Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет50/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69

Сәтбаев  Қаныш  Имантайұлы 

(1899, бұрынғы Семей губ. Павлодар 

у.  Ақкелін  б.  (Павлодар  обл.  Баяна-

уыл  ауд.)  –  1964  ж.  Мәскеу  қ.  көр-

нек ті қоғам және ғылым қайраткері, 

Алаш  Орда  Семей  обл.  комитетінің 

мүшесі.  Азан  шақырып  қойған  аты 

– Ғабдулғани. Ауыл молдасынан мұ-

сылманша хат таныған талапты жас 

Павлодардағы  орыс-қазақ  мектебін-

де, Семей мұғалімдер семинариясын-

да,  Том  технология  институтының 

тау-кен  факультетінде  білімін  кө-

терген.  Мұғалімдер  семинариясын-

да Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов сынды 

көрнекті  тұлғалармен  қатар  оқыған. 

Абайдың  рухани  мұрагерлерімен, 

оның ішінде Шәкәрім қажымен, елге 

әйгілі Мәшһүр Жүсіппен тығыз бай-

ланыста болған. Аға буын зиялылар 

қаныштың  талантын  жоғары  баға-

лаған.  Білім,  ағартушылық  тұрғы-

сынан  Алаш  қозғалысына  тұрақты 

қолдау білдіріп отырған. Немере аға-

сы,  Семей  обл.-нан  Алаш  партиясы 

атынан Құрылтай жиналысына ұсы-

нылған Сәтбаев Әбікейдің көп тәрби-

есін көрген. 20 ж. студент Қаныш ұлт 

көсемі  А.Байтұрсынұлының  қолда-

уымен «Алгебра» атты оқулық жазып 

шықты. Бірақ алғаш төтеше (арабша), 

кейін латынша хатқа түскен осы ең-

бек баспахана зәрулігіне байланысты 

(математикалық 

шарттылықтарға 

қатысты  харіптердің,  таңбалардың 

болмауынан)  баспа  бетін  көрмеген. 

Арада 85 жыл өткеннен кейін қайрат-

кер К.Салықовтың қолдауымен және 

академик  М.Өтелбаевтың  ұйымда-



Алаш қозғалысы

356


стыруымен  «Қаныш  Сәтбаев.  Алге-

бра. Том қаласы, 1924 жыл» аталатын 

ғылыми-мәдени  мұра  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  универ-

ситеті  баспасынан  аз  таралыммен 

жарық  көрді.  Алаш  қозғалысының 

бастауы  –  ХІХ-ХХ  ғ.  -  лардың  түй-

іскен  тұсы  болса,  осы  серпіннің  ма-

нифесіне  баланған  М.Дулатұлының 

«Оян,  қазақ!»  жинағы  –  С.  заман-

дастары  үшін  елеулі  ой  тастарлық 

дүние еді. Аталған еңбекте ел зиялы-

ларының  қоғамдық  дамуға  берген 

бағасы  және  тығырықтан  шығудың 

жолы  жүйелі  түрде  көрсетілді.  Со-

ның ішінде елдік жауапкершілік пен 

ғылым-білім  бірінші  кезекке  қой-

ылған.  Мектеп  жасындағы  Қаныш 

осы  рухта  өсіп-жетілді.  Болашақ 

академикке  баға  берген  аса  таны-

мал ақын, діндар-ағартушы Мәшһүр 

Жүсіп  Көпейұлы  20  ж.  былай  депті: 

«Осы  күнгі  жастарда  Қаныш  Сәтба-

ев  –  адамның  жорғасы.  Тірі  болса, 

тірі  жүрсе,  бақты,  талайлы  болатын 

жігіт» («Көп томдық шығармалары», 

13  том,  22  бет).  Қазақтың  тағдырын 

шешкен төңкеріс тұсында Қаныш бар 

болғаны  20-жаста  еді.  Оның  ағасы 

Әбікей, басқа да сыйлас-пікірлес аға 

буыны  Алаш  қозғалысының  жуан 

ортасында  жүрді.  Жігіт  Қаныш  та 

олардан  бөлектенген  жоқ.  Осы  «Ал-

гебра»  жазылатын  шамада,  1924  ж. 

12-17 маусым күндері Орынборда Қа-

зақ  Білімпаздарының  тұңғыш  сиезі 

өтті.  А.Байтұрсынұлы,  Ә.Бөкейхан, 

Х.Досмұхамедұлы 

т.б. 

ұйытқы 


болған осы жиында оқулық жазу мен 

ғылымды  қалыптастыру  мәселесі 

нақты  қарастырылды.  1927  ж.  Том 

технологиялық  институтының  тү-

легі, тау-кен инженері С. Мәскеудегі 

«Күншығыс» баспасынан «Ер Едіге» 

атты жинақ шығарады. Бұл уақытта 

ол  жерде  Ә.Бөкейхан,  М.Жұмабаев, 

Н.Төреқұлов  қызмет  істейтін.  Мұра-

ның  кіріспе  сөзінде  жас  зерттеуші 

Едіге  әңгімесінің  бір  шеті  Алтай-

ды,  бір  шеті  Қырымды  мекендейтін 

түркі  жұртында  тұтас  айтылатын-

дығын  ескертеді.  Сондай-ақ  бұл  ең-

бектің түп тамыры 1842 ж. әкелі-ба-

лалы  Шыңғыс  пен  Шоқан  Уәлиха-

новтардың  қыпшақ  Арыстанбай  мен 

Жұмағұл  аузынан  хатқа  түсірілген 

нұсқасында,  1905  ж.  Санкт  Петер-

борда П.М. Мелиоранский кітап етіп 

шығарған  Қаржас  Қопабай  нұсқа-

сында жатқанын ескертеді. Жас зерт-

теуші  осы  нұсқаларға  батыл  мәтін-

дік салыстырулар жасайды. Ғылыми 

байламдар  ұсынады.  Бұл  –  С.-ның 

ел  мұрасы  арқылы  ұлтты  серпілту 

бағытындағы  қызметі  еді.  Қазіргі 

алаштанушылардың  қолында  Қ.Сәт-

баев,  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан  сынды 

кеңес  заманы  титандарының  А.Бай-

тұрсынұлы,  М.Дулатұлы,  Х.Ғаб 

басұлы,  Ж.Аймауытұлы,  А.Байта-

сұлы  сынды  репрессияға  ұшыраған 

тұлғалармен бірге түскен фотосуреті 

бар.  Ол  1926  ж.  А.Байтұрсынұлын 

Түркология  сиезіне  шығарып  салып 

тұрған сәтте түсіріліпті. Бір қызығы, 

Бакуде  өткен  осы  жиынды  талдаған 

С.-тың мақаласы бар («Қазақ тілі» га-

зеті, 1926 жыл, 19 мамыр). Ғалым 30 

ж. Жезқазған-Ұлытау өңірінен тапқан 

қызықты  этнографиялық  мұраны 

жүйелеп,  талдап,  «Жезқазған  ауда-

нындағы  көне  заман  ескерткіштері» 

атты елеулі еңбек жазғаны да мәлім. 

1931 ж. басылған А.Затаевичтің «Қа-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

357


зақтың  500  ән  мен  күйі»  жинағына 

С.-тың респондент ретінде 25 ән бер-

генін (өз орындауында) өнертанушы-

лар жақсы біледі. Ғылым қайраткері 

20-30  ж.  көзқарасы  мен  ұстанымы 

үшін 50-ж. біршама қудаланды. 1950 

ж. 26 желтоқсанда «Правда» газетін-

де  жарияланған  Т.Шойынбаев,  А. 

Якунин,  У.Айдарованың  «Қазақстан 

тарихын марксистік-лениндік бағыт-

та игеру үшін» атты мақаласы ізімен 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

комитетінің  1951  ж.  10  сәуірде  қау-

лы қабылдап, өткенді зерделеуде са-

яси  қателік  жібергендердің  артынан 

майшам алып түсті. М.Әуезов пен С. 

амалсыз Мәскеудегі ғылыми қауым-

ды  барып  паналады.  Саяси  теперіш 

пен  сынға  қарамай  аса  ауыр  1920-

1950 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атба-

сар, Спас аудандарының, Қарағанды 

мен  Қаратаудың  жер  асты  байлығы, 

соның ішінде полиметалл кені тура-

лы маңызды ғылыми еңбектер жари-

ялады.  Атасу  темір-марганец  кенін 

игерудің ғылыми негіздемесін жаса-

ды.  Фашизмге  қарсы  соғыста  Жезді 

марганец  кені  барлап,  танк  бронына 

қажетті  марганецті  тауып,  іске  қо-

сты. Қайраткерлік ұйымдастыру қы-

зметінде  КСРО  Ғылым  академиясы 

Қазақ бөлімшесі Геология ғылымда-

ры 

институтының 



директоры, 

Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесі 

төралқасы төрағасының орынбасары, 

төрағасы, Қазақстан Ғылым академи-

ясының  президенті  деңгейіне  дейін 

көтерілді. Білім мен ғылымның түрлі 

саласында  маман  даярлауға  ұйытқы 

болды.  Өмірінің  соңына  дейін  ұлт 

мүддесіне адалдық танытты. 1964 ж. 

Мәскеуде қайтыс болды. Сүйегі елге 

жеткізіліп,  өзімен  тағдырлас  М.Әуе-

зов бейіті тұрған қорымға жерленді.



Сәтбаева  Шәмшиябану  Қа-

нышқызы (25.07.1930, Павлодар обл. 

Баянауыл  ауд.  Қ.И.  Сәтбаев  атынд. 

а.  –  01.01.2002.  Алматы  қ.)  –  ғалым, 

филология ғылымдарының докторы, 

(1971),  профессор  (1988),  Қазақстан 

Ұлттық ғылым академиясының кор-

респондент  мүшесі  (1979).  Қазақтың 

Абай  атындағы  педагогика  инсти-

тутын  бітірген  (1950).  1954-65  ж. 

ҚазПИ-де оқытушы, 1965 ж. Әдебиет 

және  өнер  институтында  аға  ғылы-

ми  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі. 

Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, 

әдебиеттің көркемдік даму тарихына, 

заңдылықтарына,  әдебиеттер  байла-

ныстарын зерттеуге арналған. «Орта 

Азия  және  Қазақстан  әдебиетінің 

тарихы»  (1961),  «ХІХ-ХХ  ғ.  -  дың 

бірінші  жартысындағы  қазақ-еуропа 

әдеби байланыстары» (1972), «Әдеби 

байланыстар» (1974), «Қазақ әдебиеті 

мен Шығыс» (1982), «Шоқан Уәлиха-

нов»  (1987),  «Шакарим  Кудайберди-

ев» (1993), «Уақыт шуағы» (2000) т.б. 

зерттеулердің  авторы.  Ол  Алаш  қа-

ламгерлері жөнінде бірқатар ғылыми 

еңбектер жазған. Ш.Уәлиханов атын-

дағы сыйлықтың иегері (1990). 



Сәтпаев  Әбікей  Зейінұлы    1881 

ж.  қазіргі  Павлодар  обл.  Баянауыл 

ауд. Қ.Сәтпаев атындағы а. – 1937 ж. 

Алаш  қозғалысына  қатысушы.  Ал-

дымен өзінің отбасында сауат ашқан 

ол  Семей  мұғалімдер  семинария-

сында оқиды. Орыс тілі мен әдебиеті 

және тарих пәндерінің мұғалімі. Оқу 

бітірген  соң  Павлодардың  орыс-қа-

зақ училищесінде сабақ береді. Алаш 

қозғалысы  тұсында  ол  Алаш  парти-


Алаш қозғалысы

358


ясы  атынан  Құрылтай  жиналысына 

депутаттыққа  ұсынылған.  Екінші 

жалпықазақ  сиезінде  «Шура-и-ис-

ламға»  депутаттыққа  ұсынылған. 

Кеңес  үкіметі  ж.  С.  халыққа  білім 

беру  саласында  жемісті  еңбек  етті. 

1920-1921 ж. Семейдің губерниялық 

халыққа білім беру бөлімінің төраға-

сы  болды.  Одан  кейін  өзі  оқыған 

мұғалімдер  семинариясында  оқы-

тушылық  жұмыста  болды.  Ал  1922 

ж.  желтоқсан  айынан  бастап  жаңа-

дан  ашылған  Семей  педагогикалық 

техникумының  директоры  болды. 

Ол бұл қызметті 1927 ж. аяғына дей-

ін атқарды. Бұдан соң ол Омбының 

жұмысшылар  факультетінде  сабақ 

берді.  Сол  кездегі  кеңестік  жүйе 

Алашорда  қозғалысына  қатысқаны 

үшін  айыптай  берген  соң,  Қырғы-

зстанға  көшіп,  қазіргі  Бішкек  қ.-н-

дағы  педагогикалық  институтта 

жұмыс  істеді.  С.  «Таң»,  «Сана»  т.б. 

басылымдарда  оқу-ағарту  мәселе-

леріне  арналған  бірқатар  мақалалар 

жазды.  1937  ж.  тұтқындалып,  ату 

жазасына кесіледі.

«Сәуле»    Түркістан  компарти-

ясы  орталық  комитеті  мен  Халық 

комиссарлар  кеңесінің  органы.  «Ақ 

жол»  газетіне  қосымша  1924  ж. 

Ташкент  қ.-нда  жастарға  арналып 

шыққан  әдеби  альманах  ретінде  6 

нөмірі жарық көрді. Альманах қазақ, 

қырғыз,  қарақалпақ  жастарын  көне 

әдебиет нұсқаларымен таныстырды. 

Махамбет  Өтемісұлының  «Мұнар 

күн», «Толарсақтан саз кешіп» атты 

өлеңдерін жариялады. Сонымен бір-

ге  Ы.Шөрекұлы,  Н.Орманбетұлы, 

Мұрат  Мөңкеұлы  т.б.  ақындардың 

толғау-жырларын, 

Л.Толстойдың 

«Жеті  қарақшы»  әңгімесін  басты. 

Бұл журналды Алаш идеясын жалға-

стырған басылым деуге болады.

Сейдалин  Жансұлтан  –  Алаш 

қозғалысы  қайраткерлерінің  бірі.  Ол 

1856 ж. Қостанай қ. 

туған. Өз заманын-

да  қазақ  қоғамы-

ның  дамуы  үшін, 

қазақ  халқының 

мүддесі  үшін  аян-

бай  еңбек  еткен 

қоғам  қайраткері. 

Заң ғылымынан магистрлік қорғаған 

тұңғыш  қазақ  азаматы.  Қазақ  заң-

герлерінің  төлбасы.  Бала  кезінде 

Орынбор  қ.-ндағы  орыс-қазақ  гим-

назиясын  күміс  медальмен  бітірген 

ол 1878 ж. Қазан университетінің заң 

факультетіне  түседі.  Оқуда  алғыр, 

зерек,  ойшыл  қазақ  жігіті  1883  ж. 

университетті  заң  ғылымының  ма-

гистрі  дәрежесімен  бітіріп  шығады. 

Университетті бітірген соң Орынбор 

қ.-на  келіп,  1883-1886  ж.  арасында 

губернатордың  ерекше  тапсырмалар 

жөніндегі  көмекшісі  болады.  Одан 

кейін  Қапал  у.-нде,  Ақмола  у.-нде 

судия,  Троицк  қ.-нда  округтік  сот-

тың  мүшесі  болып  жұмыс  істейді. 

Сот  ісіне  сіңірген  еңбегі  үшін  1889 

ж. «колледжский асессор» дәрежесін 

алды.  Алайда  ол  патша  өкіметінен 

қанша атақ алса да, негізгі мақсатым 

– ұлтым үшін қызмет ету деп біледі. 

Өзі  ғана  емес,  інісі  Ж.Сейдалин  мен 

қызы  М.Сейдалинаның  ұлтшылдық 

бағыт ұстануына да ықпал етеді. 1912 

ж. 4 Мемлекеттік Думаның қарауына 

қазақ даласында әдет-ғұрыпқа негіз-

делген  «билер  сотын»  жойып,  оның 

құзыретін шаруалар сотына беру ту-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

359


ралы жоба ұсынылғанда, С. оған ба-

тыл қарсы шығады. Себебі бұл Қазақ 

халқының  дәстүрлі  әдет-ғұрыптық 

құқық жүйесін бұзатын жоба еді. Жо-

баны  ұсынушылар  қазақ  қоғамына 

орыс заңдарының үстемдік етуіне не-

гіз жасауды көздеген болса керек. Ғ. 

- лар бойы қолданыста келген дәстүр-

лі құқық жүйесінің бұзылуы ұлттың 

дағдысына  сай  келмейтіні  және  ел 

арасына  сызат  түсіретіні  анық  еді. 

Осыны  аңғарған  сұңғыла  заңгер 

жобаға  батыл  қарсы  шығып,  орыс 

заңдарының қазақ халқының өміріне 

үстемдік етуін тежеу үшін күреседі. 

1919 ж. қайтыс болған.



Сейдалин  Жиһанша  Әлмұха-

метұлы  1877  ж.  Қостанай  қ.  –  1923 

ж.  Алаш  қозғалысына  қатысушы.   

Ат  жалын  тартып 

мінген  кезінде  Не-

плюев  кадет  кор-

пусында,  Орын-

бордағы  гимнази-

яда  оқыған.  Сол 

кезден-ақ 

орыс 


тілін  жақсы  мең-

гереді.  1900  ж.  Санкт-Петербург 

университетінің  заң  факультетіне 

түсіп,  1904  ж.  оқуын  үздік  аяқтай-

ды. Адамзат қоғамының көзге көрін-

бейтін,  қағазға  жазылмаған  ерекше 

бір  заңдылықтары  болады.  Сол  заң-

дылықтардың бірі – заман еркі мықты 

талантты  тұлғалардың  басын  ауыр 

сынаққа салып, рухани арқауын ши-

ратып  отыратыны.  Осындай  сын  С. 

өмірінде де жиі кездесіп отырады. Ол 

университетті тәмамдаған соң, туған 

жерге  оралып,  ел  үшін  адал  қызмет 

етсем  деген  арманына  бірден  жете 

алмады.  Санкт-Петербург  универси-

тетінің заң факультетін бітірген жас 

жігіт арнаулы жолдамамен Кавказға, 

Қара теңіз жағалауындағы Озургель 

шаһарына  кетеді.  1910  ж.  дейін  заң 

қызметкері  болып  сол  жақта  жұмыс 

істейді. Туған елден алыста, жат ел, 

жат жерде өткен алты жыл ішінде ол 

көп  нәрсені  көңіліне  тоқиды.  Басқа 

жұрттардың  тіршілігімен  таныса-

ды.  Өз  елінде  қандай  артықшылық, 

қандай  кемшілік  бар  екенін  таниды, 

қазақ қоғамына не керек екенін, оған 

қалай  жетуге  болатынын  түсінеді. 

Елге  оралған  соң  университеттен 

алған білімін, өмірден жиған тәжіри-

бесін қазақ халқының болашағы, ел-

дігі  жолына  арнайды.  Ағасы  Сейда-

лин  Жансұлтан  елім  дегенде  етінен 

ет  кесіп  беретін  ұлтшыл  да  батыл 

азамат болған, сондықтан С.-ның ха-

лықты  бақытқа  жеткізу  жолындағы 

алғашқы  қадамы  өз  әулетінен  қол-

дау табады. Бұл үлкен демеу болады. 

Алдында  асқар  таудай  Жансұлтан 

ағасы, артынан ерген Мариям қарын-

дасы  бірі  қанат,  бірі  шалғы  болып 

С.-ның  саяси  көзқарасын  қуаттап, 

бастаған  ісіне  дем  беріп  отырған. 

Сөйтіп, Сейдалиндер әулетінен Алаш 

үшін арын да, жанын да құрбан ету-

ге  даяр  үш  бірдей  күрескер  шыққан 

екен. С. елге оралған соң қазақ қоға-

мының  мұң-мұқтажына  көңіл  бөле 

жүріп,  елдегі  саяси  жағдайды  аса 

қырағылықпен бақылап отырады. Ол 

ел тағдырына әсер ететін ірі мәселер-

ден бастап, жеке адамдардың өміріне 

ықпал ететін ұсақ мәселелерге дейін 

назардан  тыс  қалдырмайды.  1916  ж. 

маусым айында тыл жұмысына адам 

алу туралы патша жарлығы шығады. 

Бұл жарлық – қазақ халқы үшін нағыз 



Алаш қозғалысы

360


нәубеттің  хабары  еді.  Тыл  жұмысы 

дегеніміз  –  қазақ  жастарын  қарусыз 

жау оғының өтіне айдау болатын. Өй-

ткені, тыл жұмысына алынған қазақ 

жастары окоп қазуға міндетті болды. 

Ал,  соғыс  майданында  қарусыз  жер 

қазумен  айналысқан  адамның  бір 

аяғы  жерде,  бір  аяғы  көрде  тұраты-

ны  белгілі.  Одан  қолына  қару  алып, 

соғысқа  қатынасу  әлдеқайда  жеңіл 

болар еді. Патша үкіметі саясатының 

астарында не жатқанын қазақ зиялы-

лары  халыққа  ұғындыра  бастайды. 

Осы  кезде  С.  да  патша  жарлығын 

қатаң  сынға  алады.  Б.Қаратаевпен 

бірге  қазақтан  тыл  жұмысына  адам 

алуды  тоқтату  жөнінде  «Қызылдар 

туралы еске алатын жазбалар» атты 

өтініш  жазып,  Ресей  үкіметіне  жол-

дайды.  Орыс  ғалымы  Н.Мартынен-

ко  құрастырған  «Алашорда»  атты 

кітапта 1913 ж. маусымның 2-күні ге-

нерал-майор Бабичтің Орынбор жан-

дармына  жолдаған  құпия  мәліметі 

берілген. Онда қырғыздар (қазақтар) 

арасында  жалпықазақ  сиезін  өткізу 

туралы  сөз  тарап  жүргені,  ол  идея-

ның  авторы  Троицк  қ.-нда  тұратын 

С.  екені  жазылған.  Сонымен  бірге 

«Сейдалин  сиез  өткізу  үшін  үкімет-

тен  рұқсат  сұрамақшы,  сиез  осы  ж. 

тамыз  немесе  қыркүйек  айларында 

Орынборда  өтеді,  сиезге  заңгер  Р.  

Мәрсеков  пен  Б.Қаратаев  қатысаты-

ны  белгілі  және  олар  Б.Сыртановты 

шақырмақшы»  деп  жазады.  Сиезде 

келімсектерден қазақ жерін қайтарып 

алу,  Мемлекеттік  Думада  қазақтан 

депутат  болуы  және  дін  мәселелері 

қаралатындығын  да  жазады.  Сол 

ж.  11  маусымда  Орынборға  жазған 

Ротмистр-Астраханцевтің 

құпия 

мәліметінде  жалпықазақ  сиезін  ашу 



мәселесі  туралы  үгіт  қазақ  арасына 

түгел  тарағаны,  сиездің  ашылатын 

уақыты,  орны,  қаралатын  мәселелері 

көрсетілген. Бір қызығы, онда да сиез 

ашу туралы идеяның С. шыққандығы 

жазылады. Соңында сиезге қатысатын 

С.,  Р.Мәрсеков,  Б.Қаратаевтар  туралы 

мәлімет  беруін  өтінеді.  Бірінші  жал-

пықазақ  сиезінде  қазақ  обл.-тарынан 

құрылтай  жиналысына  сайланатын 

депутаттардың  тізімі  жасалады,  сол 

тізімде С. да де болады. Алашорда тара-

тылып,  кеңес  үкіметі  орнағаннан  кей-

ін Алаш қайраткерлері әлі де болса өз 

халқына пайда тигізу мақсатымен жаңа 

үкіметке қызмет еткені белгілі. Сол қа-

тарда С.  де ағарту және жер мәселесі 

комитетінде жауапты қызметтер атқа-

рады. С. 1923 ж. дүниеден өтеді. Ол – өз 

заманының  талабына  сай  әлеуметтік 

саяси  мәселелерді  шешуде  құнды  ой-

лар  ұсынған  адам.  С.-ның:  «Азып-то-

зып кетпеске не амал бар?», «Бас қосу», 

«Балмұхамет Тәшеновке жауап», «Сиез 

туралы», «Үлгі аларлық іс», «Жер жай-

ынан бір екі ауыз сөз», «Шаһар Троицк, 

1 декабрь, 1913 жыл», «Әке мен бала» 

т.б. мақалалары оқу-ағарту, елді сауат-

тандыру сияқты өз кезінің шиеленіскен, 

күрделі, өзекжарды әлеуметтік мәселе-

лерін қозғаған еңбектер. Бұл еңбектері 

автордың ұлттың жоғын жоқтаған қай-

раткерлік келбетін айқындай түскен.

Сейдалин  Зұлқарнайын  –  Түр-

кістан  ұлт-азаттық  қозғалысының 

өкілі.  «Кеңес»  астыртын  ұйымының 

мүшесі,  хатшысы.  Алаш  партиясы 

атынан Бүкілресейлік Құрылтай жина-

лысына Сырдария облысынан депутат-

тыққа ұсынылған.

Сейдалина  Мәриям  (туған,  өл-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

361


ген ж. белгісіз) – қазақтың ақын қы-

здарының  бірі,  ұлт-азаттық  қозға-

лыс  тақырыбында  бірқатар  өлеңдер 

жазған.  «Айқап»  журналында  Сей-

далинова Мәриям» деген атпен «Зар-

лау»,  «Көздер»,  «Тұр,  қазақ!»  деген 

өлеңдері  басылған.  Ж.Сейдалин  мен 

Ж.Сейдалинның қарындасы. Жастай 

қайтыс болған. 

Сейітов  Асылбек  Жаманұлы 

1894  ж.  22  қаңтарда  Омбы  қ.-нда  – 

1937  ж.  Алаш  қозғалысы  қайраткер-

лерінің  бірі.  Батыс 

Сібір  генерал-гу-

бернаторы  кеңсесі 

аудармашысының 

отбасында  өскен. 

Ол  алдымен  орыс 

мектебінде, 

со-

дан  соң  Омбының 



классикалық  ерлер  гимназиясында 

оқыды.  1911  ж.  Омбы  гимназиясын 

бітіріп,  Том  мемлекеттік  универ-

ситетінің  медицина  факультетіне 

оқуға  түскен.  1916  ж.  Ақмола  у.-нде 

ауылшаруашылығы  бойынша  санақ 

жұмыстары  жүргізілгенде  С.  оның 

оңтүстік бөлігі комиссиясын басқара-

ды. Оны 1917 ж. бітіріп, Павлодар об-

л.-ндағы Баянауыл бекетінде дәрігер 

болып жұмыс істеді. Халық арасын-

да  жиі  кездесетін  сүзек,  безгек,  ты-

рысқақ ауруларына қарсы медицина-

лық көмек ісін ұйымдастырды. Сон-

дай-ақ, осы ж. қоғамдық саяси өмірге 

араласып,  алдыңғы  қатарлы  зиялы 

қауымның  қатарынан  көрінді.  1917 

ж. сәуірдің соңы мамырдың басында 

өткен ақмола обл.-тық Қазақ сиезінде 

алдымен хатшылыққа, сиез соңында 

төрағаның  орынбасарлығына  сай-

ланған. Ал, 1917 ж. Орынборда өткен 

бірінші  жалпықазақ  сиезіне  қатысып, 

онда  ол  төралқа  құрамында  М.Дула-

товпен  бірге  хатшылыққа  ұсыныла-

ды. Осы сиезде С. Ақмола обл. атынан 

Құрылтай жиналысына депутаттыққа 

сайланған. Осы Құрылтайға сайланған 

депутаттарға баға берілгенде «Қазақ» 

газеті  ол  туралы:  «Асылбек  Сейітов 

–  жас  доктор,  қыз  мінезді,  ақ  қағаз-

дан ақ, ұлтшыл жас. Областной қазақ 

комитетінде  председатель  орынбаса-

ры» – деп жазған еді. С. Алашорданың 

Ақмола  обл.-тық  комитеті  басшыла-

рының бірі бола отырып, ұлт-азаттық 

қозғалысына үлкен үлес қосты. 1921 ж. 

Орынборда  өткен  Қазақстан  дәрігер-

лерінің сиезіне, 1922 ж. Қазақ АКСР-і 

кеңестерінің сиезіне делегат болып қа-

тысты. Ол Баянауылда бас дәрігер қы-

зметін атқарған. 1922 ж. бастап 15 жыл 

бойы  Семей  қ.-ндағы  губерниялық 

денсаулық  сақтау  басқармасының  ба-

стығы болып жұмыс істеді. Семей об-

л.-нда  туберкулезді  емдейтін  «Ауыл» 

және  «Березовка»  санаторийлерін 

ашуға атсалысты (ол емдеу орындары 

осы күнге дейін жұмыс істейді). 1937 ж. 

Қазақ  КСР-і  Денсаулық  сақтау  халық 

комиссариатының  жоспарлау-қаржы-

лау  бөлімінің  меңгерушісі,  Алматы 

қ.-ндағы №5 емхананы алғаш ұйымда-

стырушылардың  бірі  және  оның  бас 

дәрігері болды. Оның «Таң» журналы 

беттерінде  жарияланған  публицисти-

калық мақалалары бар. 1937 ж. 1 жел-

тоқсанда  ұсталып,  8  желтоқсанда  ату 

жазасына кесілді. Оның туған бауыр-

лары Мұсылманбек және Мұратбек те 

«Алаш» партиясының мүшелері ретін-

де репрессияға ұшырады. 




1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал