Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет61/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69

Алаш қозғалысы

434


жасар  баласы  Өтеғұл  екеуі  ғұмыр 

бойы  түрмеде  отыру  жазасына 

кесілді. 1908 ж. Орынбор түрмесін-

де  түрме  жендеттері  қолынан  қаза 

тапқан.  Сүйегі  Орынбордағы  мұ-

сылмандар  зиратында.  Өтеғұл  Ш.  

Ақпан  төңкерісінен  кейін  Алаш 

қозғалысына  қатысқан.  Торғай  об-

лысы  қазақтарының  сиезінде  уез 

комиссиясына сайланған. 

Щ

Щербина  экспедициясы  –  1896 

-  1903  ж.  қазақ  жерінің  көптеген 

өңірлерін  зерттеу  үшін  арнайы 

құрылған  экспедиция.  Қазақ  өл-

кесінің  барлық  уездерін  зертте-

уді  мақсат  еткен  бұл  экспед-ны 

құрғанда  Мемл.  мүлік  мин.  зерт-

теу  нәтижелерін  Қазақстандағы 

жер  саясатын  жүргізуге  пайдала-

нуды  көздеді.  Экспед-ның  міндеті 

аумақты  табиғи,  тарихи  жағынан 

зерттеп  суреттеу,  осы  мәселедегі 

ауылдар  мен  болыстардың  маңы-

зын,  шаруашылық  жүргізу,  жер 

пайдалану тәсілдерін анықтау және 

көшпелі,  жартылай  көшпелі  шару-

ашылықтарға  қажетті  жер  көлемін 

белгілеп,  оның  қоныстандыру  қо-

рына  алынатын  көлемін  анықтау 

болатын.  Әсіресе,  Ресейдің  орт. 

губернияларынан  көшіріп  әкелін-

ген  шаруаларды  қоныстандыру 

мақсатында  шаруашылық  –  ста-

тистикалық  зерттеуге  баса  көңіл 

бөлінді.  Экспед-ны  земство  стати-

стигі Ф.А. Щербина басқарды. Бұл 

экспедиция құрамына Алаш көсемі 

Ә.  Бөкейхан,  сонымен  бірге  Алаш 

қайраткерлері  Р.  Мәрсеков,  Е.  Ит-

баев, Т. Есенқұлов, т.б. кірді. Алаш 

зиялыларының  бұл  экспедицияға 

қатысуы олардың халық жағдайын 

тереңірек түсінуіне, мұң мұқтажын 

жақсырақ  білуіне  әсерін  тигізді. 

Щ.  э.  Ақмола,  Торғай  және  Семей 

облыстарының  12  уезін  мұқият 

зерттеді.  Экспед.  осы  аймақтар-

дың «бос жерлерін» анықтауы тиіс 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

435


болды.  Экспедицияға  қатысушы-

лар  жинақтаған  материалдардың 

негізінде  қазақтардың  жер  пайда-

лануы  жөнінде  он  үш  томдық  жи-

нақ 1898-1908 ж.  жарық көрді. Экс-

пед.  материалдарын  патша  өкіметі 

қазақтардың  «артық»  жерлерін 

күшпен  тартып  алуды  күшейту 

үшін  пайдаланады.  Бұл  материал-

дар ХІХ ғ-дың соңы мен ХХ ғ-дың 

бас кезіндегі қазақ шаруашылығы-

ның жай-күйі жөнінде теңдесі жоқ 

деректеме  болып  табылады.  Щ.  э. 

қазақ  жерін  отарлауға  ғылыми  не-

гіз жасап берді. 

Ы

Ырғыз  жиналысы  –  1918  ж.  28 

желтоқсанында Торғай обл. Ырғыз у. қа-

зақтарының басқосуы. Жиналыстың күн 

тәртібіндегі ең басты мәселе – Алаш ав-

тономиясын қолдау. Алдымен жиналыста 

Екінші жалпықазақ сиезінде жарияланған 

Алаш  автономиясы,  Алашорда  үкіметі 

жөнінде баяндама жасалынды. Бұдан соң 

сөз  алған  уездік  комиссар  Теміров  Түр-

кістан  автономиясына  қосылуды  жақта-

ды.  Бірақ  жиналысқа  қатысушылардың 

жастар  бөлігі  Алаш  автономиясына  қо-

сылуды жақтады. 



Ырғыз сиезі – 1917 ж. желтоқсан ай-

ында  өткен  бұл  сиездің  негізгі  мақсаты 

ІІ Жалпықазақ сиезін және оның қаулы-

ларын  халыққа  таныстыру  болды.  Сиез 

«Алаш  туы»  астында  қазақ  автономия-

сын құруға қаулы етті. Негізгі баяндама-

ны  Ғ.Теміров  жасады.  Ол  баяндамасын-

да  «Алашорданың»  автономия  болуына 

күмән  келтіріп,  Түркістан  автономиясы-

на қосылуды ұсынды. Оның бұл пікіріне 

жастар қарсы шығып, «Алашқа» қосылу-

ды жақтады. Сиезде елдің бірлігі көбірек 

сөз  болып,  Алаш  болып  бірігу  мәселесі 

басымдық алды. 



Ысқақұлы  дандай  (1946,  Оңтүстік 

Қазақстан  обл.  Отырар  ауд.  Қоғам  а.)  – 

сыншы,  ғалым,  филология  ғылымдары-

ның докторы, профессор. 1969 ж. ҚазҰУ-

ды, 1974 ж. Әдебиет және өнер институты-

ның  аспирантурасын  бітірген.  1975-1977 

ж. Әдебиет және өнер институтында кіші 

ғылыми қызметкер, 1977-2000 ж. ҚазҰУ-

да  оқытушы,  доцент,  профессор,  кафе-

дра  меңгерушісі,  2000-2004  ж.  Еуразия 

университетінде профессор қызметтерін 

атқарған.  Қазір  С.Демирел  атындағы 

университеттің  проректоры.  Ғалымның 


Алаш қозғалысы

436


Алаш қайраткері М.Әуезов жайлы «Мұх-

тар Әуезов. Талант пен тағдыр», «Мұхтар 

Әуезов  хақында  мақалалар»,  «Мұхтар 

Әуезов:  Талант  пен  тағдыр»  еңбектері 

бар. Ғалым Алаш қайраткерлерінің қазақ 

әдебиеті сыны тарихындағы орнын дәй-

ектеуге үлкен үлес қосты. 

Ысмағұлов  Жұмағали  (17.04.1928, 

Қостанай обл. Сарыкөл ауд. Соналы а.) – 

ғалым, аудармашы, филология ғылымда-

рының  докторы.  Қазақстанға  еңбек 

сіңірген  мәдениет  қызметкері.  1951  ж. 

ҚазҰУ-ды,  1961  ж.  СОКП  ОК  жанын-

дағы  Қоғамдық  ғылымдар  академиясы-

ның аспирантурасын бітірген. 1943-1946 

ж. Қостанай обл. Семиозер ауд. баспаха-

насында  әріп  теруші,  аудандық  газетте 

жауапты хатшы, 1949-1952 ж. сол кездегі 

«Қазақстан  коммунисті»  журналы  бөлім 

меңгерушісі,  жауапты  хатшы,  1952-1954 

ж.  «Үгітші  блокноты»  журналының  ре-

дакторы, 1954-1958 ж. Қазақстан КО ОП 

үгіт насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1961-

1963 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас ре-

дакторы, 1963 ж. Қазақстан Жазушылар 

одағы басқармасының Қызылорда облы-

саралық  бөлімшесінің  жауапты  хатшы-

сы, 1963-1965 ж. Алматы обл. «Жетісу» 

газетінде  бөлім  меңгерушісі,  1965-1969 

ж.  Шығыс  Қазақстан  обл.  «Коммунизм 

туы» газеттінің редакторының орынбаса-

ры, 1969-1973 ж. Қазақстан КО ОП жа-

нындағы  Партия  тарихы  институтында 

классиктердің шығармаларын аудару сек-

торының  меңгерушісі,  1973-1982  ж.  Каз 

ТАГ директорының орынбасары, 1982-87 

ж. директоры, 1987-1995 ж. Әдебиет және 

өнер институтында аға ғылыми қызмет-

кер, 1996 ж. бөлім меңгерушісі қызметін 

атқарған. Ы. Алаш қайраткері М. Дулато-

втың  шығармашылығын  зерттеуге  және 

оның бес томдық шығармалар жинағын 

дайындауға атсалысты. 

І

Ізімұлы  Мақсот  1960,  Атырау 

обл., Қызылқоға ауд., Жасқайрат а. – 

ҚазҰУ-ды бітірген. 1983-89 ж. Батыс 

Қазақстан обл. «Орал өңірі» газетін-

де  тілші,  1989-91  ж.  Республикалық 

«Зерде»  журналында,  «Ана  тілі» 

газетінде  тілші,  бөлім  меңгерушісі, 

1991-97  ж.  «Теміржолшы-Железно-

дорожник»,  «Аруна»  газеттерінде, 

«Жалын» журналында бас редактор-

дың орынбасары, бас редактор, бөлім 

редакторы,  1997-2005  ж.  «Қазақстан 

энциклопедиясы»  бас  редакциясын-

да  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін 

атқарған.  2008  ж.  «Астана  ақша-

мы»  газетінде  әдеби  редактор.  Бір-

неше  кітаптардың  авторы.  Ол  Алаш 

қайраткерлерінің  өмірі  мен  шығар-

машылығына қатысты көптеген энци-

клопедиялық мақалалардың авторы. 



Ілиясова    Күлпаш  Мыр-

замұратқызы – алаштанушы ғалым. 

1989  ж.  С.М.Киров  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік  университетінің  тарих 

факультетін  бітірген.  1989-1995  ж. 

Қызылорда  педагогикалық  институ-

тында оқытушы болып қызмет жаса-

ды. 1996-1998 ж. әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің аспи-

рантурасында  оқиды.  1999  ж.  «Қа-

зақ  сиездері:  қаралған  мәселелері, 

шешімдері  және  оның  орындалуы. 

Тарихи  талдау  (1917-1919  ж)»  тақы-

рыбында  кандидаттық  диссертация 

қорғап,  Алаш  қозғалысы  тұсындағы 

болыстық, уездік, обл.-тық, жалпықа-

зақ сиездерінің және әртүрлі кеңестер 

мен  басқосулардың  тарихын  зертте-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

437


ген.  1999-2011  ж.  Қорқыт  ата  атын-

дағы  Қызылорда  мемлекеттік  уни-

верситетінде  аға  оқытушы,  доцент, 

кафедра меңгерушісі, бөлім бастығы 

қызметтерін атқарған. 2011 ж. тамыз 

айынан  бастап  Қазақстан  Республи-

касы Білім және ғылым министрлігі 

Мемлекет тарихы институтында же-

текші  ғылыми  қызметкер.  2007  ж. 

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясын-

да  «Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы» 

көп  томдық  кітабының  «Қазақ  сиез-

дері»  деп  аталатын  4  томының  жау-

апты құрастырушысы. Алаш мұрасы 

және  тәуелсіздік  тарихын  зерттеу 

жұмыстарымен айналысады. 



Ісмақова  Айгүл  Серікқызы 

(24.03.1958,  Қарағанды  обл.  Жаңа-

арқа ауд. Атасу а.)  әдебиет зертте-

ушісі,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор.  1980  ж.  М.О. 

Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының аға лаборанты, сол ж. 

Мәскеудің  Горький  атындағы  Әлем 

әдебиеті  институтында  әдебиет  те-

ориясы  бөлімінде  сынақтан  өткен, 

1982-1985  ж.  осы  бөлімнің  аспи-

ранты.  Аталған  институтта  1986  ж. 

«Қазіргі  қазақ  прозасының  жанр-

лық  жүйесінің  ерекшеліктері»  атты 

кандидаттық  диссертация  қорғаған. 

1986  ж.  М.О.  Әуезов  атындағы  Ә  Ө 

И-ның  Әдебиет  теориясы  және  әде-

биеттану  методологиясы  бөлімінің 

ғылыми  қызметкері.  1998  ж.  «ХХ  ғ.  

басындағы  қазақтың  көркем  проза-

сының  поэтикасы»  (тақырып,  жанр, 

стиль)  деген  тақырыпта  докторлық 

диссертация  қорғаған.  2002-2011  ж. 

М.О. Әуезов атындағы ӘӨИ Әдебиет 

теориясы  және  әдебиеттану  методо-

логиясы  бөлімінің  меңгерушісі  қыз 

метін  атқарған.  2012  ж.  осы  инсти-

туттың Абайтану бөлімінің жетекші 

ғылыми  қызметкері.  «Казахская  ху-

дожественная  проза:  Поэтика,  жанр, 

стиль», «Возвращение Плеяды», «Эк-

зистенциальная проблематика в твор-

честве А.Байтурсынова, Ш.Кудайбер-

диева, Ж.Аймауытова, М.Жумабаева, 

М.Дулатова и М.Ауэзова», «Алаш әде-

биеттануы», «Асыл сөздің теориясы» 

монографияларының  және  әдебиет 

теориясы,  қазақ  және  әлем  әдебиеті, 

қазіргі  әдеби  сын  мәселелері  жөнін-

дегі  300-дей  ғылыми  мақалалардың 

авторы. Екі томдық «Қазақ әдебиетта-

ну ғылымының тарихы», «Тәуелсіздік 

кезеңіндегі қазақ әдебиеттануы», «ХХ 

ғ. басындағы Алаш әдебиеттануы»

 атты ғылыми жобалардың жетек-

шісі. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 

«Саңлақ автор» медалінің иегері.

Ішкі  істер  министріне  өтініш 

–  1905  ж.  маусымы  соңында  неме-

се  шілде  айында  құзырхатты  бекіту 

жөнінде  Павлодар  у.  –  О.Мүсәпіров, 

Семей  у.  –  Т.Нұрекенов,  Қарқара-

лы  у.  Апық  Жалшарин  тарапынан 

жазылған  өтініш.  Өтініш  47  баптан 

тұрады.  Өтініш  авторлары  осы  бап-

тарды  заңды  түрде  бекітуді  сұрай-

ды. Бұл баптарда қазақтарды әскерге 

міндеттіліктен босату, Орынбор діни 

жиналысына  қарату,  мешіт  салуға, 

газет, кітаптар шығаруға рұқсат ету, 

бастықтардың  қазақ  тілін  білуін 

қамтамасыз ету, іс қағаздарын қазақ 

тілінде жүргізу, қыстаулар мен жай-

лауларды  қазақтардың  өз  пайдала-

нуында қалдыру, қажылыққа баруға 

еркіндік  жасау,  миссионерлердің 

келуіне  тыйым  салу,  тағы  да  басқа 

мәселелер көтерілген. 


Алаш қозғалысы

438


Э

Эсерлер  –  социал-революционер-

лер  партиясының  (СРП)  мүшелері. 

Бұл  Ресейдегі  1901-1923  ж.  ірі  пар-

тиялардың бірі. Алғашқы ұйымдары 

1894-1896  ж.  халықшылдар  ізбасар-

лары  ретінде  пайда  болды.  1901  ж. 

Берлинде олар бір партияға бірігеді. 

В.М.Чернов,  Е.К.Брешко-Брешков-

ская.  Г.А.Гершуни,  Г.А.Гоц,  М.Гец, 

Н.Д.Авксентьев,  т.б.  партияға  бас-

шылық  етеді.  Партия  бағдарлама-

сының  жобасы  1904  ж.  мамырда 

шығып, 1906 ж. болған оның бірінші 

бағдарламасы ретінде бекітілді. Э. де-

мократиялық  социализмді  жақтады. 

Олардың  социализмнің  ерекшелігі 

«жерді әлеуметтендіру» теориясы бо-

лып табылады. Бұл теорияның басты 

идеясы  социализм  Ресейде  ең  әуелі 

ауылдық  жерлерден  басталуы  керек 

деген пікір болды. Мұның бастау көзі 

«жерді жеке меншіктен халық менші-

гіне  айналдыру»  еді.  1917  ж.  Ақпан 

төңкерісінен  кейін  аз  уақыт  ішінде 

партия ірі саяси күшке айналып, мү-

шелер  саны  миллион  адамға  жетті. 

Өзін-өзі  басқарудың  жергілікті  ор-

гандарында және қоғамдық ұйымдар-

да  басымдыққа  ие  болып,  құрылтай 

жиналысына  сайлауда  жеңіске  жет-

ті.  Алайда  большевиктердің  билікті 

басып  алуына  және  диктатуралық 

режим орнатуына қарсы тұруға эсер-

лердің шамалары жетпеді.

Ю

Юнкер  мектебі  –  Алашорда 

үкіметінің бұйрығы бойынша Ойыл-

да құрылған әскери мамандар дайын-

дайтын  мектеп.  Бұйрықта  Орал  об-

лысында қазақ әскерінің екі мыңнан 

асқаны, Самара комитетінен (Комуч) 

қару-жарақ  алғаны,  қазақ  милиция-

сына  офицерлер  дайындау  Орынбор 

юнкерлер мектебінде жүргізіліп кел-

гені айтылады. Ойылдағы юнкерлер 

мектебі Батыс Алашорда әскеріне ко-

мандир-офицерлік  кадр  дайындауда 

төтенше маңызға ие болды. Бұл мек-

тепті Алашорда тарихындағы белгілі 

тұлғалар А. Абылаев, Б. Атшыбаев, Б. 

Бейсенов, М. Бекімов, Т. Жалпақов, Е. 

Көпжасаров, Ғ. Мұхитовтар бітірген. 

Юнкер мектебінің түлектері, әсіресе, 

Алашорда  әскерінің  большевиктерге 

қарсы  күресінде  ерліктерімен  көзге 

түсті. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

439


АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА

ҚАТЫСҚАНдАР

1.  Абайұлы  Мекаил  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  «Сарыарқа» 

журналы,  №21, 21 қараша, 1917ж.

2.  Абдуллин  К.–  Жетісу  облыстық  қазақ-қырғыз  комитетінің  мүшесі 

//  А.Мақаева.  1917  жылғы  саяси  өзгерістер  тұсындағы  қазақ-қырғыз 

байланыстары  тарихынан.  Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этнология 

институтының сайты. www.iie.kz  

3.  Абылаев  Айтқали  –  Батыс  Алашорда  офицері  //  Батыс  Қазақстан 

облысы. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2002. 100-101 б. 

4.  Абылаев  Сұлтанмахмұд  –  Бірінші  жалпықазақ  сиезінде  «Алаш» 

партиясы атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 

5.  Абылайханов Арынғазы – Алашорданың Семей облыстық комитетінің 

мүшесі  //  Восточная  Алашорда.  Сборник  документов.  Составители 

Е.Б.Сыдыков и др. Семей, 2010, с. 311.

6.  Абылайханұлы Миғаш – Алашорданың Ақмола облыстық комитетінің 

мүшесі  //  С.Сейфуллин.  Көптомдық  шығармалар  жинағы.  1  том.  Алматы: 

Қазығұрт, 2004. 257 б. 

7.  Ағаев  Ерғұлай  –  Бірінші  жалпықазақ  сиезінде  «Алаш»  партиясы 

атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 

8.  Аетов Кенжетай – Алаш қозғалысына қатысушы. История Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 160

9.  Айбасов  Бірмұхамед  –  «Алаш»  партиясының  Ақмола  облыстық 

комитетінің мүшесі // «Қазақ» газеті, 18.12.1917 №254.

10. Айбасов Қапез – Алаш қозғалысына қатысушы // С.Қасымов. Азаттық 

азапкерлері мемлекеттік тұрғыда ақталуға тиіс «Егемен Қазақстан» газеті, 

15.12.2009. 

11. Айдабосынов Өмірәлі – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.

12. Айзанов Сегізбай  – Бірінші жалпықазақ сиезінде «Алаш» партиясы 

атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған.

13. Аймағамбетов Ақкенже – Алашорда әскери жасағы жетекшілерінің 

бірі//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» 

Бас редакциясы, 1998. 1 том. 134 б.



Алаш қозғалысы

440


14. Аймаев  Әбубәкір  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезіне  Омбы 

облысынан  қатысқан  //  Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы.  Құрастырған 

К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 174 б. 

15. Аймақов Шүкен - Алаш қозғалысына қатысушы. История Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 161

16. Аймауытұлы  Жүсіпбек  –  Семей  облысы  қазақтарының  сиезінде 

облыстық  қазақ  комитетіне  сайланған  //  Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен 

матиералдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 том, 229 б. 

17. Айнабеков  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  История  Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 160

18. Айсарин Дәулетияр – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.

19. Айтбаев Ережеп – Бірінші жалпықазақ сиезінде «Алаш» партиясы 

атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған.

20. Айтмұхаметов Е. – Алаш қозғалысына қатысушы. // Е.Е. Сайлаубай. 

Күншығыс  Алашорда  қызметі  тарихынан  //  Алаш  қозғалысы  идеясының 

Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең. Халықаралық ғыл.-

практ. конференцияның материалдары. Семей, 2008, 162 б.

21. Ақайұлы Мақат Қажы - Алаш қозғалысына қатысушы. Қарқаралыда  

1905 жылғы 22 шілдеде патшаға қазақтың жағдайы баяндалған жеделхатқа 

қол қоюшылардың бірі. // Б. Нәсенов. 1905 жылғы Қарқаралы петициясына 

және  патшаға  жіберілген  телеграммаға  қол  қойған  қайраткерлер.  «Абай» 

журналы, №3, 2006, 28 б. 

22. Ақаев  Серікбай  –    Бірінші  жалпықазақ  сиезінде  «Алаш»  партиясы 

атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған.

23. Ақаев  Хасен,  Ақайдың  Хасені  –  Қарқаралы  құзырхатын 

ұйымдастырушылардың бірі. Қарқаралы уездік қазақ комитетінің мүшесі // 

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас 

редакциясы, 1998, 1 том, 167 б. 

24. Ақатов  Нұрмұхамед  –  Түркістан  аймағы  қазақ-қырғызының  жалпы 

жиылысына  Перовск  уезінен  қатысқан  //  Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы. 

Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 208 б. 

25. Ақбаев  Әбділхамит  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  Қазақстан 

тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2006. 40 б.

26. Ақбаев Жүсіп – Батыс Алашорда қайраткері. // Р.Өтеміс. Ізгі мұраттың 

бір ізі. «Ақтөбе» газеті, 7 шілде, 2009. 

27. Ақбаев Ш. – Бөкей Ордасы облысы қазақтарының сиезіне қатысып, 

сиезге қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

441


Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 76 б.

28. Ақбердин  Өміртай  -  Алаш  қозғалысына  қатысушы.  «Сарыарқа» 

журналы,  №19, 9 қараша, 1917ж.

29. Ақжолов Есет – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.

30. Ақжолов  Жәміл  –  Алашорданың  Қостанай  уезінің  сиезінде  уездік 

қазақ  сотына  сайланған.  Алашорда.  Сборник  документов.  Составитель 

Н.Мартыненко. Алма-Ата: Айкап, 1992, с.81

31. Ақмұхамедов Туреб – (деректе осылай көрсетілген). Алаш қозғалысына 

қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док. и материалов. 

Том 1. Уральск, 2012. С. 158

32. Ақпаев Жақып –  Алаш қозғалысының қайраткері.  

33. Ақпаев Ыбырай – Алаш қозғалысына қатысушы  // Е.Е. Сайлаубай, 

Е.Е. Рахметуллин. Алаштың арқаланған арыстарының қилы тағдыры // Алаш 

қозғалысы  идеясының  Еуразия  кеңістігіндегі  ықпалы:  тарих  және  қазіргі 

кезең.  Халықаралық  ғыл.-практ.  конференцияның  материалдары.  Семей, 

2008, 170 б. 

34. Ақпанов Шәріп – Семей облысы қазақтарының сиезінде хатшылыққа 

сайланған. К.Нұрпейісов. Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995. 105 б.

35. Ақынбеков  Еркінбек  –  Сырдария  облысы  қазақ-қырғыздарының 

сиезіне қатысқан. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. 

Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 109 б. 

36. Алдабергенов Серқұл (Серіқұл) – Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан.

37. Алдияров  Әбубәкір  –  Екінші  жалпықазақ  сиезіне  қатысқан. 

Алашорданың Қостанай уездік комитетінің төрағасы. 

38. Алдоңғаров Жанғали – Семей облысы қазақтарының сиезіне қатысқан. 

Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 

том, 297 б. 

39. Алдыназаров  Нурмагамбет  -  (деректе  осылай  көрсетілген).  Алаш 

қозғалысына қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док.и 

материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 160

40. Алмасов Омар – Алаш қозғалысының қайраткері. Туған ж. белгісіз. 1917 

ж. 2-8 сәуір аралығында Орынборда өткізілген Торғай облысы қазақтарының 

сиезін  ұйымдастырушылардың  бірі.  Екінші  жалпықазақ  сиезінде  Халық 

кеңесінің  мүшелігіне  кандидат.  Алаш  үкіметі  оны  Алашорданың  Торғай 

облысы  әскери  сотының  бастығы  етіп  тағайындайды.  1918  ж.  наурызда 

А.Байтұрсынұлымен  бірге  Алашорда  атынан  кеңес  үкіметімен  келіссөз 

жүргізуге барған. 


Алаш қозғалысы

442


41. Алматов  Әбділқадыр  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезінде  уез 

комиссиясына  сайланған.  Алашорда.  Сборник  документов.  Составитель 

Н.Мартыненко. Алма-Ата: Айкап, 1992. с. 26

42. Алпысбаев Оразғали – Семей қаласының Заречно-Слободка (кейіннен 

Алаш  қаласы)  ауданында  құрылған  қазақ  комитетінің  мүшесі.  Алаш 

қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 том, 

507 б.

43. Алтыбаев  Дәулетбар  –  Түркістанның  Уақытша  Ұлт  Кеңесіне 



сайланған. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: 

Астана полиграфия, 2007. 4 том, 236 б.

44. Алтыбасұлы Есмағамбет – Торғай облысы қазақтарының І сиезіне 

қатысқан. Н. Жетпісбай. Қобдалық Алаш қайраткерлері. www.alash-orda.kz 

45. Алтынторин  Толмұхамед  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы. 

Қарқаралыда  1905 жылғы 22 шілдеде патшаға қазақтың жағдайы баяндалған 

жеделхатқа  қол  қоюшылардың  бірі.  //  Б.  Нәсенов.  1905  жылғы  Қарқаралы 

петициясына және патшаға жіберілген телеграммаға қол қойған қайраткерлер. 

«Абай» журналы, №3, 2006, 29 б. 

46. Аманжолов Садық Аюкеұлы –Алаш қозғалысының қайраткері.

47. Амантаев Досан – Алаш қозғалысына қатысушы. История Западного 

отделения Алаш-Орды. Сб. док.и материалов. Том 1. Уральск, 2012. С. 160

48. Аңдамасов  Ахметжан  –  Семей  облысынан  «Алаш»  партиясын 

қолдап, «соған ереміз» деп арнайы хат жазушылардың бірі. «Қазақ» газеті. 

Құрастырғандар  Ү.Субханбердина,  С.Дәуітов,  Қ.Сақов.  Алматы:  «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. 426 б.

49. Аңқылдақов  Жұмағали  –  Батыс  Алашорда  қайраткері.  Батыс 

Қазақстан  облысы. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2002. 419 б.

50. Аңсағаев  Әбілқасен – Алашорданың Атбасар уездік қазақ комитетінің 

мүшесі. Б.Хұсайынұлы. Есіл өңірі: тарих және тағылым. Астана, 2010, 39-43б.

51. Арабаев  Ишанғали  –  Бірінші  және  Екінші  жалпықазақ  сиездеріне 

қатысқан.

52. Аралбиев Мұхамед Әмір – Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының 

жалпы жиылысына Наманган уезінен қатысқан. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 

Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 208 б.

53. Арғымбаев Оразбай - (деректе осылай көрсетілген). Алаш қозғалысына 

қатысушы. История Западного отделения Алаш-Орды. Сб. док. и материалов. 

Том 1. Уральск, 2012. С. 159

54. Арғыншиев  Н.  –  Орал  облысы  қазақтарының  сиезінде  комитет 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

443


хатшысы болып сайланған. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М. 

Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 2007. 4 том, 61 б.

55. Арғыншиев Ермұхамед – Орал облысы қазақтарының сиезіне қатысқан 

// Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана 

полиграфия, 2007. 4 том, 63 б.

56. Арғыншиев  Жайтілеу  –  «Қазақ  конституциялық-демократиялық 

партиясын»  құруға  атсалысқан.  М.Тәж-Мұрат.  Батыс  Алашорда.  Ақтөбе, 

2003, 46-47 б.

57. Арынғазыұлы Камаладин – «Алаш» партиясының Торғай облыстық 

комитетінің мүшесі. «Қазақ» газеті 14.11.1917 № 250

58. Арыстанов  Өтеғали  –  Батыс  Алашорда  әскери  бөлімдерінің 

жетекшісі.  Батыс  Қазақстан    облысы.  Энциклопедия.  Алматы:  Арыс,  2002. 

124 б.

59. Асанов Дүйсенбай – Алаш сарбазы. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен 



материалдар жинағы. Алматы: Ел-шежіре, 2007. 3 том, 2 кітап. 249 б.

60. Асанов  Қалдыбай  –  Батыс  Алашорда  қайраткері.  Батыс  Қазақстан 

облысы. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2002. 141 б.

61. Асқақұлы  Сұлтанғазы  –  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезінде 

мұсылман  сиезіне  өкіл  болып  сайланған.  «Қазақ»  газеті.  Құрастырғандар 

Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сақов. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» 

Бас редакциясы, 1998. 376 б.

62. Асқаров Қайдар – Алаш әскерінің офицері. // Восточная Алашорда. 

Сборник документов. Составители Е.Сыдықов и др. Семей, 2010, 331 б. 

63. Асфендиярова  Гүлсім  –  Түркістан  аймағы  қазақ-қырғыздарының 

атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 

64. Асфендияров  Санжар  –  Бірінші  жалпықазақ  сиезінде  «Алаш» 

партиясы атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 

65. Атамбаев  Есенбай  –  Алаш  қаласы  Думасының  мүшесі  //  Алаш 

қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2004. 1 том, 

507 б.


66. Атамбеков Сапарғали – Үржар уездік атқару комитетінің хатшысы 

// Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана 

полиграфия, 2007. 4 том, 117 б. 

67.   Атаниязов  Өтешқали  –  Бөкей  Ордасы  облысы  қазақтарының 

сиезінің қаулысы бойынша Орталық Комитет құрамында болды // Қазақ ұлт-

азаттық қозғалысы. Құрастырған К.М.Ілиясова. Астана: Астана полиграфия, 

2007. 4 том, 193 б.

1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет