Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет60/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69

Шекмағамбетұлы 

дәулетке-

рей  (1884)  –  Ақтөбедегі  екіжылдық 

орыс-қазақ  училищесін  бітірген. 

Өңірлерде  қазақ  комитетінің  болы-

стық сайлаулары өткізілгенде Қобда-

да болыстық комитеттің төрағасы бо-

лып сайланған. Ұжымдастыру кезін-

де қуғынға ұшыраған. 

Шоқай  Мұстафа  1890  ж.  Сырда-

рия  губерниясы  Ақмешіт  у.-не  қара-

сты  (қазір  Шиелі  ауд.)  Наршоқы  а.  


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

427


–  27.12.1941  ж.  көрнекті  қоғам  және 

мемлекет қайраткері, түрік халқының 

даңқты күрескері. Ауыл молдасынан 

хат  танығаннан  кейін  1902  ж.  Таш-

кенттегі  ерлер  гимназиясына  оқуға 

қабылданады.  1912  ж.  Санкт-Петер-

бург Императорлық университетінің 

заң  факультетін  бітірген.  Ағылшын, 

француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін 

білген.  Студенттік  ж.  империя  аста-

насындағы  демократиялық  қозғалы-

старға  қатысады.  Ақпан  төңкерісі-

не  дейін  Алаш  көшбасшысы  Ә.Бө-

кейханмен  бірге  Ресей  Мемлекеттік 

Думасының  мұсылман  фракциясын-

да  хатшы  қызметін  атқарады.  1916 

ж.  дүрбелең  кезінде  Түркістан  және 

жалпықазақ жеріндегі бассыздықтар-

ды  әшкерелеп,  Мемлекеттік  Думаға 

арнайы  құжатты  мәліметтер  ұсы-

нады.  Сөйтіп,  осыған  байланысты 

комиссия  құруға  себепші  болады. 

1917  ж.  төңкерістер  тұсында  мықты 

Түркістан  мемлекетін  құру  идеясын 

ұстанады.  Ташкентте  «Бірлік  туы» 

газетін  ашады.  Орынбордағы  Алаш 

қайраткерлерімен  тығыз  байланыс 

ұстайды.  Алаш  партиясы  құрыла-

тын І Жалпықазақ сиезінің де, Алаш 

автономиясы  жарияланатын  ІІ  Жал-

пықазақ  сиезінің  де  ұйымдастыру 

және өткізу жұмысына белсене қаты-

сады.  Алғашқы  сиезде  «Шора-и-ис-

лам»  жұмысына  қатысатын  8  қазақ 

өкілінің бірі болып сайланады. Екін-

ші  сиезде  Алашорда  үкіметі  –  Ұлт 

кеңесіне  Сырдария  атынан  кіреді. 

1917  ж.  Жаңа  Марғұланда  өткен  өл-

келік  мұсылмандар  кеңесінде  қай-

раткер  Бүкілтүркістандық  мұсыл-

мандардың  құрылтайын  Қоқан  қ.-на 

шақыру туралы бастама көтереді. Қа-

рашада Қоқанда Түркістан автономи-

ясын жариялау шарасына бастан-аяқ 

қатысады.  Түркістан  аймағы  үшін 

осы ерекше жиын – 1917 ж. 26 қараша 

күні  Қоқанға  шақырылған  өлке  мұ-

сылмандарының  ІҮ  төтенше  құрыл-

тайы  еді.  Аталған  құрылтай  26-27 

қараша аралығында өтті (жаңаша ре-

сейлік жыл санау бойынша 9-10 жел-

тоқсан).  Бұған  Сырдария,  Закаспий, 

Самарқан,  Ферғана,  Жетісу  обл.-та-

рынан  200-ден  аса  делегат  қатысты. 

Олардың  ұлттық  құрамы  да  айрық-

ша:  қазақ,  өзбек,  түркімен,  қырғыз, 

әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, по-

ляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген 

ұғымды Түркістан-

ның  тарихи  тағды-

рымен  байланыста 

қарағанын  көрсе-

теді.  Осы  жиын 

делегаттары 

27 

қараша  күні  «Түр-



кістан  территори-

Алаш қозғалысы

428


ялық  автономиясын»  жақтап,  дауыс 

берді. Өз атымен айтсақ – Түркістан 

мұхтарияты.  Аталған  ІV  құрылтай 

Түркістан  автономиясының  немесе 

Түркістан  мұхтариятының  «Халық 

кеңесін»  (мұны  бүгінгі  парламент-

пен  салыстыруға  болады)  сайлады. 

Оған 36 түркістандық (Түркістанның 

жергілікті  халқынан  шыққандар) 

және  18  өзге  ұлт  өкілдері  енді.  Ха-

лық кеңесінің төрағалығына – С.Ла-

пин,  кеңес  басшылығы  құрамына 

– Ш., Ұ.Хожаев, М.Бехбуди сайлана-

ды.  Түркістан  автономиясының  Ха-

лық кеңесі үкімет жасақтауды қолға 

алды. Мұны олар «уақытша үкімет» 

деп  белгіледі.  Сонымен,  Түркістан 

үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: 

М.Тынышбайұлы – Үкімет төрағасы 

және ішкі істер министрі; Ш. – Ұлт-

тық  кеңес  төрағасы  және  сыртқы 

істер  министрі;  Ш.Шахиахметов  – 

Үкімет  төрағасының  орынбасары 

және  қаржы  министрі;  Ә.Оразайұлы 

–  кейінгі  ішкі  істер  министрі;  Ұ.Хо-

жаев – әскери істер министрі; Насыр-

хан төре – халық ағарту министрі; М.

Мырзахметов – әлеуметтік істер ми-

нистрі; Х.Ағаев – ауылшаруашылығы 

министрі;  Ә.Махмұт  –  азық-түлік 

министрі; Саломон Гердцфельд – аз-

шылық  ұлт  өкілдерінің  министрі. 

Осы кезде Ш. бастаған зиялылар аз-

шылық ұлт өкілдері көшбасшылары-

на ғ. - лар бойы азаптанған Түркістан 

тағдырына  және  шөре-шөре  болып 

қалған  өз  тағдырына  ақыл  көзімен 

қарауды  сұрады.  Осыған  байланы-

сты  кейін  бір  еңбегінде  Ш  1917  ж. 

Петерборда  болған  бір  пікірталасты 

есіне  алыпты.  Мәселе  мынада  екен, 

Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс 

күшін  апару  жайын  қарайды.  Сонда 

түркістандықтар жағдайды ушықты-

рмау  үшін  алдағы  25  ж.  өлкеге  жұ-

мысшыларды  әкелмеуді  сұраған.  Ш. 

ондай күш қажет болса, «орыстардың 

орнына  татар  мен  башқұртты  жібе-

ру»  мәселесін  күн  тәртібіне  қояды... 

Ал, енді Ш. түркістандықтардан тек 

жақсылық  көрді  деу  де  ақылға  сый-

ымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 ж. 

18  наурызда  жарияланған  «тау  ара-

сынан»  жасырын  жолданған  әйгілі 

хатында  оны  Гаухана,  Маймүбәрак, 

Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаз-

дағаны жазылған. Түркістан автоно-

миясын  қырған  большевиктік  қара 

күш  пен  жергілікті  бағдарсыз  оспа-

дар  күштің  айырмасы  шамалы  еді. 

1918  ж.  қаңтарда  Түркістан  автоно-

миясының алғашқы үкімет басшысы 

М.Тынышбаев  өз  еркімен  жұмыстан 

босағанда, Ш. осы қызметке сайлана-

ды.  Большевиктер  бұл  автономияны 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

429


ақпанда  қанды  қырғынмен  таратты. 

1918  ж.  қыркүйекте  қайраткер  Са-

марада  бас  қосқан  Ресейдің  азаттық 

жолындағы күрескерлерінің Құрушы 

мәжілісіне  (Комуч)  қатысады.  1919 

ж.  ақпанда  Түркістан  мемлекеті 

бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар 

әмірлігі  мен  Закаспийдегі  ағылшын 

корпусы  басшылығымен  келіссөзге 

Ашхабатқа  келеді.  Сол  ж.  Баку  мен 

Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде 

«Яни  дүния»,  «Шафак»  атты  газет-

тер  шығарысып,  «Вольный  горец» 

басылымына атсалысады) Стамбұлға 

аттанады. Түркия арқылы алғаш Гер-

манияға,  сонан  соң  Францияға  ба-

рып  орнығады.  Эмиграцияда  «Жаңа 

Түркістан»,  «Жас  Түркістан»  жур-

налдарын  шығарып,  кеңестің  озбыр 

саясаты  туралы  зерттеулер  жазады. 

Қайраткер  1941  ж.  27  желтоқсанда 

Берлинде  жұмбақ  жағдайда  қайтыс 

болады.

Шомбалов  Мәжит  Мұхамед-

жанұлы  (20.04.1873,  бұрынғы  Ішкі 

Орда, Талап бөлімі. – 1940, Орал обл. 

Казталов  ауд.)  –  обаға  қарсы  күре-

скен  алғашқы  қазақ  дәрігерлерінің 

бірі,  республикада  дәріхана  жүйесін 

қалыптастырудың  негізін  қалаушы. 

Алаш қозғалысына қатысушы. Қазан 

ун-тінің  мед.  ф-тін  бітірген  (1899). 

1899 – 1903 ж. Орда оба ст-нда дәрі-

гер, 1903 – 17 ж. Орда ауруханасының 

меңгерушісі болды. 1911 ж. И.И. Меч-

ников  басқарған  экспедиция  құра-

мында Қалмақ даласында оба індетін 

зерттеу  жұмыстарына  қатысты.  Ол 

екі  мәрте  «Қырғыз  даласының  На-

рын бөлігі мен оңтүстік округтерде-

гі обамен күрестегі еңбегі үшін» ар-

найы күміс белгісімен марапатталған 

(1906, 1910). Азамат соғысының ауыр 

кезеңдеріне  қарамастан,  Бөкей  губ- 

нда 370 төсектік, оның ішінде Орда-

да 100 төсектік аурухана ашты. 1923 

–  29  ж.  Қазақстан  денсаулық  сақтау 

халкомының  орынбасары,  сонымен 

бірге  Қырғыз  АКСР  Орт.  Атқару  к. 

тінің мүшесі және Бүкілресейлік Қы-

зыл крест қоғамының Қазақстандағы 

өкілі болып тағайындалды. 1929 – 38 

ж.  Қазақтың  респ.  дәріхана  басқар-

масының бастығы, біраз уақыт Орал 

қ. нда обаға қарсы стансаның меңге-

рушісі  болды.  Бөкей  Ордасы  облы-

стық  Қазақ  комитетінің  мүшелігіне 

сайланған. 



Шонан  Шахзада  Аронқызы 

(1903,  Жымпиты  –  1938,  Алматы)  – 

педагог әдіскер, саяси репрессия құр-

баны.  Ғалым,  қоғам  қайраткері  Тел-

жан  Шонанұлының  зайыбы.  Шахза-

даның әкесі Арон – белгілі қоғам қай-

раткері, заңгер, Б.Қаратаевтың туған 

інісі.  Осыған  байланысты  шыққан 

тегі мен әлеуметтік жағдайы Ш.-ның 

болашақ тағдырына көп қиындықтар 

келтірді. Орта Азия мемлекеттік уни-

верситетінің (Ташкент) медициналық 

факультетіне  (1920),  кейіннен  Ал-

маты  медицина  институтына  (1931) 

түскен  Ш.-ға  «тап  жауының  қызы» 

деген айып тағылып, екеуінде де оқу-

дан  шығарылды.  Алғашқы  оқуынан 

шығып қалғаннан кейін ол 1922-1926 

ж.  Оралда  губерниялық  атқару  ко-

митетінде  нұсқаушы  болып  қызмет 

істеді. 1928 ж. Қызылордаға ауысып, 

Халық ағарту комиссариатының мек-

тепке  дейінгі  балалар  тәрбиесінің 

нұсқаушысы болды. 1931 ж. Алматы 

медициналық  институтына  түскен-

мен, алайда қатаң бақылауда болып, 



Алаш қозғалысы

430


үздіксіз  аңду  мен  қудалауға  ұшыра-

ды.  1933  ж.  ақыры  оқуын  тастауға 

мәжбүр  болды.  Соған  қарамастан 

ол  педагогикалық  ғылыми-зерт-

теу  институтында  жауапты  хатшы, 

Ұлттық  мәдениет  ғылыми-зерттеу 

институтында кіші ғылыми қызмет-

кер,  Халық  ағарту  комиссариатында 

ғылыми  қызметкер,  бастауыш  және 

орта мектеп бөлімінің ғылым-хатшы-

сы,  кейіннен  әдіскер-кеңесші  болып 

қызмет  атқарды.  1936  ж.  қызметтен 

еріксіз босағаннан кейін ҚазМУ-дың 

биология  факультетіне  оқуға  түсіп, 

бірақ аяқтай алмады. 

Шонанұлы  Телжан  (1894  ж. 

Торғай  обл.  Ырғыз  у.  Аманкөл  б. 

(қазіргі Ақтөбе обл. Ырғыз ауд.) 4 а. 

– 27.02.1938 ж.) – көрнекті Алаш қай-

раткері,  тіл  білімі 

саласын  ұйымда-

стырушы,  ғалым. 

1908-1912 ж. Ырғы-

здағы 

орыс-қы-


рғыз  училищесін-

де  оқып,  1912  ж. 

О р ы н б о р д а ғ ы 

Мұғалімдер  институтына  түседі. 

Мұнда 4 жыл оқып, 1916 ж. мұғалім 

болып шығады. Мұнан кейін ол 1920 

ж. дейін Тоқырауын болысындағы 3 

а. ұстаздық етеді. Қайраткердің еле-

улі  еңбегі,  ұйымдастырушылық  қа-

білеті ел көзіне ерте ілініп, 1917 ж. І 

Жалпықазақ сиезіне де, ІІ Жалпықа-

зақ  сиезіне  де  шақырылады.  Соңғы-

сында  Алашорданың  Білім  комис-

сиясының  комиссия  мүшесі  болып 

сайланады. 1920 ж. ол Семей губер-

ниялық төңкерістік комитетінің шет 

ұлттар  бөліміне  аудармашы  болып 

шақырылады.  Сол  ж.  Қазақ  автоно-

миялық  республикасы  құрылғанда, 

ол  Халық  ағарту  комиссариаты  жа-

нындағы  Академиялық  орталықтың 

маманы  ретінде  ғылыми  жұмысқа 

тартылады.  Қайраткер  1924  ж.  12-17 

маусымда  Орынборда  өткен  Қазақ 

білімпаздарының бірінші сиезіне қа-

тысып,  нақты  салалар  бойынша  сөз 

сөйлейді.  1920  ж.  ол  Қазақ  өлкесін 

зерттеу  қоғамының  жұмысына  да 

атсалысады.  1923  ж.  осы  қоғамның 

тарих-археология секциясы мен этно-

графия  секциясы  біріккенде,  ғалым 

оның төраға серігі болып сайланады. 

1926-1929  ж.  Қызылордада  Халық 

ағарту  комиссариатында  жауапты 

қызмет атқарады. Осы шамада Қазақ 

мемлекеттік  педагогика  институтын 

экстерн жүйесімен бітіреді әрі сонда 

сабақ  береді.  1934  ж.  Қазақ  мемле-

кеттік университетінде қазақ тілінен 

доцент болып жұмыс істейді. Ғалым 

жазған  «Сауаттан»,  «Жаңалық», 

«Тіл  дамыту»,  «Оқу  құралы»,  «Қа-

зақ  тілі»,  «Жаңа  арна»,  «Бастауыш 

мектептеріндегі  қазақ  тілінің  әді-

стемесі»,  «Шала  сауатты  ересектер 

үшін  оқу  құралы»,  «Орыстар  үшін 

қазақша  әліппе»,  «Қазақ  тілінің  оқу 

құралы», «Учебник казахского языка 

для  взрослых»  т.б.  еңбектер  халқы-

мыздың  сауатты  болуына,  дүниені 

тануына көп ықпал етті. Оның емле, 

әліпби, терминология жүйесі бойын-

ша  жариялаған  жұмыстары  сол  кез-

де  одақ  көлемінде  түріктанушылар 

тарапынан  лайықты  бағасын  алды. 

Қайраткер әдебиет мәселесін де зер-

делеп отырды. «Абай кітабын басты-

ру  керек»,  «А.Б.Байтұрсынов»,  «Сә-

кеннің тілі туралы», «Бейімбет», «От 

басында» атты мақалаларында руха-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

431


нияттың  өзекті  қырларын  сөз  етті. 

Қайраткердің  саяси-тарихи  білік 

дәрежесін  көрсететін  іргелі  еңбегі 

– 1926 ж. жарық көрген «Қазақ жері 

мәселесінің  тарихы»  атты  зерттеуі. 

Ол 20 ж. саясат теперішін аз көрмеді. 

Ақыры 1937 ж. 21 шілдеде ұсталып, 

1938 ж. 27 ақпанда атылды. Қайрат-

кердің жары ғалым Шаһзада да сол 

шақта өлімге кесілді. 



Шорманов Сәдуақас Мұсаұлы – 

алғашқы  қазақ  зиялыларының  бірі, 

қазақ  қолжазбаларын  жинаушы, 

солардың  ішінде  Абай  өлеңдерінің 

қолжазбасын  П.М.  Мелиоранский-

ге  тапсырған.  «Дала  уәлаятының 

газетінде»,  «Айқапта»,  қазақ  елінің 

шаруашылығы,  оқу-ағарту,  мәде-

ниет,  тарих,  этнография  туралы 

мақалалары  басылған.  «Қазақ»  га-

зетінде қазақ елінің әкімшілік және 

сот  құрылысындағы  өзгерістер, 

бұрынғы  билер  мен  кейінгі  билерді 

салыстырған  мақалалары  жария-

ланған.

«Шура-и  ислам»,  Ислам  кеңесі 

(парсыша  «ислам  кеңесі»)  –  1917  ж. 

қазан  төңкерісі  қарсаңында  Түр-

кістанда  (Ташкентте)  құрылған 

қоғамдық-саяси  ұйым.  Негізгі  иде-

ялық  тірегі  –  ағартушылық  бағыт 

және  жәдитшілдік  мұраты.  Ұйым-

ды  М.К.  Абдурашидханов  басқар-

ды.  Ұйым  жұмысына  М.Шоқай, 

А.В.  Кори,  М.Муминбаев,  А.Темір-

беков,  С.Мирджалилов  белсене  қа-

тысты. 1917 ж. наурыз соңында Түр-

кістан  өлкесінің  барлық  қ.-ларында 

Шура-и-Ислам  бөлімшелері  ашыл-

ды.  Ұйым  жергілікті  діндарлар  мен 

зиялыларды  діни  туыстық  пен  ба-

уырлық және ағартушылық негізін-

де  топтастыра  алды.  Сондай-ақ  ол 

жерге жеке меншік болуын қолдады. 

Олар Ресей құрамында ұлттық-діни 

бағыттағы Түркістан автономиясын 

құруды  армандады.  1917  ж.  16-23 

сәуірде  Шура-и-Исламның  42  деле-

гаты қатысқан сиез өтті. Осы жиын 

Түркістанның мәдени-саяси өзін-өзі 

басқаруын жақтап, Уақытша үкімет-

ке сенім білдірді. Мұнда «Түркістан 

мұсылмандарының  өлкелік  кеңесі» 

құрылды. Ұйым құрылған уақыттан 

бастап  негізгі  мәселені  шешуде  жә-

диттер  мен  үлемдер  бір-бірімен  үн-

десе  қоймайтын  екі  бағытты  ұстан-

ды. Діндарлар бірте-бірте жәдитшіл-

дерді  «шариғаттан,  дін  қағидатта-

рынан бас тарттыңдар, дәстүріміздің 

сақталуын 

әлсіреттіңдер» 

деп 


кінәлады. Сөйтіп бұл бағыттағылар 

1917 ж. маусым айында Шура-и-Ис-

ламнан  шығып,  Шура-и-Үлем  ұйы-

мын құрды. 17-20 қыркүйекте ұйым-

ның ІІ сиезі өтті. Қарашада өткен ІІІ 

сиезде большевизмге тоқтау салу ту-

ралы қарар қабылдады. Шура-и-Ис-

лам  мүшелері  Ресейдегі  қазан  төң-

керісін қолдаған жоқ. Большевизмді 

қасірет деп есептеді. Сөйтіп Қоқанда 

құрылатын  Түркістан  мұхтарияты 

жолында  күресті.  Соны  құрды,  ол 

құлатылғанда басмашы қозғалысын 

қолдады.  1918  ж.  басында  больше-

виктік  Түркістан  Халық  комиссар-

лар  кеңесі  Шура-и-Исламды  жаңа 

үкіметке  жат  ұйым  ретінде  жұмы-

сын тоқтатуға қаулы шығарды. 



«Шура-и-улема»

Ғұламалар 

қоғамы  (кеңесі)  –  қоғамдық-саяси 

ұйым. 1917 ж. 10 шілдеде Ташкентте 

көрнекті  қазақ  қайраткері  С.Лапин-

нің  жетекшілік  етуімен  құрылған. 



Алаш қозғалысы

432


Ұйым Түркістан өлкесіне Ресей Фе-

дерациясы  құрамында  аумақтық 

автономия  берілуін  жақтады,  ұлт-

тық-діни ой-пікірлерді мерзімді бас-

пасөз арқылы насихаттау, күнделікті 

өмірде талас тудыратын мәселелерді 

шариғат арқылы шешу керек деп са-

найды. Түркістан автономиясын қол-

дамаған  бұл  ұйым  Өлкелік  Халық 

Комиссарлар  кеңесіне  қантөгіске 

жол бермеу үшін өлкеде мұсылман-

дық  автономияның  орнығуының; 

ХКК қолында тек еуропалық нәсіл-

дегі  тұрғындардың  басқару  қалып, 

мұсылмандық автономия үкіметінің 

исламдық  социализм  принциптері 

бойынша  құрылуының  тиімділігі 

жөнінде  мәлімдеме  жолдады.  Бұл 

ұсынысқа  Кеңес  өкіметі  құлақ  ас-

пай,  оны  тарату  туралы  шешім  қа-

былдайды.

Шүкірұлы  Сабыржан  (1939  ж. 

12  тамызда  Қостанай  обл.  Әулиекөл 

ауд. – 2013, Астана) – публицист, тіл-

танушы, ахметтанушы. Қаламгерлік 

еңбек  жолын  осы  обл.-тың  Жангел-

дин  ауд.-дық  «Социалистік  ауыл», 

кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» 

газеттерінде  әдеби  қызметкер,  ау-

дармашы,  бөлім  меңгерушісі  болып 

бастаған. Комсомол, партия қызмет-

терінде болған. ҚазМУ-дің журнали-

стика  факультетін,  Алматы  жоғары 

партия мектебін бітірген. 1974-1991 ж. 

«Социалистік  Қазақстан»  газетінің 

Торғай  обл.-дағы  меншікті  тілшісі, 

бөлім меңгерушісі, Бас редактордың 

орынбасары,  ал  1991  ж.  «Сұхбат» 

және  «Позиция»  хабаршыларының 

Бас  редакторы,  1996-2006  ж.  «Ана 

тілі» ұлт газетінде Тіл және этногра-

фия бөлімінің редакторы болып қыз-

мет атқарды. Қазақстан Журналистер 

одағының,  Қазақстан  Жазушылар 

одағының  мүшесі.  «Тамаша  өмір», 

«Шақшақ Жәнібек», «Нақпа-нақ» т.б. 

кітаптардың  және  Алаш  тұлғалары-

на  қатысты  мақалалардың  авторы, 

«Алаштың  тілдік  мұрасы»  жинағы-

ның құрастырушысы. 

  «Шығыс  кеші»  –  мұсылман 

зиялыларының  қоғамдық  қозғалы-

старға  ықпалы  болған  мәдени-та-

нымдық  шарасы.  Алғаш  1911  ж. 

көріне бастайды. «Шығыс кештері» 

Ресейдің түркі жастары (қазақ, татар 

және т.б.) шоғырланған қалаларда өт-

кізіліп, жаңашыл мәдени-ағарту мақ-

сатты көздеген. Ойын-сауық бағдар-

ламасы  танымдық  баяндамалардан, 

шағын  пъесалардан,  тұрмыс-салт 

фольклорынан,  ән-биден  құралған. 

Көрермендерді  халықтың  әдет-ғұр-

пымен,  әлеуметтік-мәдени  өмірімен 

таныстырып  отыру  -  кештердің  не-

гізгі  мақсат-мұраты  болған.  Айта-

лық,  1914  ж.  Семей  қ.-нда  Абайдың 

қайтқанына  10  жыл  толуына  орай 

еске  алу  ретінде  әдеби-этнографи-

ялық кеш өткен. Мұнда Біржан-Сара 

айтысының ықшамдалған сахналық 

нұсқасы  қойылған.  Бұл  сияқты  әр 

алуан  ойын-сауық  кештері  Қоста-

най,  Ақмешіт,  Ақмола  (1911-1912), 

Атбасар  (1915),  Омбы  (1916-1919), 

Ташкент, Орынбор (1922) т.б. қ.-лар-

да  өткізіліп,  оған  Алаш  қозғалысы-

на  белсенді  қатысқан  қайраткерлер 

тартылған. «Шығыс кеші» ұлт театр 

өнерінің туып, қалыптасуына елеулі 

ықпал етті.

«Шығыс клубы» – 1907 ж. 1 жел-

тоқсанда Қазан қ. мұсылман зиялы-

ларының  ресми  бірлестігі  ретінде 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

433


пайда  болған  қоғамдық  құрылым. 

Ш.к.  мүшелері  мен  қонақтар  үшін 

музыкалық және әдеби кештер, сах-

налық қойылымдар, халық шерулері 

мен ойындарын ұйымдастырып, ха-

лықтың  танымын,  білігін  көтеріп 

отырған.  Көбіне  осы  шараларды 

арнайы  дәріс  түрінде  өткізіп,  әр 

саладан  хабары  бар  оқығандарды, 

қайраткерлерді  шақырған.  Шығыс 

клубы аз ж. мұсылман зиялы қауы-

мының  бірлік  пен  ынтымақ  қозға-

лысына  айналды.  Клуб  жанында 

орыс-мұсылман  кітапханасы,  музы-

калық аспаптар оркестрі жұмыс істе-

ген.  Кезінде  Императорлық  Қазан 

университетінде, Қазан малдәрігер-

лік  институтында,  Қазан  Мұғалім-

дер  семинариясында  оқыған  қазақ 

жастары  шығыс  клубы  жұмысына 

белсене  қатысып,  ұлт  өнерін  наси-

хаттады.  Қазан  университетінде 

оқыған  жас  тұлға,  кейін  Алашорда 

қозғалысының  көрнекті  қайраткер-

лерінің бірі, заңгер У.Танашұлы осы 

клубтың белсенді мүшесі болған. Ол 

осы  жерден  белсенді  саяси  мектеп-

тен  өтіп,  Қазан  мұсылмандары  са-

яси  қозғалысы  басшыларының  бірі 

деңгейіне  көтерілді.  Шығыс  клу-

бы  жұмысына  қатысқан  мұсылман 

жастары  Ресей  мұсылман  студент-

тері  құрылтайын  шақыру  идеясын 

қолдап,  осы  мақсатта  1913  ж.  шара 

өткізді. Оған Қазан университетінде 

оқыған Б.Мәметұлы, И.Қашқынбай-

ұлы,  Ш.Бекмұхамедұлы,  А.  Имам-

байұлы сынды қазақ жастары қаты-

сты.  Көпшілік  дауыспен  А.  Имам-

байұлы  Бүкілресейлік  мұсылман 

студенттері  құрылтайына  делегат 

болып сайланды. Шығыс клубы жұ-

мысында шыңдалған қазақ студент-

тері  кейін  көрнекті  мемлекет  және 

қоғам  қайраткері  болды.  Олардың 

арасында  Б.Мәметұлы,  У.Танашұлы 

Алашорда үкіметі құрамына кірді.

Шыманов  Мырзағұл  (1847, 

қазіргі  Ақтөбе  обл.  Шалқар  ауд.  – 

1908, Орынбор) – белгілі би, саяси 

қайраткер.  1872  –  79  жылы  Ырғыз 

уездіндегі Аралши болысын басқар-

ды. Елге сыйлы азамат ретінде 1878 

жылы қазақ зиялыларының депута-

циясы құрамында Санкт-Петербург 

пен  Мәскеуге  барып,  Александр  ІІ 

патша тарапынан Станислав лента-

лы күміс медальмен марапатталған. 

1879  –  87  жылы  тілеу  руының  аға 

биі,  1891,  1898  жылы  екі  рет  Шең-

гелді  болыстығына  болыс  болып 

сайланған. Шалқар қаласында 2 сы-

ныптық орыс-қазақ мектебін ашты-

рған.  1882  жылы  маусымда  өткен 

Орал, Торғай, Закаспий облысы бо-

лыстары  мен  билерінің  құрылтай-

ында  патша  үкіметінің  жер  саяса-

тын  ашық  сынады.  Отаршылдарға 

жер  бермеу  үшін  күрескені  се-

бепті 1891 жылы 15 қаңтарда болы-

стықтан  босатылып,  6  айға  Орын-

бор  түрмесіне  қамалды.  Дегенмен, 

көп  ұзамай  босатылып,  Орынбор 

–  Ташкент  темір  жолын  салуға  қа-

тысқаны үшін Орынбор әкімшілігі-

нен мақтау грамотасын алды. 1903 

жылы  Арал  теңізі  мен  Мұғалжар 

тауының  аралығында  орналасқан 

Біршоғыр,  Шалқар  станциясында 

болған  қазақ  руларының  бас  көте-

руін  басқарды.  800  адам  қатысқан 

бас  көтеру  2  жылға  созылып,  1905 

жылғы  төңкеріске  ұласты.  1905 

жылы  қолға  түскен  Шыманов  14 



1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал