Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0.86 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата11.03.2017
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

35

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.6.2.21 ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп 



аталынады.    Емтихандар  аралық  аттестаттау  кезеңінде  білім  беретін  ұйымның  басшысы 

бекіткен сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.  

3.6.2.22  Пән  бойынша  қорытынды  бақылау  (аралық  аттестаттау)  мамандықтың  оқу 

жоспары  мен  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  емтихан  немесе  дифференциалдық  сынақ 

түрінде өткізіледі. 

3.6.2.23  Қорытынды  аттестаттау  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартымен  бекітілген  түрде  өткізіледі,  олардың  ұзақтығы  мен  мерзімі  академиялық 

күнтізбе мен мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған. Емтихандар білім алушылардың 

барлық  кәсіптік  оқу  бағдарламалары  бойынша  алған  білім  жетістіктерін  тексеру  формасы 

ретінде  өткізіліп,  академиялық  кезеңдегі  алған  теориялық  білімін  және  оның    сапасының 

тұрақтылығын,  шығармашылық  тұрғыдан  ойлау  қабілетінің  дамуын,  студенттердің  өз 

бетімен  жұмыс  жасауға  машықтануын,  алған  біліміне  синтез  жасай  алатындығын  және  ол 

білімді практикада қолдана алатындығын бағалау мақсатын көздейді. 

3.6.2.24  Қорытынды  аттестаттауға  жұмыс  оқу  жоспары,  жеке  оқу  жоспарына  және 

жұмыс  оқу  бағдарламасына  сәйкес  теориялық  және  практикалық  курсты  толық  бітірген 

студент жіберіледі. 

3.6.2.25 Оқу процесі аяқталуының негізгі критерийіне білім алушылардың жоғары білім 

беру  мамандықтарының  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  теориялық  курстың  және  кәсіби 

практиканың қажетті көлемін меңгеруі жатады. Оқу пәні бойынша емтихан алу кезінде білім 

алушының  емтиханнан  алған  балы  және  академиялық  кезеңнің  (семестр,  триместр)  білім 

алушыларды  бағалайтын  балдық-рейтингтік  жүйесіне  сәйкес  ағымдық  үлгерімі  бойынша 

алынған орташа балы есепке алынады. 

3.6.2.26    Пән  бойынша  қорытынды  бағаға  рұқсат  ету  рейтингісінің  бағасы  мен 

қорытынды бақылаудың бағасы кіреді. Қорытынды бағаны есептеген кезде әр компоненттің 

үлес салмағы есепке алынады: РРБ – 60%, қорытынды бақылау бағасы – 40%. 

3.6.2.27    Қорытынды  бақылаудан  алған  жақсы  бағаны  көтеру  үшін  аралық 

аттестаттаудың сол кезеңінде бақылауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  

3.6.2.28  Білім  алушы  академиялық  рейтингіні  көтеру  үшін  ақылы  түрде  келесі 

академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пәннің оқу жоспарында жазылған 

оқу  пәндерінің  барлық  түрлеріне  қатысады  және  рұқсат  алып  қорытынды  емтиханды 

тапсырады. 

3.6.2.29  Босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  балдар  педагогтық  және  сабақты 

өтеу  журналына  жазылады.  Сабақты  өтеу  кезінде  алған  балдарды  қосып  РРБ-ны  қайтадан 

есептеу  тек  қана  сабақты  дәлелді  себеппен  босатқан  жағдайда  ғана  жүргізіледі.  Дәлелсіз 

себеппен босатқан сабақты өтеу кезінде алынған балдар ағымдағы рейтингіде есептелмейді, 

сәйкесінше, РРБ қайта есептелмейд. 

3.6.2.30  Қорытынды  бақылау  бағасын  (ҚББ)  емтихан  алушы  ҚББ-ны  есепке  алу 

тізімдемесіне қояды. 



 

3.6.3 Білім алушының академиялық рейтингісін есептеу тәртібі 

3.6.3.1  Білім  алушының  пән  бойынша  академиялық  рейтингісі  (ҚБ)  білім  алушы 

рұқсат  ету  рейтінгісінен  де,  қорытынды  бақылаудан  да  жақсы  баға  алған  жағдайда 

есептеледі. Емтихан алушы оны келесі формула арқылы есептейді:  



ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4 

3.6.3.2  Қорытынды  бақылауды  2  кезеңмен  жүргізген  жағдайда,  1-ші  және  2-ші 

кезеңнің  бағалары  тізімдеменің  тиісті  бағанына  жеке-жеке  қойылады  және  ҚБ  келесі 

формула арқылы есептеледі: 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

36

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

 



 

ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4 

3.6.3.3  Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент бір жылдан кейін, бірақ келесі оқу 

жылының  қорытынды  аттестациясы  басталғанға  дейін  екі  апта  бұрын    Университет 

ректорының  атына  қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өтуге  рұқсат  беру  туралы  өтініш 

жазады. 

3.6.3.4  Қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өтуге  рұқсат  беру  қағазы  білім  беру 

мекемесі басшысының бұйрығы арқылы әзірленеді. Қорытынды бақылауды кешенді емтихан 

түрінде  өткізген  жағдайда  әр  пәннің  бағасы  жеке-жеке  тізімдемеге  жазылады.  ҚБ  келесі 

формула арқылы есептеледі: 

ҚБп = РРБп*0,6 + ҚББп*0,4 

мұнда:  РРБп – РРБ пән бойынша  

ҚББп – үлес салмағы есепке алынған пән бойынша емтихан бағасы  

3.6.3.5  Қорытынды  бақылауды  дифференциалдық  сынақ  түрінде  жүргізген  кезде  ҚБ 

4.1 тармағына сәйкес есептеледі. 

3.6.3.6 Практикадан өтпеген, практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы  туралы 

жағымсыз  пікір  алған  немесе  есепті  қорғаған  кезде  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  білім 

алушы  келесі  академиялық  кезеңде  теориялық  оқумен  қатар  немесе  жазғы  семестр  кезінде 

қайтадан практикаға жіберіледі. 

3.6.3.7  Студентке  қорытынды  бақылауда  алған  жақсы  бағасын  көтеру  мақсатында 

аралық аттестаттаудың сол кезеңінде бақылауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

3.6.3.8  Білім  алушы  академиялық  рейтингіні  көтеру  үшін  ақылы  түрде  келесі 

академиялық  кезеңде  немесе  жазғы  семестрде  осы  пәннің  оқу  жоспарында  жазылған  оқу 

пәндерінің барлық түрлеріне қатысады және рұқсат алып қорытынды емтиханды тапсырады. 

3.6.3.9  Дәлелді    және  дәлелсіз  себеппен  босатылған  сабақ  2  күнтізбелік  апта  ішінде 

өтеледі,  ал  офис-тіркеуші  бөлімі  РРБ  тізімдемесін  емтихан  сессиясы  басталғанға  дейін  3 

күннен кешіктірілмей береді. 

3.6.3.10    Оқу  қызметін  бақылаудың  барлық  түрлерінің  тәртібі  «АстМУ»  АҚ-тың 

«Білім  алушылардың  оқу  үлгерімін  рейтингілік  бақылау  туралы»  ережесіне  сәйкес 

жүргізіледі. 

3.6.3.11  Практиканы  бағалау  тәртібі  «АстМУ»  АҚ-тың  «Кәсіби  практика» 

стандартына сәйкес жүргізіледі. 

3.6.3.12 Студенттерді қорытынды бақылауға рұқсат етудің міндетті шарты  – студент 

портфолиосын көрсету. 

 

3.6.4 Білім алушылардың рейтингісін есепке алу 

3.6.4.1  Жақсы  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  кредиттер  санымен  белгіленген 

меңгерген  кредиттерді  толықтыруға  негіз  болады  және  білім  алушының  транскриптісіне 

жазылады. 

3.6.4.2  Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  жазғы  семестрді  есепке  алып  офис-

тіркеуші  бөлімі  үлгерімнің  орташа  балын  (GPA)  білім  алушының  оқудағы  жетістіктері 

деңгейінің орташа сараланған бағасы ретінде есептейді. 

GPA былайша есептеледі: 

 (балл*кредит/сағат+балл*кредит/сағат +…..+балл*кредит/сағат) 

кредит/сағаттың  жалпы саны 

3.6.4.3  Дифференциалдық  сынақ  бағасы  көшіру  балын  (GPA)  есептеу  кезінде  есепке 

алынады, бұл жұмыс түрлеріне кредит санының сәйкес санын бөлген жағдайда ғана жүзеге 

асырылады.  Денешынықтыру  және  әскери  дайындық  бойынша  қорытынды  баға  GPA 

есептеген кезде есепке алынбайды. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

37

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.6.5 Апелляция 

3.6.5.1  Егер  білім  алушы  емтихан  сессиясының  (аралық  аттестаттау,  Қазақстан 

тарихынан  мемлекеттік  емтихан)  қорытынды  аттестаттау  (Мемлекеттік  аттестаттау)  

нәтижесімен  келіспесе,  нәтижелерді  хабарлаған  күні  комиссияның  қарауын  талап  ететін 

пәнді көрсетіп және сұрақты жазып, Университеттің апелляциялық комиссиясының төрағасы  

– білім беру қызметі жөніндегі проректордың атына апелляцияға беруге құқылы. 

3.6.5.2 Өтінішке:  

-  пән комиссиясының төрағасы (факультет деканы); 

-  кафедра меңгерушісі қолдарын қоюы қажет. 

  3.6.5.3  Оң  шешім  қабылданған  кезде  деканат  пәндік  аппеляциялық  комиссия  құрамы 

және  аппеляцияға  рұқсат  етілген  білім  алушылардың  тізімі  туралы  бұйрық  шығарады. 

Бұйрықта аппеляция өткізілетін мерзім белгіленеді. 

3.6.5.4  Пәндік  аппеляциялық  комиссия  шешімі  хаттамамен  ресімделеді.  Аппеляция 

қорытындысы бойынша алынған баға студенттің жеке, емтихандық тізімдемесіне енгізіледі. 

3.6.5.5  Пәндік  аппеляциялық  комиссия  хаттамасы  деканатта,  көшірмелері  кафедрада 

сақталады, жеке емтихандық тізімдеме офис-тіркеуші бөліміне өткізіледі.  

3.6.5.6  Қорытынды  аттестаттау  болған  және  Қазақстан  тарихынан  мемлекеттік 

емтихан  тапсырған  жағдайда  аппеляция  қорытындысы  МЕК  немесе  МАК  отырысының 

хаттамалары  бойынша  ресімделеді.  Бұл  жағдайда  бірінші  хаттама  қорытындысы  «Баға  -

___жылғы    №__  хаттамасымен  ____  парақта  қайта  қаралды»  деп  жазылып,  МЕК/МАК 

барлық қатысып отырған мүшелері қолдарын қояды. 

Апелляциялық  комиссияның  шешімі  хаттамамен  ресімделеді  және  ол  хаттамаға 

комиссия  төрағасы  мен  мүшелері  қол  қояды.    Егер  қорытынды  баға  өзгеретін  болса,  онда 

апелляциялық тізімдеме толтырылады. Апелляциялық комиссияның хатшысы апелляциялық 

тізімдемені толтырғаннан кейін бір тәулік ішінде офис-тіркеушіге өткізеді.  

3.6.5.7 Аппеляцияға қойылатын критерийлер:  

  3.6.5.8 Егер емтихан тестілеу түрінде жүргізілсе:  

- тест тапсырмаларында дұрыс жауап жоқ; 

- тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап жазылған; 

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

  3.6.5.9 Егер емтихан ауызша болса:  

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

Ескерту: Студенттің және емтихан алушының қолы қойылған жауап парағы болуы 

керек.   

 3.6.5.10 Егер емтихан жазбаша болса:  

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

–  сауалдар мен тест тапсырмаларының құрастырылуында қателіктер орын алған жағдайда; 

–  сауалдар мен тест тапсырмаларына дұрыс жауап болмаған жағдайда;  

– сауалдар мен тест тапсырмаларына берілген жауаптардың бірнешеуі  дұрыс жауап болған 

жағдайда;   

–  сауалдар  мен  тест  тапсырмалары  ПОӘК-те  көрсетілген  оқу  бағдарламаларында 

қарастырылған тақырыптардан тыс болған жағдайда.  


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

38

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Ескерту:  Студенттің  және  емтихан  алушының  қолы  қойылған  жауап  парағы 



болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.  

3.6.5.11 Егер емтихан – ОҚКЕ (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан) болса: 

- практикалық машықты тапсыру үшін станцияның техникамен толық жабдықталмауы. 

 

3.6.6 Мемлекеттік қорытынды аттестаттау 

3.6.6.1    Мемлекеттік  қорытынды  аттестаттау  –  білім  алушылардың  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  стандартын  білім  беру  деңгейіне  сай  қаншалықты  меңгергенін 

анықтау мақсатында жүргізілетін процедура.  

  3.6.6.2 Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының барлық талаптарын орындаған білім 

алушы мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі.  

    3.6.6.3  Оқу  процесі  аяқталуының  негізгі  критерийіне  білім  алушылардың  жоғары 

білім беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес теориялық курстың және кәсіби 

практиканың қажетті көлемін меңгеруі жатады.  

3.6.6.4  Жұмыс  оқу  жоспарының  және  жеке  оқу  жоспарының  талаптарын  орындамаған 

білім алушы жазғы семестрге қалу құқығынсыз қайта оқу курсына қалады. 

  3.6.6.6. ЖОО-ларда білім алатын студенттерді мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан 

өткізу  академиялық  күнтізбе  мен  мамандық  бойынша  жасалған  оқу-жұмыс    жоспарында 

көрсетілген мерзімге сәйкес өткізіледі.   

  3.6.6.7  Мемлекеттік  емтихандар  (іргелі  бейімдеуші  пәндер  немесе  мамандықтар 

бойынша)  төмендегі  формаларда  жүргізіледі:  білім  алушылардың  кәсіптік  оқу 

бағдарламалары көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу).   

  3.6.6.8 Дәлелді себеппен бекітілген кестеге сәйкес қорытынды аттестаттауға келмеген 

білім  алушы  емтиханға  қатыспауының  себебін  дәлелдейтін  құжатты  көрсетіп,  Мемлекеттік 

аттестаттау комиссиясы (МАК) төрағасының атына өтініш  жазады және МАК  төрағасының 

рұқсатымен  осы  комиссияның  келесі  мәжілісі  болатын  күні  емтиханды  тапсырады  немесе 

дипломдық жұмысын қорғайды.   

3.6.6.9  Бағаны  көтеру  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыру    немесе 

қорғалынған дипломдық жобаны (жұмысты) қайта қорғау рұқсат етілмейді.  

3.6.6.10  Мемлекеттік  емтиханда  және⁄немесе  дипломдық  жұмысты  қорғауда 

«қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  білім  алушыға  осы  болып  жатқан  қорытынды 

аттестаттау  кезінде  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыруға  және⁄немесе  дипломдық 

жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.   

3.6.6.11 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент бір жылдан кейін, бірақ келесі оқу 

жылының  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  екі  апта  бұрын    Университет 

ректорының  атына  қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өтуге  рұқсат  беру  туралы  өтініш 

жазады. 


3.6.6.12  Қайтадан  қорытынды  аттестаттаудан  өту  үшін  рұқсат  қағазы  Университет 

ректорының бұйрығы арқылы ресімделеді.  

3.6.6.13  Мемлекеттік  қорытынды  емтихан  екі  кезеңмен  өткізіледі.  Бірінші  кезеңге  – 

негізгі  бейіндік  пәндер  бойынша  кешенді  емтихан  кіреді,  екінші  кезеңге  –  практикалық 

машықтарды  бағалау.  МҚЕ  кезеңдері  қосылып  жалпы  қорытынды  баға  шығарылады,  ол 

диплом  қосымшасына  жазылады.  Егер  студент  екі  кезеңнің  бірінен  «қанағаттанарлықсыз» 

баға алса, ол келесі кезеңге жіберілмейді және оқудан шығарылады. 

3.6.6.14  Қайтадан  қорытынды  аттестаттау  қорытынды  аттестаттауда  қарастырылған 

барлық формалар бойынша жүргізіледі. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

39

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.6.6.15  Осы  емтихандарды  тапсырмаған  студенттерге  арналған  мемлекеттік  емтихан 



тапсырылатын  пәндердің  тізбесі  бітіретін  жылдың  теориялық  курсының  оқу  жоспарымен 

белгіленеді. 

3.6.6.16 Аттестаттау қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер 

Ректор бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады. Оларға оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін 

анықтама беріледі. 

3.6.6.17  Қорытынды  аттестаттаудан  өткен  және  жоғары  білімнің  тиісті  кәсіптік  оқу 

бағдарламасын  меңгергендігін  дәлелдеген  студенттерге  МАК  шешімімен  «бакалавр» 

академиялық  дәрежесі  немесе  тиісті  мамандық  бойынша  біліктілік  беріледі  және 

қосымшамен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етіледі. 

3.6.6.18  Егер  білім  алушы  қорытынды  аттестаттаудан  «қанағаттанарлықсыз»  баға 

алғаннан  кейін  МАК-қа  денсаулық  жағдайы  жөнінде  анықтама  өткізсе,  онда  ол  анықтама 

қаралмайды. 

3.6.6.19 Емтихандар мен дифференциалдық сынақты А, А- «өте жақсы» тапсырса, оқу 

жоспарының  барлық  пәндерінен,  оның  ішінде  мемлекеттік  емтихандардан  алған  бағасы  75 

пайыздан кем емес болса, басқа пәндерден В-, В, В+ «жақсы» болса, мемлекеттік қорытынды 

аттестаттау  кезеңдерінде  А,  А-  «өте  жақсы»  бағаларын  алса  түлекке  үздік  диплом  беріледі 

(әскери дайындық бағасын есепке алмағанда). 

3.6.6.20 Оқу барысында сабақтарға қайта қатысқан және рұқсат ету рейтінгісін көтерген 

студент 7.19 тармағындағы талаптарға сәйкес келсе де үздік диплом алмайды. 

 

3.6.7



 

Сабақтарға қайта қатысуды ұйымдастыру 

3.6.7.1    Тиісті  оқу  жылының  пәндері  бойынша  төмендегі  себептермен  академиялық 

қарызы бар білім алушы тиісті пәндер бойынша сабаққа қайта қатысуға міндетті: 

- қорытынды бақылауға (емтиханға, дифференциалдық сынаққа) рұқсаты жоқ; 

- интерндердің модульдік оқу жүйесі бойынша межелік бақылауға рұқсаты жоқ; 

- аралық аттестаттау кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса; 

-  қорытынды  бақылауға  (емтиханға,  дифференциалдық  бақылауға,  оқытудың  модульдік 

жүйесі бойынша межелік бақылауға) дәлелсіз себеппен келмеу;  

3.6.7.2  Курстың  бағдарламасын  толық  көлемде  орындаған,  бірақ  ең  төменгі  көшіру 

балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру (GPA) мақсатында 

жазғы семестрде ақылы түрде жеке пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын пәндерді 

есепке  алмағанда)  қайта  оқуға  және  сол  пәндер  бойынша  емтиханды  қайта  тапсыруға 

мүмкіндік беріледі. 

3.6.7.3  Егер  білім  алушыда  180  сағаттан  (аудиториялық)  артық  академиялық  қарызы 

болса, ол Университеттен шығарылады. 

3.6.7.4 Қысқы семестр кезеңінде білім алушы 72 сағаттан аспайтын сабақтарға қайта 

қатысуға құқығы бар.  

3.6.7.5  Білім  алушыда  академиялық  қарызы  болса,  ол  Мемлекеттік  Қорытынды  

аттестаттауға жіберілмейді және оқудан шығарылады. 

3.6.7.6  180  сағаттан  (аудиториялық)  аспайтын  қарызы  бар  соңғы  курс  студентінде 

семестр  барысында  пәндерге  қайта  қатысып  оқып  шығу  құқығы  бар  және  Мемлекеттік 

қорытынды аттестаттауға бір ай қалғанға дейін бітіруге міндетті. 

3.6.7.7  Көшіру  балын  алған  және  келесі  курсқа  көшкен  білім  беру  грант  иесінде 

академиялық қарызы болса, оның гранты сақталады. 

3.6.7.8  Академиялық  қарызды  жойғаннан  кейін  білім  алушы  КТЖ-дағы  емтихан 

мерзіміне  сәйкес  офис-тіркеуші  бөлімі  басшысының  атына  оқытушы  («сабаққа  қайта 

қатысты,  қорытынды  бақылауға  жіберілді»  деп  жазылған)  мен  декан  («Қолдаймын»  деп 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

40

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

жазылған) рұқсатымен қоса емтихандық жеке тізімдемені беруі туралы өтініш жазады. Офис-



тіркеуші  бөлімі  емтихандық  жеке  тізімдемені  бергеннен  кейін  өтінішті  студенттерді  есепке 

алу және өндірістік практика бөліміне тапсырып, білім алушының жеке ісіне тіркейді. 

3.6.7.9  Тиісті  пәндер  бойынша  сабаққа  қайта  қатысу  қысқы  және  жазғы  семестр 

кезеңінде  ақылы  түрде  жүзеге  асырылады.  Сабаққа  қайта  қатысудың  ақысы  пән  бойынша 

аудиториялық сағаттардың санына байланысты анықталады. 

3.6.7.10  Білім  алушы  тиісті  пән  бойынша  сабаққа  қайта  қатысудың  ақысын  100% 

төлеген кезде ғана академиялық қарызды жоюға кірісе алады. 

3.6.7.11 Бір пән бойынша бір рет қана сабаққа қайта қатыса алады. 

3.6.7.12  Сабаққа  қайта  қатысқан  студент  жеке  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарын 

орындамаса  (¼  және  одан  да  көп  қайта  қатысып  жүрген  сабақты  босату;  ағымдық  білім 

деңгейі 50%-дан аз),  ол пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді. 

3.6.7.13  Жетім  балалар,  ата-анасының  қамқорынсыз  қалған  балаларда  пәндер 

бойынша академиялық қарызы болса, олар сабаққа қайта қатысуды тегін өтеді. 

           3.6.7.14  Клиникалық  пәндердің  пререквизиті  болып  табылатын  1-ші,  2-ші,  3-ші 

курстың негізгі пәндері бойынша сабаққа қайта қатысқан студенттер 4-курсқа көшірілмейді. 

  3.6.7.15 Егер студент  қысқы немесе жазғы демалыс кезеңінде сабаққа қайта қатысуға 

қалдырылса  және  оның  60%-ын  меңгерсе,  ол  келесі  семестрдің  30  күнтізбелік  күні  ішінде 

академиялық қарызын жойып, пән бойынша қортынды бақылауды тапсыра алады. 



 

3.7 Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және 

қайта қабылдау ережелері 

 

3.7.1 Жалпы ережелер 

3.7.1.1  Ереже  білім  беру  мекемелерінде  (ведомстволық  бағыныстылығы  мен 

жекеменшік  формасына  қарамастан)  білім  алушыларды  көшіру  және  оқуға  қайта  алу 

тәртібін белгілейді (2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрық).  

3.7.1.2  Білім  алушылардың  курстан  курсқа,  бір  ЖОО-дан  екінші  ЖОО-ға,  бір 

мамандықтан  екінші  мамандыққа,  ақылы  білім  алудан  білім  беру  грантына  ауысуы  жүзеге 

асырылады.   

3.7.1.3 Білім алушының көшіру және оқуды қайта жалғастыру туралы өтінішін қысқы 

және жазғы семестр кезеңінде, бес жұмыс күні ішінде, келесі академиялық кезең басталғанға 

дейін білім беру мекемесінің басшысы қарастырады. 

3.7.1.4  Білім  алушының  оқуын  қайтадан  жалғастырған  немесе  бір  ЖОО-дан  екінші 

ЖОО-ға ауысқан кезде оның өткен академиялық кезеңдегі пәндеріне байланысты оқу-жұмыс 

жоспарындағы айырмашылықтар анықталынады.   

3.7.1.5  Жұмыс  оқу  жоспарларындағы  пәндер  бойынша  академиялық  айырмашылықты 

білім  беру  мекемесінің  басшысы  оқу  карточкасының  көшірмесінде,  транскриптте  немесе 

оқуын  аяқтамаған  студенттерге  берілетін  анықтамада  (бұдан  әрі  –  Анықтама)  көрсетілген 

оқылған  пәндер  тізбесі,  олардың  бағдарламасы  және  академиялық  сағат  немесе  кредит 

санының көлемі негізінде анықтайды. 

3.7.1.6  Білім  алушыны  оқуын  қайтадан  жалғастырған  немесе  шетелдік  ЖОО-дан 

ауысқан кезде ол өзінің меңгерген оқу бағдарламалары жөніндегі құжаттарды (академиялық 

анықтама,  транскрипт)  өткізеді,  сонымен  қатар  бұдан  бұрын  алған  білімінің  деңгейін 

аяқтағаны  жөніндегі  құжатты  өткізеді  және  бұл  құжат  белгіленген  тәртіпте  Қазақстан 

Республикасында мойындалу процедурасынан немесе нострификациялаудан өтуі қажет.   

3.7.1.7 Оқу-жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылықтарын тапсыру үшін білім 

алушы  академиялық  кезең  кезінде  оқу  жоспарында  көрсетілген  сабақтың  барлық  түріне 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет