Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет58/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69

уақытша  үкімет    ақпан  төң-

керісінің 

нәтижесінде 

Ресейде 


құрылған  билік  органы.  Төртінші 

Мемлекеттік дума мүшелерінен тұра-

тын уақытша комитет пен Петроград 

жұмысшы  және  солдат  депутаттары 

кеңесінің келісімі бойынша 1917 ж. 2 

наурызда құрылды. 1917 ж. 20 науры-

зда  Ә.Бөкейхан  Уақытша  үкіметтің 

ұйғарымымен  Торғай  обл.-ның  ко-

миссары болып тағайындалды. Оның 

ұсынысымен  Қостанай  у.-нің  комис-

сары  болып  А.Бірімжанов,  Торғай 

у.-нің  комиссары  болып  О.Алмасов, 

Ырғыз  у.-нің  комиссары  болып  Ғ.

Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша 

үкімет  Түркістан  өлкесін  басқаруды 

қамтамасыз  ететін  Түркістан  коми-

теті  құрамын  бекітті.  Мемлекеттік 

Дума  мүшесі,  кадет  партиясының 

өкілі  Н.Н.Щепкин  төрағалық  ететін 

Түркістан 

комитеті 

құрамында 

М.Тынышбаев,  С.Мақсұдов,  А.Дәу-

летшин  секілді  жергілікті  ұлт  қай-

раткерлері  болды.  Уақытша  үкімет 

жағдайында  Ресейдегі  түркі-мұсыл-

ман  халықтарының  қоғамдық-саяси 

өмірі  жандана  түсіп,  ұлттық  саяси 

элита өкілдерінің белсенділігі артты. 

уезд,  ояз  –  әкімшілік-аумақтық 

бөлініс.  Ресейде  ХІІІ  ғ.  -  дан  бастап 



Алаш қозғалысы

412


қолданып  келген.  Уезд  қала  мен 

оған  бағынышты  болыстардан 

тұрады.  Әуелде  оны  князьдің  жер-

гілікті билеушісі, ал ХҮІІ ғ. - дан ва-

евода басқарды. ХҮІІ ғ. - дан бастап 

уез  губернияның  құрамды  бөлігіне 

айналды.  1775  ж.  у.  әкімшілік,  сот 

және қаржы қызметі бар төменгі бөлік 

болды.  У.-дегі  полицейлік-әкімшілік 

өкімет бөлігін исправник (уезд поли-

циясының  бастығы)  атқарды.  У.  Қа-

зақстанның  саяси-әкімшілік  өміріне 

1867-1868  ж.  реформа  негізінде  енді. 

Обл.-тар у.-дерге, ал у. б.-тарға бөлін-

ді. У.-дерді патша офицерлерінен қой-

ылған  у.-дік  бастықтар  басқарды  да, 

олардың  көмекшілері  ретінде  қазақ 

шонжарлары  тағайындалды.  ХІХ  ғ. 

- дың аяғы мен ХХ ғ. - дың басында 

Қазақстан аум.-нда 26 у. болды. 



уездік  сиездер    Алаш  қозғалы-

сының  тарихында  бұл  сиездер  1917-

1918  ж.  өткізілген.  Осы  ж.  ұлт-азат-

тық  қозғалысына,  саяси  оқиғаларға, 

Алаш  бөлімдерін  құруға,  елдің 

жағдайына т.б. байланысты Қарқара-

лыда  (ақпан,  1917),  Көкшетауда  (ма-

мыр,  тамыз,  1917),  Зайсанда  (қазан, 

қараша, 1917), Үржарда (қазан, 1917), 

Ырғызда (желтоқсан, 1917), Әулиеата 

(желтоқсан,  1917),  Темірде  (желтоқ-

сан,  1917),  Қойлықта  (қаңтар,  1918), 

Қостанайда  (қаңтар,  қазан,  1918), 

Жаркентте (наурыз, 1918), Павлодар-

да (маусым, 1918), Өскеменде (шілде, 

1918) т.б. у.-дерде сиездер болып өтті. 

Бұл сиездерде, негізінен, Алаш парти-

ясының бағдарын қолдау мәселесі сөз 

болды. Осы сиездерге обл.-тық қазақ 

комитеттерінің,  кейінірек  Алаш  ко-

митеттерінің  басшылары,  мүшелері 

қатысып тұрды. 



уфа  мәжілісі  –  1918  ж.  15  қыр-

күйегінде  Уфа  қаласында  өткізіл-

ген  мәжілісі  аясында  өткізілген 

басқосу.  Бұл  мәжілісте  Алашорда-

ның  қазақ  жерін  тиімді  басқаруға 

байланысты  бірқатар  мәселелері 

қарастырылды. Мәжілісті Алашор-

да үкіметінің төрағасы Ә. Бөкейхан 

басқарды. Бұған У. Танашев, Х.До-

смұхамедов,  Ж.  Досмұхамедов, 

А.  Бірімжанов,  Ә.  Ермеков,  М.Ты-

нышбаевтар  қатысты.  Автономия-

ны  басқару  және  Алаш  автономи-

ясы  территориясындағы  жергілікті 

басқару  органдарын  ұйымдастыру 

мәселелері  қарастырылды.  Мы-

надай  қаулы  қабылдады:  «1)  Ала-

шорда  үкіметі  Алаш  автономия-

сының  шегінде  басқаруды  жүзе-

ге  асыратын  бірден-бір  орган;  2) 

жергілікті  басқару  Алашорданың 

земстволық  және  қалалық  өзін-өзі 

басқару  органдары  және  Алашор-

да  комиссарлары  арқылы  жүзеге 

асырылады; 3) земстволық және қа-

лалық  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдары 1917 ж. уақытша үкімет 

шығарған заңдардың негізінде әре-

кет етеді, ал заңдық рұқсат етілуге 

тиісті мәселелер Алашорда арқылы 

шешіледі; 4) облыстық және уездік 

комиссарларды  Алашорда  тағай-

ындайды;  5)  соғыс  уақытының 

және  қарым-қатынас  жолдарының 

әлсіздігіне  байланысты  Бөкей  Ор-

дасы  Ойыл  уәлаяты,  Закаспий  об-

лысына енетін Маңқышлақ, Торғай 

облысына  енетін  Ақтөбе,  Қырғыз 

уездері Алаш автономиясының Ба-

тыс  бөлігі  болады;  6)  Алашорда-

ның  аталған  бөлігі  маңызды  және 

принципиалды  мәселелерде  нұсқа-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

413


уды  Алашордадан  алып,  жергілік-

ті  басқару  органдарын  басқарады; 

7)  Алашорда  бөлімі  жергілікті, 

земстволық  және  қалалық  өзін-өзі 

басқару органдарына қатысты мәсе-

лелерде  Алашорданың  құқығын 

пайдаланады; 8) Бөлімнің террито-

риясындағы  комиссарлар  Бөлімге 

бағынады;  9)  Алашорда  бөлімінің 

құрамы:  Б.Құлманов,  Х.Досмұха-

медов,  Ж.Досмұхамедов,  Е.Тұрмұ-

хамедов;  10)  төтенше  жағдайларда 

туғанда  және  Алашордамен  бай-

ланыста  үзіліс  болған  кезде  Бөлім 

Алашорданың  барлық  құқықта-

рын  пайдаланады;  11)  Алашорда 

бөлімінің  құрамы,  қырғыз  (қазақ) 

емес болып табылатын тұрғындар-

дан, сол тұрғындардың өз таңдауы 

бойынша  толықтырылады».  Осы-

ның негізінде Алашорданың Батыс 

бөлімі  құрылды.  Ол  осы  уақыттан 

бастап 1920 ж. басына дейін әрекет 

етті. 


уфа мәжілісі және директория-

сы  «Уфа мемлекеттік мәжілісі» де-

ген атпен өткен. Бұл мәжіліс 1918 ж. 

8 қыркүйекте ашылды. Оған Ә.Бө-

кейхан,  Х.Досмұхамедұлы,  С.До-

сжанов,  Б.Жанқадамов,  А.Байтұр-

сынұлы,  Г.Әлімбеков,  М.Тыныш-

баев, М.Шоқай, І.Тұрмұхамедовтер 

қатысты.  Мұндағы  басты  мәселе 

бүкілресейлік жоғарғы үкімет құру 

болды.  Ол  «Уфа  директориясы» 

деп  аталды.  Мәжіліс  барысында 

15 қыркүйек күні Алашорда мүше-

лері  төтенше  басқосу  өткізді.  Ала-

шорданың  төрағасы  Ә.Бөкейхан 

«автономияны  жергілікті  басқару 

жүйесі»  жөнінде  мәселе  көтерді. 

Оған Б.Құлманов, У.Танашев, Х.До-

смұхамедұлы,  Ж.Досмұхамедұлы, 

С.Досжанов,  А.Бірімжанов,  Ә.Ер-

меков,  М.Тынышбаев,  Е.Тұрмұ-

хамедов,  Б.Жанқадамов  қатысты. 

Олар Ә.Бөкейхан көтерген мәселені 

талқылай  келе,  «Ойыл  уәлаяты» 

уақытша үкіметін таратып, орнына 

Алашорданың  Батыс  бөлігін  құру 

туралы  шешім  шығарды.  Мәжілі-

сте қабылданған шешімдер бойын-

ша Алашорданың Батыс бөлімшесі 

Алашордаға  бағыныста  қала  бе-

ретін  болды.  «Алаш  автономиясы-

ның  батыс  бөлігін  басқару  жөнін-


Алаш қозғалысы

414


дегі  бөлімшенің»  төрағасы  болып 

Ж.Досмұхамедов сайланды. Осы ж. 

23  қыркүйегінде  Уфа  директория-

сы  құрылғандығы  жөнінде  актіге 

қол  қойылды.  Бұның  алдындағы 

бұрынғы Құрылтай жиналысы Ди-

ректорияға  өз  билігін  тапсырды. 

Алашорда  атынан  Директория  құ-

жатына  Ә.Бөкейхан,  М.Әлімбеков 

қол қойды. Директорияның 1918 ж. 

4  қарашадағы  жарлығымен  «Ала-

шорда үкіметі таратылсын» деп жа-

рияланды. 

уфа  мемлекеттік  мәжілісі  жи-

налысының  қаулысы  –  Алаш 

территориялық 

автономиясында 

жергілікті  басқару  және  ұйымда-

стыру жөніндегі 1918 ж. 11 қыркүй-

ектегі  қаулы.  Бұл  қаулыда  Алаш 

автономиясының  Батыс  бөлімінің 

құрылғаны,  Алаш  автономиясын 

жергілікті  басқарудың  мәселелері 

қаралғаны,  Ә.  Бөкейхан  мен  М. 

Шоқайдың  осы  мәжілісте  келісім 

комиссиясына,  Ж.  Досмұхамедов 

пен У. Танашевтың старейшиналар 

кеңесіне енгені айтылып, ең маңы-

зды  мәселе  ретінде  Алаш  автоно-

миясы  территориясында  Алашор-

да  үкіметінің  бірден-бір  басқару 

органы екендігі, барлық мәселелер 

осы  орган  арқылы  шешілетіндігі, 

Алашорданың Батыс бөлігі барлық 

маңызды  мәселелерді  Алашорда 

үкіметінің нұсқауы негізінде орын-

дайтындығы,  төтенше  жағдайлар 

кезінде Алашорданың Батыс бөлімі 

Алашорда  үкіметі  атынан  әрекет 

ете  алатындығы,  Алашорданың 

бұл  бөлімін  басқару  құрамына  Ж. 

Досмұхамедовтің,  Х.  Досмұхаме-

довтің, Б. Құлмановтың, Е. Тұрмұ-

хамедовтің  енгендігі  және  қалған 

екі орынға өкілдерді халық сайлай-

тындығы айтылады. Бұл қаулының 

сол кезеңдегі қалыптасқан жағдай-

да  нәтиже  берерлік  құжат  болған-

дығын уақыттың өзі дәлелдеді. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

415


Ұ

Ұлт театрының тұңғыш пьесасы 

 Алаш қайраткері Қ.Кемеңгерұлының 

«Алтын сақина» драмасы. Осы күнге 

дейін  мектеп  оқулықтарында  «Мем-

лекеттік  ұлт  театрының  шымылдығы 

М.Әуезовтің  «Еңілік-Кебек»  пьеса-

сымен ашылды» деген қате дерек жүр. 

Театр  шымылдығы  сол  кездегі  аста-

на Қызылордада 1926 ж. 13 қаңтарда 

ашылған.  Афишаларда,  республика-

лық «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде 

«Ғинуардың 13-і күні кешкі сағат 6-да 

мемлекеттік  ұлт  театрының  ашылу 

мерекесі  болады.  Театр  әртістері  Ке-

меңгерұлының  «Алтын  сақинасын» 

ойнайды.  Оның  соңынан  –  концерт, 

демалыс  уақыттарында  оркестр  ой-

нап тұрады. Театр директоры Дінше» 

деген  хабарландыру  жарияланған. 

Мәдени  айрықша  шара  ашылған  соң 

сол  кездегі  Халық  ағарту  комисса-

ры  (министр)  С.Сәдуақасұлы  «Ең-

бекші  қазақ»  газетіне  «Баянды  еңбек 

күтеміз»  (20.01.1926)  және  «Алтын 

сақина»  ойыны  туралы»  (24.01.1926) 

атты мақала жазып, тұңғыш қойылым-

ның  сахналық  салмағын,  мән-маңы-

зын  талдап  жазған.  Кеңес  заманында 

шымылдықашар  пьесаға  қатысы  бар 

тұлғалардың  бәрі  дерлік  репрессия-

ланғанда,  ресми  тарих  кітаптарында 

шын дерек бұрмаланды.



Ұлттық  жазба  әдебиет    Абай 

заманында  өмірге  келіп,  өркен  жая 

бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағ-

баншылары  Алаш  ұранды  әдебиет 

өкілдері  болды.  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов,  Ғ.Қараш,  Ж.Аймауытов, 

М.Жұмабаев,  С.Торайғыров,  М.Әу-

езов,  Қ.Кемеңгерұлы,  Б.Күлеев  т.б. 

Алаш  қозғалысының  белді,  белсенді 

мүшелері  қазақтың  жазба  әдебиетін 

тақырыптық-идеялық, жанрлық, көр-

кемдік  тұрғыдан  байытты,  кеңітті. 

Яғни,  негізінен  ауызша  айтылып, 

тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері 

хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап 

беттеріне  көше  бастады.  Бұл  әдеби-

еттің  өмір  сүру,  таралу  типін  ғана 

өзгертіп  қоймай,  ең  бастысы,  жазу-

дың  мәдениетін  арттырды.  Көркем 

ойды  жеткізудің  тілдегі  стилистика-

лық  мүмкіндіктерін  еселеді.  Соған 

орай  жаңа  көркем  түрлер  пайда  бол-

ды,  тың  сөз  тіркестері  мен  сөйлем-

дер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері 

дайындықпен,  қажетті  материалдар 

жинаумен,  ұзақ  толғанумен  жазыла-

тын  дүниелер  болғандықтан,  мұнда 

ұлт тілінің барлық байлығы мен бей-

нелілігін сарқа пайдалануға зор мүм-

кіншіліктер  туды.  Туған  тілінің  осы 

мүмкіншіліктерін тумысынан талант-

ты, ұлтына ұлы құрметі табиғи Алаш 

ұландары  ұтымды  пайдалана  алды. 

Сөйтіп,  қандай  да  бір  қасаңдықтан 

ада, адами құндылықтарды ту еткен, 

халқының  халіне,  ұлтының  ұйысуы-

на зерек ой, адал ниетпен көмкерілген 

көркем туындылар дүниеге келді. Бұл 

«Алаш  әдебиеті»  деп  аталатын  жаңа 

әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде 

ұраншылдық, насихатшылдық басым 

болғанымен,  шамамен  жас  дарындар 

Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  М.Әуе-

зовтердің  шығармалары  жазыла,  жа-

рық  көре  бастаған  тұстан  бері  қарай 

көркемдігі  кемел  дүниелер  бой  көр-

сете бастады. Осы эволюциялық жол 

–  Алаш  әдебиетінің  тез  өсіп,  жедел 



Алаш қозғалысы

416


жылдамдықтармен ілгерілегенін көр-

сетеді.  Оның  мысалы,  «Оян,  қазақ!» 

пен  «Батыр  Баян»,  «Қорғансыздың 

күні», «Ақбілек» аралықтары.



«Ұлттық  поэзия  падишасы»  – 

Алаш қаламгері Мағжан Жұмабаевқа 

арналған  жинақ.  2001  ж.  Алматы  қ. 

-нда жарық көрген, көлемі 19 б.т. «Ұлы 

тұлғалар» 

ғылыми-ғұмырнамалық 

сериясы  негізінде  Орталық  ғылыми 

кітапхана дайындаған. Жинақтың бас 

редакторы Ш.Елеукенов, құрастырған 

Ф.Бектұрбекова.  Жинаққа  ақынның 

таңдамалы  шығармалары,  ақынның 

өмірі  мен  шығармашылығы  жайын-

дағы ғылыми еңбектер және библио-

графиялық көрсеткіш енгізілген. 



«Ұлттық  рухтың  ұлы  тілі»  –       

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 

институты  дайындаған  Алматы  қ.- 

ндағы  «Ғылым»  баспасынан  1999  ж. 

жарық көрген ғылыми мақалалар жи-

нағы. Жауапты редакторы Е.Жанпей-

ісов,  шығарушылары  Б.Қапалбеков, 

А.Бексейітова.  «Замандастары  Ахмет 

Байтұрсынұлы туралы», «Ахмет Бай-

тұрсынұлы – ғалым, ағартушы, қоғам 

қайраткері»,  «Ахмет  Байтұрсынұлы 

және қазақ тіл білімі» атты тараулар-

дан тұратын жинақты Алаш көсемінің 

тұлғалық, шығармашылық қырларын 

ашатын замандастарын, қазіргі кезең-

дегі жазушылар, ғалымдардың еңбек-

тері енген. Жалпы бұл ғылыми жинақ 

А.Б.-ның  шығармашылық  тұлғасын 

жан-жақты  ашатын  еңбек  болып  та-

былады. 


  «Ұлттың  ұлы  ұстазы»  –  Алаш 

көсемі  А.Байтұрсынұлына  арналған 

жинақ. 2001 ж. Алматы қ.-нда жарық 

көрген, көлемі 21 б.т. «Ұлы тұлғалар» 

ғылыми-ғұмырнамалық  сериясы  не-

гізінде  Орталық  ғылыми  кітапхана 

дайындаған.  Жинақтың  бас  редак-

торы  Р.Сыздықова,  құрастырушысы 

В.Күзембаева.  Жинаққа  қайраткердің 

таңдамалы  шығармалары,  өмірі  мен 

шығармашылығы жайында жазылған 

ғылыми еңбектер және библиографи-

ялық көрсеткіш енгізілген. 

Ұлтшылдық    Алаш  қозғалысы 

тудырған  саяси  идеологиялық  және 

рухани  құбылыс.  Бұл  қазақ  ұлтшыл-

дығының  негізінде  Ресейдің  патша 

үкіметі жүргізген отаршылдық саяса-

тының ықпалы жатты. Алаш зиялыла-

рының  туған  ұлтына  деген  сүйіспен-

шілігі  мен  құрметі  тудырған  табиғи, 

рухани  сезім,  елшілдік  идеялары 

олардың саяси және қоғамдық әрекет-

терінде, публицистикалық және әдеби 

шығармаларында кеңінен көрініс тап-

ты.  Алаш  қозғалысының  ұлтшылдық 

сипаты  мен  табиғаты  Ә.Бөкейхан,  А.

Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, М.Ду-

латов,  М.Шоқай,  Х.Досмұхамедұлы, 

Ж.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасов, У.Та-

нашев,  А.Тұрлыбаев,  Ы.Жайнақов, 

Ә.Ермеков  т.б.  қайраткерлерді,  Ғ.Қа-

раш,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев, 

С.Торайғыров,  М.Әуезов  сияқты  аса 

ірі  талант  иелерін  қалыптастырды. 

Бұл ұлтшылдық адамсүйгіштік, отан-

сүйгіштік  сезімдерінен  ой  мен  іске 

айналған  табиғи  талпыныс  болатын. 

Яғни,  Алаш  қайраткерлерінің  ұлт-

шылдығы  өз  дәуірі  туғызған,  қазақ 

ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қой-

ған  сауалдарға  пікір  жүзінде  де,  әре-

кет барысында да берген жауабы еді. 

Бұл  жөнінде  Мәннан  Тұрғанбайұлы 

былай  деп  осы  құбылыстың  сырын 

толық  жеткізе  алған:  «Қазақ  қатарға 

кіріп жұрт болсын деген кісі тәрбиенің 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

417


жолынан  айырылмасқа  керек,  әуелі 

қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық 

құқығын  білдіруге,  онан  соң  жақын 

ағайын, туғандарын сүйгізіп, міндетсіз 

қызмет  қылдыруға,  онан  соң  Отанын 

танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмы-

сы,  жұрт  намысы  деген  сөзді  тоқып 

көңіліне кіргізуге, сонан соң дүниедегі 

барлық адам баласы бауыр екенін біл-

діріп,  көпшіл  адамды  сүйгіш  қылуға 

тырысу 

керек. 


Ұлтшылдық(ты), 

кісішілдікті  айыра  білмеген,  бас  пай-

дасынан  басқаны  ойына  алмаған,  дін 

хұқымі  шариғатқа  бас  иіп  іске  асыр-

маған, әдебиеттен жырақ жатқан қазақ 

секілді жұртты салғаннан көпшіл қы-

лам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек». 

Осы тұста жазылған көркемдік бағы-

ты  жағынан  ағартушылық,  сыншыл 

реализм,  сентиментализм,  романтизм 

шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, 

әңгімелер,  алғашқы  қазақ  романдары 

Абайдың  «Адамзаттың  бәрін  сүй  ба-

уырым  деп...»  деген  ұлы  гуманистік 

декларациясын  жалғастырған,  оны 

жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістет-

кен көркем дүниелер болды. Олардың 

негізгі  арқауында  адамның  ішкі  жан 

дүниесі  бейнеле  отырып,  оның  күй-

зелісіне  рақыммен  қараған  шынайы 

адамсүйгіштік  пафос  жатты.  Алаш 

зиялыларының  гуманизмі  –  олардың 

қайраткерлік  әрекеттерінің  де  өзегі 

еді.  Мұндай  гуманизм  болмаса,  олар 

ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік 

әрекеттерге де бармас еді. Алаш қай-

раткерлерінің осы тұстағы ұлт мүддесі 

жолындағы  әрекеті  мен  мақсатына 

беріктігін  шынайы  әрі  терең  көрсет-

кен  «Қалам  қайраткерлері  жайынан» 

мақаласында  А.Байтұрсынұлы  дәуір 

куәгерінің көзімен былай деп жазады: 

«...қазақ қалам қайраткерлері қаламын 

ұлтының  ауырын  жеңілдету,  ауырын 

азайту  жолына  жұмсамасқа  мүмкін 

емес: кемшілік көрген жұрттан туып, 

кемшіліктен  құтқаруды  мақсат  етіп, 

ылғи  сол  жолда  жұмыс  қылған  қазақ 

қалам  қайраткерлері  жұртшыл,  ұл-

тшыл,  яғни  халқына  жаны  ашитын, 

халқының жаны ауырғанда жаны бірге 

күйзелетін,  бауырмал  болмасқа  тағы 

мүмкін  емес».  Ахаңның  айтып  оты-

рғаны  адам  баласының  өз  ұлтының 

тағдырына  деген  табиғи  жанашыр-

лығы, адамгершілігі. Осындай табиғи 

құбылысты  кеңестік  идеология  теріс 

әрекет  ретінде  бағалады.  ХХ  ғ.    ба-

сындағы  қазақ  қоғамы  жағдайында 

білімді  және  саналы  азаматқа  ұлт-

шылдық ұстанымында болмау мүмкін 

емес-тін.  Сонымен  бірге,  әрине,  бар-

лық білімді, оқыған қазақ ұлтшылдық 

ұстанымында болды деудің өзі қателік 

болар еді. ХХ ғ. басындағы орыс билі-

гі  астындағы  қазақ  қоғамындағы  ал-

дында  тұрған  ең  басты  міндет  –  бұл, 

әрине,  ұлттық  тәуелсіздікке  ұмтылу, 

мемлекеттік  дербестікке  қол  жеткізу, 

сол  арқылы  қазақ  жерін  отарлаушы 

күштердің меншігіне біржола өтіп ке-

туден сақтау еді. Ұлттық саяси топ ұлт-

тық  мемлекеттілікті  қалпына  келтір-

мейінше негізгі мақсатқа жету, жүріп 

жатқан  ұлттық  құндылықтарды  құн-

сыздандыру  үрдісін  тоқтату  мүмкін 

еместігін  жақсы  түсінді.  Сондықтан 

да  ұлттық  мемлекеттік  үшін  күрес 

бұл  идеологияның  өзекті  жібі  және 

басты  мұраты  болуға  тиіс  еді.  Басқа-

ша  айтқанда,  қазақ  ұлтшылдығы  то-

лық негізді табиғи құбылыс болатын. 

Қазақ  ұлтшылдығы,  сондай-ақ  кейін 

большевиктер  партиясы  дәлелдеуге 



Алаш қозғалысы

418


тырысқандай  өмірде  болмаған  «қазақ 

буржуазиясының»  мүддесін  қорғау 

мақсатында қолдан жасалынған ұста-

ным емес-тін. Қазақ ұлтшылдығының 

діңгегі, «менің ұлтым өзгеден артық» 

сияқты  мазмұндағы  ой  емес,  елім, 

жұртым деген саналы азаматтың құл-

дықтан  азаттыққа  ұмтылған  жұртын 

өзгемен тең ету жолындағы жанкешті 

қызметке әзірлігін білдіретін ұстаным 

болатын.  ХХ  ғ.  басында  жалпыадам-

заттық  құбылыс  ретінде  көрініс  та-

пқан  ұлтшылдық  идеологиясы  қазақ 

қоғамында да белгілі бір мазмұн және 

сипатта байқалды. Сондай-ақ оның қа-

лыптасқан көзқарас есебінде көрінуіне 

қажет алғышарттар дәл ХХ ғ. - дың ба-

сындағы тарихи кезеңде пісіп жетілді. 

Себебі осы кезеңде қазақ ұлт ретінде 

өзін толық сезініп, саяси күшін де, ру-

хани қуатын да біріктіре алды. Оның 

көрінісі  1905  ж.  басталған  ұлт-азат-

тық  қозғалысының  шаралары,  әсіре-

се,  Ақпан  төңкерісінен  кейін  Алаш 

автономиясын  жариялауға,  Алашорда 

үкіметін  құруға  бастаған  тарихи  қа-

дамдар болатын. 

«Ұран»  газеті  –  Ішкі  Ордада  (Бө-

кейлікте,  Астрахан  қ.-нда)  1917  ж. 

14  мамырдан  бастап  шыға  бастаған 

қоғамдық-саяси  бағыттағы  басылым. 

Редакторы  –  Ғ.Мұсаұлы  (Ғ.Мұсаға-

лиұлы).  Ол  «Қазақ»  газетінде  ба-

сылған  тарихи-танымдық  мақалала-

рымен  белгілі  қаламгер.  Қазандағы 

Апанаев  медресесін,  Мысырдағы 

әл-Азхар  университетін  бітірген, 

Жетісудағы  Мамания  медресесінде 

ұстаздық еткен. Алаш қозғалысының 

жандануына сәйкес, бұл басылым бір-

те-бірте  Батыс  Алаш  -  Орданың  үні-

не  айналған.  Белгілі  тағы  бір  дерек, 

«Ұран»  газетінің  №2  1917  ж.  28  шіл-

деде  шыққан.  Соған  қарағанда,  ба-

сылым  тұрақты  жариялана  алмаған. 

Өкініштісі,  бүгінгі  деректанушылар 

осы газетті ғылыми айналымға, зерт-

теу нысанасына түсіре алмай келеді. Х.

Досмұхамедұлы,  Ж.Досмұхамедұлы 

т.б. мұрасын қарастырушылар да осы 

газетке соқпай, айналып кетіп жүр.



  «Ұраным  –  Алаш!..»    Т.Жұрт-

байдың  монографиясы.  2008  ж.  Ал-

маты қ.-нда жарық көрген, көлемі 20,5 

б.т. Кітап екі бөлімнен тұрады. І бөлім 

«Жегілер жүйесі» деп аталып, онда ел 

жегісі, ер жегісі, жер жегісі, жан жегісі, 

жүйке  жегісі  жүйелеріне  тоқталған. 

«Жегі» деп аталатын ІІ бөлімде Алаш 

қайраткерлері  Ә.Бөкейхан,  А.Бай-

тұрсынұлы,  М.Дулатов,  Х.Ғаббасов, 

Д.Әділевтер  туралы  деректер  кел-

тірілген. Кітап «Алаш» партиясы мен 

«Алашорда» үкіметінің үстінен 1927-

1932  және  1937-1938  ж.  жүргізілген 

тергеу ісінің негізінде жазылған. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

419


Ү


1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал