Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет55/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
#147
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69

Тоқтамышев Хамит – Алашорда 

үкіметінің  әскери  қайраткері.  Оның 

туған және өлген ж. белгісіз. Әскери 

шені  –  капитан  (кейбір  деректерде 

подполковник).  Алаш  милициясын 

ұйымдастыруға  белсене  атсалысты. 

Оның басшылығымен Семейде құра-

мында 38 офицер мен 750 жауынгері 

бар 1 Алаш полкі құрылды. Өскемен-

де Алаш автономиясының әскери оқу 

орнын ашуға жетекшілік етті. Уақыт-

ша Сібір үкіметімен және атаман Б.В. 

Анненковпен тығыз байланыста бол-

ды.  «Сарыарқа»  газетінде  Алаш  ми-

лициясының кеңестік билікпен жүр-

гізіп  жатқан  күресі  жайында  бірқа-

тар  мақалалар  жарияланды.  Жетісу 

өңірінде  Қызыл  армиямен  болған 

соғыс  қимылдары  кезінде  Алаш 

әскеріне басшылық жасады.



Тоқтыбаев Иса (15.2.1894, Тереңө-

зек ауд., Қараөзен а. – 1967, Қызылор-

да қ.) – қоғам қайраткері. 1904 – 1917 

ж.  Перовскідегі  орыс  –  қазақ  мек-

тебінде,  бастауыш  орыс  уч-щесінде 

оқып, Ташкенттегі мұғалімдер семи-

нариясын  бітірген.  Ақпан  төңкерісі-

нен кейін ұлт-азаттық қозғалысының 

жұмыстарына  атсалысқан.  Ол  Түр-

кістан аймағы қазақ-қырғыздарының 

жалпы  жиылысына  Жетісу  облысы 

Пішпек уезінен қатысқан. 1922 – 1925 

ж. «Шолпан» журналының, «Ақ жол» 

газетінің редакторы, Ақтөбедегі жер 

басқармасының  бастығы,  Семейде-

гі  «Қазақ  тілі»  газетінің  редакторы, 

Орынбордағы  пед.  ин-ттың  дирек-

торы және жұмысшы ф-тінің меңге-

рушісі  қызметтерін  атқарады.  1929 

– 1930 ж. Қазақ АКСР Халық ағарту 

комиссарының  орынбасары.  1930  – 

1932 ж. Ленинград (Санкт-Петербург) 

пед.  ин-тының  аспиранты,  Қызыл 

Профессура  курсында  тыңдаушы 

болды. 1932 – 1933 ж. Ленинградтағы 

Шығыс халықтары курсының ректо-

ры  және  әскери  саяси  академияның 

СОКП  тарихы  бойынша  лекторы 

болды. 1933 – 1936 ж. қуғын-сүргін-

ге  ұшырап,  түрмеде  отырды.  1936 

ж.  В.Куйбышевтың  көмегімен  бо-

сап  шықты.  1937  ж.  Ленинградтағы 

КСРО  халықтарының  этнограф.  му-

зейінде бөлім меңгерушісі қызметін-

де болады. 1938 – 1947 ж. екінші рет 

қамауға  алынып,  Коми  АКСР-інде 

түрмеде  отырды.  1947  ж.  түрмеден 

босап,  Тереңөзекке  оралады.  1949  – 

1957 ж. үшінші рет ұсталып, Красно-

ярск  өлкесіне  жер  аударылды.  1957 

ж. ақталып, елге қайтты. 1958 – 1964 

ж.  Қызылорда  қ-ндағы  об.  өлкетану 

музейін  ұйымдастырушы  әрі  дирек-

торы  болды.  Қаладағы  бір  көшеге 

есімі беріліп, өзі тұрған үйге құрмет 

тақтайшасы  орнатылған.  1998  жыл-



Алаш қозғалысы

392


дан  туған  ауданындағы  №  35  қазақ 

орта мектебі Тоқтыбаев есімімен ата-

лады.

Торайғыров 

Сұлтанмахмұт 

(28.10.1893,  қазіргі  Солтүстік  Қа-

зақстан обл. Уәлиханов ауд. – 21.5.1920. 

Павлодар обл. Баянауыл ауд.) – ақын, 

ағартушы,  Алаш 

партиясының  Се-

мей  обл.-тық  ко-

митетінің  мүшесі. 

Алғаш әкесінен хат 

танып,  13  жасынан 

Мұқан,  Әбдірах-

ман,  Тортай  деген 

молдалардан дәріс алды. 1912 ж. Тро-

ицкідегі  Ахун  Рахманқұли  медре-

сесіне  түседі.  Бір  ж.  оқыған  ол  өкпе 

ауруының зардабынан оқудан шығып 

қалады.  1912-1913  ж.  «Оқып  жүрген 

жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттер-

ге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақ-

сат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз 

мешіт»,  «Шығамын  тірі  болсам  адам 

болып», «Жазғы қайғы», «Кешегі түс 

пен бүгінгі іс» т.б. өлеңдері мен «Зар-

ландым»  атты  ұзақ  очеркін  жазады. 

1913 ж. күзінде Троицкіге қайтқан Т. 

«Айқап» журналына жауапты хатшы 

болып  жұмысқа  орналасады.  1914  ж. 

жазда туған елі Баянауылға оралады. 

Ел  ішінде  мәдени-ағарту  жұмысын 

жүргізетін  «Шоң  серіктігі»  ұйымын 

ашпақ  болғанымен,  ісі  жүзеге  аспай-

ды. Осы ж. орысша оқу іздеп Семейге 

барады. 1916-1917 ж. қысында Томскі-

де орысша оқиды. 1917 ж. Ақпан айын-

дағы төңкерістен кейін Семейде жаңа 

құрылған Алаш партиясы, Алашорда 

үкіметінің  жұмыстарына  қатысады. 

«Алаш  ұраны»  өлеңін  жариялайды. 

«Алаш  туы  астында,  Күн  сөнгенше 

сөнбейміз.  Енді  ешкімнің  алашты, 

Қорлығына  бермейміз!  Адамдықтың 

жолына,  Бастаған  ерлер  соңында, 

Басқаға көңіл бөлмейміз, Қандай шай-

тан  келсе  де,  Алдауына  көнбейміз. 

Өлер  жерден  кеттік  біз,  Бұл  заманға 

жеттік біз! Жасайды алаш, өлмейміз! 

Жасасын  алаш,  жасасын!»  деп  Алаш 

идеясын  жырлайды.  Алаш  қайрат-

керлерінің  тарихи  қызметін  бағалап, 

«Таныстыру»  поэмасын  арнайды. 

Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Ду-

латұлын  «бірі  –  күн,  бірі  –  шолпан, 

бірі – айым» деп бағалайды. Поэмада 

Ә.Ермекұлы,  Х.Ғаббасов,  Ш.  Құдай-

бердіұлы,  Р.Мәрсеков,  Н.Құлжано-

ва,  Н.Құлжанұлы,  М.Поштайұлы, 

Ә.Молдабаев,  И.Тарабаев,  Ж.Ақпай-

ұлы,  Б.Сәрсенов,  С.Сабатаевтардың 

есімдері аталып, қазақ халқының тәу-

елсіздігі жолындағы еңбектерін сара-

лайды.  «Әлиханның  Семейге  келуі» 

мақаласында Алаш көсемінің тарихи 

қызметін бағалайды. 

Торғай  көтерілісі  –  он  алтын-

шы  ж.  көтерілістің  Торғай  у.-ндегі 

құрамдас бөлігі. Көтеріліс бастапқы-

да  Қайдауыл,  Аққұм,  Қараторғай, 

Сарыторғай,  Қарақопа  болыстарын-

да және Тосын, Майқарау, Сарықопа, 

Наурызым,  2-Наурызым  б.-тарында 

Ресей  патшасының  25  маусымдағы 

жарлығына мойынсұнбау, болыс бас-

шыларына,  тыл  жұмысына  алына-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

393


тындардың  тізімін  жасаушыларға 

қысым көрсету түрінде жүрді. Торғай 

көтерілісінің  екпін  алуы  барысын-

да  Әбдіғапар  Жанбосынұлы  қыпшақ 

көтерілісшілерінің  ханы  болды.  Кей-

іннен  13  болыс  өкілдерінің  Жалдама 

өзенінің бойында өткен құрылтайын-

да Жанбосынұлы Торғай у. қазақтары-

ның  ханы,  А.Үдербайұлы  көтеріліс-

шілердің  сардарбегі  (бас  қолбасшы) 

болып  сайланды.  50  мыңнан  астам 

адамнан  тұратын  көтерілісшілердің 

ондықтарға,  жүздіктерге  және  мың-

дықтарға  бөлінген  әскери  жасақ 

құрылды.  К.Көкембайұлы  бастаған 

арнаулы  мергендер  тобы  құрылды. 

Әскери  кеңес  көтерілісшілерді  азық-

түлікпен,  атпен  қамтамасыз  ету-

ді,  ұстаханаларда  қолдан  мылтық, 

қылыш, қанжар, семсер, т.б. жасауды 

ұйымдастырды.  22  қазанда  15  мың 

адамнан  тұратын  көтерілісшілер  жа-

сағы  Торғай  қ.-н  қоршады.  Қоршау-

дағыларға көмекке генерал А.Лаврен-

тьевтің жазалаушылар отряды қалаға 

қарай  үш  бағытта  келе  жатты.  Жа-

залаушылардың  жақындап  қалғаны 

туралы мәлімет алған көтерілісшілер 

патша  әскеріне  қарсы  қозғалды.  Кө-

терілісшілер  адам  шығынына  ұшы-

рамау  мақсатында  Батпаққара  өңірі-

не  өтіп  кетті.  Патша  өкіметі  Торғай 

көтерілісін  басу  үшін  жаңадан  әскер 

қосты. Көтерісшілер мен жазалаушы-

лар арасында Татырда, Ақшығанақта, 

Күйікте  шайқастар  болды.  Көтеріліс 

нәтижесінде патша өкіметінің Торғай 

у.-нен қара жұмысқа адам алу жоспа-

ры орындалмай қалды. 

Торғай  облыстық  қазақ  коми-

теті – 1917 ж. наурызында құрылған 

комитет.  Оның  құрамына  А.Бай-

тұрсынұлы,  Н.Бегімбетов,  С.Қадір-

баев,  М.Тұнғаншиндер  енді.  Ақпан 

төңкерісінен  кейінгі  саяси  жағдай-

да  құрылған  бұл  комитет  қоғамдық 

тәртіпті  сақтау,  өзара  діни,  таптық, 

әлеуметтік  қайшылықтар  тудырмау 

жөнінде  Торғай  обл.  азаматтары-

на  үндеу  жариялады.  Бұл  комитет 

жұмысы  сәуір  айында  өткізілген 

обл.-тық  қазақ  сиезінен  кейін  жан-

данды.  Обл.-тық  комитет  мүшелері 

Алаш  қозғалысының  идеяларын  та-

ратуда,  жалпықазақ  сиездерін  ұй-

ымдастыруда тарихи рөл атқарды. 



Торғай облыстық қазақ сиездері 

–  1917  ж.  сәуірінде  және  тамызында 

ұйымдастырылған  сиездер.  Бірінші 

сиез  2-8  сәуір  аралығында  Орынбор 

қ.-нда  шақырылып,  оған  300  –  ден 

астам  адам  қатысты.  Торғай  обл.  қа-

зақтарымен  бірге  Орал,  Ақмола,  Се-

мей,  Сырдария  обл.-тарынан,  Бөкей 



Алаш қозғалысы

394


ордасынан,  Орынбор  губерниясы 

мен Қазан, Уфа, Ташкент және басқа 

қалалардан  да  өкілдер  қатысты.  Сол 

себепті «Қазақ» газеті бұл сиезді қа-

зақтың  тұңғыш  сиезі  ретінде  баға-

лады.  Сиезге  Алаш  қозғалысының 

қайраткерлері  Ә.Бөкейхан,  А.Бай-

тұрсынұлы,  А.Қалменов,  Жансұлтан 

және Жиһанша Сейдалиндер, У.Тана-

шев,  А.Бірімжанов,  И.Қашқымбаев, 

К.Жәленов,  О.Есенғұлов,  М.Жұма-

баев,  М.Шоқай,  Т.Жаманмұрыновтар 

қатысты. Бұлармен бірге сиездің құр-

метті  қонақтары  қатарында  өзбек, 

татар  және  башқұрт  халықтарының 

аса көрнекті қоғам қайраткерлері Му-

наууар  Кари,  Фатих  Каримов  және 

Теміршах  Соловьев  сияқты  тұлғалар 

да  арнайы  келді.  Сиез  атына  Семей, 

Қазан  және  Мәскеу  қ.-ларындағы 

қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдар-

дың  атынан  құттықтаулар  түседі. 

Сиездің  күн  тәртібінде  азаматтық 

комитеттер  құру,  жалпықазақ  және 

жалпымұсылман  сиездерін  ұйымда-

стыру,  Құрылтай  жиналысына  депу-

таттар  сайлау,  діни  басқарма,  білім 

беру  т.б.  14  мәселе  қарастырылды. 

Сиез  төрағалығына  А.Байтұрсынұлы 

сайланды. Сиезде жер мәселесіне бай-

ланысты, азаматтық комитеттер құру 

жөнінде  т.б.  шешімдер  қабылдады. 

Торғай  обл.  қазақтарының  бұл  сиезі 

қатысушылары жағынан және қабыл-

данған шешімдер тұрғысынан келген-

де  жалпы  ұлттық  мазмұндағы  жиын 

болды.  Торғай  обл.  қазақтарының  ІІ 

сиезі 1917 ж. 20-25 тамыз аралығында 

Ақтөбе қ.-нда шақырылды. Бұл сиез-

ге  Ақтөбе,  Қостанай,  Ырғыз,  Торғай 

у.-дерінен  150  өкіл  қатысты.  Сиездің 

төрағалығына  М.Есполов  сайланды. 

Сиездің  күн  тәртібінде  мемлекет  би-

леу  түрі;  жер,  мәселесі;  земство;  оқу 

мәселесі; сот ісі; рухани-діни іс; әйел 

мәселесі;  Бүкілресейлік  мұсылман 

кеңесі,  қырғыз  саяси  партиясы  т.б. 

мәселелер болды. Сиезді С.Досжанов 

ашты. Сиезде обл.-тағы қазақ халқын 

басқару  үшін  ұлттық-территориялық 

қазақ  автономиясын  енгізу,  қазаққа 

өз алдына ұлттық саяси партия құру, 

әйел  мәселесін  шешуді  мұсылман 

діни  жиналысына  тапсыру,  бүкілре-

сейлік Құрылтай жиналысына сайла-

натын депутаттарды анықтау сияқты 

мәселелер көтерілді. 

Торғай  облысы  (1868)  –  Орын-

бор 


генерал-губернаторлығының 

құрамындағы әкімшілік аймақ. Обл. 

бұдан  бұрынғы  Орынбор  қазақта-

ры  обл.-ның  шығыс  және  орталық 

бөлігінен,  патша  үкіметінің  «Дала 

аймағын  басқару  жөніндегі  уақыт-

ша  ережесіне»  сай  құрылды.  Сол-

түстігінде  Орынбор  губерниясымен, 

батысында  Орал  обл.-мен,  оңтүсті-

гінде  Сырдария,  шығысында  Ақмо-

ла  обл.-тарымен  шектесті.  Обл.  4  у.: 

Торғай,  Ырғыз,  Елек,  Николаевск 

(Қостанай)  болып  бөлінді.  Обл.-тың 

бас  басқармасы  Орынбор  қ.-нда  ор-

наласты.  Торғай  у.-нің  орталығы  – 

Торғайда,  Елек  (Ақтөбе)  у.-дерінің 

орталығы  –  Илецкая  Защитада,  Ни-

колаевск  у.-нің  орталығы  Тройцкі-

де  орналасты.  Обл.  тұрғындары  Ре-

сейдің  еуропалық  бөлігін  Түркістан 

өлкесімен,  Хиуа,  Бұхара  т.б.  Орта 

Азия  аймақтарымен  жалғастыратын 

керуен  жолында  болғандықтан  тұз-

бен,  т.б.  заттармен  сауда-саттық  жа-

сады. Мысалы, Орқаш, Әбетай, Тұз-

дықұдық көлдерінен 1878 ж. 921 092 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

395


пұт ас тұзы алынды. 1871 ж. обл.-та 

Ырғыз,  Ақтөбе  жәрмеңкелері  ашыл-

ды.  1874  ж.  орыс  тауарларынан  14 

мың сомдық, жергілікті тауардан 50 

мың  сомдық  зат  сатылды.  Ішкі  Ре-

сейден  Қазақстанға  теміржол  салу 

жөніндегі  қадам  ХІХ  ғ.  -  дың  70 

ж.нан  басталды.  1874-1876  ж.  Орын-

бор темір жолы (Самара – Орынбор) 

салынып, ол Торғай обл. мен Орын-

борды Орталық Ресеймен жалғасты-

рды. 1901-1905 ж. салынған Орынбор 

–  Ташкент  темір  жолы  Орынбор  гу-

берниясының, Торғай обл.-ның және 

Орал  обл.-ның  Темір  у.-нің  аумағы 

арқылы  өтті.  «Сібір  темір  жолының 

Ерекше комитеті» құрылғаннан кей-

ін (1892 ж.) қоныс аудару қозғалысы-

ның  жаңа  кезеңі  басталды.  Торғай 

обл.-на  1898  ж.  –  232,  1899  ж.  –  731, 

ал 1900 ж. – 744 отбасы қоныстанды. 

1891 ж. 15 наурызда «Ақмола, Семей, 

Жетісу, Орал және Торғай обл.-тарын 

басқару туралы ереже» қабылданды. 

Бұл ереже бойынша бұрынғы Орын-

бор және Батыс Сібір генерал-губер-

наторлығының  орнына  орталығы 

Омбы  болған  Дала  генерал-губерна-

торлығы  құрылды.  Оның  құрамына 

Ақмола, Семей, Орал, Жетісумен қа-

тар Торғай обл. да енді. ХХ ғ. - дың ба-

сында Торғай обл.-н әскери губерна-

тор  басқарып,  Ресей  империясының 

орталық мекемелеріне бағынды. Осы 

кезеңде  бүкіл  елдегі  сияқты  обл.-та 

ереуілдер  өрістеді.  1915  ж.  шілдеде 

Шоқпаркөл тас көмір кенінде ереуіл 

өтті.  Он  алтыншы  ж.  ұлт-азаттық 

көтерілісі  де  Торғай,  Ырғыз,  Ақтө-

бе, Қостанай у.-дерінде кең етек алды. 

Көтеріліске  А.Иманов  басшылық 

етті. Оған Сырдария, Ақмола, Семей 

обл.-тарының  көтерілісшілері  де  қо-

сылды. 1916 ж. қазан айының аяғында 

олардың  саны  50  мың  адамға  жетті. 

1878  ж.  обл.-та  3  мектеп  (Торғайда, 

Ырғызда, Тройцкіде) болды, мұнда 96 

бала оқыды. 1879 ж. Ырғыз қ.-нда екі 

сыныптық  халық  училищесі  ашыл-

ды. ХХ ғ. - дың басында жекеменшік 

емдеу орындарын қосқанда обл.-та 20 

емдеу мекемесі болды. 1917 ж. Торғай 

обл.  губ.  аталды  да,  мұнда  кеңестік 

әкімшілік орнады. 



Торғай,  Орал,  Ақмола,  Жетісу 

облыстары  өкілдерінің  жиналысы 

–  Орынборда  1916  ж.  тамызында  25 

маусымдағы  патша  жарлығына  бай-

ланысты  қазақ  зиялыларының  көзқа-

расын айқындауға арналған жиналыс. 

Жиналысқа Ә. Бөкейхан төрағалық, О. 

Алмасов және М. Дулатов хатшылық 

еткен. Қазақтан майдан жұмыстарына 

адам алу мәселесі талқыланып, оның 

халықты  қатты  қобалжытқанын,  өй-

ткені  мұндай  жағдайдың  бұрын  бол-

мағанын қазақ жерінің әр түкпірлерін-

де патша жарлығына байланысты асы-

ра сілтеушіліктердің болып жатқаны, 

ел  ішіне  казак  отрядтарының  келуі 

халықты  үрейге  салғаны  айтылып,  

18 баптан тұратын қаулы қабылдана-

ды.  Қаулыда  майдан  жұмыстарына 

шақыруды солтүстік у.-дері үшін 1917 

ж. 1 қаңтарына, оңтүстік уездері үшін 

1917 ж. 15 наурызына дейін қалдыру, 

майданға шақырылатын 19 бен 31 жас 

аралығындағы жастардың үштен бірін 

ғана шақыру, медреседе оқитындарды 

шақырмау, т.б. талаптар қамтылды.

Торғай,  Орал,  Ақмола,  Семей 

және  Жетісу  облыстары  қазақта-

рының кеңесі  қазақтан тыл жұмы-

старына адам алуға байланысты 1916 



Алаш қозғалысы

396


ж. 8 тамызында өткізілген кеңес. Кеңес 

Алаш  көсемі  Ә.Бөкейханның  төраға-

лығымен  өткен.  Кеңеске  Алаш  қай-

раткерлері М.Дулатов және О.Алмасов 

хатшылық  еткен.  Кеңес  төрағасы  Ә. 

Бөкейхан  және  тағы  да  басқа  қаты-

сушылар  қазақтан  тыл  жұмыстарына 

адам алу мәселесін талқылаған. Кеңес 

барысында 18 тармақтан тұратын қау-

лы  қабылданған.  Қаулыда  тылға  жұ-

мысшы  алуды  солтүстік  у.-дері  үшін 

1917 ж. 1 қаңтарына дейін, ал оңтүстік 

уездер үшін осы ж. 15 наурызына дей-

ін  қалдыра  тұру,  отбасында  міндетті 

түрде бір жұмысшы қалдыру, мүмкін-

дігінше  тұрғылықты  жері  бойынша 

мемлекетті қорғау жұмысына қалдыра 

тұру,  әрбір  ауылда  бір  молда  қалды-

ру  және  т.б.  мәселелер  айқындалған. 

Бұл  Кеңес  қазақ  зиялыларының  ұлт 

мүддесі үшін біріге алатындығын көр-

сеткен  және  сондай-ақ,  қазақ  жерінің 

барлық  обл.-тары  өкілдері  бас  қосқан 

алғашқы жиналыс болды.



Торғай  һәм  Ырғыз  уезі  халқы-

на үндеу – «Қазақ» газетінде 1916 ж. 

желтоқсанында А.Байтұрсынұлы, М.

Дулатов, С.Қадырбаев және М.Тұнға-

шин атынан жарияланған үндеу. Бұл 

үндеуде  тыл  жұмысына  адам  алу 

туралы  1916  ж.  25  маусымдағы  пат-

ша  жарлығына  қарсылық  көрсетпеу 

жөнінде  айтылған.  Патша  жарлығы-

на  қарсылық  көрсету  жазалаушы 

отрядтың  шығуына  алып  келетін-

дігін,  оның  өз  кезегінде  халықты 

күйзеліске  түсіріп,  адам  шығынына 

ұшырататындығын  түсіндіру  басты 

мақсат  етіліп  қойылған.  Басқа  уез-

дерден  тыл  жұмысына  алынғандар-

дың майданда есендікте қызмет етіп 

жатқандығы да келтірілген.

Төлебаев  Мырзахан  (т.ж.б.  – 

ө.ж.б.)  –  Алаш  қозғалысының  қай-

раткері.  1916  ж.  патша  жарлығымен 

тыл  жұмысына  алынған  Жетісудың 

қазақ  жігіттерін  майданға  бастап 

барып,  тілмаштық  қызмет  атқарған 

деген  дерек  бар.  Ағартушылық-де-

мократиялық  бағыт  ұстанған  қазақ 

жастарының «Еркін дала» қауымына 

мүше  болады.  1917  ж.  21-26  шілдеде 

Орынборда  өткен  Жалпықазақ  си-

езіне  Жетісудан  делегат  болып  қа-

тысады.  Осы  жиында  Бүкілресейлік 

құрылтай  жиналысының  депутат-

тығына кандидат болып ұсынылады. 

1918 ж. 26 наурызда Верныйда өткен 

Жетісу  мұсылман  солдаттары,  жұ-

мысшыларының жиналысында боль-

шевиктер  тұтқынындағы  жергілікті 

Алашорда қайраткерлері О.Әлжанов, 

Ы.Жайнақов,  С.Сабатаевты  сотқа 

дейін  обл.-тық  мұсылман  ұйымда-

рының  кепілдігімен  босату  жөнінде 

ұсыныс қояды. Алашорданың Қапал 

уездік  кеңесіне  мүше  болып  жүрген 

кезінде  жергілікті  Алаш  милиция-

сын жасақтауға белсене атсалысады. 

1918-1920  ж.  Азамат  соғысынан  ти-

тықтаған  қазақтарға  көмек  көрсету 

үшін  Қапал  комитетін  құрады.  1919 

ж.  27  ақпанда  «большевиктермен 

байланысы бар» деген желеумен Кол-

чак үкіметі тұтқынға алады. Елі үшін 

туған  ердің  тағдырына  алаңдаған 

М.Тынышбаев  араша  түсіп,  Колчак 

үкіметінің  басшыларына  хат  жол-

дап, оны босатуды талап етеді. Кей-

ін түрмеден босатылып, елге келеді. 

1913  ж.  Верный  қ.-нда  Романовтар 

әулетінің 300 жылдығына орай Жеті-

су  обл.-ның  ауылшаруашылық  көр-

месінде жергілікті қазақтардың салт-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

397


дәстүрін,  тұрмыс-тіршілігін  бей-

нелейтін  (фотограф  Лейбин)  бөлім 

ұйымдастырған, көрме туралы фото-

альбом  құрастырған  (ол  әліге  дейін 

сақтаулы). Қайраткердің кейінгі тағ-

дыры туралы дерек кездеспейді. 



Төреқұлов  Нәзір    1892  ж.  Түр-

кістан  маңындағы  Қандоз  деген 

жерде  туылған.  –  1937  ж.  көрнек-

ті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері, 

елші, ғалым. 1900-1903 ж. Қоқандағы 

медреседе,  1903-1905  ж.  осындағы 

орыс-түзем  школында,  1905-1913  ж. 

Қоқан  коммерция  училищесінде, 

1913-1916  ж.  Мәскеу  коммерция  ин-

ститутының экономика факультетін-

де  оқыған.  1916  ж.  Минскіде  Батыс 

майданындағы  «Земсоюзда»  нұсқа-

ушы  болған.  Сол  ж.  «Еркін  дала» 

атты  жасырын  ұйым  құрған.  1917 

ж.  Орынборда  өткен  І  Жалпықазақ 

сиезіне  қатынасқан.  Сол  ж.  бүкілре-

сейлік «Земсоюздың» Торғай обл.-н-

дағы  нұсқаушысы,  1918  ж.  «Қазақ 

мұңы»  газетінің  редакторы  (Орын-

бор), Қоқан совдепі ревкомының хат-

шысы, «Халық сөзі» газетінің редак-

торы  (Қоқан),  1918-1919  ж.  Ферғана 

обл.-тық  ревкомының  төраға  орын-

басары,  төрағасы,  халық  ағарту  ко-

миссары, осы ж. Түркістан ОАК мү-

шесі,  1920  ж.  Түркістанның  халық 

ағарту комиссары, «Вестник просве-

щения  и  коммунистической  культу-

ры»  журналының  редакторы,  1920-

1922 ж. Түркістан ОАК төрағасы, сол 

шақтағы барша сиездерге қатысушы, 

1922  ж.  КСРО  халықтары  орталық 

баспасы  басқармасының  төрағасы 

(Мәскеу),  1923  ж.  осында  «Темірқа-

зық»  журналының  редакторы  қыз-

меттерін  атқарады.  1924  ж.  Орын-

борда  өткен  Қазақ  білімпаздарының 

бірінші  сиезіне  қатынасады.  1922  ж. 

жаңа  түрік  әліпбиін  енгізу  комисси-

ясының  төрағасы  болып  сайланады. 

1926  ж.  Бакуде  түріктанушылардың 

сиезіне қатысып, латын қарпі туралы 

сөз сөйлейді. 1928 ж. Орталық жаңа 

түрік әліпбиін енгізу комиссиясының 

құрамына енеді. 1928 ж. Сауд Араби-

ясындағы  КСРО-ның  бас  консулы, 

КСРО-ның осы елдегі төтенше елшісі 

және өкілетті министрі болып тағай-

ындалады.  1936-1937  ж.  Москва  мен 

Ленинградта Шығыс халықтары ин-

ститутының ғылыми қызметкері, оқу 

ісі жөніндегі проректоры. Қайраткер 

ғалым ретінде отандық тіл білімі са-

ласына үлкен үлес қосты. Оның «Жат 

сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», 

«Қазақ-қырғыз  үшін  жаңа  әліпби» 

сынды еңбектері мен өзге де мақала-

ларында емле, әліпби, терминология 

жүйесі  ғылыми  негізде  талданып 

отырады.  Сондай-ақ  қаламгердің 

әдебиет  туралы  пікірлері  де  ерекше. 

Ол  С.Сейфуллиннің  «Асау  тұлпар», 

«Бақыт  жолына»  атты  шығармала-

рына,  өзбек  қаламгері  А.Қадыридің 

еңбектеріне  сын  жазды.  Өзбектің 

«Инқилоб»  атты  журналына  жазған 

ислам  діні,  жәдитшілдік,  Түркістан 

тарихы  туралы  мақалалары  ғылыми 

нақтылығымен көзге түседі. Қайрат-

кер 1937 ж. 15 шілдеде ұсталып, 3 қа-

рашада атылды.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет