Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет56/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69

Төртінші  жалпы  мұсылман  си-

езі    1917  ж.  27  қарашасында  Қоқан 

қ.-сында  өткізілген  сиез.  Сиез  Ре-

сейдегі  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 

жағдайды  талдай  келе,  ерікті  авто-

номия  болуды  қаулы  етті.  Автоно-

мияның  қалай  болмағы  Түркістан 



Алаш қозғалысы

398


аймағының 

Құрылтай 

сиезінде 

анықталмақ  болып  шешілді.  Сиез 

қаулысы  бойынша  14  адам  мәжіліс 

ағзалығына  және  12  адам  Түркістан-

ның  уақытша  үкіметінің  ағзалығына 

сайланатын  болды.  Сондай-ақ,  Түр-

кістан  халықтарының  Құрылтай  жи-

налысын  көп  кешіктірмей  шақыруға 

шешім қабылданды. 

  «Тұғыры  биік  тұлға»    Алаш 

қайраткері 

Х.Досмұхамедұлына 

арналған  жинақ.  2008  ж.  Алматы 

қ.-сында  жарық  көрген,  көлемі  17 

б.т.  Кітапты  «Ұлы  тұлғалар»  ғылы-

ми-ғұмырнамалық сериясы негізінде 

Орталық  ғылыми  кітапхана  дайын-

даған.  Бас  редакторы  Р.Әлмұқанова, 

құрастырған В.Күзембаева. Жинаққа 

қайраткердің  таңдамалы  еңбектері, 

оның  өмірі  мен  шығармашылығы 

жайындағы ғылыми мақалалар және 

библиографиялық көрсеткіш енгізіл-

ген. 

Тұрғанбаев  Мәннан  Тұрған-

байұлы  1886  ж.  Семей  губерниясы 

Қарқаралы  у.  Абыралы  б.  Сарыапан 

а  –  1937  ж.  Алаш  қозғалысына  қа-

тысушы.  .  Алғашқыда  Мәннан  оқу 

іздеп, Семей қ.-на барып, Кәмәлиден 

хазіреттен арабша дін оқуын оқиды. 

Алты  ж.  Семейдегі  медреседе  оқи-

ды.  1906-1910  ж.  аралығында  туған 

ауылында  ұстаздық  қызмет  атқа-

рады.  1910  ж.  Уфадағы  «Ғалия»  ме-

дресесіне  түсіп,  оны  1915  ж.  бітіріп 

шығады.  Ел  ішіндегі  1916  ж.  жар-

лыққа  қарсы  дүрбелең  мен  күйзеліс 

күйлер  Мәннанға  өз  ықпалын  ти-

гізбей  қоймайды.  Осы  кездерде  ол 

Орынборда А.Байтұрсынұлының же-

текшілігімен шыға бастаған «Қазақ» 

газетіне  шақырылады.  Алаштың 

біртуар  тұлғасы  Әлихан  Бөкейхан-

ның бастауымен Түркияға сапарлап, 

Каирдегі мұсылман рухани академи-

ясы  мен  Стамбұлда  қысқа  мерзімді 

курстардан  өтеді.  1917  ж.  Орынбор-

дан Семейге келіп, «Сарыарқа» газеті 

редакторының  орынбасары  ретінде 

Санкт-Петербургтегі  екі  жарым  ай-

лық курстан өтеді. 1917 ж. сәуір айын-

да өткен Семей обл.-тық қазақ сиезін-

де комитет мүшесі болып сайланады. 

«Айқап»,  «Абай»  т.б.  басылымдарда 

өзекті ой қозғаған мақалалары жарық 

көрді.  «Абай»  журналының  1918  ж. 

2  санында  «Ұлтшылдық»  мақаласы 

жарияланады. 1918 ж. Алашорданың 

атты  әскер  полкіне  қабылданады. 

1917-1919  ж.  Семейдегі  (Алаш  қ.- 

ндағы  –  Жаңасемей  бөлігі)  педаго-

гикалық  курстың  меңгерушісі  және 

осы  курстың  мұғалімі.  1919  ж.  мау-

сым айында қайта Орынборға шақы-

рылып,  ондағы  «Ұшқын»  газетінде 

редакторлық  қызмет  атқарады.  Мек-

теп  оқулықтарын  жазады.  1919  ж. 

«Қазақ  тілі»  газетінің  жауапты  ре-

дакторы, тұңғыш шығарушы болған. 

1920 ж. дейін Ж.Ақпаевпен бірге ха-

лық соты кеңесінің мүшелігіне беки-

ді.  Қазақ  автономиясы  жариялануы-

на байланысты, 1920 ж. жалпы қазақ 

кеңестерінің  бірінші  сиезіне  Семей-

ден  делегат  болып  сайланады.  1922 

ж.  бастап  халық  соты  төрағасының 

орынбасары,  әрі  қазақ  ісі  жөніндегі 

азаматтық  бөлімнің  меңгерушілік 

міндеттерін атқарады. 1926 ж. Ә.Ер-

меков  жетекшілік  ететін  Қарқара-

лы  педучилищесінің  оқу  бөлімінде 

ұстаздық  қызмет  атқарған.  1928  ж. 

Т.  Семейге  қайта  оралды.  Обл.-тық 

соттың  орынбасары,  қалалық  оқу 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

399


бөлімінің  инспекторы  болады.  1930 

ж.  4  сәуірінде  ОГПУ  сот  коллегия-

сының үкімімен Т. Семейде қамауға 

алынып, Қапал түрмесіне айдалады. 

1932 ж. айыптары дәлелденбегендік-

тен түрмеден босатылады. 1932-1936 

ж.  аралығында  Алтай  өлкесіндегі 

Ойрат автономиялық обл.-ның Усть-

Кант  аймағы  Тұрата  ауылындағы 

жетіжылдық  мектепте  оқытушы  бо-

лып  жұмыс  істеген.  Жарық  көрген 

еңбектері: «Пайғамбар заманы», «Тіл 

құралы», «Есеп», «Этика» т.б. 1937 ж. 

20 тамызда ату жазасына кесіледі. 



Тұрлыбаев  Айдархан  1877  ж. 

Ақмола обл. Көкшетау у. Мезгіл б – 

1937 ж. Алаш қозғалысының көрнек-

ті қайраткері, заңгер. . 1897 ж. Омбы 

гимназиясын  тәмамдаған.  1897-1902 

ж.  Санкт-Петербор  университетінің 

заң  факультетінде  оқыған.  Дәл  осы 

оқу орындарында онымен бір мезгіл-

де  кейін  қайраткер,  қаламгер  болып 

қалыптасатын  Р.Мәрсеков  те  білім 

алғаны  мәлім.  Университеттен  кей-

ін жас заңгер Омбының заң орында-

рына  қызметке  жіберіледі.  Адвокат 

және  «присяжный  поверенный»  бо-

лады. Заңгердің қайраткерлігі жөнін-

де «Қазақ» газеті 1917 ж. былай деп 

жазды:  «Айдархан  1  һәм  2-Гос.Ду-

маға  лайық  еді...».  1917  ж.  25  сәуір 

мен  5  мамыр  аралығында  Омбыда 

Ақмола обл.-тық қазақ сиезі өткенде, 

ол осы жиынға төрағалық етеді. Осы 

жолы  әр  уезден  келген  150  делегат 

Т.-ты  Ақмола  обл.-тық  қазақ  коми-

тетінің төрағасы етіп сайлайды. 1917 

ж. Алаш партиясы құрылатын І Жал-

пықазақ  сиезінің  де,  Алаш  автоно-

миясы жарияланатын ІІ Жалпықазақ 

сиезінің де ұйымдастыру және өткізу 

жұмысына  белсене  қатысады.  Ол  І 

сиезде Ақмола обл.-ынан Бүкілресей-

лік  құрылтайға  және  Бүкілресейлік 

мұсылмандар  сиезі  –  «Шора-и-ис-

ламға»  делегат  болып  белгіленеді. 

ІІ  сиезде  Алашорда  үкіметі  –  Ұлт 

кеңесіне  Ақмола  обл.-нан  мүше  бо-

лып сайланады. Бір айта кетер жайт, 

осы сиез үкімет төрағасын сайлаған-

да,  Т.  Ә.Бөкейхан,  Б.Құлмановтар-

мен  бірге  баламалы  негізде  ұсыны-

лады.  Дауыс  нәтижесінде  А.Тұрлы-

баев  Әлиханнан  кейін  екінші  орын 

алады.  Большевик  пен  Алаш  ашық 

күрескен ж. қайраткер Х.Ғаббасұлы, 

Б.Мәмбетұлы  сынды  азаматтар-

мен  бірігіп  Семейде  бір  ұлт  полкін 

жасақтауға  жәрдемдеседі.  1919  ж. 

ақпанда Омбы қ.-нда Колчак үкіметі 

ішкі  істер  министрінің  орынбасары 

П.Ф.Коропачинскийдің 

төрағалық 

етуімен алдын-ала талданған «Қазақ 

халқының  әкімшілік-шаруашылық 

құрылымы туралы мәселе» бойынша 

Ә.Бөкейхан,  У.Танашевпен  бірлесіп 

сындарлы  ой  айтады.  Кеңес  өкіметі 


Алаш қозғалысы

400


тұсында ол Омбы қ.-ының түрлі заң 

орындарында  адвокат,  кеңесші,  сот 

жүргізушісі болып қызмет атқарады. 

Саяси  қуғын-сүргін  оны  жазбай  та-

нып, 1934 ж. абақтыға жабады. Мұн-

да  6  ай  азап  шегеді.  1937  ж.  қайта 

ұсталып,  ату  жазасына  кесіледі.  РФ 

Омбы  обл.  федералдық  қауіпсіздік 

қызметі мұрағатында «кеңес өкіметі-

не  қарсы  саяси-төңкерістік  әрекеті 

үшін»  деген  айыппен  тұтқындалған 

Т. пен оның серіктеріне қатысты том-

том «істер» сақталған. 

Тұрысбек  Рақымжан  Сағым-

бекұлы  (14.6.1958,  Жамбыл  обл. 

Талас  ауд.)  –  1980  ж.  қазіргі  әл-Фа-

раби  атындағы  Қазақ  ұлттық  уни-

верситетінің  филология  факультетін 

1980  ж.  бітірген.  1985-1989  ж.  –  ҚР 

Баспасөз  жөніндегі  Мемлекеттік  ко-

митеті,  1988-1992  ж.  ҚР  Білім  және 

ғылым  министрлігі  М.О.  Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер инсти-

тутының  ғылыми  қызметкері.  1992-

1993  ж.  Т.Жүргенов  атындағы  Театр 

және  кино  институтының  «Әдеби-

ет  пен  тіл»  кафедрасының  меңге-

рушісі. 1990 ж. – «С. Мұқанұлының 

20  ж.  қазақ  прозасы»  деген  тақы-

рыпта  кандидаттық  диссертация, 

1999 ж. – «Ж. Аймауытұлы және 20 

ж.  қазақ  прозасы»  атты  тақырып-

та  докторлық  диссертация  қорғады. 

Қазір  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еура-

зия ұлттық университетіндегі Қазақ 

әдебиеті кафедрасының профессоры. 

Қазақ  әдебиетінің  алуан  мәселелері-

не  арналған    «Сөз  сарасы»,  «Жүсіп-

бек»,  «Ж.Аймауытұлы  және  20  ж. 

қазақ прозасы», «Ар айнасы» (2 том-

дық); «Қазақ әдебиеті: 1920-1940 ж.», 

«Ж.Аймауытұлының әсемдік әлемі»,  

«Тәуелсіздік  тұсындағы  қазақ  әде-

биеттану  ғылымы»,  «Әдеби  мұра 

және  руханият  мәселелері»,  «Тарих. 

Таным.  Тағылым»,  «Тәуелсіздік  ке-

зеңіндегі қазақ әдебиеті», «Авторлық 

ұстаным  Һәм  көркемдік  мұрат»  т.б. 

еңбектердің авторы. 

Түркістан 

Автономиялық 

Кеңестік  Социалистік  Республи-

касы  (ТАКСР)    1918-1924  ж.  ара-

лығында  РКФСР  құрамында  болған 

автономиялық  құрылым.  Түркістан 

автономиясы күшпен құлатылғаннан 

кейін өлкедегі билік толығымен Түр-

кістан  Халық  комиссарлары  кеңесі 

қолына  көшті.  Кеңестік  билік  өкіл-

дері  арасында  Түркістанның  бола-

шағын унитарлы Ресеймен байланы-

стыруға және өлкедегі орыс жұмыс-

шыларының  үстемдігін  қамтамасыз 

етуге  талпынушылық  сияқты  ұлы 

державалық  шовинистік  пиғылдың 

орын алуы автономияны жариялауға 

кедергі келтірді. 

Түркістан  автономиясы  (Түр-

кістан мұхтарияты)  1917 ж. 27 қа-

рашада  Қоқан  қ.-ында  жарияланған 

автономия. Мақсаты – Ресейде өтетін 

бұрынғы  патшалыққа  қараған  ха-

лықтар тағдырын шешетін Құрылтай 

жиналысына Түркістандық ел ретін-

де қатынасу және аумалы-төкпелі ке-

зеңде осындағы түрлі ұлт өкілдеріне, 

әсіресе түрік-мұсылмандарға қамқор, 

қорған  болу.  26  қарашаға  шақы-

рылған Түркістан мұсылмандарының 

ІҮ  құрылтайының  делегаттары  27 

қараша  күні  «Түркістан  территори-

ялық  автономиясын»  жақтап,  дауыс 

берді. Өз атымен айтсақ – Түркістан 

мұхтарияты.  Аталған  ІҮ  құрылтай 

Түркістан  автономиясының  немесе 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

401


Түркістан  мұхтариятының  «Халық 

кеңесін»  (мұны  бүгінгі  парламент-

пен  салыстыруға  болады)  сайлады. 

Оған  36  түркістандық  (Түркістан-

ның  жергілікті  халқынан  шаққанда) 

және  18  өзге  ұлт  өкілдері  енді.  Ха-

лық кеңесінің төрағалығына – С.Ла-

пин,  кеңес  басшылығы  құрамына  – 

М.  Шоқай,  А.  Қожанов,  М.  Бехбуди 

сайланады.  Түркістан  автономиясы-

ның  Халық  кеңесі  үкімет  жасақтау-

ды  қолға  алды.  Мұны  олар  «уақыт-

ша  үкімет»  деп  белгіледі.  Сонымен, 

Түркістан үкіметінің мүшелері мына 

тұлғалар:  М.Тынышбаев  –  Үкімет 

төрағасы  және  ішкі  істер  министрі; 

М.Шоқай  –  Ұлттық  кеңес  төраға-

сы  және  сыртқы  істер  министрі;  Ш. 

Шахиахметов – Үкімет төрағасының 

орынбасары  және  қаржы  министрі; 

Ә.  Оразайұлы  –  кейінгі  ішкі  істер 

министрі;  А.Қожанов  –  әскери  істер 

министрі;  Насырхан  төре  –  халық 

ағарту  министрі;  М.Мырзахметов 

–  әлеуметтік  істер  министрі;  Х.Аға-

ев  –  ауылшаруашылығы  министрі; 

Ә.  Махмұт  –  азық-түлік  министрі; 

С.  Гердцфельд  –  азшылық  ұлт  өкіл-

дерінің  министрі.  Түркістан  автоно-

миясы 1918 ж. 11 ақпанына дейін 64 

күн  өмір  сүрді.  10-11  ақпанда  боль-

шевиктер  тарапынан  Қоқанда  қан-

ды  қырғын  болып,  бұл  мемлекеттік 

құрылым  күшпен  таратылды.  Бұл 

туралы  Ақмоладан  шыққан  түр-

кістандық ірі тұлға Х.Болғанбайдың 

шынайы естелік-мақаласы сақталған. 

Бүгінгі жазылған тарихи еңбектерде 

Түркістан автономиясы «Қоқан авто-

номиясы» деп қате аталып кеткен.



Түркістан  аймағы  қазақ-қыр 

ғызының жалпы жиналысы – 1917 

ж.  2-5  тамыз  аралығында  Ташкент 

қ.-ында  өткен.  Оған  Сырдария  об-

л.-ның  Әулиеата,  Қазалы,  Перовск 

у.-дерінен,  Ташкент  у.-нен,  Ферғана 

обл.  Әндіжан,  Наманған  у.-дерінен, 

Жетісу  обл.  Пішпек  у.-інен  84  адам 

қатысқан.  Жиналыстың  төрағасы 

М.Тынышпаев  болған.  Жиналыста 

қазіргі  заман,  осы  күнгі  саяси  хал, 

Руссияда  болмақшы  мемлекет  түрі 

һәм  келешектегі  Түркістанды  басқа-

ру,  жер-су,  переселен  орыстар  тура-

лы,  мектеп,  дін,  баспасөз  т.б.  мәсе-

лелер талқыланып, қаулыдан көрініс 

тапқан.


«Түркістан  алқасы»    ғалым 

Д.Қамзабекұлының  2011  ж.  «Шаңы-

рақ-Медиа» баспасынан (Астана) жа-

рық  көрген  кітабы.  Еңбек  «Серпіліс 

алқасы»,  «Намыс  алқасы»,  «Налыс 

алқасы»,  «Талпыныс  алқасы»,  «Тар-

тыс алқасы» атты бес тараудан тұра-

ды.  Түркістан  мұраты,  жәдитшілдік 

және Алаш – отандық тарихымыздың 

айрықша  белесі.  Мағынасына  ұлт 

және  бірлік  рухын  сыйдырған  осы 

ұғымдардың  руханияттағы  әлпетiне 

де  күрескерлiк,  риясыз  iзденiс  тән. 

Түркістан  алқасының  басты  сипаты 

–  ағартушылық,  имандылық  және 

азаттық. Бұл еңбекте түрік халықта-

ры ағартушылығының туу, қалыпта-

су, даму жолдары зерттелiнген. Осы 

өреде  әдебиеттегi  елшiлдiк  сарынға 

әсер  берген  жәдитшiлдiк,  милләт-

шiлдiк пен түрiк жаһаттастығы мәсе-

лесi қарастырылған. Сондай-ақ Түр-

кістан  мен  Алаштың  қилы  тағдыры 

бүгінгі  оқырманға  беймәлім  тұлға-

лардың,  ұйымдардың,  басылымдар-

дың, қозғалыстардың бедерiнде сара-

ланған.


Алаш қозғалысы

402


Түркістан  генерал-губернатор-

лығы    Ресей  империясының  1867-

1917  ж.  аралығындағы  әкімшілік-ау-

мақтық аймағы. 1867 ж. Жетісу, Сы-

рдария  обл.-тарынан  құралды.  Сол-

түстігінде  Торғай,  Ақмола,  Семей 

обл.-тарымен,  шығысында  Шығыс 

Түркістанның 

Жоңғар, 


Үрімші 

айм.-ымен,  оңтүстігінде  Қашқари-

ямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хан-

дығымен, батысында Арал теңізімен 

шектесті.  Түркістан  генерал-губер-

наторлығында  қазақтар  –  1532790, 

өзбектер  –  1970420,  құрамалар  – 

77330,  қарақалпақтар  –  58770,  оры-

стар – 59280, тәжіктер – 137280 адам-

ды құрады. Өлке әкімшілігі Ташкент 

қ.-нда орналасты. 1917 ж. Ақпан төң-

керісінен кейін Түркістан генерал-гу-

бернаторлығы  жойылды.  Өлкедегі 

барлық  билік  Уақытша  үкіметтің 

Түркістан комитетінің қолына көшті. 

Түркістан және қазақ мұсылман-

дарының сиезі – 1917 ж. 17-20 қыр-

күйек аралығында Ташкент қ.-сында 

өтті.  Сиезге  Түркістан  обл.-тарымен 

бірге  Орал,  Торғай  обл.-тарынан  де-

легаттар  қатысты.  Мұнда  Түркістан 

және  Қазақстан  мұсылмандарының 

басын біріктіретін саяси партия құру 

туралы мәселе көтерілді. Ондай пар-

тия құруға шешім қабылданып, оны 

«Мұсылмандар одағы» – «Иттифок-и 

– Муслимун» деп атау ұйғарылды. 

Түркістан  мұсылмандарының 

IV төтенше сиезі  1917 ж. 27 қараша-

да  Қоқан  қ.-нда  ашылған  Түркістан 

мұсылмандарының  жалпы  сиезі  не-

месе Қоқан сиезі. Оған Түркістан ай-

мағының әр бөлігінен келген 300-дей 

өкіл қатысты. Сиездің күн тәртібінде: 

Қоқан  һәм  Орынборда  болған  сиез-

дер жөнінде; Сырдария қазақ-қырғы-

здарын  Алаш  автономиясына  қосу 

туралы;  ұлт  милициясы;  Сырдария 

обл.-ның  қазақ-қырғыздары  атынан 

Түркістан  автономиясының  Уақыт-

ша  Кеңесіне  мүшелер  сайлау;  ұлт 

қазынасы; азық-түлік мәселесі; түрлі 

жақтан  келген  өкілдердің  баяндама-

лары; 15 қаңтарда Түркістан аймағы 

(крестьяндары)  шаруалары  сиезіне 

кісі сайлап жіберу туралы мәселелер 

енгізілді.  Мұнда  «Түркістан  терри-

ториялық  автономиясы»  (Түркістан 

мұхтарияты) жарияланды және оның 

Халық  кеңесі  сайланды.  Түркістан 

автономиясының 

төрағалығына 

М.Тынышбаев,  министрлер  болып  

М.Шоқай, Ш.Шахиахметов, А.Қожа-

нов,  Ә.Оразайұлы,  Х.Агаев  т.б.  сай-

ланды.  Халық  кеңесі  төрағалығына 

С.Лапин бекітілді. 

«Түркістан өлкесін басқару ере-

жесі»  –  бұл  Ресейге  қосылған  Орта 

Азия  мен  Қазақстан  жерін  реттеу-

ге  арналған  1886  ж.  құжат.  Ереже 

арқылы  өлкенің  басқару  жүйесін 

жалпыресейлік жүйеге сәйкестендіру 

көзделді.  Түркістан  өлкесіне  Сырда-

рия,  Ферғана,  Самарқанд  обл.-тары 

кірді. Сырдария обл. Әмудария бөлім-

шесі  мен  Қазалы,  Петровск,  Шым-

кент, Әулиеата және Ташкент у.-дерін 

қамтыды. Ферғана обл. 5 уезге бөлін-

ді. Олар: Қоқан, Маргелан, Әндіжан, 

Наманған,  Ош.  Самарқанд  обл.-ның 

құрамына 4 у. кірді. Олар: Самарқанд, 

Кәттәқорған,  Ходжент,  Жизақ.  Түр-

кістан өлкесінің әкімшілік орталығы 

болып  Ташкент  қ.  белгіленді.  «Түр-

кістан  өлкесін  басқару  ережесі»  де 

4  бөлімнен  тұрды.  Олар:  әкімшілік, 

сәт,  жер-құрылыс,  салық  және  бо-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

403


рыш. Түркістан өлкесінің тізгінін ге-

нерал  губернатор  ұстады.  Оның  қол 

астында өлкедегі борыш пен жер са-

лығын  төлеу  жүйесі  құрылымының 

кеңесі жұмыс істеді. Обл.-тарды обл. 

губернаторы мен обл.-тық басқарма-

лар  биледі.  У.-дер  б.-тарға,  б.-тар  а.-

дарға бөлінді. Сот билігін бітістіруші 

соттар  және  үкімет  сенаты  ұстады. 

Ұсақ  түйек  шаруалармен  жергілікті 

халықтан  шыққан  би-төрелер  айна-

лысты. Жер, орман, су көздері мемле-

кет меншігі болып жарияланды. 1891 

ж. бұл құжатқа өзгерістер енгізілді.



Түркістан ұлттық бірлігі, «Түр-

кістан  ұлттық  одағы»  –  Түркістан 

халықтарының мүддесін қорғау мақ-

сатында  1920-1941  ж.  аралығында 

қызмет еткен қоғамдық-саяси ұйым. 

Бұл  ұйым  Зәки  Уәлиди  Тоғанның 

белсенділік  танытуымен  құрылды. 

Оның  бастамасымен  1920  ж.  мау-

сымда  Бұхара  қ.-сында  башқұрттар-

дан  С.Магазов,  Ферғана  басмашы-

ларынан  Шерахмет  Бек,  Ы.Мутин, 

Х.Игіліков,  Рахманкұл  құрбашы, 

Мұстафа Шахкул, түрікмендерден К.

Бердиев,  қазақтардан  Х.  Болғанбай-

ұлы, М.Әуезұлы, Д. Әділұлы, Бұхара 

мен  Ташкент  зиялыларынан  Мүнау-

ар  Қари,  А.Мұхиддинов,  Ф.Хожаев, 

С.Айни  секілді  қайраткерлер  және 

Ататүріктің  түркі-мұсылман  ха-

лықтарының саяси өмірі туралы Түр-

кістанға  мәлімет  жинауға  жіберген 

өкілі  Субхи  Сайсаллы-оғлы  қатына-

сқан жиналыс өтіп, онда «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  атты  ұйым  құруға 

шешім  қабылданды  және  7  бап-

тан  тұратын  бағдарламасы  бекітіл-

ді.  Бағдарламада  Түркістан  өлкесін 

кеңестер үстемдігінің азат ету, өлке-

де  демократиялық  республика  құру, 

өлке  экономикасын  дамыту,  ағарту 

ісін  жандандыру,  дін  ісін  мемлекет 

ісінен  ажырату  қажеттігі  аталып 

көрсетілді.  Ұйымның  төрағасы  бо-

лып  З.  Тоған  сайланды.  1920  ж.  5-7 

қыркүйек  аралығында  Самарқанд-

та  «Түркістан  ұлттық  бірлігі»  ұйы-

мының  конгресі  өтті.  Бұл  конгресте 

ұйымның  жарғысы  мен  Түркістан-

ның  ұлттық  туы  жасалып,  қабыл-

данды.  Конгреске  қатысушылардың 

ұйғарымымен  Түркістанның  ұлттық 

туының ортасына ай мен жұлдыз ор-

наластырылды және ол тоғыз (бесеуі 

қызыл,  төртеуі  ақ  түсті)  жолақпен 

безендірілді, сондай-ақ тудың шетін-

де көгілдір жолақ жүргізілді. 1922 ж. 

18-22  қыркүйек  аралығында  «Түр-

кістан  ұлттық  бірлігі»  ұйымының 

кезекті  конгресі  өтті.  Бұл  конгреске 

қатысушылардың  ішінде  М.Тыныш-

байұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. қазақ 

қайраткерлері болды. Конгресте Түр-

кістанның  толық  азаттық  алғанына 

дейін кеңестермен күрес жүргізе беру 

керектігі және бұл күресте Түркістан 

халқын  ұлттарға  жіктемеу  жайлы 

шешім  қабылданды.  Бұл  шешімді 

жүзеге  асыру  үшін  «Түркістан  ұлт-

тық бірлігі» ұйымы өз қызметін Түр-

кия мен Еуропада жандандыру қажет 

деген ұйғарым жасалды. 1923 ж. 26-

28  маусым  аралығында  «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  ұйымының  Кабулда 

жиналысы өтті. Оған З. Тоған, Бұхар 

кеңестік  социалистік  республикасы 

үкіметінің  бұрынғы  басшысы  О.Қо-

жаоғлы,  А.Инан,  Бұхараның  Кабул-

дағы  елшісі  М.Исамеддин  секілді 

қайраткерлер  қатынасты.  Осы  жи-

налыстың  шешімі  бойынша  З.Тоған 



Алаш қозғалысы

404


–  «Түркістан  ұлттық  бірлігі»  ұйы-

мының  ішкі  және  сыртқы  бөлімше-

лерінің  бас  төрағасы,  О.Қожаоғлы  – 

Түркия бөлімшесінің төрағасы, А.А-

рифов  (Бұхар  кеңестік  социалистік 

республикасының  бұрынғы  әскери 

министрі)  –  Кабул  бөлімшесінің 

төрағасы, М.Шоқай Еуропа бөлімше-

сінің төрағасы болып белгіленді. 1924 

ж. 23 қарашада Берлинде «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  ұйымының  конгресі 

өтті.  Оған  қатысқандардың  қата-

рында  М.Шоқай  болды.  Конгресте 

«Түркістан  ұлттық  бірлігі»  ұйымы-

ның  орталығынан  Түркияға  көшіру 

және  Стамбұлда  ұйымның  органы 

болып  табылатын  журнал  шыға-

ру  жайлы  шешім  қабылданды.  1927 

ж.  наурызда  Стамбұлда  «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  ұйымының  конгресі 

өтті.  Конгреске  Парижден  Мұста-

фа  Шоқай  келді,  сондай-ақ  З.Тоған, 

О.Қожаоғлы,  Н.Махдум,  М.Шахк-

кул,  А.Инан,  т.б.  қатысты.  Конгре-

стің  шешімімен  Стамбұлда  З.Тоған 

мен А. Инан басшылық ететін «Йени 

Түркістан» («Жаңа Түркістан») атты 

журнал  шығатын  болды.  Бұл  жур-

налда  Түркістан  тарихы,  әдебиеті, 

сондай-ақ  әлеуметтік-экономикалық 

мәселелеріне  байланысты  ғылы-

ми  мақалаларға  орын  беруге  шешім 

шығарылды. 1928 ж. З.Тоған ғылыми 

жұмыстарға  ойысып,  саясаттан  қол 

үзіп кетуіне байланысты «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  ұйымына  О.Қожа-

оғлы  төрағалық  етті.  1933  ж.  «Түр-

кістан  ұлттық  бірлігі»  Шығыс  Түр-

кістан  Республикасының  құрылуы-

на  қолдау  білдіретінін  танытып, 

Қашқарға өз өкілін аттандырды. 1939 

ж. 24 наурыз бен 2 сәуір аралығында 

Берлинде «Түркістан ұлттық бірлігі» 

ұйымының  конгресі  өтіп,  онда  ұй-

ымның төрағалығына М.Шоқай сай-

ланды. 1939 ж. ІІ дүниежүзілік соғы-

стың  басталуына  орай  «Түркістан 

ұлттық  бірлігі»  ұйымының  қызмет 

етуі қиындай түсті. 1941 ж. М.Шоқай 

Берлинде  жұмбақ  жағдайда  қайтыс 

болған соң «Түркістан ұлттық бірлі-

гі» ұйымы қызметін тоқтатты.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет