Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет68/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69

Алаш қозғалысы

504


900.  Хасенов  Шайқұл  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезіне  Ырғыз 

уезінен  комиссия  құрамына  сайланған.  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен 

материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 том, 233 б.

901.  Ходжаев  Убайдулла  –  Түркістандағы  жәдидтік  қозғалыс 

жетекшілерінің  бірі.  Бірінші  жалпықазақ  сиезінде  Құрылтай  жиналысына 

депутаттыққа ұсынылған.

902.  Шабанов  Кұлмұрза  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  История 

Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. 

С. 160

903.  Шабназаров  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  Батыс  Қазақстан. 



Энциклопедия. Алматы «Арыс», 2002, 403 б.

904. Шағымарданов Сағадат – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан. 

905. Шалқаров Шаяхмет – Алаш әскерінің офицері. // Восточная Алашорда. 

Сборник документов. Составители Е.Сыдықов и др. Семей, 2010, 330 б. 

906.  Шанов  Телж.  (деректе  осылай  көрсетілген)  –  Алаш  қозғалысына 

қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. 

Том 1. Уральск, 2012. С. 158

907. Шантин Мұстафа – Алаш қозғалысына қатысушы // С.М. Абикенова. 

Судьбы деятелей партии Алашорда в архивных документах. Кеңес саясатына 

қарсылық: Алаш қозғалысынан Желтоқсан көтерілісіне дейін. Республикалық 

ғылыми-теориялық  конференция  материалдары.  ҚР  Ұлттық  академиялық 

кітапханасы. Астана, 2008, 78 б.

908.  Шантин  Төлеубай  -  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  Қарқаралы 

уездік қазақ комитетінің мүшесі // С.Оспанов. Алаш ардақтысы Мұхамедия 

Оспановтың тағдыры. Gasym.kz

909. Шахмарданов (аты белгісіз) – Алаш полкінің жауынгері // Р.Нүсіпов. 

Тарбағатайдан аттанған Алаш полкі. «Абай» журналы, №4, 2010, 33 б. 

910. Шахулев Тамимдар – Алаш қозғалысына қатысушы. Х.Болғанбаев 

шығармалары. Тағылымы. Құр. Д.Қамзабекұлы. Астана: Парасат әлемі, 2005. 

67, 212 б.

911. Шәпенова М. – Орал облысы қазақтарының сиезінде қазақ әйелінің 

жағдайы  жөнінде  баяндама  жасаған.  Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы. 

Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 61 бет.

912. Шәуменов Намазбай – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.

913. Шекмағамбетұлы Дәулеткерей – Торғай облысы қазақтарының І 

сиезіне қатысқан. Н. Жетпісбай. Қобдалық Алаш қайраткерлері. www.alash-

orda.kz 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

505


914.  Шектібаев  Сейсенғали  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  Алаш 

қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2005. 2 том, 

383 б.

915. Шегіров Ахмет – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.



916.  Шехтыбаев  Сапсет.  -  (деректе  осылай  көрсетілген).  Алаш 

қозғалысына қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док. 

и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 157.

917.  Шманов  Өтеғұл  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезінде  уез 

комиссиясына  сайланған.  Алашорда.  Сборник  документов.  Составитель 

Н.Мартыненко. Алма-Ата: Айкап, 1992. с. 26

918.  Шоқаев  Ғабдолла  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  С.Қасымов. 

Азаттық азапкерлері мемлекеттік тұрғыда ақталуға тиіс // «Егемен Қазақстан» 

газеті, 15.12.2009. 

919.  Шоқай  Мұстафа  –  Алаш  қозғалысының  қайраткері.  Ұлт-азаттық 

қозғалыс көсемдерінің бірі. 

920. Шоқбаев Жүніс – Алаш қозғалысына қатысушы. Қарқаралы уездік 

қазақ комитетінің мүшесі // Е.Б. Сыдықов. Алаш қозғалысы және Семей өңірі. 

Кеңес  саясатына  қарсылық:  Алаш  қозғалысынан  Желтоқсан  көтерілісіне 

дейін.  Республикалық  ғылыми-теориялық  конференция  материалдары.  ҚР 

Ұлттық академиялық кітапханасы. Астана, 2008, 32 б.

921.  Шолтыров  Хамит  –  Құрылтай  жиналысына  депутат  ретінде 

ұсынылған. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: 

Алаш, 2004. І том, 356 б.

922.  Шомбалов  Мәжит  –  Бөкей  Ордасы  облыстық  Қазақ  комитетінің 

мүшесі. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: 

Астана полиграфия, 2007. 4 том, 76 б., 192 б. 

923. Шонанұлы Телжан – Алашорданың оқу комиссиясының мүшесі. 

924.  Шонбасов  Мұхаметжан  –  Батыс  Алашорда  қайраткері.  Батыс 

Қазақстан  облысы. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2002. 419 б.

925.  Шотин  Жұмахан  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезінде  уез 

комиссиясына  сайланған.  Алашорда.  Сборник  документов.  Составитель 

Н.Мартыненко. Алма-Ата: Айкап, 1992. с. 26

926. Шұғыл қажы – Алашорда үкіметі жанындағы діндарлар кеңесінің 

мүшесі. Алашорданың Батыс бөлімінің үкіметіне қаржылай көмек көрсеткен. 

Д.Сүлейменова.  Алашорданың  Батыс  бөлімі  –  өлке  тарихының  құрамдас 

бөлігі. Алматы: Арыс, 2007. 62 б.

927. Шүлембайұлы Жаңбырбай – Семей облысынан «Алаш» партиясын 


Алаш қозғалысы

506


қолдап, «соған ереміз» деп арнайы хат жазушылардың бірі. «Қазақ» газеті. 

Құрастырғандар  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сақов.  Алматы:  «Қазақ 

энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 426 б.

928.  Челвов  (Чиязов)  Төлебай  –  Семей  қаласының  Заречно-Слободка 

(кейіннен  Алаш  қаласы)  ауданында  құрылған  қазақ  комитетінің  мүшесі. 

Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 

1 том, 507 б.

929.  Чиманов  Д.  -  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  История  Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 160

930. Ыбыраев Ақбар – Алаш қозғалысына қатысушы. Қазақстан тарихы. 

Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2006. 40 б.

931.  Ыбырашев  Қалмұқаш  -  Алаш  қозғалысына  қатысушы.    М.Тәж-

Мұрат. Батыс Алашорда. Ақтөбе, 2003, 29 б.

932. Ысқақов Даниял – Алаш қозғалысына қатысушы. Қазақстан тарихы. 

Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2006. 40 б.

933. Ысқақұлы Сұлтанғазы – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан. 

934.  Ысмағұлов  -    Алаш  қозғалысына  қатысушы.  История  Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 161

935. Ізбасаров – 1905 ж. құрылған «Қазақ конституциялық-демократиялық 

партиясының»  мүшесі.  Орал  облыстық  Қазақ  комитетінің  мүшесі.  Алаш 

қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 том, 

61 б.


936. Ізбасаров Жүсіп – Алашорданың Ақмола уездік комитетінің төрағасы. 

С.Сейфуллин. Көптомдық шығ. жин. Алматы: Қазығұрт, 2004. 1 том, 257 б.

937.  Ізтілеуов  Сағидолла  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  История 

Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. 

С. 407 

938. Юсупов Ахмед - (деректе осылай көрсетілген). Алаш қозғалысына 



қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док. и материалов. 

Том 1. Уральск, 2012. С. 159

939. Юсупов Жүріс - Алаш қозғалысына қатысушы. История Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док. и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 159

940. Юсупов Уразке - (деректе осылай көрсетілген). Алаш қозғалысына 

қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. 

Том 1. Уральск, 2012. С. 161


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

507


АЛАШ ЖЫЛНАМАСЫ

1905 жыл, 26 маусым – Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің ми-

нистрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәсе-

лелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған петиция (құзырхат) жолданды.

1905 жыл, 15 тамыз – Нижний Новгород қаласында Бүкілресейлік мұ-

сылмандардың І сиезі өтті.



1905 жыл, 17 қазан – Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мек-

тепте ана тілде оқу еркіндігіне т.б. рұқсат берген манифест жариялады.



1905 жыл, 6-13 қараша – Мәскеуде жергілікті жер және қала қайраткер-

лерінің сиезі өтіп, мұнда Ә.Бөкейхан сөз сөйледі. Ресми үкімет «А.Байтұр-

сынұлының 46 мысалын бастыруға рұқсат бермей жатқанын» жеткізді.

1905  жыл,  19  қараша  –  І  автономшылар  сиезінде  М.Тынышбаевтың 

«Киргизы и освободительное движение» атты баяндамасы оқылды.



1905 жыл, 25-27 қараша – «Семипалатинский листок» газетінде Ә.Бө-

кейханның «Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог» атты еңбегі жарияланды.



1905 жыл, желтоқсан – Орал қаласында Қазақ облыстары өкілдерінің 

сиезі өтті. «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы 

шешім алынды. Сиезге Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, 

М.Тынышбаев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Бердиев, М.Бақытгереев, 

И.Тоқбердиев,  Н.Ипмағамбетов,  М.Мұқанов,  М.Рахымберлиев,  Ізбасаров, 

Ү.Дүйсембин  т.б.  қатынасты.  Мұнда  «Қазақ  конституциялық-демократи-

ялық партиясының» бағдарламасы қабылданды. 

1906  жыл,  15-23  қаңтар  –  Санкт-Петербург  қаласында  Бүкілресейлік 

мұсылмандардың ІІ сиезі өтті. Сиезге С.Жантөрин, У.Танашев, М.Оразаев, 

Ш.Қосшығұлұлы т.б. қазақтар қатынасты.


Алаш қозғалысы

508


1906  жыл,  27  сәуір-10  шілде  –  Ресей  Мемлекеттік  І  Думасы  жұмыс 

істеді. Оған қазақтан Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, С.Жантөрин, А.Қалменов, 

Д.Тұндыт, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Құлманов, М.Тайын мүше болды.

1906 жыл, маусым – Семейде қазақ сайлаушыларының сиезі өтті. Сиез-

де Ә.Бөкейхан, Ш.Құдайбердіұлы т.б. сөз сөйледі.



1906 жыл, 16 тамыз – Нижний Новгородта Ресей Мұсылмандарының ІІІ сиезі 

өтті. Сиезге С.Жантөрин, Ш.Қосшығұлұлы, Ж.Алдоңғаров т.б. қазақтар қатысты. 



1906 жыл – Қазан қаласында Ресей мұсылмандары мұғалімдерінің сиезі өтті.

1906 жыл – «Русский Туркестан» журналында М.Тынышбаевтың «Киргизы и 

освободительное движение» атты мақаласы жарияланды.



1907 жыл, 20 ақпан-3 маусым – Ресей Мемлекеттік ІІ Думасы жұмыс істеді. 

Оған  қазақтан  М.Тынышбаев,  Т.Алдабергенов,  Ш.Қосшығұлұлы,  Б.Қаратаев, 

Б.Құлманов, А.Бірімжанов, Т.Нұрекенов мүше болды.

1907 жыл, 31 наурыз – Санкт-Петербургте Оқу министрлігінде ұлт мектеп-

терінің жайын қараған кеңес өтті. Оған қазақтан Ғ.Балғымбайұлы мен О.Әлжа-

нов қатынасты.

1907 жыл, 3 маусым – Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте 

ана тілде оқу еркіндігіне т.б. шектеу қою туралы Заң шығарды.



1907 жыл – ІІ Мемлекеттік Дума таратылғанда, Ш.Қосшығұлұлы Ә.Бөкейхан-

ның  ұсынысымен  Ресейдегі  түрік-мұсылмандарының,  соның  ішінде  қазақтың 

нақты жағдайын баяндау үшін Түркияға барып қайтты.

1907 жыл – Қазанда М.Көпейұлының «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасаған-

нан көрген бір тамашамыз», «Сары Арқаның кімдікі екені» атты 3 кітабы бірдей 

жарық көрді.

1907 жыл, 18 желтоқсан – С-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісі 

Ә.Бөкейханды  «Выборг  үндеуіне»  қол  қойғаны  үшін  1908  жылдың  21  қаңта-

рынан 3 ай мерзімге Семей түрмесіне қамауға шешім шығарды. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

509


1908 жыл – Париждың «La Revue du Monde Musulman» журналы ұлт, дін және 

әлемдік келісім мен татулыққа еңбек сіңіргені үшін Исмаил Гаспаралыны Нобель 

сыйлығына ұсынды.

1909 жыл – А.Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жаса-

ды» деген айыппен тұтқындалып, 2 жылға жер аударылды.



1909 жыл – Шәкәрім мен Кәкітай Ә.Бөкейханға хат жазып, «Қарауыл мұжыққа 

кетіп барады. 15 десятинадан жер алайық па?» деп сұраған. Әлихан: «Бұл жолсыз 

қоқан-лоққы. Құнанбай баласы Тобықтыға мұрындық болды деген атқа қалар-

сың. Не болса да жұртпен көр» деп ақыл қосқан.



1909 жыл – Петерборда Абайдың өлең кітабы басылып шықты.

1909 жыл – Петерборда А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы жарық 

көрді. 


1909 жыл – Уфаның «Шарқ» баспасынан М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы 

жарық көрді.



1910 жыл, 9 наурыз – А.Байтұрсынұлы Орынборға келді. Ағартушы өмірінің 

жаңа кезеңі басталды.



1910 жыл, 30 қыркүйек – сұлтан Б.Қаратаев Ә.Бөкейханға Қазақстандағы 

жер мәселесін шешу жолдары туралы хат жолдады.



1910 жыл, 21 қазан – Ұзынағашта Жетісу қазақтарының жер мәселесіне бай-

ланысты кеңесі өтті. Оны Б.Сыртанов ұйымдастырды.



1910 жыл – Қазанның Кәрімовтер баспасынан қазақтың тұңғыш романы М.

Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» жарық көрді.



1910  жыл  –  Орынбордың  «Вақт»  газетінің  баспаханасынан  Ғ.Қараштың 

«Ойға келген пікірлерім» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық көрді. Мұн-

да мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани пайымдары 

зерделенеді.



Алаш қозғалысы

510


1911 жыл – Қазақтың тұңғыш журналы – «Айқап» шыға бастады. Бас редак-

торы – М.Сералин.



1911 жыл – Уфадағы «Ағайынды Кәрімовтер мен Хұсайыновтар баспаха-

насынан» Ғ.Қараштың «Өрнек» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық 

көрді. Мұны «Ғалия» медресесінің шәкірттері бастыртты. Аталған еңбекте 

де мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани ойлары 

біршама сараланған.

1911 жыл – М.Дулатов «Оян, қазақ!» кітабында өкіметке қарсы халықты 

көтерді» деген айыппен Семейде абақтыға жабылып, 103-129 статьялар бой-

ынша 19 ай қапаста жатты.

1911 жыл – Орынборда Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар 

шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» атты екі бірдей кітабы жарық көрді.



1911  жыл  –  Уфада  «Ғалия»  медресесінің  шәкірттері  И.Арабаев  пен 

Х.Сәрсекеұлының қазақ-қырғыз балаларына арналған жәдитше әліппесі жа-

рық көрді.

1912 жыл – Орынборда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Усул сотие 

жолымен тәртіп етілген қазақша алифба» еңбегі жарық көрді.



1912 жыл – Қазанда М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жинағы 

басылып шықты.



1913 жыл, 2 ақпан – Орынбордағы Кәрімов-Хусаинов баспаханасынан 

«Қазақ» газетінің 1-саны шықты. Бас редакторы – А.Байтұрсынұлы.



1913 жыл, 23 мамыр – «Қазақ» газетінде Х.Досмұхамедұлының «Алаш» 

не сөз?» атты мақаласы жарияланды.



1913 жыл – «Айқап» журналында Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпе-

ске не амал бар?» атты мақаласы жарияланды.



1913 жыл, 18 маусым – «Айқап» журналында Ә.Бөкейханның Ж.Сейда-

линнің хатына жауап ретінде «Ашық хат» деген мақаласы жарияланды 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

511


1914 жыл, 18 сәуір – Омбыда қазақ жастарының бейресми «Бірлік» ұй-

ымы құрылды.



1914 жыл – Петербордың «Речь» газетінде Ә.Бөкейханның қазақ халқын 

орыстандыру мен шоқындыруға қарсы мақаласы жарық көрді.



1914 жыл, қыркүйек – түркі жұртының даңқты қайраткері И.Гаспаралы 

(1851-1914) қайтыс болды. Қазақ басылымдарында мұнақып берілді.



1914 жыл – Орынборда А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал. Қазақ тілінің 

сарфы. 1-жылдық» атты оқулығы жарық көрді.



1914 жыл, 6-10 желтоқсан – Петерборда Мұсылмандар сиезі өтіп, «ор-

тақ тіл» мәселесі талқыланғанда биік мінбеден қазақ тілінің түрік тілдері 

ішінде айрықша орны бар екені айтылды.

1915 жыл – М.Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» атты кітабы жарық 

көрді.


1915 жыл – Н.Күзембайұлының «Құран құралы» атты еңбегі жарияланды.

1915 жыл – М.Шоқай Ташкентте зиялылар мен білікті шәкірттердің ба-

сын қосқан «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды.



1915 жыл, 4 қаңтар – «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Ұлтшылға» 

атты өлеңі басылды.



1915 жыл, 21 қыркүйек – даңқты ғалым, қазақ халқының кең жүректі досы, 

Ертіс бойындағы Тұзқаланың тумасы Григорий Потанин 80-ге толды. Ол туралы 

Ә.Бөкейхан 1913 ж., М.Дулатов 1915 ж. «Қазақ» газетінде мақала жазды. Мере-

йтойға А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов тағылымды жыр арнады. Қазақ шәкірттері 

арнайы жинақ шығаруды жоспарлады.

1915 жыл, 8 желтоқсан – түркі халықтарының атынан Венаға келген ресми 

делегация Австрия министр-президенті Шрюргк пен Сыртқы істер министрінің 

орынбасары  граф  Форгачқа  негізгі  мәселелердің  қатарында  «Қазаққа  сая-

си-әкімшілік тәуелсіздік әперу» ұсыныс-хатын тапсырды.



Алаш қозғалысы

512


1915-1918 жылдар – Уфада «Ғалия» медресесінің шәкірттері «Садақ» атты 

қолжазба журнал шығарды.



1916 жыл – Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бю-

роға Ә.Бөкейхан еніп, жұмыс істеді.



1916 жыл – Н.Төреқұлов жасырын бағыттағы «Еркін дала» ұйымын құрды.

1916 жыл – Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс басталды.

1916 жыл – Қарқара көтерілісі басталды.

1916 жыл – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Дула-

товтың «Алаштың азаматтарына» атты үндеуі жарық көрді.



1916 жыл, 8 қазан – «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Алашқа» атты өлеңі 

жарияланды.



1916 жыл, 26 қараша – «Алаш» газеті шыға бастады.

1916 жыл – Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Сейдалин Петроградқа арнайы 

барып, ІҮ Мемлекеттік Дума алдында қазақтарды окоп жұмысына алу жөніндегі 

жарлықты тоқтатуды сұрады. 

1916-1918 жылдар – Омбыда «Бірлік» ұйымы жастарының «Балапан» атты 

қолжазба журналы шығып тұрды. Редакторы – Қ.Кемеңгерұлы.



1916 жыл, 23 желтоқсан – 1917 жыл, 12 қаңтар – Ә.Бөкейхан бастаған қазақ 

қайраткерлері Күнбатыс майданының Земскі комитетінің рұқсатымен Земгордың 

дружиналарында әскери қызметтегі жерлестерімен (саны 12 мыңнан асады) кез-

десіп, жағдайларын білді.



1917 жыл – Б.Күлеевтің «Шын сүйіскендер», М.Дулатовтың «Тікбақайлар», 

«Қызыл қашар» пьесалары сахналанды.



1917 жыл – Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бю-

роға М.Шоқай еніп, жұмыс істеді.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

513


1917 жыл, наурыз – Оралда, Семейде, Омбыда, Алматыда, Торғайда қазақ 

комитеттері құрылды.



1917  жыл,  9  наурыз  –  «Алаш»  газетінде  Н.Күзембайұлының  «Ұраным  – 

Алаш!» атты өлеңі жарияланды.



1917  жыл,  15  наурыз  –  Минскіден  Ә.Бөкейхан  бастаған  15  қайраткер 

Алаштың 25 белгілі елді мекеніндегі нақты азаматтарға хат жолдады. Мұн-

да: «Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Уч-

редительное  собрание  сайлауларына  қазақ  болып  қамдану  керек»  деп  жа-

зылған.

1917 жыл, 17 наурыз – «Қазақ» газетінде А.Мәметұлының «Алашқа сәлем» 

атты өлеңі басылды.



1917 жыл, 2-8 сәуір – Орынбор қаласында Торғай облыстық қазақ сиезі 

өтті.  Сиез  жалпықазақ  сиезін  шақыру  жөнінде  бюроның  құрамын  бекітті. 

Оған  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов  т.б.  мүше  болып  енді.  Сиез 

төрағалығына А.Байтұрсынұлы сайланды. 



1917 жыл, 12 сәуір – «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, М.Ду-

латовтың «Алаш ұлына» атты үндеу-мақаласы жарық көрді.



1917 жыл, 12 сәуір – «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Азаттық күні» өлеңі 

жарияланды.



1917 жыл, 12-14 сәуір – Алматы қаласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті. 

Сиез төрағалығына Ы.Жайнақов сайланды.



1917 жыл, сәуір – Түркістан комитеті құрылды.

1917 жыл, сәуір – Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы ко-

миссары болды.



1917  жыл,  16  сәуір  –  Ташкент  қаласында  Түркістан  мұсылмандарының  І 

құрылтайы өтті.



Алаш қозғалысы

514


1917 жыл, 21 сәуір – «Алаш» газетінде елді бірлікке, белсенділікке шақы-

рған «Алаш балалары» атты мақала жарияланды. 



1917 жыл, 19-22 сәуір – Орал қаласы Орал облыстық қазақ сиезі болды.

1917  жыл,  20-25  сәуір  –  Бөкей  Ордасы  облыстық  қазақ  сиезі  өтті.  Сиез 

төрағалығына У.Танашев сайланды. 



1917 жыл, 25 сәуір - 7 мамыр – Омбы қаласында Ақмола облыстық қазақ 

сиезі өтті. Сиез төрағалығына А.Тұрлыбаев сайланды. 



1917 жыл, 27 сәуір - 7 мамыр – Семей облыстық қазақ сиезі болды. Сиез 

төрағалығына Ж.Ақпаев сайланды. 



1917 жыл, 1-11 мамыр – Мәскеу қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар 

сиезі  өтті.  Сиезде  құрылған  мұсылман  Кеңесінің  атқару  комитетіне  Ж.До-

смұхамедұлы, У.Танашев, Ж.Ақпаев, К.Тоғысов сайланды.  Сиез  шешімімен 

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі, «Шура-и ислам» құрылды.



1917  жыл,  2  маусым  –  Верный  қаласында  Жетісу  облыстық  қазақ  сиезі 

өтті.


1917 жыл, маусым – Ойыл қаласында Орал облыстық ІІ қазақ сиезі өтті. 

1917 жыл, маусым – «Сарыарқа» газеті шыға бастады. Шығарушылары – 

Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков.



1917 жыл, 24 маусым – «Бірлік туы» газеті шыға бастады. Шығарушысы 

– М.Шоқай.



1917 жыл, 21-26 шілде – Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ сиезі 

өтті.  Сиезде  мемлекеттік  құрылыс,  Қазақ  автономиясы,  жер,  оқу,  дін,  қазақ 

саяси партиясы, әйел, құрылтай жиналысына, мұсылмандар кеңесіне депутат-

тар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелері көтерілді. 



1917 жыл, 2-5 тамыз – Ташкент-Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының 

сиезі өтті. Сиез төрағалығына М.Тынышбаев сайланды.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

515


1917 жыл, тамыз – Верный қаласында Жетісу облыстық ІІ қазақ-қырғыз 

сиезі өтті.



1917  жыл,  21  тамыз  –  «Қазақ»  газетінде  М.Дулатовтың  «Қайда  едің?» 

атты терең пәлсапалы, елшіл өлеңі жарияланды.



1917 жыл, 20-25 тамыз – Ақтөбе қаласында Торғай облысы қазақтарының 

ІІ сиезі өтті. Сиез төрағалығына М.Есполов сайланды.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет