Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет49/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69

Сақ  Қайрат  Өмірбайұлы  (1964 

ж. 16 шілде Оңтүстік Қазақстан обл. 

Төлеби ауд. Төңкеріс а.) – Әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  универси-

тетін  1990  ж.  бітірген.  Еңбек  жолы 

“Отан”  қоғамының  “Шалқар”  га-

зетінде  басталып,  тілші,  бөлім  мең-

герушісі болып қызмет етті. 1996 ж. 

ҚазҰУ-дың  аспирантурасын  бітір-

ген.  Осы  ж.  бастап  аталған  жоға-

ры  оқу  орнында  оқытушы,  кафедра 

меңгерушісі,  “Қазақ  университеті” 

газетінің  бас  редакторы  қызмет-

терін атқарған. 2008 ж. Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  универ-

ситетінде  доцент,  декан  қызметінде. 

1997  ж.  шыққан  “Қазақ”  газеті  жа-

рияланымдары  жинағын  құрасты-

рушылардың  бірі.  1998  ж.  “Қазақ” 

газетіндегі ұлттық саяси - әлеуметтік 

мәселелердің  жазылуы”  деген  тақы-

рыпта  кандидаттық  диссертациясын 

қорғады.  2012-2014  ж.  орындалатын 

«Алаш  көсемсөзі  –  ел  интеллектісін 

көтерудің қайнар көзі» атты ғылыми 

жоба  жетекшісі.  «Ұлттық  сана  ұй-

ытқысы» атты оқу құралының, 200-

ге тарта ғылыми –публицистикалық 

мақалалардың авторы. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

349


«Сана»  –  әдеби-танымдық  жур-

нал.  1923  ж.  қаңтар  айынан  1924 

ж.  қараша  айына  дейін  Ташкентте 

шығып тұрды. М.Әуезұлының «Бәй-

біше-тоқал»  пьесасына  рецензия, 

«Түрік-моңғол  тарихы»,  «Бұрынғы 

заманнан қалған заттарды, қалай һәм 

қайдан іздеуге болады», «Ұйқы деген 

не?»,  «Жұлдыздарды  күндіз  көруге 

бола  ма?»,  «Химия  өзгерістері»,  т.б. 

тарих,  этнография  ғылымдары  сала-

сынан танымдық материалдар жари-

ялап  отырды.  Журналды  шығаруға 

Х.Досмұхамедұлы,  Қ.Кемеңгерұлы 

т.б. Алаш қайраткерлері атсалысты.

Сарай Әнес Төлендіұлы (1937 ж. 

Ресейде, Астрахан обл. Володарский 

ауд.  Кірмалай  а.  дүниеге  келген)   

жазушы,  драматург,  Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері. . ҚазҰУ-ды 

бітірген.  «Егемен  Қазақстан»,  «Жас 

Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, 

бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспа-

сында редактор, Қазақстан Жазушы-

лар  одағында  әдеби  кеңесші  болып 

қызмет  атқарған.  1969  ж.  «Мұнара-

лар шақырады» атты тұңғыш әңгіме-

лер  жинағы  жарық  көрді.  «Қараша 

өткен соң» (1971), «Бозқырау» (1973), 

«Тосқауыл»  (роман,  1976),  «Алтын 

аралы»  (роман,  1984),  «Ақ  тымық 

түн»  (1990),  «Когда  приходит  но-

ябрь»  (1988),  «Еділ-Жайық»  (роман, 

1992,  КазКСР  Мемл.сыйл.,  1994), 

«Асылдың  сынағы»  (1996),  «Исатай 

мен  Махамбет»  (1997),  «Мұхаммед 

пайғамбардың  өмірі»  (1994),  «Ар-

нау»  (роман,  2007),  «Көнекіліктер» 

(ғылыми-зеттеу,  2008)  атты  тарихи 

зерттеулер  мен  көркем  туындылар-

дың  авторы.  Қаламгердің  прозалық 

шығармалары  орыс,  ұйғыр,  қытай, 

татар,  марий,  әзірбайжан  тілдеріне 

аударылды. С. драматургия саласын-

дағы  «Тотиып  қалды»  (1978),  «Қу 

тазша» (1979), «Ару Алматы» (1984), 

«Мұным  менің»  (1984),  «Аңсау» 

(1997),  «Балуан  Шолақ»  (2000)  пье-

салары Алматы, Астана, Қызылорда, 

Қарағанды  театрларында  қойылды. 

Ол Батыс Алашорда тарихын қамти-

тын «Еділ-Жайық» романының және 

Алаш  қозғалысына  қатысты  деректі 

материалдардың авторы. 

Сарбөпин  Нұғыман  (1890  ж.т, 

Орал о. Ілбішін у. Соналы б. қ. Қаратө-

бе ауд. – 1918). Алаш қозғалысына қа-

тысушы,  қазақтың 

арнаулы 

білімді 


алғашқы 

әскери 


м а м а н д а р ы н ы ң 

бірі.  Әкесі  Жайық 

сырты  қазақтары 

тарихында  өзіндік 

орны  бар,  Соналы 

болысының  ұзақ  жыл  аға  сұлтаны, 

управителі,  болған,  қазақтан  алғаш 

дворян атағын иеленушілердің бірі М.

Сарғожин (Ақшолақ). Патша өкіметі 

тарапынан  өз  әулетінен  шыққандар-

дың  Санкт-Петербург,  Мәскеу  әске-

ри  жоғары  оқу  орындарына  түсуіне 

рұқсат  алған  Мұғамеджан  немере 

інісі,  кейін  патша  армиясының  пол-

ковнигі  шенін  алған  С.Сарғожиннен 

кейін  ұлы  С.-ды  Сакт-Петербургтегі 

Александр  ағзам  атындағы  Кавале-

рия  училищесіне  түсірді.  Училище-

де  арғы  атасы,  Исатай  –  Махамбет 

көтерілісі  тарихынан  мәлім  старши-

на  Сарбөпенің  атына  жазылған  С. 

1910 ж. шамасында училищені бітір-

ген  соң  Ресей  -  Қытай  шекарасында 

тұрған  553-жаяу  әскер  полкына  қы-



Алаш қозғалысы

350


зметке  жіберілді.  1914-1917  ж.  Бірін-

ші  дүниежүзілік  соғысқа  қатысты. 

553-полк  құрамында  мұсылмандар-

дан  құралған  жеке  рота  басқарды. 

Соғысты  штаб-капитан  шенінде 

аяқтап,  Батыс  майданнан  Мәскеуге 

келді.  Ондағы  Уақытша  үкімет  ор-

ганы  жанынан  құрылған  мұсылман 

комиссиясына қызметке тұру жөнін-

де ұсыныс жасалғанына қарамастан, 

1917 ж. жазға салым Орынборға кел-

ді.  Осында  А.Кенжин,  М.  Есболо-

втардың ұйытқы болуымен ашылған 

«Еркін  дала»  ұйымына  Ж.  Жәнібе-

ков,  Т.Тұрмағамбетов,  С.Кәдірбаев 

қатарлы  жастармен  Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  секілді 

қайраткерлермен  бірге  мүше  болып 

кірді. Қауым бағдарламасына сәйкес 

мәдени-ағарту  жұмыстарымен,  мек-

теп,  баспасөз,  органдарын  ашу,  оқу 

құралдарын  шығару,  драмалық  үй-

ірмелерін құру, шәкірттерге жәрдем 

беру ісімен шұғылданды. Орынбор-

да Кеңес өкіметі орнаған 1918 ж. ба-

сында Ә.Жангелдиннің, Н.Төреғұло-

втың  Кеңес  жағында  қызмет  ету 

жөніндегі ұсынысын қабылдамастан, 

Оралдағы  Алаш  қозғалысына  қо-

сылу  ниетімен  жолға  шықты.  Елге 

апаратын жол бойындағы Елек қ.-сы 

большевиктер қолына көшкендіктен 

Орынбор маңындағы 1 Бөрте болы-

сының 3 ауылында амалсыз кідірген 

С.-ді орынборлық казак Н.Каширин 

отрядының  бір  бөлік  тобы  «Орал 

казактарымыз»  деп  алдаусыратып 

ұстап  алып,  қорлап  өлтірді.  Сол  3 

ауыл  маңында  жерленген.  Соңында 

зайыбы  Зинаятта  Рамазанова,  қызы 

қалды.

 «Сарыарқа» газеті – Семей қ.-н-

да  1917  ж.  маусым  айынан  бастап 

(№2  17  маусымда  басылған)  1919  ж. 

ортасына дейін шыққан елшіл бағыт-

тағы басылым. Жауапты шығарушы-

лары  –  Х.Ғаббасов  пен  Р.Мәрсеков. 

Бастырушысы  –  «Теңдік»  серіктігі. 

С.Сәдуақасұлы  бұл  газетті  «Алаш» 

партиясы Орталық комитетінің орга-

ны» деп жазады. Газетте Х.Ғаббасов, 

Ә.Бөкейхан,  Ә.Ермеков,  М.Дулатов, 

Р.Мәрсеков,  Б.Сәрсенұлы,  И.Әлім-

бекұлы, М.Тұрғанбайұлы, М.Малды-

баев, Ғ.Қараш, С.Дөнентайұлы, Ж.Ай-

мауытұлы,  М.Әуезов,  Т.Құнанбаев, 

Б.Майлин  т.б.  авторлардың  мақала-

лары жарияланған. Басылымда Алаш 

қозғалысының аса серпінді тұстары-

ның жай-жапсары, маңызды елшілдік 

идеялар көрініс тапқан.



Сарығожин  Сабыр  –  Алашорда 

үкіметі үшін қызмет еткен, тағдыры 

қызық  тұлғалардың  бірі.  Оның  қа-

шан туғаны туралы дерек жоқ, 1925 

ж. Ұлыбританияда қайтыс болған. С. 

бала кезінде Оралдағы реалды әске-

ри  мектебіне  түсіп,  оны  аса  жақсы 

нәтижемен бітіріп, Мәскеудегі жоға-

ры  әскери  мектепке  жолдама  алады. 

Осы  арада  айта  кететін  жайт,  С.-

ның аталған оқу орындарына қай ж. 

түскені,  қашан  бітіргені  белгісіз.  С. 

Мәскеудің  жоғары  әскери  мектебін 

үздік  бітіреді.  Бірақ  бұл  оған  пайда 

бермейді.  Оның  алғырлығы  мен  та-

пқырлық талантына қызыққан патша 

жандармдары  С.-ды  елге  қайтармай, 

өздері үшін қызмет істетудің қамын 

жасап,  Мәскеуге  алып  қалады.  Со-

нымен, ол көп ж. Мәскеуде Ресей пат-

шасы әскерінде қызмет етеді. С.-ның 

елге  қашан  оралғаны  да  анық  емес. 

1918  ж.  Жымпитыдағы  Алашорда 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

351


үкіметінің  әскери  комиссары  бо-

лып  тағайындалады.  Ол  жұмысты 

бір  жыл  атқарады.  Сол  кезде  Алаш 

әскерінің  кәсіби  деңгейін  көтеру 

үшін барын салып жұмыс істесе ке-

рек.  Алашорда  таратылып,  қызыл 

үкімет  орнай  бастаған  кезде  бұрын 

ақ  патша  әскерінің  құрамында  жұ-

мыс  істеген,  кейін  Алашорданың 

әскери  комиссары  болған  адамды 

қызыл  үкіметтің  аяусыз  жазалай-

тынын  сезсе  керек,  1919  ж.  күзін-

де  Қара  теңіз  арқылы  шетел  асып, 

Ұлыбританияға  жетеді.  Лондонда 

не істеді, қалай өмір сүрді – ол жағы 

бізге белгісіз. 1925 ж. қайтыс болға-

ны туралы ғана дерек бар. 

Саурамбаев  дүр  Саурамбай-

ұлы  –  Алаш  партиясының  мүшесі. 

1869 ж. Жетісу обл. Пішпек у. Ғына 

б. туған. Қазақ жерлерінің келімсек-

терге берілуіне қарсы күрес жүргіз-

ген. 1913 ж. саяси-әскери мақсатпен 

Стамбұл қ.-на барған. 1917 ж. Алаш 

партиясына  мүше  болған.  І  Жал-

пықазақ  сиезінде  Құрылтай  жина-

лысына депутаттыққа ұсынылған. 

Саяси  қуғын-сүргін  –  Кеңестік 

әміршілдік  жүйенің  саяси  және 

таптық  қарсыластарын  «тап  жау-

лары»,  «ұлтшылдар»,  «жат  пікір-

дегілер»  және  «әлеуметтік  қауіпті 

элементтер»  ретінде  саяси  қудалау 

саясаты.  Қазан  төңкерісінен  және 

КСРО-дағы  Азамат  соғысынан 

бастау  алған.  Саяси  қуғын-сүргін 

науқандары  Кеңес  Одағы  тарағанға 

дейін  созылды.  1928  ж.  ортасынан 

бастап  бұрынғы  Алаш  қозғалысы-

на  қатысқан  қайраткерлер  жаппай 

тұтқындала бастады. Оларға негізі-

нен  «буржуазияшыл-ұлтшылдар» 

деген  айып  тағылды.  Осы  кезеңде 

тұтқындалған  44  алашордашылар-

дың үшеуі Ж.Аймауытов, Ә.Байділ-

дин, Д.Әбілов ату жазасына кесіліп, 

үкім  орындалды.  Ал  қалғандары 

әртүрлі  мерзімге  түрмеге  қамалды. 

Ұлттық  интеллигенцияның  екінші 

тобы  1930  ж.  қыркүйек-қазан  айла-

рында  тұтқынға  алынды.  Олардың 

15-і Орталық Ресейге жер аударыл-

ды.  Ұлт  қайраткерлеріне,  негізінен, 

КСРО-ны  құлату  үшін  жасырын 

контррев.  ұйымдар  құрды  деген 

жала жабылды.

Сәдуақасов  Жанайдар  (1898  ж. 

Омбы  губ.-сы,  Ақмола  у.  Сарысу 

болысы  –  1938  ж.  Алматы)  –  Алаш 

қозғалысына қатысушы. Ауыл мол-

дасынан  хат  таныған.  1912  ж.  Ақ-

моладағы  приход  мектебіне  түсіп, 

оны бітірген соң ауылына оралады. 

1914  жылы  Омбыда  қазақ  жастары 

құрған  «Бірлік»  атты  мәдени-ағар-

ту  ұйымына  мүше  болады.  1917 

жылы қазанның басында өткізілген 

қазақ  жастарының  сиезіне  қатыса-

ды. Осы кезеңде С. халық арасына 

алаштық  идеялардың  таралуына 

үлес  қосады.  1920  жылдан  бастап 

халық  ағарту,  атқару  комитеттері 

жұмыстарына  араласады.  1920-38 

жылдары Ақмола уездік комитетін-

де,  орталық  атқару  комитеті  жа-

нындағы ісқағаздарын қазақ тіліне 

көшіру  жөніндегі  орталық  комис-

сияның  төрағасы,  Адай  уездік  ко-

митеттінің төрағасы, халық комис-

сарының  орынбасары,  Сырдария 

аткомның  төрағасы,  Қазақ  өлкелік 

комитетінде  мәдениет  және  наси-

хат бөлімінің меңгерушісі, «Еңбек-

ші қазақ» газетінің редакторы, Ал-



Алаш қозғалысы

352


маты обл. және Алматы қ-сы коми-

тетінің  бірінші  хатшысы  қызмет-

терін атқарды. 1938 жылы атылған.

Сәдуақасұлы  Смағұл  (1900  ж. 

Ақмола  обл.  Омбы  у.  Қорған  б.  3  а. 

(қазіргі  Солт.  Қазақстан  обл.  Ақжар 

ауд.  Ұялы  елді  ме-

кенінің  байырғы 

Жарқын а.) – 1933ж. 

көрнекті  мемлекет 

және қоғам қайрат-

кері. 10 жасқа дейін 

әкесі  С.  молдадан 

хат таниды, 11 жа-

сында  Жарқындағы  Ә.Қуанышұлы-

ның  мектебінде  оқиды.  1912-1915  ж. 

Полтавкадағы  орыс-қырғыз  учили-

щесінде  білімін  толықтырады.  1915 

ж.  тамыз  айында  алғаш  өз  ауылы 

Жарқынға  мұғалім  болып  барып, 

қыркүйекте  оқыған  училищесінің 

өзінде  және  мектептерде  қосымша 

дәріс  тыңдайды.  1916-1918  ж.  Омбы 

ауылшаруашылық 

училищесінде, 

политехника  институтының  коопе-

рация  курсында,  ауылшаруашылық 

институтының  кооперация  факуль-

тетінде оқиды. Сонымен бірге қысқа-

ша курстарда дәріс беріп, Ақмола об-

л.-тық  Жер-су  басқармасында  қазақ 

бөлімі  оқу  ісінің  меңгерушісі  бола-

ды. Саяси күреске 1916 ж. араласып, 

«Бірлік»,  «Жас  азамат»  ұйымдарын-

да  қайраткерлік  шыңдалудан  өтеді. 

1917-1918  ж.  Ақмола  обл.-нда  Алаш 

комитетін  құруға  атсалысады.  1918 

ж.  5-13  сәуірде  С.,  Қ.Кемеңгерұлы, 

Г.Досымбекқызы  сынды  жастардың 

ұйымдастыруымен  Омбыда  өткен 

ұлт жастары сиезі алаш ұл-қыздарын 

бір идея төңірегіне топтастыра алды. 

С.  1918  ж.  14  желтоқсанда  «Центро-

сибирь»  бірлестігі  (Омбы)  басқарма-

сына  қызметке  кірді.  Ол  мұнда  қа-

зақ  ұйым  дүкендерінің  жандануына 

себепші  болып,  мал  өнімін  құнттау 

мен есеп-қисабын жүргізуге үйретті. 

Мұны оның «Жас азамат» газеті мен 

бірлестік  үні  –  «Трудовая  Сибирь» 

журналына жарияланған түрлі мақа-

лалары дәлелдейді. Қайраткер мұнда 

1920 ж. 6 мамырға дейін қызмет істеп, 

«жұмысын әрі қарай жалғастыру ұл-

тының  келешегі  үшін  негізсіз  деп 

тауып», өз еркімен босайды. 1920 ж. 

бастап  ол  Сібір  жастар  комитетінің 

(Омбы)  мүшесі,  «Жас  азамат»,  «Ең-

бекшіл жастар», «Кедей сөзі» (Омбы), 

«Ұшқын»,  «Еңбек  туы»  (Орынбор) 

газеттерінің  жауапты  шығарушысы, 

алқа  мүшесі,  Жастар  одағының  хат-

шысы.  Мәскеу  қ.-нда  1920  ж.  12-18 

қыркүйек  аралығында  өткен  Күн-

шығыс  ұлттары  жастарының  І  кон-

ференциясына өкіл болып барып, қа-

зақ жастарының атынан сөз сөйлейді. 

Жиында Күншығыс жастарының ор-

талық бюросына мүше болып сайла-

нады.  4  қазанда  Орынборда  жалпы 

қазақ кеңестерінің І сиезіне С. деле-

гат  болып  қатысып,  жас  қайраткер-

лер атынан сөз сөйледі. Осы жолы ол 

Орталық Атқару Комитетінің Прези-

диум мүшесі болып сайланып, саяси 

хатшы,  төрағаның  орынбасары  қыз-

метін атқарады. 2 желтоқсанда Қазақ 

автономиялық  республикасы  Атқа-

ру  комитетінің  кезекті  мәжілісінде 

(төраға С.Меңдешұлы) ол Қазақ мем-

лекеттік баспасының 5 кісіден тұра-

тын редакциялық алқасына кірді (А.

Байтұрсынұлы,  Ә.Бөкейханұлы,  Х. 

Болғанбай,  Ж.Аймауытұлы  сынды 

тұлғалармен  бірге).  Қайраткер  20  ж. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

353


Қазақ жерінің тұтастығына қатысты 

жұмыстарға  белсенді  қатысты.  Бұл 

істер негізінен үш бағытта жүрді: 1. 

Сібірревкомның құзырындағы Ақмо-

ла,  Семей  гүбернелерін  Қазақстанға 

қосу;  2.  Орал,  Астрахан  (Бөкей)  ай-

мағындағы  казак  пен  орысқа  қарап 

кеткен  жерлерді  қайтарту;  3.  Түр-

кістан автономиясына кірген Жетісу, 

Сырдария  губернелерін  келісе  оты-

рып,  Қазақстанға  қосу.  І  Жалпықа-

зақ  сиезінің  шешіміне  сәйкес,  Сібір-

ревком Ақмола мен Семейді 1921 ж. 

1  қаңтарынан  Қазақстанға  қайтаруы 

тиіс болса да, бұл орындалмауға ай-

налады. Омбыдағы Сібір басшылары 

мерзімді соза берді. Қазақ басшыла-

ры  бағытынан  қайтпады.  1921  ж.  2 

ақпанда АК төрағасы С. Меңдешұлы 

мен хатшысы С.-ның қолы қойылған 

«Семей,  Ақмола,  Торғай  (бұрынғы), 

Орал  губернелерінде  келімсектер 

үшін алынған бос жерді еңбекші қа-

зақ халқына қайтарып беру тақырып-

та Декрет» жарияланды. Сол ж. мамы-

рда С. Меңдешұлы бастаған елшілер 

Сібір төңкеріс комитеті басшыларына 

(Омбы), С. Семей губернесіне аттан-

ды. Қайраткер 4 маусымда Семей гу-

бернесінің жиылысын шақырады. Өз 

ұсынысымен «отаршылдық іс-әрекеті 

үшін»  губерналық  атқару  комитетін 

таратып,  оның  орнына  губерналық 

төңкеріс  комитеті  (губревком)  құра-

ды.  Өзі  сол  губревкомның  төрағасы 

ретінде  шаруашылық  пен  ел  басқа-

ратын  азаматтар  жөнінде  бірқатар 

батыл  шараларға  барады.  Түркістан 

республика басшысы Т.Рысқұловтың 

Германияға  оқуға  шәкірттер  жібер-

генінен  хабардар  С.  пікірлестерімен 

бірігіп, 1922 ж. 19 тамызда Республи-

ка  Орталық  Атқару  комитеті  атына 

Германияға  оқуға  жіберуін  өтініп, 

хат  жазады.  Өтінішті  Халық  ағарту 

комиссариаты  ықыласпен  қараса  да, 

Киробкомның  ұйымдастыру-нұсқау 

бөлімі қанағаттандырмайды. Аштық 

зардабымен  күресу  мақсатында  Қаз 

ОАК  қайраткерді  1922  ж.  төтенше 

өкіл  ретінде  Қостанай  гүбернесі-

не  жібереді.  Ол  тағы  да  батыл  қа-

дамға  барып,  қазақ  ұлтына  жасаған 

теріс  әрекеті  үшін  Торғай  уездік 

комитетін  таратады.  Оның  орнына 

төңкеріс  комитетін  құруға  шешім 

шығарады.  Бұрмалаушылықтар  ту-

ралы «Қызыл Қазақстан» журналына 

«Қостанай-Торғай»  атты  жолжазба 

жариялады.  1923-1924  ж.  Қазақстан 

жоспарлау  комитетін  (Госплан), 

1925-27 ж. Халық ағарту комиссари-



Алаш қозғалысы

354


атын  басқарады.  «Еңбек  туы»,  «Ең-

бекші  қазақ»,  «Қызыл  Қазақстан» 

басылымдарына  редакторлық  етті. 

Оның  қаламынан  туған  «Жастарға 

–  жаңа  жол»,  «Жастармен  әңгіме», 

«Ұлт  театры  туралы»  «Қазақстанда 

халық ағарту мәселелері» т.б. таным-

дық  кітаптармен  бірге  «Сәрсенбек», 

«Салмақбай-Сағындық», 

«Күміс 


қоңырау»,  «Салмақбай,  Махамбет», 

«Аптономия»,  «Өртең»  т.б.  проза-

лық еңбектері, орыс тілінде әзірлеген 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  нұсқасы 

(Г.Тверитин аударған), «Молодой Ка-

захстан» жинағы (С. аударған Жүсіп-

бек,  Мұхтар,  Бейімбет  әңгімелері 

енген)  тұсында  өте  танымал  бол-

ды. С. 1923 ж. 11 ақпанда А.Байтұр-

сынұлының 50 жылдық мерейтойын 

өткізуге  мұрындық  болып,  жиында 

«Ақаңның  алдында»  атты  баяндама 

оқыған. 1926 ж. тұңғыш ұлт театрын 

ашуды ұйымдастырып, қазақ ән-күй-

ін  нотаға  түсіруші  А.Затаевичке 

қамқорлық  көрсеткен.  Қайраткердің 

саясаттағы  елеулі  белесі  –  Кремль 

функционері  Ф.Голощекинмен  ашық 

күресі.  Ол  қазақ  жағдайын  мүлде 

білмейтін  қужақ  большевикке  С.-

дың  Қазақстанда  өндірісті  дамыту, 

биліктегі шовинистерден арылу, ескі 

оқығандарға жағдай жасау, халықты 

шын  теңдікке  жеткізу  идеясы,  ұста-

нымы  ұнамады.  Қайраткер  1927  ж. 

бастап саяси қызметтен қуғындалды. 

Ол  біраз  уақыт  Ташкенттегі  Қазақ 

пединститутын  басқарғаннан  кейін 

тіпті  жұмыстан  босатылды.  Мұнан 

соң ол 1928 ж. Мәскеу жол құрылысы 

институтына  түседі.  Мұны  1932  ж. 

бітіріп, Мәскеу-Донбасс жолында ин-

женер болады. Қайраткер 1933 ж. 16 

желтоқсанда  Кремль  ауруханасында 

қапыда  дүниеден  озады.  Сүйегінің 

күлі  Мәскеудегі  Дон  христиан  зи-

ратханасының  қабырғасында  сақта-

лынып  келді.  2011  ж.  ол  Астанаға 

әкелініп,  ел  дәстүріне  сай  Хан  Кене 

сарбаздары қорымына жерленді.



Сәрсенұлы  Биахмет  1885  ж.  Се-

мей  обл.  Зайсан  у.  Нарын  б.  (қазіргі 

Шығыс  Қазақстан  обл.  Ақсуат  ауд.) 

туған.  –  1964  ж. 

Алаш  қозғалысы-

ның 


қайраткері. 

1905-1909 ж. Семей 

мұғалімдер  семи-

нариясында оқиды. 

Мұны  бітірген  соң 

5  жыл  мұғалім,  3 

жыл  болыстық  кеңесте  қызметкер 

болады.  1917  ж.  ақпан  төңкерісінен 

кейін ол Семей обл. Қазақ комитеті-

не мүше болып сайланып, Павлодар 

у.-нде  жергілікті  комитеттер  құруға 

атсалысады. 1917 ж. Алаш партиясы 

құрылатын  бірінші  жалпықазақ  си-

езінің де, Алаш автономиясы жария-

ланатын екінші жалпықазақ сиезінің 

де  ұйымдастыру  және  өткізу  жұмы-

сына  белсене  қатысады.  Алашорда 

үкіметі  –  Ұлт  кеңесі  анықталатын 

екінші  сиез  құрамында  А.Байтұр-

сынұлы,  М.Жұмабаев,  Е.Омаров, 

Т.Шонанұлылармен бірігіп Білім ко-

миссиясына кіреді. 1919 ж. Семей об-

л.-тық жер басқармасы халық ағарту 

бөлімінің  қазақ  бөлімшесіне  басшы 

болып тағайындалады. Осы кезде Се-

мейде жаңадан ашылған мұғалімдер 

курсында, өзі оқыған мұғалімдер се-

минариясында  әртүрлі  пәннен  сабақ 

береді.  Қаладағы  мәдени  ұйымдар-

дың  жұмысына  атсалысады.  «Қа-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

355


зақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақала 

жазып  тұрады.  Оның  «Автономия 

кеңесі»,  «Біріккен  елде  береке  бар», 

«Азық-түлік»,  «Русияда  осы  күнде 

зор мәселе – азық-түлік» т.б жарияла-

нымдары  сол  шақта  қазақ  қоғамына 

үлгілі істерді нұсқады. 1920 ж. Орын-

борда  Қазақ  автономиялық  респу-

бликасы  жарияланғанда,  оны  жаңа 

астанаға қызметке шақырды. Алғаш 

Соғыс комиссариатының саяси білім 

бөлімін басқарды. Сонан кейін Халық 

ағарту  комиссары  А.Байтұрсынұлы-

ның  шақыруымен  білім  саласына 

ауысып,  комиссариат  алқасының 

мүшесі, әлеуметтік тәрбие бөлімінің 

басшысы,  мектеп  істері  бөлімінің 

меңгерушісі  секілді  сол  уақыттың 

жауапты  қызметтерін  абыроймен 

атқарды. Осы уақытта Орынбордағы 

мұғалімдер курсында, Қазақ халыққа 

білім  беру  институтында  (КИНО) 

ұстаздық етеді. Мұрағат деректерін-

де  қайраткерге  физика,  математика 

пәндерінен мектеп оқулығын жазуға 

ұсыныс  жасалғаны  көрсетілген.  Ға-

лым-ұйымдастырушы  ретінде  ол 

Қазақ  ғылым  комиссиясының,  Ака-

демиялық  орталықтың  негізін  қала-

уға  атсалысты.  Сол  кездегі  мерзімді 

басылымдардан  қайраткердің  отан-

дық мектеп жүйесін қалыптастыруға 

аянбай күш-жігер жұмсағанын, өлке-

де алғашқы әскери және кәсіптік оқу 

орындарын ашуға бастамашы болға-

нын оқимыз. Қазақта кеңестік-проле-

тарлық  асыра  сілтеу  саясаты  салда-

рынан  1931-1932  ж.  қырғынға  дейін 

1921 ж. алапат ашаршылық болғаны 

мәлім. Осы кезде елді түрлі індеттер 

жусатып кетті. Қайраткер 1921 ж. 36 

жасында халыққа тиген оба ауруынан 

қайтыс болды. Оның қазасына Алаш 

қайраткерлері «бір жұлдызымыз сөн-

ді» деп қатты қайғырды.



1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал