Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет6/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Алаш қозғалысы

40

Уәлитхан  Танашев,  Сейдәзім  Қа-



дырбаев,  Омар  Алмасов,  Шафқат 

Бекмұхамедов  сияқты  ұлт  зиялыла-

ры тұрды. Бұл сиез «Қазақ» газетін-

де «қазақтың тұңғыш сиезі» ретінде 

бағаланды.  Торғай  сиезінен  кейінгі 

Жетісу,  Орал,  Ақмола,  Семей  облы-

стық  сиездері  Алаш  қозғалысының 

қазақтың  барша  даласын  қамтыған-

дығын  байқатты.  Жетісу  облыстық 

сиезінде  Ы.Жайнақов,  Ғ.Ордабаев, 

А.Құдайбергенов,  А.Шегіров,  Н.

Жақыпбаев, Ғ.Үдербаевтардың, Орал 

облыстық сиезінде Б.Қаратаев, Ғ.Әлі-

беков, Д.Күсепқалиев, Х.Досмұхаме-

дов,  Ж.Досмұхамедұлы,  Ғ.Жетпіспа-

евтардың, Ақмола облыстық сиезінде 

Е.Итбаев,  А.Тұрлыбаев,  М.Дулатов, 

М.Саматов,  А.Сейітов,  М.Жұмабаев, 

Е.Тоқбайұлылардың,  Семей  облы-

стық сиезінде Ж.Ақпаев, Х.Ғаббасов, 

Р.Мәрсеков,  М.Боштаев,  Б.Сәрсенба-

ев,  Ә.Ермеков,  Ы.Оразалин,  М.Мал-

дыбаев,  Ш.Ақпановтардың  белсен-

ділігі  байқалды.  Облыстық  қазақ 

сиездері мен қазақ комитеттері қазақ 

зиялыларын  одан  сайын  ұйыстыра 

бастады. Осы өңірлік саяси шаралар 

ел  ішінен  қайраткерлерді  шығар-

ды. Сөйтіп, Алаш мұраты үшін ерен 

істерге  дайын  сандаған  азаматтар  – 

күрескерлер, қайраткерлер деңгейіне 

көтерілді.  Бұл  сиездердің  қай-қай-

сысы  да  ұлттың  қордаланған  мәсе-

лелерін  күн  тәртібіне  қоя  отырып, 

оны  шешудің  жолдары  мен  амалда-

рын  белгіледі.  Облыстық  сиездерде 

қауымдасқан  зиялылар  жалпықазақ 

сиезін ашудың алғышарттарын жаса-

ды.  Мұндай  сиез  көп  кешікпей  шіл-

де айында Орынбор қаласында өтті. 

Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұ-

хамедұлы,  Әлмұхамед  Көтібаров, 

Міржақып Дулатов, Асылбек Сейітов 

және  тағы  да  басқа  Алаш  қайрат-

керлерінің  басшылығымен  һәм  ұй-

ымдастыруымен  өткен  осы  Бірінші 

жалпықазақ  сиезінде  қазақ  қоғамы 

үшін іргелі 14 мәселе қаралды. Оның 

ішінде  қазақ  автономиясы  туралы, 

қазақ  саяси  партиясы  туралы,  дін 

туралы  және  тағы  да  басқа  ұлт  тағ-

дырының зор мәселелері болды. Бұл 

сиез  ең  алдымен  қазақ  зиялылары-

ның бас қосып, түсініп, ортақ мүдде 

жолында  аянбай  қызмет  істей  ала-

тындығын  дәлелдеді.  Сонау  хандық 

заманның ең дәуірлеген кезеңдерінен 

бері  барша  қазақтың  игі  жақсылары 

бас қосқан ұлық жиын бола отырып, 

сиез ұлттық тәуелсіздік мәселесін кө-

теруімен  де  тарихи  маңызға  ие  бол-

ды.  Сиезде  «Алаш»  партиясының 

құрылуы  да  оның  зор  тарихи  мәнін 

айғақтады. Бірінші жалпықазақ сиезі 

Алаш  қозғалысына  үдемелі  қарқын 

дарытты, осы сиезден кейін бүкіл қа-

зақ даласы азаттық пен теңдік рухы-

на бөленді, желтоқсанда өтетін Екін-

ші жалпықазақ сиезіне дейін барлық 

өңірлерде  дерлік  «Алаш»  партиясы-

ның комитеттері ашылды. Алаш ав-

тономиясын  жариялаған,  Алашорда 

үкіметін  сайлаған  Екінші  жалпықа-

зақ  сиезі  ұлттық  мемлекет  қажетті 

атрибуттарын  жасады.  Осы  тарихи 

сиезде Алаш автономиясы жариялан-

ды, оны басқаратын Ұлт Кеңесі, яғни 

Алашорда үкіметі жасақталды. Ала-

шорданың төрағасы болып баламалы 

негізде  Ә.Бөкейхан  сайланды.  Осы 

сиезден соң қозғалыс жаңа қарқынға 

ие  болды.  Алашорда  үкіметінің  іс 

қимылдары  қазақ  халқының  саяси 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

41

жағынан  да,  білім-ілім  жағынан  да, 



мәдени-әдеби  жағынан  да  өзін-өзін 

басқара  алатын  әлеуетті  ұлт  екенді-

гін байқатты. Ел басқарудың, ғылы-

ми  мектеп  қалыптастырудың,  әскер 

жасақтаудың, шаруашылық жүргізу-

дің, өнер игерудің үлгілерін көрсетті. 

Қозғалыс тұсында қазақ зиялылары-

ның  бірнеше  толқыны  қалыптасты. 

1920 ж. 5 наурызында Әскери – рево-

люциялық  комитет  Алашорданы  та-

ратуға  арнайы  шешім  қабылдағанға 

дейін  Алаш  қозғалысы  ұлт-азаттық 

қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты 

саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс бол-

ды. Қазақ мемлекетін құру сәтсіздік-

ке  ұшырағанымен,  Алаш  қозғалы-

сының  азаттық  идеялары,  мәдени, 

ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік 

жылдардың өзінде қазақ қоғамында 

өмір  сүріп  жатты.  Осы  ұлттық  та-

рихымыздағы  ең  ірі,  ең  ұзақ  ұлт-а-

заттық  қозғалыс  мұраттары  тәуел-

сіздік ж.нда қайтадан жаңғырды. 

 

«Алаш  қозғалысы.  движение 

Алаш» – құжаттар мен материалдар 

жинағы. Оны Ш.Уәлиханов атындағы 

Тарих  және  этнология  институты 

дайындаған. Жинақ үш томнан тұра-

ды. Бірінші томға 1901-1917 ж. қараша 

айы  аралығындағы  құжаттар,  екін-

ші  томға  1917  ж.  желтоқсаны  -  1920 

ж.  мамыры  аралығындағы  құжат-

тар,  үшінші  томның  бірінші  кітабы-

на  1920-1928  жылдар  аралығындағы 

құжаттар, екінші кітабына 1929-1932 

жылдар аралығындағы құжаттар ен-

гізілген.  Жинақтың  құрастырушы-

лары:  К.Нұрпейіс,  Ш.Б.Тілеубай, 

Қ.С.Алдажұманов,  Р.Қ.Қанғожиева, 

М.Қойгелдиев,  С.Қ.Рүстемов,  Е.Сай-

лаубай т.б. 

«Алаш  қозғалысы»  еңбегі  – 

Мәмбет  Қойгелдиевтің  1995  ж.  «Са-

нат» баспасынан жарық көрген еңбе-

гі.  Профессор,  алаштанушы  ғалым 

М.Қойгелдиевтің  бұл  зерттеуінде 

ХІХ  ғ.  соңы  және  ХХ  ғ.  басындағы 

Қазақстандағы отарлау саясаты, 1905-


Алаш қозғалысы

42

1916  ж.  қазақ  зиялыларының  отар-



шылдыққа қарсы қоғамдық-саяси қы-

зметі мен күресі, Алаш қозғалысының 

басталуы  мен  өрістеуі,  Алаш  парти-

ясының  және  Алашорда  үкіметінің 

құрылуы  т.б.  маңызды  мәселелер 

зерттелінген.  Сондай-ақ,  Ә.Бөкейхан, 

М.Тынышбаевтардың саяси қызметіне, 

Алашорда мен Қоқан автономиясының 

қарым-қатынасына  ғылыми  талдау-

лар  жасалынған.  Бұл  еңбек  толықты-

рылып 2008 ж. екінші рет жарық көрді. 

Алаш 

қозғалысына 

мүше 

болғандар  мен  ниеттестер  тізімі  – 

Алаш  қозғалысына  қатысқан  тұлға-

лардың  тізімі.  Мұндай  тізімді  ең 

алғаш жасаған көрнекті алаштанушы 

ғалым,  академик  Кеңес  Нұрпейісов 

болды.  Оның  1995  ж.  жарық  көрген 

«Алаш һәм Алашорда» кітабында қо-

сымша ретінде Алаш қозғалысы мү-

шелерінің  тізімі  «Алаш  қозғалысы-

на  мүше  болғандар  мен  ниеттестер 

тізімі»  деген  атаумен  берілген.  Бұл 

тізімге Алаш қозғалысына қатысқан 

270  адамның  аты-жөні  енгізілген. 

Осы тізімнің толықтырылған нұсқа-

сы  Б.  Мүрсәлім  құрастырған  «Ала-

шорда»  фотоальбомында  берілген. 

Онда 350 тұлға қамтылған.

Алаш  қозғалысына  қатысқан-

дардың  тізімі  –  Алаш  қозғалысына 

қатысқан  тұлғалардың  Е.  Тілешов 

жасаған  нұсқасы.  Бұл  нұсқа  алғаш 

рет  Е.  Тілешов,  Д.  Қамзабекұлы, 

И.  Нұрахмет  құрастырған  «Алаш 

қозғалысы» (Алматы, 2007) анықта-

малығында жарияланды. Бұл тізімге 

583  адамның  есімдері  енгізілген. 

Тізімдегі  әрбір  тұлғаның  Алаш 

қозғалысына  қатысы  негізделді. 

Яғни,  әр  тұлғаның  Алаш  қозғалы-

сына қатысы дәйектеліп берілді. Бұл 

тізім  2009-2014  ж.  нақтыланып,  осы 

энциклопедиялық  анықтамалыққа 

900-ден астам тұлға енгізілген тізім 

берілді. 



Алаш қозғалысы тарихын дәуір-

леу мәселесі – ХХ ғ. басындағы ұлт-а-

заттық  қозғалысты  кезеңдерге  бөлу 

мәселесі.  Қозғалыстың  жалпыұлт-

тық  сипатқа  айналуына  бір  емес, 

бірнеше  жылдардың  қажет  болары 

дамудың  табиғи  жолы.  Сондықтан 

Алаш  қозғалысының  өрістеу,  даму 

сипатына  ой  жүгірте  отырып,  оны 

бес  кезеңге  бөлуге  болатын  сияқты. 

Бірінші кезең – 1905-1909 ж., екінші 

кезең – 1910-1912 ж., үшінші кезең – 

1913-1916  ж.,  төртінші  кезең  –  1917-

1919 ж., бесінші кезең – 1920-1929 ж.. 

Алаш  қозғалысының  бірінші  кезеңі 

– Ресейдің қазаққа істеген қысымын 

әбден  сезінген  оқыған  ұлтшыл  ұр-

пақтық  халқының  тағдырына  жаны 

ашып,  қызметке  кірісе  бастаған  ке-

зеңі болатын. Туған халқының бодан 

күндерін  қайтсем  жеңілдетем  деген 

ізденіс  кезеңі  болды.  Мұнда  Ресей-

дің  отаршыл  үкіметіне  шағымдану 

шаралары,  әділетсіздікті  көрсеткен 

публицистика,  халқын  қамшылаған 

өлең-жыр болды. «Қарқаралы құзыр-

хаты», Орал сиезі, «Серке» газеті, қа-

зақ қайраткерлерінің бірінші, екінші 

Думаға сайлануы – қазақ зиялылары-

ның  саясат  жүзінде  ұлттық  мүддеге 

тартылғандығын  айғақтады.  Сон-

дықтан да оны біз Алаш қозғалысы-

ның  бастапқы  кезеңі  дей  келіп,  оны 

ұлт зиялыларының қалыптасу кезеңі 

деп атаймыз. Қозғалыстың келесі ке-

зеңінде  зиялылардың  халық  өмірін 

танып, оны жігерлендіру, ояту қаре-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

43

кеттері  байқалады.  Айталық,  «Оян, 



қазақ!», «Қырық мысал», «Бала тұл-

пар»,  «Айқап»  журналы,  «Бақытсыз 

Жамал»,  «Қалың  мал»  осы  кезеңнің 

ұлтты белсенділікке шақырған, халық 

өміріне  терең  үңілген  бедерлі  бел-

гілері  еді.  Бұл  кезеңге  сыншылдық, 

ағартушылық тән, яғни сынау мен үй-

рету, мінеу мен бейімдеу етене бола-

тын. Сондықтан оны сыншылдық ке-

зеңі дейміз. Бұл кезеңде саяси қайрат-

керліктен гөрі әдеби ұрандар алдыңғы 

қатарға шықты. Оның себебі отаршыл 

үкімет қазақ зиялыларының пәрменді 

әрекеттерінен үркіп, оларды қысымға 

ұшыратты.  Осы  тұста  қазақ  ойының 

ең  белсенді,  жалпы  халыққа  ең  ете-

не,  түсінікті  түрі  –  көркем  сөз  азат-

тық  аңсаған,  бостандыққа  шақырған 

мазмұнға  ие  болып,  Алаш  ұранды 

әдебиетті дүниеге келтірді. Міне, осы 

кезеңде  ұлт  мүддесін  бірлесіп  шешу 

үшін жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 

туындады. Оны алғаш көтерген, бүгін-

дері есімі аса атала бермейтін Жиһан-

ша  Сейдалин  болатын.  Оның  1911 

жылдан бастап «Айқап» журналында 

сиез ашу мәселесіне арналған мақала-

лары қазақ зиялыларының ортасында 

үлкен  пікір  тудырды.  Жиһаншаның 

сиез  ашу  жөніндегі  осы  мақалалары-

на Б.Қаратаев, Ә.Бөкейхан, А.Байтұр-

сынұлы,  Б.Сыртанов,  М.Тынышбаев, 

Е.Қасаболатов тағы басқалар алдымен 

сол  «Айқап»  журналының  өзінде, 

кейінірек «Қазақ» газетінде пікірлерін 

білдірді.  Сейдалинді  мақұлдап  елден 

қолдаухат жазғандар да болды. Кейбір 

қайшылықтар  да  ұшырасты.  Алуан 

пікірлер  болғанымен  де  жалпықазақ 

сиезін ұйымдастыру мәселесінің өзек-

тілігі  мен  қажеттілігі  -  сол  дәуірде 

ұлт қамынан өрістеп, қазақ қоғамына 

тасталған  үлкен  идеялардың  бірі  бо-

луында. Сыншылдық кезеңі делінген 

Алаш  қозғалысының  осы  екінші  ке-

зеңінде  халықтың  көнбіс,  талапсыз 

кейпін ғана сынау емес, сонымен бір-

ге  қайраткерлер  арасында  да  өзара 

сынның болғандығын аңғарамыз. Ол 

әрине, табиғи үдеріс болатын. Өзара 

сынсыз қозғалыстың өрістеуі де, қай-

раткерлердің  қай  жағынан  болсын 

өсуі де мүмкін емес еді. «Қазақ» га-

зетінің  жарық  көруі,  оның  ұлтшыл-

дық бағыты – халықты оятудан тұта-

стыруға бейімдеді. Осы ұлт басылы-

мы – барша Алаш қозғалысының беті 

мен  бағытын  көрсетті.  «Қазақ»  ұлт-

тың қазір қандай жағдайда екендігін, 

қай  жолмен  жүрсе,  қалай  болмағын 

нұсқап,  зиялылардың  ең  көкейтесті 

ойларын  жариялады.  Ең  бастысы  – 

газет  қазақ  жерінің  барлық  өңірін 

қамти  отырып  ұлтты  оятты.  Яғни, 

ұлт-азаттық қозғалысы пікір жүзінде 

де, іс барысында да ортақ мүдде әре-

кетімен  өрістей  түсті,  дамыды.  Сол 

себепті  де  бұл  1913-16  ж.  қамтыған 

кезеңді ұлттық ұйысу кезеңі дейміз. 

Бұл ұйысу кезеңі келесі «Алашорда» 

кезеңін дайындады. Алаш қозғалысы-

ның  өрістеу  эволюциясының  жолы, 

оның  қайраткерлерінің  ішкі  мүм-

кіндіктері  мен  қайраткерлік  дайын-

дықтары  1917  ж.  патшаны  құлатқан 

іле-шала  сәуірдің  алғашқы  күндері-

нен  бастап  облыстық  қазақ  сиездері 

өткізіле  бастады.  Орынборда,  Ал-

матыда,  Оралда,  Омбыда,  Семейде 

өткізілген Торғай, Жетісу, Орал, Ақ-

мола, Семей, облыстық сиездері Таш-

кентте  өткен  Түркістан  Мұсылман-

дарының  Бірінші  құрылтайы  Алаш 


Алаш қозғалысы

44

баласының азаттыққа шындап бағыт 



алғандығын  байқатты.  1917  ж.  2 

сәуірінде Орынбор қаласында Ахмет 

Байтұрсынұлының  төрағалығымен 

басталған  Торғай  облыстық  қазақ 

сиезі  Алаш  қозғалысының  «Алаш» 

партиясында,  Алашорда  үкіметіне 

ұласар кезеңінің ең алғашқы айтулы 

оқиғасы болды. Облыстық қазақ си-

ездері  мен  қазақ  комитеттері  қазақ 

зиялыларын  одан  сайын  ұйыстыра 

бастады. Осы өңірлік саяси шаралар 

ел  ішінен  қайраткерлерді  шығар-

ды. Сөйтіп, Алаш мұраты үшін ерен 

істерге  дайын  сандаған  күрескерлер 

–  зиялылар,  қайраткерлер  санатына 

қосылды.  Облыстық  сиездерде  қа-

уымдасқан  зиялылар  жалпықазақ 

сиезін ашудың алғышарттарын жаса-

ды. Мұндай сиез көп кешікпей шілде 

айында Орынбор қаласында өтті. Бұл 

сиез  ең  алдымен  қазақ  зиялылары-

ның бас қосып, түсініп, ортақ мүдде 

жолында  аянбай  қызмет  істей  ала-

тындығын  дәлелдеді.  Сонау  хандық 

заманның ең дәуірлеген кезеңдерінен 

бері  барша  қазақтың  игі  жақсылары 

бас қосқан ұлық жиын бола отырып, 

сиез  ұлттық  тәуелсіздік  мәселесін 

көтеруімен  де  тарихи  маңызға  ие 

болды.  Сиезде  «Алаш»  партиясы-

ның  құрылуы  да  оның  зор  тарихи 

мәнін  айғақтады.  Бірінші  жалпықа-

зақ сиезі Алаш қозғалысына үдемелі 

қарқын  дарытты,  осы  сиезден  кей-

ін  бүкіл  қазақ  даласы  азаттық  пен 

теңдік  рухына  бөленді,  желтоқсан-

да  өтетін  Екінші  жалпықазақ  сиезі-

не  дейін  барлық  өңірлерде  «Алаш» 

партиясының  комитеттері  ашылып, 

онда  ұлт  мұратын  ту  еткен  азамат-

тар  ерекше  белсенділік  танытты.  Іс 

жүзінде  бұл  партия  кейінірек  құры-

латын  Алашорда  үкіметінің  рөлін 

атқарды.  Сондықтан  да  біз  1917  ж. 

сәуір  айынан  бастап  1919  ж.  соңына 

дейін созылған ең қарқынды кезеңді 

Алашорда кезеңі деп атаймыз. Алаш 

автономиясын  жариялаған,  Алашор-

да  үкіметін  сайлаған  Екінші  жал-

пықазақ сиезі ұлттық мемлекет құру-

дың  барлық  қажетті  атрибуттарын 

дүниеге  келтірді.  Алашорда  кезеңі 

– ұлттық азаттық пен теңдікке деген 

сенімін  нығайтты,  осы  жолда  өзінің 

жеке  басын  ұлт  пен  мемлекет  мүд-

десін  жоғары  қоятын  күрескер  жүз-

деген, тіпті мыңдаған қайраткерлерді 

қалыптастырды. Қазақ халқының са-

яси  жағынан  да,  білім-ілім  жағынан 

да,  мәдени-әдеби  жағынан  да  әле-

уеті  жоғары  ұлт  екендігін  байқат-

ты.  Ел  басқарудың,  ғылыми  мектеп 

қалыптастырудың,  әскер  жасақтау-

дың,  шаруашылық  жүргізудің,  өнер 

игерудің  үлгілерін  көрсетті.  Яғни, 

қазақ  мемлекетін  құру  сәтсіздік-

ке  ұшырағанымен,  жалпы  ұлттың 

бойындағы  мемлекеттілікке  деген 

құлшынысты,  елшілікті  аңғартты. 

Осы  Алашорда  кезеңінде  ұлт-азат-

тық қозғалыстың ауқымды бір бөлігі 

еліміздің  оңтүстігін  қамтыды.  Түр-

кістан  автономиясының  құрылуы  – 

ұлт-азаттық  қозғалыс  тарихындағы 

ірі  оқиға  болды.  Алаш  зиялылары-

ның  бірлесе  жұмыс  істеу  мүмкінді-

гінің болмауы – олардың ұлт мүддесі 

жолындағы  қызметтерінің  типтерін 

өзгертті.  Бірақ  Алаштың  ең  тұрла-

улы,  ең  берік  қайраткерлері  мен  қа-

ламгерлері  руханият  саласындағы 

өздерінің  қарым-қатынастарын  үз-

беді.  Әлихан  Бөкейханның  Мәскеу-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

45

дегі  қызметі,  Ахмет  Байтұрсынұлы 



бастаған  топтың  Ташкенттегі  қи-

мылдары  олардың  қашан  болмасын, 

қандай  жағдайда  болмасын  ұлтпен 

бірге екендерін паш етті. Алаш қозға-

лысының осы бесінші кезеңі сипаты 

жағынан  алғанда  саяси  күрескерлік-

тен  мәдени-рухани  өріске  ауысқан-

дығын  байқатты.  Бұл  рухани  керне-

уі  жоғары  қазақ  әдебиетін,  өнерін, 

тілін, оқу-білімін, ғылымын күшейт-

ті. Сондықтан оны Алаш қозғалысы-

ның рухани өркендеу кезеңі деп атай-

мыз. Рухани өркендеу кезеңі – ширек 

ғасырға созылған «Алаш қозғалысы» 

атты қазақ тарихының ең бедерлі, ең 

мазмұнды, ең өркениетті дәуірін қо-

рытындылады. 

«Алаш»  мәдениет  және  рухани 

даму  институты  (қысқаша  «Алаш 

институты»)  2006  ж.  Л.Н.Гуми-

лев  атындағы  Еуразия  ұлттық  уни-

верситеті  Ғылыми  кеңесі  мен  ҚР 

БҒМ  Ғылым  комитетінің  шешімі 

негізінде  аталған  оқу  орнының 

ғылыми  құрылымы  ретінде  ашыл-

ды.  Ұйымдастырушы  –  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор 

Д.Қамзабекұлы. Институт үш зертха-

надан тұрады. Олар: Алаш мәдениеті 

(тіл,  әдебиет  және  өнер)  зертханасы, 

Алаш тарихы және рухани даму зерт-

ханасы,  Мәтінтану  және  деректану 

зертханасы.  Институтты  2006-2012 

ж. Дихан Қамзабекұлы, 2012-2013 ж. 

филология  ғылымдарының  докторы 

Амантай  Шәріп,  2013  ж.  филология 

ғылымдарының  докторы  Б.Әбдуә-

лиұлы басқарса, 2014 ж. оған танымал 

әлихантанушы, филология ғылымда-

рының  кандидаты  Сұлтанхан  Жүсіп 

(Аққұлыұлы)  жетекшілік  етеді. 

Ғылыми  құрылым  2006  ж.  бастап 

1  халықаралық,  3  республикалық 

ғылыми  жобаны  орындап,  32  еңбек 

(ғылыми  жинақ,  түсіндірме  сөздік, 

оқу  құралы)  жариялады.  Бұлардың 

ішінде  «Жәдитшілдік  және  Алаш», 

«Ескі  әдеби  тілдің  түсіндірме  сөзді-

гі»,  «Еуразия  мәдениетінің  сөздігі» 

атты  еңбектер  мен  француз,  ағыл-

шын  аудиториясына  арналған  Алаш 

мұрасы  негізіндегі  «Қазақ  тілі»  оқу 

құралдары бар. Жеті жылда «Алаш» 

институты 46 ғылыми шара (халықа-

ралық,  республикалық  ғылыми  кон-

ференция,  дөңгелек  үстел,  семинар) 

өткізіп,  отандық  және  шетелдік  ба-

сылымдарда  көрнекті  ұлт  зиялыла-

рына  қатысты  300-ге  тарта  мақала 

басып  шығарды.  «Алаш»  институты 

Хайретдин Болғанбай, Сұлтанбек Қо-

жанұлы, Сәдуақас Ғылмани мұрасын 

тұңғыш  рет  кітап  етіп  жариялады. 

Соңғы ж. Ә.Бөкейханның 9 томдығын, 

С.Сәдуақасұлының  3  томдығын, 

Қ.Кемеңгерұлының  3  томдығын,  Т.

Шонанұлының  3  томдығын,  М.Мөң-

кеұлының  1  томдығын  академиялық 

жинақ  етіп  даярлап,  халыққа  ұсын-

ды.  Ж.Аймауытұлының  6  томдығын 

жинақтауға  қатысты.  Әзірлеген  ерек-

ше  басылымдарының  қатарына  «Қа-

ныш  Сәтбаев.  Алгебра.  Оқулық.  Том 

қаласы,  1924  жыл»  және  «Омбының 

Алаш дәптері» атты мұра-жинақтарды 

жатқызуға  болады.  Д.Қамзабекұлы-

ның  «Түркістан  алқасы»,  А.Шәріптің 

«Рух пен рәміз», Д.Қамзабекұлы, Б.О-

марұлы, А.Шәріптің «Ұлттық әдебиет 

және  дәстүрлі  ментальдік»,  Б.Әбдуә-

лиұлының  «Қазақ  антропоним  жа-

самы:  теориялық  және  практикалық 

негіздері» т.б. монографиялары жарық 


Алаш қозғалысы

46

көрді. Институттың ғылыми зерттеу 



және  танымдық-практикалық  іс-ша-

ралары  мына  бағыттар  бойынша 

жүргізіледі:  Алаш  қайраткерлері  ең-

бектерін жинау, зерттеу және жария-

лау; Алаш мұрасына сараптама жүр-

гізу, түсінік беру және осы бойынша 

нұсқаулық,  әдістеме  ұсыну;  Алаш 

мұрасын  білім  жүйесіне  ендіру, 

қоғамға  кеңінен  насихаттау.  Инсти-

тут жыл сайын дәстүрлі «А.Байтұр-

сынұлы оқуларын» өткізіп тұрады. 

Алаш  мектептері  –  Семейдің 

Алаш  қаласы  бөлігіндегі  мектептер. 

Алаш  қозғалысы  тұсында  Семейде 

1917-1919 ж. ұлттық білім беру жүй-

есі  қалыптаса  бастады.  Оған  Се-

мей  облыстық  және  уездік  земство 

басқармаларының көмегі тиді. Алаш 

қайраткерлері  Р.Мәрсеков,  Х.Ғаб-

басұлы,  А.Қозыбағаров  басқарған 

бұл земство мекемелері бірқатар мек-

тептердің ашылуына және бұрыннан 

бар мектептердің жүйелі білім беру-

ге көшуіне оң ықпал етті. 1919 – 1920 

ж. жалпы Семейде 19 орыс, 11 қазақ 

және  татар  балалары  оқитын  аралас 

мұсылман  мектептері  жұмыс  істесе, 

Алаш  қаласында  тек  қазақ  тілінде 

білім  беретін  3  мектеп  және  қазақ-

ша-татарша оқытатын мұсылман мек-

тебі болды. Бұдан аңғаратынымыз – 

Семейге  қарағанда  Алаш  қаласында 

ұлттық білім беру жүйесі өрістеген. 

Бұл  мектептерге  Алаш  зиялылары 

Ә.Сәтбаев,  М.Тұрғанбайұлы,  Ж.Ай-

мауытов,  Н.Күзембаев,  А.Күзембаев 

және т.б. сабақ берді. Бұл мектептер-

дегі шәкірттер А.Байтұрсынұлының, 

М.Дулатовтың, 

М.Тұрғанбайұлы-

ның  және  т.б.  оқымыстылардың  оқу 

құралдарынан білім алды. 

Алаш мешіттері - Семейдің Алаш 

қаласы  бөлігіндегі  мешіттер.  Бұл 

Тінібай, Жоламан және Тас мешіттер 

Семей қаласының 1917 ж.  Екінші жал-

пықазақ  сиезінің  қаулысымен  Алаш 

автономиясының  астанасы  болып 

жарияланған  Алаш  қаласында  орна-

ласып,  мұнда  Ә.Бөкейхан  бастаған 

Алаш зиялылары сан рет бас қосып, 

Аллаға  құлшылық  жасаған.  Тіні-

бай мешітін Семей өңірінен Меккеге 

қажылыққа алғаш барғандардың бірі, 

ХІХ ғ. І жартысында уақ болысында 

старшын  болған  Тінібай  Қаукенұлы 

салдырған.  Тінібай  Құнанбайдың 

туған құдасы, ол М.Әуезовтің «Абай 

жолы»  романында  да  суреттеледі. 

Келесі  Жоламан  мешітін  салдырған 

терістаңбалы  болысының  старшы-

ны  Жоламан  Жандарбек.  Бұл  мешіт 

1841 ж. салынған Алаш қаласындағы 

Тас мешіт 1917 ж. басында ашылған. 

Бұл мешіттердің Алаш қаласындағы 

рухани-мәдени  дамуға  үлес  қосқаны 

сөзсіз. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал