Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет9/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69

Алаш қозғалысы

62

де  Алаш  автономиясын  басқаруға 



байланысты  құрылған  үкіметтік 

құрылым.  Ол  Алашорданың  Халық 

Кеңесі деп аталды. «Алашорда» сөзі 

кей кезде Алаш қозғалысының, Алаш 

автономиясының  синонимі  ретінде 

де айтылып қалады. 



Алашорданың  Батыс  бөлімінің 

қызметі  туралы  баянхат  –  Ж.До-

смұхамедовтің  Ленинге,  Сталин-

ге,  Троцкийге  1920  ж.  наурызында 

тапсырған  хаты.  Хатқа  Ж.  Досмұ-

хамедов,  К.  Жәленов,  И.  Қашқынба-

ев,  Б.  Атшыбаевтар  қол  қойған.  Бұл 

көлемді  құжатта  қазақ  елінің  әле-

уметтік,  экономикалық,  қоғамдық 

жағдайына,  ерекше  айқындалған 

таптық  күрестің  болмағанына  шолу 

жасалынады.  Ары  қарай  патшаның 

жылдар бойғы отаршылдық езгісінің 

қазақтар  үшін  аса  ауыр  болғаны-

на тоқталып, 1905 ж. бастап ұлттық 

өзін-өзі  билеуге  жетуге  ұмтылғаны 

айтылады.  Осы  күрестің  нәтиже-

сінде  жалпықазақ  сиезінде  Қазақ 

үкіметі  –  Алашорданың  құрылғаны 

оның  негізгі  екі  мәселені:  автоно-

мия  құруды  және  қорғансыз,  қару-

сыз  қазақ  халқын  қорғауды  шешуді 

мақсат  еткені  айтылып,  бұдан  ары 

қарай  Батыс  Алашорданың  қызметі 

мен күресі кең түрде сөз болады. Хат 

соңында  Алашорданың  Батыс  бөлігі 

делегациясының  Мәскеуде  жүргеніне 

бір  айдан  асқанына  қарамастан,  олар-

ды мұнда шақыру мақсатының себеп-

терін білгілері келетіндігі айтылады да, 

қазақтың саяси өмірін басқаруға олар-

ды  халықтың  өзі  сайлағандығы  және 

мүмкіндіктерінше сол халықтың еркін 

білдіргендіктері  келтіріледі.  Хат  Қаз-

ревком қазақ өлкесіне біз қызмет еткен 

мақсат – автономдық басқаруды беруі 

тиіс деп аяқталады. Алаш қайраткер-

лерінің  кеңестік  билікті  амалсыздан 

мойындап,  билікті  беріп  жатқанда 

да  халық  мүддесіне  берік  болғанын 

аңғарамыз. 



«Алашорданың Батыс бөлімінің 

тарихы  –  өлке  тарихының 

құрамдас  бөлігі»  –  алаштанушы 

ғалым  Д.Д.Сүлейменованың  кітабы. 

2007  ж.  «Арыс»  баспасынан  жарық 

көрген, көлемі 10,5 б.т. «ХХ ғасыр ба-

сындағы Батыс Қазақстан өңірі және 

Алаш  қозғалысының  тарихнамасы» 

және  «Батыс  Алашорда  үкіметінің 

құрылуы  және  оның  азамат  соғысы 

ж.ндағы  қызметі»  атты  екі  тарауда 

Алашорданың  Батыс  бөлімінің  жұ-

мысына ғылыми баға берілген. 

Алашорда 

төрағасының 

Бүкілресейлік Құрылтай жиналы-

сына хаты – Ә.Бөкейханның 1918 ж. 

30 тамыздағы хаты. Бұл көлемді құ-

жатта  Алашорда  төрағасы  Бүкілре-

сейлік Құрылтай жиналысынан оның 

Алаш  автономиясына  қатынасын 

білдіруді өтінген. Хатта Екінші жал-

пықазақ сиезінің қаулылары мейлін-

ше толық таныстырылады. Сонымен 

бірге,  Алашорда  үкіметінің  больше-

виктерге қарсы күресі де баяндалған. 



«Алашорда»  фильмі  –  «Қазақ-

фильм»  киностудиясы  дайындаған 

деректі  фильмі.  2009  ж.  шыққан. 

Фильм  режиссері  Қалила  Омаров. 

Сценарий авторы – Болат Мүрсәлім. 

Ұзақтығы  52  минут.  «Алаш»  дәуірі 

қазақ елі Ресей ықпалына толық көш-

кен кезде орнады. Шашылып кеткен 

қазақ  жерін  біріктіру  үшін,  «қазақ» 

ұлтын  сақтап  қалу  үшін  саяси  сах-

наға  Әлихан  Бөкейхан  бастаған  зи-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

63

ялы қауым өкілдері шықты. Фильмде 



қазақ жерін біріктірген «Алаш Орда» 

тарихын көрсетеді. Қазақ жерін бірік-

тіру,  Алаш  автономиясын  жариялау, 

Мемлекеттік  Думаға  шығу  арқылы 

қазақтың жерін қорғау, ондағы күрес 

жолы, уақытша үкімет кезіндегі ала-

шордашылардың  еңбегі  айтылады. 

Фильмнің бірден-бір ерекшелігі – Ле-

нин,  Сталин  бастаған  большевиктік 

өкіметпен Алашорданың арасындағы 

қарым-қатынасты ашып көрсетуінде. 

Картина  ғылыми-танымдық  жанр-

да.  ХХ  ғ.  басындағы  тарихымызды 

ашатын  фильм  өз  миссиясын  толық 

орындап  шықты  деп  айтуға  болады. 

Деректі  фильмнің  режиссері  Қалила 

Омаровтың айтуынша, түсірілім Ал-

матыда,  Орынборда,  Санкт-Петер-

борда,  сондай-ақ  Алаштың  астанасы 

болған Семей қаласында жүргізілген. 

Фильмнің  басты  жаңалығы  –  Орын-

бордан  Алаш  қайраткерлерінің  өмірі 

өткен  екі  ғимарат  табылды.  Оның 

бірінде Ахмет Байтұрсынұлы тұрған 

және сол үйдің жертөлесінде «Қазақ» 

газетінің  редакциясы  болған.  Ол  үй 

әлі  күнге  дейін  тұр.  Екіншісі  І  және 

ІІ Жалпықазақ сиездері өтіп, «Алаш» 

партиясы,  Алашорда  үкіметі,  Алаш 

автономиясы  дүниеге  келген  қара-

шаңырақ.  Осы  екі  ғимаратта  деректі 

фильм  түсірілді.  Тарихшылар:  Мәм-

бет  Қойгелді,  Қамбар  Атаев,  Миха-

ил  Флоринский  және  60  жыл  өмірін 

Тұрар Рысқұловты зерттеуге арнаған 

жазушы Шерхан Мұртазаның, Алаш 

зиялыларын  көзімен  көрген  жан  – 

Гүлнар Міржақыпқызының сұхбатта-

ры фильмнің мазмұнын тереңдеткен. 

«Алашорда  фотоальбомы»  -  Б. 

Мүрсәлімнің құрастыруымен 2012 ж. 

Алматы қаласында жарық көрген фо-

тоальбом.  Бұл  фотоальбомға  Алаш 

қозғалысы  қайраткерлері  мен  қаты-

сушыларының  суреттері  енгізілген. 

Альбомның  алғы  сөзін  М.  Қойгел-

диев  және  Е.  Қарин  жазған.  Альбом 

«Атқан  таң»,  «Оян,  қазақ!»,  «Алаш 

автономиясы», «Жан пида», «Абақты 

жолы», «Тағзым» және «Алаш қозға-

лысына  мүше  болғандар  мен  ниет-

тестер  тізімі»  бөлімдерінен  тұрады. 

Фотоальбомда  қалың  көпшілікке 

суреттермен  бірге  бұрын  жариялан-

баған суреттер де енгізілген. 



Алаштану – негізі ұлт қайраткер-

лерінің көзі тірісінде басталған зерт-

теу бағыты. ХХ ғ. 20-ж. Алаш қозға-

лысына байланысты Қ.Кемеңгерұлы, 

С.Сәдуақасұлы,  Т.Шонанұлы,  Ж.Ай-

мауытұлы,  С.Сейфоллаұлы,  Ғ.Тоғ-

жанұлы,  С.Мұқанұлы,  А.Бочаров, 

Н.Мартыненко  т.б.,  30-ж.  шеттегі 

М.Шоқай  мен  елдегі  С.Брайнин,  Ш.

Шафиро, Е.Бекенұлы, Ғ.Мүсірепұлы, 

Ә.Тәжібайұлы т.б. авторлардың түрлі 

бағыттағы мақалалары жарық көрді. 

ХХ ғ. 50-80 ж. аралығында да Алаш 

тұлғаларын  сынаған,  қаралаған  ең-

бектер,  қаншама  зерттеулер  шықты. 

Маңызды  оқиға  ретінде  елдегі  про-

фессор  Б.Кенжебаевтың  «Өтелмеген 

парыз»  сынды  санаға  қозғау  салған 

мақаласын  (1957  ж.),    шетелде  (Түр-

кия)  1973  ж.  Хасан  Оралтайдың 

«Алаш» – Түркістан түріктерінің ұлт-

тық  ұраны»  атты  кітабының  жария-

ланғанын айтуға болады. Сондай-ақ, 

Оксфорттың  Орталық  Азияны  зерт-

теу қоғамы кеңесте оқуға тыйым са-

лынған 1920-1930 ж. Алашқа қатысты 

зерттеулерді  қайта  басты.  «Жылы  - 

мық» тұсында бізде Шәкәрім, Ғұмар, 



Алаш қозғалысы

64

Мағжан  қолжазбалары  баспаға  да-



ярлану  жолында  жабылып  қалғаны 

тағы да бар. Қызық жағдайда 1965 ж. 

Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» 

жинағы  шығып  кеткені,  М.Мағауин 

даярлаған Шәкәрім өлеңдерінің 1978 

ж. Ленинград баспасынан орысша жа-

рияланғаны тағы да бар. Мұның бәрі 

алаштанудың  тарихына  кіреді.  1988 

ж.  Қазақстан  компартиясының  қау-

лысынан кейін бұл салада объективті 

жаңа  пайымдаулар  көріне  бастады. 

Бұл бағытта тарихшы-қоғамтанушы-

лардан  К.Нұрпейісов,  М.Қойгел-

диев,  Т.Омарбеков,  Д.Аманжолова, 

Ә.Тәкенов,  О.Сегізбаев,  Қ.Жарықба-

ев,  М.Бурабаев,  И.Қозыбаев,  С.Өз-

бекұлы,  М.Құл-Мұхаммед,  Ө.Озған-

бай,  Қ.Ахметов,  Д.Қыдырәли,  К.І-

лиясова,  С.Смағұлова,  С.Иманбаева, 

әдебиет  тарихшыларынан  С.Қираба-

ев,  М.Базарбаев,  Қ.Мұхаметханұлы, 

Ш.Елеукенов,  Т.Кәкішев,  Ш.Сәтба-

ева,  Ү.Сүбханбердина,  Т.Қожекеев, 

Б.Құндақбайұлы,  Р.Нұрғали,  Қ.Сы-

диықов,  Ж.Ысмағұлов,  Қ.Мәшһүр-

Жүсіп,  А.Еспембетов,  Т.Жұртбай, 

Б.Байғалиев,  Б.Дәрімбет,  Ө.Әбдіма-

нов,  С.Дәуітұлы,  Д.Қамзабекұлы, 

С.Аққұлыұлы,  А.Шәріп,  Б.Әбдіғази-

ев, А.Ісмақ, Б.Мамыраев, Р.Тұрысбек, 

Ш.Керім,  М.Тәжімұрат,  М.Әбсемет, 

Р.Әлмұханова,  тілшілерден  Р.Сыз-

дық,  М.Жүсіпов,  Ғ.Әнес,  Ш.Құрман-

байұлы,  О.Жұбаева,  С.Шүкірұлы 

жазушы  һәм  журналист-зертте-

ушілерден  Ғ.Ахмедов,  Х.Оралтай, 

М.Мағауин,  А.Тасымбеков,  С.Кен-

жеахметұлы,  Д.Досжан,  Н.Қазы-

бек,  А.Нүсіпхан,  Д.Әшімханұлы, 

Ж.Әлмашұлы,  А.Мектеп,  Қ.Сақ  т.б. 

азаматтардың  жұмыстары  белгілі. 

Ең  үлкен  жетістік  ретінде  1990  ж. 

басылған  «Айқап»,  «Қазақ»  жи-

нақтарын,  Ә.Бөкейхан,  М.Жұмабаев, 

Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы т.б. ары-

стардың  бір  томдығы  мен  таңдама-

лысын  және  соңғы  ж.  жарияланған 

Алаш  қайраткерлерінің  (М.Шоқай, 

А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Ай-

мауытұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  С.Сәду-

ақасұлы, М-Ж.Көпейұлы т.б.) көптом-

дығын атауға болады. 



Алаштану  ғылыми-зерттеу  ор-

талығы – Қазақ инновациялық гума-

нитарлық-заң университеті жанынан 

2011 ж. ашылған ғылыми зерттеу ор-

талығы (Семей қаласы). Орталықтың 

құрылуына  Семейдің  сол  жағалауы 

ХХ  ғ.  басында  Алаш  қаласы  ата-

нып  Алаш  қозғалысы  (Алаш  парти-

ясы,  Алаш  автономиясы,  Алашорда 

үкіметі)  тарихында  ерекше  орны 

болуы негіз болды. Орталықтың ди-

ректоры – Шаңбай Тұрдықұл. Орта-

лықтың бағдарламасы жүйелі-кешен-

ді түрде нақтылы ғылыми бағыттар-

мен  айқындалған.  Орталықтың  ба-

сым бағыты – Алаш қозғалысын та-

рихи-саяси, мәдени – философиялық 

құбылыс  ретінде  ғылыми  контексте 

жүйелі  зерттеу.  Орталықтың  іргелі 

ғылыми-зерттеу  бағыты  –  Алашта-

ну мәселелері сериялық ғылыми жи-

нағы. Жалпы он кітап Алаштың 100 

жылдық  меретойына  толық  жарық 

көруі  жоспарланған.  Орталықтың 

концептуальды  бағыты  –  Хан  Ал-

тай, Алаш-Семей, Әлихан Бөкейхан, 

Ахмет  Байтұрсынұлы  энциклопеди-

яларын  дайындау.  Орталық  жылда 

дәстүрлі Алаш оқуларын өткізеді.



«Алаштану 

мәселелері» 

– 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекет-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

65

тік университетінің Алаштану ғылы-



ми-зерттеу  орталығы  дайындаған 

жинақ.  2010  ж.  Семей  қаласының 

«Таным»  баспасынан  жарық  көрген, 

көлемі  27  б.т.  Жинақтың  құрасты-

рушысы  –  Т.Шаңбай.  Сериялық 

ғылыми  жинақ  ретінде  ойласты-

рылған жобаның осы І томына Н.На-

зарбаевтың,  К.Нұрпейістің,  Р.Нұрға-

лидың,  Ж.Әбділдиннің,  М.Қойгел-

дінің,  Д.Аманжолова,  Х.Әбжанов-

тың,  Е.Сыдықовтың  және  тағы  да 

басқа  алаштанушы  ғалымдардың 

еңбектері енгізілген. Жинақтың «Құ-

жаттар»  бөлімінде  Семей  облыстық 

Алаш комитетінің құжаттары топта-

стырылған. 



«Алаштың  азаматы»  -  1917  ж. 

«Қазақ»  газетінде  Ә.  Бөкейхан,  А. 

Байтұрсынұлы,  М.  Дулатов  атынан 

жарияланған  үндеу.  Үндеуде  Ақпан 

төңкерісінен  кейінгі  ахуал,  азаттық 

идеялары, мұндай кезеңде халықтың 

қай бағытты ұстанары, елдік мұрат-

тары  айтылады.  Үндеудің  тарихи 

маңызы  –  аумалы-төкпелі  кезеңде 

Алаш  қайраткерлерінің  жалпы  ха-

лыққа елдік мұраттарын насихатта-

уда. 


Алаштың  жергілікті  ұйымда-

рын,  милиция  құру  және  қара-

жат  жинау  жөніндегі  жеделхаты 

-  Алашорда  төрағасы  Ә.Бөкейхан 

қол  қойған  жеделхат.  Бұл  жеделхат 

Зайсан, Өскемен, Қарқаралы, Павло-

дар,  Петропавл,  Көкшетау,  Ақмола, 

Атбасар,  Баянауылдағы  уездік  зем-

стволарға, қазақ комитеттеріне жол-

данып  Екінші  жалпықазақ  сиезінде 

Алашорда үкіметінің өз міндеттерін 

атқаруға  кіріскендігі  жөнінде  ай-

тылып, көрсетілген аймақтарда Ала-

шорданың жергілікті кеңестерін ашу 

мәселесі көрсетілген.



«Алаштың  рухани  тұғыры»  - 

ғалым  Д.Қамзабекұлының  2008  ж. 

«Алаш»  баспасынан  (Алматы)  жа-

рық  көрген  кітабы.  Еңбекте  Алаш 

қозғалысына  негіз  болған  руха-

нияттың  исламдық,  жәдитшілдік, 

милләтшілдік  бастауы  мен  20-ж. 

әдеби-көркемдік  мұратты  орнықты-

ру  жолындағы  ізденістері  сөз  бола-

ды.  Төңкеріске  дейінгі  және  одан 

кейінгі  рухани  қалып  сарапталады. 

Сондай-ақ, Алаштың рухани тұжы-

рымдамасын  жасаған  тұлғалар  мен 

ұйымдардың  пайым-парасаты  бай-

ыпталады.

Кітапта  Алаштың  не  себепті  ел-

дік-мемлекеттік  рәмізге  айналған 

ұғым  екені,  Ә.Бөкейхан  бастаған 

ұлт  қайраткерлерінің  Алаш  атын 

партияға  да,  үкіметке  (ұлт  кеңесі) 

де бергенде қандай ұстанымды бас-

шылыққа  алғаны,  Алаш  идеясы  қа-

лайша қазақтың ұлттық идеясының 

темірқазығы  болатыны  зерделенеді. 

Сондай-ақ  мұнда  жаңа  түрдегі  ел-

шілдік күрестің, байырғы айбардың 

рәмізі ретіндегі Алаш рухани тұғы-

ры  әдебиет  материалы  негізінде  қа-

растырылады.

  «Алаштың  сөнбес  жұлдызда-

ры» – Г.М. Дулатованың естелік-эссе 

кітабы. 2010 ж. «Мектеп» баспасынан 

жарық көрген, көлемі 18 б.т. Кітапта 

Алаш жетекшілерінің бірі Міржақып 

Дулатовтың  қызы  Гүлнар  Міржақы-

пқызы  Дулатованың  өзі  куә  болған 

жайттар,  оқиғалар  баяндалады.  Үш 

бөлімнен  тұратын  еңбекте  Алаш 

қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұр-

сынұлы,  М.Дулатов,  А.Бірімжанов, 



Алаш қозғалысы

66

Ә.Сәтбаев,  А.Сейітов,  Ә.Алдияров, 



А.Тұрлыбаев,  С.Жанайдаров  тағы 

басқалар туралы тың деректер бар. 



«Алаштың  тілдік  мұрасы»  – 

Алаш  қаламгерлерінің  тіл  туралы 

еңбектері  топтастырылған  жинақ. 

2009  ж.  «Кие»  орталығынан  жарық 

көрген,  көлемі  24  б.т.  Құрастырған-

дар С.Шүкірұлы, Е.Тілешов. Жинаққа 

Ә.Бөкейханның, 

А.Байтұрсынұлы-

ның, Ғ.Қараштың, Х.Досмұхамедұлы-

ның,  М.Дулатовтың,  М.Тұрғанбаев-

тың,  Ж.Аймауытұлының,  Ә.Ермеко-

втің, Н.Төреқұлұлының, М.Жұмабаев-

тың, С.Торайғыровтың, Т.Шонанұлы-

ның, Е.Омарұлының, Қ.Кемеңгерұлы-

ның,  М.Әуезовтің,  І.Ахметұлының 

тіл  турасындағы  еңбектері,  пікірлері 

енгізілген.  Бұл  еңбектерде  Алаш  зи-

ялыларының қазақ тілінің лексикасы, 

грамматикасы, стилистикасы, әліпби, 

әдеби тіл, тіл үйрету әдістемесі, тер-

минология мәселелері және тілдің ұлт 

тарихындағы,  қоғамдағы  орны  мен 

маңызы  жөнінде  ойлары  мен  пікір-

лері  аңғарылады.  Кітаптың  соңында 

Алаш  қайраткерлерінің  тіл  туралы 

қанатты  сөздері,  Алаш  руханияты-

ның шежіресі, ғылыми түсініктемелер 

берілген. 



Алғашқы  киносценарий  –  Түр-

кістан  республикасының  орталығы 

Ташкентте  1922  ж.  «Бекет  батыр» 

жырының  негізінде  жазылған  ки-

носценарий.  Авторы  белгісіз.  Ең-

бекті  үстінен  қарап,  түзеткендер  - 

Әубәкір Диваев пен Халел Досмұха-

медұлы.  Киносценарийге  қайраткер 

Н.Төреқұлұлы  мен  профессор  Е.По-

ливанов  пікір  білдірген.  Кинокарти-

наны  түсірудің  қаржылық  шығыны 

(1922 ж. ақша құны бойынша) 70 мың 

болып  белгіленген.  «Бекет  батыр» 

киносценарийі  86  көріністен  тұра-

ды.  Әрбір  көрініске  кинофильмдік 

фон мен эффект жасалынған. Сцена-

рий авторы түс пен костюмді, оқиға 

өтетін жердің қосалқы жабдықтарын 

тәптіштей сипаттаған. Автордың та-

биғат  көріністеріне  де  ерекше  мән 

бергені  аңғарылады.  Бұған  қарап 

оны жазған кәсіби маман деуге толық 

негіз бар. Қалай дегенде бұл туынды 

Алаш кезеңінің мұрасы ретінде бай-

ыпталуы тиіс.

  «Алқа»  ұйымы  –  ХХ  ғ.  20-ж. 

Алаш қайраткерлері бейресми құрған 

әдеби-мәдени шығармашылық ұйым. 

1920  ж.  большевиктік  диктатура  то-

лық  орнағаннан  кейін  Алаш  серкесі 

Әлихан  Бөкейхан  әріптестерімен: 

«Не  балаларға  сабақ  беріп,  не  жор-

налға, газетке мақала жазып, Алашқа 

қызмет  қылмасақ,  не  қазақ  тілінде 

кітап  жазбасақ,  өзге  жол  бізге  бөге-

улі  ғой»  деп  сырласты.  Алаш  қозға-

лысының жаңа кезеңі басталды. Бұл 

кезеңнің рәмізді атауы – Алқа. 1920-

1924  ж.  идеясы  пішіліп-сызылып, 

талқыланған,  ал  1925  ж.  басында 

зиялылар арасына таратылған Алаш 

қаламгерлерінің ұйымдасқан шығар-

машылық жобасының аты – «Алқа» 

еді.  Егер  өкімет  ресми  түрде  1919 

жылдан  Алаштың  іс-әрекеті  түгіл 

атауына тыйым салғанын білсек, бұл 

«Алқа»  –  Алаш  ныспысымен  үндес 

қана емес, оның идеясының жалғасы 

болып  шығады.  Сондықтан  да  қы-

рағы НКВД 1929 ж. Алаш арыстарын 

бірінші  мәрте  жазалағанда,  «Алқа» 

бағдарламасын  шығармашылық  ұй-

ымның құжаты емес, саяси ұйымның 

құжаты  деп  тапты.  Елшіл  азамат-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

67

тарға  1930-1937  ж.  үкім  шығарарда, 



олардың «Алқаға» кіргені, ұйым мү-

шелерімен  араласқаны  басты  айып 

ретінде тағылды.

«Алқа»  дүниеге  келгенге  дейін 

өлкелік  баспасөзде  саясатқа  байлан-

баған  еркін  шығармашылық  туралы 

Ахмет,  Жүсіпбек,  Мағжан,  Смағұл, 

Мұхтар т.б. тұлғалардың ой-пікірі жа-

рық көрді. Осы және басқа да сұраны-

сты ескеріп, Мәскеудегі «Күншығыс» 

баспасында  қызметте  жүрген  Ә.Бө-

кейхан,  М.Жұмабаев  Қазақстандағы 

А.Байтұрсынұлы, С.Сәдуақасұлы т.б. 

қайраткерлермен  ақылдасып,  жаңа 

әдеби  ұйымның  бағдарламасын  жа-

сады.  Ол  елдегі  және  сырттағы  қа-

лаларда жүрген басты 16 қаламгерге 

таратылды. 

Руханият тарихында ешнәрсе кез-

дейсоқ  тумайды.  Шешiмдi,  табанды 

әрбiр  қадамның  себебi  бар.  1924-

1925 ж. өмiр жүзiне шыққан «Алқа» 

мұраты  тарихи  қажеттiлiктен  пайда 

болды.  Оны  ешкiм  сырттан  таңған 

жоқ:  “Алқаны”  қазақ  ой-санасының 

сұранымы  дүниеге  әкелдi.  Шығар-

машылық  қауымды  біріктіретін  жо-

баның  хатқа  түсуi  –  азат  мұраттың, 

зиялы елдiк нышанның нақтылануы 

едi.


Алдияров  Әбубәкір  Бермұха-

медұлы  (1878,  Торғай  обл.  Қостанай 

уезі, Сарыой болысы – 27.09.1938, Та-

раз)  –  Алаш  қозғалысының  қайрат-

кері. Алашорданың Қостанай уезі ко-

митетінің төрағасы. Торғай облыстық 

комитетінің  мүшесі.  Ы.Алтынсарин 

ұйымдастырған Қостанайдағы екі сы-

ныптық  мектепте,  Орынбор  ер  бала-

лар гимназиясында білім алған. Қазан 

императорлық университетінің меди-

цина  факультетіне  қабылданып,  ге-

нерал-адъютант  Н.А.Крыжановский 

атындағы стипендиямен оқыған. Уни-

верситетті  1904  ж.  күміс  медальмен 

бітірген.  Ақтөбе,  Қостанай  өңірінде, 

Ресейдің  Троицк  қаласында  дәрігер-

лік  қызмет  атқарады.  1916  ж.  патша 

жарлығымен майданның қара жұмы-

сына  алынған  Алаш  азаматтарына 

дәрігерлік  көмек  көрсету  мақсатын-

да  зайыбы  Ажар  Сейдалинамен  (қа-

зақтың  тұңғыш  заңгері  Ж.Сейдалин-

нің  қызы)  Беларуссияның  Пинск  қа-

ласына өз еріктерімен аттанады. 1917 

ж. Алаш қозғалысы атсалысады. 1917 

ж.  Бірінші  және  Екінші  жалпықазақ 

сиездеріне  қатысады.  1918  ж.  қазан-

ның 14-17 күндері өткен Қостанай уезі 

қазақтарының төтенше сиезінде Ала-

шорда  автономиясы  туралы  баянда-

ма жасайды. Баяндама бойынша сиез 

«Қостанай уезі Алаш автономиясына 

қосылып, тек Алаш және Бүкілресей-

лік  үкіметтердің  билігін  мойындай-

ды»  деген  қарар  қабылдайды.  Алаш 

қайраткерлері  қатарында  қудаланып, 

1928  ж.  Өскеменге  жер  аударылды. 

1936-1938 ж. Қырғызстанның Қаракөл 

қаласында  және  Жамбылдағы  темір 

жол  ауруханасында  дәрігерлік  қыз-

метте.  «Ұлтшыл»,  «Алашордашыл» 

деген  саяси  айыптаулармен  1938 

ж.  ату  жазасына  кесіледі.  «  ж.мық» 

ықпалымен  1956  ж.  20  қыркүйекте 

ақталды. 

Алмасов  Омар  (Ғұмар)  (т.ж.б.  - 

1920) – Алаш қозғалысының қайрат-

кері.  Мұғалімдер  семинариясында 

білім алған. 1916 ж. тамызда Торғай, 

Ақмола,  Семей,  Сырдария,  Жетісу 

өкілдерінің  Орынборда  өткен  кеңес 

хатшысы.  Ресей  отаршылдарының 


Алаш қозғалысы

68

маусым  жарлығына  қатысты  Ә.Бө-



кейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Ду-

латұлы сынды Алаш Орда басшыла-

рының пікіріне қолдау білдіреді. 1917 

ж. 2-8 сәуірде Торғай облысы қазақта-

рының  сиезін  ұйымдастырушылар-

дың бірі әрі хатшысы. Орынборда 1917 

ж. 5-13.12. өткен Екінші Жалпықазақ 

сиезінде  Қазақ  автономиясын  Қа-

зақстандағы  өзге  ұлт  өкілдерінің 

көзқарасын  анықтаған  соң  және  ха-

лық  милициясын  құрғаннан  кейін 

жариялауды  жақтаған  көпшіліктің 

қатарында  дауыс  береді.  Сиезде  Ха-

лық  Кеңесінің  мүшелігіне  кандидат 

болып  сайланады.  Торғай    өңірінде 

большевиктік  зор-

лықшыл 

билікке 


қарсы  қарулы  қар-

сылық 


ұйымда-

стыруға 


қатыса-

ды.  Алашорданың 

Торғай 

облысы 


әскери сотының ба-

стығы.  1918  ж.  наурыз  айында  Ала-

шорда  атынан  ұлт  көсемі  А.Байтұр-

сынұлымен  бірге  Кеңес  үкіметімен 

келіссөз 

жүргізуге 

қатысады. 

Аққұмда  (Торғай)  тұтқындауға  кел-

ген  қызыл  әскерлермен  атыста  оққа 

ұшып, қайтыс болды. 



Аманжолова  дина  (1957  ж.  -.)– 

ресейлік  алаштанушы  ғалым,  тарих 

ғылымдарының  докторы.  Шығыс 

Қазақстан об. Бородулиха 1980 ж. Се-

мей  мемлекеттік  педагогика  инсти-

тутын бітірген. 1986 ж. кандидаттық 

диссертация қорғаған. 1980 ж. жоға-

ры  оқу  орындарында  оқытушылық 

қызметте. 1990 ж. бастап Мәскеу қа-

ласында тұрады. Ресейдің Федерация 

кеңесінде жұмыс істеген. 1995 ж. «Ре-

сей  және  Қазақ  автономизмі.  Алаш 

қозғалысының  тарихы  (1905-1920 

жылдар)»  тақырыбында  докторлық 

диссертация қорғаған. Оның «На из-

ломе» атты монографиялық еңбегінде 

Алаш  қозғалысының  бастау  көздері, 

өрістеу  барысы,  қайраткерлердің  са-

яси  -  әлеуметтік  көзқарастары  тал-

данған.  Қазір  Мәскеу  мемлекеттік 

сервис және туризм университетінің 

профессоры.  Бірнеше  монография-

лардың, мақалалардың авторы. 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал