Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет69/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69

1917 жыл, қыркүйек – Ақмола облысы қазақтарының ІІ сиезі өтті.

1917 жыл, 8-11 қыркүйек – Ташкент қаласында Түркістан мұсылманда-

рының ІІ құрылтайы өтті.



1917 жыл, 10 қыркүйек – Бөкей Ордасы облыстық ІІ қазақ сиезі болды. 

1917 жыл, 12 қыркүйек – Семей облыстық ІІ қазақ сиезі болды.

1917 жыл, 17-20 қыркүйек – Ташкент қаласында Түркістан мұсылманда-

рының ІІІ құрылтайы өтті. 



1917 жыл, 18 қыркүйек – Түркістан қаласында Орал облысы молдалары-

ның сиезі өтті.



1917 жыл, 8-11 қазан – Түркістан қаласында Сырдария облыстық қазақ 

сиезі өтті. 



1917 жыл, 8-15 қазан – Том қаласында Сібір автономиясын құру туралы 

жалпысібір сиезі өтті.



1917 жыл, 31 қазан – Омбы қаласында ұлттық Алаш партиясын құруға 

арналған Құрылтай өтті.



1917 жыл, қазан – Семей жұртшылығы қайраткер Ә.Бөкейханды құрмет-

пен қарсы алды.



Алаш қозғалысы

516


1917  жыл  –  «Сарыарқа»  газетіне  «Алаш»  партиясына  мүшелікке  кірмек 

болған азаматтарға қойылатын талаптар мен партияның бағдарламасына ен-

гізілетін мәселелер турасындағы «Алаш партиясы» мақаласы жарияланды. 

1917 жыл, 14 қараша – «Қазақ» газетінде «Алаш партиясы» атты мақала 

жарияланды.



1917 жыл, 21 қараша – «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының проғрамы-

ның жобасы» жарық көрді.



1917  жыл,  21  қараша  –  «Сарыарқа»  газетінде  С.Торайғыровтың  «Алаш 

ұраны» өлеңі жарияланды.



1917 жыл, 22-27 қараша – Торғай облыстық Кеңесінің сиезі өтті.

1917 жыл, 25 қараша – Петроградта Ресей боданындағы сансыз ұлттың 

тағдырын шиеленістірген, Азамат соғысына себепші төңкеріс болды.



1917 жыл, 26 қараша – «Қазақ» газетінде ұлт әскерін қалыптастыру тура-

лы «Ел қорғау» атты мақала жарияланды.



1917 жыл, 26-28 қараша – Түркістан мұсылмандарының IV өлкелік тө-

тенше құрылтайы. Құрылтайда «Түркістан автономиясы» жарияланды. Оның 

төрағасы болып М.Тынышбаев сайланды.

1917 жыл, 27 қараша – Қоқанда Түркістан автономиясы (мұхтарият) жа-

рияланды.



1917 жыл, 5-13 желтоқсан – Екінші жалпықазақ сиезі болды. Сиезде Ала-

шорда үкіметі, Алаш автономиясы жарияланды. Алашорданың төрағасы бо-

лып баламалы негізде Ә.Бөкейхан сайланды. 

1917 жыл, 23 желтоқсан – «Қазақ» газетінде «Жалпы қазақ съезінің қау-

лысы» атты Алаш Орда үкіметін жариялаған жиынның құжаты шықты. 



1917  жыл,  23  желтоқсан  –  «Қазақ»  газетінде  «Түркістан  автономиясы» 

атты мақала жарияланды.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

517


1917 жыл – «Сарыарқа» газетінде С.Торайғыровтың «Ғалиханның Семей-

ге келуі» атты мақаласы жарияланды.



1917 жыл, 23 желтоқсан – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның «Мен кадет 

партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы жарияланды



1917 жыл, 26 желтоқсан – «Сарыарқа» газетінде Алашқа қарсы адамдар 

туралы «Қазақтан шыққан арамзалар» атты мақала басылды.



1917 жыл, 31 желтоқсан – «Қазақ» газетінде «Алаш бірлігі» атты мақала 

жарияланды.



1917 жыл – «Қазақ» газетінде жалпы қазақ сиезі бекіткен Алаш автономи-

ясының таяудағы міндеттері туралы «Тығыз жұмыстар» атты мақала жария-

ланды.

1917 жыл, желтоқсан – 1918 жыл, ақпан – Алаш қайраткерлері туралы 

халыққа кең мағлұмат берген С.Торайғыровтың «Таныстыру» дастаны жазыл-

ды.

1918 жыл, 6-9 қаңтар – Түркістан қаласында Сырдария облысы қазақта-

рының сиезі өтті. Сиезге Алашорда атынан Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнан-

баев қатысты.

 

1918 жыл, қаңтар – Алматы қаласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті.



1918 жыл, қаңтар – «Абай» журналында Ж.Аймауытұлының «Алаш ұлда-

рына арналған ұран» атты өлеңі жарияланды. 



1918 жыл, 15 қаңтар – «Қазақ» газетінде Алаштың елдік рәмізін сипат-

таған «Орда гербі (таңбасы)» атты мақала басылды.



1918  жыл,  22  қаңтар  –  «Сарыарқа»  газетінде  Ж.Аймауытұлының 

«Алашқа» атты өлеңі жарияланды.



1918 жыл – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның «Саяси хал» атты мақаласы 

жарияланды.



Алаш қозғалысы

518


1918  жыл,  22  қаңтар  –  «Сарыарқа»  газетінде  Ә.Ермековтің  «Жасасын, 

Алаш, жасасын!» атты мақаласы басылды.



1918  жыл  22  қаңтар  –  алғаш  «Ұран»  газетінде,  «Сарыарқа»  газетінде 

Ғ.Қараштың «Алаш азаматы» атты өлеңі жарияланды.



1918 жыл, 22 қаңтар – «Сарыарқа» газетінде Х.Ғаббасовтың «Алаш авто-

номиясы» атты мақаласы жарияланды.



1918 жыл, ақпан – Қаратөбе қаласында Орал облыстық VI қазақ сиезі өтті.

1918 жыл, наурыз – Х.Досмұхамедұлы және Ж.Досмұхамедұлы Мәскеуге 

барып, Алашорда атынан В.Ленинмен, И.Сталинмен кездесіп, ІІ жалпықазақ 

сиезінің қаулысын табыс етті. 

1918 жыл, 6 наурыз – Алаш қаласында (Семей) ұлт әскерінің басшысы 

Қ.Нұрмұхамедов  большевиктер  қолынан  қаза  тапты.  Оны  ел  «тұңғыш  құр-

бан» деп атап кетті.

1918 жыл, 15 наурыз – «Бірлік туы» газетінде большевиктердің Түркістан 

автономиясын  талқандағанын  айна-қатесіз  сипаттаған  Х.Болғанбаевтың 

«Тұла бойлары қан сасиды» атты мақала-естелігі жарық көрді.

1918 жыл, 19 наурыз – Совет үкіметінің мүшесі, ұлт жұмыстарын басқа-

рушы  комиссар  Сталин  Мәскеуден  Семейдегі  Алаш  Ордасының  бастығы 

Ә.Бөкейхан  мен  Х.Ғаббасовты  телеграфқа  шақырды.  Онда  Сталин:  «...қа-

зақ-қырғыз  өкілдері  жергілікті  советтермен  бірігіп,  ұлт  ниеттерін  жарыққа 

шығаруға сиез шақыратын комиссия құру керек» – деп, алашордашылардан 

осы мәселеге байланысты жауап қайтаруын өтінді. 



1918 жыл, 21 наурыз – Алашордашылар кеңес үкіметін Россиядағы бар-

лық автономиялы халықтардың кіндік үкіметі деуге қаулы қылды. 



1918 жыл – «Сарыарқа» газетінде Сырдария сиезінде қаралған мәселелер 

туралы «Алаш һәм Түркістан» атты мақала жарияланды. 



1918 жыл, 3 сәуір – Алашорда үкіметі атынан Алаш автономиясын жария-

лау жөнінде РСФСР министрлер кеңесіне жеделхат жіберілді. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

519


1918 жыл, 3 сәуір – «Үш жүз» партиясы барлық жұмысшы табының мүд-

делерін қорғайтын үндеу тастады.



1918 жыл, 5-13 сәуір – Омбы қаласында қазақ жастарының тұңғыш сиезі 

өтті. Мұнда барлық жастар ұйымы «Жас Азамат» ұйымына топтасты.



1918 жыл, 5 мамыр – Омбы қаласында Алаш жастарының І сиезі өтті. 

1918 жыл – Большевиктер қолынан Оралда – сардар Н.Сарбөпин, Мақан-

шыда – қайраткер О.Әлжанов опат болды.

1918 жыл, 10-13 мамыр – Алаш қаласында Семей облыстық ІІІ қазақ сиезі өтті. 

1918 жыл, 18-21 мамыр – Жымпиты қаласында Орал облыстық IV қазақ 

сиезі өтті. Сиез төрағасы болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Сиезде «Ойыл 

уәлаятының уақытша үкіметі» құрылды.

1918 жыл, 25 мамыр – Жетісу облыстық IV қазақ сиезі болды.

1918  жыл,  11-12  маусым  –  Алашорданың  кеңес  үкіметі  декреттерінің 

күшін жою, уақытша жер пайдалану, әскери кеңес құру, облыстар мен уездер-

де Алашорда үкіметінің кеңестерін құру туралы қаулылары шықты.

1918  жыл,  30  маусым  –  «Қазақ»  газетінде  қаламгер  Ж.Жәнібекұлының 

«Аттан, Алаш азаматы!» атты мақаласы жарық көрді.



1918  жыл,  3  шілде  –  «Сарыарқа»  газетінде  Б.Майлиннің  «Алашордаға» 

өлеңі жарияланды. 



1918 жыл – «Қазақ» газетінде Н.Наушабаевтың «Алашордаға» өлеңі жа-

рияланды.



1918 жыл – «Абай» журналында М.Дулатовтың «Алашқа» атты мақаласы 

жарияланды.



1918  жыл  –  «Абай»  журналында  Ж.Аймауытұлының  «Ұлтты  сүю»  атты 

мақаласы жарияланды.



Алаш қозғалысы

520


1918  жыл,  15  шілде  –  Омбыда  Сібір  Уақытша  үкіметінің  министрлер 

кеңесі  Ә.Ермековтің  «Қазақ  және  Сібір  қарым-қатынасы  туралы»  жобасын 

тыңдады.

1918 жыл, 30 шілде – Омбыдағы Алаш партиясының бас кеңесі Алашорда 

үкіметін қолдауға шақырған «Алаш азаматтарына» үндеуін жариялады.



1918 жыл, 30 шілде – «Қазақ» газетінде большевиктерге қарсы күресуге 

шақырған «Аттан, Алаш азаматы» атты үндеу жарияланды.



1918 жыл, 30 шілде – Петропавл қаласында Алаш жастарының тұңғыш 

газеті – «Жас Азамат» басылымының 1-саны жарық көрді.



1918 жыл, 30 шілде – «Жас Азамат» газетінің 1-санында большевизмнің 

имансыздығын  меңзеген  Қ.Кемеңгерұлының  «Бүлінгеннен  бүлдіргі  алма!» 

атты мақаласы жарияланды.

1918 жыл, 29-30 шілде, 2-3 тамыз – Алашорда үкіметі Сібірдің Уақытша 

үкіметімен келісім жасады. 



1918  жыл,  18  тамыз  –  «Жас  Азамат»  газетінде  М.Жұмабаевтың  «Мен 

жастарға сенемін» атты өлеңі жарияланды.



1918 жыл, 10-31 тамыз – Лепсі қаласында Жетісу облыстық V қазақ сиезі өтті.

1918  жыл  –  Түркістан  тұлғасы,  өзбек  қайраткері  А.Фитраттың  «Әмір-

Темір сағанасы» атты пъесасы жарық көрді. Мұнда жалпы түркі халқының 

ауыр тағдыры сипаттала келе «Тұранның ... қазағы аштан өлді» делінеді.

1918 жыл, ақпан-қазан – Семейде «Абай» журналы шығып тұрды. Ұй-

ымдастырғандар – Ж.Аймауытов пен М.Әуезов.



1918  жыл,  10  қыркүйек  –  «Қазақ»  газетінде  «Үш  жүз»  партиясының 

серкесі К.Тоғысовтың Алаш Ордаға хаты және осы хатқа берілген жауап ба-

сылған.

1918 жыл, 11 қыркүйек – Батыс Алашорда үкіметі құрылды. Оның төраға-

лығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

521


1918 жыл, 16 қыркүйек – «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Алаш Орда» 

атты мақаласы жарияланды.



1918 жыл, 8-23 қыркүйек – Уфа мемлекеттік мәжілісі өтті. Оған Ә.Бө-

кейхан,  М.Шоқай,  Х.Досмұхамедұлы,  М.Тынышбаев,  А.Байтұрсынұлы  т.б. 

қатысты.

1918 жыл, қазан – Түркістан қаласында Сырдария облыстық қазақ сиезі 

өтті.


1918 жыл, 14-17 қазан – Қостанай уезі қазақтарының төтенше сиезі.

1918 жыл – Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Р.Мәрсеков 

Қытайдың Шәуешек қаласына барды. 



1918-1923 жылдар – Орталық Азияда түркі халықтарын большевизмнен 

азат ету қозғалысы (басмашы) жүрді.



1919  жыл  –  Омбыда  шығатын  «Трудовая  Сибирь»  журналында  С.Сәду-

ақасұлының  қазақ  әдебиетіне  кең  талдау  жасаған  «Киргизская  литература» 

атты очеркі жарияланды.

1919 жыл – М.Шоқай эмиграцияға кетер алдында Тифлиске аялдағанда, 

«Вольный горец», «Борьба» газеттерінде жұмыс істеді.



1919 жыл, 14-20 шілде – Ойыл қаласында Орал облыстық VI қазақ сиезі өтті.

1919  жыл,  3  тамыз  –  «Жизнь  национальностей»  газетінде  А.Байтұр-

сынұлының «Революция и киргизы (казахи)» атты мақаласы жарияланды. 



1920 жыл – Орынборда Қазақ халыққа білім беру институты ашылды. Ди-

ректоры – М.Мырзаұлы. А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, М.Дулатов, Т.Шонанов 

осында дәріс оқыды.

1920 жыл – Қазақстан баспасы ашылып, мұнда қазақ кітаптарын сараптай-

тын алқа құрылды. Оның құрамына А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, Ж.Айма-

уытұлы, С.Сәдуақасұлы, Х.Болғанбаев кірді. 


Алаш қозғалысы

522


1920 жыл, 18 наурыз – Жетісу қазақтарының сиезі өтті. Сиезді М.Тыныш-

баев басқарды. 



1920  жыл,  наурыз  –  Ж.Досмұхамедұлы  В.И.Ленинге,  И.В.Сталинге, 

Л.Д.Троцкийге «Батыс Алашорда үкіметінің қызмет-әрекеті туралы баяндама 

хатты» тапсырды. 

1920 жыл, 25 мамыр – Т.Рысқұлов ОК мен В.И. Ленинге «Түркістан ре-

спубликасының жағдайы туралы» жоба тапсырды. Мұнда саяси, қарж.қ, әске-

ри, аумақтық тәуелсіздік мәселесі айтылған еді.

1921 жыл – Орынборда С.Сәдуақасұлының «Жастарға – жаңа жол» атты 

кітабы жарық көрді. Мұнда ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымдары туралы 

деректер бар.

1922  жыл  –  Х.Досмұхамедұлының  жетекшілігімен  «Абай.  Таңдамалы 

өлеңдері» атты жинақ жарық көрді.



1922  жыл  –  Қазақ  АССР-нің  Қазан  қаласындағы  баспа  істері  жөніндегі 

өкілі, ақын Б.Күлеевтің әзірлеуімен осы қалада Абайдың, С.Торайғыровтың, 

М.Жұмабаевтың кітаптары жарық көрді.

1922 жыл, 8 шілде – «Еңбекші қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлының «Қа-

лам қайраткерлері жайынан» атты мақаласы жарияланды.



1922 жыл, тамыз – Ташкентте Түркістан зиялылары А.Байтұрсынұлының 

50 жылдық мерейтойын лайықты атап өтті.



1922  жыл,  19  тамыз  –  С.Сәдуақасұлы,  Ә.Байділдин,  Е.Алдоңғаров  Қа-

зақстан автономиялық республикасының басшылығы атына 30 қазақ азама-

тын білім және технология үйрену үшін Батыс Еуропаға жіберуді өтініп хат 

жазды.


1922 жыл – Түркістан зиялылары А.Байтұрсынұлына сыйлық-ескерткіш 

ретінде алтын жетон тапсырды. Оның бір жағына: «Түркістан зиялыларынан 

белгі. 1922 жыл, 2 ауғыст», екінші жағына: «Ақа! Күшті сенің қаламың. Ха-

лық ісі – сенің тамағың. Жаса, ұлт мектебінің жүрегі!» деп жазылыпты.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

523


1922  жыл,  қараша-желтоқсан  –  Орынборда  білікті  қазақ  жастарының 

«Өртең» атты газеті шығып тұрды. Ол 29 желтоқсанда «ұлтшылдық әрекеті 

үшін» жабылды.

1922  жыл  4  желтоқсан  –  Түркістан  автономиялық  республикасы  Білім 

комиссиясы жанынан «Талап» мәдениет көркейтушілердің қауымы ашылды. 

Төрағасы – Х.Досмұхамедұлы.

1922 жыл – қазақтың тұңғыш киносценарийі – «Бекет батыр» жазылды. 

Оны Х.Досмұхамедұлы мен Ә.Диваев қарап пысықтап шықты.



1922-1927  жылдар  –  Мәскеуде  КСРО  халықтарының  орталық  баспасы-

ның Шығыс бөлімінде қазақ секциясы (қарапайым тілде «Күншығыс» баспа-

сы) жұмыс істеді. Мұнда Ә.Бөкейхан, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлов т.б қызмет 

атқарды.


1923 жыл, 6 қаңтар – Ташкенте «Талап» ұйымында С.Қожанов қазақ ағар-

ту ісінің қазіргі қалпы мен болашағы туралы баяндама жасады.



1923 жыл, 26 қаңтар – Ташкентте Қазақ институтында «Талап» ұйымы-

ның  кезекті  жиыны  өтіп,  М.Тынышбайұлы  «Түрік-моңғол  тарихы  туралы» 

атты дәріс оқыды.

1923  жыл,  29  қаңтар  –  Қазан  қаласында  ақын  Б.Күлеев  трагедиялық 

жағдайда  қайтыс  болды.  Мағжан  оны  «таспиықтан  үзіліп  түскен  тас»  деп 

бағалады.

1923  жыл,  ақпан  –  Мәскеудегі  «Күншығыс»  баспасының  жанынан 

Н.Төреқұлов редакторлық жасаған «Темірқазық» журналы шықты.



1923 жыл – Орынборда А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойы ресми 

аталып өтіп, онда С.Сәдуақасұлы «Ақаңның алдында» атты баяндама жасады. 



1923 жыл, 16 наурыз – «Талап» ұйымында М.Жұмабаев «Абай өлеңдері 

туралы» атты дәріс оқыды.



Алаш қозғалысы

524


1923 жыл, 17 наурыз – «Талап» ұйымы Алматыда бөлімшесін ашты. Оны 

Х.Басымұлы басқарды.



1923  жыл,  шілде  –  Алаш  тұлғасы  Ә.Бөкейхан  кейін  театр  директоры 

болған Д.Әділұлына «Алашқа қызмет» мәнін талдаған атақты хатын жазды. 



1923  жыл  –  Ташкентте  М.Есполовтың  «Түркістанда  келімсектер  орын 

алған аудандарда жер мәселесі» атты кітабы жарияланды.



1924 жыл – Ташкентте «Сана» атты ғылыми-танымдық журнал шықты.

1924 жыл, желтоқсан – 1925 жыл, қаңтар – М.Жұмабаевтың ұйымдасты-

руымен Алаш қайраткерлері «Алқа» әдеби ұйымының бағдарламасын даяр-

лап, белгілі қаламгерлер мен қайраткерлерге таратты.

1924 жыл – Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан Қ.Кемеңгерұлының «Қа-

зақ тарихынан» зерттеуі жарық көрді.



1924-1927 жылдар – Уфада Бүкілресей және Сібір Орталық Діни басқар-

масы «Ислам мәжілісі» атты журнал шығарып тұрды. Осында қазақ қази бо-

лып  жұмыс  істеген  М.Мақұл  Алаштың  діни-рухани  өмірі  туралы  бірнеше 

мақала жариялады.



1925 жыл – «Лениншіл жас» журналының №5 санында Ж.Аймауытұлының 

Ташкенттегі  Қазақ  халық  ағарту  институты  студенттерінің  алдында  оқыған 

«Мағжанның ақындығы туралы» атты дәрісі мақала ретінде жарияланды.

1925 жыл, 1 маусым – А.Байтұрсынұлы Мәскеудегі Ә.Бөкейханға хат жаз-

ды. Хатында елдегі жағдайды, шығармашылығының барысын, латын қарпіне 

байланысты пікірін жеткізген. Хатты НКВД тәркілеген. Мұрағатта сақталған.

1925  жыл,  23  маусым  –  Мәскеуден  Ә.Бөкейхан  А.Байтұрсынұлына  хат 

жазды. Хатта Әміренің Париж сапарының жауапкершілігін, Абай мен Ыбы-

рай  туралы  зерттеуін  жазып  бітіруге  әлі  уақыт  барын,  коммунистердің  бір-

жақтылығын жазады. Хатты НКВД тәркілеген. Мұрағатта сақталған.



1925 жыл – Мәскеуде Қ.Кемеңгерұлының «Бұрынғы езілген ұлттар» атты 

кітабы жарық көрді.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

525


1925  жыл  –  Ташкентте  Х.Досмұхамедұлының  жетекшілігімен  «Иса-

тай-Махамбет.  1-бөлім»  жинағы  жарық  көрді.  Осының  алғысөзін  М.Әуезов 

тарихи мағлұмат беретін маңызды еңбек деп бағалады.

1925 жыл, 22 қазан – Халық ағарту комиссары (министр) С.Сәдуақасұлы 

Қызылордада  ұлт  театрын  ұйымдастыру  туралы  мәжіліс  өткізді.  Бұл  Қа-

зақстан кеңестерінің 15-19 сәуірде өткен Ү сиезінде қабылданған «ұлт теа-

трын  құру»  қарарына  сәйкес  жүзеге  асты.  С.Мұқанов  бұл  сиезді  «Алашор-

дашылардың жиыны болды» дегені мәлім.

1926  жыл,  13  қаңтар  –  Қазақ  ұлттық  мемлекеттік  театрының  ресми 

ашылған  күні.  Тұңғыш  сахналық  қойылым  –  Қ.Кемеңгерұлының  «Алтын 

сақина» пьесасы.

1926 жыл, 26 ақпан-6 наурыз – Баку қаласында І бүкілодақтық түркіта-

ну  сиезі  өтті.  Оның  жұмысына  Қазақстаннан  А.Байтұрсынұлы  бастаған  ға-

лымдар қатысты.

1926  жыл,  29  қазан  –  Ташкентте  Қазақ  жоғары  педагогика  институты 

ашылды.  Ашылу  салтанатында  қайраткер  С.Сәдуақасұлы  «Қазақстан  үшін 

жоғары педагогика институттың маңызы» атты баяндама жасады.

1926 жыл – Ташкентте А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабы 

жарық көрді.



1926 жыл – Т.Шонановтың «Қазақ жері мәселесінің тарихы» атты әйгілі 

кітабы жарық көрді (Қызылорда-Ташкент).



1927 жыл – Қызылордада М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабы 

жарық көрді. 



1927  жыл  –  Алаш  қозғалысына  едәуір  бөлігі  арналған,  большевиктік 

көзқараста жазылған С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы жарық 

көрді.

1927 жыл, 20 мамыр – жазушы Ж.Аймауытұлы Шымкенттен Баян жерін-

дегі діндар ақын М.Көпейұлына хат жазып, қарт қаламгерді жігерлендіреді.



Алаш қозғалысы

526


1928 жыл – Мәдине медресесін, Арабстанның «Ишфха» медресесін, Ка-

ирдың «Жамие Асхари» медресесін бітіріп келіп, елде ислам тарихы мен діни 

құндылықтар туралы кітаптар жаза бастаған діндар ақмолалық А.Әділбайұлы 

тұтқындалды.



1928 жыл, ақпан-наурыз – ВКП (б) ОК «Большевик» журналының осы 

жылғы  1-санында  С.Сәдуақасұлының  кеңес  үкіметін  шошытқан  «О  нацио-

нальностях и националах» атты мақаласы жарық көрді.

1928 жыл, 15 қазан – А.Байтұрсынұлы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті 

кафедрасының профессоры болып жұмысқа қабылданды.



1928  жыл,  29  желтоқсан  –  Қызылордада  М.Дулатовтың  тұтқындалған 

күні.


1929  жыл,  14  мамыр  –  Қызылордада  Ж.Аймауытұлының  тұтқындалған 

күні.


1929  жыл,  29  маусым  –  Алматыда  А.Байтұрсынұлының  тұтқындалған 

күні.  5  шілдеде  ҚазПИ  басшылығы  ағартушыны  жұмыстан  шығару  туралы 

бұйрық шығарды.

1930  жыл,  1  қазан  –  М.Әуезов  мен  Қ.Кемеңгерұлы  Ташкентте  тұтқын-

далды.  24  қарашада  ұсталған  күнінен  бастап  САГУ-дың  аспирантурасынан 

шығарылғаны туралы бұйрық шықты.


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

527


МАЗМҰНЫ

Аңдату.....................................................................................................................................3

Алаш қозғалысына қатысқандар..................................................................439

Алаш жылнамасы............................................................................................................507



Алаш қозғалысы

528


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Редакторы: А.Смағұлова

Корректорлары: Ш.Айтжан, Н.Майлыбаева

Дизайнері: Р.Арсланов

Беттеуші: Касымбекова Б

“Сардар” баспа үйі

Алматы қаласы,

8 ы/а, 19а үй.

Тел.: 8(727) 249 68 05

e-mail: sardar777@list.ru

Басуға қол қойылған күні 28.07.2014ж.

Шартты баспа табағы 33. Пішімі 70х100 

1

/

16



 

Офсеттік басылым. Қаріп түрі «Таймс» Таралымы  4000 дана




1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал