО-дан  екінші    ЖОО-ға  ауысса,  білім 

алушыны қабылдайтын ЖОО басшысы білім беру саласының өкілетті органына және тиісті 

бюджеттік  бағдарламаның  әкімшісіне  білім  алушыны  қабылдау  туралы  бұйрықтың 

көшірмесін жібереді. Онымен қоса оның атына жазылған білім гранты куәлігінің көшірмесін 

жолдайды. Бұл ЖОО-ларды қаржыландыру көлемін түзету үшін қажет. 

3.7.2.19  Білім  алушыны  бір  мамандықтан  екінші  мамандыққа  немесе  білім  алу 

формасының бір түрінен екінші түріне ауыстыру тек ақылы түрде ғана жүзеге асады. 

3.7.2.20 Ақылы оқитын студентті бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауыстырған кезде білім 

алушы мен қабылдайтын ЖОО шарт жасасады. 

3.7.2.21  Білім  алушыны  бір  мамандықтан  екінші  мамандыққа,  оқытудың  бір  түрінен 

екінші түріне ауыстыру тек ақылы түрде ғана мүмкін. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

43

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.7.2.22 Білім алушыны бір ЖОО ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу 



түрінен екінші түрге ақылы түрде ауыстыру кезінде шартқа сәйкес өзгерістер енгізіледі және 

ЖОО бұйрығымен ресімделеді. 

3.7.2.23  Оқу  жоспарындағы  пәндер  бойынша  академиялық  айырмашылықтарды  жою 

тәртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директоры) бұйрығымен бекітіледі және 

білім алушының ағымдағы жылдың жеке оқу жоспарына енгізіледі. 

3.7.2.24 Егер ақылы негізде білім алушылар семестр кезінде алып жатқан біліміне ақы 

төлемегені үшін оқудан шығарылса, онда ол оқу ақысын төлеп, оқудан шығарылғаннан кейін 

төрт апта ішінде оқуын қайтадан жалғастыра алады.    

3.7.2.25 Білім алушылар қатарына қайта қосылу және оқу-жұмыс жоспарында міндетті 

компонент ретінде берілген пәндер бойынша айырмашылықтарды тапсыру тек ақылы түрде 

ғана жүзеге асады.  

3.7.2.26 Оқуға қайта қабылдау процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:  

1) білім алушы оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті ректордың атына жазып, өзінің оқуды 

жалғастырғысы келетінін білдіреді. Білім алушының оқуға қайта қабылдау туралы өтінішіне 

анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі

2) факультет деканы (институт директоры) берілген анықтама негізінде оқу-жұмыс жоспарында 

міндетті компонент ретінде берілген пәндер мен курс бойынша айырмашылықтарды анықтайды; 

3)  факультет  деканының  (институт  директорының),  оқу  бөлімі  (оқу-әдістемелік  бөлім  немесе 

басқарма)  бастығының,  ЖОО  жетекшісінің  Білім  беру  қызметі  жөніндегі  орынбасарының  

визаларына сәйкес ЖОО жетекшісі білім алушының оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады. 

3.7.2.27  Білім  алушының  өзі  білім  алған  ЖОО-дан  басқа  ЖОО-ға  оқуға  қабылдау 

процедурасы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады: білім алушы бұрын оқыған ЖОО 

жетекшісі  анықтаманың,  оқу  карточкасының,  сынақ  кітапшысының,  студенттік  билеттің 

көшірмесін және жіберген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырып, қабылдаушы ЖОО-

ның жіберген жазбаша сұранысы негізінде білім алушының жеке іс парағын жібереді.   

3.7.2.28 Білім грантымен оқып жатқан студентте оқу барысында пайда болған сырқаты 

салдарынан  осы  мамандық  бойынша  оқи  алмайды  деген  дәрігерлік-консультациялық 

комиссия  шешімі  болса,  ол  оқу  гранты  бойынша  бос  орын  бар  басқа  мамандыққа 

ауыстырылады. 

 

3.8 Студенттерді ынталандыру (гранттар, стипендиялар) 

3.8.1. Білім беру грантын беру тәртібі 

3.8.1.2 Білім грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган 

құратын Комиссия өткізеді. 

3.8.1.3  Комиссия  құрамы  білім  беру  саласының  уәкілетті  органының  қызметкерлері, 

басқа  да  мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен  ведомстволардың  қызметкерлері,  ЖОО 

басшылары кіреді. 

3.8.1.4  Білім  гранттары    нақты  мамандықтар,  тіл  бөлімдері  мен  оқу  түрі  бойынша 

өткізілетін  конкурс  негізінде  тағайындалады.  Ол  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  мен  кешенді 

тестілеу  бойынша  сертификаттағы  балдар  бойынша  талапкер  таңдаған  мамандықтардың 

кезегіне сәйкес жүргізіледі. Грант иегеріне білім грантын беру туралы куәлік табысталады. 

Білім грантының конкурсында қазақ тілі немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, 

математика және таңдау пәнінің балдары есепке алынады. 

Азамат  конкурсқа  қатысу  туралы  өтінішінде  таңдаған  мамандығы  мен  ЖОО-ны 

жазады. 


Таңдау пәні сәйкес келсе азамат төрт мамандықты көрсете алады. 

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

44

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Білім  беру  грантын  беру  конкурсына  қатысу  туралы  өтініш  23-31  шілде  аралығында 



қабылданады. 

3.8.1.5  Шет  тілінде  тапсырылатын  құжаттардың  қазақ  тіліндегі  немесе  орыс  тіліндегі 

нотариус куәландырған аудармасы болу керек. 

Шетелдің  білім  беру  мекемелері  берген  білім  туралы  құжаттар  заңнамада  көрсетілген 

тәртіппен нострификациялануы тиіс. 

3.8.1.6  Бірінші  және  екінші  топтағы  мүгедектер,  мүгедек  балалар  және  туғанынан 

мүгедек  азаматтар  жоғары  оқу  орынның  қабылдау  комиссиясына  аталған  мамандық 

бойынша  оқуға  қарсы  көрсетілімдер  жоқ  деп  расталған  медициналық-әлеуметтің 

сараптаманың (МӘС) қорытындысын қоса береді. 

3.8.1.7 Конкурсқа қатысу үшін балл саны 50-ден кем болмауы тиіс, ұлттық жоғары оқу 

орынға тапсыру үшін 70 балдан, ал  «Жалпы медицина» мамандығына түсу үшін 65 балдан 

кем болмауы тиіс, оның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал басқа пәндер бойынша 4 балдан 

аз болмау керек. 

3.8.1.9  білім  грантын  беру  бойынша  конкурс  өткізген  кезде  келесі  тұлғалар  айрықша 

құқыққа ие: 

1) «Алтын белгімен» марапатталған тұлғалар; 

2)  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарының  білім  туралы  құжаттары  бар, 

біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;  

3)  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  ғылыми  жобалардың  халықаралық 

олимпиадасы  мен  конкурсының  (ғылыми  сайыстар)  жеңімпаздары  (бірінші,  екінші  және 

үшінші  дәрежедегі  дипломдармен  марапатталған),  орындаушылардың  республикалық  және 

халықаралық конкурстарының және спорт сайыстарының (соңғы үш жылдағы) жүлдегерлері 

(бірінші,  екінші  және  үшінші  дәрежедегі  дипломдармен  марапатталған),  олардың  тізбесі 

білім беру саласының уәкілетті органы анықтайды. Сондай-ақ Президенттік, республикалық 

олимпиада  және  ағымдағы  жылда  өткен  жалпы  білімдік  пәндер  бойынша  ғылыми 

жобалардың халықаралық олимпиадасы мен конкурсының (ғылыми сайыстар) жеңімпаздары 

(бірінші,  екінші  және  үшінші  дәрежедегі  дипломдармен  марапатталған),  бұл  таңдаған 

мамандығы мен олимпиада пәні сәйкес болған жағдайда іске асады. 

3.8.1.10 Ауыл жастарына белгіленген квота бойынша конкурс келесі жолмен өткізіледі: 

осы  мамандық  пен  оқу  тілі  бойынша  жалпы  грант  санының  70  пайызы  жалпы  конкурс 

аясында тағайындалады, ал қалған 30 пайызы ауыл жастарының арасында ғана өткізіледі. 

3.8.1.11  Комиссия  шешімінің  негізінде  білім  беру  саласының  өкілетті  органы  бұйрық 

шығарады және білім грантын тағайындау туралы куәлік әзірленеді. 

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Білім беру грантының иегері оқуға қабылданбас бұрын гранттан бас тартса, білім беру 

грантын  беру  туралы  куәліктің  күші  жойылады,  ал  білім  беру  гранты  осы  Ережеде 

көрсетілген тәртіппен беріледі. 

3.8.1.12 Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың 

конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді. 

 

3.8.2. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі 

3.8.2.1  Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім гранттарын беру сол мамандық 

аясында  ақылы  түрде  оқып  жатқан  студенттер  арасында  конкурс  өткізу  арқылы  беріледі. 

Конкурс  аралық  аттестаттау  нәтижесі  бойынша  жүргізіледі  де,  білім  грантын  тағайындау 

туралы куәлік табысталады. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

45

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Конкурс  өткізу  кезінде  үлгерімнің  орташа  балы  бірдей  болып  қалған  жағдайда,  грант 



барлық  оқу  кезеңінде  тек  қана  А,  А-  («өте  жақсы»),  содан  соң  А,  А-  («өте  жақсы»)  деген 

бағадан В+, В, В- («жақсы») балға дейін алған студентке беріледі. 

3.8.2.2  Жоғары  білім  алу  барысында  босаған  бос  білім  беру  гранттарын  беру  жазғы 

және қысқы демалыс кезінде, орын босаған мамандықтарға келесі  тәртіп бойынша конкурс 

өткізу арқылы жүзеге асады: 

1) ақылы түрде оқып жатқан білім алушы бұдан әрі білім грантымен оқу жөнінде ЖОО 

басшысының атына өтініш жазады; 

2) конкурс шеңберінде өтінішті қараған ЖОО ғылыми кеңес шешімімен қоса ағымдағы 

жылдың  5  тамызына  дейін  немесе  15  қаңтарына  дейін  шешім  қабылдану  үшін  білім  беру 

саласының  уәкілетті  органына  жібереді.  Ғылыми  кеңес  шешімімен  бірге  білім  алушының 

өтінішімен  қоса  оның  сынақ  кітапшасы  немесе  транскрипт,  жеке  куәлік  көшірмесі,  оқудан 

шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) беріледі; 

3)  білім  беру  саласының  уәкілетті  органы  келген  құжаттарды  мамандықтар,  оқудың 

мерзімі  мен  түрлері  аясында,  студенттің  оқуға  түскен  жылын  ескере  отырып  қарастырады, 

оң шешім қабылдаған жағдайда білім грантын беру туралы бұйрық шығарады; 

4)  білім  беру  саласының  уәкілетті  органы  бұйрығының  негізінде  білім  беру  грантын 

беру туралы куәлік әзірленеді

5) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖОО басшысы бұдан әрі білім беру 

гранты бойынша оқу туралы бұйрық шығарады. 

 

3.8.3 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды 



тағайындау ережесі  

3.8.3.1 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау 

ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1993  жылғы  5 

наурыздағы  №1134  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  стипендияларын  белгілеу 

туралы»  Қаулысына  (2010  жылғы  02  тамызда  өзгерістер  және  толықтырулар  енгізілген) 

сәйкес әзірленді және ол жоғары оқу орын (ведомстволық бағыныстылығы мен жекеменшік 

формасына  қарамастан)  студенттеріне  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілеген 

стипендияларды (бұдан әрі – стипендия) тағайындау тәртібін белгілейді. 

3.8.3.2 Стипендия: 

1)  студенттер  мен  магистранттардың  ғылыми-зерттеу  және  оқу-танымдық  қызметін 

ынталандыруға; 

2) талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға

3) зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. 

3.8.3.3  ЖОО-лар  арасында  стипендияларды  бөлу  күндізгі  оқу  формасы  бойынша  оқып 

жатқан білім алушылар контингентіне байланысты жүргізіледі.  

3.8.3.4 Күндізгі оқу формасы бойынша білім алушылардың саны 700-ден кем студенті 

бар жоғары оқу орындарына стипендия бөлу жүзеге асырылмайды. 

3.8.3.5 Стипендия тек «өте жақсы» (А, А-) бағамен мемлекеттік білім беру тапсырысы 

бойынша  және  ақылы  түрде  оқитын  күндізгі  оқу  формасының  3-курс  студенттеріне  және 

екінші оқу жылындағы магистранттарға беріледі. 

3.8.3.6 Стипендия білім алушылардың келесі категорияларына тағайындалады: 

1)  республикалық  және  халықаралық  олимпиада,  шығармашылық  конкурстар,  спорт 

сайыстары, фестивальдердің жеңімпаздары немесе өнертабыс және жаңалық авторы; 

2)  ғылыми  еңбектер  жинағында,  республикалық  және  халықаралық  ғылыми 

журналдарда баяндама жариялаған білім алушылар; 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

46

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3)  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  белсенді  айналысатын  және  оның  жетістіктері 



дипломмен,  мақтау  қағазымен,  сертификаттармен,  куәліктермен  дәлелденген  білім 

алушылар; 

4)  білім  беру  мекемесінің  қоғамдық,  мәдени  және  спорт  өміріне  белсенді 

араласатындар. 

3.8.3.7  Стипендия  ғылыми  кеңес  шешімінің  негізінде  ЖОО  ректорының  бұйрығымен 

тағайындалады. 

3.8.3.8 Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.  

3.8.3.9 Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңес шешімімен бір адамға бірнеше 

рет берілуі мүмкін. 

3.8.3.10  Келесі  академиялық  кезеңге  стипендия  тағайындау  туралы  жоғары  оқу 

орнының  ғылыми  кеңес  шешімі  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  екі  апта  бұрын 

қабылданады 

және 

студенттер 



мен 

магистранттар 

тізімімен 

қоса 


Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. 

3.8.3.11  Стипендия  тағайындаған  кезде  үміткерлер  осы  Ереженің  3.8.3.5,  3.8.3.6 

тармақтарында  көрсетілген  критерийлерге  сәйкес  таңдалады.  Әртүрлі  жағдайда  келесі 

тұлғаларға  басым  назар  аударылады:  жетім  балалар  және    ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған балалар; бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар. 

3.8.3.12  Стипендия  ағымдағы  қаржылық  жылдың  рспубликалық  бюджетте 

қарастырылған қаражат мөлшерінің шегінде ай сайын төленеді. 



3.8.4 «В.Г.Корпачев атындағы стипендия туралы» университет ережесі 

 

3.8.4.1. Жалпы ережелер  

3.8.4.1.1  Осы  ереже  «АстМУ»  АҚ-тың  3-курс  студенттеріне  Корпачев  Валентин 

Гаврилович  атындағы  атаулы  стипендияны  (бұдан  әрі  –  Атаулы  стипендия)  тағайындаудың 

мақсаты мен тәртібін белгілейді. 

3.8.4.1.2  Атаулы  стипендия  «Астана  медицина  университеті»  АҚ  студенттерінің 

фундаменталдық  медициналық-биологиялық  сала  бойынша  оқу  және  ғылыми-зерттеу 

қызметтерін марапаттау мақсатында белгіленді; 

3.8.4.1.3  Атаулы  стипендия  конкурс  негізінде  тағайындалады  және  бір  оқу  жылына 

беріледі; 

3.8.4.1.4  Атаулы  стипендия  1-ші  және  2-ші  курста  үлгерімінің  орташа  балы  4,75-тен 

кем емес 3-курс студенттеріне тағайындалады; 

     


3.8.4.1.5. В.Г.Корпачев атындағы стипендия алуда  ғылыми-практикалық конференция 

қатысушылары  мен  жүлдегерлеріне  немесе  пәндік  олимпиада  жеңімпаздарына  басым  назар 

аударылады; 

3.8.4.1.6  Атаулы  стипендия  тағайындау  кезінде  студенттің  материалдық  және 

отбасылық жағдайы ескеріледі. Жетім студенттер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан 

шыққан студенттерге басым назар аударылады. 



 

3.8.4.2 Атаулы стипендияның көлемі, мөлшері және төленетін көзі 

3.8.4.2.1 Жыл сайын 3 (үш) Атаулы стипендия белгіленеді.  

3.8.4.2.2 Атаулы стипендия мөлшері Университеттің Ғылыми кеңесінде келісіледі және 

Университет басқармасының шешімімен қабылданады. 

3.8.4.2.3 Атаулы стипендия мөлшері 20000 (жиырма мың) теңге. 

3.8.4.2.4 Атаулы стипендия мөлшерін Ғылыми кеңес пен Университет басқармасы жыл 

сайын  қарастыруы  мүмкін,  оны    Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет