Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет8/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69

Алаш қозғалысы

54

деуінсіз  халық  жоқ.  Сонымен,  Мұх-



тызар  Титақұлының  «Мұрат  үшін 

майдан» пьесасының тарихи миссия-

сы мынау еді: 1) ел үшін аса жауапты 

кезеңде  көркемөнер  күшімен  тарих 

тағылымын  түсіндіру,  ұқтыру;  2) 

Алаш мұраты мен тұлғалары арқылы 

жастардың рухын ояту; 3) жеке адам, 

тұлға ретінде өткен оқиғаға өз көзқа-

расын  білдіру.  Мұның  қай-қайсы  да 

сәтті  шыққанын  туынды  қолжазба-

сын оқып отырып көз жеткіземіз. 

 «Алаш» серіктестігі – Петропав-

лда  1918-1919  ж.  «Жас  Азамат»  га-

зетін шығаруға қаржы бөліп отырған 

серіктестік. Сірә, басында ол Омбыда 

құрылса керек. Серіктестік жарнасы 

50 сом болып белгіленген. «Жас Аза-

маттың»  жылдық  бағасы  –  20  сом, 

жарты жылдығы – 11 сом, үш айлығы 

6  сом  болғанын  басылым  бетінен 

оқимыз.  Дерек  ретінде  көрсетейік, 

1919  ж.  С.Сәдуақасұлы  бастаған  топ 

журнал  шығаруды  қалайды.  Сонда 

қаржы сұраған Батыс Сібір мекемесі-

не «Журналдың 1 ж. шығыны – 200 

мың  сом,  журнал  құны  –  100  сом, 

1500  кісі  жазылса,  бөлген  ақшала-

рыңыз ақталады және қайтарылады» 

дейді.


Алаш  сөзін  сөйлеген  дума  де-

путаттары  туралы  деректер  Ә.Бө-

кейхан, М.Шоқай еңбектерінде және 

«Қазақ»  газеті  бетінде  ұшырасады. 

Сондай-ақ,  3-4  Думаға  қазақтан  де-

путат сайланбағандықтан, ұлтымыз-

дың мүддесін Еділ бойы мен Кавказ-

дан  сайланған  мұсылман  депутатта-

ры көтергені мәлім. Қазаққа қатысуға 

хұқық берiлмеген 1906 жылдан кейiн 

шақырылған  Мемлекеттiк  Думалар-

да  мұсылман  депутаттар  (15.11.1912 

ж.  шақырылған  IV  Думада  6-ақ  мұ-

сылман  болды)  қал-қадерiнше  алаш 

жұртының  проблемаларын  көтердi. 

Мысалы, III Думада Мұсылман фрак-

циясы переселен саясаты мен жалпы 

бiлiм туралы заңды талқылауды күн 

тәртiбiне қойып, халық үнiн үкiмет-

ке  және  әлемге  жеткiздi.  Кавказдан 

келген  өкiл  Халилбек  Хасмамедов 

патша  өкiметiнiң  Қапқаз,  Түркiстан, 

Қазақ елi бағытындағы отаршыл сая-

сатын, переселен мекемелерiндегi со-

дырлықты аяусыз сынайды. III Дума 

депутаты  С.Максудов  мектепте  ана 

тiлiнде  сабақ  жүргiзу  мәселесiн  кө-

тердi. Сонымен қабат осы қайраткер 

Ресейдегi  мұсылмандардың  рухани 

iстерiн олардың Дiни басқармасымен 

келiсiп атқару керектiгiн ұсынды. 

Ресей үшiн аса күрделi шақта жұ-

мыс жасаған IV Думаның мұсылман 

фракциясы жанындағы бюроға (яғни 

депутаттарға көмекшi ынталы топ) әр 

кездерi Мұстафа Шоқай мен Әлихан 

Бөкейхан  жәрдемдескенi  мәлiм.  Мы-

салы, Ә.Бөкейханның Петерборға ба-

руын  қазақ  байлары  сұраған,  сөйтiп 

онда  тұруы  үшiн  орталарынан  қара-

жат жинап берген. Әлиханның дiлгiр 

мәселелерге  арналған  мақалалары-

ның бiр бөлiгi осы Петербор сапарын-

да хатқа түскен. Қайраткер-қаламгер 

аталған уақытта империя астанасына 

бөкейлiктердiң атынан “белгiлi қазақ 

ақыны Ғұмар Қарашұлының” аманат 

арқалап барып, “бас министрге қағаз 

бергенiн” жазады. 

Мемлекеттiк  III  және  IV  Дума-

ларда қазақ жағдайын тек мұсылман 

депутаттары  ғана  айтқан  жоқ.  Басқа 

тiлеуқор  азаматтар  болды.  Ә.Бө-

кейхан жазбаларынан Алаш жұртына 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

55

тiлектес Дзюбинский, Волков, Вино-



градов, Скалозубов, Шишкин сынды 

депутаттардың  болғанын  оқимыз. 

Отандық  тарихшыларымыз  бұлар 

туралы  зерттеу  жүргiзсе  артықтық 

етпес  едi.  Әрине,  осы  және  басқа 

да  империя  орталығындағы  жаңа-

лықтар  “Айқап”,  “Қазақ”  арқылы 

көзi  ашық  жандарға  жетiп  жатты. 

Алаш  жұртының,  өзге  де  мұсыл-

ман халықтарының қиын ахуалынан 

шет  ел  де  хабардар  болып  отырды. 

Айталық,  1909  ж.  Мемлекеттiк  Ду-

маның  бiр  топ  депутаты  Ұлыбрита-

нияға  барады.  Бұлардың  арасында 

кадет серкесi П.Н. Милюков пен та-

тар  қайраткерi  Садретдин  Максуди 

болады. Елге келген соң, ол 1914 ж. 

«Англияға  саяхат»  атты  кiтап  жа-

риялайды.  Осы  еңбегiнде  ол  өзiнiң 

ағылшын королi VII Эдуардтың қа-

былдауында  болғанын,  ағылшын 

ақсүйектерiмен ұшырасқанын, басқа 

да әртүрлi жайды сипаттап жазады. 

С.Максудиге екеуара әңгiмедегi лорд 

Крумердiң:  “Мұсылмандар  батыс 

мәдениетiн  кешiктiрмей  қабылдауы 

керек.  Сiздердiң  дiндерiңiз  бен  бұл 

мәдениет  қабыспайды  деген  түсiнiк 

мүлде  қате.  …Жоғалып  кетпеймiз 

десеңiздер,  ағарту  мен  мәдениет-

ке  мойын  бұрыңыздар”,-  деген  сөзi 

және ақсүйектер қонақасы бергенде 

бiр кiнәздiң: “Сiз С.Максуди емессiз 

бе?  Бiздiң  Лондон  халқы  Ресей  Ду-

масы депутаттарының көрнектiлерiн 

сырттай  жақсы  таниды”,-деуi  ерек-

ше  әсер  етедi.  Бұл  жай  сыпайылық 

үшiн  айта  салған  сөз  емес  екенiн 

татар  зиялысы  аңғарған  секiлдi.  М.

Шоқай  “мұсылман  депутаттарының 

ең  таңдаулысы”  деп  бағалаған  осы 

С.Максуди – Дума мiнберiнде қазақ 

секiлдi ұлттардың қамын жеп сөйле-

ген қайраткердiң бiрi. 



 «Алаш туы астында» - алашта-

нушы  ғалым  Е.Тілешовтің  2013  ж. 

Астана  қ.-да  жарық  көрген  кітабы. 

Еңбекке  Алаш  қозғалысына  қаты-

сты  ғылыми  мақалалар  енгізілген. 

Сонымен  бірге  автор  Алаш  қозға-

лысына  қатысушылардың  ғылыми 

тізімін  жариялаған.  Сондай-ақ,  кіта-

пқа  Д.Қамзабекұлымен  бірлестікте 

дайындалған  «Алаш  шежіресі»  де 

енгізілген. 

«Алаш»  ұғымы  –  қазақ  халқы-

ның байырғы сөзі. Мағынасы – елдік, 

тұтастық, бірлік, айбарлық деген бір-

неше ұғымдарды жинақтайды. Қазақ 

ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан 

болғанда»,  «алты  алаш»,  «алты  сан 

алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты 

тіркестер  ежелден  айтылады.  Сон-

дай-ақ,  «Керегеміз  –  ағаш,  ұраны-

мыз  –  Алаш»  деген  нақыл-ұстаным 

да  бар.  Бұдан  шығатын  қорытынды, 

алаш – қазақ ұлтының өте бір аяулы 

сөзі.  Мұны  қазақ  этнонимінің  сино-

нимі десек те болады. Жалпы тілдік 

негізі  тұрғысынан  келсек,  алаштың 

түбіріндегі  «ал»  –  от,  қызыл,  арай 

дегенді  білдіретін  ежелгі  түркі  сөзі. 

Мысалы,  Алтай,  алау,  алқызыл,  ал-

бырт, аластау, албар, аламан, алөкпе, 

алаң,  алқап  т.б.  сөздердің  арғы  түбі 

«от»  ұғымына  (қуат,  күш,  жігер, 

шапшаңдық,  қызбалық,  тегеурін, 

зор  деген  мағынадағы)  барып  тіре-

леді.  Отандық  зерттеушілер  ішін-

де  Шоқан  Уәлиханнан  бастап  Алаш 

ұғымын зерделегенін байқаймыз. Ол 

қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қоя 

отырып («начало народа казахов или 



Алаш қозғалысы

56

алач ...»), былай деп жазады: «У кир-



гиз разные роды имеют свою тамгу и 

уран. Уран у всех киргиз есть алач». 

Бұдан Алаштың – елдік-мемлекеттік 

рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. 

ХХ  ғ.  басында  Ә.Бөкейхан  бастаған 

ұлт қайраткерлері Алаш атын парти-

яға да, үкіметке (ұлт кеңесі) де бер-

генде  осы  ұстанымды  басшылыққа 

алғаны анық. Азаматтық тарихымыз 

үшін  аса  маңызды  Алаш  қозғалысы 

кезеңінде  Алаш  идеясы  –  қазақтың 

ұлттық  идеясының  темірқазығы 

болды.  Зиялылардың  Алаш  атауын 

таңдауы да жайдан-жай емес еді. «Ке-

регеміз  –  ағаш,  ұранымыз  –  Алаш». 

Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – 

идеология. Тоқтам осындай болатын. 

Алаш  –  жаңа  түрдегі  елдігіміздің, 

байырғы айбарымыздың рәмізі еді.

 «Алаш ұлына» - 1917 ж. «Қазақ» 

газетінде  Ә.Бөкейхан,  М.Шоқай, 

М.Дулатов  атынан  жарияланған 

үндеу.  Аталған  Алаш  қайраткер-

лерінің бұл үндеуі: «Азаттық таңы 

атты. Тілекке Құдай жеткізді. Күні 

кеше құл едік, Енді бүгін теңелдік. 

Қам көңілде қаяудай арман қалған 

жоқ»  деп  басталатын  үндеу  ха-

лықты  қайрауға,  жігерлендіруге 

құрылған. 

«Алаш һәм Алашорда» – К.Нұр-

пейісовтің кітабы. 1995 ж. «Ататек» 

баспасынан  жарық  көрген,  көлемі 

16,8  б.т.  Монография  –  тәуелсіздік 

ж. Алаш қозғалысы тарихынан жа-

зылған  ең  алғашқы  еңбектердің 

бірі.  Бұл  кітапта  Алаш  қозғалысы-

ның қозғаушы күштері, тарихи-са-

яси  алғышарттары,  Алаш  партия-

сының  және  Алашорда  үкіметінің 

құрылуы  сөз  болады.  Сондай-ақ, 

зерттеуде  облыстық  және  жал-

пықазақ сиездері, олардың мақсаты 

мен шешімдері жөнінде, бұған қоса 

Алашорда  мен  кеңестік  билік  ара-

сындағы  қарым-қатынастар  ғылы-

ми  талдаудан  өткен.  Монографияда 

Алаш  қозғалысы  мүшелерінің  тізімі 

алғаш рет берілген. 

  «Алаш  һәм  Әуезов»  –  Рымғали 

Нұрғалидың  зерттеу  кітабы.  Зерт-

теуде  Алаш  қаламгерлері  Шәкәрім, 

А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Ай-

мауытов,  М.Жұмабаевтардың  өмірі 

мен  шығармашылық  мұрасы  зерде-

ленген. 

Алашорда  үкіметі,  Алашорда-

ның  халық  кеңесі  –  1917  ж.  5-13 

желтоқсан  аралығында  Орынборда 

өткен  екінші  жалпықазақ  сиезінің 

шешімімен құрылған қазақтың авто-

номия  бағытын  ұстанған  үкіметінің 

аты.  Оның  аталымы  тарихи  Алтын 

Орда,  Ақ  Орда,  Көк  Орда  нұсқала-

рымен  ұқсас.  Орда  –  ежелгі  түрік-

моңғол тілінде орталық, кіндік деген 

мағынаны берген атау. Тіпті кеңестік 

қазақтың  кіндік  қаласы  атанған 

Қызылорда  (Қызыл  Орда)  атауын 

да  осы  өреде  қарастыруға  болады. 

Алаш  Орда  –  Ұлт  кеңесінің  құра-

мына  мына  қайраткерлер  сайланды: 

төраға  (қазіргіше  премьер-министр) 

– Әлихан Бөкейхан, мүшелері (мини-

стрлер)  –  Уәлитхан  ТанашЕв,  Халел 

Досмұхамедұлы,  Айдархан  Тұрлы-

баев,  Ахмет  Бірімжанов,  Халел  Ғаб-

басов,  Салық  Аманжолов,  Мұстафа 

Шоқай,  Жаһанша  Досмұхамедұлы, 

Әлімхан  Ермеков,  Мұхамеджан  Ты-

нышбаев,  Жақып  Ақпаев,  Базарбай 

Мәметов,  Отыншы  Әлжанов.  Мү-

шелікке кандидаттар (министрлердің 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

57

орынбасарлары):  Иса  Қашқынбаев, 



Нүсіпбек Жақыпбайұлы, Ережеп Ит-

баев,  Сатылған  Сабатаев,  Есенғали 

Қасаболатов,  Батырқайыр  Ниязов, 

Мұқыш  Боштаев,  Сейілбек  Жанай-

даров,  Сәлімгерей  Нұралыханұлы, 

Омар  Алмасов,  Сейдәзім  Қадырба-

ев,  Аспандияр  Кенжин,  Молданияз 

Бекімов,  Есен  Тұрмағамбетов,  Жа-

неке  Сұлтанайұлы  (қырғызша  аты 

– Жақып Солтонайұлы). Оқу комис-

сиясының мүшелері: Ахмет Байтұр-

сынұлы,  Мағжан  Жұмабаев,  Елдес 

Омаров,  Биахмет  Сәрсенұлы,  Телжан 

Шонанұлы.  Алаш  Орданың  демокра-

тиялық,  теңдік  бағытын  ұстанғанын 

мына жағдай да көрсетеді. Ол жалпы 

үкімет мүшелерінің (ағзасының) саны 

– 25 болсын деп белгілеп, мұның 10-

ын  қазақ  арасында  тұратын  өзге  ұлт 

өкілдеріне  қалдырған.  Ал,  енді  жоға-

рыдағы Ә. Бөкейхан бастаған 15 үкімет 

мүшесінің  біреуі  қырғыз  ұлтының 

өкілі екенін ескерсек, сонда басқа ұлт 

үшін  берілген  орын  11  болып  шыға-

ды. Осы сиез Алаш Орданың уақытша 

орны деп Семей қаласын белгілеген. 



Алашорда.  Краткий  историче-

ский очерк о национально-буржуаз-

ном движении в Казахстане периода 

1917-1919 гг – кеңестік тарихшы А.К.

Бочаговтың кітабы. 1927 ж. Қызылор-

да  қаласында  жарық  көрген.  Кітап 

«1917 ж. желтоқсан сиезі», «Контрре-

волюция жолымен», «Алашорданың 

шығыс  бөлімі»,  «Алаш»  партиясы-

ның саяси мәні», «Тарихи құжаттар» 

деген  бөлімдерден  тұрады.  Марк-

сизм-ленинизм 

принциптерімен 

жазылған  кітап  Алаш  қозғалысын, 

Алашорда  үкіметін,  «Алаш»  парти-

ясын сынауға құрылған. 

Алашорда төрағасының Бүкілре-

сейлік  Құрылтай  жиналысына 

хаты – Ә.Бөкейханның 1918 ж. 30 та-

мыздағы  хаты.  Бұл  көлемді  құжатта 

Алашорда  төрағасы  Бүкілресейлік 

Құрылтай  жиналысынан  оның  Алаш 

автономиясына  қатынасын  білдіру-

ді өтінген. Хатта Екінші жалпықазақ 

сиезінің  қаулылары  мейлінше  толық 

таныстырылады. Сонымен бірге, Ала-

шорда  үкіметінің  большевиктерге 

қарсы күресі де баяндалған. 



«Алашорда» министрлері». «Ми-

нистры  «Алаш  Орды»  –  Марат 

Ескендірұлының  (Әбдешев)  кітабы 

(қазақ  және  орыс  тілдерінде).  2008 

ж.  Алматы  қаласында  жарық  көрген, 

көлемі  7,5  б.т.  Кітапта  Алашорданың 

үкіметі  (Ұлт  кеңесі)  мүшелері  Ә.Бө-

кейхан,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Х.

Досмұхамедұлы,  Ж.Досмұхамедұлы, 

Х.Ғаббасов,  Ә.Ермеков,  Б.Құлманов, 

У.Танашев,  А.Тұрлыбаев,  М.Тыныш-

баев,  М.Шоқай  және  т.б.  өмірі  мен 

қызметі жөнінде мәліметтер беріледі. 

Сондай-ақ,  кітаптың  қосымшасында 

Екінші жалпықазақ сиезінің хаттама-

сы, Алаш қайраткерлерінің кейбір құ-

жаттарының көшірмелері берілген. 



«Алашорда».  Сборник  докумен-

тов»  -  кеңестік  тарихшы  Н.Марты-

Алаш қозғалысы

58

ненконың  1929  ж.  Қызылорда  қала-



сында  жарық  көрген  кітабы.  1992  ж. 

«Айқап»  баспасынан  екінші  рет 

жарық  көрген,  көлемі  10,2  б.т.  Жеті 

тараудан  тұратын  құжаттар  жинағы 

1916-1920 ж. қамтиды. Кітапта Алаш 

қозғалысының  бастау  көздері,  жал-

пықазақ  сиезін  ашу  мәселесі,  облы-

стық қазақ сиездері, облыстық қазақ 

комитеттері,  «Алаш»  партиясының, 

Алашорда  үкіметінің,  Алаш  автоно-

миясының  құрылуы  жөнінде  айты-

лады. Кітап сол кездегі большевиктік 

саясат тұрғысынан жазылған. 

Алашорда  үкіметінің  Ойыл 

уәлаятын тарату жөніндегі шешімі 

–  1918  ж.  11  қыркүйектегі  Алашор-

да  төрағасы  Ә.  Бөкейхан  және  Ала-

шорданың  Іс  басқармасы  төрағасы-

ның  орынбасары  А.  Бірімжанов  қол 

қойған  шешім.  Бұл  құжатта  Алаш 

автономиясының  Батыс  бөлігін 

басқару  үшін  Ж.  Досмұхамедовтің 

төрағалығымен  Алашорданың  Ба-

тыс бөлімі құрылғандығы, оған Орал 

облысы,  Бөкей  Ордасы,  Маңғыш-

лақ  уезі,  Торғай  облысының  Ақтө-

бе және Ырғыз уездерінің енетіндігі 

айтылып,  соған  орай  Ойыл  уәлаяты 

үкіметінің  таратылғандығы  көр-

сетілген. 



Алашорда 

үкіметінің 

іске 

кіріскендігі  туралы  жеделхат  – 

Алашорда  төрағасы  Ә.Бөкейханның 

1918  ж.  17  шілдесінде  Алаш  қала-

сынан жолдаған жеделхаты. Бұл же-

делхат  Көкшетау,  Павлодар,  Зайсан, 

Қарқаралы,  Петропавл,  Ақмола,  Ат-

басар және т.б. уездердегі қазақ коми-

теттер  мен  земство  басшыларының 

атына  жолданған.  Мұнда  Алашор-

да  үкіметінің  Екінші  жалпықазақ 

сиезінің  шешімдеріне  сәйкес  Алаш 

қаласында  11  маусымда  жұмысқа 

кіріскендігі,  Сібір  және  Башқұрт-

стан автономияларымен ынтымақта-

стығы  Орынбор  атты  казактарынан 

қару-жарақ  алатындығы,  Семей, 

Ақмола  облыстарында  милиция  от-

рядтары  құрылғандығы  жөнінде, 

Жетісу облысындағы большевиктер-

мен  соғысқа  аттанғандығы,  туралы 

айтылады.  Дәл  осы  мазмұндағы  же-

делхат сол күні Орал облыстық қазақ 

комитеті мен земство басқармалары-

на  жолданып,  Алашорда  төрағасы 

Орал және Орынбор казачестволары 

басшыларынан  халықтық  милиция 

ұйымдастыру  үшін  көмек  сұрау-

дың  қажеттілігін  айтқан.  Алашорда 

үкіметінің  Алаш  автономиясы  ау-

мағындағы  территорияларды  басқа-

ру және жұмылдыру үшін бұл жедел-

хаттың өзіндік маңызы болды. 



Алашорданың Батыс бөлімі, Ба-

тыс Алашорда – ХХ ғ. басында Ба-

тыс  Қазақстан  аймағында  орнаған 

ұлттық-мемлекеттік  пішімдегі  авто-

номиялық құрылым. 1918 ж. қыркүй-

екте  Уфа  Директориясын  құру 

мәжілісіне  Алашорда  үкіметі  тара-

пынан  12  делегат  қатысты.  Олар  11 

қыркүйекте  автономиялық  үкімет 

төрағасы  Ә.Бөкейханның  және  Ха-

лел, Жанша Досмұхамедовтер (Орал), 

Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Та-

нашев  (Бөкей  Ордасы),  Сағындық 

Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұр-

мұхамедов,  Бижан  Жанқадамов 

(Орал), сондай-ақ, Ахмет Бірімжанов 

(Торғай),  Әлімхан  Ермеков,  Мұха-

меджан Тынышбаев (Жетісу) сияқты 

үкімет мүшелерінің қатысуымен тө-

тенше мәжіліс өткізді. Мәжіліс Алаш 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

59

автономиясының  жергілікті  басқару 



жүйесі  туралы  мәселені  талқылап, 

бұрынғы  «Ойыл  уәлаяты»  Уақытша 

үкіметін  тарату,  оның  орнына  А.Б. 

б-н құру туралы шешім шығарды. Ол 

ресми түрде «Алаш автономиясының 

батыс  бөлігін  басқару  жөніндегі 

бөлімше»  деп  аталды.  Оның  төраға-

лығына  Ж.Досмұхамедов  сайланды. 

А.Б. 

б-нің 


әкімшілік  құ-

з ы р е т і н е 

б ұ р ы н ғ ы 

«Ойыл  уәлая-

тының»  жері-

не  қоса  Бөкей 

Ордасының, 

Ақтөбе,  Ырғыз  уездерінің  (Торғай 

облысы) және Маңғыстау уезінің (За-

каспий  облысы)  аумағы  кірді.  Яғни 

Уфа  мәжілісінің  шешімінен  кейін 

бұрын  «Облыстық  қазақ  комитеті», 

«Ойыл  уәлаяты»  аталған  Күнбатыс 

Алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, 

тұрғын  халқының  жалпы  саны  1,5 

млн. адамға жетті. Осы кезеңді зерт-

теуші  кейбір  тарихшылар  Досмұха-

медовтер  ұйымдастырған  «Халық 

милициясының» құрамын ғана есеп-

ке алып, «Батыс Алашорда үкіметінің 

2 мыңдай әскері болды» деген пікірге 

ғана табан тіреп келді. Шын мәнінде, 

сол кезде Бөкей Ордасының Жаңақа-

ла,  Казталов  аудандары  маңында  Б.

Құлманов басқарған Үлгілі Қазақ ка-

валерия  бригадасы,  Жайықтың  оң 

жақ  бетінде  –  Теңіз  округі  жерінде, 

сондай-ақ  Жылой,  Рәкөш  маңында 

Әубәкіров,  Меңдіқұлов,  Мұқан  Көз-

декенов басқарған, Кетік (Форт-Алек-

сандровск)  қаласында  Қадырбай 

Есмағамбетов,  Әбуғали,  Тәжіғали 

Таңқыбаев  басқарған  алашордашыл 

жасақтар құрылған. Сондай-ақ, Алаш 

қозғалысына Маңғыстау өңірінде То-

банияз тобы да тілекші болып, әске-

ри  қолдау  көрсеткен.  Тіпті,  қазақ 

ауылдарын «ақ» пен «қызыл» атанған 

әскерилердің 

талап-тонауынан 

қорғап қалу үшін атқа қонып, Нарын 

құмында белсенді іс-қимылымен аты 

шыққан  әнші-композитор  Өтеғали 

Арыстановтың  жасақтары  да  алаш 

сарбаздарымен  мұраттас-мұғдалас 

қарулы  топтар  еді.  А.Б.  б-нің  жетек-

шілері,  кейбір  тарихшылар  тұжы-

рымдағандай,  «сепаратистік  пиғыл-

ды» - Орталық Алашорда үкіметінен 

бөлінуді  де  немесе  шексіз  билікке 

жетіп,  бүкілқазақстандық  өкімет 

тұтқасын  иеленуді  де  көздеген  емес. 

Бұл  –  1917  ж.  5  желтоқсанда  Орын-

борда өткен ІІ - Жалпықазақ сиезі қа-

улысының 

1-тармағына 

сәйкес 

құрылған  «ұлттық-жерлік  автоно-



мия» ғана. Бұған қоса, Орталық Ала-

шорда  үкіметінің  Уфадағы  аталмыш 

мәжілісінің шешімінде өлкедегі соғыс 

жағдайының ушығып, жол қатынасы-

ның  нашарлап  кетуіне  байланысты 

жергілікті басқаруды оперативті түр-

де  қамтамасыз  ету  үшін  автономия-

ның  Батыс  бөлімін  құру  қажеттігіне 

айрықша  мән  берілген.  Сонымен  қа-

тар,  А.Б.  Батыс  Қазақстан  аймағын 

Орталық 

Алашорда 

үкіметінен 

түсетін маңызды әрі принципті нұсқа-

улар негізінде басқаратындығы, сон-

дай-ақ төтенше жағдайларға киліккен 

не  Орталық  Алашордамен  арадағы 

байланыс  үзілген  жағдайда  оның 

үкімет  құқыларын  иеленетіндігі  де 

атап көрсетілген. А.Б. б-нің құрылған 

кезі Жайық өңірінде Азамат соғысы-


Алаш қозғалысы

60

ның  асқынып,  өлке  тағдыры  қолдан 



қолға өтіп тұрған кезең еді. Осы ала-

сапыран  шақта  жан-жақты  келіссөз-

дер жүргізіп, әралуан мәмілелер жа-

сасу  арқылы  большевизмге  қарсы 

күресуші ақтар үкіметінің келешекте 

орыс  емес  «ұлттарға  ешнәрсе  бер-

мейтіні  былай  тұрсын,  тіпті  олар 

езілген  халықтардың  әділетке  сай 

құқыларға... ие болуына қарсы шыға-

тындықтарына»  көздері  жетті.  Өзін 

«Бүкілресей  монархы  деп»  жария-

лаған  адмирал  Колчактың  да,  Дени-

киннің де уәдесінен көңілі суыған та-

тар, башқұрт қайраткерлері (Зәки Ва-

лиди Тоған, т.б.) сияқты қазақ халқы-

ның  зиялылары  да  ұлттық  тәуел-

сіздікке жетудің соңғы үмітіне балап, 

теңдік  ұранын  көтерген  большевик-

тер жағына шыға бастады. Солардың 

бірі – қазақ халқының көрнекті қоғам 

қайраткері,  саяси  жетекшісі  А.Бай-

тұрсынұлы 1919 ж. 10 шілдеде В.И.Ле-

нин басшылығымен құрылған «Қазақ 

өлкесін  басқаратын  әскери  ревком» 

төрағасының  орынбасары  болғаннан 

кейін  «Жизнь  национальностей»  га-

зетінде  (1919,  3  тамыз)  «Революция 

және қазақтар» атты мақала жарияла-

ды.  Онда  Алаш  партиясы  мен  Ала-

шорда  үкіметі  жетекшілерінің  саяси 

көзқарас  ерекшеліктерін  түсіндіре 

келіп,  «Алашордашылардың  торғай-

лық тобының делегаты ретінде Орта-

лық  Кеңестік  Ресейге  келіссөз  жүр-

гізуге  келген  мен...  «Ресей  халықта-

рының  құқылары  Декларациясына» 

сәйкес  (олардың)  қазақ  мәселесіне 

ықыласпен зер салғандығының куәсі 

болдым.  Колчак  билігінен  Кеңес 

өкіметін  артығырақ  көруіміз  қате 

еместігін  өз  жолдастарыма...  айтып, 

оларды  тыныштандырғым  келді», 

дейді.  Шынында  да,  Байтұрсынов 

Жайық  өңірінде  елеулі  ықпалы  бар 

саяси-әскери күшке айнала тұра, екі 

оттың – елдегі монархиялық билікке 

қол  жеткізу  үшін  уақытша  одақтас 

тұтқан,  бірақ  аз  ұлттар  келешегіне 

шовинистік-империялық 

үстемдік 

тұрғысынан  қарайтын  «ақтар»  мен 

әлеуметтік-саяси  тұтас  организм  – 

дәстүрлі қазақ қоғамын тапқа, жікке 

бөлу арқылы бағындыруды көксеген 

«қызылдардың»  ортасында  қалған 

Күнбатыс  Алашорда  жетекшілерін, 

олардың соңына ерген қалың бұқара-

ны  нақақ  қантөгістен,  қарулы 

қақтығыстардан  аман  алып  қалу 

үшін жұмыстанды. 1919 ж. 30 наурыз 

– 13 желтоқсан аралығында Орал об-

лыстық ревкомы ұлт істері жөніндегі 

бөлім  қызметкері  Қ.Тәтібаев  та  осы 

мақсатпен Досмұхамедовтердің став-

касына бірнеше рет келеді. Бұл кезде 

Қызыл  армия  Шығыс  майданда 

жеңіліске  ұшырап,  уақытша  шегініп 

бара жатқан еді. Сондықтан да шығар, 

Жанша мен Халел бастаған топ облә-

сревкомның  (Б.Қаратаевтың)  хатына 

да,  Мәскеуден  келген  телеграммаға 

да екіұшты жауап беріп, большевик-

тер жағына шығу туралы шешім қа-

былдауды  «қолайлы  жағдайлар 

туғанға  дейін»  кідірте  тұрады.  1919 

ж. 27 қазанда Қазәсревкомның кеңей-

тілген  мәжілісінде  Байтұрсыновтың 

табанды ұсынысымен «қазақ халқын 

біріктіру» және Кеңес өкіметі жағына 

шыққан  жағдайда,  Қызыл  Армияға 

қарсы  күресіп  жатқан  А.Б.  б-не 

кешірім  жасау  мәселесі  қаралды. 

Осыған орай Түркістан майданының 

саяси  бөлімі  Күнбатыс  Алашорда 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

61

әскерлерінің 



арасында 

«Кеңес 


өкіметіне сенімсіздік жойылсын» де-

ген  үндеу  парақшаларын  таратып, 

Кеңес өкіметін толық мойындап, Қы-

зыл  Армияға  көмек  көрсеткендерге 

толық  кешірім  жасалатындығын  ха-

барлады.  Біраз,  Азамат  соғысында 

басымдыққа жетіп, өздерін жаңа дү-

ниенің қожасы сезіне бастаған Кеңес 

өкіметінің  өкілдері  енді  А.Б.  б-нің 

жетекшілерін  менсінгісі  келмеді. 

Тіпті,  С.Меңдешов  басқарған  Қазә-

сревком  комиссиясы  «Алашорданың 

батыс  бөлімінің  Кеңес  жағына 

шығуы осы өкімет идеясын жақтаған-

дықтан  емес,  керісінше  бұрынғы 

одақтасы – Орал казак-орыстарының 

түзелмейтін  жағдайға  тап  болған-

дығынан  және  Орал  облысынан 

қашып  кету  мүмкіндігі  қалмаған-

дығынан»  деген  ұйғарым  жасады. 

1919 ж. қарашада Жымпиты қаласын-

да өткен жиында Жанша ел ішіндегі 

саяси  ахуалға  талдау  жасай  келе, 

Күнбатыс  Алашорданың  орталығын 

Ойылға  көшіру  жөнінде  шешім  қа-

былдады. Сол арқылы Күнбатыс Ала-

шорда жетекшілері Орал облысында 

орныққан  Кеңес  өкіметінің  ықпа-

лынан  алыстап,  дербес  билік  тұтқа-

ларын сақтап қалуға үміттенді. Әуелі 

Ойыл  қаласына,  кейін  Қызылқоғаға 

ту  тіккеннен  кейін  өздерінің  үзіл-

ді-кесілді берілуін талап еткен боль-

шевиктер үкіметінің талабына бірден 

келісе қоймай, тең құқылы қарым-қа-

тынас орнатуға талпынды. Өздерінің 

халық  сайлаған  үкімет  екендіктерін 

алға  тартып,  Қызылқоғаға  бекінген 

ақ  гвардияшылардың  бөлімшелерін 

бірлесе талқандау жоспарын ұсынды. 

1919  ж.  27  желтоқсанда  Күнбатыс 

Алашорда  әскерлері  Қызылқоғаның 

«Райгородок»  а-на  орналасқан  Елек 

корпусының  штабын  басып  алды. 

Ген.Акутин бастаған ақ офицерлерді 

500  казак-орыс  сарбазымен  қоса 

тұтқындап,  қару-жарақтарын  олжа-

лады.  Екі  күн  бойы  оларды  құтқар-

мақ  болған  казак-орыс  әскерлерімен 

шайқасады.  Қызылқоғаға  кешігіп 

жеткен  Қызыл  Армия  бөлімдері 

ақтардан  олжалаған  қару-жарақтар-

ды,  мүліктерді  иеленіп,  А.Б.б.  мен 

әскери бөлімін таратуға кірісті. 1920 

ж.  12  қаңтарда  1-Қызыл  армия  рев-

комның  уәкілі  Наумов,  Қазәсревком 

уәкілі Бегімбетов, Күнбатыс Алашор-

да  бөлімінің  төрағасы  Жанша  дала 

жұртын Кеңес өкіметі тәртібіне бағы-

нуға  шақырды.  Бірақ,  саяси  мәдени-

еті  төмен  Кеңес  өкіметі  өкілдерінің 

астамшылығының кесірінен алашор-

дашыл  қайраткерлерге  кешірім  беру 

мәселесі бірнеше айға созылды. Ақы-

ры, ұзақ дау-дамайдан соң Қазәсрев-

комның 1920 ж. 5 наурыздағы қаулы-

сына  сәйкес  А.Б.б.  таратылып,  оның 

белсенді  басшылары  –  Жанша  мен 

Халел, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәле-

нов, Беркінғали Атшыбаев «халықтан 

оқшауландыру»  мақсатымен  Ресей-

дің орталық губернияларына жер ау-

дарылды. Екінші жалпықазақ сиезін-



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал