Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет52/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69

«Смағұлдың  сүйегі»    Тәуел-

сіздікке дейін де, одан кейін де халық 

арасында  рәміздік-бейнелік  ұғымға 

айналып кеткен мемлекет және қоғам 

қайраткері  С.Сәдуақасұлының  Дон 

зиратханасында  (Мәскеу)  арнайы 

құтыда  сақталып  келген  сүйегінің 

күлі.  Қазақтың  арғы-бергі  тарихын-

да сүйектің өртелуі (кремация) және 

оның  арнайы  сақталуы  кездескен 

емес. Сондықтан 1992 ж. Дон зират-

ханасы  христиан  қауымына  толық 

беріліп,  мұнда  сол  діннің  ғұрпы 

жүре  бастағанда,  С.  сүйегінің  күлін 

ел дәстүріне сай жер қойнына беру – 

Қазақстан  Тәуелсіздігінің  талабына 

сәйкес міндет және парыз болып қал-

ды. С. 1933 ж. 16 желтоқсанда Кремль 

ауруханасында  жұмбақ  жағдайда 

қайтқан  соң,  «техникалық  жағдайда 

қатты  уланғандықтан,  оның  мәйітін 

жерлеуге  болмайды»  деген  жабық 

шешім  негізінде  кремацияланады. 

Бұл – большевизмнің ірі саяси тұлға-

ларға  жасалған  террорын  жасырған 

қылмысты  оқиға  еді.  Бірақ  кезін-

де  бәрі  басқаша  түсіндірілді.  Сон-

дықтан  кремацияның  алды-артын-

дағы  ақтық  сапарға  шығарып  салу 

шарасына  қайын  атасы  Ә.Бөкейхан, 

жары  Е.Әлиханқызы,  ұлт  қайрат-

керлерінен  Т.Рысқұлов,  Н.Нұрмақов 

т.б.  қатысты.  С.Мұқанов  та,  Мәске-

уде  жүрген  жүздеген  студенттер  де 

осы  қаралы  жиында  болады.  Өр-

телген соң арнайы құтыға салынған 

қайраткер  сүйегінің  күлі  Елизавета 

граниттен жасатқан табытқа орнала-

стырылып, крематория бас ғимараты 

бөлмесінің  қабырғасына  қойылады. 

Осы  жерде  ол  2011  ж.  20  қаңтары-

на  дейін  тұрды.  Жүйелі  жұмыстар-

дың  нәтижесінде  Смағұлдың  мәйіт 

күлін  елге  алып  келудің  мүмкіндігі 

туды. 2011 ж. 21 қаңтарда ол ұшақпен 

Мәскеуден  Астанаға  жеткізіліп,  Қа-

зақстан  елордасының  Қазақ  елі  мо-

нументі  жанынан  өтетін  Тәуелсіздік 

даңғылымен  “Сәдуақас  Ғылмани” 

мешітінің  жаназа  шығару  бөлмесіне 

әкелінді. Астананың тарихи мешітін-

де төрт ай бойы Қазақ елінің азаттығы 

жолында  шейіт  болған  тұлғалардың 

рухына, соның ішінде С.-ның рухына 

қасиетті Құран аяттары бағышталып 

жатты.  2011  ж.  20  мамырда  Парла-

мент  депутаттары,  Астана  зиялыла-

ры,  туыстары  қала  басшылығының 

қолдауымен  қайраткер  сүйегінің 

күлін  аманаттап  “қара  молаға”  қой-

ды. Ұлт тарихында Түркістанға жет-

кенге  дейін  қазақтың  талай  хан  мен 

батыры “қара молада” (немесе уақыт-

ша  сөреде)  тұрған.  С.  “қара  моласы-

на”  байланысты  бірнеше  себеп  бар: 

1) Алаш қайраткері сүйегін басқа ел-

ден әкелу оқиғасы бұрын-соңды бол-

маған еді, сондықтан “Ұлттық панте-

он” мәселесі күн тәртібіне шықты; 2) 

“Смағұл сүйегі қойылады” деген екі 

орынның (“Хан Кене сарбаздары жер-

ленді”  деген  “Жастар”  шағынауда-

нындағы зират пен “Қабанбай батыр 

жерленді” деген Қосшы кенті маңай-

ындағы  зират)  ғылыми-деректік  не-

гізі  әлі  нақтылана  қоймады.  2012  ж. 

“Жастар”  шағын  ауд.-ында  орна-

ласқан  зираттағы  көне  құлпытастан 



Алаш қозғалысы

370


Хан Кене сарбаздарының жерленгені 

мәлім болды. Біле-білсек, бұл да Тәу-

елсіздік  ж.  аса  ірі  тарихи  оқиға  еді. 

Құдайдың құдіретімен енді С. сүйе-

гінің күлі мәңгіге байыздайтын орын 

айқындалды. Елорда зиялылары, дін 

қайраткерлері, туыстары кеңесе келе, 

Астана  әкімдігінің  рұқсатымен  С. 

мәйіт күлін елдік және мұсылмандық 

салтпен 2013 ж. 27 қазанда Хан Кене 

сарбаздары қорымына қойды. Баста-

машыл  азаматтар  басына  көрнекті 

ескерткіш тұрғызды.

Смағұлов Жандос Қожахметұлы 

(16.09.1956 ж. Қарағанды обл. Ақтоғай 

ауд.  Шабанбай  а.)    әдебиеттанушы 

ғалым,  филология  ғылымдарының 

докторы.  1979  ж.  Қарағанды  мемле-

кеттік  университетінің  филология 

факультетін  бітірген.  1979-1982  ж. 

орта  мектепте  мұғалім,  оқу  ісінің 

меңгерушісі, мектеп директоры қыз-

меттерін атқарған. 1983 ж. ҚарМУ-де 

аға  оқытушы,  қазақ  әдебиеті  кафед-

расының меңгерушісі, факультет де-

каны орынбасары, журналистика ка-

федрасы  меңгерушісі  болып  істеген. 

Қазір  қазақ  әдебиеті  кафедрасында 

профессорлық  қызметте.  «Қазақтың 

әдеби мұрасын игеру проблемалары» 

тақырыбында  кандидаттық,  «Қазақ 

әдебиеттану  ғылымының  туу  және 

қалыптасу  жолдары»  деген  тақы-

рыпта  докторлық  диссертациялар 

қорғаған.  Оның  «Қазақ  әдебиеттану 

ғылымының  тарихы»  (1999),  «Ұлт-

тық  әдебиеттану  әлемі»  (2005)  атты 

монографиялары мен «Қазақ әдебие-

тану  ғылымының  қалыптасу  жолда-

ры» (1995), «ХХ ғ. - дағы қазақ әде-

биеттану  ғылымы»  (2012)  аталатын 

оқулықтары,  «Әдеби  мұраны  игеру 

проблемалары»  (1992),  «А.Байтұр-

сынұлы – қазақ әдебиеттану термин-

дерінің негізін қалаушы» (1997), «Ах-

меттану бастаулары» (2005), «Әдеби-

еттану  ғылымының  өзекті  мәселе-

лері»  (2006)  оқу-әдістемелік  құралы 

жарық  көрген.  С.  3  монография,  4 

оқулық пен 4 оқу-әдістемелік құрал-

дардың  және  200-ден  астам  ғылыми 

және сын мақалалардың авторы. «А.

Байтұрсынұлы  жасаған  әдебиетта-

нуға  арналған  пән  атаулары»  (1996), 

«Абай  және  Әлихан»  (2002),  «Әде-

биет танытқыш» және ұлттық әдеби 

теориялық  ой-пікір»  (2003),  «Ә.Бө-

кейхан еңбектеріндегі ұлттық әдеби-

еттану  ғылымы  мәселелері»  (2005), 

«А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  әдебиет-

тану  ғылымының  негізін  қалаушы» 

(2007),  «С.Сәдуақасов  және  ұлттық 

әдебиет  тарихының  мәселелері» 

(2008),  «Унисон  великих»  (Тула, 

2012),  «А.Байтұрсынов  –  ғылыми 

мектептің  негізін  қалаушы»  (София, 

2013),  «Алаш  арыстары  зерттеу-

лерінің  әдіснамалық  негіздері»  және 

тағы  да  басқа  еңбектерінде  Алаш 

қаламгерлерінің  шығармашылығы 

зерттелінген.



Смағұлова 

Светлана 

(1968. 


04.09., Шығыс Қазақстан обл. Ақсуат 

ауд.  Көкжыра  а.)  –  алаштанушы  ға-

лым, тарих ғылымдарының докторы. 

1993  ж.  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік  университетінің  тарих 

факультетін  бітірген.  1993-2003  ж. 

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және 

этнология  институтының  аға  ла-

боранты,  кіші  ғылыми  қызметкері, 

ғылыми  қызметкері.  2003  ж.  бастап 

осы  институттың  аға  ғылыми  қыз-

меткері. 2004 ж. «Қазақстандағы ХІХ 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

371


ғ.  аяғы  және  ХХ  ғ.  басындағы  ұлт-

тық  интеллигенция  және  аграрлық 

мәселе»  атты  кандидаттық,  2010  ж. 

«ХХ  ғ.  20-30  ж.  қазақтілді  мерзімді 

басылымдар: шығу тарихы және де-

ректік  маңызы»  тақырыбында  док-

торлық  диссертациялар  қолдаған. 

Негізгі  жұмысымен  бірге  2004-2010 

ж. «Арыс» қорының «Алаш» ғылыми 

орталығына жетекшілік еткен. 2 мо-

нографияның, 180-нен астам ғылыми 

мақалалардың және орта мектептерге 

арналған оқу құралдарының авторы. 

«Алаш  қозғалысы»  көптомдығын 

құрастырушылардың бірі.

Солтоноев  Белек  Солтонкел-

діұлы  (1878-1938)  –  тарихшы,  ағар-

тушы.  Қырғызстанның  Чоң-Кеме 

аңғарында  туған.  Қарақол  орыс-тү-

зем  мектебінде,  Пішпекте  қырғы-

здарға арналған бағбандық мектебін-

де оқыған. 1916 ж. Атаке болысының 

болыс  басқарушысы  болып  сайлан-

ды. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне 

қатысып,  басқа  көтерілісшілермен 

бірге Қытай асып кетеді. 1917 ж. қай-

тып  келеді.  Екінші  жалпықазақ  си-

езінде Алашорда үкіметіне мүшелік-

ке кандидаттыққа сайланған. Жетісу-

да кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 

1920-24  ж.  солтүстік  Қырғызстанда 

оқу-ағарту  жұмысымен  айналысқан. 

1924  ж.  қырғыз  босқындарының 

істерімен  Шығыс  Түркістанда  (Құл-

жа)  болып  қайтқан.  1927-37  ж.  Қы-

рғыз АКСР Халкомсовының ғылыми 

қызметкері.  Шежіре  деректері  мен 

еуропалық  әдебиет  материалдары-

ның  негізінде  қырғыз  халқының  та-

рихы  бойынша  еңбек  жазуға  тыры-

сты. Оның «Кызыл кыргыз тарыхы» 

(басқаша  атауы  -  «Кыргыз-казак  та-

рыхы»)  деген  қырғыз  тілінде  араб 

графикасымен  жазылған  бірегей  ең-

бегі К.Жусуповтың арқасында ғылы-

ми айналымға енгізілді, кейін екі том 

болып  басылып  шықты  (Бишкек, 

«Учкун», 1993). 1937 ж. жазықсыз қа-

мауға алынып, 1938 ж. атуға үкімдел-

ді. 1955 ж. ақталды. 



Столыпинның  аграрлық  ре-

формасы  1906-1911 ж. Министрлер 

кеңесінің  төрағасы  және  Ішкі  істер 

министрі  болған  П.А.Столыпинның 

аграрлық  реформасы-қоныстандыру 

қозғалысын  күшейтуге  бағытталған 

экономикалық  шара.  Столыпин  елді 

жаңғырту  принциптерін  әзірледі, 

оның  бірінші  шарты  –  шаруаны 

жердің иесі етіп бекіту. Аграрлық ре-

форма 1906 ж. басталды. Бұл рефор-

ма  қауым  мүшелері  –  шаруаларды 

азат етті және олардың көшіп-қонуы-

на  еркіндік  берді.  Жерді  жеке  пай-

далану  құқығын  беріп,  қоныс  ауда-

рушылардың жаңа орында сәтсіздік-

ке ұшыраған жағдайда туған жеріне 

қайтып  оралу  мүмкіндігін  шектеді. 

Реформа  нәтижелерінің  бірі  –  шару-

алардың  аймақтарға,  атап  айтқанда, 

Қазақстанға  жаппай  көшуі  болды. 

Реформаның  қауымдарды  күйретіп, 

хуторлық  шаруашылықтар  құру  ту-

ралы идеяларының бәрі де сәтсіздік-

ке ұшырады.



Студент  М.  Тынышпаевтың 

хаты  –  1905  ж.  20  маусымда  мини-

стрлер  комитетінің  төрағасына  жа-

зылған  хат.  Бұл  хатында  Санкт-Пе-

тербург  теміржол  транспорты  ин-

ститутының студенті Т. Ресей бодан-

дығын  алған  қазақ  жерінде  1868  ж. 

«Уақытша ережеге» сәйкес жергілік-

ті халық құқының өрескел бұзылып 



Алаш қозғалысы

372


жатқанын  мәлімдейді.  Сол  кездегі 

қазақ халқының тағдырына қатысты 

хатта бес мәселе көтерілген: 1. Отар-

шыл  өкіметтің  жергілікті  шенеунік-

терінің  қазақтардың  дін  мәселесіне 

араласуы,  орыс  миссионерлерінің 

қазақтар  арасына  христиан  дінін 

насихаттауының  дұрыс  еместігі;  2. 

Жергілікті  қазақтардың  келімсек-

тер пайдасы үшін байырғы жерлерін 

тартып алуы; 3. Орыс әкімшілерінің 

тұрмысы  нашарларды  жәбірлеуі,  ел 

арасындағы әртүрлі оқиғаларды рет-

тейтін  ақсақалдар  институтының 

орнына отаршыл биліктің араласуы, 

жергілікті  халықтың  адамгершілік 

келбетін өзгертуі; 4. Отаршыл билік 

өкілдерінің қазақ тілін білмеуі және 

жергілікті  салттар  мен  әдеттерді 

ұғынбауы, халықтың жазықсыз жапа 

шегуіне  әкелуі;  5.  Отаршыл  үкімет 

өкілдерінің әскерилер болғандықтан 

қазақтарға  дөрекілік,  қаталдық  та-

нытуы. Міне, осы мәселелерді шешу 

жөнінде  өз  ұсыныстарын  берген  хат 

авторы «6 миллион қырғыз халқына» 

әділеттікпен қарауды өтінеді. 

Субханбердина  Үшкөлтай  – 

(1927  ж.  Павлодар  обл.  Баянауыл 

ауд.) – Қазақ мемлекеттік қыздар пе-

дагогика институтын бітірген. Мұра-

танушы,  филология  ғылымдарының 

кандидаты.  Әкесі  С.Хасенұлы  1937 

ж.  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырап, 

жазықсыз  атылған.  С.  1952-1965  ж. 

Орталық  ғылыми  кітапхананың  би-

блиографиясы  қазақ  кітаптары  мен 

сирек  кездесетін  кітаптар  және  қол-

жазба  бөлімінің  меңгерушісі,  1966-

1973 ж. М.Әуезов атындағы Әдебиет 

және  өнер  институтының  қызмет-

кері,  1973-1982  ж.  осында  фонофото 

бөлімінің  меңгерушісі,  1982-1999  ж. 

қолжазба және мәтінтану орталығы-

ның  аға  ғылыми  қызметкері  болып 

қызмет  атқарған.  Көрнекті  библио-

граф-ғалым  1950  ж.  бастап  “Айқап” 

журналы  мен  “Дала  уәлаятының 

газеті”,  “Түркістан  уәлаятының  га-

зеті”, “Қазақстан” газет терінің бетін-

дегі  материалдар  мен  хат-хабарлар 

қарастырып,  ғылыми  айналымға 

қажетті  көрсеткіш  жасай  бастады. 

Соның  алғашқы  нәтижелері  ретін-

де  1961  ж.  “Айқап”  бетіндегі  мақа-

лалар  мен  хат-хабарлар”,  1963  ж. 

“Қазақтың  ре во лю циядан  бұрынғы 

мерзімді  баспасө зіндегі  материал-

дар”  атты  мазмұндалған  библиогра-

фиялық  көрсеткіш  кітаптарын  жа-

риялады.  “Қазақ тың  революциядан 

бұрынғы  мерзімді  баспасөзі  және 

көркем  әдебиеті.  ХІХ  ғ.  -  дың  аяғы-

ХХ  ғ.  -  дың  басы”  атты  тақырыпта 

кандидаттық  диссерта ция  қорғады. 

1970  ж.  «Әдеби  мұра.  Революциядан 

бұрынғы  мерзімді  баспасөз  бетінде-

гі жарияланған көркем шығармалар» 

кітабы шықты. 1986 ж. бастап «Дала 

уәлаятының  газеті»  мұрасын  5  том 

етіп  жариялады.  1994  ж.  –  «Айқап» 

(С.Дәуітовпен бірге), 1995 ж. – «Қазақ» 

(С.Дәуітов, Қ.Саховпен бірге), 2002 ж. 

–  «Қазақ  халқының  атамұралары» 

(2002)  атты  мұра-кітаптар  шығарды. 

1993  ж.  басылған  «Қазақ»,  «Алаш», 

«Сарыарқа»  атты  мазмұндалған  би-

блиографиялық көрсеткіші шықты. 

Сурет  өнері    Алаш  зиялыла-

рының  көркемөнерге  байланысты 

ойлары,  тұжырымдары  еңбектері-

нен  ұшырасып  отырады.  Мысалы, 

А.Байтұрсынұлының  «Әдебиет  та-

нытқышында»,  сондай-ақ  зиялылар-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

373


дың оқу құралдарында сурет өнеріне 

байланысты қызықты ойлар айтыла-

ды. Осындай мұраның қатарында ұлт 

ұстазының суретші Николай Хлудов 

еңбектеріне  жазған  сыны  (1935)  мен 

Қ.Кемеңгерұлы,  Ж.Аймауытұлы,  Ғ.

Байтасұлымен бірігіп жазған суретші 

Амантайұлы  Ғаббас  туралы  мақала-

ны (1924) ерекше атай аламыз. 1935 ж. 

Орталық мұражай қорына Н.Хлудов 

көрме өткізу мақсатында туындыла-

рын тапсырады. Тәртіпке сәйкес, сол 

кездегі  мұражайдың  ғылыми  кеңес-

шісі  А.Байтұрсынұлы  ұсынылған  18 

суретті бағалап, талдап, 10 парақтан 

тұратын сараптама береді. Бұл еңбек-

ті кезінде А.Мектеп-тегі жариялады. 

Түпнұсқа  орыс  тілінде  жазылған-

дықтан, қазір кей жерде оның қазақ-

ша аудармасын  ұсынып  жүр. Біздің-

ше, осы мұраны екі тілде иллюстра-

циясымен жариялаған дұрыс. Ахмет 

былай  деп  жазады:  «Суретші  Хлу-

довтың  туындыларына  жалпылама 

назар салғанда, оның қазақ тұрмысы 

мен  өмірінде  мүлдем  кездеспейтін, 

не  аса  сирек  ұшырасатын  құбылы-

старды  бейнелеуге  құмар  бағыты 

бірден  көзге  ұрады.  Бәлкім,  мұны-

сын қазақтардың тұрмысын көпшілік 

жұртшылықтың санасына әбден сің-

ген  қалыпта,  яғни  оларды  жарты-

лай жабайы түрде елестететіндердің 

ұғымына  сай  бейнелегісі  келуімен, 

не нақты жағдайдың біртектілігі су-

ретші  көңіліне  жақпайтындығымен 

түсіндіруге болар да еді. Бәлкім, су-

ретші  қазақтардың  өмірімен  үстірт 

қана  таныс,  сондықтан  оны  қалып-

ты  жағдайда  бейнелеуге  дәрменсіз 

шығар».  Н.Хлудовтың  «Жүлде  үшін 

бәсеке» атты суретінде ұлттық «Тай-

лақ тарту» ойыны бейнеленген. Бірақ 

бейне табиғи шындықтан жырақ жа-

тыр.  Осыны  А.Байтұрсынұлы:  «Су-

ретші  Хлудов  менімен  әңгімесінде 

мұндай  тағылық  көңіл  көтеруді  өз 

көзімен көргенін айтқаны бар. Алай-

да,  дәл  соған  сене  қою  қиын.  Хлу-

довтың  суретінде  жас  келіншектер, 

тіпті бойжеткендер де жеңіс алу үшін 

шешініп жатыр. Суретші, сірә, мұның 

бәрі оп-оңай атқарылады деп ойлай-

тын болуға тиіс. Бойжеткенді қалың 

халық алдында шешіндіре тұрып, ол 

қазақ  қыздарының  әдетте  жас  күні-

нен құда түскен жері боларын, қалың 

мал  төленіп  қойылатынын,  күйеу 

жігітінің  барлығын  және  оның  мұн-

дай  «ерлікке»  қалай  қарауы  мүмкін 

екенін жадынан шығарып алады» деп 

сынайды.  Қ.Кемеңгерұлы,  Ж.Айма-

уытұлы,  Ғ.Байтасұлының  «Ақжол» 

газетінде  басылған  «Қазаққа  пай-

далы  жас  талап»  атты  мақаласында 

Амантайұлы  Ғаббас.  Қазан  көркем-

сурет училищесін бітіріп сурет салу 

өнер  туған  жері  Семейде  де,  қоныс 

аударған жері Ташкентте де бағалан-

баған жасы 30-дан асқан Амантайұлы 

Ғаббас шығармашылығы сөз болады. 

Қаламгерлер былай деп жазады: «Ел-

дегі  ескі  діншіл  молдалардың  ықпа-

лы күшті болғандықтан сүгіретшілік 

өнерін көрсете алмай жүрген Ғаббас 

қазақ  өмірімен  әбден  таныс.  Өзі  қа-

зақ – ол аз. Ғаббас – таланты ерекше 

сүгіретші. Сүгіретті өз қиялымен де, 

табиғатқа,  адамға,  затқа  қарап  оты-

рып та сала алады. Тарихи сүгіретті 

салуға да жетік. Декорация жазуға да 

озық. Оның сүгіреттерінен қазақ иісі 

аңқып қоя береді». Үш тұлғаның бұл 

еңбегін үндеу, жанайқай деуге де бо-



Алаш қозғалысы

374


лады. Сондықтан олар: «Бұл сүгірет-

ші  бүгінге  шейін  таланты  көміліп 

келе  жатқан  көрінеді.  Қазір  Тәшкен-

нің  бір  мектебінде  оқытушылықпен 

жан сақтап жүр. Тұрмысы өте нашар. 

Сүгірет  салуға  аспап,  бояу  алатын 

ең азы 20-30 сом ақшасы жоқ. Қаран-

дашпен,  су  бояумен  жәй  ақ  қағазға 

түсірген  қазақ  ауылының  сүгіреті, 

тағы  басқа  сүгіреттері  Ғаббастың 

қандай талант екенін айтып тұр. Бірақ 

тіршіліктің  ауыр  соққысына  иленіп 

күйсіз,  құл  болып  жүрген  өнер  өр-

кендемек емес. Жақсы нәрсе шығару 

үшін қамсыз тұрмыс, көтеріңкі көңіл 

керек. Күйсіз жүйрік жүгірмейді. Бұл 

сүгіретшіні Қазақстан, Түркістан оқу 

мекемелері,  ғылым-білім  орындары 

пайдалана  білсе,  жақсы  болар  еді. 

Қазақ  тұрмысынан  көп  нәрселерді 

дүниеге шығарар еді» деп қам жейді, 

көпке қозғау салады.



Сұлтанбекұлы Жағыпар 1898 ж. 

Қостанай у. Аманқарағай б. –  1937 ж. 

көрнекті  қоғам  және  мемлекет  қай-

раткері. Қостанайдағы екі сыныптық 

орыс-қырғыз мектебін бітірген. Осын-

да мұғалімдер курсында оқыған. 1915 

ж.  бастап  жергілікті  жерлерде  сабақ 

берген.  Жасынан  халықты  ағарту, 

ояту  істеріне  тілеулес  болған.  «Қа-

зақ» газеті мен Алаш қозғалысының 

мақсатын  елге  таратуға  күш  салған. 

1920-1922  ж.  уездік  халық  ағарту 

бөлімінің  меңгерушісі,  Аманқарағай 

болыстық атқару комитетінің төраға-

сы,  1922  ж.  Қостанай  губерниялық 

атқару  комитетінің  хатшысы  болып 

істеген. Осы уақытта республика ор-

талығынан арнайы іссапармен келген 

қайраткер  С.Сәдуақасұлымен  таны-

сып,  өңірді  дамыту  туралы  ой-пай-

ымымен  бөліседі.  1923  ж.  губерни-

ялық  Жер-су  мекемесінің  бастығы, 

губерниялық атқару комитеті төраға-

сының  орынбасары,  1925  ж.  Ақмола 

губерниясына (Петропавл) жіберіліп, 

Жер  басқармасының  меңгерушісі 

болған.  1926  ж.  Ақтөбе  губерни-

ялық  атқару  комитетінің  төрағасы, 

1926-1927  ж.  Қазақ  автономиялық 

республикасы  Егін  шаруашылығы 

халық  комиссары,  1927-1929  ж.  Қа-

зақ ауыл-село одағы мен өлкелік мал 

өсірушілер одағының төрағасы, 1930-

1931  ж.  Қарқаралы  аудандық  атқару 

комитетінің,  1931-1932  ж.  Кеген  ау-

дандық атқару комитетінің төрағасы, 

1932 ж. «Қазқұрылысматериалдары» 

бірлестігінің  басшысы,  Жеңіл  өнер-

кәсіп  халық  комиссариатының  алқа 

мүшесі, Алматы обл.-тық атқару ко-

митеті  жеңіл  өнеркәсіп  бөлімінің 

меңгерушісі,  1932-1935  ж.  «Қараған-

ды көмір» тресі директорының орын-

басары,  1935-1936  ж.  Ішкі  сауда  ха-

лық комиссариаты жоспарлау-қаржы 

бөлімінің  бастығы  қызметтерін 

атқарады.  Қайраткер  Қостанайдағы 

ж.нда «Ауыл» газетінің өрісін кеңей-

туге  көп  атсалысқан.  Сондай-ақ,  ре-

спубликалық басылымдарда да оның 

мақалалары  жарияланып  тұрған. 

«Қазақстан шаруасының жайы, оның 

мұқтажы», «К вопросу о казахизации 

аппарата»,  «Атбасар  уезінде»  атты 

еңбектерінде  қайраткер  ел  шару-

ашылығының мәселелерін және оны 

шешудің жолдарын жүйелі көрсетеді. 

Білгір маманның «Егіндік-шабындық 

жерлерді бөлу туралы» (1927), «Мал-

шаруашылық  серіктігін  ұйымдасты-

рудың пайдасы» (1930) атты кітапша-

лары өз тұсында үлкен сұранысқа ие 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

375


болған.  Әсіресе,  қайраткердің  1925 

ж.  жазған  «Бұрын  һәм  қазірде  жер 

саясаты»  атты  зерттеуі  –  отандық 

ғылымның елеулі табысы. Мұнда ол 

жер  саясатындағы  отаршылдықтың 

зардаптарын  жүйелі  зерделейді.  Бұл 

еңбекті С.Сәдуақасұлы, М.Дулатұлы 

жоғары  бағалады.  1936  ж.  қарашада 

ұсталып, 1937 ж. ақпанда атылған.

  «Сұлтанмахмұт  Торайғыров» 

энциклопедиясы    Алаш  қаламгері 

Сұлтанмахмұт  Торайғыровқа  ар-

налған  энциклопедия.  2009  ж.  Пав-

лодар қ.-нда жарық көрген. Энцикло-

педияны  дайындаған  С.Торайғыров 

атындағы Павлодар мемлекеттік уни-

верситеті.  Бас  редакторы  –  Е.Арын. 

Энциклопедияда  С.Торайғыровтың 

өмір  жолы,  тарихи-рухани  ортасы, 

шығармалары  жөнінде  жан-жақты 

мәліметтер қамтылған. Сонымен бір-

ге,  бұл  басылымда  көптеген  Алаш 

қайраткерлері туралы мақалалар бар. 

Сүлеев  Біләл  (1893,  Алматы  обл. 

Ақсу  ауд.  Қапал  а.  Баянжүрек  қ.  – 

1937) – Алаш қайраткері, ақын, ағар-

тушы,  журналист,  драматург.  Әкесі 

Сүлей Майлыұлынан оқып, сауатын 

ашады. Кейін «Мамания» медресесі-

не  оқуға  түседі.  Сонда  бірер  жыл 

оқыған  соң,  «Мамания»  медресесін 

ұйымдастырушылардың  бірі  Е.Ма-

манұлы болыс қаражатымен «Ғалия» 

медресесінде  оқиды.  1916  ж.  Орын-

бордағы  мұғалімдер  семинариясын 

аяқтайды.  С.  1916  ж.  маусымдағы 

патша жарлығымен майданның қара 

жұмысына алынған қазақтарға мың-

басы болып Минск қаласына кетеді. 

Төңкеріс  ж.  Қапалдағы  татар  мек-

тебінде оқу ісін басқарушы қызметін 

атқарады.  Алашорданың  Жетісу 

обл.-тық  кеңесінің  мүшесі.  1918  ж. 

бастап халықты сауаттандыру жұмы-

сына араласып, 1927 ж. дейін Жетісу 

өлкесінде қазақша мектеп ашу ісімен 

айналысады.  Күш  салуымен  қазақ 

ауылдарында  екіжылдық  баста-

уыш  мектеп,  аудан  орталықтарында 

жетіжылдық орталау мектеп, обл.-та 

тоғызжылдық орта мектеп ашылады. 

1928 ж. Ақтөбе обл.-тық оқу бөлімінің 

меңгерушісі  болып  істейді.  1934  ж. 

Қарақалпақ  Автономиясы  Кеңестік 

Социалистік Республикасына Халық 

ағарту комиссары болып тағайында-

лады. Бұл лауазымды жұмысты 1937 

ж. дейін атқарды. С. көрнекті әдеби-

етші,  сықақшы  ақын,  көсемсөз  ше-

бері, талантты драматург. Семинари-

яда оқып жүрген кезінен бастап өлең, 

әңгіме жазып, өзінің талантын жетіл-

діріп, қаламын ұштайды. «Қазақ» га-

зетінде қосымша жұмыс істеп, «Ма-

тай»,  «Қаптағай»  деген  бүркеншік 

аттармен  өлең,  мақалаларын  жария-

лап  отырды.  Татар  тілінде  шығатын 

«Шура» журналы, «Вахит» газетінде 

мақалалары мен өлеңдері жиі жарық 

көріп тұрған. «Картаға салынған қа-

тын» атты комедиясы 1921 ж. сахна-

ланып,  Алматыда  бірнеше  рет  қой-

ылған. 1922 ж. Жетісудағы алғашқы 

жер бөлінісіне арнап «Қабанбай мен 

Сазанбай»  атты  сатиралық  поэма 

жазды.  «Қаптағай»,  «Бұйрас»  деген 

аттармен «Қыз бен жігіттің айтысы», 

«Қазақтың  жиырма  төрт  бас  алқа 

дыбысы»,  «Қайтсең  де  көсем  болар-

сың» (1922), «Нақысбек» (1922), «Жұт 

жеті ағайынды», «Қазақ мұғаліміне» 

(1923) сықақ өлеңдер жазады. 1930 ж. 

құрылған  Семей  педагогикалық  ин-

ститутының тұңғыш ректоры болды. 



1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал