Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет5/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Алаш қозғалысы

32

ны  белгілі.  Әдеби  сынның  қалыпта-



суы, оның шығармаға, әдеби мұраға, 

әдеби  үдеріске  баға  беруі  –  жазба 

әдебиеттің  есейе  бастағандығы-

ның  айғағы  болды.  Сын  жанрында 

Алаш көсемдері Ә. Бөкейханның, А. 

Байтұрсынұлының,  М.  Дулатовтың 

мақалалары да осы жанрдың тұңғыш 

тәжірибелері  еді.  Алаш  қайраткері 

Р. Мәрсековтің «Қазақ әдебиеті жай-

ынан»  мақаласы  әдебиет  тарихына 

арналған  ең  алғашқы  еңбек  болды. 

Абай шығармаларының тұңғыш жи-

нағының  жарық  көруі  де  жазба  әде-

биеттің  қалыптасуына  игі  ықпал 

етсе, М. Дулатовтың «Оян, қазағы!», 

А.  Байтұрсынұлының  «Масасы»,  Ғ. 

Қараштың  «Бала  тұлпары»  әдебиет-

тегі  ұлтшылдық,  елшілдік  ұрандар-

ды  күшейтті.  Сөйтіп,  бұл  жаңашыл 

дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтан-

махмұт,  Мұхтар,  Бейімбет  секілді 

жас  дарындар  соны  көркемдік  сапа-

да, тың қырынан жалғастырып әкет-

ті. Соның нәтижесінде, Алаштың қа-

лам қайраткерлері қазақтың тұңғыш 

романдары  мен  драмалық  шығар-

маларын,  алғашқы  әдеби-сын  мақа-

лаларын  дүниеге  келтіріп,  өмірді 

бейнелеу  тұрғысынан  да,  жанрлық 

жағынан  да,  көркемдік  қырынан  да 

осы кезеңде жазба әдебиеттің қалып-

тасу  кезеңіне  нық  қадам  басқанын 

байқатты.  Шамасы  он-он  бес  жыл-

дың ішінде Алаш қаламгерлері ұлт-

тық  әдебиеттің  жаңа  кезеңін  қалып-

тастыра отырып, сөз өнерінің халық 

тағдырындағы рөлі мен маңызын, та-

рихи миссиясын көрсете алды. Алаш 

қозғалысы  кезеңінде  туған  бұл  әде-

биет  өзінің  көркемдік  әдісі  жағынан 

сан алуан болды. Атап айтқанда, осы 

кезеңде  ХІХ  ғ  -  дың  екінші  жарты-

сындағы әдебиеттен бері келе жатқан 

ағартушылық және сыншылдық реа-

лизммен бірге романтикалық, сенти-

менталистік,  символистік  бейнелеу 

тәсілдері  кеңінен  көріне  бастады. 

Оны азаттық әдебиетінің ең көрнекті 

өкілі М. Жұмабаевтың тұтас шығар-

машылығынан аңғарамыз. Көркемдік 

тәсілдердің  алуандығы  ұлттық  сөз 

өнерінің  жаңа  деңгейге  аяқ  басқа-

нын  аңғартты.  Бұл  азатшыл  әдеби-

еттің  беті  мен  екпіні,  бағыты  мен 

мазмұны Алаш қаламгерлері жазық-

сыз  жазалана  бастаған  1920  ж.-дар-

дың  соңына  дейін  жалғасты.  Алаш 

қозғалысы кезеңінде туған әдебиетті 

«Алаш ұранды әдебиет» деп те атай-

ды.  «Алаш  ұранды»  деген  тіркесті 

алғаш рет Абай «Бірер сөз қазақтың 

қайдан  шыққандығы  туралы»  атты 

тарихи  очеркінде  келтірген  бола-

тын.  Осы  тіркесті  Алаш  зиялылары 

өз  еңбектерінде,  әсіресе,  «Қазақ», 

«Сарыарқа» газеттеріндегі мақалала-

рында жиі қолданған. Алаш ұранды 

әдебиет өкілдерінің дәстүрлері 1920-

30 ж.-дарда да, одан кейінгі кеңестік 

кезеңде  де  жалғасын  тауып  жатты. 

1980 ж.-дардың аяғында есімдері мен 

еңбектері  ақталған  Алаш  қаламгер-

лері  қазақ  қоғамының  мәдени-ру-

хани  болмысына  айрықша  әсер  етіп 

келеді, мұндай ықпал, әсіресе, қазіргі 

әдеби үдерістен байқалады. 



  «Алаш»  бағдарламасы:  қиянат 

пен ақиқат». «Программа «Алаш»: 

фальсификация  и  действитель-

ность»  –  Мұхтар  Құл-Мұхамедтің 

монографиясы.  2000  ж.  «Атамұра» 

баспасынан жарық көрген, көлемі 12,6 

б.т.  Зерттеуде  «Алаш»  партиясының 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

33

генезисі, қалыптасу кезеңдері, партия 



бағдарламасы  жобасының  жасалуы 

және бағдарламаның мазмұны зерде-

ленген. Сондай-ақ, Алаш қайраткер-

лері  жөнінде  толымды  мәліметтер 

беріледі. 

 «Алаш» газеті – 1916 ж. 26 қара-

шасынан 1917 ж. ортасына дейін Таш-

кентте шығып тұрған апталық газет. 

Редакторы – Көлбай Төгісұлы, шыға-

рушысы  –  Мәриям  Төгісова-Қапса-

ламова.  1917  ж.  22-санынан  бастап 

редакторы  –  Т.Жанбайұлы.  Кейбір 

зерттеушілердің  еңбегіне  қарағанда, 

осы  ж.  күзде  газет  бастапқыда  Ом-

быға,  сонан  соң  Петропавлға  көшсе 

де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа 

кіруіне  байланысты  жабылып  қала-

ды. Бұл қайраткер «Алашты» шыға-

рып жүргенде әлі «Үш жүз» партия-

сын құрыса қоймаған еді. Сондықтан 

ол  басқарған  басылымға  Т.Жомарт-

байұлы,  А.Мәметұлы,  Ж.Сейда-

лин,  С.Дөнентайұлы,  Ш.Айманұлы, 

Б.Күлейұлы,  Б.Майлин,  І.Жансү-

гіров,  А.Баржақсин,  Ж.Аймауытұлы 

мен  М.Әуезов,  Н.Құлжанова,  Ж.Ба-

батайұлы т.б. қаламгерлер мақалала-

рын жариялап отырды. Мұнда ХХ ғ. 

басындағы  оянуларды  сипаттайтын 

біршама еңбек бар. М.Төгісова театр 

туралы бірнеше мақала жазған. Сая-

си мәселеде К.Төгісұлы Алаш зиялы-

ларымен ортақ пікірге келе алмаған. 

А.г. – ұлт баспасөзінің бір ізденісі. 

«Алаш»  ғылыми-зерттеу  ин-

ституты мен ғылыми орталығы – 

соңғы ж. жасақтала бастаған ғылыми 

мекемелер.  Алматыда  «Алаш»  тари-

хи  зерттеу  орталығы  (президенті  – 

Хайролла Ғабжалилов, ғылыми жоба 

жетекшісі  –  Т.Омарбеков),  Астанада 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанын-

да  «Алаш»  мәдениет  және  рухани 

даму институты (директоры – Д.Қам-

забекұлы)  жұмыс  істейді.  «Алаш» 

ТЗО жалпы ұлт тарихы мен қазақтың 

этногенездік  тарихын  (шежіре)  зерт-

тесе, «Алаш» МРДИ ұлт зиялылары 

мұрасын тұжырымдық тұрғыдан қа-

растырып, оны оқулықтар, танымдық 

еңбектер,  басқа  да  шаралар  арқылы 

республикаға, шетелдерге насихатта-

умен шұғылданады.



«Алаш  және  әдебиет»  -  ғалым 

Д.Қамзабекұлының  2002  ж.  «Фоли-

ант» баспасынан (Астана) жарық көр-

ген кітабы. Мұнда Алаш әдебиетінің 

тек-тамыры,  қалыптасу  негіздері, 

даму  кезеңдері  қарастырылған.  Ең-

бекте  Қазақ  ағартушылығы  тұсын-

дағы  әдеби-тарихи  үдеріс  кешенді 

түрде зерттеліп, жаңа тұжырымдама 

ұсынылады.  Автор  ұлттық  тарихы-

мыздағы  ағартушылық  кезеңнiң  үш 

бөлiкке  топтастырады.  Олар:  Баста-

пқы ағартушылық (1860-1890), Негiз-

гi  ағартушылық,  немесе  Алаш  ағар-

тушылығы  (1890-1920),  Инерциялы 

ағартушылық  (1920-1929).  Бастапқы 

ағартушылық  аясында  жеке-да-

ра  көрiнген  тұлғалардың  (Ыбырай, 

Шоқан,  Мұхамедсалық,  Абай)  елдi 

көтеру,  ағарту  жолындағы  еңбегi 

қамтылған. Ыбырайдан Абайға дейiн-

гi уақыт қазақ әдебиетi жiтi зерттелiн-

гендiктен, жұмыста олардың жазған-

дары таным өрiсi және кейiнгiге әсерi 

тұрғысынан  қарастырылған.  Сон-

дай-ақ, олар туралы Әлихан, Ахмет, 

Мұстафа,  т.б.  Алаш  зиялыларының 

пiкiр-пайымын,  бағасын  сараланған. 

Кеңес кезiндегi ғылыми әдебиеттерде 

қазақтың  бастапқы  ағартушылығы 



Алаш қозғалысы

34

Ресейдiң 



төңкерiсшiл-демократи-

ялық  қозғалысының  көлеңкесiнде 

сөз болды. Олардың тарихтағы орны 

орыс мәдениетiн қазақ арасына жет-

кiзушiлер  ретiнде  ғана  сипатталды. 

Еңбекте  бастапқы  ағартушылардың 

Ресей  шындығында  ұлтты  iлгерiле-

тетiн  қандай  бағыт  ұстағаны  және 

осы  мәселеде  өздерiнен  кейiнгiлер-

ге  қандай  үлгi  қалдырғаны  байып-

талған. Қазақ руханиятындағы Алаш 

ағартушылығын  зерделер  алдында 

оның  бастау-тұмасын  бiлумен  бiрге 

Батыс  және  Шығыс  ағартушылығы-

ның  заңдылықтарын,  даму  тарихын 

бажайлау  маңызды.  Осы  мәселе  ая-

сында автор орыс ағартушылығы мен 

мұсылман ағартушылығын айрықша 

қарастырған.  Зерттеуде  осы  про-

блема  жүйелене  зерделеніп,  тұжы-

рымдамалар жасалған. Алаш – отан-

дық  тарихымыздың  жарқын  бетi. 

Ұлт рухын көтермекке ұмтылған бұл 

қозғалыстың  руханияттағы  әлпетiне 

де  күрескерлiк,  риясыз  iзденiс  тән. 

Оның басты сипаты – ағартушылық. 

Алаш ағартушылығы – басталуы мен 

тұйықталуы  бар  айрықша  құбылыс. 

Бұл  еңбекте  қазақ  ағартушылығы-

ның  туу,  қалыптасу,  даму  жолдары 

әлем ағартушылығының контексiнде 

зерттелiнген.  Осы  өреде  әдебиетте-

гi елшiлдiк сарынға әсер берген жә-

дитшiлдiк,  милләтшiлдiк  ағымдар 

мен түрiк жаһаттастығы мәселесi қа-

растырылған.  Сондай-ақ,  Алаштың 

қилы тағдыры билiк пен әдебиет қа-

тынасы бедерiнде сараланған.



Алашорда  және  Кеңес  үкіметі 

–  1918  ж.  көктемде  басталып  кеткен 

азамат соғысы енді ғана ұлт-азаттық 

күрес арнасына түскен қазақ қоғамын 

бүкіл  Ресей  империясын  құшағына 

алған тапаралық соғыс иіріміне тарт-

ты.  Қазақ  қоғамы  болашақ  мемеле-

кеттік  құрылымның  түрлі  нұсқала-

рын  жақтап  (ұлттық  және  кеңестік) 

екіге  бөлініп  кетті.  Сөйтіп,  әлгінде 

ғана  отарлық  езгіге  қарсы  күресте 

жалпыұлттық  саяси  тұтастықтың 

қажеттігін  енді  ғана  сезіне  бастаған 

қазақ  қоғамы  ішкі  Ресейдегі  оқиға-

лардың  ықпалымен  таптық  жіктелу 

жолына  түсуге  тиіс  болды.  Ақпан 

революциясынан  кейінгі  кезеңде  өз 

бостандығы  үшін  күреске  шыққан 

отарлық езгідегі халықтарға больше-

виктер партиясы тек кеңестік негізде-

гі автономия беретіндігін мәлімдеді. 

В.И.Ленин мен И.В.Сталин Түркістан 

кеңестерінің  сиезіне  жолдаған  же-

делхатында:  «Халық  комиссарла-

ры  кеңесі  сіздердің  өлкелеріңіздің 

кеңестік  негіздегі  автономия  болған-

дығын  қолдайды»  –  деп  көрсетті. 

В.И.Ленин  бұл  ойын  сол  кезеңдегі 

ұлт істері бойынша халық комиссары 

И.В.Сталин және басқа қайраткерлер 

белгілі  бір  ұлттық  автономия  алуы 

емес, кеңестік билікті қолдайтын жұ-

мысшы және шаруалардың автономия 

алуы деп түсінді. 1918 ж. көктемінде 

Алашорда мен Кеңес билігі арасында 

өмірлік шындықтан бастау алатын, екі 

қуатты  қоғамдық  қозғалыстың  (ұлт-

тық және әлеуметтік-таптық) табиға-

тынан туындаған өзара түсінушілікке 

кішкене  болса  да  ұмтылушылықтың 

орын алғандығын аңғару қиын емес. 

Оған  кезінде  «Сарыарқа»  газетінде 

жарық  көрген  екі  өкімет  арасында 

жүрген  келіссөз  мәтіні  куә.  1918  ж.

дың  наурызында  Оралдан  Мәскеуге 

Алашорда  үкіметінің  тапсыруымен 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

35

Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедо-



втар  аттанып,  барған  бетте  Халық 

Комиссарлары  Кеңесінің  Төрағасы 

В.И.Ленинмен және ұлт істері бойын-

ша халық комиссары И.В.Сталинмен 

кездесіп,  оларға  ІІ  жалпықазақ-қы-

рғыз  сиезінің  (Орынбор,  1917,  жел-

тоқсан) қаулысын табыс етеді. И.Ста-

лин  қаулымен  танысқаннан  соң,  19 

наурыз  күні  Семейге  телеграфпен 

хабарлап,  Ә.Бөкейхан  және  оның 

орынбасары  Х.Ғаббасовты  телефон 

арқылы келіссөзге шақырды. Ертеңі-

не,  яғни  20  наурыз  күні  Сталинмен 

телеграф  арқылы  келіссөзді  Халел 

Ғаббасов  жүргізді.  Әңгіме  Кеңестік 

билік пен Алашорда үкіметінің өзара 

құқықтың қатынасы жөнінде болған 

еді.  Келіссөзден  соң  араға  бір  күн 

салып,  Алашорда  Кеңесі  Сталин-

нің  ұсынысын  талқылап,  мынадай 

мазмұндағы  шешім  қабылдап,  оны 

Мәскеуге  хабарлайды:  «1918  жыл 

марттың  21-інде  біз  Алашорданың 

мүшелері  ұлт  жұмысын  басқарушы 

халық  комиссары  Сталиннің  Алаш 

автономиясы  туралы  айтқан  сөзін 

тексергеннен  кейін  Совет  өкіметін 

Ресейдегі  барлық  автономиялы  ха-

лықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы 

қылып, мынаны білдірдік: 1) декабрь-

дің  5-нен  13-іне  шейін  Орынборда 

болған  жалпықазақ  қырғыз  сиезінің 

қаулысы  бойынша  тоқтаусыз  Алаш 

автономиясын  жариялаймыз.  Алаш 

автономиясына кіретін облыстар: Се-

мей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, 

Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Зака-

спий  облысының  Маңғышлақ  уезі, 

Самарқанд  облысының  Жизақ  уезі, 

Әмудария  әнделі  (бөлімі),  Алтай  гу-

берниясына  қараған  Бииск,  Барнаул, 

Земиногор  уездеріндегі  қазақтар;  2) 

жалпықазақ-қырғыз сиезінің қаулысы 

бойынша Алашордаға қазақтан басқа 

халықтардан, көбінен көп, азынан аз 

он кісі сайланып кіреді; 3) Алаш авто-

номиясында закон шығаратын һәм ел 

билейтін  үкімет  Алашорда  болады; 

4) Учредительный сиезд шақырудың 

билігі Алашордада болады; бұған об-

ластной  советтер  жәрдемші  боларға 

керек; 5) Алашқа қараған облыстар-

дың  һәм  уездердің  билігі  қазақ  пен 

мұжық,  көбінен  көп,  азынан  аз  сай-

лап жіберген депутаттардың советін-

де  болады;  қалааралық  билігі  қала 

халқы һәм қалада тұрған жұмысшы, 

солдаттардың сайлаған депутаттары-

ның советінде болады; 6) жалпы ха-

лық көптен көп, азадан аз совет сай-

лап шығарғанша областной, уездный 

Қазақ  комитеттері  һәм  мұнан  басқа 

да  қазақ  сайлап  қойған  мекемелер 

бұрынғы күінде тұра береді. Земство 

һәм шаһар думалар да бұрынғы күй-

інде  елдің  шаруасын  һәм  оқу-оқыту 

жұмыстарын  басқарып  тұрады;  7) 

қазақ-қырғыз  өз  арасындағы  істерін 

өздері  сайлап  қойған  областной  һәм 

уездной соттары бітіреді; 8) жалпы си-

езіміздің қаулысы бойынша қазақ-қы-

рғыз  арасында  милиция  құрылады; 

9)  жергілікті  Советтердің  бұйрығы 

бойынша  ұсталып,  абақтыда  жатқан 

Алашорданың  оқу  комиссиясының, 

қазақ  комитеттерінің  һәм  земский 

управалардың  мүшелері  тоқтаусыз 

босатылсын һәм мұнан былай оларды 

өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргін-

ге ұшырату тоқталсын; 10) қазақ-қы-

рғыз істері туралы елші ретінде совет 

өкіметінің қасында болуға Алашорда 

мүшелері  Халел  һәм  Жаһанша  До-


Алаш қозғалысы

36

смұхамедовтарды  өкіл  еттік.  (Ха-



лел  мен  Жаһанша  қазір  автономия 

туралы  Алашорда  атынан  сөйлесіп 

жатыр.);  11)  Алашорданың  жоғарғы 

шарттарын совет өкіметі тексеріп тез 

жауап қайырсын.Ұлттар ісі бойынша 

халық комиссары Алашорданың қой-

ған шарттарына тікелей ресми жауап 

берген жоқ. 29 наурыз күні Семейге 

Х.Ғаббасовтың  (Алашорда  үкіметі 

төрағасының  орынбасары)  атына 

Мәскеудегі  Алашорда  үкіметінің 

өкілдері  Х.  және  Ж.Досмұхамедо-

втардан жеделхат келіп жетеді. Онда 

Кеңес  өкіметінің  тұтқынға  алынған 

қазақ  қайраткерлерін  тегіс  босату 

туралы  облыстық  кеңестерге  әмір 

бергендігі және Алашорда өкіметінің 

қойған  талаптарына  таяу  арада  жа-

уап  беруге  уәде  еткендігі  айтылды. 

Сонымен бірге бұл жеделхат арқылы 

тағы да бір принциптік мәні бар ха-

бар  жеткен  болатын.  Ол  ұлт  істері 

бойынша  Халық  Комиссариаты  жа-

нынан  қазақ  бөлімі  ашылып,  оның 

құрамына  қазақ  халқының  өкілі 

есебінде  енетін  адамдарды  Алашор-

даның  «өзі  сайлап»  жібергендігі 

жөнінде  хабар  еді.  Кеңес  өкіметінің 

мойындауынан үміттенген Алашорда 

Х.Ғаббасов арқылы 1 сәуірінде РКФ-

СР Халық Комиссарлары Кеңесі мен 

ұлт  Істері  жөніндегі  Комиссариатқа 

жеделхат  жолдап,  қазақ  елінің  жал-

пыұлттық  мүддесін  білдіретін  Ала-

шорда үкіметін тез арада ресми түр-

де мойындауын тағы да талап етеді. 

Бірақ бұл уақытта Кеңес өкіметі Ала-

шордадан біржола теріс айналып кет-

кен еді. Кеңес өкіметімен жүргізілген 

келіссөздің  нәтижесіз  аяқталғанына 

көзі  жеткен  Алашорда  басшылары 

басқа  жол  іздеуге  мәжбүр  болған-

ды.  А.Байтұрсынұлы  сөз  болып 

отырған  оқиғалардың  ізімен  жазған 

«Революция  және  қырғыздар»  атты 

мақаласында бұл жөнінде былай деп 

көрсетті:  «Алашорда  мүшелері  1918 

ж. наурызында төте сым арқылы ор-

талық  билікпен  келіссөз  жүргізді, 

бірақ бұл келіссөз Алашорда ұсынған 

келісімшарты жобасына ешқандай да 

жауаптың  болмауына  байланысты 

үзілді. Осы ұсынылған келісім шарт 

жобасында  Кеңес  өкіметі  жария  ет-

кен  Ресей  халықтарының  құқығы 

декларациясының  негізгі  талапта-

рынан  тыс  шығып  жатқан  ештеңе 

болмағандықтан,  Кеңес  өкіметінің 

үнсіз  қалып,  келіссөзді  тоқтатуы 

Алашордаға  түсініксіз  көрінді  және 

бұл бағыттағы әрекетті мүлдем үміт-

сіз  етті».  Кеңестік  билік  тарапынан 

түсінушілік пен қолдау табудан күдер 

үзген Алашорда, енді большевиктер-

ге  қарсы  ымырасыз  күрес  жүргізуді 

мұрат тұтқан Сібір уақытша үкіметі 

(Омбы) мен Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысы мүшелерінің Самар коми-

теті  қолдауына  сүйеніп  Алаш  авто-

номиясын  баянды  етуден  үміттенді. 

Бірақ оның бұл әрекеті де нәтижесіз 

аяқталғаны  мәлім.  Сібірдегі  Уақыт-

ша  Бүкілресейлік  үкімет  1918  ж.  22 

қазан – 4 қарашадағы грамотасымен 

Алашорда Халық Кеңесі үкіметін та-

ратып жіберді.



  «Алаш  және  терминтану»  – 

Ш.Құрманбайұлының  монографи-

ясы.  2008  ж.  «Ел-шежіре»  баспа-

сынан  жарық  көрген,  көлемі  16,5 

б.т.  Монография  «Алаш  зиялылары 

және  ұлттық  терминқор  қалыпта-

стыру  міндеті»,  «Алаш  зиялылары 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

37

және  ұлттық  терминқордың  қалып-



тасуы»,  «20-  ж.  терминографиялық 

жұмыстар»  атты  тараулардан  тұра-

ды.  Алаш  зиялыларының  қазақ  тер-

минологиясын  қалыптастырудағы 

мақсаты  мен  бағыты,  терминалмасу 

жөніндегі көзқарастары, қазақ ғылы-

ми терминологиясын қалыптастыру-

дағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі, 

сондай-ақ  Е.Омарұлының,  М.Әуезо-

втің,  Х.Досмұхамедұлының,  Ж.Кү-

деріұлының, 

Ж.Аймауытұлының, 

М.Жұмабайұлының,  Н.Төреқұлұлы-

ның,  М.Дулатұлының,  Қ.Кемең-

герұлының  салалық  терминология-

ны  қалыптастырудағы  еңбектері  сөз 

етіледі.  Сонымен  бірге  терминоло-

гиялық  сөздіктердің  мазмұны  мен 

құрылымы  жөнінде  ғылыми  тұжы-

рымдар жасалған. 



«Алаш» журналы – 2005 ж. тамыз 

айынан бастап шығып келе жатқан та-

рихи-этнологиялық  ғылыми  журнал. 

Құрылтайшысы  «Алаш»  қорының 

тарихи зерттеу орталығы. Журнал екі 

айда бір рет Алматы қаласынан шығып 

тұрады.  Журналда  қазақ  тарихының 

өзекті  мәселелеріне  арналған  ғылы-

ми  мақалалар  басылады.  Басылымда 

Алаш  қозғалысының  тарихына  бай-

ланысты бірқатар материалдар жарық 

көрген. 


  «Алаш  көсемсөзі»  –  2010  ж.  Ал-

матыдағы  «Өнер»  баспасынан  «Әде-

биеттің  әлеуметтік  маңызы  түрлерін 

басып шығару» мемлекеттік бағдарла-

масы  негізінде  жарық  көрген  он  том-

дық жинақ. ХХ ғ. алғашқы ширегінде 

Алаш зиялылары М.Шоқай, Х.Досмұ-

хамедұлы,  Х.Ғаббасұлы,  Р.Мәрсеков, 

Ж.Аймауытов,  М.Әуезовтердің  баста-

масымен  және  редакторлығымен  жа-

рық көріп, тұтас халықты үндеген, тәр-

биелеген  басылымдарды  ортақ  жоба 

аясында  жинақтауға  жетекшілік 

еткен  профессор  Н.Омашұлы.  Жи-

нақтың  І  және  ІІ  томдарына  «Шол-

пан» журналы, ІІІ және ІV томдарына 

«Жас Түркістан» журналы, V томына 

«Сана» журналы, VІ және VІІ томда-

рына  «Таң»  журналы,  VІІІ  томына 

«Абай»  журналы,  ІХ  және  Х  томда-

рына «Сарыарқа» газеті енгізілген. 

Алаш  қаласы  –  Семей  қаласы-

ның  жанындағы  Заречная  слабодка-

ны  «Алаш»  қаласы  деп  атаған.  Бұл 

туралы 1917 ж. 29 шілдесінде Зареч-

ная  слабодка  тұрғындары  жиналы-

сының  «Алаш  қаласы  туралы»  хат-

тамасынан  оқимыз.  Хаттама  соңына 

төраға  ретінде  Р.Мәрсеков  қол  қой-

ған.  Оны  Алашорда  төрағасы  Ә.Бө-

кейханның  «Алашорда»  үкіметінің 

іске  кіріскендігі  туралы  Орынборға 

жіберген  жедел  хатынан  да  көреміз. 

Онда:  «Екінші  қазақ-қырғыз  си-

езінің  қаулысы  бойынша  24  июньде 

Алашорда  «Алаш»  қаласында  іске 

кірісті»  -  деп  жазылған.  1917  ж.  19 

қарашасында  Алаш  қаласының  Ду-

масына  депутаттар  сайлауы  өткізіл-

ген.  21-22  қарашада  осы  Думаның 

алғашқы  отырысында  оның  төраға-

лығына Б.Сәрсенов сайланған. 


Алаш қозғалысы

38

 «Алаш қаласының тарихы» – Е.

Сыдықовтың зерттеуі. 2010 ж. Семей 

қаласында жарық көрген, көлемі 13,5 

б.т. Кітапта Алаш қаласының тарихы, 

ондағы  Алашорда  үкіметіне  қаты-

сты тарихи орындар, «Сарыарқа» га-

зеті,  «Абай»  журналы,  «Алашорда» 

баспаханасы,  Алаш  мектептері  мен 

мұғалімдері, Алаш мешіттері жөнін-

де тарихи мәліметтер беріліп, оларға 

ғылыми талдаулар жасалған. 



Алаш қозғалысы – ХХ ғ. басын-

дағы  қазақ  жерінің  барлық  өңірін 

қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 

ж.  қазақ  оқығандары  ұйымдасқан 

түрде  саяси  шараларды  қолға  ала 

бастайды.  1905  ж.  26  маусымдағы 

«Қарқаралы құзырхаты» деп аталған 

Қоянды  жәрмеңкесінде  Ресей  патша 

үкіметінің  министрлер  кабинетіне 

сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, 

діни еркіндік т.б. мәселелерді көтер-

ген 12.767 қазақ азаматы қол қойған 

құжат осы қозғалыстың бастауы бо-

лып  табылады.  Осы  оқиғадан  кейін 

Қазақстанның  көптеген  өңірлері-

нен  патшалық  билікке  құзырхаттар 

жолдана бастайды. Осы ж. қарашада 

Мәскеуде  қазақ  халқының  жағдайы 

жөнінде  Ә.Бөкейхан,  автономшылар 

сиезінде  М.Тынышбаев  сөз  сөйлей-

ді. Аталған ж. Орал қаласында қазақ 

облыстары өкілдерінің сиезі ұйымда-

стырылып,  «Қазақ  конституциялық 

–  демократиялық  партиясын»  құру 

жөнінде шешім жасалып, партияның 

бағдарламасы  қабылданады.  Зиялы-

лардың  осындай  саяси  әрекеттері 

Алаш  қозғалысын  1905  ж.  бастауға 

мүмкіндік береді. Ұлт зиялыларының 

бірінші,  екінші  мемлекеттік  Думаға 

депутат болып сайлануы оларды бір-

бірімен  таныстыра,  жақындастыра 

түсті. Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, 

А.Бірімжанов,  А.Қалменов,  Ш.Қос-

шығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің 

заң  шығарушы  ең  жоғары  органына 

қазақтың мәселесін көтеріп, оны сая-

си биліктегілерге жеткізуге күштерін 

салды. Думадағы қазақ депутаттары 

ел  ішіндегі  беделді,  белсенді  аза-

маттармен тығыз байланыста жүріп, 

олар  қалың  бұқараның  қолдауы  мен 

сеніміне  ие  болды.  Яғни,  ел  ішіне 

олар  көтерген  теңдік  пен  азаттық 

идеялары  жылдан-жылға  кең  тарай 

бастады.  Қазақтан  мемлекеттік  Ду-

маға депутат сайлануы олардың Мұ-

сылман  фракциясына  енуіне  мүм-

кіндік берді. Сөйтіп, қазақтың елшіл 

азаматтарының  Ресей  империясына 

отар  болған  мұсылман  халықтары-

ның  алдыңғы  қатарлы  өкілдерімен 

бірігіп  жұмыс  істеуіне  де  қолайлы 

жағдай туғызды. Мұндай парламент-

тік фракция құрамына Б.Қаратаев, Ы.

Жаманшалов, С.Лапин, А.Жантөрин, 

Е.Оразаев,  А.Өтегенов  секілді  зи-

ялылардың  енуі  ұлттық  мүдденің 

көтерілуіне маңызды ықпал жасады. 

Жалпы  Алаш  қозғалысында  діни-ру-

хани мәселе басты мәселелердің бірі-

не айналды. Қозғалыстың тарихында 

хазіреттердің,  ишандардың,  молда-

лардың рөлі жоғары болды. Қозғалы-

стың  келесі  кезеңінде  зиялылардың 

халық  өмірін  танып,  оны  жігерлен-

діру, ояту қарекеттері байқалады. Ай-

талық, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал», 

«Маса»,  «Бала  тұлпар»  жинақтары, 

«Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті 

қозғалыс  ұрандарын  қалың  бұқараға 

таратқан  мәдени-рухани  құбылыстар 

болды. Осы кезеңде ұлт мүддесін бір-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

39

лесіп  шешу  үшін  жалпықазақ  сиезін 



ашу  мәселесі  туындады.  Оны  алғаш 

көтерген Ж.Сейдалин болатын. Оның 

1911 ж.  бастап «Айқап» журналында 

сиез ашу мәселесіне арналған мақала-

лары  қазақ  зиялыларының  ортасын-

да үлкен пікір тудырды. Сейдалиннің 

сиез ашу жөніндегі осы мақалалары-

на  Б.Қаратаев,  Ә.Бөкейхан,  А.Бай-

тұрсынұлы,  Б.Сыртанов,  М.Тыныш-

баев,  Е.Қасаболатов  тағы  басқалар 

алдымен  сол  «Айқап»  журналының 

өзінде,  кейінірек  «Қазақ»  газетінде 

пікірлерін білдірді. «Қазақ» газетінің 

жарық көруі, оның ұлтшылдық бағы-

ты  –  халықты  оятудан  тұтастыруға 

бейімдеді.  «Қазақ»  ұлттың  қазір 

қандай жағдайда екендігін, қай жол-

мен  жүрсе,  қалай  болмағын  нұсқап, 

зиялылардың  ең  көкейтесті  ойла-

рын жариялады. Ең бастысы – газет 

қазақ  жерінің  барлық  өңірін  қамти 

отырып  ұлтты  оятты,  қазақ  баласы-

ның  пікірін,  ойын,  мақсатын  тұта-

стырды.  Яғни,  ұлт-азаттық  қозға-

лысы пікір жүзінде де, іс барысында 

да  ортақ  мүдде  әрекетімен  өрістей 

түсті, дамыды. Осы жылдарда зиялы-

лардың  өзара  ұйымдасуы,  қауымда-

суы күшейе түсті. Қозғалыстың өрі-

стеу  эволюциясының  бағыты  мен 

қарқыны,  азаттық  қайраткерлерінің 

мүмкіндіктері  мен  дайындықтары 

1917  ж.  Ақпан  төңкерісінен  соң  бе-

дерлене  байқалды.  Атап  айтқанда, 

сәуірдің алғашқы күндерінен бастап 

облыстық  қазақ  сиездері  өткізіле 

бастады.  Орынборда,  Алматыда, 

Оралда,  Омбыда,  Семейде  өткізіл-

ген  Торғай,  Жетісу,  Орал,  Ақмола, 

Семей,  облыстық  сиездер  Ташкент-

те  өткізілген  Түркістан  Мұсылман-

дарының  Бірінші  құрылтайы  Алаш 

баласының азаттыққа шындап бағыт 

алғандығын  байқатты.  1917  ж.  2 

сәуірінде Орынбор қаласында Ахмет 

Байтұрсынұлының  төрағалығымен 

басталған  Торғай  облыстық  қазақ 

сиезі  Алаш  қозғалысының  «Алаш» 

партиясына,  Алашорда  үкіметіне 

ұласар  кезеңінің  ең  алғашқы  айту-

лы оқиғасы болды. Сиездің ұйымда-

стырылуы мен өткізілуінің басында 

Ахаңмен бірге Алпысбай Қалменов, 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал