Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет48/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69

Оспанов Әлмұхамбет 1893 ж. Ба-

тыс  Қазақстан  обл.  қазіргі  Сырым 

ауд. Қособа а. туған – 1949 ж. Алаш 

қозғалысына  қатысушы.  Юнкерлер 

даярлайтын мектепте оқыған О. 1918 

ж. наурыз айынан бастап 1919 ж. аяғы-

на  дейін  Батыс  Алашорда  әскерінде 

взвод  командирі  болған.  Алашорда 

әскері  құрамында  большевиктерге 

қарсы  ұрыс  қимылдарына  қатысқан. 

Кеңес  үкіметі  орнағаннан  кейін  қы-

зыл  әскер  қатарында  қызметте  бол-

ды.  1935  ж.  О.  Алашорда  әскерінде 

қызмет  жасағаны  үшін  4  ж.  соттал-

ды.  Елге  оралып,  әр  салада  қызмет 

атқарған.  1945  ж.  «Кеңес  үкіметінің 

шараларына қарсы үгіт жүргізіп, пар-

тия мен Кеңес үкіметінің шараларына 

қарсы үгіт жасады» деп айып тағып, 

қамауға алды. О. 1946 ж. бастап 1949 

ж. аяғына дейін Көкшетаудағы лагер-

де отырған. Ол 1949 ж. желтоқсан ай-

ында  Көкшетаудағы  лагерде  қайтыс 

болды. 


Оспанов Мерғали 1891 ж. Ақтөбе 

обл.  Ойыл  ө.  Қаңбақтысай  елді  ме-

кені  1938 ж. Алаш қозғалысына қа-

тысушы.. Үш сыныптық Орал ауыл-

шаруашылық  училищесін,  Орынбор 

қ.-ндағы үшінші атты әскер мектебін 

бітіріп, офицер дәрежесін алған. 1918-

19  ж.  Алашорданың  Батыс  бөлімі 

әскерінде  қызмет  атқарған,  больше-

виктерге  қарсы  соғыс  қимылдарына 

қатысқан.  Кеңес  үкіметі  ж.  Ақтөбе 

губерниялық  атқару  комитетінде, 

Ақтөбе,  Орынбор,  Қостанай  қ.-ла-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

341


рындағы  милиция  мектептерін-

де  басшылық  жұмыстарда  болған. 

1937  ж.  қазіргі  Шығыс  Қазақстан 

обл.  Күршім  аудандық  атқару  коми-

тетінің төрағасы болды. Осы ж. Ала-

шорданың мүшесі болғандығы үшін 

қуғынға ұшырайды. 1938 ж. атылған.

Оспанов  Мұхамедияр  (1884  ж. 

қазіргі  Қарағанды  обл.,  Қарқаралы 

ауд.)  -  1937  ж.  Алашорданың  Қарқа-

ралы  өңіріндегі  жұмыстарына  атса-

лысқан. Орта білімді медицина қыз-

меткері.  1937  жылы  қуғын-сүргінге 

ұшыраған.

«Отыншы Альжанов – «Беркут 

Алаш-Орды»  –  С.Әлжанованың,  Г. 

Төлемісовалардың 

авторлығымен 

Алаш  қайраткері  Отыншы  Әлжанов 

туралы  Алматы  қ.-нда  2008  ж.  жа-

рық көрген еңбек. Бұл еңбек О.Ә.-нің 

азаматтық және қайраткерлік жолын 

көрсететін мақалалардан тұрады. Со-

нымен  бірге,  еңбектің  қосымшасын-

да  О.Ә.-ге  қатысты  құжаттар  топта-

стырылып берілген

«Оян,  қазақ!»  жинағы  –  Мір-

жақып  Дулатовтың  1909  ж.  Уфа  қ.- 

нда  жарық  көрген  еңбегі.  Осы  кітап 

атауы ұлт-азаттық қозғалысының ең 

ірі  ұранына  айналды.  Жинақта  қа-

зақ  өмірінің  әлеуметтік  мәселелері 

көтерілген. Автор «Қазақ халқының 

бұрынғы  һәм  бүгінгі  халі»,  «Қазақ 

халқының бұрынғы мәғижаты», «Қа-

зақ  халқына  діни  бір  уағыз»,  «Жі-

гіттер»,  «Насихат  ғумумия»  сияқты 

өлеңдерінде  халық  өмірінің  алуан 

қырларын  бейнелеп,  дидактикалық 

бағытта азаттық дәуірінің идеяларын 

суреттейді. 

 


Алаш қозғалысы

342


Ө

Өзбекұлы Сәкен 1951 ж. Алматы 

обл.  Жамбыл  ауд.  Самсы  а.  дүниеге 

келген    алаштанушы  ғалым..  1979 

ж.  ҚазМУ-дің  заң  факультетін,  ҚР 

Ғылым  Академиясының  философия 

және құқық институтының аспиран-

турасын бітірген. Заң ғылымдарының 

кандидаты,  ҚР  Гуманитарлық  ға-

лымдар  академиясының  корреспон-

дент мүшесі. «Тәуке хан-Жеті жарғы» 

(1994), «Материалы по истории госу-

дарства  и  права  Казахстана»  (1994, 

С.Сартаевпен бірге), «Абай және адам 

құқы»  (1995),  «Барлыбак  Сыртанов» 

(1996),  «Арыстары  Алаштың»  (1998) 

атты ғылыми еңбектердің және 100-

ден астам мақалалардың авторы. 

Өлеңдер    Алаш  партиясы-

на,  Алашордаға  арналған  өлеңдер, 

«Алаш»  партиясының,  Алашорда 

үкіметінің  құрылуына  байланысты, 

оны  құттықтаған,  ұлт  тәуелсізді-

гіне  үлкен  сенім  артқан  бірқатар 

өлеңдер  шамамен  бір  мезгілде  жа-

рық  көрді.  С.Торайғыровтың  «Алаш 

ұраны»,  Ғ.Қарашұлының  «Алашқа», 

«Алаштың  азаматтарына»,  С.Дөнен-

таевтың  «Азаттық  күні»,  Н.Науша-

баевтың  «Алаш  ордаға»,  Ә.Мәмето-

втың «Алашқа сәлем», Ж.Аймауыто-

втың «Әскер марсельезасы», «Ұран», 

Н.Наушабаевтың 

«Алашордаға», 

Б.Майлиннің  «Бұл  дәуірді  күн  бар 

екен  көретұғын...»  деп  басталатын, 

қырғыз  ақыны  Қ.Тыныстановтың 

«Алачқа» өлеңдері Алаш қозғалысы-

ның  сипатын  поэтикалық  жағынан 

таныта  аларлық  көркем  туындылар 

болды.  Бұл  өлеңдердің  барлығын-

да  халықты  бостандыққа,  бірлік-

ке,  теңдікке,  азаттық  үшін  күреске 

шақыру идеясы басым. «Алаш» пар-

тиясының,  Алашорданың  құрылуы-

на  қуанған,  қуаттаған  бұл  әдеби 

шығармалар асқақ пафосқа, ұлтшыл 

идеяға  негізделді.  Бұл  шығармалар 

сол  дәуірдің  ұраны  іспетті  болып, 

халықтың  еңсесін  көтеруге,  елдің 

ертеңіне сенімін арттыруға зор үлес 

қосты. 


Өскемен уездік сиезі – 1918 ж. 19 

шілдесінде  Алашорда  үкіметі  баста-

масымен  шақырылған  сиез.  Сиезде 

Алашорда  үкіметінің  мүшесі  Х.Ғаб-

басов  сиез  өкілдеріне  қазақ  автоно-

миясының қажеттілігін түсіндірді 



Өтегенов 

Садық 

Қалмұха-

медұлы (1874 ж. Түркістан қ. - 1937 

ж.)  –  Түркістан  мұғалімдер  семина-

риясын бітірген. Ташкенттегі «Кеңес» 

астыртын  үйірмесі  басшыларының 

бірі. Алаш партиясы атынан Бүкілре-

сейлік  Құрылтай  жиналысына  Сыр-

дария облысынан депутаттыққа ұсы-

нылған.  Ташкенттегі  Қазақ  Ағарту 

институтының  оқытушысы.  1918  ж. 

қаңтардағы Түркістан қаласында өт-

кен Сырдария облысы қазақтарының 

съезін  ұйымдастырушылардың  бірі. 

Қуғындалған.


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

343


П

Павлодар уездік қазақ сиездері  І 

уездік сиез 1918 ж. 15 ақпанында өт-

кізілді. Сиезде, негізінен, ұлт қазына-

сы мәселесі қарастырылды. Сиезге қа-

тысушылар Алаш қозғалысын қолдап, 

тілектестіктерін білдіріп, оған қаржы-

лай көмектесуге бәтуаласты. Бірқатар 

қарж. азаматтар Алаш қазынасына ақ-

шалай көмек беретіндіктерін білдірді. 

ІІ уездік сиез 1918 ж. 23-26 маусымын-

да өткізілді. Бұл кезде обл.-тық және 

қазақ комитеттерінің күшімен Павло-

дарда совет үкіметі құлатылған бола-

тын.  Осы  сиезде  Алашорданың  Пав-

лодар уездік Кеңесі құрылды. Кеңеске 

5 мүше енді. Төрағасы – Қ.Бердалин, 

орынбасары  –  А.Барлыбаев,  мүше-

лері: И.Бәдісов, М.Жәлелдинов, О.Кү-

зембаев.  Алашорданың  Павлодар 

уездік  Кеңесі  Семей  обл.-тық  Алаш 

комитетіне ұйымдастыру, Алаш иде-

яларын насихаттау жұмыстарына үл-

кен көмек жасады. 

Павлодар  уезі  –  Семей  обл.-ның 

құрамында  болған  әкімшілік-ау-

мақтық бөлік. Патша өкіметі 1868 ж. 

21 қазанда бекіткен «Орынбор және 

Батыс  Сібір  ген.-губернаторлықтар-

дың  Далалық  обл.-тарын  басқару 

туралы  Уақытша  Ережеге»  сәйкес 

құрылған.  П.  у-н  негізінен  Орта 

жүздің  уақ,  арғын  найман,  қыпшақ 

тайпаларының  рулары  мекендеді. 

Халқының саны 1883 ж. 113 567, 1909 

ж. 204 680 адамға жетті. П. у. 1886 ж. 

16, 1909 ж. 18 болысқа бөлінді. Уезде 

Покров, Никольский жәрмеңкелері (1 

қарашадан 1 желтоқсанға дейін) жұ-

мыс істеді. Тас көмір, мыс және тұз 

кендері болды. Кеңес өкіметі кезінде 

1919-21 ж. Омбы губ-ның құрамында 

болды. 1928 ж. таратылды. 

Партия құру және оның мәселе-

лері  туралы  конституциялық-де-

мократиялық партия бағдарлама-

сы – 1905 ж. желтоқсан айында Орал 

қ.-нда  өткен  «Қазақ  конституци-

ялық демократиялық партиясының» 

сиезінде қабылданған құжат. Ол та-

тар тіліндегі «Әл-ғаср-ул-жәдид» га-

зетінде  татар  тілінде  жарияланған. 

Мәтін  соңында  «Қазақ  конституци-

ялық демократиялық партиясының» 

мүшелері  мыналар:  С.Қаратаев, 

Ғ.Бердиев,  М.Бақытгереев,  И.Тоқ-

бердиев,  Х.Досмұхамедұлы,  Н.Ип-

мағамбетов,  М.Мұқанов,  Ғ.Рақым-

бердиев,  Ізбасаров,  Ү.Дүйсембин» 

делінген. 

Бағдарлама 

мынадай 


бөлімдерден  тұрады:  азаматтардың 

негізгі  еркіндіктері,  патшалықтың 

қалпы,  халықтың  өзін-өзі  билеуі, 

сот,  дін,  жер,  алым-салық,  жұмыс-

шылар,  мектептер,  партия  жұмы-

сы.  Бұл құжат – мерзімі жағынан Қа-

зақстандағы  партиялар  тарихындағы 

ең  алғашқы  бағдарлама.  Соған  қарап, 

оны ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы 

кезеңіндегі маңызды оқиға деп қабыл-

дауға болады.

Петропавл уездік Алаш комитеті 

–  1917  ж.  соңында  құрылған  комитет. 

Алашорда  мен  «Алаш»  партиясының 

саясатын жергілікті өңірде жүзеге асы-

ру мақсатында құрылған бұл комитет-

ке Ж. Тілеулин, С. Күсемісов т.б. енді. 



Петропавл уездік сиезі – Петропавл 

у.-нің Преснов станциясында өткен қа-

зақ сиезі. Сиезде еріктілерді ұлттық ар-

мияға алу мәселелері қаралды.



Алаш қозғалысы

344


Потанин  Григорий  Николае-

вич  (1835  ж.  Павлодар  у.  Ямыше-

во  мекені  1920  ж.  Том  қ.)  –  Шоқан 

мен  Алаш  зиялыларының  досы, 

ұлт  қозғалысының  тілеуқоры,  эт-

нограф-ғалым,  қайраткер.  1852  ж. 

Омбыдағы  кадет  корпусын  бітіріп, 

1853-1858 ж. Семейде, Омбыда әске-

ри  қызмет  атқарған.  1859-1861  ж. 

Петербор  университетінің  жара-

тылыстану  бөлімінде  оқыған.  1861 

ж. студенттердің толқуына қатысқа-

ны  үшін  Сібірге  жер  аударылған. 

1863-1864  ж.  Орыс  география  қоға-

мының  Зайсан  көлі  мен  Тарбағатай 

тауын  зерттеген  арнайы  экспеди-

циясының  құрамында  болған.  1865 

ж.  «Сібірдің  тәуелсіздік  қоғамы» 

атты  жасырын  ұйымға  қатынасқа-

ны үшін қамауда отырған. 1876-1889 

ж. арасында алдымен Монғолияның 

солтүстік  батысы  және  Тува,  содан 

кейін Солтүстік Қытай, Шығыс Ти-

бет,  Орталық  Монғолияны,  Үлкен 

Кинган  тауын  зерттеген  экспеди-

цияның  құрамында  болған,  Орта 

Азия  мен  Сібірдің  тұңғұс-мәнжүр, 

түркі-монғол  т.б.  халықтарының 

фольклоры мен этнографиясы тура-

лы  мол  материалдар  жинаған.  Сол 

өңірдің табиғаты мен онда жасайтын 

халықтардың  тарихын,  тұрмыс-тір-

шілігін  жан-жақты  зерттеген.  Ол 

«Орта  ғасырдағы  Еуропа  эпосының 

шығыс  сарындары»  (1899),  «Қа-

зақтың  соңғы  ханзадасының  үйін-

де»  (1896)  секілді  құнды  еңбектер 

жазған.  Түркі  халықтарының  ауыз 

әдебиетін көп жинап, соның негізін-

де «Қазақтың және Алтай халықта-

рының  аңыздары,  аңыз  әңгімелері 

және ертегілері» атты еңбек жазған. 

Ғалымның  қайраткерлік  жолы  1894 

ж. Н.М.Ядринцев қайтыс болғаннан 

кейін  жаңа  деңгейге  көтерілді.  Ол 

Сібір  облысшылдық  («областниче-

ство»)  қозалысының  басына  келді. 

Орыс халықшылдары тәжірибесімен 

және  К.Маркс  «Капиталымен»  та-

нысқаннан  кейін  Потанин  Ресейдің 

қоғамдық-саяси  дамуын  өзгертудің 

жаңа  тұжырымдамасын  ұсынады. 

Ол жол – елдің сұранымын ескеріп, 

біліммен  және  тәжірибемен  қоғам-

дық-саяси  құрылымдарға  рефор-

ма жасау жолы еді. Осы үшін Сібір 

жастарының  орталық  қалаларда 

оқуына жағдай туғызды. Қайраткер 

1902 ж. бастап Том қ.-нда тұрды. «Си-

бирская  жизнь»  газетіне  қосымша 

шығарды. 1905 ж. патшаның земство 

туралы  жарлығынан  кейін  Сібірде 

осы  науқанды  –  шаруашылық  жүр-

гізу мен басқаруды қолға алды. 1905 

ж.  28-29  тамызда  Том  қ.-нда  өткен 

Сібір  обл.-тық  одағының  сиезін-

де  осы  қозғалыстың  «Негізгі  ереже 

жобасы»  арқылы  эсер,  либерал  т.б. 

саяси  топтарды  бір  идея  төңірегіне 

жұмылдыра  алды.  Бұл  жолда  По-

танин  қуғындалды  да,  түрмеге  де 

түсті.  1908  ж.  ол  «Нужды  Сибири» 

атты  мақала  жазды.  Мұнда  саяси 

қозғалыстағы пікір қайшылықтарын 

сөз  етті.  Өйткені  қозғалыстың  бір 

бөлігі конституциялық монархияны 

жақтаса, екінші бөлігі федеративтік 

демократиялық  республиканы  қол-

дады.  Қайраткер  бұларды  үйлестір-

мек болды. 1907 ж. «Областническая 

тенденция в Сибири» атты еңбек жа-

зады.  Саяси-теориялық  ізденістерге 

барады.  1914  ж.  дейін  әдеби-мәдени 

бағытта  ағартушылық  жұмыста-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

345


рымен  айналысады.  Қайраткердің 

осы жұмыстары Алаш зиялылары-

на, жастарына қатты әсер етеді. Өй-

ткені  ол  шет  ұлттардың  теңдігін, 

демократияның  жандануын,  шикі-

заттың халық пайдасына асуын жиі 

айтатын еді. 1915 ж. Омбы қалалық 

думасы  Потанинге  «Сібірдің  құр-

метті азаматы» атағын береді. 1917 

ж.  ақпан  төңкерісін  П.  ықыласпен 

қарсы алды. Бірақ бұл кезде ол на-

уқастанып  жүрген  болатын.  Сол 

ж.  18  шілдеде  «Сибирская  жизнь» 

газетіне  «Областничество  и  дик-

татура пролетариата» атты мақала 

жазды.  Мұнда  ол  большевизмнің 

қаупі  мен  зардабын  дәл  байыптап 

айтты.  1917  ж.  желтоқсанда  өткен 

Сібір обл.-тық төтенше сиезі кеңес 

өкіметін  мойындамауға  шақырға-

ны белгілі. Осы жиында П. Уақыт-

ша Сібір обл.-тық кеңесінің төраға-

сы  болып  сайланады.  Бірақ  1918 

ж. басында ол қызметінен бас тар-

тады.  26  қаңтарда  большевиктер 

Сібір обл.-тық кеңесін таратып, мү-

шелерін  абақтыға  жабады.  П.-ның 

қазақ  халқына  сіңірген  еңбегі  аз 

емес.  Ол  Ш.Уәлихановтың  жақын 

досы  қайтқанда  жоғын  жоқтаушы 

бола  білді.  «Қозы  Көрпеш  –  Баян 

Сұлу»  жырының  бір  нұсқасын  ел 

аузынан  жинап  жариялады.  Қиын 

да жауапты сәттерде Алаш зиялы-

ларына  жәрдемдесті.  Сондықтан 

тұсында  оқығандар  П.-ды  ерекше 

құрметтеді. Алаштың ардақты пер-

зенті  А.Байтұрсынұлы  ол  туралы 

өлең  жазды.  1917  ж.  21-26  шілдеде 

ашылған  бірінші  жалпықазақ  си-

езінде П.-ды Бүкілресейлік құрыл-

тайға депутат етіп ұсынды. Ол қа-

зақ  елінен  ұсынылған  81  депутат 

қатарында Семей обл.-ның атынан 

шықты.  Екі  халыққа  бірдей  адал 

қызмет  еткен  орыс  халқының  та-

лантты ұлы 1920 ж. Том қ.-нда дү-

ниеден озды.



Алаш қозғалысы

346


Р

«Революция  и  киргизы»  – 

Алаш  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы-

ның 1919 ж. 3 тамызда «Жизнь наци-

ональностей»  газетінде  жарияланған 

мақаласы.  Бұл  мақалада  автор  қазақ 

қоғамының  Ақпан  төңкерісін  және 

Қазан төңкерісін қалай қабылдағанын 

талдайды.  Ол  қазақтардың  Ақпан 

төңкерісін  түсіністікпен,  айрықша 

қуанышпен  қарсы  алғандығын  ай-

тып,  Қазан  төңкерісінің  қазақ  үшін 

мүлдем түсініксіз болғандығын жаза-

ды.  Мақалада  большевиктердің  елге 

істеп  жатқан  зорлығы,  тонаушылық 

әрекеттері сыналады. Сонымен бірге 

автор Орынборда 1917 ж. 5-13 желтоқ-

санында өткізілген жалпықазақ сиезі 

және оның шешімдері жөнінде де жа-

зады.  Төңкерістер  кезеңіндегі  қазақ 

даласындағы  дүрбелеңді  жағдай,  қа-

зақтың табиғи өмір сүру қалпы жөнін-

де  де  автор  өз  ойларымен  бөліскен. 

Жалпы бұл еңбек – сол кезеңдегі қа-

зақ өмірін нақты бейнелеген шынайы 

еңбектер қатарынан орын алады. 

РСФСР  халық  комиссарлар 

кеңесіне  Алаш  автономиясын 

жариялау  жөніндегі  ұсыныс-же-

делхат  –  Алашорданың  1918  ж.  3 

сәуірінде  Семей  қ.-нда  ұсынылған 

Алашорда  халық  кеңесінің  жеделха-

ты. Бұл жеделхатта Алаш автономи-

ясы  құрылған  Екінші  жалпықазақ 

сиезінің  қаулылары  таныстырыла-

ды.  Сондай-ақ  халық  милициясын, 

Құрылтай сиезінің ұйымдас тырыла-

тыны жөнінде айтылған. Жеделхатқа 

Х.Досмұхамедұлы қол қойған. 



  «Руханият»    ғалым  Д.Қамза-

бекұлының  1997  ж.  «Білім»  баспа-

сынан жарық көрген кітабы. Еңбекте 

сол кезде әлі белсенді сөздік қорға ене 

қоймаған «руханият» ұғымына алғаш 

рет  баға  беріледі  және  ол  Алаш  зи-

ялыларының  еңбегін  жинақтап  көр-

сететін  сөз-өлшем  ретінде  қарасты-

рылады.  Кітапта  ХХ  ғ.  дың  бас  ши-

регіндегі  Білімпаздар  сиезі,  жастар 

ұйымдары,  «Алқа»  әдеби  ұйымы, 

«Талап» мәдени ұйымы, алғашқы те-

атрлық қойылымдар, тұңғыш кинос-

ценарий,  І  Думаға  депутат  қазақтар, 

жастардың бастапқы әдеби журналы, 

Алаш  зиялыларының  хаттары,  А.

Байтұрсынұлының  1922  ж.  Ташкент 

сапары,  Мағжанның  жарияланбаған 

мақалалары,  Халел-Брюсов-Мағжан 

қарым-қатынасы,  «Саырарқа»,  «Бір-

лік  туы»,  «Жас  азамат»  газеттері 

туралы тың мәліметтер, 20 ж. Алаш 

қозғалысы  бедеріндегі  М.Есболұлы, 

Т.Шонанұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  С.Сә-

дуақасұлы,  Б.Майлин,  М.Әуезов 

жөнінде  қызықты  деректер,  «жылы-

мық»  кезеңнің  әдебиеттану  байып-

талған.  Еңбек  соңында  ғылыми  қа-

уымға  алғаш  рет  «Талаптың  жолы», 

«Алқа  айқындамасы»  деген  атаумен 

тарихи құжаттар ұсынылған.

 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

347


С

Сабатаев  Сатылған  –  ұлт  қай-

раткері,  Алаш  қозғалысына  қаты-

сушы. Жоғары білімді агроном және 

тіл маманы. Ол Жетісу обл. Верный 

у.  Үлкен  Алматы 

б.-ның  жетінші  а. 

туған. 1895 ж. Вер-

ныйдағы 


ұлдар 

гимназиясын бітір-

ген  соң,  білім  із-

деп Ресейге кетеді. 

1898  ж.  Мәскеу-

дегі  Лазаревский 

атындағы шығыс тілдер институтын 

бітіріп  шығады.  Мұнан  соң  1915  ж. 

Петровско-Разумовский  атындағы 

академияны бітірген. Осы ж. Мәскеу 

университеті жанындағы жаратылы-

стану,  антропология  және  этногра-

фия  әуесқойларының  мәжілісіне  қа-

тысып,  «Қазақтардың  сот  ісін  жүр-

гізуі», «Торғай обл. Қостанай у. соты 

қазақтарының  ақсақалдар  және  ара-

ағайындық  соты  деген  тақырыптар-

да  баяндама  жасап,  жұрт  назарына 

ілігеді. Ол Абайдың «Жаз», М.Дула-

товтың  «Мұң»  атты  өлеңдерін  қара 

сөзбен  аударып,  көрнекті  шығыста-

нушы А.Н.Веселовскийдің құрметіне 

шығарылған «Әл-шархият» (Мәскеу, 

1914) жинағына енгізеді. 1899 ж. - дан  

1901 ж. - ға  дейін екі жыл Жетісу обл. 

Пішпек у.-дік басқармасының аудар-

машысы болып қызмет істейді. 1901 

ж. Жаркентке ауысып, 1906 ж. дейін 

Жаркент  уездік  басқармасының  ау-

дармашысы болады. Қосымша Жеті-

су обл.-тық қоныс аудару мекемесін-

де қызмет істейді. С.-тың мамандығы 

мен  оның  мүмкіндігін  ескерген  сол 

кездегі  Жетісу  обл.-тық  басшылығы 

1906 ж. оны Егіншілік және жерге ор-

наластыру бас басқармасына қызмет-

ке ауыстырады. Екі жыл сол мекеме-

де жұмыс істейді. 1916-1917 ж. Лепсі 

у.-нің  ауылшаруашылық  мекемесін-

де  қызмет  істеген.  Патша  үкіметі 

құлаған  соң  С.  Алаш  қозғалысына 

белсене араласады. Ол ұлттың бұғау-

дан құтылуын армандайды және сол 

сәт  туды  деп  қарайды.  Сондықтан 

өзінің  бар  күш-жігерін  Алашорда 

үкіметін  құруға  жұмсайды.  С.-тың 

бұл  еңбегі  оның  ел  арасындағы  бе-

делін  асырады.  1917  ж.  5-13  желтоқ-

санында  өткен  екінші  жалпықазақ 

сиезінде  Алашорда  үкіметіне  мүше 

болып қабылданады. 1918 ж. қаңтар-

да  Верный  қ.-нда  өткен  Жетісу  обл. 

қазақтарының  екінші  сиезіне  қаты-

сады. Содан бастап автономия құру, 

милиция  жасақтау  жұмыстарымен 

айналысады.  Верныйдағы  Алаш  зи-

ялылары  мен  қазақ-орыстардың  іс 

қимылынан  қауіптенген  қызылдар 

1918  ж.  9  наурызда  О.Әлжанов,  Ы.

Жайнақов,  С.  сияқты  Алаш  азамат-

тарын тұтқынға алады. С. 17 сәуірде 

түрмеден босатылып, Семейге кетеді. 

Семейге  барған  соң  тағы  да  Алаш 

үкіметінің  жұмыстарын  атқарады. 

1918 ж. 10-31 тамызда Алашорданың 

Лепсі  у.  Жетісу  обл.  қазақтарының 

сиезі өтеді. Сиезде ол обл. комитеттің 

мүшесі  болып  сайланады.  Семейде 

бірінші Алаш әскери полкін жасақтау 

ісіне қатысады. 1918 ж. 1 қараша күні 

Алашорда кеңесі Сібір үкіметінен С.-

тың ауылшаруашылық бөлімінің бас 

маманы болуына рұқсат алады. Кеңес 


Алаш қозғалысы

348


үкіметі орнаған соң ол Қарқаралыда 

өз мамандығы бойынша қызмет істеп 

жүреді.  1921  ж.  15  сәуірде  Қарқара-

лы  маңында  Ботақара  деген  жерде 

тұқым  алып  келуге  бара  жатқан  С.-

ты  ақтардың  соңына  түскен  қызыл 

әскерлер жазықсыз атып кетті. 

  «Садақ»  журналы    1915  ж.  9 

қарашасынан  1918  ж.  10  ақпанына 

дейін Уфадағы «Ғалия» медресесінің 

қазақ  шәкірттері  шығарған  қолжаз-

ба  әдеби  журнал.  Ұйымдастырушы-

лары  әрі  шығарушылары  –  Б.  Май-

лыұлы мен Ж. Тілепбергенұлы. Олар 

«шығарушы  –  «Қазақ»  ұйымы»  деп 

көрсеткен.  Аталған  медресе  шәкірт-

тері  «Қазақ»  газетін,  сондағы  қай-

раткерлерді  үлгі  тұтқан.  Деректерге 

қарағанда,  олар  Алаштың  «Бірлік 

туы», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін 

де  жаздыртып  алып  тұрған.  Бұл  ба-

сылым  да  «Ғалия»  медресесінің  қа-

зақ  шәкірттеріне  тілектестігін  біл-

діріп  отырған.  Журналда  Б.Майлин, 

Ж.Тілепбергенұлы, 

Х.Сартәлиұлы, 

З.Имажанұлы, Ә.Мұстафаұлы, А.Әш-

кеұлы, Х.Басымұлы т.б. авторлардың 

материалдары жарық көрген. Журнал 

мақсаты  –  жастарды  жаңа  әдебиет-

ке  тарту,  өмірдің  және  елшілдіктің 

маңызын  түсіндіру,  жауапкершілікті 

арттыру еді. Бұл іс Алаш қозғалысына 

қосылған елеулі рухани үлес болды.



1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал