Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет7/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69

Алаш милициясы, халықтық ми-

лиция  –  1917  ж.  желтоқсанның  5-13 

күндері  Орынборда  өткен  екінші 

жалпықазақ  сиезінің  шешіміне  сәй-

кес  құрылған  Алаш  автономиясы-

ның  қарулы  жасақтары.  Негізінен, 

атты  әскер  түрінде  жасақталатын 

халықтық милиция қатарына әскери 

қызметті  атқаруға  жарамды  20  мен 

35  жастың  арасындағы  ер  азамат-

тар  алынатын  болды.  Бөкей,  Орал, 

Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу 

облыстарындағы  милиция  қызмет-

керлерінің жалпы саны 13500 болсын 

делініп, әр облыс бойынша әскер қа-

тарына  шақырылғандар  саны  мына 

мөлшерде белгіленді: Бөкейде – 1000, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

47

Оралда – 2000, Торғайда – 3000, Ақ-



молада – 4000, Семейде – 1500 және 

Жетісу  облысында  –  2000  адам.  Ә. 

Бөкейхановтың 1919 ж. ақпанның 11-

інде Колчак үкіметінің ресми делега-

циясымен  жүргізген  келіссөздерінде 

келтірілген  мәліметтеріне  қарағанда 

сол  кезде  азамат  соғысы  майданда-

рында Қызыл Армияға қарсы күреске 

қатысқан  Алаш  қарулы  күштерінің 

саны  3000-нан  асқан.  Алашорданың 

таратылуымен  бірге  ол  құрған  «ха-

лықтық милиция» бөлімдері де тара-

тылды.

Алаш  оқулықтары  –  бұл  салы-

стырмалы түрде өте кең ұғым. Бұған 

Алаш  тұсындағы  оқу  құралдары  да 

(мысалы, Тұрғанбайұлы М. Пайғам-

бар  заманы.  Бастауыш  мектептiң 

соңғы  жылы  үшiн.  -  Оренбург:  Ғ.Ғ.

Хусаинов  уә  ширкәсiнiң  мәтбәгәсi, 

1915.  -  51  б.),  Алаш  қайраткерлері 

жазған  оқу  құралдары  да  кіреді. 

Мұның  ішінде,  мысалы,  «Медресе 

Ғалия»  шәкірттері  жазған  дүние-

лер де бар (Қазақ уә қырғыз балала-

ры  үшiн  осул  саутия  илә  жазылған 

әлiппе  яки  төте  оқу.  Мөрәттиб  уә 

нәшәрләрi: Мәдрәсә-и Ғалиядағы қы-

рғыз  уә  қазақ  шәкiрттерi.  Құрасты-

рған Ишанғали Арабаев және Хафиз 

Сәрсекеев.  -  Уфа:  Шарқ  мәтбәғәсi, 

1911.  -  52  б.).  Әйгілі  Ахмет  Байтұр-

сынұлының  әліппесі  «Оқу  құралы» 

деген атпен 1912-1925 ж. арасында 7 

рет  қайта  басылып,  ұлтты  ағартуға 

үздіксіз  қызмет  етті.  1926  ж.  ағар-

тушы «Әліп-бидің» жаңа түрін жаз-

ды.  Қайраткер  «Тіл-құрал»  атты  үш 

бөлімнен  тұратын,  үш  шағын  кітап 

болып жарияланған оқулығы арқылы 

қазақ тілінің табиғатын, құрылымын 

танып-танытуды  мектепте  белгілі 

пәні  арқылы  да  үйретуге  болаты-

нын  дәлелдеді.  1914  ж.  Орынборда 

Міржақып  Дулатұлының  бастауыш 

мектептің  екі  жылдығына  арналған 

«Есеп құралы» жарық көрді. Ал, 20-

ж. қайраткердің «Есеп құралы: бірін-

ші жылдық» (Орынбор, 1922), «Есеп 

құралы: екінші жылдық» (Қызылор-

да,  1927)  атты  оқулықтары  жария-

ланды. 1920-1921 ж. А.Байтұрсынұлы 

Халық  ағарту  комиссары  (министр) 

болып тұрғанда оқулық жазу ісі бір-

шама  жүйеленді.  Авторлар  жоқ  кез-

де  «білікті  оқығандарға  жаздырту» 

(тапсырыс)  деген  ұғым  шықты.  Ах-

мет  Байтұрсынұлының,  Қошке  Ке-

меңгерұлының – лингвистика, тарих, 

әдебиеттану,  методика;  Міржақып 

Дулатұлының,  Әлімхан  Ермекұлы-

ның, Сұлтанбек Қожанұлының – ма-

тематика; Жүсіпбек Аймауытұлының 

– психология; Мағжан Жұмабайұлы-

ның  –  педагогика;  Елдес  Омарұлы-

ның  –  физика,  геометрия;  Жұмақан 

Күдеріұлының – биология; Х.Досмұ-

хамедұлының  –  зоология,  лингви-

стика,  анатомия;  З.Оспанұлының  – 

астрономия;  Телжан  Шонанұлының 

–  тарих,  тіл;  Мұхтар  Әуезұлының 

- әдебиет; Жұмағали Тілеуліұлының 

–  медицина  ғылымына  байланысты 

оқу құралдары жарық көрді. Әлихан 

Бөкейхан бастаған енді бір топ ғалым 

орыс  тіліндегі  дүниелік  ғылымдар-

ды  танытатын  оқулықтарды,  ғылы-

ми  еңбектерді  қазақ  тілінде  аудара 

бастады.  Айталық,  К.Фламмарион-

ның  “Астрономия  әліпбиін”,  Д.Гра-

венің “Дүниенің құрылысын” - Ә.Бө-

кейхан;  Ю.Вагнердің  “Жердің  жа-

ратылысы  жайындағы  әңгімелерін” 



Алаш қозғалысы

48

–  М.Әуезұлы;  В.Вагнердің  “Жану-



арлар  туралы  әңгімесін”  –  Абдолла 

Байтасұлы;  Д.Кудрявскийдің  “Арғы 

мәдениетін” – Мырзағазы Есболұлы 

тәржімеледі.  Жоғарыда  айтылған 

аударма  еңбектер  тізімі  онан  әрі  де 

жалғаса  береді.  1924  ж.  Орынборда, 

1927 ж. Ташкентте өткен қазақ білім-

паздар  жиынында  оқулық  мәселесі 

айрықша сөз болды.

Алаш  партиясы  –  қазақтың 

тұңғыш  ұлттық  -  демократиялық 

партиясы  (1917-20).  Қазақ  зиялыла-

ры  қоғамдық  сұранысқа  сай  партия 

құру  әрекетін  1-орыс  рев.  жылда-

рында  (1905-07)  қолға  алды.  1905 

ж.    соңына  қарай  Орал  қ-нда  өткен 

қазақ  облыстары  өкілдерінің  сиезі 

«Қазақ  конституциялық  демокра-

тиялық  партиясын  құру  туралы» 

шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған 

оның  ОК  мен  бағдарламасы  жөнін-

дегі хабар «Фикер» (Пікір) газетінде 

жарияланды  (1905,  25-желтоқсан). 

Орталық  езгіге  қарсы  жалпыұлттық 

бас көтеру толқынында пайда болған 

бұл алғашқы әрекеттер саяси партия 

құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған 

қажетті алғышарттар қалыптаса қой-

маған болатын. Қазақ зиялылары та-

рапынан жалпыұлттық саяси партия 

құру әрекеті 1913 ж. тағы да бой көр-

сетті. М. Сералин бастаған «Айқап» 

журналы  төңірегінде  топтасқан  зи-

ялылар ең өзекті мәселелерді талқы-

лап, белгілі бір бағдарламалық тұжы-

рымдамаларға келу үшін жалпықазақ 

сьезін  шақыру  жөнінде  бастама  кө-

терді. Бірақ қазақ даласында орнаған 

қатаң  әскери-орталық  тәртіппен 

есептесуге  мәжбүр  болған  Бөкейха-

нов мұндай әрекеттерге көшуге үзіл-

ді-кесілді  қарсы  шықты.  Саяси  пар-

тия құру үшін қажетті алғышарттар 

тек 1917 ж. Ақпан рев-нан кейін ғана 

қалыптасты.  Алғашқы  жалпықазақ 

сиезін  өткізу  үшін  «Қазақ»  газеті 

жанынан  құрылған  ұйымдастыру 

бюросы күн тәртібінде «Қазақ саяси 

партиясын жасау мәселесін» ұсынды. 

1917 жылғы 21-26-шілде аралығында 

Орынбор  қ-нда  өткен  жалпықазақ 

сьезі қазақ саяси партиясын құру ту-

ралы мәселе қарап, мынадай шешім 

қабылдайды:  «Қазақ  халқының  өз 

алдында саяси партиясы болуды тиіс 

көріп,  бұл  партияның  жобасын  жа-

сауды  сьезд  «Шураи  исламға»  сай-

ланған  қазақ  өкілдеріне  тапсырды. 

Партияның  негізгі  демократиялық, 

федеративтік  парламенттік  респу-

бликаға  құрылмақ  ...»,  Партияның 

ұйымдық  тұрғыдан  құрылуы  күзге, 

яғни  бүкілресейлік  құрылтай  жина-

лысына депутаттар сайлау науқаны-

на тұстас келді. «Қазақ» газеті (1017, 

N244)  бас  мақаласында  партияның 

атын  «Алаш»  қойып,  оған  тілекте-

стерді Құрылтай жиналысына депу-

таттыққа  кандидиттар  тізімін  осы 

партияның атынан жасауды ұсынды. 

Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқар-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

49

масынан барлық облыстардағы қазақ 



комитеттеріне  қазақ  саяси  парти-

ясының  атын  «Алаш»  қою  туралы 

жеделхаттар жіберілді. А. п-ның обл. 

Ұйымдары 1917 ж. қазан айынан қа-

лыптаса  бастады.  А.  жарияланған 

бағдарламасында  Ресейдің  демокр., 

федеративтік  республика  болған-

дығын  жақтады.  Бағдарлама  бойын-

ша  шашыранды  қазақ  облыстары  өз 

билігі  өзінде  тұтас  бір  мемлекетке 

бірігіп,  автон.  негізде  тұтас  Ресей 

Федерациясының  құрамына  енбек. 

Әлеум.  қатынаста  феодалдық  ари-

стократияны  шектеу,  таптық  жікте-

лу мәселесі қойылған жоқ, керісінше 

жалпыұлттық  мүдде  ұлттық  тұта-

стық бағытында тұрды. Бағдарлама-

дағы ең негізгі мәселе – жер мәселесі 

болды. А. П. 1917 ж. күрделі үш мәсе-

лені  халық  арасында,  қазақ  зиялы-

лары  ішінде  ең  алдымен  шешілуге 

тиіс жалпы ұлттық зәру мәселелерді 

талқылауға  мұрындық  болып,  сол 

мәселелар  бойынша  ортақ  тұжы-

рымдарға келуде басты рөл атқарды. 

Бұл  тұжырымдар  партия  бағдарла-

масының  жобасында  («Қазақ»,  1917, 

№  251)  берілді.  Екіншіден,  партия-

ның  ұйытқысы  болған  қайраткер-

лер  қазақ  елінің  Алаш  автономиясы 

атанған  ұлттық  мемлекетінің  өмірге 

келгенін  жария  еткен  ІІ-жалпықазақ 

сиезін  (1917,  желтоқсан)  даярлап  өт-

кізді. Осы сиезде Алашорда – Ұлттық 

Кеңес  үкіметі  келгені  мәлім.  Оның 

мүшелері түгелдей дерлік өздерің А. 

-ның мүшесі санағандығы күмән ту-

дырмайды.  Үшіншіден,  осы  жылғы 

қарашада болып өткен Бүкілресейлік 

Құрылтайға  депутаттар  сайлауында 

барлық қазақ қайраткерлері А. - ның 

атынан  тіркелді  және  оның  атынан 

депутат болып сайланды. Осы құрыл-

тайға  депутаттар  сайлау  барысында 

барлық  қазақ  облыстарында  А.  ең 

көп дауыс алған партия болды. Объ-

ективті жағдай, күрделі де қатал өмір 

ағымы А.п.-ның саяси күреске білек 

түре араласып кеткен ірі саяси күшке 

айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-

қиғаш Азамат соғысы тұсында ондай 

міндетті  тек  Алашорда  үкіметі  ғана 

атқара алатын еді.

  «Алаш»  партиясының  бағдар-

ламасы  –  алғаш  рет  1917  ж.  қара-

шасында  «Қазақ»  газетінде  жария-

ланған  бағдарлама.  Оны  жасаушы-

лар  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов, Е,Ғұмаров, Е.Тұрмұхаме-

дов,  Ғ.Жүндібаев  және  Ғ.Бірімжанов. 

Бағдарлама  мынадай  тараулардан 

тұрды:  мемлекет  қалпы,  жергілік-

ті  бостандық,  негізгі  хұқық,  дін  ісі, 

билік һәм суд, ел қорғау, салық, жұ-

мысшылар,  Ғылым-білім  үйрету, 

жер  мәселесі.  Бұл  бағдарлама  өзінің 

мақсаты  мен  мазмұны  жағынан  сол 

дәуірдегі саяси-қоғамдық қажеттілік-

терді  толық  қанағаттандыра  алатын 

құжат  екендігі  байқалады.  «Алаш» 

партиясының  маңызды  әрі  басты 

құжаты,  оның  демократиялық,  гу-

манистік  принциптерге  негізделген 

саяси  құрылым  екендігін  көрсетеді. 

Бағдарламаның  мазмұнынан  Семей 

облыстық  қазақ  сиезінде  көтерілген 

мәселелер  көбірек  көрініс  тапқаны 

аңғарылады.



  «Алаш»  партиясының  облы-

стық  комитеттері  –  1917  ж.  қа-

зан-желтоқсан  айларында  ашылған 

жергілікті  органдар.  Семей  облы-

стық комитеті Ә.Бөкейханның қаты-



Алаш қозғалысы

50

суымен 12-13 қазанда ашылды. Оның 



құрамына Х.Ғаббасов (төраға), А.Қо-

зыбағаров,  С.Дүйсенбин,  Ә.Ермеков, 

Р.Мәрсеков,  И.Әлімбеков,  Т.Құнан-

баев,  М.Малдыбаев,  Ә.Молдаба-

ев,  Б.Сәрсенов,  Ақмола  облыстық 

комитеті  құрамына  А.Тұрлыбаев 

(төраға), А.Сейітов, Е.Итбаев, М.Жұ-

мабаев, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Серкебаев, 

М.Саматов,  Е.Мұқышев,  Д.Әділов, 

Ж.Тілеулиев,  Б.Айбасов,  Қ.Қожам-

бердиев,  Қ.Кәкенов,  Торғай  облы-

стық комитеті құрамына Ә.Бөкейхан 

(төраға),  А.Байтұрсынұлы,  М.Дула-

тов,  А.Бірімжанов,  Ж.Жәнібекұлы, 

Е.Омаров,  О.Жәнібеков,  Ғ.Жүндіба-

ев,  С.Досжанов,  Ғ.Бірімжанов,  Қ.А-

рынғазов,  Ғ.Досжанов,  Т.Шонанов, 

Е.Нұрмақамбетов,  М.Есполов  сай-

ланды.  «Алаштың»  облыстық  ко-

митеттері  сол  кезеңде  ұлт-азаттық 

қозғалыстың  өрістеуіне,  халық 

арасында  партияның  үлкен  бедел-

ге ие болуына зор үлес қосты. Об-

лыстық  комитет  мүшелері  Екінші 

жалпықазақ сиезіне қатысып, Ала-

шорда үкіметінің орнауында үлкен 

рөл атқарды. Сонымен бірге бұл ко-

митеттер  бүкілресейлік  құрылтай 

сайлауында  «Алаш»  партиясының 

жеңіске жетуіне үлес қосты.



  «Алаш»  партиясының  Се-

мей  облыстық  комитеті  –  1917 

ж.  қазан  айында  Семей  қаласын-

да  ашылған  комитет.  Комитетке 

Ә.  Бөкейхан,  Ә.  Ермеков,  Р.  Мәр-

секов,  И.  Әлімбеков,  А.  Қозыбаға-

ров,  Т.  Құнанбаев,  Х.  Ғаббасов, 

С.  Дүйсенбин,  М.  Малдыбаев,  Ә. 

Молдабаев,  Б.  Сәрсенов  сайланды 

және  үш  мүшеге  орын  қалдырыл-

ды.  Сөйтіп,  «Алаш»  партиясының 

Семей  облыстық  комитеті  он  бес 

мүшеден  тұратын  болды.  Комитет 

төрағалығына  Х.  Ғаббасов,  орын-

басарлығына  А.Қозыбағаров,  хат-

шылығына  С.  Дүйсенбин,  қазына-

шысы болып Әнияр Молдабаев сай-

ланды.  Комитеттің  құрметті  төраға-

лығына Әлихан Бөкейхан ұсынылды. 

Бұл  облыстық  комитетке  «Алаш» 

партиясының  шартнамасын  жасау 

жүктелді. Комитет шешімі бойынша 

«Алаш»  партиясына:  «Алаш  парти-



ясының  программасын  жақтырып, 

жөн  көрген  программадағы  мәселе-

лерді  іске  айналдыруға  тырысатын 

кісі  кіреді.  «Алаш»  программасынан 

таймайтын,  өтірік  айтпайтын, 

шыннан  қайтпайтын,  жақындық, 

туысқандыққа  бүйрегі  бұрмайтын, 

дүниеге  қызығып  сатылмайтын, 

шыншыл,  адал,  тура  кісі  кіреді... 

«Алаш»  партиясына  кіремін  деген 

кісі  осы  айтылған  шарттарды  ой-

лап, толғап, жүрегі қалайтын болса 

ғана  кіруге  жөн»  делінген.  Комитет 

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы-

на депутат сайлайтын құқыққа да ие 

болды. «Алаш» партиясының Семей 

облыстық  комитеті  жалпы  «Алаш» 

партиясының  бағдарламасын  және 

партияның  шартнамасын  жасауға, 

Екінші  жалпықазақ  сиезінде  жария 

етілген  Алаш  автономиясының  жұ-

мыс  істеуіне,  Алашорда  үкіметінің 

қызмет  жасауына  көп  көмек  көрсет-

ті.  Алаш  автономиясының  астанасы 

Семей  (Алаш)  қаласы  болып  жария-

ланғаннан кейін осы комитеттің көп-

теген мүшелері Алашорда үкіметінде 

қызмет жасады. 



«Алаш»  партиясының  сиезі  – 

1917 ж. қазан айында Семей қаласын-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

51

да «Алаш» партиясы атынан өткізіл-



ген  алғашқы  сиез.  Сиезде  «Алаш» 

партиясының 

Семей 

облыстық 



Уақытша комитеті құрылды. «Алаш» 

партиясының  Семей  облыстық  ко-

митеті құрамына: Ә.Бөкейхан, Р.Мәр-

секов,  И.Әлімбеков,  А.Қозыбағаров, 

Т.Құнанбаев,  Х.Ғаббасов,  С.Дүйсен-

биев,  Ә.Ермеков,  М.Малдыбаев,  Ә.

Молдабаев, Б.Сәрсенов енген. Сиезде 

қаралған ең негізгі мәселе – «Алаш» 

партиясын  қалыптастыру  және  пар-

тия  мүшесінің  қандай  адамдар  бола 

алатындығын айқындау мәселесі еді. 

Бұл  сиезде  партияның  шартнамасы, 

бүгінгі түсінікпен айтқанда жарғысы 

жөнінде  сөз  етіледі.  Іс  жүзінде  осы 

сиезде  айтылған  партия  мүшесіне 

қатысты  мәселелер  «Алаш»  партия-

сының  шартнамасынан  толық  орын 

алды  деуге  болады.  Сондай-ақ,  си-

езде  облыстық  комитеттің  төрағасы 

болып Х.Ғаббасов, орынбасарлығына 

А.Қозыбағаров,  қазынашысы  болып 

Ә.Молдабаев,  хатшылығына  С.Дүй-

сенбиев сайланды. Құрметті төрағасы 

болып  Ә.Бөкейхан  сайланды.  Сиезде 

«Алаш» партиясының орталық коми-

теті  Орынборда  болмақ  жалпықазақ 

сиезінде қалыптастырылатыны айты-

лады. Бұдан осы сиез өткізілген күн-

дері Екінші жалпықазақ сиезіне даяр-

лық  жұмыстары  жүргізіліп  жатқан-

дығын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ: 

«Европа үлгісімен жүретін заман кез-

дескен  соң,  біздің  тұңғыш  тобымыз 

жалпы  қазақ  сиезі  салған  жол  бүкіл 

Алаш ұранды қазақ баласына таймай-

тын даңғыл жол болу керек» деген сөз-

дерден Алаш қозғалысы барша ұлтты 

тұтастырушы  күшке  айналғандығын 

да  байқаймыз.  Сиездің  негізгі  қоры-

тындысы  «қазақ  партиясы  Алаштың 

тұтынатын жолының жоспарын» жа-

саумен  байланысты.  Бұл  жоспарда 

«Мемлекет  билеу  түрі»,  «Жер  мәсе-

лесі», «Солдаттық мәселесі» және т.б. 

мәселелер қарастырылған. Осы мәсе-

лелердің барлығы дерлік Екінші жал-

пықазақ сиезінің күн тәртібіне де енді.


Алаш қозғалысы

52

«Алаш»  партиясының  шарты  - 

1917  ж.  қараша  айында  «Сарыарқа» 

газетінде  жарияланды.  Бұл  «Алаш» 

партиясының жарғысы іспетті құжат-

тың  басында:  «Алаш  партиясының 

толық шартнамасы Орынборда жаса-

латын болды. Даяр болғанда жұртқа 

жарияланады.  Қазіргі  шарты  –  кін-

дік  комитеттің  бұл  жасалған  шарт 

уақытша  областной  комитеттің  ай-

тқанын екі қылмайтын, бұйырғанын 

дәл  орындайтын»  деп  келетін  сөй-

лемдер бар. Яғни, ол партия бағдар-

ламасы  қабылданғанша  жүретін 

құжат  болған.  Құжат  төмендегідей 

баптардан тұрды: мемлекеттік билеу 

түрі, жер мәселесі, солдаттық мәселе, 

жергілікті  мекемелер,  сот  мәселесі, 

дін мәселесі, жұмысшы мәселесі, оқу 

мәселесі,  бас  бостандығы,  жиылыс 

бостандығы,  баспасөз  бостандығы, 

жүру-тұру бостандығы, одақтасу бо-

стандығы. Құжат «Алаш» партиясы-

ның Семей облыстық комитеті тара-

пынан қабылданған. 



Алаш  полкі  –  ХХ  ғ.  басындағы 

материалдарда  жиі  ұшырасып  қа-

латын  атау.  Бірақ  нақты  мәліметтер 

жан-жақты  айқындалмаған.  Мұх-

тазар  Титақұлының  «Мұрат  үшін 

майдан»  атты  Алаш  туралы  пьеса-

сының  қолжазбасында:  «Алаштың 

ардагерлері  Жетісуда  атаман  Ан-

ненковпен  тізе  қосып,  жауыңа  қаһа-

рын  төгіп,  Әлібек,  Рүстем,  Әлилер 

жүр.  Олар  соғыста  жалғыз  емес. 

Алашыңның  атында  Абылайдың 

ақ  туын  желбіреткен  он  полкің  бар. 

Ертеңгі  күні  қосымша  қылып  төрт 

полкіңді  жіберткелі  отырсың.  Бұлар 

кімдер?  Еліңнің  ерлері!»  деген  жол-

дар  бар.  Сондай-ақ,  «Жас  азамат» 

газеті  бетінен  «Шаңқан»  деген  бүр-

кеншік  ныспымен  жазған  ақынның 

«Алаш полкінде жүрген бір жігіттің 

еліне жазған хаты» атты өлеңін оқи-

мыз  (27.01.1919).  Архив  деректерінде 

Алаш  полкінде  сарбаздарды  даяр-

лауға  башқұрт,  орыс  офицерлері  де 

тартылғаны  туралы  мәліметтер  кез-

деседі.


Алаш  пьесасы  -  «Мұрат  үшін 

майдан».  Авторы  –  Титақов  Мұхты-

зар Төлекұлы. Шығарма 1935 ж. жа-

зылған.  Бұл  пьесаның  табылуы  да, 

жазылу  сыры  да  бүгінгі  тарих  үшін 

өте  тосын  жаңалық.  Пьесаны  бізге 

жеткізген – Айдын Ырысбекұлы. Бұл 

туындының  түпнұсқасы  ҚР  Ұлттық 

Қауіпсіздік  комитеті  Шығыс  Қа-

зақстан  облысы  бойынша  департа-

менті  Семей  қаласы  басқармасының 

мұрағатында  сақталған.  Мұхтызар 

туралы  көп  емес.  ҰҚК  мұрағатын-

да  сақталған  анкетаға  жауабына  қа-

рағанда,  ол  1904  ж.  22  ақпанда  Қа-

рақаралы  да  туған.  НКВД  ұстаған 

уақытта  Семей  қаласы  Хлебная 

көшесі,  №  18  үйде  тұыпты.  Білімі 

толық  жоғары  емес.  Новосібір  қала-

сындағы  Батыс  Сібір  халық  шару-

ашылығы  институтында  оқыпты. 

Мұхтызар  (фамилиясын  сол  кездегі 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

53

дәстүрге сай «Титақұлы» деп жазған) 



шығармасын  «4  перделі,  6  суретті 

музыкалық драма» дейді. Оқиға 1918 

ж.  Семей  қаласындағы  Алаш  өмірі-

нен алынып жазылған. Бір көріністе 

Алаштың  бір  жылдығын  атап  өт-

кен  салтанат  суреттеледі.  Оқиғаға 

қатысушылар:  Әлихан,  Міржақып, 

Халел  (Ғаббасұлы),  Жүсіпбек,  Әлім-

хан, Ике, Жақып, Мағжан, Шәкәрім, 

Мұхтар, Хамит (Тоқтамысұлы), Сұл-

танмахмұт,  Мұсатай  бай,  басқа  да 

шенді-шекпенді зиялылар, әскерилер 

т.б.  Диалогтар  –  Алаш  рухындағы 

сөздер,  ойлар,  үндеулер,  ұсыны-

стар...  Екінші  бір  көріністе  Семей-

де  ақтардың  жеңіліп,  қызылдардың 

қыспақ  бастаған  кезі,  Алаш  полкін 

Жетісуға аттандыру сәті, қазақ және 

орыс  әскерилерінің  бірге  жұмылуы 

суреттеледі.  Диалогтар  –  ел  мен 

сарбаздар  рухын  көтеретін  сөздер, 

серпілтулер,  ағымдағы  деректер  т.б. 

Тарих  бұралаң.  Бұралаң  болса  да  өз 

шындығы  бар.  Мысалы,  Халел  Ғаб-

басұлы  аузына  мынандай  сөздер  са-

лынған: «Бұрын «Сары Арқа жеріміз 

бар, Сары Арқада қазақ еліміз бар» 

деп,  теңдікті  құрғақ  сөзден  күтсек, 

қазірде  қару-жарақты,  қылышты, 

мылтықты  қалпыңмен  қаны  бір, 

жан-тәніңнен  жаралған  Алаштың 

ардагерлері  Жетісуда  атаман  Ан-

ненковпен тізе қосып, жауыңа қаһа-

рын  төгіп,  Әлібек,  Рүстем,  Әлилер 

жүр.  Олар  соғыста  жалғыз  емес. 

Алашыңның  атында  Абылайдың 

ақ туын желбіреткен он полкің бар. 

Ертеңгі  күні  қосымша  қылып  төрт 

полкіңді жіберткелі отырсың. Бұлар 

кімдер? Еліңнің ерлері! Ел намысын 

қолына  алған,  ар-намысын  сақтау 

үшін  қан  майданда  қарсы  тұрып, 

бостандықты  күшпен  алып,  іргелі 

жұртшылықтың  іргесін  қалаушы-

лар!  Жасайды  жұртың,  көркейеді 

елің,  өркендейді  Алашың!».  Алаш 

полкін  шығарып  салу  салтанатын-

да  полковник  Хамит  Тоқтамысұлы 

бүй  дейді:  «Сендердің  міндеттерің 

айқын: Сары Арқаның даласы үшін, 

Сары  Арқаның  халқы  үшін.  Теңдік 

үшін  күреске  шықтыңдар,  батыр-

ларым!  Біз  ұлы  қазақ  халқы  үшін, 

Алаш үшін қанішер балшабайлармен 

соңғы  деміміз  қалғанша  соғысамыз. 

Егер ол жолда қаза болса – шәйітпіз. 

Егер жеңсек, жасасын халқымыз, жа-

сасын  Алаш!  ...  Күрессіз  жеңіс  жоқ, 

қан  төгіссіз  бостандық  жоқ.  Сен-

дер бабаларымыз – Абылай хан мен 

Кенесарыны  естеріңе  түсіріңдер!». 

«Теңізді  тамшысынан  таны»  деген, 

осы  жоғарыдағы  үзіндіден-ақ  Мұх-

тызар  пьесасының  тарихи  мәні,  та-

нымдық  маңызы  айқындала  түседі. 

Қазақ  драматургия  тарихында  киіз 

үйде  қойылған  «Еңлік-Кебектен» 

(М.Әуезов)  ұлт  театры  сахнасы  шы-

мылдығын ашқан «Алтын сақинаға» 

(Қ.Кемеңгерұлы)  дейінгі  драмалар 

ел тұрмысының кейде күрделі, кейде 

көлеңкелі  жағын  халық  арманымен 

сабақтастыра  суреттесе,  «Мұрат 

үшін  майдан»  -  отандық  драматур-

гиядағы тың серпіліс, идеологиялық 

темірқазық  еді.  Ұлттың  қайғы-шері 

басылмаған кезеңде, халықтың елдік 

арманы  орындалмаған  шақта  өнер 

елдің  басын  қосатын,  ұйыстыратын 

құралға айналса, бұл оның әу бастағы 

мақсатынан  жаңылғаны  емес,  қай-

та  діттегенін  орындағаны.  Өйткені 

халықсыз  -  өнер,  өнердің  сүйемел-



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал