Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет51/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69

Сейітов  Мұсылманбек    Алаш 

қозғалысына  қатысушы.  1887  ж. 



Алаш қозғалысы

362


Омбы қ.-нда Батыс Сібір генерал-гу-

бернаторы  кеңсесі  аудармашысының 

отбасында дүниеге келген. Ақмола об-

л.-тық  Алаш  комитетінің  жұмысына 

белсене қатысқан. Жоғары білімді эко-

номист. 1937 ж. репрессияға ұшыраған. 



Семей көтерілісі – 1916 ж. патша 

өкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы 

бағытталған  Қазақстандағы  ұлт-а-

заттық тағы бір құрамдас бөлігі. Кө-

теріліс  Семей  обл.-на  қарасты  Пав-

лодар,  Қарқаралы,  Семей,  Өскемен, 

Зайсан  у.-дерінің  көптеген  болыста-

рын  қамтыды.  1916  ж.  шілде-тамыз 

айларында  көтерілісшілердің  саны 

Семей  у.-нде  7  мыңға,  Зайсан  у.-нде 

4-5 мыңға, Павлодар у.-нде 5-6 мыңға 

жетіп,  Өскемен  у.-нде  3  мыңнан 

асқан.  25  шілдеде  Семей  у.-нің  бір-

неше  мың  көтерілісшілері  жазала-

ушы  казак-орыс  жасағымен  болған 

соғыстан  кейін  Батпақтыкөл  ауда-

нына  шегінді.  Көп  ұзамай  ондағы 

көтерілісшілер  саны  7  мыңға  жетті. 

31  шілдеде  Өскемен  у.-нің  Тайыпты 

болысының  3  мыңдай  көтерілісшісі 

жүзбасы  Воробьевтің  жазалаушы 

жасағымен соғысып, 60 көтерілісшісі 

оққа  ұшты.  Бір  орталықтан  басқа-

рылмай, бір-бірімен тығыз байланы-

сы болмағандықтан, Семей көтерілісі 

қазан  айында  басылды.  Жетісу 

мен  Торғай  обл.-тарындағыдай  ұй-

ымдасқан сипат алмағанымен, Семей 

көтерілісі  сол  өңірдегі  қазақтарды 

ұлттық сана-сезіміне сілкініс әкелді.



Семей  мұғалімдер  семинари-

ясы  –  Қазақстандағы  алғашқы  ма-

мандандырылған  орта  білім  беретін 

оқу  орындарының  бірі.  1903  ж.  3 

шілдесінде  үш  негізгі  және  бір  дай-

ындық сыныбы бар жетіжылдық оқу 

орны  болып  ашылған.  Семей,  Кере-

ку, Өскемен, Қарқаралы және Ақмо-

ла у.-дерінен 24 оқушы қабылданды. 

Кейінірек  Тобыл,  Барнауыл  және 

Жетісу  халқынан  да  оқушы  қабыл-

дай бастады. Семинарияның тұңғыш 

директоры  А.И.Белый  болды.  1922 

ж.  семинария  базасында  қазақ  және 

орыс  педагогикалық  техникумдары 

ашылып, олар 1937 ж. педагогикалық 

училище  болып  өзгертілді.  Ал  1953 

ж.  біріктіріліп,  К.Д.Ушинский  атын-

дағы орыс-қазақ педагогикалық учи-

лищесі  болып  қайта  құрылды.  1957-

1963  ж.  уақытша  жабылып,  Семей-

дегі  Н.К.  Крупская  атындағы  педа-

гогикалық  институттың  жанындағы 

бастауыш  мектеп  мұғалімдерін  да-

ярлайтын  факультет  ретінде  жұмыс 

атқарды. 1963 ж. педагогикалық учи-

лище  болып  қайта  ашылды.  1967  ж. 

оқу орнына М.Әуезовтің есімі беріл-

ді. 1992 ж. 22 мамырынан бастап пе-

дагогикалық колледж болып өзгерді. 

Бұл  оқу  орнында  М.Әуезов,  Қ.Сәт-

баев,  Ә.Марғұлан,  Ж.Аймауытұлы, 

Ә.Нұршайықов,  А.Құдайбердіұлы, 

Ғ.Сармурзин,  Ш.Айманов,  т.б.  қа-

зақтың танымал зиялы өкілдері білім 

алған. 1918 ж. М.Әуезов пен Ж.Айма-

уытов  «Абай»  қолжазба  журналын 

шығарды. 

Семей  облыстық  кеңесі    1917 

ж. 12 қыркүйегінде өткізілген кеңес. 

Кеңес  туралы  «Сарыарқа»  газетінің 

мақаласында: «Облыстық сиез ашпақ 

болса да, өкілдердің аз келгендігінен 

сиез  демей,  бұл  жалпы  жиылысты 

обл.-тық  кеңес  деп  атады»  делін-

ген  ескертпе  бар.  Кеңесті  Р.Мәр-

секов  басқарды.  Орынбасарлары 

Ж.Ақпаев және М.Малдыбаев бол-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

363


ды.  Кеңеске  Семей  обл.-тық  қазақ 

комитетінің есебін Х.Ғаббасов ұсын-

ды. Кеңес есеп берушінің ұсынысына 

«ырзалық көрсетті». Кеңесте бақыла-

ушы  сайлау,  жер  комитеттері,  азық-

түлік,  земство,  құрылтай,  ішкі  жұ-

мыстар, оқу мәселелері арнайы қара-

стырылды.  Алаш  қ.-нда  мұғалімдер 

даярлайтын екіжылдық мектеп ашы-

латындығы айтылды. Семей обл.-тық 

қазақ комитет атынан бүкілресейлік 

Құрылтайға Бірінші жалпықазақ си-

езінде  ұсынылған  Ә.Бөкейханның, 

Ә.Ермековтың,  Х.Ғаббасовтың,  М.

Боштаевтың, Ж.Ақпаевтың, Р.Мәрсе-

ковтың, Б.Сәрсеновтың, А.Қозыбаға-

ровтың  кандидатуралары  қайтадан 

ұсынылды.



Семей  облыстық  кеңес  қаулы-

лары  –  1917  ж.  қыркүйегінде  өт-

кен  Семей  обл.-тық  кеңесте  қабыл-

данған  құжат.  Кеңеске  Р.Мәрсеков 

төрағалық  етті.  Кеңесте  Х.Ғаббасов 

мынадай жоба ұсынды: обл.-тық ко-

митеттің  бірінші  сиезден  осы  күнге 

шейін жұмыстары туралы есеп беру, 

бақылаушы  (милиция)  сайлау,  азық-

түлік, жер комитеттерін сайлау; зем-

ство, Құрылтайға жіберетін кісілерді 

анықтау  т.б.  Кеңесте  обл.-тық  коми-

тет атқаратын жұмыстар барысы ту-

ралы сөз етілді.

Семей облыстық қазақ комитеті 

– 1917 ж. 7 наурызында құрылған ко-

митет.  Семей  обл.-тық  қазақ  коми-

тетінің  алғашқы  мәжілісінде  мына-

дай мәселелер қарастырылды: «жаңа 

тәртіпті жұртқа түсіндіру, ел арасын-

да тыныштық орнату, құрылтай жи-

налысына  қамдану,  қазақ  пен  орыс 

арасын  жайластыру,  билік  құрған 

мекемелердің  үстінен  күзетші  болу» 

және  т.б.  28  наурызда  осы  қазақ  ко-

митетінің  жалпы  жиналысы  болды. 



Алаш қозғалысы

364


Онда  жергілікті  қазақ  комитетінің 

құрамы сайланып, құрамына: Ж.Ал-

доңғаров,  Ы.Ахмедиев,  М.Тұрғанба-

ев, К.Кебеков, А.Аңдамасов т.б. енді. 

25  сәуір  мен  7  мамыр  аралығында 

өткізілген  Семей  обл.-тық  қазақ  си-

езінде қазақ комитетінің жаңа құра-

мы  бекітілді.  Оның  төрағалығына 

Р.Мәрсеков,  комитет  мүшелігіне: 

Ж.Ақпаев,  Х.Ғаббасов,  М.Бошта-

ев,  Б.Сәрсенов,  Ә.Ермеков,  А.Қозы-

бағаров,  Н.Құлжанов,  Н.Құлжанова, 

А.Тарабаев,  Ә.Молдабаев,  М.Тұрған-

баев,  Т.Ибрагимов,  С.Сабатаев,  Ы.О-

разалин, М.Малдыбаев, А.Абылайха-

нов,  мүшелікке  кандидаттар  болып 

Ж.Аймауытов,  Қ.Есенғұлов,  Ш.Ке-

рейбаев,  К.Дүйсебаев,  Ж.Қияқов,  М.

Малдыбаев сайланды. 

Комитет  1917  ж.  наурызынан 

бастап  1918  ж.  шілдесіне  дейінгі 

аралықта  жалғасқан  өзінің  қоғам-

дық-саяси  қызметінде  комитет 

қозғалыс  аясында  көптеген  жұ-

мыстар  атқарды.  Атап  айтқанда, 

олардың  белсене  араласуымен  жер 

комитеттерін,  «Алаш»  партиясы-

ның  обл.-тық  және  жергілікті  ко-

митеттерін, денсаулық сақтау, ұлт-

тық білім беру жүйесін құру, шару-

ашылық  жүргізу,  әділ  сот  билігін, 

Земстволық  басқаруды  енгізу  си-

яқты  қыруар  жұмыстар  атқарыл-

ды. 1918 ж. маусым айының басында 

Алашорда  үкіметінің  іске  кірісуіне 

байланысты  бұл  қоғамдық-саяси 

ұйым өз қызметін тоқтатады. Жалпы 

алғанда, бұл комитет өңірдегі ұлт-а-

заттық  қозғалысының  өрістеуіне, 

жалпы  халықтың  санасына  азаттық 

идеяларын  сіңіруге,  жалпықазақ  си-

езін ұйымдастыруда, кейінірек Алаш 

партиясының,  Алашорда  үкіметінің 

саясатын жүргізуде үлкен тарихи ең-

бек атқарды. 

Семей  облыстық  қазақ  сиездері 

–  1917  ж.  сәуірі  мен  1918  ж.  мамы-

ры  аралығында  ұйымдастырылған. 

Алғашқы  Семей  обл.-тық  І  қазақ 

сиезі 1917 ж. 27 сәуір және 7 мамыр 

аралығында болып өткізілді. Жақып 

Ақпаев  төрағалық  еткен  сиезге  Рай-

ымжан  Мәрсеков,  Шәкәрім  Құдай-

бердиев,  А.Қозыбағаров,  Ә.Ермеков, 

Н.Құлжанова,  С.Сабатаев,  Б.Сәрсе-

нов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Аймауытұлы, 

М.Тұрғанбаев  сияқты  белсенді  қа-

зақтың  белгілі  тұлғалары  қатысты. 

Сиезге  Өскемен,  Семей,  Павлодар, 

Қарқаралы,  Зайсан  және  көршілес 

ресейдің  Бийск  у.-дерінен  жалпы 

саны 200-ден астам делегат қатысты. 

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  құттықтап 

сөз сөйледі. Тұңғыш рет Әлихан Бө-

кейханның  ұсынысымен  қазақ  сая-

си  партиясы  мен  ұлттық  автономия 

туралы  мәселе  талқыланды.  Сиезде: 

құрылтай  жиналысы;  мемлекетті 

билеу  түрі;  жергілікті  басқару  және 

автономия, жергілікті жердегі уақыт-

ша  комитеттер  туралы;  жалпы  қа-

зақ сиезі; білім беру; діни басқарма; 

1916 ж. 25 маусым жарлығына байла-

нысты  болған  тәртіпсіздіктер  және 

оның зардаптары; обл.-тық комитет-

тің  қызметі  туралы;  әйел  мәселесі; 

обл., губ., у.-дерінің шекараларын өз-

гертіп, жаңа обл. етіп бөлектеп шыға-

ру  хақында;  соғыс  һәм  жұмысшы 

хақында және т.б. мәселелер қарасты-

рылды. Сиезде Ж.Ақпаев, М.Тұрған-

баев,  Р.Мәрсеков  т.б.  қатысушылар 

сөйледі. Семей обл. қазақтарының ІІ 

сиезі 1918 ж. 10-13 мамыр аралығын-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

365


да өтті. Оған 300-ден астам адам қа-

тысқан.  Сиездің  күн  тәртібінде:  ав-

тономия  туралы;  заманның  қазіргі 

халі;  жергілікті  мекемелер;  обл.-тық 

сот;  жер;  оқу-ағарту  ісі;  азық-түлік; 

Түркістан  өлкесіндегі  қырғынға 

ұшыраған  қазақ-қырғыз  жайы  және 

т.б.  мәселелер  қарастырылды.  Сиез 

Семейге большевиктер билігінің кү-

шейе  бастауына  байланысты  атқару 

комитеті  мен  қазақ  комитетін  бірік-

тіру  туралы  қаулы  қабылдады.  Се-

мей  обл.-тық  қазақ  сиездері  Алаш 

қозғалысы  тарихында  айтарлықтай 

маңызға ие болды. Әсіресе, Алаш ав-

тономиясының, Алашорда үкіметінің 

жұмыстарын ұйымдастыруда бұл си-

ездердің айрықша рөлі байқалды. 



Семей  облыстық  қазақ  си-

езінің  қаулысы    «Сарыарқа»  га-

зетінің  1917  ж.  3  нөмірінде  жария-

ланған.  Қаулы  бес  бөліктен  тұра-

ды.  Онда  мемлекет  түрі,  қазақтың 

тәуелсіздігі,  жергілікті  басқару, 

Құрылтай  жиналысына  өкілдер 

сайлау,  Уақытша  комитеттер  ашу 

сияқты мәселелер көрсетілген. Бұл 

қаулы 1917 ж. 9 қарашасында өткен 

«Алаш»  партиясының  Семей  обл 

-тық  комитетінің  қаулысына  не-

гіз  болды.  Осы  құжаттардың  атап 

өтерлік  ерекшелігі  –  оның  бірқа-

тар баптары «Алаш» партиясының 

бағдарламасынан көрініс тапты. 

Семей облысы – 1854 ж. құрылған 

әкімшілік  обл.  Батыс  Сібір  гене-

рал-губернаторлығының (Дала гене-

рал-губернаторлығының)  құрамына 

кірді.  Солтүстікте,  солтүстік-шығы-

ста  Томск  губернаторлығымен,  ба-

тыста  Ақмола,  оңтүстікте  Сырдария 

және  Жетісу  обл.-тарымен  шектесті. 

Аумағы – 442245,2 шаршы шақырым. 

Алғашқыда Семей обл. – Ішкі, Аягөз 

(Сергиополь),  Көкпекті,  Қапал,  Ала-

тау  деп  аталатын  5  округке  бөлінді. 

Әрбір  округке  5-20  болыс  қарады. 

Әрбір  болыс  10-12  ауылдан  тұрды. 

Әрбір ауылда 50-70 үй болды. Болы-

старды  сұлтандар  мен  билер,  ауыл-

дарды  старшындар  басқарды.  Округ 

басқармасы  приказдарға  қарады. 

Приказ құрамы 3 орыс, 2 қазақ заседа-

тельден тұрды. Оған аға сұлтан билік 

етті. Дала обл.-тарында әкімшілік-ау-

мақтық өзгерістер жүзеге асырылуы-

на байланысты Семей обл.-на 5 округ: 

Семей, Зайсан, Қарқаралы, Павлодар, 

Өскемен округтері енді. 1897 ж. жүр-

гізілген жалпы санақ бойынша Семей 

обл.-ндағы  халықтың  жалпы  саны 

688 639 адамға жетті. Семей обл., не-

гізінен, қазақтар мен Ресейден қоныс 

аударған  казак-орыстар  мекендеді. 

Отырықшы  халықтың  63-70%-ы  қа-

лада тұрды. Отырықшы халық және 

қазақтардың  бір  бөлігі,  негізінен, 

егіншілікпен, көшпелі халық мал ша-

руашылығымен шұғылданды. Семей 

обл. – 1919 ж. дейін обл. болып, сол ж. 

губерния болып қайта құрылды.

Семей уезі болыстарының басқо-

суы  –  1916  ж.  маусым  жарлығына 

байланысты басқосу. Семей уезіне қа-

расты Шыңғыс, Ша ған, Мұқыр, Қы-

зыладыр,  Беген,  Се мейтау,  Бұғылы 

барлығы 7 болыс елдің ақсақалдары 

Семей қаласында бас қосып, онда сол 

уақтағы  қазақтан  соғыс  майданына 

кісі жіберу жайы әңгіме болады. Бұл 

басқосуға  Тұрағұл  Абайұлы  Құнан-

баев төрағалық етіп, хатшылық мін-

детін Сыдық Дүйсенбин орын дайды. 

Басқосуға  жиналғандар  елдің  ты-



Алаш қозғалысы

366


ныштығын, амандығын сақтау үшін 

патша жарлығына қарсы шықпау қа-

жеттігіне  тоқтайды.  Бұл  Алаш  қай-

раткерлерінің  де  осы  оқиғаға  байла-

нысты  көзқарасы  болатын.  Бірінші 

дүниежүзілік соғыста тыл жұмыста-

рына  алынған  қазақтар  қару  ұстап, 

соғыс  өнерін  үйреніп  қайтты.  Олар-

дың  арасында  Семей  уезінен  барған 

Нұғыман  Сар бөпеұлы,  Сабыр  Са-

рығожин, Мол данияз Бекімов, Хамит 

Тоқта мышевтар да болды. Бұл әскери 

қазақтар кейінде Алашорда әскерінің 

негізін құрады. 



«Серке»  газеті    1907  ж.  Петер-

борда  татардың  «Улфат»  (қазақша 

мағынасы – бірлесу, келісім) атты га-

зетіне қосымша шыққан газет. Ғылы-

ми әдебиеттерде оның бір ғана саны 

шыққан  делінеді.  Сірә,  ол  «Улфат-

тың»  1907  ж.  №84  санының  қосым-

шасы  болса  керек.  Татар  ғалымы  И. 

Рәмидің  зерттеуіне  қарағанда,  жал-

пы бұл газеттің 87 саны ғана шығып, 

патша  цензурасының  күшімен  1907 

ж. 9 маусымда жабылып қалған. Өзі 

1906 ж. бастап шыққан. Редакторы – 

Ғабдрашид  Ибраһимов  ныспылы  та-

тар қайраткері. Газет мақсаты – ислам 

дүниесін біріктіру, діни білікті көте-

ру,  оқу-білімді  насихаттау,  ұлттық 

автономиялар  құрудың  негізін  қа-

лау  болған.  М.Сералин  «Айқаптың» 

алғашқы  санында  «Серкені»  «1907 

ж.  ІІ  Мемлекеттік  Думаның  мүшесі 

Шаймерден  Қосшығұлдың  ыждиһа-

тымен  шықты»  деп  көрсетеді.  Зерт-

теуші М.Әбсемет «Серкенің» 2 саны 

да шыққан дей келе, осы 6 маусымда 

шыққан нөміріндегі М.Дулатұлының 

«Біздің мақсатымыз» атты мақаласы 

үшін  Антокольск  баспаханасынан 

халыққа тарайын деп тұрған «Улфат» 

тәркіленген  дегенді  жазады.  Осы 

тұста бір жайды айта кеткен орынды: 

Б.Кенжебаев  1958  ж.  жарияланған 

зерттеуінде «Нажат» атты жинақтағы 

«Серке» 1906 ж. 28 наурызда шықты» 

деген фактіге сілтеме жасайды. Сірә, 

бұл  деректің  дұрыс-бұрыстығын  ға-

лымдар  анықтай  жатар.  Ал,  газет 

атына келсек, серке – қазақ ұғымын-

да  жайылымдағы  малды  бастайтын 

түлік,  Сексек  атаның  көшбасшы 

тұқымы.  Біздің  «көсем»  сөзіміз  де 

осымен  мағыналас.  Бүгінгіше  ол  – 

лидер, көшбасшы. Газетке осылай ат 

беру арқылы ұлт зиялылары саясатқа 

енді араласа бастаған елге мұрындық 

болуды көздесе керек.



Серкебаев  Бекмұхамед  Құсай-

ынұлы  (1892  ж.  Омбы  обл.-нда, 

Омбы  өзенінің  бойына  орналасқан 

Полобин  деген  а.)  –  қазақ  қоғамы 

үшін орны ерекше тұлғалардың бірі. 

Ол – Алаш қайраткері, жазушы-дра-

матург,  журналист,  ұстаз  және  қа-

зақтың  біртуар  әншісі  Ермек  Серке-

баевтың әкесі 1976 ж. Алматы қ. Бала 

кезінде  М.Жұмабаевпен  бірге  Уфа 

қ.-ндағы «Ғалия» медресесінде оқып-

ты.  Медреседе  оқып  жүрген  кезінде 

Башқұрт ақыны Ш.Бабич екеуі «Шы-

тымыр»  атты  сатиралық  журнал 

шығарады.  Бұл  қазақ  оқырмандары-

на арналған тұңғыш сықақ журналы 

еді.  «Айқап»,  «Қазақ»  газеттерінде 

өлеңдер, мақалалар жариялайды. Ол 

1912  ж.  «Жер  дауы»,  1913  ж.  «Қы-

зыл  бұзау»,  1914  ж.  «Әйел  теңдігі», 

1915  ж.  «Ғазиза»  атты  спектакль-

дер  жазады.  Сонымен  бірге,  1915  ж. 

«Жылқышы күні», «Дәметкен» атты 

әңгімелер  жариялайды.  1916-1918 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

367


ж.  аралығында  Омбы  гимназиясын 

бітіріп  шыққан  соң,  мұғалімдік  қы-

змет  атқарады.  Қазақ  халқының  ұр-

пақ тәрбиесіне біркісілік үлес қосқан 

ұлт  ұстаздарының  бірі.  Ол  өмірінің 

қырық  ж.н  ұстаздықпен  өткізеді.  С. 

заманында  қазақ  баспасөзінде  өзін-

дік  із  қалдырған  талантты  журна-

листердің  қатарынан  орын  алады. 

Омбы обл.-нда шыққан «Кедей сөзі», 

«Бостандық  туы»  газеттерінде  жұ-

мыс істейді. Сөйтіп, қазақ халқының 

тәуелсіз ел болу жолындағы алғашқы 

ой-пікірлерінің жарыққа шығып, елге 

тарауына  себепкер  болған.  1917  ж. 

5-13  желтоқсанда  өткен  екінші  жал-

пықазақ сиезінде «Алаш» партиясын 

құру  туралы  қаулы  қабылданады. 

Осыдан кейін жергілікті комитеттер 

ұйымдастырыла  бастайды.  Алаш 

партиясының  Омбы  обл.-тық  коми-

теті  құрылғанда  А.Сейітұлы,  М.Жұ-

мабаев, Е.Итбаев т.б. бірге С. комитет 

мүшелігіне сайланады. Алашорда та-

ратылып, кеңес үкіметі орнаған кезде 

С. өзіне жүктелген міндеттерді атқа-

ра жүріп, жазушылықпен шұғылдана 

береді. «Қызыл Қазақстан», «Әдебиет 

майданы» журналдарында «Ат тауы» 

(1924),  «Құла  тай»  (1927),  «Соңғы 

соққы»  (1932)  т.б.  әңгімелері  жария-

ланады. 1935 ж. А.Неверовтің «Таш-

кент  –  тоқ  қала»  повесін  аударған. 

1976 ж. Алматы қ.-нда қайтыс болған.



Сиез ашу мәселесі жөніндегі хат-

тар  XX ғ. - дың басында қазақ зи-

ялылары көтерген мәселелердің бірі – 

сиез ашу мәселесі. Сиез ашу жөнінде 

«Қазақ»  газетінде,  «Айқап»  журна-

лында бірқатар мақала сипатындағы 

хаттар жарық көрді. Олардың ішінде 

Ж.Сейдалинның  «Азып-тозып  кет-

песке  не  амал  бар?»,  «Бас  қосу.  Бас 

қосуға  рұқсат  берілмепті»,  «Тағы 

да  сиез  хақында»,  Ә.Бөкейханның 

«Жиһанша  Әлмұхамедұлы  Сейда-

линге», «Жауап хат», «Ашық хат», А.

Байтұрсынұлының «Жауап хат. Құр-

метті  Жанша,  Жиһанша  Мырза!», 

М.Дулатовтың  «Бас  қосу  туралы», 

Б.Сырттановтың  «Сүйікті  Жаһан-

ша Мырза!», Е.Қасаболатовтың «Бас 

қосу турасында бір-екі ауыз сөз» хат-

тарын  айтуға  болады.  Бұл  хаттарда 

қазақ  оқығандарының  басын  қосып, 

ел  қамын  ойлау  мәселелері  көтеріл-

ді. Сиез ашу мәселесінде сол тұстағы 

зиялы қауымға ой тастаған Ж.Сейда-

линның  еңбегін  арнайы  атап  өткен 

жөн.  Бұл  хаттар  қазақ  зиялылары-

ның  басын  қосуға,  сиез  ашуды  күн 

тәртібіне қоюға өзіндік үлкен ықпал 

жасады.


Сиез  туралы  мақалалар  –  ал-

дымен  «Айқап»  журналында,  содан 

кейін  «Қазақ»  газетінде  1913  ж.  жа-

рияланған  мақалалар.  Бұл  мақала-

лардың алғашқысы «Айқап» журна-

лында жарияланған Ж. Сейдалинның 

«Азып-тозып кетпеске не амал бар?» 

мақаласы.  Бұдан  кейінгі  мақалалар-

дың  көпшілігі  осы  мақалаға  жауап 

ретінде жазылған. Мәселен, Ж. Тілеу-

бергеновтің «Бас қосу турасында», Е. 

Қасаболатовтың  «Бас  қосу  турасын-

да бір-екі ауыз сөз» мақалаларында, 

«Сиез  тасталған  емес,  басталған 

әңгіме»  атты  «Айқаптың»  редакци-

ялық  мақаласында,  сиезді  кешіктір-

мей  шақыру  қажеттілігі  айтылса,  Ә. 

Бөкейханның, А. Байтұрсынұлының 

мақалаларында  қазіргі  кезде  сиез 

ашудың мүмкін болмай тұрғандығы, 

оған халықтың да, елдің бас адамда-


Алаш қозғалысы

368


рының  да  дайын  еместігі,  жұрттың 

қамын  сиез  ашудан  да  басқа  жол-

мен  шешуге  талап  қылуға  болатын-

дығы  айтылады.  Ә.  Бөкейхан  хаты-

ның соңында: «Болатын бас қосудан 

қашпаймын,  болмайтын  бас  қосуға 

арам тер болмаймын, тірі болсам, хан 

баласында қазақтың хақысы бар еді. 

Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» 

деп жазады. 



Сиез  туралы  хаттар  –  жалпы 

қазақ  сиезін  ашу  жөнінде  жазылған 

Ж.  Сейдалин,  Ж.  Тілеубергенов,  Ә. 

Бөкейхан,  А.  Байтұрсынұлы  мақа-

лаларына  үн  қосу  ретінде  жазылған 

хаттар.  Бұл  хаттардың  авторлары 

Сейіт,  А.  Ақберліұлы,  Ж.  Тілеубер-

генов, А. Байтұрсынұлы, Б. Қаратаев, 

К. Шалқаров және тағы басқалардың 

хаттарында  қазақ  сиезін  ашудың 

қазіргі  кезеңдегі  өзектілігі,  маңыз-

дылығы сөз етіледі. 



Сиез  хаттамасы  –  Алаш  қозға-

лысы тарихындағы аса маңызды құ-

жаттардың бірі. Құжатта 1917 ж. 5-13 

желтоқсаны  аралығында  өткізілген 

жалпықазақ  сиезінің  барысы  беріл-

ген. Құжатта Бөкей ордасынан, Орал, 

Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сыр-

дария, Самарқан облыстарынан және 

сиезге  арнайы  шақырылғандар,  со-

нымен  бірге  сиезді  шақырушылар-

дың аты-жөндері берілген. Құжаттан 

осы сиезде автономия, милиция, ұлт 

кеңесі, оқу, ұлт қазынасы, мүфтилік, 

сот,  ауылнай,  азық-түлік  мәселелері 

қаралғанын көреміз. Осы хаттаманың 

көшірмелері  Алашорда  үкіметінің 

атынан  негізгі  құжат  ретінде  басқа 

мемлекеттік,  әскери  құрылымдарға 

жолданылып  тұрған.  Хаттаманың 

соңына  сиез  төрағасы  Б.  Құлманов, 

серіктері  Бөкейхан,  Қараш,  Досмұ-

хамедов,  Кенесарин,  Дулатов,  хат-

шылары Қадырбаев, Күсепқалиевтер 

қол қойған. Біздің дәуірімізге жеткен 

осы  хаттаманың  сол  жақ  бұрышына 

Алаш  көсемі  А.  Байтұрсынұлының 

қолымен:  «КССР  мұрағатына  ІХ.  28 

ж.  Байтұрсынов  тапсырды»  деп  жа-

зылған. 

«Сират-ул-Мустақим» 

(«Тура 

жол»)  –  1914  ж.  Ресейде  Ішкі  істер 

министрлігінің араласуы мен мұсыл-

мандар арасында алауыздық тудыру 

мақсатында  құрылған  партия.  Пар-

тияны Петербор мешітінің имамы М.

Баязитов  басқарды.  Кәсіпкер  Ф.Бай-

рашев,  отставкадағы  генерал-майор 

А.Шейк-Али  партияның  белсенді 

мүшелері  болды.  Партияның  бе-

делін өсіру үшін билік Ф.Баязитовты 

Орынбор  мүфтиі  етіп  тағайындап, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

369


халықты  Ресей  империясына  адал 

қызмет  етуге  шақырды.  Партия  жұ-

мысына  мейлінше  қарсы  болғандар-

дың бірі – М. Шоқай. Халық сенімі-

нен айырылған партия 1917 ж. Ақпан 

Төңкерісінен кейін тарап кетті.




1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал