Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет53/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69

Алаш қозғалысы

376


Ректорлық  қызметі  кезінде  қамауға 

алынып, 1932 ж. 5 қыркүйекте боса-

тылды.  1932  ж.  жансауғалап  Мәске-

уге  кетуге  мәжбүр  болады.  Екі  ж. 

Мәскеудің өндіріс орындарында, мә-

дени-ағарту  саласында  қарапайым 

қызметтер атқарады. 1937 ж. соңын-

да екінші рет қамауға алынып, саяси 

қуғын-сүргін құрбаны болды.

Сүлейменова  дәметкен  досмұ-

ханқызы    тарих  ғылымдарының 

кандидаты  (2004),  доцент.  1953  ж. 

15  шілдесінде  Батыс  Қазақстан 

обл. Жымпиты ауд. (қазіргі Сырым) 

Алғабас елді мекенінде дүниеге кел-

ген.  1971-1976  ж.  Батыс  Қазақстан-

дағы  А.С.  Пушкин  атындағы  педа-

гогика  институтының  «Тарих  және 

педагогика»  факультетін  аяқтаған. 

1976-1980  ж.  жалпы  білім  беретін 

«Айдархан»  орта  мектебінде,  1980-

1984 ж. М.Өтемісұлы атындағы мек-

тепте  мұғалім  болып  істеген.  1984-

2002  ж.  Ж.Досмұхамедов  атындағы 

колледжде оқытушы және бірлестік 

меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

2004  ж.  тарих  ғылымдарының  кан-

дидаттығын  алу  үшін  «Алашорда-

ның Батыс бөлімінің тарихы» тақы-

рыбында  кандидаттық  диссертация 

қорғады. «Жаһанша елі» (2004) атты 

әдістемелік оқулықтың және 30-дан 

аса  ғылыми  мақалалардың  авто-

ры.  2007  ж.  «Алашорданың  Батыс 

бөлімінің тарихы – өлке тарихының 

құрамдас  бөлігі»  атты  монография-

сы жарыққа шықты. Қазір Орал қ.-н-

дағы  Батыс  Қазақстан  гуманитар-

лық академиясында оқытушы.

Сыдықов  Ерлан  Бәтташұлы 

–1956 ж. 29 ақпанда Семей қ.-нда дүни-

еге  келген.  Алаштанушы-ғалым,  ҚР 

тарихшылардың Ұлттық конгресінің 

төрағасы,  Ұлттық  ғылым  академия-

сының корреспондент-мүшесі, тарих 

ғылымдарының докторы, профессор. 

2011 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еура-

зия ұлттық университетінің ректоры. 

Республикалық «Мәңгілік ел» ғылы-

ми-танымдық  журналының  бас  ре-

дакторы.  1978  ж.  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің  тарих  факультетін 

бітірген. 1978-1980 ж. Семей ет және 

сүт  өнеркәсібі  технологиясы  инсти-

туты  қоғамдық  ғылымдар  кафедра-

сының  ізденуші-зерттеушісі,  асси-

стенті, 1981-1984 ж. Қазақ мемлекет-

тік университетінің аспиранты, 1984-

1996 ж. Семей ет және сүт өнеркәсібі 

технологиясы институтында аға оқы-

тушы, доцент, факультет деканының 

орынбасары,  кафедра  меңгерушісі, 

профессор,  проректор,  1996-1997 

ж.  ҚР  Үкіметі  Аппараты  мемлекет-

тік  қызмет  және  кадрлармен  жұмыс 

бөлімінің консультанты, 1997-2004 ж. 

Семей  мемлекеттік  университетінің 

ректоры,  2004-2008  ж.  Семей  мем-

лекеттік  педагогика  институтының 

ректоры, 2008-2011 ж. Шәкәрім атын-

дағы  Семей  мемлекеттік  универси-

тетінің  ректоры  қызметін  атқарды. 

«Отан  тарихы»  біріккен  диссерта-

циялық  кеңесінің  төрағасы,  Шығыс 

Қазақстан  обл.  мәслихатының  үш 

шақырылымының  депутаты.  Аста-

на  қ.  мәслихатының  5  шақырылым 

депутаты,  ҚР  Ұлттық  кеңесінің  мү-

шесі. Негізгі ғылыми бағыты – Отан 

тарихы,  Алаш  тарихы,  Абайдың 

мәдени-тарихи  ортасының  тарихы, 

шәкәрімтану,  жаңа  Қазақстандағы 

демократия тарихы, еуразиялық идея 

лар тарихы. «Шәкәрім және Алашор-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

377


да»  (2008),  «Алаш  қаласының  та-

рихы» (2010), «Российско-Казахстан-

ские отношения на этапе становления 

тоталитарной  суперэтнической  дер-

жавы»  (2010),  «Шакарим»  (Мәскеу, 

ЖЗЛ,  2012),  «Ученики  Л.Н.  Гумиле-

ва»  (2012),  «Шәкәрім»  (2013)  еңбек-

терінің  авторы  және  «Шәкәрімтану 

мәселелері»:  1-6  том  (бас  редактор, 

2007),  «Шәкәрім  энциклопедиясы» 

(бас  редактор,  2008),  «Гумилев  эн-

циклопедиясы»  (бас  редактор,  2012), 

«Гумилев әлемі», «Тарих толқынын-

дағы  халық»  басылымдары  мен  жи-

нақтарын  ұйымдастырушы.  Семей 

қ.-нда  Шәкәрім  және  Ә.Бөкейхан 

ескерткіштерін  тұрғызуға  ұйытқы 

болып,  «Алаштану»  орталығы  мен, 

«Шәкәрім»  журналының  негізін 

салған. 


Сыздық  Рәбиға  Сәтіғалиқызы 

– 1924 ж. Ақтөбе обл. Ойыл а. туған. 

Тілші  ғалым,  филология  ғылымда-

рының  докторы,  профессор,  ҚР 

ҰҒА-ның академигі, ҚР еңбек сіңір-

ген  ғылым  қайраткері.  Ш.Уәлиханов 

атындағы және ҚР мемлекеттік сый-

лықтарының  лауреаты.  1938-1940  ж. 

Ақтөбе  обл.  Темір  қ.-нда  педагоги-

калық  училищені,  Абай  атындағы 

Қазақ  педагогикалық  институтын 

(қазіргі  Қазақ  ұлттық  педагогика-

лық университетін), осы институтың 

аспирантурасын  бітірген.  1940-1945 

ж.  мектеп  мұғалімі,  педучилищеде 

оқытушы,  «Мектеп»  (қазіргі  «Рау-

ан»)  баспасында  редактор,  редакция 

меңгерушісі, А.Байтұрсынұлы атын-

дағы  Тіл  білімі  институтында  қазақ 

тілі тарихы мен диалектологиясы, тіл 

мәдениеті  бөлімдерінің  меңгерушісі 

қызметтерін атқарған. С. қазақ әдеби 

тілінің  қалыптасуы,  Абай  шығарма-

ларының тілі жөнінде іргелі зерттеу-

лер  жазды.  Оның  А.Байтұрсынұлы-

на арналған еңбектерінде ғалымның 

тілдік мұрасының қазақ тіл білімінің 

қалыптасуындағы  орны  ғылыми  те-

реңдікпен айқындалды. 

Сырдария  көтерілісі  –  осы  өл-

кенің  Әулиеата  у.-нде  болған  халық 

толқуы. Патша өкіметінің 1916 ж. 25 

маусымдағы  жарлығы  бойынша  Әу-

лиеата  у.-нен  тыл  жұмысына  22  675 

адам  алынуға  тиіс  болды.  Әулиеата 

у. Мерке бөлімшесіндегі толқу тамы-

здың бас кезінде басталды, Әулиеата 

у.-ндегі көтерілістің алғашқы кезеңі-

не  Т.Рысқұлов  қатысты.  Т.Рысқұлов 

көтерілісті  алдын  ала  ұйымдасты-

ру,  қарулы  күрес  ошақтарын  өза-

ра  үйлестіру,  орыс  шаруаларымен 

қақтығыстарға  бармау  қажеттігі 

жайлы  ұсыныстар  айтты.  Алайда 

бұл  ұсыныстар  көтерілістің  жетек-

шілерінің  пікірлерімен  үйлеспеді. 

Көтерілісшілер  селоларды  қоршап 

алып, прапорщик Дудко командалық 

ететін  жазалау  тобына  шабуылдар 

жасады.  Бұған  қарсы  1916  ж.  қыр-

күйектің басында қосымша әскер жі-

беріп,  Сырдария  көтерілісі  күшпен 

басып-жанышталды. 



Сырдария облыстық қазақ сиез-

дері. 1917 ж. 2-5 тамызы аралығында 

Сырдария  аймағына  қатысты  Түр-

кістан  аймағы  қазақ-қырғыздары-

ның сиезі өтті. Сиез төрағасы М.Ты-

нышбаев  болды.  Сиезде  көтерілген 

негізгі  мәселелер  –  Ресейдің  қазір-

гі  жағдайы;  жалпы  қазақ  сиезіне 

көзқарас;  Ресейдегі  мемлекет  билеу 

түрі  және  келешектегі  Түркістанды 

басқару  мәселесі;  жер,  су  және  қо-



Алаш қозғалысы

378


ныстанушылар  мәселесі;  азық-түлік, 

мал шаруашылығы және отын мәсе-

лелері; земство; мектеп мәселесі; ха-

лық  соты;  рухани-діни  іс;  баспасөз; 

Бүкілресейлік  Мұсылман  Кеңесі-

не  және  оның  атқару  комитетіне 

көзқарас;  Жетісудағы  қырғыздар-

дың  жағдайы;  «Бірлік  туы»  одағы; 

ІІ Бүкілресейлік ауылшаруашылығы 

санағы; жер комитеттері; әйел мәсе-

лесі;  Құрылтай  жиналысы  туралы; 

ұлттық қазына мәселелері. Сырдария 

обл.-на  қатысты  келесі  сиез  1917  ж. 

8-11  қазан  аралығында  Бүкілресей-

лік  Құрылтай  жиналысына  өз  депу-

таттарын  белгілеу  мақсатымен  өтті. 

Бұл сиезді С.Лапин және Садыққожа 

ишан  ұйымдастырды.  Сырдария  қа-

зақтарының  келесі  сиезі  1918  ж.  6-9 

қаңтары аралығында Түркістан қ.-н-

да  өтті.  Сиезге  Түркістан  у.-нен  20, 

Ақмешіт  у.-нен  15,  Қазалы  у.-нен  8, 

Шымкент у.-нен 10, Әулиеата у.-нен 3, 

Ташкент у.-нен 9, арнап шақырылған-

дардан  14,  Алашордадан  3,  барлығы 

82 өкіл қатысты. Сиезде Қоқан және 

Орынбордағы  сиездер,  Сырдария 

қазақ-қырғыздарының  Алаш  авто-

номиясына  қосылу,  ұлт  милициясы 

Түркістан автономиясының уақытша 

кеңесіне мүшелер сайлау, ұлт қазына-

сы т.б. мәселелер қаралды. Сиезде кө-

терілген үлкен мәселе Алашорда мен 

Түркістан  уақытша  үкіметі  арасын-

дағы қарым-қатынас мәселесі болды. 

Атап  айтқанда,  Сырдария  қазақ-қы-

рғыздарының  Алаш  автономиясына 

қосылу мәселесі. Алаш автономиясы 

атынан  келген  М.Дулатов  бастаған 

өкілдер «алты Алаш баласы» болып 

бірігуіміз  керек  деген  ұсыныс  айт-

ты.  Бұл  мәселе  сиезде  2  күн  қарал-

ды. Соңында 2 жақтың да пікірлерін 

таразылау үшін әр уезден 2 адам ко-

миссия  құрылды.  Осы  комиссияның 

ұйғаруымен  аталған  мәселелер  да-

уысқа  салынды.  Алаш  автономиясы 

мен Түркістанның қосылуын жақтап 

11 дауыс, қосылмауын жақтап 39 да-

уыс  берілді.  Алашорда  үкіметінен 

келген  арнаулы  өкіл  М.Дулатов  мы-

надай  ұсыныстар  айтты:  1.Алаш  ав-

тономиясы  жария  қылынғанша  Сы-

рдария  Түркістан  автономиясында 

тұра  тұрсын;  2.Алаш  автономиясы 

жария қылынуында Сырдария Алаш 

обл.-тарының  бірі  болып  саналсын; 

3.Алаш  астанасы  Түркістан  шаһары 

болсын;  4.Алаш  автономиясы  мен 

Түркістан автономиясы одақ болсын. 

М.Дулатовтың  осы  ұсыныстары  да-

уысқа салынды. Қуаттаушылар – 10, 

қарсы – 38, қалыс қалғандар – 8 адам 

болды.  Екі  жақтың  ұсыныстарын 

және  дауыс  беру  қорытындыларын 

сараптап,  комиссия  мынадай  қоры-

тынды жасады: 1.Сырдария обл. осы 

күні тегіс Түркістан автономиясында 

болғандықтан, әзірге Түркістан авто-

номиясында қалады. 2.Алаш автоно-

миясы  жар  қылынып,  Түркістанмен 

одақ  болса,  Сырдария  қазақ-қырғы-

зы  осы  күннен  бастап  Алаш  авто-

номиясына  қосылады.  3.Сырдария 

қазақ-қырғызы  қосылғанда  Алаш 

астанасы Түркістан шаһары болады. 

4.Сырдария Алашқа қосылғанда Түр-

кістан Құрылтайына сайланған өкіл-

дер «Алашордасының» сайлау жоба-

ларына тура келсе, Алаш Құрылтай-

ына да өкіл болып сайланады. 5.Осы 

сиезде  болған  қаулылар  Түркістан 

Құрылтайына  сайланған  өкілдерге 

наказ  (аманат)  болады.  Сиезде  бұ-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

379


дан соң Ырғыз у.-нен келген өкілдер 

Ырғыз  қазақтары  сиезінің  қаулыла-

рын  айтты.  Сиезде  сондай-ақ  Таш-

кенттен келген большевик өкілі сөй-

леп  Түркістан  автономиясын  боль-

шевиктердің  мойындамайтындығын 

айтты.  Сонымен  бірге  Ташкентте 

болатын крестьян сиезіне кісі сайлау 

сөз  болып,  осы  сиез  атынан  А.Ман-

гелдин,  С.Қожанов  аталған  сиезге 

жіберетін  болды.  Сиездің  қорытын-

дысында Түркістан автономиясының 

уақытша ұлт кеңесіне (үкіметіне) Сы-

рдария  обл.-нан  9  адам  сайланатын 

болды.  Оның  3-еуі  сарттарға  қал-

дырылып,  6-ауын  қазақтан  сайлау 

ұйғарылды.  Түркістанның  уақытша 

ұлт кеңесіне Ақмешіттен – М.Шоқай, 

Әулиеатадан  –  Ғ.Кенесарин,  Шым-

кенттен  –  С.Байсейітов,  Ташкенттен 

–  Ғ.Көтібаров,  Түркістаннан  –  Д.Ал-

тыбаев,  Қазалыдан  –  М.Күзембаев 

сайланды.  Бұл  сиездің  тарихи  мәні 

ұлт-азаттық  қозғалыс  барысындағы 

Алаш  автономиясы  мен  Түркістан 

автономиясы арасындағы нақты бай-

ланыс жайы болды. Қазақ халқының 

азаттығы мен бостандығы үшін күре-

ске түскен екі автономия өкілдері де 

өздерінің тығыз байланысты екендік-

терін танытты. Олардың өзара бірігу 

немесе  бірікпеу  мәселесі  уақыттың 

еншісінде еді. 

Сырдария  облысы  –  Түркістан 

генерал-губернаторлығының  құра-

мында  болған  әкімшілік-аумақтық 

бөлініс.  Ресей  үкіметінің  1867  ж.  11 

шілдедегі «Жетісу және Сырдария об-

л.-тарын  басқару  туралы  ережесіне» 

сәйкес Сырдария обл.-ның құрамына 

Қазалы,  Перовск,  Түркістан,  Шым-

кент,  Әулие-ата,  Ташкент,  Ходжент 

және Жизақ у.-дері кірді. 1886 ж. Ход-

жент  және  Жизақ  у.-дері  Самарқан 

обл.-тары  беріліп,  Сырдария  обл.-на 

Әмудария у.-не қарады. 1886 ж. жері 

403 253 км

2

, тұрғыны 1 219 400 адам 



болды. Обл.-тың негізгі тұрғындары 

қазақ, өзбек, қарақалпақ және қырғы-

здар  еді.  Орыстар  1,7%  болды.  1910 

ж.  Сырдария  обл.  халқының  саны 

2 097 896 адамға жетті, оның 369 271-

і  қ.-ларда  тұрды.  Обл.  тұрғындары, 

негізінен,  егіншілікпен,  мал  ша-

руашылығымен,  бау-бақша  шару-

ашылығымен айналысты.

Сыртанов  Барлыбек  1866  ж. 

бұрынғы Жетісу обл. Қапал у. Арасан 

б.  –  1914  ж.  қоғам  қайраткері.  Әкесі 

Сыртан  халыққа 

беделді 

болған. 


Оған  арнап  Жам-

был  1881  ж.  «Сы-

ртанға»  атты  өлең 

шығарған.  С.  Вер-

ныйдағы  ер  бала-

лар гимназиясында 

орта  білім  алып,  1886  ж.  Санкт-Пе-

тербург университетінің шығыстану 

факультетіне  оқуға  түседі.  Ол  сту-

денттік  шағында  сондағы  жоғары 

оқу орындарында оқып жүрген М.Се-

ралин, Б.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құл-

манов  секілді  қазақ  жастарымен 

бірлесіп,  «Жерлестер»  атты  үйірме 

құруға атсалысты. Бұл үйірме мүше-

лері студент жастарға көмек көрсету-

ді ұйымдастырумен бірге саяси-әле-

уметтік  мәселелерді  қызу  талқыға 

салды.  Университетті  аяқтаған-

нан  кейін  С.  1891-1894  ж.  Ташкент 

қ.-нда  Түркістан  генерал-губерна-

торының  қазыналық  палатасында 

қызмет  етті.  1894  ж.  29  қыркүйек-


Алаш қозғалысы

380


те  Жетісу  әскери  губернаторының 

бұйрығымен обл.-тық басқарманың 

іс  жүргізу  бөлімінің  меңгерушісі 

болып  тағайындалды.  Мұның  ар-

тынша  ерекше  тапсырмалардың 

кіші  шенеунігі  қызметін  атқарды. 

Ол Жетісу обл.-тық басқармасында 

қызмет ете жүріп, Ресей шенеунік-

терінен  жәбір  көрген  қазақ  халқы-

ның  өкілдеріне  көмек  көрсетуді 

өз  борышы  санады.  1903-1907  ж. 

С.  Ресей  мен  Қытай  шекарасының 

межесін  тексеру  ісіне  атсалысты. 

Патша өкіметінің орыс шаруалары-

ның Жетісу өңіріне қоныс аударып, 

жергілікті  халықтың  мал  бағуға, 

егін  егуге  жарамды  жерлерін  тар-

тып  алуына  наразылық  танытты. 

«Айқап» журналында қазақ халқы-

ның  әлеуметтік-саяси  мәселелері-

не  қатысты  мақалалар  жариялады. 

Сол  тұстағы  жергілікті  халықтың 

мұң-мұқтажын  айқындау,  әрі  оны 

шешу  жолдарын  қарастыру  мақса-

тында  жалпықазақ  сиезін  шақыру 

мәселесін  көтерді.  Оның  мұндай 

ұсынысы  С.Лапин,  Р.Мәрсеков, 

Ж.Сейдалин және Б.Қаратаев секіл-

ді қазақ зиялылары тарапынан қол-

дау тапты. 1910-1913 ж. аралығында 

С. өз тарапынан құпия түрде қазақ 

өлкесін  Ресейдің  отары  қатарынан 

шығаруды  көздеген  Жарғы  әзір-

леді. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей 

отары емес, доминионы (достастық 

құрамына енген мемлекет, мысалы, 

Австралия одағы, Жаңа Зеландия – 

Ред.) болу керектігі көрсетілді. 1914 

ж.  26  қазанда  ол  ауыр  науқастан 

қайтыс болды.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

381


Т

«Тағы жалпы қазақ сиезі»  1917 

ж. 24 маусымында «Қазақ» газетінің 

234  санында  жарияланған  редакци-

ялық  мақала.  Мақала  жалпы  қазақ 

сиезін  шақыру  жөніндегі  Орынбор 

кеңесінен  кейін  осы  тақырыпқа  ар-

налып  жазылған.  Мақала:  «Қазаққа 

автономия болуға ма, болмасқа ма?», 

«Жалпы қазақ сиезінде қаралады жер 

мәселесі», «Оқу мәселесі», «Қазақ са-

яси партиясын жасау мәселесі» және 

т.б. бөлімдерден тұрады. Бұл мақала 

осы ж. желтоқсан айында өткізілген 

Екінші  Жалпықазақ  сиезінің  күн 

тәртібін айқындауға дайындық сын-

ды еңбек болды. Мақалада айтылған 

маңызды мәселелер аталған сиез ба-

рысынан көрініс тапты. 



Таймасов  Ахмед  Бекжанұлы  – 

Алаш қозғалысына қатысушы. Орал 

губерниясы Елек қ.-нда дүниеге кел-

ген.  1906  ж.  Орынбордағы  мұғалім-

дер  семинариясын  бітірген.  1917  ж. 

төңкеріске  дейін  Жымпиты  у.-нде 

мұғалімдік  еткен.  Батыс  Алашорда 

қозғалысына  қатысқан.  Алаш  қай-

раткері Х.Досмұхамедұлымен тығыз 

байланыста  болған.  Батыс  Алашор-

да  әскерінің  большивиктерге  қарсы 

күресіне  қатысқан.  Осы  күрестер 

үшін  Алашорданың  сотына  сай-

ланған. 


Тайшыбай  Зарқын  Сыздықұлы 

(01.05.1942 ж. Қарағанды обл. Қу ауд. 

Арқалық  а.)  –  С.М.Киров  атындағы 

ҚазМУ-ды бітірген. Журналист. 1960 

ж.  ауд.,  обл.  газеттерде  қызмет  ет-

кен.  1992  ж.  Е.А.Бөкетов  атындағы 

Қар-МУ-да аға оқытушы, доцент, ка-

федра меңгерушісі, 2000 ж. М.Қозы-

баев  атындағы  СҚМУ  профессоры, 

Этномәдени  ғылыми-зерттеу  орта-

лығының  жетекшісі.  «Абайтанудың 

революцияға  дейінгі  кейбір  қайнар 

көздері» тақыр. фил. ғыл. канд. дәре-

жесін  алған.  Қазақ  баспасөзінің  та-

рихынан  «Баспасөз  тарихы»,  «Алаш 

көсемсөзі»,  «Қазақша  жастар  бас-

пасөзі»,  «Қазақстанның  солтүстігін-

дегі  қазақ  газеттерінің  тарихынан» 

оқулықтары  мен  оқу  құралдарын, 

«Абай  және  баспасөз»,  «Абайтану 

арнасында» 

монографияларының, 

«Сыр  сандығым  –  Қызылжар»  кіта-

бының  авторы.  Оның  Алаш  әдеби-

етінің  көрнекті  өкілі  М.Жұмабаевқа 

арналған  «Мағжанның  Қызылжа-

ры»  және  Алаш  қозғалысының  қай-

раткері  туралы  жазылған  «Жақып 

Ақбаев. Күрескерлік өмірбаяны» (Н. 

Дулатбековпен бірге) зерттеулері бар. 

Сонымен  бірге  Ә.Бөкейхан,  Ж.Ақ-

баев,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов. 

М.Әуезов,  М.Жұмабаев,  Қ.Кемеңге-

ров,  С.Сәдуақасов  т.б.  Алаш  қайрат-

керлерінің өмірі мен қызметі туралы 

тың  деректерге  құрылған  ғылыми 

мақалалар жарық көрген. 

«Талап» – 1917 ж. ақпан төңкерісі-

нен  кейін  Семейде  құрылған  қазақ 

жастарының  ұйымы.  Оны  құруға 

М.Әуезұлы,  Ә.Ақбердин,  М.Құнан-

байұлы, С.Ғабитханұлы секілді жер-

гілікті жастар атсалысқан. Ұйымның 

алдына сол тұста қалыптасқан саяси 

ахуалға сай қазақ халқының мүддесін 

қорғау  жолында  әрекет  ету,  бірінші 

жалпықазақ сиезінің қаулыларын ха-

лық арасында насихаттау және қазақ 

тілінде кітап бастырып тарату секіл-



Алаш қозғалысы

382


ді  міндеттер  қойылды.  «Талап»  ұй-

ымы  Р.Мәрсекұлы  жетекшілік  еткен 

Семей обл. Қазақ комитетімен тығыз 

байланыста жұмыс істеп, Алаш пар-

тиясына  қолдау  танытты.  Оның  сол 

тұста халық игілігі жолында атқарып 

жатқан қызметі «Сарыарқа» газетін-

де жарияланып тұрды. Бұл ұйым мү-

шелері 1918 ж. 5-13 мамыр аралығын-

да Омбыда өткен жалпықазақ жаста-

рының құрылтайына қатысып, «Жас 

азамат» ұйымы құрамына кірді.



«Талап»  ұйымы    Түркістан  ре-

спубликасында  (Ташкент)  1922  ж.  4 

желтоқсанда  ресми  ашылған  мәде-

ни-ағарту  ұйымы.  Өз  кезінде  «қа-

уым» деп аталған. Төрағасы – Х.До-

смұхамедұлы,  мүшелері:  А.Шмидт, 

И.Тоқтыбайұлы,  М.Тынышбайұлы, 

М.Әуезұлы,  Қ.Тыныстанұлы.  Ұйым 

Жарғысын  жасауға  Х.Досмұха-

медұлы, А.Шмидт, Ә.Диваев, М.Жұ-

мабаев,  К.Жәленұлы,  Н.Архангель-

ский  қатысқан.  «Талап»  Ташкентте 

қазақ  мәдениеті  мен  әдебиетіне,  та-

рихына қатысты дәрістер, басқосулар, 

пікірталастар  ұйымдастырып  оты-

рған. Ұйымға Түркістан республика-

сы  басшыларының  бірі  Т.  Рысқұлов 

қолдау көрсетті. «Талап» ұйымының 

жарғысында қазақ халқының тарихы 

мен  дәстүр-салтын  зерттеу,  мек-

тептердегі  оқыту  мәселесін  реттеу, 

қазақ  пен  қырғыз  өнер  қайраткер-

леріне  жәрдемдесу,  қазақ  әдеби  тілі 

мен өнерінің өркендеуіне демеу болу 

секілді  міндеттер  қойылатындығы 

атап  көрсетілді.  1923  ж.  16  науры-

зда  Алматыда  Қ.Басымов  басқарған 

ұйым  бөлімшесін  ашты.  Бұған  да 

мынандай  тарихи  белгілі  тұлғалар 

кірген:  И.Арабайұлы,  Б.Сүлейұлы, 

Қ.Басымұлы,  Ж.Бәрібайұлы,  Қ.Сар-

молдаұлы,  Ш.Сарыбай,  А.Розыбақи-

ев.  Қиын  ж.  «Талап»  елшілдік  істі 

жалғап, дамытуға үлкен үлес қосты.



Танашев  уәлитхан  Шарафид-

динұлы (1887 ж. Атырау) – 1968 Ж7 

Алашорданың  күрескер  азаматы, 

көрнекті қоғам қайраткері. Арғы ата-

сы  Бекпембет  би 

Атырау  қазақта-

рына  аты  шыққан, 

балықшылықпен 

шұғылданып,  елді 

кәсіпке  үйреткен, 

елге  сыйлы  дәу-

летті  адам  екен. 

Оның  Шолтыр,  Танаш  атты  екі  ұлы 

болады, Уәлитхан осы Танаштың не-

мересі  екен.    Т  1899-1908  ж.  Астра-

хан  гимназиясынан  сегіз  сыныптық 

білім  алады.  1909  ж.  Қазан  универ-

ситетінің  заң  факультетін  бітіреді. 

Ол 1913-1917 ж. Қазан қ.-нда адвокат 

болып  жұмыс  істеген.  1917  ж.  туған 

еліне келіп, әртүрлі қызметтер атқа-

рады.  Астраханға  оралған  соң  заң-

герлікпен  айналысады,  сол  кезден 

бастап  төңкеріс  жолына  түседі.  Ол 

өзінің  ақыл-парасатын  туған  халқы-

ның  бақытқа  жету  жолына  арнаған. 

1917  ж.  1-8  сәуірде  Орынборда  өт-

кен  Торғай  обл.  қазақтарының  си-

езінде  мәжіліс  төралқасы  төраға-

сының  орынбасары  болады.  1917 

ж.  21  сәуірде  өткен  Бөкей  Ордасы 

қазақтарының  сиезінде  президиум 

төрағасы болады. Осы сиезде ол Бө-

кей жер басқармасының төрағалығы-

на  сайланып,  Бөкей  ордасы  өңірінен 

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне 

өкілдікке  ұсынылады.  Ж.Досмұха-

медұлы  екеуі  кеңестің  атқару  коми-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

383


тетіне  кіреді  де,  Бөкей  ордасынан 

депутаттыққа өтеді. 1-11 мамыр ара-

лығында  Мәскеуде  өткен  Бүкілре-

сейлік  мұсылмандар  сиезінің  атқару 

комитетіне мүше болады. Киевте та-

мыз айында өткен бүкілресейлік мұ-

сылмандар  құрылтайына  қатысады. 

Ел  сенімін  арқалаған  Т.  Ж.Досмұха-

медұлы  және  Ж.Ақпаевтармен  бірге 

Петроградтағы «Шура-и исламдағы» 

Алашорда  үкіметінің  өкілі  болып 

тағайындалады.  Бұл  жұмысты  абы-

роймен атқарған Т. 1917 ж. 5-13 жел-

тоқсанда Орынборда өткен жалпықа-

зақ  сиезінде  Алашорда  үкіметінің 

министрі  болып  сайланады.  1918  ж. 

8 маусымда Самара қ.-нда құрылтай 

жиналысы мүшелерінің комитетінде 

(Комуч) ол ел мүддесін қорғауға көп 

күш  салады.  Челябіде  өткен  Комуч 

пен  Сібір  үкіметінің  мәжілістеріне 

қатысады. 8-23 қыркүйек аралығын-

да  Уфадағы  бүкілресейлік  уақытша 

үкімет  –  Уфа  дирекциясы  құрылған 

мәжіліске қатысады. Одан соң Ә.Бө-

кейхан  басқарған  Алашорданың 

шұғыл мәжілісіне қатысады. Ол жи-

налыста  Ж.Досмұхамедұлы,  Х.До-

смұхамедұлы,  А.Бірімжанов,  Ә.Ер-

меков,  М.Тынышбаевтармен  бірге 

«Ойыл  уәлаяты»  таратылып,  Бөкей 

ордасы  мен  Ойыл  уәлаяты,  Маңғы-

стау у. мен Торғай обл.-ның Ақтөбе, 

Ырғыз у.-дерін басқару үшін Алашор-

даның батыс бөлімшесін құруды қол-

даған. 1918 ж. 18 қарашада Омбыдағы 

дирекция құлап, үкімет билігі адми-

рал  Колчактың  қолына  өткен  кезде 

Алашорда  үкіметі  жаңа  үкіметпен 

келіссөз жүргізуге ниеттенді. 1919 ж. 

11  ақпанда  өткен  ведомствоаралық 

құрылым  жөніндегі  отырыста  Ә.Бө-

кейхан, А.Тұрлыбаев, Т. Колчак өкіл-

дерімен  келіссөзге  барады.  1919  ж. 

Алашорда  таратылып,  Алаш  қозға-

лысына  қатысқандарға  кешірім  жа-

салған соң, Т.-ның АКСР-ін ұйымда-

стыру  жұмысымен  және  республи-

калық мемлекеттік баспа бөлімдерін 

құрумен айналысады. Орынборда қа-

зақ әскери төңкерістік комитеті құра-

мында жұмыс істеп, орталық атқару 

комитетінің мүшесі болады. 1920 ж. 

25 қыркүйекте республикалық әділет 

халық  комиссариатының  орынбаса-

ры  қызметіне  тағайындалды.  Осы 

кезде  ел  үшін  аса  маңызды  бірнеше 

заң актілерінің қабылдануына ықпал 

етеді.  1922  ж.  9  қарашадан  бастап 

ұлт  істері  жөніндегі  халық  комисса-

риаты  жанындағы  ҚАСР  өкілеттігі 

басшысының орынбасары, кейін  фе-

дералдық  комитетте  жер  мәселесі 

туралы  жоғары  бақылаудың  ерекше 

алқасында  қызмет  атқарды.  Осыдан 

кейін  Т.  Татарстандағы  Қазан  қ.-на 

қайын  жұртына  кетеді.  1924-1937  ж. 

Татар  автономиясы  кеңестік  социа-

листік республикасы жоғары сотын-

да адвокат болады. 1937 ж. бұрынғы 

алашордашыл  қайраткер  ретінде 

тұтқындалады.  Артынан  тұтқыннан 

босатылады. Бірақ, 1949 ж. сол айып-

пен тағы тұтқындалып, 1955 ж. дейін 

Краснояр  өлкесіне  жер  аударылады. 

Бақылауда  айдауда  жұмыс  істейді. 

1957 ж. Татар АКСР-інің жоғары сот 

төралқасының шешімімен ақталады. 

Сол ж. зейнетке шығады. 1968 ж. Қа-

зан қ.-нда дүние салады. 




1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал