Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет54/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69

  «Таныстыру»  поэмасы    Алаш 

қаламгері  С.Торайғыровтың  шығар-

масы. 1917 ж. соңы және 1918 ж. ба-

сында  Абай  елі  Шыңғыстауда  жа-



Алаш қозғалысы

384


зылған бұл поэмасы алғаш рет 1933 ж. 

жарық көрді. Бұл поэманың кейіпкер-

лері  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов,  Ә.Ермеков,  Х.Ғаббасов, 

М.Боштайұлы,  Ж.Ақпаев,  Н.Құл-

жанов,  Н.Құлжанова,  Б.Сәрсенов, 

Р.Мәрсеков, С.Сабатаев, Ә.Молдабаев 

сияқты  Алаш  қайраткерлері.  Поэма 

авторы  олардың  әрқайсысының  қай-

раткерлік  және  тұлғалық  мінез  пор-

треттерін  береді.  «Таныстыру»  поэ-

масы  –  Алаш  қозғалысы  және  оның 

қайраткерлері  туралы  жазылған 

тұңғыш көлемді туынды. 



«Таң»    20  ж.  Алаш  бағытында 

шыққан  басылым.  Ресми  бағдары 

-  Семей  губкомы  мен  атқару  коми-

тетінің саяси, шаруашылық, мәдени, 

әдеби журналы. Семей қ.-нда 1925 ж. 

орта  кезіне  дейін  ай  сайын  шығып 

тұрды. Редакторы - М. Әуезұлы. Жур-

нал  ел  тіршілігіне  тұрмыс-салтына, 

саяси, шаруашылық, мәдениет  мәсе-

лелеріне көбірек көңіл бөлді. Хат-ха-

бар,  мақала,  өлең,  әнгіме,  очерк,  т.б. 

көркем әдеби және өнер шығармала-

рын жариялады. 

 «Тар жол, тайғақ кешу» романы 

 С.Сейфуллиннің 1927 ж. жарық көр-

ген  мемуарлық  романы.  Романның 

«Қазақ  қозғалысы»  атты  тарауында 

Алаш қозғалысының барысы әңгіме-

ленеді.  Романда  Алаш  қозғалысына 

большевиктік  принциптер  тұрғы-

сынан солақай баға берілген. 



«Тарих толқынында»  Н.Назар-

баевтың  кітабы.  1999  ж.  «Атамұра» 

баспасынан  жарық  көрген,  көлемі 

12,9  б.т.  Қазақ  тарихына  арналған 

бұл  еңбектің  «Алаш  мұрасы  және 

осы заман» атты бөлігінде автор ХХ 

ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалысы 

болған  Алаш  қозғалысының  бастау 

көздеріне, сол дәуірдегі тарихи-әлеу-

меттік, саяси жағдайға, «Айқап» жур-

налының,  «Қазақ»  газетінің  ұлтты 

оятудағы  рөліне,  1916  ж.  көтеріліске 

тоқталған.  Еңбекте  Алаш  партиясы-

ның  құрылуы,  оның  бағдарламасы 

жөнінде  ойлар  айтылады.  Алаш  зи-

ялыларының  азаттық  үшін  күресі 

мен  тәуелсіз  мұраттары  арасындағы 

сабақтастық сараланған. 



«Тарихи  жыл»  мақаласы  –              

М.Дулатовтың «Қазақ» газетінің 1917 

ж.  8  қаңтарында  жарияланған  мақа-

ласы. Автор: «Қазақ халқының өткен 

дәуіріне айналып қарасақ, түрлі тари-

хи оқиғалар, өзгерістер бастан кешір-

генін көреміз. Қазақ, қалмақтың жа-

уласқан заманы. Ақтабан шұбырын-

ды. Россияға бағынған шағымыз. Ке-

несары  заманы.  Қоқан  заманы.  1868 

ж. жаңа законның шығуы» дей келе, 

қазақ үшін 1916 ж. да осындай тари-

хи жыл болғанын сөз етеді. Мақалада 

осы ж. оқиғалары, оның ішінде пат-

шаның  25  маусымдағы  жарлығына 

байланысты  қалыптасқан  жағдай, 

әсіресе,  Жетісудағы  оқиғалар  баян-

далған.  Мақала  соңында:  «Бұрын 

«оқы,  біл!»  деген  сөздер  құрғақ  на-

сихат болып желге кетуші еді. Қазақ 

баласы,  енді  оянбасаң,  мәңгіге  шей-

ін ұйқың ашылмай, қараңғыда, құл-

дықта, тістегеннің аузында, ұстаған-

ның қолында кеткенің» деп халықты 

оянуға шақырады. 

Тасымбеков  Армиял    1930  ж. 

саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  ту-

ралы  сериялық  зерттеу  мақалалар 

жазған  көсемсөзші.  1953  ж.  Жар-

кент  ауданында  дүниеге  келіп,  1999 

ж.  Алматыда  қайтыс  болған.  Көбі-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

385


не  газет-журналдар  мен  теледидар-

да  жұмыс  істеген.  Өмірінің  соңғы 

ж.  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 

университетінде де қызмет атқарды. 

Баспасөзде  адам  тағдыры  мен  өнер 

әлемі туралы эссе, мақалалар жазып 

тұрды. «Жазығы не еді апалардың?» 

атты  мақалалар  топтамасы  Алматы-

дағы  жастардың  «Өркен»  газетінде 

жарық  көрді.  Осының  негізінде  де-

ректі фильм де түсірді. 1994 ж. «Жа-

лын» баспасынан «Жан дауысы: АЛ-

ЖИР архипелагі» атты кітабы жари-

яланды.


Тәбәрікұлы  Сейітмұхамет    та-

рихшы,  ғалым-зоотехник.  Ол  Семей 

обл.  Қайнар  а.  дүниеге  келген.  Ұзақ 

ж.  Абай,  Ақсуат,  Аягөз,  Шұбартау 

аудандарында  басшылық  қызмет-

тер  атқарған.  Ардақты  Алаш  ары-

сы,  қажырлы  қайраткер  М.Тұрған-

байұлының  өмірі  мен  қызмет  жолы, 

шығармашылық  мұрасы  жөнінде 

1999  ж.  «Мәннан  Тұрғанбаев»  де-

ген  кітабы  шықты.  Бұл  кітабы  қай-

та  өңделіп,  толықтырылып,  2002  ж. 

«Қайран,  Мәннан»  деген  атпен  жа-

рық көрді. Бұл кітапта М.Тұрғанбай-

ұлының өмірі мен шығармашылығы 

жөніндегі  құнды  деректермен  бірге 

Ш.Құдайбердіұлы,  М.  Әуезов  т.б. 

тұлғалардың  Алашқа  қатысы  нақты 

мәліметтермен  берілген,  сондай-ақ 

қозғалысқа байланысты беймәлім де-

ректер келтірілген. Т. «Жанақ ақын», 

«Замана  ағысы»  деген  еңбектердің 

авторы.

Тәж-Мұрат Мақсат Әнесұлы (қа-

раша, 1959 ж. Атырау обл. Қосшағыл 

п.) – орта мектепті бітірген соң мұнай 

кәсіпшілігінде  жұмыс  істеп,  1978-

1983 ж. аралығында ҚазМУ-дің жур-

налистика  факультетінде  оқыды. 

1983-1990 ж. аралығында «Білім және 

еңбек»  журналында  әдеби  қызмет-

кер, «Социалистік Қазақстан» газетін-

де тілші, «Горизонт»-«Өркен» газетін-

де редактордың орынбасары, «Жалын» 

журналының жауапты секретары, Қа-

зақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық 

ақпарат  құралдары  секторының  мең-

герушісі  болып  істеді.  1990-1999  ж. 

ҚазМУ-дің  филология  факультетінде 

аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 

1994 ж. «Ғұмар Қараштың ақындығы» 

дейтін тақырыпта диссертация қорғап, 

филология ғылымдарының кандидаты 

ғылыми дәрежесін алды. 1999-2002 ж. 

ҚазМУ  докторантурасында  оқыды. 

2002-2006  ж.  шығармашылық  қыз-

метте.  2006-2007  ж.  «Қазақ  әдебиеті» 

газеті  бас  редакторының  орынбаса-

ры,  2007-2009  ж.  «Ана  тілі»  газетінің 

бас  редакторы.  2009  ж.  Астана  қ.-на 

ауысып, 2013 ж. дейін «Астана» жур-

налының бас редакторы болып істеді. 

2013 ж. қаңтардан Алматыдағы Қазақ 

ғылыми-зерттеу  мәдениет  институ-

тының  бас  директоры.  Төрт  кітабы 

жарық  көрген:  «Шәңгерей:  жасампаз-

дық өмірі» (1998), «Батыс Алаш-Орда: 

биобиблиографиялық  сөздік  тәжіри-

бесі»  (2003),  «Ғұмар  Қараш:  өмірі 

мен  шығармашылығы»  (монография, 

2005),  «Кәбиса  жыл:  зерттеу,  эссе, 

әдеби толғамдар» (2009). Мерзімді ба-

сылымдар  бетінде  жарияланған  жүз-

ге тарта мақаланың авторы. Негізінен 

эссе  жанрында  еңбек  етеді,  ғылы-

ми-қаламгерлік ізденіс бағыты – қазақ 

тарихына альтернативтік көзқарас; ХХ 

ғ. басындағы жәдидия жаңару қозғалы-

сы және қазақ әдеби үдерісі; Қазақстан-

ның мәдениет саясаты. 


Алаш қозғалысы

386


«Тәржіман» – көрнекті жәдитшіл 

И.Гаспаралы  ашып,  тұрақты  шыға-

рып  отырған  газеті.  Алғашқы  саны 

«Тілде,  пікірде,  істе  –  бірлік»  деген 

ұранмен 1883 ж. 10 сәуірде Бақшаса-

рай қ.-нда шықты. Бұл – ХІХ ғ. - да 

патшалық  Ресейдегі  20  миллион-

дық түрік-мұсылман жұртының бір-

ден-бір тұңғыш газеті еді. Сондықтан 

оны  «түрік  халықтарын  оятқан, 

ағартқан  басылым»  деуге  толық  не-

гіз бар. Газет пен оның шығарушысы 

еркіндік пен білімге ұмтылған түркі 

халықтарының  көшбастаушысына 

айналды. «Тәржіман» басылымының 

мақсаты  түркі  халықтарын  азаттық 

күресте  бірлікке  және  оларды  ортақ 

әдеби тілге көшуге үндеді. Сонымен 

қатар  Орталық  Азия  халықтарының 

сауатын  ашуға,  мысалы,  қазақтар-

дың отырықшылдыққа көшуіне атса-

лысты.  Уақыт  өте  келе  осы  газеттің 

жанынан  журналдар  да,  кітаптар  да 

шықты.  Газет  қаржы  тапшылығына 

байланысты 1914 ж. жабылды.

Тәтиұлы  Ораз  (1856,  бұрынғы 

Торғай  обл.  Ырғыз  у.  Қабырға  б.  - 

1917) – би, болыс, Алаш қозғалысына 

қатысушы. ХІХ ғ. - дың 80-90 ж. екі 

дүркін Қабырға өңірінде болыстыққа 

сайланған.  Бірінші  жалпықазақ  си-

езінде елдегі алауыздықты жою және 

отарлау саясатына қарсы жұмылу қа-

жеттігін ұсынған. Осы сиезде Мәске-

уде  өткен  Бүкілресейлік  мұсылман-

дар сиезіне делегат болып сайланған. 

Тәтібаев  Қазмұхамед  (1885  ж.т., 

Орал  обл.  Ілбішін  у.  Өріктікөл  б.  6 

а – 1962) Б.А-О қайраткері, қазақтың 

алғашқы арнайы білімді мамандары-

ның бірі. Әкесі Мұқан Гурьев – Орал 

аралығында  түйемен  кіре  тартып, 

балық  тасыған.  Т.  Өріктікөлдегі  екі 

кластық  болыстық  орыс-қазақ  мек-

тебін (1902 ж.), Електегі үш кластық 

қалалық  орыс-қазақ  училищесін 

(1905 ж.) бітірді. Училищеден «баста-

уыш  училище  мұғалімі»  атағымен 

шығып, Орал обл.-нда ауылдық, бо-

лыстық мектептерде және Түркістан 

өлкесіндегі  орыс-түзем  мектептерін-

де мұғалім болды (1905-1916.). 1916 ж. 

бұратана  халықтан  тыл  жұмысына 

адам  алу  басталған  кезде  Ташкент 

әскери  училищесі  жанындағы  пра-

порщиктер  мектебіне  түсті.  1917  ж. 

ақпанда мектепті бітірген соң Парсы 

майданына,  9  Түркістан  бригадасы-

ның  қарамағына  қызметке  жіберіл-

ді.  Онда  1917  ж.  қазан  айына  дей-

ін  3  полк  жанындағы  Әскери  көлік 

бөлімінің  бастығы  болды.  Сол  ж. 

қараша  айында  денсаулығына  бай-

ланысты  демалыс  алып,  елге  келді. 

Жолда  Темір  у.-не  қарасты  Жұрын 

стансасында  Ойылда  жиналыс  өт-

кізіп  келе  жатқан  Ж.Досмұхамедо-

впен  кездесті.  Оның  Жайық  сырты 

қазақтарының  милициясына  жұ-

мысқа  шақырған  ұсынысын  қабыл-

дап, әскери бөліміне қайтпай қалды. 

1918 ж. басында Ж.Досмұхамедовтің 

тапсырмасымен  Жымпитыға  қа-

ру-жарақ жеткізді. 1918 ж. Қаратөбе-

дегі  III  Қазақ  Орал  сиезіне,  1918  ж. 

мамырдағы  IV  Қазақ  Орал  обл.-тық 

сиезіне Өріктікөл болысынан делегат 

болып  қатысты.  Ойыл  уәлаятының 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

387


Халық  милициясын  құру  жөнінде-

гі  қарарға  орай  соңғы  сиезде  уәлаят 

қарулы  күштерін  құру  міндеті  жүк-

телді. Б.А-О. Полктерін жасақтау, юн-

керлік  мектептер  ашу  ісінің  басында 

тұрды. Кейінірек Ж. және Х.Досмұха-

медовтермен Орал Войско үкіметімен 

арадағы  қарым-қатынас  мәселесінде 

туындаған  пікір  алшақтығына  бай-

ланысты  ауылға  қайтып,  Өріктікөл 

болыстық мектебінде меңгеруші бол-

ды (1918, шілде - 1919, ақпан). Қызыл 

Армия  Орал  қ.-сын  алғаннан  кейін 

қалаға  келіп,  обл.-тық  халық  ағарту 

бөліміне  инспектор  болып  жұмысқа 

кірді.  М.-Х.  Мырзағалиев,  Ә.Әлімбе-

ковтермен бірге Компартия қатарына 

енуге  өтініш  берді.  Чапаев  Дивизия-

сы Колчак майданына жіберілген соң 

казак  әскері  бел  ала  бастаған  шақта 

партия  ұясына  өзінің  коммунист  бо-

луға әзір болған еместігін мәлімдеді. 

Сол  үшін  ұя  мүшелері  тарапынан 

«жанаяр,  еңбекші  халықтың  жауы» 

деген  айып  тағылып,  осы  жөніндегі 

қаулы  большевиктік  «Яицкая  прав-

да»  газетінде  жарияланды.  1919  ж. 

сәуір айында Кеңес өкіметі Мәскеуде 

А.Байтұрсыновпен  арадағы  келіссөз 

нәтижесінде Б.А. О. мен байланыс жа-

сау жөнінде шешім қабылдап, осыған 

орай  Жайық  облревкомына  жіберіл-

ген  В.И.  Ленин  жеделхатына  орай 

қабылдаған  Жайық  (Орал)  обл.-тық 

революциялық комитетінің Ұлт істері 

жөніндегі  коллегиясы  шешімімен 

Жайық облревкомы председателі И.И. 

Ульяновтың атынан Б. А. О. Үкіметіне 

баратын  делегат  (парламенттер)  бо-

лып белгіленді. Оған казак әскерінің 

қолына  түсіп  қалмау  үшін  майдан 

шебінен жасырын өту, жанына қызыл 

әскер  қатарынан  сенімді  қосшы  ерту 

тапсырылды. Сәуірдің орта шенінде Т. 

майдан шебінен аман-есен өтіп Жым-

питыға  келді,  Ж.Досмұхамедұлына 

В.И.Лениннің  жеделхаты  және  орал-

дық большевиктердің хаты салынған 

№1525 пакетті тапсырды. Қызыл Ар-

мияның  шегінуіне  байланысты  Ж.

Досмұхамедұлы  жауап  беруді  кідір-

те  тұратыны  белгілі  болған  соң  еріп 

келген қызыләскер М.Сапаровты кері 

қайтарып,  өзі  Жымпитыда  қалды. 

Сол ж. жаз бойы земство ұйымдарына 

жұмыс  істеп,  облыстық,  земстволық 

гласный  (сайлаушы)  болды.  Больше-

виктік  Оралдан  казактардың  қамауы 

алынып, жеңіс Қызыл армия жағына 

ойысқан  шілденің  басында  Оралға 

келген  жерінде  чекистер  тарапынан 

тұтқындалды.  Кеңес  басшылығы-

ның  1919  ж.  қарашадағы  кешіріміне 

ілініп,  Кеңес  өкіметіне  адал  қызмет 

ететіні  жөніндегі  уәдемен  сол  ж.  11 

желтоқсанда  босатылды.  Ақтөбеде 

өткен қазақ большевиктерінің өлкелік 

конференциясына қатысты (1919, жел-

тоқсан).  Конференция  алдында  Түр-

кістан майданы РӘК-інің өкілі Лежа-

ва-Мюраттың  кепілдемесімен,  Орал 

қ.-лық партия ұйымына кандидаттық 

мерзімнен  өтпей-ақ  РК(б)П  мүшелі-

гіне  қабылданды.  Конференциядан 

соң Қазақ өлкелік әскери комиссариа-

тында Саяси басқарма меңгерушісінің 

көмекшісі  (1920,  ақпан).  Бұдан  кейін 

елге оралып,  Жымпиты уездік атқа-

ру  комитеті  төрғасының  орынбаса-

ры  болып  істеді.  1920  ж.  тамыздан 

юстиция органдарында: Орал губер-

ниялық  ревтрибунал  мүшесі  (1920, 

тамыз  –  1921,  маусым),  ревтрибунал 

және губерниялық сот мүшесі (1921, 



Алаш қозғалысы

388


шілде  –  1922,  сәуір).  1922  ж.  өткен 

ІІ  РК(б)П  Бүкілқазақ  конференция-

сының  делегаты.  1921-1922  ж.  қазақ 

жігіттерінен  құралған  эскадронға 

басшылық етіп, Сапожников бүлігін 

басуға қатысты, чекистердің Кнопка 

басқарған  бронды  отрядымен,  Ялов 

бастаған эскадронмен бірге Сарафан-

кин жасағының Тополевкаға (Топай-

лы),  Киселев  отрядының  Бударинге, 

Серов  жасағының  Жымпитыға  ша-

буылын  тойтаруға  қатысты.  1922  ж. 

сәуірден  1923  ж.  желтоқсанға  дейін 

Орал  губерниялық  соты  төрағасы-

ның  орынбасары,  төрағасы  (1923, 

желтоқсан – 1925, қаңтар), Сырдария 

губерниялық сотының мүшесі (1925, 

маусым  –  1925,  қараша),  Сырдария 

губерниялық  бақылау  комиссиясы-

ның төралқа мүшесі (1925, қараша – 

1926,  сәуір),  Сырдария  губерниялық 

сотының төрағасы (1926, сәуір – 1927, 

мамыр),  Қазақ  Юстиция  Халық  Ко-

миссариаты  Мемлекеттік  нотариаты 

қосалқы бөлімінің меңгерушісі (1927, 

мамыр – 1927, қараша), 1928 ж. БК(б)

П  Қазақ  өлкелік  комитетінде  нұсқа-

ушы. Одан әрі БК(б)П Өлкелік коми-

тетінің өкімімен бұл қызметтен боса-

тылып,  партиядан  шығарылды,  Ха-

лық ағарту комиссариаты саласында 

жұмыс істеу үшін Орынбор қ.-на жі-

берілді.  30  ж.  сталиндік  қуғын-сүр-

гін  зардабын  шегіп,  ұзақ  жыл  айда-

уда болды. Кейінгі ж. Орал обл.-нда, 

туған ауылында тұрды. 



Театр өнері – қандай ұлттың бол-

масын  мәдени  деңгейін  көрсететін 

факторлардың  бірі.  Бұл  жолда  да 

Алаш  зиялылары  «тұңғыш  деген» 

атаққа  ие.  Айталық,  Б.Серкебаев, 

М.Әуезов,  Ж.Аймауытов  қазақтың 

алғашқы  драмалық  шығармаларын 

жазса,  М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебегі» 

тұңғыш театрлық қойылым болғаны 

белгілі. Ал, Қ.Кемеңгерұлының «Ал-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

389


тын сақина» пьесасымен мемлекеттік 

ұлт  театры  тұңғыш  шымылдығын 

ашқан болатын. Жалпы өз заманын-

да  Алаш  өкілдері  ұлт  мәдениетін, 

өнерін  танытуға,  насихаттауға  қа-

тысты бірқатар тағылымды шаралар 

атқарды.

Темірбеков  Әбжан  (1869)  –  Көк-

шетау  у.-нде  Қазақ  және  Алаш  коми-

теттерін ұйымдастыруға белсене атса-

лысқан.  Көкшетау  уездік  Алаш  коми-

тетінің мүшесі. 

Теміров  Абдолла  (1865  ж.,  Торғай 

обл. – ө.ж.б.) – Алаш қозғалысына қаты-

сушы. 1890 ж. Санкт-Петербург Импе-

раторлық университетінің шығыстану 

факультетін  бітірген.  Студент  кезінде 

қазақ  жастарының  тұңғыш  ұйымы 

–  «Жерлестер»  ұйымын  Б.  Қаратаев, 

Б.  Сыртанов,  Б.  Құлманов,  М.  Серда-

линдермен бірге құрып, қоғамдық ша-

раларға  қатысқан.  ХХ  ғ.  басында  То-

былда және т.б. жерлерде сот қызметін 

атқарған. Бірінші жалпықазақ сиезінде 

Торғай  облысынан  «Алаш»  партиясы 

атынан  Құрылтай  жиналысына  депу-

таттыққа ұсынылған. 

«Теңдік»  серіктестігі  –  Семей-

де  1917-1918  ж.  «Сарыарқа»  газетіне 

құрылтайшы,  демеуші  болған  серік-

тестік.  Бұл  кезде  серіктік  қаржысы 

қайырымды  байлардың,  ұлт  бола-

шағын  ойлаған  оқығандардың,  тіпті 

шәкірттердің  ортаға  салған  ақша-

сынан да құралған. Газеттің ж. баға-

сы – 6 сом, жартыжылдық бағасы – 3 

сом 25 тиын болған.



Тергеусізов  Иса  (1882  ж.  Жетісу 

обл., Верный у., Күрті бол.) – 1892-97 

ж.  Верный  гимназиясында  оқыған. 

Гимназиядан соң Ұзынағашта, Отар-

да  хатшы,  аудармашы  жұмыстарын 

істеген.  1908  ж.  қазанда   Т.  Жетісу 

облысы  Әскери  губер на торының 

бұйрығымен  мем ле кет тік  қызметке 

кеңсе  қызметшісі  болып  тағайында-

лып,  Верный  уездік  басқармасын-

дағы  жазбаша  аудармашылық  мін-

детін  атқарады.  1909  жылғы  сәуірде 

осы  орынға  тұрғылықты  бекітіледі. 

1911-12 ж. Ферғана облысындағы Ән-

діжан  қаласында  іссапарда  болады. 

Ол  Жетісуда  М.  Дулатовтың  «Оян, 

қазақ!» кітабын таратушылардың бірі 


Алаш қозғалысы

390


болған. 1899 жылы Верный қаласын-

да Жетісу облысы әкімшілігінің рұқ-

сатымен  «Ағартушылықты  қорға-

ушылар  қоғамы»  құрылады.  Т.  осы 

қоғам жұмысына белсене араласады. 

Ақпан  төңкерісінен  кейін  Т.  Жетісу-

дағы ұлт-азаттық қозғалыс жұмыста-

рына  қатыса  бастайды.  Екінші  жал-

пықазақ  сиезіне  Жетісу  облысынан 

барып қатысады. 1918 ж. қаңтарда өт-

кен  Жетісу  облыстық  екінші  сиезін-

де  Алашорданың  Жетісу  облыстық 

комитеті  құрылып,  Т.  осы  комитет-

ке мүше болады. Ол 1918 ж. тамызда 

Лепсі  уезінде  Алашорда  жұмыстары 

ұйымдастырады.  1920  ж.  Т.  тағы  да 

басқа алаштықтармен бірге Қытайға 

өтіп, Құлжа қаласында қоныс тебеді. 

1942-43  ж.  шамасында  Қытайдағы 

Гоминдаң  жендеттерінің  қолынан 

қаза  табады,  жұбайы  Махрой,  ұлда-

ры Арыслан,  Батыр және қызы Төле-

умен  бірге  1950  жылдары  Алматыға 

оралды.


Тоғанбаев Қартқожа Жананұлы 

–  қоғам  қайраткері.  (1896  ж.  дүни-

еге  келіп,  1938  ж.  28  ақпанда  Алма-

тыда  қайтыс  болған)  1917-1920  ж. 

Алаш  қозғалысы-

ның 


қайраткері, 

Баянауылда  кеңес 

қызметкері,  рев-

ком мүшесі болды. 

1931-1937  ж.  «Қа-

зақ»  баспасының 

жауапты  редакто-

ры,  Қазақтың  марксизм-ленинизм 

ғылыми-зерттеу  институтының  ау-

дармашысы,  редакторы  қызметтерін 

атқарды.  «Халық  жауы»  деп  айып-

талып,  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны 

болды. 1958 ж. аяқталды. Т. қоғамта-

ну,  геометрия,  физика,  ауылшару-

ашылығын  механикаландыру  және 

электрлендіру  оқулықтарын,  ша-

руашылық  машиналары  жөніндегі 

ғылыми-техникалық 

әдебиеттерді 

аударған.  Т.-ның  өмірі  мен  қызметі 

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» (1926) 

романында суреттелген. 



Тоқтабаев  (Тоқтыбаев)  Кәрім 

досжанұлы  (1890-92,  бұрынғы 

Торғай  обл.  Торғай  у.  Шұбалаң  б.  – 

1936) – Алаш қозғалысының қайрат-

кері. Алашорданың Торғай кеңесінің 

мүшесі. 1909 ж. Орынбордағы Қазақ 

мұғалімдер  мектебін  бітіреді.  1909 

ж. бастап 1912 ж. дейін Тосын болы-

стық  мектебінде  мұғалім.  1912-1919 

ж. Торғай қ.-ндағы медресе жанынан 

ашылған  орыс  сыныптарының  мең-

герушісі  болып  тағайындалады. 

Сонымен  бірге  Торғайдың  жоғары 

бастауыш  мектебінің  математика 

және  физика  пәндерінің  оқытушы-

сы.  Ақпан  төңкерісінен  кейін  1917-

1918  ж.  саяси  күреске  бет  бұрады. 

Алаш қозғалысына араласып, Торғай 

кеңесіне  мүшелікке  алынады.  Кей-

іннен  кеңес  үкіметі  ісіне  араласады. 

1919-1921 ж. Семей губерниялық Ха-

лық  ағарту  бөлімінің  меңгерушісі. 

1921  ж.  Көкшетау  у.-нің  азық-түлік 

комиссары  болып  істейді.  Қазақ  ор-

талық  атқару  комитетінің  Қызыл 

керуен  уәкілі  болады.  1922-1924  ж. 

Қазақ  АКСР  Халық  ағарту  комис-

сарының  орынбасары,  саяси  ағарту 

жұмыстары  бас  басқармасының  ба-

стығы. 1924-1925 ж. Қазақ ОАК Егін 

шаруашылығы Халық комиссариаты 

жерге  орналастыру  бас  басқармасы-

ның меңгерушілігіне көтеріледі. 1925 

ж. Семей губерниялық атқару коми-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

391


тетінің төрағасы болып тағайындала-

ды. 1927 ж. Қазақ ОАК Халық ағарту, 

Егін  шаруашылығы  комиссары  қы-

зметтеріне  тағайындалып,  бұл  мін-

детті 4 жыл атқарады. 1931 ж. бастап 

үш  жыл  КСРО  БРОАК  жанындағы 

Қазақстанның өкілі болып Мәскеу қ.- 

нда тұрады. Алматы обл.-ндағы «Де-

герес»  қосалқы  шаруашылығының 

меңгерушісі болды. Кеңес үкіметі та-

рапынан қуғын-сүргінге түседі. 1933 

ж. қазанда тұтқынға алынады. «Ала-

шордашыл-ұлтшыл»  деген  қылмыс 

тағылып,  1934  ж.  сәуірде  бес  ж.  бас 

бостандығынан  айырылады.  1934  ж. 

мамырда  Воронеж  қ.-на  жер  аудару 

жазасымен  ауыстырылады.  1936  ж. 

айдауда қайтыс болды. 




1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал