Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет59/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69

Үкібаев  Қаражан  –  Алаш  қозға-

лысына  қатысушы.  Оның  қай  ж. 

туып,  қашан  қайтыс  болғаны  тура-

лы нақты деректер сақталмаған. Се-

мейдегі  обл.-тық 

қазақ  комитетін, 

кейінірек  обл.-тық 

Алаш комитеті мен 

Алашорда үкіметін 

қолдаған  «Абай» 

журналын  шыға-

руға,  Алаш  қ.-н-

дағы мектептерге материалдық көмек 

көрсеткен. 1927-1928 ж. кеңестік сая-

сат  байлардың  мал-мүлкін  тәркілеп, 

өздерін  қудалаған  кезде  Сібірге  жер 

аударылады.  Одан  И.Әділов  екеуі 

қашып  келіп,  кеңес  үкіметіне  қарсы 

ұйымдастырылған  Шыңғыстау  кө-

терілісіне қатысады. 1930 ж. осы кө-

теріліске қатысқаны үшін өлім жаза-

сына кесіледі. 



Үкіметтің  мемлекеттік  кеңесі  – 

1918  ж.  қыркүйек  айында  құрылған 

кеңес. Кеңес құрған комиссияға Ала-

шордадан  –  Ә.Бөкейхан,  Түркістан-

нан  –  М.Шоқай  сайланды.  Жаңа 

сайланған  бұл  үкіметтің:  «Руссия 

жерін  большевиктерден  тазарту», 

«Руссиядан  бөлінген  обл.-тарды  фе-

дерацияға біріктіру», «халық әскерін 

жасау»,  «Құрылтай  шақыру»,  «әлеу-

мет тыныштығын, мемлекет тәртібін 

сақтау»  сияқты  жұмыстарды  бел-

гіледі. 

«Үлфәт»  газеті    Ресей  мұсыл-

мандарының  газеті.  «Үлфәт»  сөзінің 

қазақ  тіліндегі  мағынасы  «достық» 

дегенді  білдіреді.  Алғашқы  саны 

Санкт – Петербург қ.-нда 1905 ж. 11 

желтоқсанда жарық көрген. Басылым 

1907 ж. маусым айына дейін шығып 

тұрды.  Барлығы  82  саны  жарыққа 

шыққан.  Газеттің  ұйымдастырушы-

сы әрі редакторы – татар қайраткері 

А.Ибрагимов.  Ол  Орынбор  Мұсыл-

ман  діни  басқармасында  қызмет 

атқарған.  Бірнеше  жыл  Түркияда 

тұрған.  Ресей  отаршылдығына  қар-

сы  бірнеше  еңбектер  жазған.  «Үл-

фәт»  газетінің  негізгі  бағыты  Ресей 

мұсылмандарының  мүддесін  қорғау. 

Осы газет бетінде сол кезеңдегі қазақ 

қоғамына  қатысты  бірқатар  матери-

алдар жарық көрді. Бұл басылымның 

таралуына  Ш.Қосшығұлұлы,  Х.Ы-

бырайымов  сияқты  қазақ  азаматта-

ры атсалысты. Осы екі қайраткердің 

жетекшілігімен 1907 ж. жарық көрген 

«Серке» газеті осы «Үлфәт» газетінің 

қосымшасы  ретінде  жарық  көргені 

белгілі. 

 «Үміт» – 1917 ж. ақпан төңкерісі-

нен  кейін  Троицк  қ.-нда  құрылған 

жастар  ұйымы.  Негізін  сол  маңай-

дағы  оқушы  қазақ  жастары  құрады. 

Қазақ жастарының басқа да ұйымда-

ры сияқты «Үміт» те негізінен мәде-

ни-ағартушылық, демократиялық си-

паттағы шараларды (қазақ халқының 

арасында оқу-білім тарату, мәдениет, 

әдебиет, өнер саласын көтеру, оқушы 

жастарға  жәрдемдесу,  ауыз  әдеби-

еті үлгілерін жинастырып жариялау, 

әйел теңдігін, демократиялық қоғам-

ды  насихаттау  т.б.)  жүзеге  асыруға 

тырысты.  Саны  жағынан  шағын  ұй-

ымның мүшелері қиын ж. Алаш иде-

ясына  адалдығын  танытты.  «Үміт» 

жастары  1918  ж.  5-13  мамыр  ара-



Алаш қозғалысы

420


лығында  Омбы  қ.-нда  түрлі  жастар 

ұйымдарының  біріккен  құрылтайы-

на қатысып, саяси алмағайып кезеңде 

бірігу  идеясын  жақтап  дауыс  берді. 

Сөйтіп, олар ортақ «Жас Азамат» ұй-

ымына енді.



Үржар  мәжілісі    1917  ж.  1  қа-

занында  Үржарда  өткізілген  жиын. 

Оны  ұйымдастырғандар  Алаш 

қозғалысы  өкілдері  Т.Жақбаев  пен 

С.Атамбековтер  болды.  Мәжілі-

сте  мынадай  қаулы  қабылданды: 

«Орынборда болған жалпықазақ си-

езінің  қаулылары  қолданылсын,  ел 

арасындағы партияларды тыюға қам 

қылынсын,  құрылтайға  Жетісу  об-

л.-нан  Х.Аманжолов,  Ы.Жайнақов, 

Б.Мәметов  және  тағы  басқа  жол-

дастар  сайлансын».  Үржар  өңірінде 

осы  кезден  бастап  «Алаш»  парти-

ясының,  кейінірек  Алашорданың 

ықпалы күшті болды. 



 «Үш жүз» партиясы – Қазақстан-

да  1917  ж.  қазан-қараша  айларында 

дүниеге  келген  ұлттық-саяси  ұйым. 

Партия мүшелері кейде өздерін «қа-

зақтың  социалистік  партиясы»  деп 

те  атады.  «Үш  жүз»  саяси  ұйымын-

дағы  жетекшілік  рөлдерді  бұрынғы 

қорғаушы  адвокат,  журналист  және 

драматург К.Тоғысов, фельдшер және 

тілмаш  Ш.Әлжанов,  Ә.Досов,  Ы.Ка-

беков,  М.Айтпенов  атқарды.  ОК-

тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, 

орынбасары  К.Тоғысов,  хатшысы 

Ы.Көбеков  болды.  Орталық  органы 

«Үш  жүз»  газеті,  оған  Тоғысов  ре-

дакторлық  етті.  Өзінің  әлеуметтік 

тегі  жағынан  ұсақ  буржуазияшыл 

демократтардың  саяси  ұйымы  бол-

ды. Үш жүз алғашқыда Алаш парти-

ясымен  жақындасқысы  келгенімен, 

кейін  өкімет  үшін  күрес  шырқай 

шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі 

күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін 

Алаштан  аулақ  салып,  большевик-

тер  мен  солшыл  эсерлерге  жақын-

дай  түсті.  Қазан  төңкерісі  жеңіске 

жеткен соң Алаш партиясына қарсы 

ашық  күреске  шықты,  оның  оппо-

ненті болды. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

421


Ф

Фольклор  –  Алаш  қайраткер-

лері  ХХ  ғ.  алғашқы  ширегінде  ат-

салысқан  сала.  Қайраткерлердің 

көпшілігі  халық  ауыз  әдебиеті  үл-

гілерін  жинауға  атсалысқан,  ал 

Ә.  Бөкейхан,  А.  Байтұрсынұлы, 

Х.  Досмұхамедұлы  фольклор  ту-

ралы  сын  мақалалар,  зерттеулер 

жазған.  Айталық,  Ә.  Бөкейхан-

ның  «Қара  қыпшақ  Қобыланды», 

С.  Сәдуақасұлының  «Қозы  Көр-

пеш  –  Баян  Сұлу  жырына  алғы 

сөз»  мақалаларында  фольклорлық 

шығармалар  жөнінде  жазылса,  А. 

Байтұрсынұлының  «Әдебиет  та-

нытқышындағы»  тұтас  тарау,  Р. 

Мәрсековтің  «Қазақ  әдебиеті  жай-

ынан»,  Х.  Досмұхамедұлының 

«Қазақ  халық  әдебиеті»  зертте-

улері  ұлттық  фольклортанудағы 

алғашқы  еңбектер.  Әсіресе,  «Әде-

биет  танытқыштың»  «Ауыз  әде-

биет»  тарауында  және  Х.  Досмұ-

хамедұлының  «Қазақ  халық  әде-

биеті»  еңбегінде  қазақ  фольклоры 

мазмұндық және жанрлық жағынан 

кең  көлемде  алғаш  рет  жүйеленді. 

Х. Досмұхамедұлы аталған еңбегін 

қазақ  халық  ауыз  әдебиетінің  үл-

гілерін жинаған Ә. Диваевқа арна-

са, Алаш қайраткерлері фольклор-

танушы  Г.Н.  Потанинді  айрықша 

құрметтегені  де  мәлім.  М.  Дула-

товтың  «Айтыс»,  Р.  Мәрсековтің 

«Қазақ  әдебиеті  жайынан»,  С.  То-

райғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең 

кітаптары  жайынан»,  М.  Жұмаба-

евтың  «Педагогика»  еңбектерінде 

қазақ  фольклорының  мәселелері 

сөз  болады.  Алаш  қаламгері  М. 

Әуезовтің  тұтас  шығармашылық 

өмірбаянында  фольклортану  оның 

негізгі зерттеу бағыттарының бірі-

не  айналды.  Оның  «Қазақ  халқы-

ның эпосы мен фольклоры», «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  Сұлу»,  «Қыз  Жі-

бек»,  «Ертегілер»,  «Айтыс»,  «Қы-

рғыз  халқының  «Манас»  қаһар-

мандық  эпосы»  зерттеулері  қа-

зақ  фольклортану  ғылымындағы 

классикалық  еңбектер  қатарында. 

Алаш  қайраткерлерінің  жоғарыда 

аталған осы саладағы еңбектерінде 

ауыз  әдебиетінің  халық  өмірімен 

тікелей  сабақтастығы,  тарихи-

лығы,  ондағы  кейіпкерлер,  жанр-

лар  жүйесі,  көркемдігі  және  тағы 

да басқа мәселелер туралы тұңғыш 

сыни,  ғылыми  тұжырымдар  жа-

салды,  сөйтіп  олар  ұлттық  фоль-

клортану  ғылымының  алғашқы 

туу,  қалыптаса  бастау  кезеңін  жа-

сады. Сонымен бірге Алаш зиялы-

лары  халқымыздың  бай  мұрасы 

–  фольклор  нұсқаларын  жинаумен 

де  шұғылданды.  Бұл  ретте  Ә.  Бө-

кейханның,  А.  Байтұрсынұлының, 

М.  Әуезовтің  еңбектері  айрықша. 

Бұларға  қоса  А.  Затаевичке  халық 

әндерін бергендердің ішінде Алаш 

зиялылары  А.  Байтұрсынұлы,  Ж. 

Аймауытов,  С.  Сәдуақасұлы,  Қ. 

Сәтбаев,  М.  Мурзин,  Б.  Күлеев, 

М.  Саматұлы,  т.б.  болды.  Халық 

ауыз  әдебиетінің  әсерін  Алаш  қа-

ламгерлерінің  еңбектерінен  де 

байқаймыз.  Бұл  ыңғайда  А.  Бай-

тұрсынұлының,  Ғ.  Қараштың,  М. 

Дулатовтың,  С.  Дөнентаевтың 

өлеңдерін,  М.  Жұмабаевтың  «Ер-



Алаш қозғалысы

422


тегі»,  «Оқжетпестің  қиясында», 

«Қорқыт» поэмаларын атауға бола-

ды. Фольклорға тән баяндау тәсіл-

дері  «Бақытсыз  Жамал»,  «Кім  жа-

зықты»,  «Адасқандар»,  «Ақбілек», 

«Қартқожа»  романдарынан,  басқа 

да  Алаш  қаламгерлерінің  көркем 

туындыларынан аңғарылады. 

Х

Хасан  (Хұсайын)  хазірет  Нұр-

мұхамедұлы  (т.ж.б.,  б.  Орал  о.,  Гу-

рьев  у.  Тайсоған  б.  -  1938)  –  Батыс 

Алаш-Орда  діни  қайраткері,  мұхта-

сиб. Тайсойған – Бүйрек құмын қыс 

қыстап,  Қаратөбе,  Ойыл  ө.-ін  жаз 

жайлаған  Нұрмұхамед  байдың  ба-

ласы.  Бастауыш  ибтидай,  орта  руш-

дия  медресесін  аяқтағаннан  кейін 

1901 ж. Бұқар қ. ғы жоғары дәрежелі 

діни  білім  беретін  Мір-Араб  медре-

сесін тәмамдаған. Тайсойған құмын-

да  медреселі  мешіт  ұстаған.  Х.  До-

смұхамедов  арқа  сүйеген  ықпалды 

адамдардың  бірі.  1917  ж.  Орал  обл. 

нда дін мәселесі Орынбор дін басқар-

масына  қаратылуына  байланысты 

тағайындалған  алғашқы  мұхтасиб-

тардың  (ауд.-дық  көлемдегі  дін  ісін 

жүргізуші) бірі. 1917 ж. сәуірде Орал 

қ. да өткен І Қазақ Орал обл.-тық си-

езінің делегаты. Осы сиезде Мәскеу-

дегі Бүкілресей Мұсылмандар сиезі-

не Орал обл.-нан делегат болып сай-

ланды.  Сол  ж.  мамыр  айында  өткен 

Мұсылмандар сиезінен соң іле-шала 

Мәскеуде қазақ делегаттары өткізген 

кеңеске қатысып, осы басқосу қаулы-

сымен  1917  ж.  1  тамыз  10  қыркүйек 

аралығында Ташкент қ. да Жалпықа-

зақ  сиезін  өткізуді  қолдады.  1917  ж. 

желтоқсанда Орынбор қ. да өткен ІІ 

Жалпықазақ сиезінің делегаты. Сиез-

де  Алаш  автономиясын  дереу  жари-

ялауды  және  автономияға  Түркістан 

қазақтарын  қосып  алуды  жақтап 

дауыс  берді.  1917-1919  ж.  Ойылда, 

Қаратөбеде,  Жымпитыда  өткен  обл. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

423


қазақ сиездерінің делегаты. ІV Қазақ 

Орал  обл.  -  тық  сиезінің  қарарымен 

құрылған  Ойыл  уәлаяты  Уақытша 

үкіметінің  жанынан  ойылдық  мұх-

бар С.Ізтілеуовтің төрағалық етуімен 

ұйымдастырылған Дін істерін басқа-

ру  жөніндегі  комиссияның  мүшесі, 

Ойыл  уәлаятының  Тайсойған,  Бүй-

рек,  Кермақас,  Қызыл-Қоға,  Қара-

бау өңіріндегі мұхтасибы. 1919 ж. 10 

желтоқсанда Қызыл-Қоға к. де өткен 

Б.А.-О. қала және ауыл земство өкіл-

дері мен зиялы қауым өкілдерінің, ел 

ақсақалдарының  бас  қосуына  қаты-

сып, Кеңес жағына шығуды жақтады. 

Б.А.-О. таратылған соң Уфадағы Ор-

талық  діни  басқарманың  қалауымен 

Тайсойғандағы мешітінде діни істер-

мен  айналысты.  1925  ж.  бастап  өзге 

діни  қайраткерлермен  бірге  өкімет 

тарапынан қатаң бақылауға алынып, 

діни-рухани  қызметіне  шектеу  қой-

ылды. Уез орталығы Гурьевке келіп, 

дүркін-дүркін белгіленіп тұру талап 

етілді. Ақыры 1937 ж. тұтқындалып, 

Орал қ.-ғы ел аузында «Қырық тұр-

ба»  аталатын  губерниялық  түрмеге 

қамалды.  «Маңғыстаулық  мұхтасиб 

Х.Сұлтанов,  белгілі  О.Тұрмағам-

бетов,  имам  Ә.Өтемағамбетовпен 

бірлесіп  жапон  тыңшысына  агент 

болды,  ақ  эмигрант  М.Шоқаймен 

астыртын  байланысты»  деген  айып 

тағылды.  Сонымен  бір  мезгілде  Х.-

ның туған-туысқандары және Қ.Сар-

бөпиев, Н.Хасанов, М.Иманғазив, Қ.

Маманов секілді пікірлес таныстары 

қудаланды.  Белгілі  «Хасан  хазірет 

мешіті»  бұзылып,  жоқ  етілді.  Х. 

КСРО  Жоғарғы  соты  Әскери  колле-

гиясы үштігінің қаулысымен 1938 ж. 

ақпанда атылды. 



Хасенов  Субханберді  (1892-1942) 

– оқытушы-педагог. Қазіргі Павлодар 

обл. Баянауыл ауд. (кейбір деректерде 

1889  ж.)  туған.  Семейдегі  педагоги-

калық  техникумды  бітірген.  1937  ж. 

дейін Баянауылда, Шығыс Қазақстан 

обл. Қатонқарағай ауд. Алтай с. нда 

мұғалім,  мектеп  директоры  болып 

қызмет істеген. 1937 ж. 9 желтоқсанда 

«халық  жауы»  деген  нақақ  жаламен 

10 ж. Краснояр өлкесі, Канск лагеріне 

айдалған. 1942 ж. 28 тамызда Туган-

чинск лагерінде қаза тапқан. 1956 ж. 

29  наурызда  Шығыс  Қазақстанның 

обл.-тық  соты  С.Хасеновты  кінәсіз 

деп  тауып  ақтаған.  «Айқап»  журна-

лын халық арасына таратушы.

Ходжаев убайдулла (1878, Өзбек-

стан, Ташкент – 1937, сонда ) – өзбек 

халқының көрнекті қоғам қайраткері, 

Түркістандағы  жәдидтік  қозғалыс 

жетекшілерінің бірі, публицист. Таш-

кент қ.-ндағы орыс-түзем мектебінде 

бастауыш  білім  алып,  1897-1907  ж. 

Ташкент  қ.  басқармасында  тілмаш 

болып  қызмет  еткен.  1908-1912  ж. 

Саратов  қ.-ндағы  Заң  институтында 

оқыған. Студент кезінде-ақ түркі-мұ-

сылман  халықтарының  арасында 

мәдени-ағартушылық  бағыттағы  іс 

шараларды  жүзеге  асыруды  жақтап, 

қоғамдық өмірге белсене араласады. 

Осы мәселе бойынша орыс жазушы-

сы  Л.Н.  Толстой  мен  пікір  алысып, 

хат жазысып тұрды. 1913 ж. Ташкент 

округтық сотына адвокат болып қы-

зметке орналасады. Адвокат ретінде 

жергілікті  өзбек,  қазақ  халықтары-

ның мүддесін қорғап, отарлық билік 

орындарын  жайлаған  парақорлықты 

сынға алды. Мұсылмандық оқу орын-

дарына  қолдау  көрсету  мақсатында 


Алаш қозғалысы

424


«Үміт»  және  «Тұран»  деп  аталатын 

ұйымдардың  ашылуына  жетекшілік 

етті. 1914 ж. «Садом Туркистон» га-

зетінің редакторы. Патша өкіметінің 

1916  ж.  көтеріліске  қатысушыларды 

жазалауына  ашық  қарсылық  таныт-

ты. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін 

М.Шоқаймен  бірге  Түркістан  өлкесі 

мұсылмандарының  бірінші  сиезіне 

қатысады. Уақытша үкіметті қолдай-

ды.  Бүкілресейлік  мұсылмандардың 

бірінші сиезіне қатысып, кеңес мүше 

болып  сайланады.  Түркістан  өлкесі 

мұсылмандарының  орталық  кеңесін 

құруға  атсалысып,  М.Шоқай,  М.Ты-

нышбаев  т.б.  қайраткерлермен  бірге 

Түркістан  өлкесі  мұсылмандарының 

төртінші  сиезін  өткізуді  ұйымда-

стырады.  Түркістан  автономиясы-

ның  жариялануын  қолдап,  Ұлттық 

мәжілісінің  құрамына  сайланады. 

Жаңадан  құрылған  автономияның 

Әскери министрі қызметін атқарады. 

Түркістан  автономиясының  тапсы-

рмасы  бойынша  Кавказға  барып,  ол 

жерде  жарияланған  Әзірбайжан  Де-

мократиялық  Республикасымен  бай-

ланыс орнату жөнінде келіссөз жүр-

гізді.  Кеңес  өкіметі  Түркістан  авто-

номиясын  әскер  күшімен  құлатқан-

нан  кейін  тұтқынға  алынады.  1930 

ж.  «ұлтшыл»  ретінде  айыпталып, 

қайтадан  сотталып,  түрмеде  қайтыс 

болды. 


Ш

  «Шағатай  бәсі»    1918-1922  ж. 

Түркістанның  орталығы  Ташкент-

те  өзбек  жәдитшiлдерi  құрған  мә-

дени  ұйым  (түпнұсқада  «Чигатой 

гурунги»;  гурунги  –  тартыс,  бәсеке, 

пікірталас).  Оны  ұйымдастырған  – 

А.  Фитрат.  Бұл  қайраткердің  өзбек 

және тәжiк халқына сiңiрген еңбегiн 

А.Байтұрсынұлының  қазаққа  сiңiр-

ген  еңбегiмен  салыстыруға  болады. 

Ол  жаңа  өзбек  тiлiн  жүйеледi  һәм 

өзбек  және  тәжiк  әдебиетi  тарихын 

алғашқылардың  бiрi  болып  жаз-

ды.  «Шағатай»  атауына  келсек,  бұл 

–  Шыңғысханның  екiншi  ұлының 

аты. Ал Фитрат қолданылымындағы 

«шағатай»  –  мәдени-рухани  бiрлiк 

(тип)  атауы.  Қарапайым  тiлмен  ай-

тсақ,  ол  Шағатай  ұлысының  (Орта 

Азия,  Жетiсу,  Шығыс  Түркiстан) 

мәдениет  (тiл,  әдебиет,  т.б.)  атауы. 

Ғылыми  әдебиеттерде  оны  –  «ХIV-

ХVI ғ. - дағы орта азиялық әдеби түр-

кi тiлi» деп көрсетедi. «Шағатай» тiлi 

ХI-ХIII  ғ.  -  да  шығыс  түркiстандық 

түркi  әдеби  тiлiмен  және  ХIII-ХIV 

ғ.  -  дағы  алтынордалық  түркi  әдеби 

тiлiмен  сабақтасып,  ХVIII-ХIХ  ға-

сырда өзбек, ұйғыр, түркiмен, қазақ, 

қарақалпақ  халықтарының  жазба 

әдеби  тiлiн  қалыптастырған.  Кейде 

«шағатай  тiлi»  –  «ескi  өзбек  тiлi» 

деген  жаңсақ  ой  айтылады.  Дұры-

сы,  ол  –  орта  тiл.  Мысалы,  1992  ж. 

Өзбекстанда  шыққан  «Саводхонлар 

лұғати»  («Старо  узбекский  толко-

вый  словарь»)  еңбегiне  енген  сөз-

дердің  көбi  дерлiк  бүгiнгi  қазақ 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

425


әдеби  тiлiнiң  актив  қолданысында 

жүр.  «Шағатай  бәсi»  –  пiкiртала-

сты көздеген, ақыл-ойдың қайнауын 

тiлеген  ұйым.  Мұнда  бәс  шындық 

пен  ақиқатқа  тiгiлсе  керек.  Жеңген 

жан ғылым мен ағарудың абыройына 

бөленедi,  көзi  ашылған  елдiң  есiнде 

қалады.  Ұйым  жұмысына  Чулпон, 

Елбек (Машрик Юнусов), Бату (Мах-

муд  Хадиев),  Абдолла  Авлони  т.б. 

қатынасты.  Түркiстандықтардан  қа-

зақ Нәзiр Төреқұлұлы да атсалысқан. 

З.Тоған:  «Нәзiр  мен  Чулпон  жас 

күнiнен  араласты,  өйткенi  Ферғана-

да  алғаш  аталған  қаламгердiң  әкесi 

губернатор  аудармашысы,  ал  соңғы 

аталған  ақынның  әкесi  бай  сауда-

гер  болды,  екеуi  де  түрiктiң  «Тюрк 

юрду»  газетiн  оқушы  едi»  дейдi. 

Нәзiрдiң  «Шағатай  бәсiне»  тiлеулес 

болғанына  бiрiншi  дәлел:  «латын-

шыл»  Н.Төреқұлұлының  «ортақ  тiл-

ге» қатысты ойы А.Фитрат пiкiрiмен 

аса үндес; екiншi дәлел: 20 ж. соңын-

да А.Фитрат аудармасына Нәзiр орыс 

тiлiнде оң пiкiр бiлдiредi.



Шаңбай  Тұрдықұл  Қасенұлы 

(1959,  ҚХР  Шағонтоғай  а.)  –  ғалым, 

әдебиеттанушы,  географ-саяхатшы, 

филология  ғылымдарының  канди-

даты  (1993).  Қазақстан  Республи-

касы  Мәдениет  қайраткері  (2008), 

Қазақстан  Республикасының  білім 

беру ісінің үздігі (2009), Тарих және 

қоғамдық  ғылымдар  Академиясы-

ның  академигі  (2014).  Семей  мемле-

кеттік  педагогикалық  институтын 

(Семей,1984), ҚР Ұлттық Ғылым Ака-

демиясы, М.О.Әуезов атындағы Әде-

биет және өнер институтының аспи-

рантурасын  (Алматы,  1993).  Қазақ 

Инновациялық  Гуманитарлық-Заң 

университетін (2014, Семей) бітірген. 

1984-2002  ж.  Алматы  обл.  Алматы 

қ.нда    мұғалім,  оқу-тәрбие  істерінің 

меңгерушісі,  ҚР  ҰҒА,  М.О.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  өнер  ис-

титутындағы  «Әдебиет  теориясы 

және  әдебиеттану  методологиясы» 

бөлімінде ғылыми қызметкер, Әл-Фа-

раби атындағы ұлттық университеті 

филология  факультетінің  «Әдебиет 

теориясы»  кафедрасында  ұстаз,  ҚР 

Мемлекеттік  Аттестациялық  Коми-

тетінде  ғалым-хатшының  орынба-

сары,  «Қазақ  Энциклопедиясы»  Бас 

редакциясында  «Әдебиеттану,  өнер 

және тіл білімі» редакциясының мең-

герушісі,  кейіннен  Гуманитарлық 

ғылымдар  орталығының  басшысы 

болды.  Әдебиет  кафедрасының,  фи-

лософия  және  саясаттану  кафедра-

сының  меңгерушісі,  Шәкәрімтану 

ғылыми-зерттеу  орталығының  ди-

ректоры қызметтерін атқарды. Қазір 

Семей  қ.-ндағы  Алаштану  ғылы-

ми-зерттеу орталығының директоры. 

Негізгі  еңбектері:  «Ұғым  мәдениеті» 

(2009),  «Үкөк  –  мәдени    философи-

ялық  феномен»  (2012),  «Шәкәрімнің 

философиялық  лирикасы»  (2014), 

«Шәкәрімнің  ар  білімі»  (2014), 

«Пассионарная  энергия  «Движения 

Алаш» (2014), т.б.



«Шәкәрім» 

энциклопедиясы 

–  Алаш  қаламгері  Шәкәрім  Құдай-

бердіұлына  арналған  энциклопедия. 

2008  ж.  Семей  қ.-нда  жарық  көрген, 

көлемі  54  б.т.  Шәкәрім  атындағы 

Семей  мемлекеттік  университеті 

Шәкәрімтану  ғылыми-зерттеу  ор-

талығы  дайындаған.  Бас  редакторы 

–  Е.Сыдықов,  жауапты  редакторы 

–  Т.Шаңбай.  Энциклопедияда  ақын, 



Алаш қозғалысы

426


ойшыл,  тарихшы,  аудармашы,  қай-

раткер  Ш.Құдайбердіұлының  өмірі, 

өскен  ортасы,  тарихи-мәдени  дәуірі 

жөнінде  жан-жақты  мәліметтер 

берілген.  Сондай-ақ,  Алаш  қозғалы-

сына,  осы  қозғалыс  қайраткерлеріне 

байланысты  арнайы  мақалалар  ен-

гізілген. 



Шәріп  Амантай  Жарылқа-

сынұлы  (1965  ж.  Қызылорда  обл. 

Қазалы ауд. Бозкөл а.) – ақын, ғалым, 

филология  ғылымдарының  докторы 

(2001).  «Дарын»  мемлекеттік  жастар 

сыйлығының  лауреаты.  ҚазҰУ-ды 

бітірген  (1988).  1988-1996  ж.  ҚазҰУ-

да  стажер-зерттеуші,  ассистент,  аға 

оқытушы,  кафедра  меңгерушісі, 

1996-97  ж.  Қызылорда  мемлекеттік 

университетінің  оқу  ісі  жөніндегі 

проректоры қызметін атқарған. 1997-

2000 ж. ҚазҰУ-дің докторантурасын-

да  оқыған.  2000-2004  ж.  Л.Н.  Гуми-

лев  атындағы  Еуразия  ұлттық  уни-

верситетінде  кафедра  меңгерушісі, 

гуманитарлық  институт  директоры-

ның  орынбасары,  әлеуметтік  жұмы-

стар  жөніндегі  проректор  қызмет-

терін  атқарған.  2004  ж.  «Қазақстан» 

республикалық  телерадиокорпора-

циясы» АҚ Қызылорда обл.-тық фи-

лиалының  директоры,  ҚР  Сыртқы 

істер министрлігі комитет төрағасы-

ның  орынбасары,  «Астана  хабары» 

газетінің бас редакторы болған. Қазір 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт-

тық университетінде декан қызметін 

атқарады.  Ғылыми  ізденістерінің 

аясы  көрнекті  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері  С.Қожанұлының  шығар-

малар  мұрасын,  сондай-ақ  қазақ  по-

эзиясында  ұлттық  идеяның  көркем 

бейнелеу  кезеңдерінің  мәселелерін 

қамтиды.


Шәуешекке сапары  Алаш қай-

раткерлерінің  Қытайдағы  Шәуешек-

ке сапары, 1918 ж. мамырында Қытай-

дағы Шәуешек қ.-на Алашорда атынан 

А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатұлы, 

Р.Мәрсекұлы,  С.Аманжоловтардың 

баруы. Бұл сапардың мақсаты – Қы-

тайда  тұратын  қазақтарға  Алаштың 

азаттық идеяларын насихаттау. Ала-

шорда төрағасы Ә.Бөкейханның Қы-

тай  қазақтарына  жазған  үндеухаты 

сондағы  азаматтарға  табыс  етіледі. 

Шәуешек  қ.-нда  сол  жердегі  белгілі 

азаматтармен басқосу өткізіледі. Осы 

басқосуға  атақты  ақын  әнші  Ә.Най-

манбайұлы  да  қатысып,  «Алаш» 

толғауын  айтады.  Алаш  қайраткер-

лерінің  Шәуешекке  сапары  Алашор-

да көсемдерінің бар қазақтың басын 

қосу идеясын айғақтайды. 



1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал