Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет57/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69

Тұрсұн Хазіретәлі – алаштанушы 

ғалым,  тарих  ғылымдарының  док-

торы, Х. Йассауи атындағы Халықа-

ралық  қазақ-түрік  университетінің 

профессоры. Ғылыми зерттеулерінің 

негізгі  бағыты  –  ХХ  ғ.  басындағы 

Түркістан  өлкесінің  тарихы,  Түр-

кістан  автономиясының  құрылуы, 

өңірдегі  азаттық  қозғалысы.  Оның 

«Алаш  һәм  Алашорда»  монографи-

ясында  аталған  кезеңдегі  ұлт-азат-

тық  қозғалыс  барысы,  оның  қайрат-

керлері  мен  қатысушылары  туралы 

мәселелер зерттелген. Сонымен бірге 

ол  «Алаш  қозғалысының  Оңтүстік 

қанаты» атты құжаттар мен матери-

алдар  жинағын  да  дайындаған.  Жи-

нақтың  бірінші  бөлімінде  Түркістан 

ұлт-азаттық  қозғалысына  байланы-

сты және Түркістан мұхтариятының 

қызметіне арналған мақалалар, екін-

ші  бөлімінде  осы  құбылыстың  та-

рихына  қатысты  маңызды  деректер 

ұсынылады. 



Түрікшілдік  түркі халықтарын 

бірлікке, өзара ынтымақтастыққа үн-

дейтін  қоғамдық-саяси  ағым,  қозға-

лыс.  Ол  ХІХ  ғ.  -  дың  соңына  қарай 

қарқын  алды.  Сол  тарихи  кезеңде 

түрікшілдікті  насихаттаушылардың 

көшбасында  И.  Гаспаралы  тұрды. 

Ол түрікшілдікті «тілде, пікірде, істе 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

405


–  бірлік»  деген  ұранмен  шығарған 

«Тәржіман»  газеті  арқылы  насихат-

тады.  Түрікшілдікті  Түркияда  на-

сихаттауда  Ю.Акчура  белсенділік 

танытты. ХХ ғ. - дың басында Ресей 

империясының қол астында орталық 

езгінің тауқыметін тартқан түркі ха-

лықтарының  азаттық  қозғалысының 

өрбуіне түрікшілдік елеулі дәрежеде 

ықпал  етті.  Бірінші  орыс  төңкерісі 

кезінде  негізінен  түркі  халықтары-

ның өкілдері қатысқан бүкілресейлік 

мұсылман сиезі 3 рет өткізіліп, түр-

кі  халықтарының  мүддесін  қорғау 

мақсатында  «Ресей  мұсылмандары 

одағы» атты партия құрылды. Ә.Топ-

чибашев, А.Ибрагимов, С. Мақсұдов 

секілді  қайраткерлер  түрікшілдік-

тің ықпалымен түркі халықтарының 

мүддесін  қорғау  жолындағы  саяси 

іс-әрекеттерін  күшейтті.  Уақытша 

үкімет  жағдайында  түркі  халықта-

рының  саяси  қозғалысын  үйлестіріп 

отыру  үшін  Бүкілресейлік  мұсыл-

мандар  кеңесі  ұйымдастырылды. 

Кеңестік  билік  орнағаннан  кейін 

түрікшілдік  «жат  ағым»  ретінде 

бағаланып,  оған  қатысы  бар  деген 

азаматтар  ашық  қуғындалды.  Та-

тар  қайраткері  М.Сұлтанғалиев,  қа-

зақ  қайраткері  Т.Рысқұлов  осындай 

қуғындауды бастан кешірді. 20-30 ж. 

кейін кеңес өкіметі кез келген қайрат-

керді  «түрікшіл»,  «пантюркист»  деп 

кінәлап,  қоғамға  жеккөрінішті  етіп 

көрсете алатын саяси амал-тәсілдерді 

ойлап тапты.

Тыныстанов Қасым 1901 ж. Қы-

рғызстан  –    1937  ж.  көрнекті  Алаш 

қайраткері,  қырғыз  ұлты  елшілдік 

қозғалысының  көшбасшысы.  Алғаш 

мұсылманша  хат  танығаннан  кейін, 

орыс  тілін  жеке-

леген 

мұғалім-


дерден  үйренген. 

Мұнан  соң  алты 

сыныптық  «түзем 

школында»  оқып, 

оны  1918-1919  ж. 

бітірген  (Пішпекте 

болса керек). 1919 ж. республикадағы 

жергілікті  ұлт  мамандарын  даяр-

лау  жоспарына  сәйкес,  ол  Түркістан 

кеңестік автономиясының орталығы-

на  курсқа,  жұмысшы  факультетіне 

жіберіледі.  1921  ж.  Ташкенттегі  өл-

келік  Қазақ-қырғыз  халық  ағарту 

институтына түседі. Осында 1924 ж. 

дейін  оқиды.  Осы  тұста  бүгінгі  қы-

рғыз зерттеушілері біле бермейтін Т. 

айрықша шығармашылық өмірбаяны 

басталады.  Қырғыз  азаматы  1922  ж. 

4  желтоқсанда  Ташкентте  ашылған 

«Талап»  мәдениетті  көркейтушілер 

ұйымының  басқарма  мүшесі  болып 

сайланады. Мұны көрнекті Алаш қай-

раткері  Х.Досмұхамедұлы  басқарға-

ны, осында М.Тынышбайұлы, М.Жұ-

мабаев,  М.Әуезов  сынды  азаматтар 

жұмыс істегені белгілі. Тағы бір ай-

рықша  дәлел,  Қасымның  алғашқы 

өлеңдері  қазақтың  «Жаңа  өріс»  га-

зетінде басылған (мұны қырғыз зерт-

теушілері  «Өріс»  деп  қате  жазып 

жүр). «Жаңа өріс» – Ташкентте 1920 

ж. 18 сәуір мен 27 шілде аралығында 

шыққан газет. Ол – тарихи «Ақжол» 

газетінің  ізашары,  дәлірек  айтсақ 

«Жаңа  өріс»  кейін  жалғасын  тауып, 

«Ақжол»  деген  атпен  шыққан.  1924 

ж. Ташкентте Түркістан мемлекеттік 

баспасынан  Т.-тың  «Қырғыз  тілінің 

хрестоматиясы» атты алғашқы педа-

гогикалық еңбегі жарық көреді. 1925 



Алаш қозғалысы

406


ж. басында ол К.К. Юдахинмен бірі-

гіп орыс графикасының негізінде қы-

рғыз  әліпбиінің  алғашқы  нұсқасын 

жасайды.  Ғалым  осы  жобасын  1926 

ж. Бакуде өткен түріктанушылардың 

І  сиезіне  ұсынады,  бірақ  ол  қарал-

майды. Осы басқосуда ғалым «Жаңа 

алфавитті  түзудің  негізгі  принцип-

тері»  атты  баяндама  жасайды.  1926 

ж.  Мәскеудің  «Күншығыс»  баспа-

сынан қайраткердің «Ересектер үшін 

әліпби»  атты  еңбегі  жарық  көреді. 

Мұнан кейін ғалым бірыңғай сол кез 

үшін іргелі зерттеулер жасаумен бо-

лады: Қырғызстан астанасынан 1927 

ж.  «Қырғыз  тілінің  грамматикасы», 

1934 ж. «Қырғыз әдеби тілінің жаңа 

орфографиясының  жобасы»,  «Қы-

рғыз тілінің морфологиясы», 1936 ж. 

«Қырғыз  тілінің  синтаксисі»  атты 

кітаптар жариялайды. Т. 26 жасында 

Қырғыз  АСР-інің  халық  ағарту  ко-

миссары болып тағайындалады. Қай-

раткер  және  ғалым  ретінде  қырғыз 

тілінің  дыбыстық  қатарын,  грам-

матикасын  және  әдістемесін  ғылы-

ми  жүйеге  түсіріп,  қырғыз  ғылыми 

тілінің  негізін  қалыптастырады.  Ол 

К.Юдахин,  В.Бартольд,  Е.Поливанов 

сынды  әлемге  белгілі  ғалымдарды 

қырғыз  тарихы  мен  әдебиетін,  тілі 

мен  этнографиясын  зерттеуге  және 

дүниежүзіне  насихаттауға  жұмыл-

дыра  алды.  Қасымның  туған  елі 

мен түрік жұрты алдындағы айрық-

ша  еңбегі  –  поэзиядағы  ізденістері. 

Оның  алғашқы  жыр  кітабы  «Касым 

ырларынын  жыйнагы»  деген  атпен 

Мәскеудің  «Күншығыс»  баспасынан 

1925 ж. жарық көрді. Оның алғысөзін 

Қырғыз  ғылым  комиссиясының  мү-

шесі Б.Даниярұлы жазған (осы жинақ 

дәл осы атпен 2001 ж. Қырғызстанда 

А.Ақаевтың  алғысөзімен  қайта  жа-

рық  көрді).  Мәскеу  жинағына  ақын-

ның 1920 ж. бастап жазған өлеңдері 

енген. Ол осы кітабындағы «Алашқа» 

атты өлеңінде тарихтың тағылымды 

кезеңі  мен  ауыр  шағын  салыстыра 

еске  алып,  елді  серпілуге  шақыра-

ды.  «Қаламға»,  «Айға»,  «Бұлбұлға», 

«Күйемін»,  «Бөбек  тербеткенде», 

«Жастарға»  т.б.  өлеңдерінде  сезім 

мен  сыршылдықты  қатар  ұстап, 

оқырманға  салмақты  ой  салады.  Ал 

«Жаңыл  мырза»  поэмасында  тарих 

қойнауына  терең  бойлап,  ұлтқа  қа-

жет  елшілдікті,  жауапкершілікті 

асқақтата  жырлайды.  Т.-тың  1932 

ж.  жазған  «Академиялық  кештер» 

атты  пьесасы  «идеалистік  ұстаны-

мы  үшін»  кезінде  қатты  сыналғанға 

ұқсайды. 1935 ж. Фрунзеде «Манас» 

жырына байланысты тұңғыш бүкіло-

дақтық конференция өтеді. Оның жұ-

мысына  Е.Поливанов,  М.Әуезов  т.б. 

ғалымдар  қатысады.  Осы  ғылыми 

жиында  Т.  манастанудың  жаңа  мін-

деттері  туралы  баяндама  жасайды. 

Ғалымның  осы  және  бұған  дейінгі 

шынайы, ғылыми, елшіл пайымы са-

яси қуғын-сүргін ж. алдынан шықты. 

Оған  «ұлтшыл,  кеңестік  ұлт  саяса-

тына  қарсы,  пантюркист»  деген  ай-

ыптар тақты. 1937 ж. 1 тамызда ұста-

лып, өлім жазасына кесілді.



Тынышбаев  Мұхамеджан  1879 

ж.  12  мамырда  Жетісу  обл.  Лепсі 

у  Мақаншы-Садыр  б.  (қазір  Алма-

ты  обл.  Қабанбай  ауд.)  –  1937  ж. 

Алаштың  ірі  қоғам  және  мемлекет 

қайраткері,  тарихшы,  ағартушы, 

тұңғыш темір жол инженері.   Ауыл 

молдасынан  хат  таныған  соң,  1890 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

407


ж. Верный ерлер гимназиясының да-

ярлық  сыныбына  қабылданады.  Т.-

тың  тағдыр-талайы  білім  мен  ағар-

туға,  ұлттық  теңдік  пен  өркениетке 

ұмтылған  қазақ  халқының  тағды-

рымен  бір.  Даярлық  сыныпты  қоса 

есептегенде,  10  жыл  аталған  гимна-

зияда оқыған алаламайтын, білімдіні 

қадірлейтін  гимназия  директоры 

М.В.  Вахрушевтің  Жетісу  губерна-

торына  дәлелдеп  жүріп  стипендия 

бөлгізуінің арқасында (ол шақта мем-

лекет  есебінен  оқу  тек  осылай  жүр-

гізілген)  Т.  император  І  Александр 

атындағы Петербор темір жол транс-

порты  институтына  қабылданады. 

Бұл институтты 1906 ж. бітірген. ХХ 

ғ. - дың басында Ресейге ептеп батыс 

демократиясының  лебі  жеткен-ді. 

Бұл  осы  империядағы  зиялыларды 

оятты. Мысалы, 1905 ж. Ресей, Ә.Бө-

кейхан  айтқандай,  «тұңғыш  және 

соңғы рет Еуропа болды». Яғни, сол 

ж. 17 қазанда патшаның манифесі жа-

рияланып, елге біраз сөз, ой бостан-

дығы берілген-тін. Ал, 1906 ж. Ресей-

де тұңғыш Мемлекеттік Дума шақы-

рылды.  Осындай  тарихи  оқиғалар-

дың ортасында жүрген Т. саяси күре-

стің әліппесін үйрене бастады. Мұны 

жас қайраткер тез меңгерді. Оның са-

яси жетілгенін растайтын деректер аз 

емес. Мысалы, ол 1905 ж. қазақ сын-

ды  шет  ұлттарды  билеуде  өкіметтің 

әскери тәртіптен арылып, азаматтық 

жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын 

министрлер  комитетінің  төрағасына 

жолдаған.  Сондай-ақ,  сол  ж.  қара-

шада  автономияшылардың  бірінші 

сиезіне  қатысып,  «Қазақтар  және 

азаттық  қозғалысы»  атты  баяндама 

жасаған  («Русский  Туркестан»,  №1, 

1906).  Баяндамасында  Т.  былай  дей-

ді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: 

біріншіден,  жабайы  да  тағылық  ре-

прессияларымен және тіл, салт-сана, 

дін һәм руханият атаулыны орыстан-

дырмақ;  екіншіден,  түрлі  әкімшілік 

шаралармен,  әкімдермен,  ережелер-

мен  қазақты  құқықсыз,  заңнан  тыс 

етпек;  үшіншіден,  оларды  қаны  сің-

ген, сүйегі көмілген өз жерінен айы-

рып,  шөл-шөлейт  жерге  қуып,  өлім 

құшағына  тапсырмақ.  Міне,  қазақ 

бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің 

орнына, орыс бодандығына қантөгіс-

сіз  кіргендігінің  ақысына  не  алған-

дығы»  («История  казахского  наро-

да», А., 1993, с. 25-26). Қайраткердің 

осы  рухтағы  өткір  мақалаларының 

бірі – «Қазақтың қазіргі жағдайы мен 

өмірге  қажетті  сұранымының  жал-

пы сипаттамасы» деп аталады («Ура-

лец», 1905, №252). Бұл Т.-тың 1993 ж. 

жинағына енбей қалыпты. Мақалада 

автор  халқының  ауыр  жағдайға  тап 



Алаш қозғалысы

408


болу  себебін  және  одан  құтылудың 

жөн-жобасын  ұсынады.  Осындай 

ашық  пікірінен  соң,  патша  тыңшы-

лары Т.-тың артынан аңду қояды. Т. 

1906 ж. елге келіп, біраз уақыт Жеті-

су темір жолын жобалау ісіне қатыса-

ды.  І  Мемлекеттік  Думаның  қуғын-

далғанынан  хабардар  ол  ел  құқына 

қажетті табанды қоғамдық-саяси жұ-

мысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 

ж. 28 жасында ІІ Мемлекеттік Думаға 

Жетісу  обл.  атынан  депутат  болып 

сайланады. Сөйтіп, енді ол биік сая-

сатқа  көтеріледі.  Алайда  ІІ  Думаны 

да патша қуғындап таратады. 1907 ж. 

3 маусымдағы жарлығымен империя 

исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми 

жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сай-

лану  құқынан  айырады.  Бұл  жағдай 

қазақ  зиялыларының  ашу-ызасын 

тудырғаны  тарихтан  мәлім  (елді 

ояту рухындағы еңбектер осы кезден 

денірек  жариялана  бастайды).  Дума 

таратылғаннан  кейін  М.Тынышбаев 

қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді 

ол  Түркістан  генерал-губернатор-

лығы қарамағындағы аймақтың темір 

жол  құрылысына  инженер  ретінде 

атсалысады.  1907-1914  ж.  аралығын-

да  Әмудария  үстіне  салынған  көпір 

құрылысына,  Ұрсат  (Урсатьевск)  – 

Әндіжан  теміржол  құрылысына  же-

текші  маман,  бас  инженер  есебінде 

қатысады. Теміржол саласына байла-

нысты  еңбегін  ғана  парықтағанның 

өзінде  Т.  –  Кіндік  Азия  көлемінде 

еленуге лайықты инженер-теміржол-

шы.  1914  ж.  қайраткер  Жетісу  темір 

жол құрылысына қайта ауысады. Бұл 

жолы  ол  Арыс  –  Әулие  ата  уч.-нің 

басшысы  және  бас  инженері  болып 

қызмет атқарды. Осы шақта инженер 

Т.-қа  Ташкент  Мұғалімдер  институ-

тына оқуға бармақ болып қаржыдан 

қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшыра-

сады. Бұл 1915 жыл еді. Т. бір кезде 

өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, 

Тұрарға  әжептәуір  ақша  ұсынады 

және мұндай керекті қаражатты кей-

ін  де  адресіне  салып  тұратынын 

айтады.  Екі  азаматтың  осы  риясыз 

көңілі адал бауырластыққа ұласады. 

Елшіл  М.    ХХ  ғ.  -  дың  10  ж.  Орын-

борда  шығып  тұрған  «Қазақ»  газеті 

төңірегіндегілермен  де  араласып-ха-

барласып  тұрады.  Аталған  газетте 

публицистің  «Соғысушы  патшалар 

әскері»,  «Сүңгуір  қайық»,  «Темір 

жол  һәм  Еуропа  соғысы»,  «Соғыс 

кемелері  һәм  мина»,  «Барлыбек  Сы-

ртанов»,  «Сәдуақас  Шалымбеков» 

т.б.  мақалалары  жарық  көреді.  Т.-

тың саясат сахнасында аса күрескер-

лік  танытқан  уақыты  –  1916-1917  ж. 

1916  жыл  оқиғасы  тұсында  ол  «Қа-

зақ» тобында болды. Сол себепті де 

Қытайға  кетуге  мәжбүр  болған  қан-

дастарын  елге  қайтару  жұмысының 

жуан ортасында жүрді. Т. анықтаған 

мына дерек кісіні селт еткізбей қой-

майды: Жетісуға қатысты 44 б. елде 

47  мың  759  түтін  болған,  соның  40 

мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өл-

ген адамның саны – 95200 («Қазақ», 

1917,  №  254).  Бұл  да  алапат  қырғын 

еді.  1917  ж.  сәуірде  Уақытша  үкімет 

Т. пен О. А. Шкапскийді Жетісу об-

л.-ндағы  комиссарлар  етіп  тағайын-

дайды.  Түркістан  автономиясы  1917 

ж.  қараша  айының  соңында  Қоқан 

қ.-нда  жарияланғанда,  қайраткер 

осы  автономия  үкіметінің  төрағасы 

(премьер-министр)  болып  сайланды. 

Алайда Қоқанда құрылған Түркістан 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

409


автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, 

большевиктер тарапынан аяусыз жа-

нышталды. Алаш партиясы құрыла-

тын  Бірінші  Жалпықазақ  сиезіне  де, 

Алаш  автономиясы  жарияланатын 

ІІ  Жалпықазақ  сиезіне  де  Жетісу 

обл.  атынан  қатынасты.  Соңғысын-

да  ол  Ұлт  кеңесі  (Алаш  Орда)  құра-

мына  кірді.  Күрделі  кезеңде  түрлі 

саяси-мемлекеттік  жүйеде  қилы 

жауапты  іс  жасаған  қайраткердің 

ұлтқа  болысқан  еңбегі  нәтижесіз 

емес  еді.  Т.-тың  орасан  жұмысын 

былайша  топтап-таразылауға  бола-

ды: 1. саяси қайраткер ретінде құқы 

аяққа  тапталған  ұлтының  теңдігі 

жолында  дәйекті  іс  атқарды;  2.  ма-

ман-теміржол  инженері  ретінде  төң-

керіске дейін де, одан кейін де шойын 

жолды  салуда  ұлт  мүддесін  бірінші 

кезекке қойды; 3. публицист ретінде 

орыс тілінде шыққан мақалаларында 

Петербордың  зиялы  қауымына  пат-

ша  шенеуніктерінің  әділетсіздігін 

жеткізсе,  қазақ  тіліндегі  мақалала-

рында  қандастарына  теңдік  алудың 

жөн-жобасын  көрсетті;  4.  тарихшы 

ретінде  қазақ  елінің  көне  дәуірден 

бүгінге дейінгі шынайы тарихын жа-

саудың  батыл  бағыттарын  іс  жүзін-

де  анықтап  берді.  1921-1922  ж.  Түр-

кістан  кеңестік  автономиясының 

Жер-су  комиссариатында  су  шару-

ашылығын  басқарды.  Ал,  1925-1932 

ж.  аралығында  Қазақстан  кеңестік 

автономиясында жаңа астананы (Қы-

зылорда)  жасақтау  ісінің  бас  инже-

нері,  Түркістан-Сібір  құрылысының 

жетекші  маманы  қызметін  атқарды. 

1922 ж. Ташкентте құрылған «Талап» 

атты мәдени-ағарту ұйымына басқар-

ма  мүшесі  болып  сайланады.  Осы 

шақта ол бірнеше тарихи еңбек жаз-

ды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі 

– Түркістан-Сібір теміржол құрылы-

сына  маман  ретінде  қатынасуы  еді. 

1932  ж.  сәуір  айында  тұтқындалып, 

Мәскеу-Донбасс  теміржол  құрылы-

сына жұмысқа жіберілді. Бұдан қай-

тып елге келгенде, 1937 ж. қарашада 

қайта  тұтқындалып,  ату  жазасына 

кесілді.


Тілеулин Жұмағали  (1890, Ақмо-

ла обл. Көкшетау у. Айыртау б. Жа-

маншұбар а. – 1938) – Алаш қайрат-

кері, аудармашы, білікті дәрігер. 1913 

ж. Орынбор әскери мектебін бітірген. 

1913-1917 ж. Петропавл у.-нде фельд-

шер болып жұмыс атқарған. 1917 ж. 

Омбы қ.-нда Алаш партиясының Ақ-

мола  обл.-ндағы  бөлімшесін  құруға 

қатынасып,  күрескерлігімен  көзге 

түседі.  Омбы  қ.-нда  өткен  ІІ  Жал-

пықазақ  сиезінде  Алашорда  ұлттық 



Алаш қозғалысы

410


өкіметіне мүше болып қабылданады. 

Алаш өкіметі таратылғанша ұлт қай-

раткерлері  қатарында  ел  азаттығы 

жолында  батыл  күреседі.  1919-1921 

ж. Петропавл қ.-нда у.-дік жер басқар-

масында, Көкшетау у.-нің денсаулық 

сақтау бөлімінде жұмыс істейді. 1922 

ж.  Петропавлдағы  мұғалімдер  даяр-

лайтын  үшжылдық  курсты  басқа-

рады.  Ұлт  ұстазы  А.Байтұрсынұлы 

1923  ж.  оған  қазақша  медициналық 

оқулықтар  жазу  міндетін  жүктей-

ді.  1924  ж.  Орынборда  «Гигиена», 

1926  ж.  Мәскеуде  «Жұқпалы  ауру-

лар», «Қотыр және жұқпалы аурулар, 

оларға  қарсы  қолданатын  шаралар», 

1926  ж.  Орынборда  «Денсаулық» 

кітаптары  жарық  көреді.  Қазақтың 

алғашқы  буын  аудармашыларының 

бірі ретінде 1924 ж. «Көз ауру – тра-

хома»  (Мәскеу),  «Мерез»  (Мәскеу), 

1927  ж.  «Қолдағы  хайуандардан 

адамға  жұғатын  аурулар»  (Мәскеу) 

атты  кітаптарды  қазақ  тіліне  ауда-

рады.  1927-1930  ж.  Ақмола  губерни-

ясында  және  Петропавл  аумақтық 

денсаулық  сақтау  округінде  меңге-

руші қызметінде. 1930 ж. 5 маусымда 

тұтқындалады.  «1918-1920  ж.  Кеңес 

үкіметіне  қарсы  қарулы  күрес  және 

өкіметке қарсы ұлтшыл үгіт-насихат 

жүргізді,  шетелдік  орталықтармен 

байланыста болды» деген айып тағы-

лады. 1932 ж. 5 ж. бас бостандығынан 

айырылып, Воронеж обл.-на жер ау-

дарылады.  1932  ж.  бастап  Қырғыз-

станда дәрігер болып жұмыс істейді. 

1938 ж. Қырғызстанның Новотройцк 

ауд.-нда аурухана меңгерушісі болып 

жүрген кезінде тұтқындалып, ОГПУ 

«үштігінің» шешімімен атылады. 

Тілешов  Ербол  Ердембекұлы 

(1965 ж. Алматы қ. туған.) Қазақтың 

Абай  атындағы  ұлттық  педагоги-

ка  университетін  1992  ж.  бітірген. 

1992-2001 ж. С.Сейфуллин атындағы 

Ақмола  педагогикалық  институтын-

да  оқытушы,  аға  оқытушы,  Еуразия 

мемлекеттік  университетінде,  кей-

інірек  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еура-

зия  ұлттық  университетінде  доцент, 

Гуманитарлық  институт  директо-

рының  орынбасары  қызметтерін 

атқарған. 2001-2006 ж. ҚР Мәдениет 

министрлігі Республикалық тілдерді 

жеделдетіп  оқыту  орталығының 

директоры,  орынбасар,  2006-2011 

ж.  Астана  қаласы  Тілдерді  дамыту 

басқармасы  «Руханият»  орталығы-

ның директоры. 2012 ж. Астана қала-

сы  Тілдерді  дамыту  басқармасының 

басшысы.  1997  ж.  «Мағжан  Жұма-

баевтің  романтизмі»  тақырыбында 

кандидаттық  диссертация  қорғаған. 

«Суреткер және көркемдік әдіс» мо-

нографиясының,  «Алаш  туы  астын-

да»  зерттеуінің,  А.Байтұрсынұлы, 

М.Жұмабаев 

шығармашылығына, 

Алаш әдебиетіне қатысты мақалалар-

дың  авторы,  «Алаш  қайраткерлері» 

библиографиялық  көрсеткіші  және 

«Алаш және Әуезов», «Әлем қазақта-

рының  рухани  сұхбаты»  жинақта-

рын дайындаған. «Алаш қозғалысы» 

анықтамалығының,  «Алаштың  ар-

дағы» жинағының құрастырушысы. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

411


У

«уақыт» (түпнұсқа «Вакыт») га-

зеті – 1906-1918 жылдар аралығында 

Орынборда  шығып  тұрған  татар  га-

зеті. Татар халқы үшін бұл басылым-

ның рөлі қазақ халқы үшін «Қазақ» 

газеті қандай болса – сондай. Бірінші 

нөмірі 1906 жылы 21 ақпанда шыққан. 

Мұнда  саяси-қоғамдық  жағдай,  ше-

тел  және  Ресей  жаңалықтары,  руха-

ни  материалдар  жарияланып  тұрды. 

Редакторы  –  көрнекті  ағартушы,  қа-

ламгер,  қоғам  қайраткері  Ф.  Кари-

ми  (1870-1937).  Венгр  түркологы  А. 

Вамбери (1832-1913) бұл басылымды 

татардың  «Таймс»  газеті  деп  баға-

лаған. Бір ескеретін факт, бұл газетке 

шетелден  де  қаламгерлер  қатысқан. 

Орынборда  «Вакыт»  атты  әрі  газет, 

әрі  баспахана  болған.  1909  жылы 

«Каримов,  Хусаинов  и  Ко»  серікте-

стігінен  Орск  көпестері  ағайынды 

М.-Ш.  и  М.-З.  Рамиевтер  айрықша 

көрінеді.  Олар  «Вакыт»  газеті  мен 

«Шора» журналын сол кездегі құны 

22.260 рубль  сатып алады. Алаштың 

атақты  «Қазақ»  газеті  басында  осы 

типографиядан  шығып  тұратын. 

Аталған  баспахана  бұдан  бөлек  оқу 

құралдары  мен  көркем  әдебиеттерді 

басады. 1991 жылы татар зиялылары 

«Вакыт»  газетін  қайта  жанданды-

рып,  оның  мұрагері  ретінде  «Жаңа 

уақыт»  газетін  шығара  бастады. 

Қазір оның бір құрылтайшысы – РФ 

Орынбор үкіметі.



уақытша  Сібір  үкіметі  1918  ж. 

уақытша  Сібір  үкіметі  1918  ж.  27 

қаңтарда кеңестік билікке қарсы об-

л.-тық дума жиналысында құрылған. 

Алашорда  үкіметі  Томскідегі  Воло-

годский  басқарған  Уақытша  Сібір 

үкіметімен  және  оның  Омбыдағы 

комиссариатымен  байланыс  орна-

тып,  кеңестік  билікке  қарсы  бірлесе 

күресуге әрекеттенді. Уақытша Сібір 

үкіметі  Алашорда  үкіметін  өзіне 

бағындыруды көздеді. Бұл өз кезегін-

де  екі  үкімет  арасындағы  байланы-

сты әлсірете түсті.



1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал