Анықтамалық-жол көрсеткіш


Күзгі семестр / Осенний семестр



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата25.04.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күзгі семестр / Осенний семестр 

01.09.16-08.01.17 

ҚР Тұңғыш президент күні День первого президента РК 



желтоқсан                    

1 декабря 



Тәүелсіздік күні / День независимости 

16,  17  желтоқсан      

16, 17 декабря 



Жаңа жыл / Новый год 

1, 



қаңтар                   

1, 2 января 

Рождество 

7 қаңтар / 7 января                 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

23 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

Демалыс / Каникулы 



09.01.17-15.01.17 

Семестр: 19 недель.Каникулы: 2 недели  



Көктемгі семестр / Весенний семестр 

16.01.17-23.05.17 

Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день 

8 наурыз / 8 марта 

Наурыз мейрамы 



22, 

23 

наурыз             

22, 23 марта 



Қазақстан халқының бірлігі күні / День единства народов Казахстана 

1 мамыр / 1 мая 

Отан қорғаушылар күні / День защитника Отечества 

7 мамыр / 7 мая 

Жеңіс күні / День Победы 

9 мамыр / 9 мая 

Мемлекеттік аттестациялық комиссия / Государственная аттестационная комиссия 

23.05.17-19.06.17 

Семестр: 19 недель. ГАК:  4 недели 

 

3.3 Университеттегі оқу процесін ұйымдастыру  

 

3.3.1 1.  Оқу бағдарламаларының мазмұны 

«АстМУ»  АҚ  мамандарды  даярлау  қызметін  келесі  білім  беру  бағдарламалары 

бойынша жүзеге асырады: 

 

 

Маманық: 5 В130100 – «Жалпы медицина» 



Оқу мерзімі: 5 жыл 

Академиялық дәрежесі: медицина бакалавры 

Оқу мерзімі: 7 жыл (5+2 года) 

Біліктілігі:  жалпы практикалық дәрігер, гигиенист-эпидемиолог дәрігер 

 

«Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша  5  жыл  оқып  бітіргеннен  кейін  клиникалық 

практикамен байланысты емес, бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келген түлекке 

медицина  бакалавры  дәрежесі  беріліп  диплом,  академиялық  анықтама  (транскрипт)  табыс 

етіледі. Анықтамаға оқылған пәндердің тізбесі және бағалары, академиялық сағаттың көлемі 

жазылады. 5 жыл оқу бітірген түлек келесі мамандықтар бойынша (Қазақстан Республикасы 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрінің  2012  жылғы  24  тамыздағы 

««Денсаулық  сақтау  қызметкерлері  лауазымдарының  біліктілік  сипаттамаларын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  міндетін  атқарушының 

2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  № 588 бұйрығына 

сәйкес)  жұмыс істеуге құқылы: 

1)

 



қоғамдық денсаулық сақтау (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер) дәрігері

2)

 



денсаулық сақтау ісінің менеджері (медициналық қызмет сапасы, медициналық 

қызмет стратегиясы және маркетингі, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру 

және оның әдістемесі бойынша); 

3)

 



зертхана маманы; 

4)

 



денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызмет көрсету маманы

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

24 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

5)



 

бас мейірбике (аға фельдшер, аға акушер) 

6) фельдшер; 

7) лаборант; 

8) учаскелік мейірбике/ жалпы практикалық мейірбике; 

9) рентгенолаборант; 

10) акушер. 

Медицина  бакалавры  педагогикалық  немесе  бейіндік  бағытта  магистратурада  оқуын 

жалғастырып, «Медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алуға құқылы. 

Медицина  бакалавры  келесі  бағыттар  бойынша  интернатурада  оқуға  құқылы  –  «Ішкі 

аурулар»,  «Хирургия»,  «Педиатрия»,  «Акушерия  және  гинекология»,  «Жалпы  дәрігерлік 

практика».  Интернатура  мамандығын  таңдаған  кезде  GPA  (5  жыл  оқу  барысындағы)  және 

қабылдау  емтихандарының  нәтижесі  ескеріледі.  «Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша 

оқу  бітірген  (5+2)  түлек  дербес  практикалық  қызметі  үшін  резидентурада  оқуын 

жалғастыруы  керек  (жалпы  практикалық  дәрігерден  басқа).  Жалпы  медицина»  мамандығы 

бойынша оқу бітірген (5+2) түлек клиникалық мамандықтар бойынша терең кәсіби білім алу 

үшін оқуын магистратурада жалғастыра алады. 

 

3.3.2 Офис-тіркеуші қызметі туралы 

3.3.2.1 Офис-тіркеуші (ОТ) – таңдау бойынша пәндерді тіркеуден бастап, емтихандық-

рейтингтік  тізімдемені  өңдеу  мен  сақтауға  дейінгі  аралықта  студенттің  оқу  саласында  қол 

жеткізген  жетістіктерінің  бүкіл  тарихын  тіркеу  ісімен  айналысатын,    GPA    балын  (білім 

алушылардың  оқу  жетістіктері  деңгейінің  орташа  бағасы)  есептейтін,  студентті  қолдау 

қызметі.  Офис-тіркеуші  студенттің  білімін  тексерудің  барлық  түрін  ұйымдастыруды  және 

академиялық рейтингті есепке алуды қамтамасыз етеді.  

3.3.2.2  Офис-регистратор  бөлімі  студенттердің  білімін  бақылаудың  есебін  жүргізеді 

және академиялық рейтингіні есептейді. 

3.3.2.3 Офис-тіркеушінің негізгі міндеттері: 

- білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алу; 

- білім алушылардың академиялық рейтінгісін есептеу; 

- білім алушылардың жеке оқу жоспарын және академиялық тобын құруға көмектесу; 

-  білім  алушылардың  бірінші  курстан  бастап  оқу  бітіргенге  дейінгі  оқу  пәндері 

бойынша кредит/сағат санын бекітілген үлгі бойынша есептеу; 

-  ағымдық,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  жүргізу  үшін  қажетті  тізімдемелерді 

дайындау; 

-  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  қорытындысы  бойынша  жиынтық  тізімдемені 

жасау және дайындау; 

-  ағымдық  транскриптті,  дипломға  қосымшаны  (транскрипт)  табыстау  және  GPA-дің 

өту балын есептеу; 

- электив пәндер каталогын жасау процесін ұйымдастыру және жүргізу; 

- білім алушыларды электив пәндерді оқуға жазу және оны ұйымдастыру; 

- жазғы семестрді ұйымдастыру мен өткізуге қатысу; 

-  білім  алушының  өтініші  мен  расталған  құжатына  сәйкес  ағымдық,  аралық  және 

қорытынды аттестаттау үшін жеке тізімдемені беру. 



 

3.4 Пәндер бойынша тіркелу тәртібі 

3.4.1 Электив пәндерге жазылу тәртібі 

3.4.1.1 Электив пәндер – бекітілген кредиттер (сағат) шеңберіндегі таңдау пәндерінің 

компонентіне  енетін  оқу  пәндері.  Ол  білім  алушының  жеке  траекториясын  көрсетеді. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

25 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

«Жалпы  медицина»  мамандығының  пәндерін  таңдау  үшінші  және  бесінші  курста  жүзеге 



асады. «Жалпы медицина» мамандығының үшінші курс студенттері үшін электив пәндердің 

сағат  саны – 54, бесінші  курс студенттерінің электив пәндерінің саны  – 405 сағат.  Электив 

пәндер каталогы Оқу-әдістемелік кеңес шешімімен жыл сайын жаңарып, бекітіліп отырады. 

3.4.1.2  Элективті  пәндерді  таңдау  офис-тіркеушінің  үйлестіруімен  ресми  түрде 

тіркелу арқылы іске асады. Сонымен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық 

жұмыс  үшін  эдвайзерлер  мен  деканат  қызметкерлері  шақырылады.  Білім  беру  процесін 

жүзеге асыратын  МЖМБС мамандықтарында 1-курс студенттеріне өз қалаулары бойынша 

таңдайтын  пәндер  компоненті  қарастырылмаған,  студенттер  бірінші  оқу  жылында  өздері 

қалаған пәнді таңдап оқи алмайды. 

3.4.1.3 Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін білім алушы таңдаған пәндеріне жазылады. 

Пәндерді  таңдауды  анықтау  эдвайзердің  жетекшілігімен  іске  асады  (ағылшын  тілінде 

"тәлімгер,  ақылшы  ұстаз").  Эдвайзер  тьютормен  бірігіп  білім  алушыларға  элективті  пәндер 

каталогынан  әрбір  пәннің  баламасын  презентация  әдісі  бойынша  ұсынып,  пәндердің 

бірізділігін анықтау үшін кеңес береді. 

3.4.1.4  Білім  алушылар  электив  пәндерге  www.edu.amu.kz/student  сайты  арқылы 

тіркеледі. 

3.4.1.5 Электив пәндерге жазылу ағымдағы жылдың көктемгі семестрінде екі аптаның 

ішінде жүргізіледі.  

3.4.1.6 Егер, таңдалған пәнге бекітілген шектен кем студент жазылса, пән ашылмайды 

және оқу жоспарына енгізілмейді. Академиялық лектер мен топтар осы пәнге тіркелген білім 

алушылардың саны жеткілікті болған жағдайда ғана құрылады. 

3.4.1.7  Студент  электив  пәндерге  тіркелудің  және  жеке  оқу  жоспарына  өзгерістер 

енгізудің бекітілген мерзімінен кешікпеуі тиіс. 

3.4.1.8  Студент  білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  оқу  жылына  бекітілген 

кредиттерге (сағаттарға) ғана жазылуы керек. 

3.4.1.9    Егер  білім  алушы  белгіленген  мерзімде  тіркелмеген  болса,  оның  оқуының 

негізіне осы курсқа арнап құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады. 

3.4.1.10  Студент  таңдаған  электив  пәндердің  негізінде  офис-тіркеуші  топ  тізімі 

бекітілгеннен кейін топтар бойынша жеке оқу жоспарының үлгілерін жасайды. Онда электив 

пәндер жазылады. 

3.4.1.11  Білім  алушы  жеке  оқу  жоспарының  өзінің  жеке  үлгісін  жеке  кабинеттен 

(www.edu.amu.kz/student)  жүктеп  алуы  тиіс  немесе  офис-тіркеуші  бөлімінен  алып  мұқият 

тексеріп  алуы  керек.  Үлгі  Excel  бағдарламасында  әзірленген.  Мұнда  міндетті  оқылатын 

компонет пен таңдау компоненті (электив пән) берілген. 

3.4.1.12 Міндетті оқылатын пәндер – осы курста міндетті түрде оқылуы тиіс пәндер. Ол 

аталмыш мамандықтың МЖМБС оқу жоспарында көрсетілген. 

3.4.1.13 Жеке оқу жоспарында студенттің тегі, аты, әкесінің аты және тобының нөмірі 

жазылады. 

3.4.1.14 Толтырылған жеке оқу жоспарына студент, эдвайзер қол қояды және факультет 

деканы бекітеді. 

3.4.1.15  Егер студент  белгіленген мерзімде офис-тіркеушіге өзінің жеке оқу жоспарын 

өткізбесе  немесе  тіркелуден  бас  тартса,  оның  оқуының  негізіне  осы  курсқа  арнап 

құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады.  

3.4.1.16 Жеке оқу жоспарының 2 данасын декан факультеті бекітеді: біреуі – деканатта 

сақталады және ол студенттің оны орындағанын және меңгергенін бақылауға негіз болады, 

екіншісі – білім алушыда қалады. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

26 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.4.1.17  Қол  қойылған  және  бекітілген  жеке  оқу  жоспарын  міндетті  түрде  орындау 



керек. Таңдалған пәндерге (міндетті оқытылатын пәндерге де) қатыспау академиялық қарыз 

болып саналады. 

3.4.1.18  Жеке  оқу  жоспарын  деканатқа  тапсыратын  соңғы  мерзім  –  оқу  жылының 

алғашқы аптасы. 

3.4.1.19  Студенттердің  бекітілген  жеке  оқу  жоспары  оқу  жұмыс  жоспарын  құрудың 

негізі болып табылады. 



 

3.4.2 Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайындағы оқытушының функциялары 

3.4.2.1  Оқытушы  (педагог)  функциялық  міндеттеріне  қарай  келесі  қызметтерді 

атқарады: 

- дәріскер; 

-  тьютор  –  арнайы  дайындықтан  өткен,  сабақ  жүргізетін  және  белгілі  пәнді  меңгеру 

бойынша студенттің академиялық консультанты міндетін атқаратын оқытушы; 

-  эдвайзер  –  тиісті  пән  бойынша  білім  алушының  академиялық  тәлімгері,  ол  таңдау 

пәндерінен  жеке  оқу  жоспарын  жасауға  және  оқу  кезеңінде  білім  беру  бағдарламасын 

меңгеруге көмектеседі. Деканатта мамандық эдвайзері, кафедрада пән эдвайзері болады; 

-  куратор –  оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсету үшін студенттер 

тобына бекітілген оқытушы. Ұйымдасқан ұжым құру және оны тиімді басқару – куратордың 

негізгі міндеттерінің бірі. 

3.4.2.2 Оқытушының студенттермен жұмысына келесі үш негізгі функция кіреді:  

Оқытушының  бірінші  функциясы  –  нұсқаушы  (тақырыпқа  кіріспе;  мақсат  пен  міндеттер 

қою;  практикалық  тиімділікті,  маңызды  материалдың  негізгі  бөлімдерінің  мәні  мен  өзара 

байланысын  және  оқу-әдістемелік  құралын  сипаттау).  Бұл  студенттердің  одан  арғы  өздік 

жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.  



Оқытушының  екінші  функциясы  –  консультация  беруші-түзетуші.  Бұл  студенттердің  өздік 

жұмысы  барысында  оқу  қызметін  жүзеге  асыру,  жеке  консультациялар  өткізу  және  тиісті 

түзету жұмыстарын орындау үшін консультативтік көмек көрсетеді.    

Оқытушының  үшінші  функциясы  –  бақылаушы-бағалаушы.  Бұл  тестілеу  өткізуді, 

студенттердің білімі мен шеберлігін бағалауды, олардың негізгі қиыншылықтарын анықтау 

үшін  сұхбат  ұйымдастыруды,  «дұрыс»  әрекеттерді  оқытушымен  бірге  көрсетуді,  өзара  іс-

әрекеттерді,  сарапшы  мен  бақылаушының  ұстанымы  бойынша  жұмыстың  мөлшерлі 

тәсілдерін қарастырады.   

 

3.5 Студенттің ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндетттері 



 

3.5.1 Жалпы ережелер 

3.5.1.1  «Астана  медицина  университеті»  АҚ-та  (бұдан  әрі  –  Университет)  білім 

алушылардың  ішкі  тәртіп  ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім беру ұйымдарының типі 

бойынша  білім  алушыларды  ауыстыру  және  қайта  қабылдау  ережелері  туралы»  ҚР  БҒМ 

20.01.2015ж.  №19  бұйрығы,  «Білім  беру  грантын  беру  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР 

Үкіметінің  23.01.2008ж.  №58  Қаулысы,  «Білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың 

жекелеген  категорияларына  мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР 

Үкіметінің  7.02.2008ж.  №116  Қаулысы  (2014  жылғы  31  наурызда  өзгерістер  және 

толықтырулар  енгізілген),  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестациядан  өткізудің  типтік  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  18.03.2008ж. 

№125  бұйрығы  (2013  жылғы  4  қарашада  өзгерістер  және  толықтырулар  енгізілген),  Ішкі 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

27 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

еңбек  тәртібінің  ережелері,  Университет  Жарғысы,  Студенттік  жатақханалар  туралы  ереже 



және  өзге  де  нормативтік-құқықтық  актілер  негізінде  оқу  тәртібін  күшейту  мақсатында 

әзірленді. 

3.5.1.2  Осы  ережелер  Университетте  оқитын  барлық  білім  алушылар  үшін  міндетті 

(білім  алушылар  деп  оқытудың  барлық  формалары  бойынша  студенттерді,  интерндерді, 

резиденттерді, магистранттар мен докторанттарды айтамыз). 

 

3.5.2 Білім алушылардың құқықтары 

Білім алушының: 

3.5.2.1  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  дайындықтың 

(мамандықтың) таңдап алынған бағыты бойынша білім алуға; 

3.5.2.2  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативтік 

құжаттарымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа бір оқу орнына, бір мамандықтан 

басқа  бір  мамандыққа,  оқудың  бір  формасынан  басқа  бір  формасына    қайта  қабылдануға 

және ауысуға; 

3.5.2.3  Университет  қызметіне  қатысты  маңызды  мәселелерді  талқылауға  және  шешуге 

қатысуға, оның ішінде қоғамдық ұйымдар және Университеттің басқару органдары арқылы 

қатысуға;  

3.5.2.4 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте 

студенттік  өзін-өзі  басқару  органдарын,  студенттік  қоғамдық  ұйымдар  және  бірлестіктер, 

оның ішінде кәсіптік одақтар құруға; 

3.5.2.5. Университеттің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға; 

3.5.2.6  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  12  наурыздағы  «Әлеуметтік 

көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны 

беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  №320,  ҚР  Үкіметінің  2000  жылғы  17  мамырдағы 

«Азаматтарға олар білім алған кезеңде көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері 

туралы»  №738  және  2008  жылғы  7  ақпандағы  «Білім  беру  ұйымдарында  білім  алатын 

азаматтардың  жекелеген  категорияларына  мемлекеттік  шәкіртақы  төлеу  ережесі  туралы» 

№116  (2016  жылғы  03  маусымда  өзгерістер  енгізілген)  Қаулыларына  сәйкес  шәкіртақымен 

қамтамасыз етілуге және әлеуметтік көмек алуға; 

3.5.2.7. 

Ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының 

барлық 

түріне, 


конференцияларға, 

симпозиумдарға  қатысуға,  өз  жұмыстарын  жариялауға,  оның  ішінде  Университет 

баспаларына жариялауға беруге; 

3.5.2.8.  Университеттің  ақпараттық  ресурстарын,  оқу,  ғылыми  және  басқа  да 

құрылымдардың қызметтерін олардың ережелеріне сәйкес пайдалануға;  

3.5.2.9 Студенттің жеке кабинеті (www.edu.amu.kz/student) арқылы автоматтандырылған 

жүйені қолдануға: үлгерімдер журналын,  ағымдық транскрипті қарауға, РРБ-ны алдын ала 

есептеуге,  электив  пәндерге  жазылуға,  сауалнамаларға  жауап  беруге  және  тағы  басқаларға 

құқығы бар. 

 

3.5.3 Білім алушылардың міндеттері 

Білім алушы: 

3.5.3.1.  Білім  беру  саласындағы  оқу-ғылыми  процестерді,  оларды  ұйымдастыру  мен 

жүргізуді реттейтін нормативтік актілердің талаптарын орындауға; 

3.5.3.2.  Таңдап  алынған  мамандығы  бойынша  теориялық  білімді  және  практикалық 

машықтарды жүйелі және терең түрде игеруге;  

3.5.3.3.  Сабақтарға  қатысуға  және  оқу  жоспары  мен  бағдарламаларда  көрсетілген 

тапсырмалардың барлық түрін белгіленген мерзімде орындауға;  



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА-16 


 

62 беттің  

28 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.5.3.4. Оқытушылардың және Университеттің басқа қызметкерлерінің ар-намысын мен 



абыройын сыйлауға; 

3.5.3.5.  Қоғамдық  орындарда  тәртіп  нормаларын  сақтауға,  жатақханада  тұру  ережесін 

сақтауға,  жалпыға  ортақ  адамгершілік  және  этика  нормаларын  сақтауға,  құқық  бұзушылық 

әрекеттерге,  болашақ  дәрігердің  моральдық  бейнесіне  сәйкес  келмейтін  әрекеттерге  жол 

бермеуге, Университеттің іскерлік атағын, аты мен беделін қорғауға;  

3.5.3.6.  Жалпы  мәдениетті  жақсартуға  ұмтылуға,  адамгершілік  жағынан  және  дене 

тәрбиесі жағынан үнемі жетілуге; оқу тәртібін сақтауға, Университет әкімшілігінің өкімдерін 

дер кезінде және нақты орындауға; 

3.5.3.7.  Университеттің  мүлкін  ұқыптап  ұстауға,  оны  дұрыс  пайдалануға,  зиянның 

алдын  алуға  арналған  шараларды  қабылдауға;  Университетке  материалдық  зиян  келтірген 

жағдайда білім алушылар оны Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес өтеуге; 

3.5.3.8.  Университеттің  қоғамдық  өміріне,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  белсенді  түрде 

араласуға; 

3.5.3.9. Жоспарлы медициналық тексеруден дер кезінде және үнемі өтіп тұруға; 

3.5.3.10. Өздерімен бірге жеке куәлігін, студенттік билетін болмаса Университеттің оқу 

корпустарына  кіруге  (шығуға)  және  онда  жүруге  рұқсат  беретін  рұқсаттама  алып  жүруге 

және оларды Университетке кірген кезде көрсетуге; 

3.5.3.11.    Студенттік  жеке  құжаттарды  (студенттік  билет,  сынақ  кітапшасы)  ұқыптап 

ұстауға, оларды жоғалтқан жағдайда тез арада факультет әкімшілігіне хабар беруге; 

3.5.3.12.  «Ақылы  білім  беру  қызметі  туралы»  шартта  анықталған  қаржылық 

міндеттемелерді орындауға; 

3.5.3.13.  Өзінің  оқу  орнын,  оқу  құралдарын  ұқыпты  және  таза  ұстауға,  оқу 

корпустарында,  үй-жайларда,  клиникалық  бөлімшелерде  және  басқа  да  құрылымдық 

бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға; 

3.5.3.14 Сабақ барлық түрлерінде міндетті түрде халат және қалпақ киюге

3.5.3.15. Кітапхана ережесін сақтауға; 

3.5.3.16 Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар 

оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға; 

3.5.3.17 Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын, 

өрт  қауіпсіздігі  техникасын,  өндірістік  санитарияны,  еңбек  және  өртке  қарсы  күзет 

гигиенасын сақтауға; 

3.5.3.18    Білім  алушылардың  ішкі  тәртіп  ережесін  және  Жатақханада  тұру  ережесін 

сақтауға,  Университет  жарғысының  талаптарын,  Ғылыми  кеңестің  шешімін,  Тәртіптік 

кеңестің  шешімін,  ректордың,  проректорлардың,  декандардың  бұйрықтары  мен  өкімдерін 

орындауға; 

3.5.3.19  «Ақылы  білім  беру  қызметі  туралы»  және  «Тегін  білім  беру  қызметі  туралы» 

шарттардың талаптарын сақтауға міндетті. 

3.5.3.20  Ауылдық  квота  арқылы  грантқа  оқуға  түскен  мемлекеттік  білім  беру  грант 

иегерлері  ЖОО-ны  аяқтағаннан  кейін  аудандық  және  ауылдық  денсаулық  сақтау 

мекемелерінде  ЖОО-ның  жұмыс  орындарына  дербес  бөлуіне  сәйкес  үш  жыл  жұмыс  істеуі 

тиіс. 

3.5.3.21  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  медицина  мамандығына  оқуға 



түскен  азаматтар  ЖОО-ны  бітіргеннен  кейін  мемлекеттік  білім  беру  мекемелері  мен 

мемлекеттік медицина мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. 

3.5.3.22  Анықтама  әкелуге  міндетті.  Ол  Университетке  жұмыс  орнына  келгендігін 

дәлелдеу  үшін  беріледі.  Анықтамаға  басшының  қолы  мен  медициналық  мекеменің  мөрі 


1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет