Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет47/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69

Алаш қозғалысы

334


көтеріліс, тұтас алғанда, Ресей импе-

риясындағы  саяси  және  әлеуметтік- 

экономикалық  дағдарыстың  одан  әрі 

шиеленісе түсуіне себепші болды. Ол 

Ресейдегі әскери-әкімшілік және отар-

шылдық  басқару  жүйесінің  іргесін 

шайқалтты және Шығыстық отар ха-

лықтардың ХХ ғ. - дың басында өріс 

алған  ұлт-азаттық  қозғалысының 

құрамдас бөлігі болды.



Оразаев  Әбдірахман  (1888  ж. 

Ферғана  қ.  -  1937  ж.)  –  Түркістан 

ұлт-азаттық  қозғалысының  қайрат-

кері.  1910  ж.  гимназияны,  1915  ж. 

Санкт-Петербург университетінің заң 

факультетін бітірген. Түркістан Мұх-

тарияты  Уақытша  халық  Кеңесінің 

мүшесі, 


Түркістан 

Мұхтарияты 

Уақытша  үкіметі  Ішкі  істер  мини-

стрінің  орынбасары.  Алаш  партиясы 

атынан  Бүкілресейлік  Құрылтай  жи-

налысына  Ферғана  облысынан  ұсы-

нылған.  М.Шоқайдың  досы,  ағайын 

жолдасы.  М.Шоқаймен  Париждегі 

кезінде  хабарласып  тұрды.  Қуғын-

далған.


Оразаев  Мұстафа  –  (1891  –  1970) 

Ахмет  ишан  Оразайұлының  бала-

сы.  Бұхара  қ.-ндағы  діни  медреседе 

оқыған.  Уфа  қ.-ндағы  медресе  «Ға-

лияда» атақты ақын М.Жұмабаевпен 

бірге  оқиды.  «Қазақ»  газетін  шыға-

ру  ісін  ұйымдастырушылардың  бірі. 

Ә.Бөкейханның  Думада  қазақ  өкілі 

болуын қуаттап, «Жұрт жақсыларына 

ашық хат» деген үндеуін жариялаған. 

Ә.Бөкейхан,  М.Дулатовпен  бірігіп 

«Алаш ұлына» деген үндеу хат жазып 

жариялаған. 

Оразайұлы Ахмет – белгілі меце-

нат, Алаш қозғалысын қолдаушы, «Қа-

зақ»  газетін  шығаруға  қарж.қ  көмек 

көрсеткен  қайраткер  1861  ж.  Сырда-

рия у. Зіңкетер елді мекенінде туған. 

Әкесі Оразай (1807-1898) – өңірге аты 

белгілі діндар, зиялы кісі болған. Қай-

раткер жасынан әкесінен сауат алған. 

Кейін Бұхарада оқыған. Елге діни са-

уатты азамат болып оралып, Орталық 

Қазақстанмен шектес Сарысу, Телікөл 

маңайында мешіт, медресе салдырып, 

қазақ  халқының  білім  дәрежесін  кө-

теруге  атсалысқан.  1881-1883  ж.  екі 

мәрте Меккеге қаж.қ сапармен барған. 

Стамбұл, Қазан, Уфа, Шығыс мұсыл-

ман елдері қалаларынан ислам әдеби-

етін алдыртып, әр елдегі діни ғұлама-

лармен байланыс жасап тұрған. Діни 

сауаты,  рухани  беделі,  зиялылығы 

мен жалпы парасаты Ақмола, Торғай 

жұртшылығының  аузында  жүрген. 

Медреселерін  жәдитшілдік  жүйеге 

құрып,  Қырым  татарынан  шыққан 

қайраткер  Исмаил  Ғаспыралының 

ағартушылық  бағытын  қатты  қол-

даған. Мысалы, О. ишан медресесіне 

шақыртқан  мүдәрис  И.Сайфуддин  – 

осындай жәдитшіл оқыған еді. Торғай 

у. Қызылшеңгел б.-нда тұрып жатқан 

қайраткер  1906-1914  ж.  Ресей  қ.  -  ла-

рында  өткен  Мұсылмандар  сиезіне 

қатыса  алмаса  да,  оның  шешімдерін 

сараптап,  өз  бетімен  ізденіске  толы 

жұмыстар  істеген.  1910  ж.  басында 

Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Ду-

латов сынды жаңашыл қайраткерлер-

мен  танысып,  ұлтты  ояту  күресіне 

–  Алаш  қозғалысына  ниеттес  екенін 

білдіреді.  Алаш  зиялылары  қазақ 

байлары  мен  оқыған-діндарларының 

жаңа  жағдайдағы  азаматтық  ұстаны-

мы  қандай  болу  қажеттігін  айтады. 

Ишан жиған барлық қаржысын және 

пікірлестерінің  де  қаржысын  сая-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

335


си  газет  шығару  үшін  жұмсауға  әзір 

екенін  жеткізеді.  Сөйтіп,  А.Байтұр-

сынұлы мен О.-ның атынан Орынбор 

генерал-губернаторына «Қазақ» атты 

газет  ашуға  өтініш  жасағаны  тура-

лы хат жолданады. Патша үкіметінің 

жоғарғы  Баспасөз  басқармасы  рұқ-

сатнаманы 1913 ж. 5 қаңтардағы бұй-

рығымен  бекітеді.  Мұнда  өкіметтің 

ресми  жарлықтарын,  Мемлекеттік 

Дума  жұмысын,  ішкі-сыртқы  жаңа-

лықтарды,  қазақ  тұрмысын,  мәде-

ниетін,  шаруашылығын,  оқу-ағарту 

саласын,  денсаулық  пен  малдәрігер-

лік ісін, жергілікті хабар-ошарларды, 

құлақтандыруларды, хабарламаларды 

жариялап  тұруға  мұрсат  берілетіні 

жазылған.  «Қазақ»  1913-1918  ж.  жал-

пы  қазақтың  «көзі,  құлағы  һәм  тілі» 

(А.Байтұрсынұлы) болып, елдің көзін 

ашқаны  белгілі.  Газетте  О.  да  мақа-

лалары, ой-пікірі жарияланып тұрды. 

Қайраткер мұның сыртында жергілік-

ті  жерде  суландыру  және  денсаулық 

сақтау  жұмыстарын  ұйымдастырып, 

халыққа қамқорлық көрсетті. 1927 ж. 

Телікөл бойында қайтыс болды.

Оразалин Сейдалы (1884 ж. Ақтө-

бе обл. Қарабұтақ ө.) 1936 ж. – Батыс 

Алашорданың  Ақтөбе  у.  өкілі,  «Қа-

зақ» газетінің Батыс ө-індегі тілшісі. 

Әкесі – Оразалы Орынбайұлы ауқат-

ты, шешен адам болған. О. алғаш мұ-

сылманша оқыған. 1894 ж. Орынбор-

дағы  екі  класстық  орысша  мектепті 

бітірген.  1904  ж.  Қазан  универси-

тетінің  тарих-филология  факультеті-

не оқуға түседі. 1907 ж. студенттердің 

жасырын  ұйымдарына  қатысқаны 

үшін оқудан шығарылады. Бұдан кей-

ін  ол  он  ж.  Шалқар,  Торғай,  Ырғыз, 

Қарабұтақ  өңірлерінде  тілмаш  бола-

ды.  О.  Бірінші  жалпықазақ  сиезіне 

Ырғыз,  Қарабұтақ  өңірінен  делегат 

болып қатысқан. 1918-1919 ж. ол Батыс 

Алашорданың  Ақтөбе  у.-ндегі  өкілі 

болып жұмыс істейді. Кеңес тұсында 

оқытушылық  қызмет  атқарады.  1927 

ж.  Кеңес  үкіметінің  колхоздастыру 

саясатына  қарсылығы  үшін  тұтқын-

далып, үш ж. Владимир қаласына жер 

аударылады. Үш ж. мерзім біткен соң 

тағы үш ж. осы қалада тұрып қалады. 

1933  ж.  оған  отбасымен  Орынборға 

көшуге  рұқсат  беріледі.  Алдымен 

Орынборда,  сосын  Орскіде  тұрып, 

өкпе ауруынан 1936 ж. дүние салады. 



Орал  және  Торғай  облыстары 

қазақтарының құзырхаты – 1905 ж. 

отаршыл  өкіметке  жазылған  екі  обл. 

қазақтарының шағымы. Екі бөлімнен 

тұратын бұл құжатта сол кездегі қазақ 

елінің мәселелері кеңінен баяндалған. 

Мәселен,  «жеріміз  қырғыз-қазақ 

халқының  өз  пайдасына  мәңгі  ұрпақ 

мұрасы  ретінде  ешкімнің  ортағын-

сыз  берілсін»,  «бұдан  былай  орыс 

крестьяндарына  қазақ  жерінен  жер 

берілмесін  және  қазақ  жерінен  пе-

реселенчески  участок  ашылмасын», 

«қырғыз-қазақ халқының қолына жер 

мәңгілік  өзіндікі  деген  құжат  қағаз 

берілсін»  делінеді.  Сонымен  бірге 

дін бостандығы жөнінде де талаптар 

қойылған.  Бұл  құжатты  дайында-

уға  Алаш  қайраткері  Б.Қаратаев  бас-

шылық еткен. 

Орал  облыстық  қазақ  коми-

теті    Орал  обл.-тық  қазақтарының 

І  сиезінде  1917  ж.  сәуірінде  Жай-

ықтың сыртқы бөлігін басқару жөнін-

дегі  уақытша  комитеттің  орнына 

құрылған  комитет.  Бұл  комитеттің 

құрамына  Б.Қаратаев,  Ғ.Әлібеков, 



Алаш қозғалысы

336


Ы.Тоқберлинов, Д.Күсепқалиев, Ә.Әй-

тиев,  Ж.Досмұхамедұлы,  Х.Тасымов, 

Е.Мұқанов,  Д.Сәрсенбаев,  Б.Жанқа-

дамов,  С.Қаратілеуов,  Б.Жұмағалиев, 

С.Омаров және Б.Тілепин Р.Қаржауба-

ев, Д.Жұлдызов, Ғ.Есенғұлов, Е.Қаса-

болатов,  К.Жәленов,  Ж.Жанқадамов, 

Н.Ипмағанбетов,  Х.Досмұхамедұлы, 

Т.Сарыбөпиев, Ы.Топаев, Е.Әбеновтер 

сайланды.  Комитет  Орал  обл.-тық  І 

қазақ сиезінің Жайықтың сырты бөлі-

гін басқаруға байланысты шешімдерін 

жүзеге асырушы құрылым болды. Со-

нымен  бірге,  ол  өңірде  қалыптасқан 

саяси  және  әлеуметтік  мәселелерді 

шешумен,  ұйымдастырумен  шұғыл-

данды. Осы комитеттің мүшелері 1917 

ж.  1-5  маусымында  Орал  обл.-тық  ІІ 

қазақ  сиезін  ұйымдастырды.  Сиез-

де  комитет  мүшелері  Жайық  сырты 

бөлігінің  жер  басқармасын  сайлады. 

Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысы 

мүшелерін  сайлау  науқанын  да  осы 

комитет  мүшелері  атқарды.  1918  ж. 

бұл комитет таратылып, оның орнына 

«Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметі 

құрылды. 

Орал облыстық қазақ сиездері  – 

1917 ж. сәуірі 1919 ж. шілдесі ара-

лығында  өткізілген  сиездер.  Осы 

аралықта обл.-тық алты сиез өткізіл-

ген.  Жалпы  Орал  обл.  ең  көп  сиез 

өткізілген  обл.  19-22  сәуір  күндері 

өткізілген  сиезге  обл.-тың  барлық 

болыстары  мен  у.-дерінен  800-ден 

астам  делегат  келген.  Сиезде  Орал 

обл.-тық Уақытша комитет төрағасы 

Ғ.Әлібеков  наурыздың  басынан  бері 

жұмыс  істеп  жатқан  осы  комитет-

тің  қызметі  туралы  есеп  беріп,  сиез 

төралқасын  сайлауға  ұсыныс  жаса-

ды.  Төрағалыққа  Ж.Досмұхамедов, 

орынбасарлыққа  А.Қалменов,  Ғ.Әлі-

беков,  хатшылыққа  Ғ.Жетпісбаев, 

Х.Ахметшин,  Н.Арғыншиев  сайлан-

ды.  Сиезде  қазақ  әйелдері  атынан 

М.Шапенова  құттықтау  сөз  сөйледі. 

Күн  тәртібі  мемлекетті  басқару  түрі 

туралы, Уақытша үкіметке көзқарас, 

соғысқа қатынас жайынан басталды. 

Сиездің  алғашқы  күні  20  адамнан 

тұратын обл.-тық қазақ комитеті сай-

ланды. Төрағасы – Ж.Досмұхамедов. 

Сонымен  бірге,  дін  тақырыбы,  мұ-

сылмандар сиезі, білім, мәдениет, ша-

руашылық мәселелері қаралды. Орал 

обл.-тық ІІ қазақ сиезі аталған ж. ма-

усым айында өткізілді. Мұнда басқа-

рушы және атқарушы билік жөнінде 

мәселелер  көтерілді.  ІІІ  сиез  1918  ж. 

17 қаңтарында Қаратөбеде өтті. Сиез-

де Халел және Жанша Досмұхамедо-

втер тобы және оппозициялық партия 

– «Ақ жол» партиясы арасында пікір 

келіспеушіліктер болды. Бұл партия-

ның  төрағасы  Е.Қасаболатов,  мүше-

лері  А.Кенжин,  Ғ.Әлібековтер  саяси 

бағыт,  салық  мәселесінде  Досмұха-

медовтер  позициясын  қолдамады. 

Обл.-тық ІҮ сиез 1918 ж. 18-21 мамы-

рында Жымпитыда өтті. Оған 500-ге 

жуық делегат қатысты. Күн тәртібін-

де Ресей мен Орал обл.-ндағы қалып-

тасқан  жағдай,  жалпы  саяси  бағыт-

ты анықтау, кіммен одақ құру т.б. 20 

мәселе  болды.  Сиезді  Х.Досмұхаме-

дов ашып, РСФСР Халық Комиссар-

лар  Кеңесімен  обл.-пен  шекаралас 

большевиктер  жетекшілігімен  Орал 

казачествосымен  келіссөздер  жүр-

гізгені  жөнінде  айтты.  Қалыптасқан 

жағдайға байланысты Досмұхамедо-

втер  сиезге  мынадай  ұсыныстар  жа-

сады: «1918 ж. ақпан айында болған 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

337


обл.-тық  земуправаның  жиылысын-

да  жасалған  Орал  казачествосымен 

одақтасу  жөніндегі  (Кеңес  өкіметіне 

қарсы) келісім-шартты қағаз жүзінде 

яғни,  заңдық  негізде  даярлау;  Орал 

казачествосына  заттай  және  қаржы-

лай көмек беру. Әсіресе, оның әскерін 

ат-көлікпен,  жылқымен  қамтама-

сыз  ету;  Қазақ  офицерлерінің  бас-

шылығымен Уфадағы әскери үкімет-

ке  «Қырғыз  милициясының»  атын 

«Қырғыз халық армиясы» деп өзгер-

ту  мақсатында  жіберілетін  адамдар-

ды  белгілеу;  Жымпитыдан  6  айлық 

юнкерлік қысқа курс ашу. Төмендегі 

команданың  құрамын  даярлау  үшін 

сауатты  қырғыз  жастарын  (2  кла-

стық білімі бар гимназистер мен ре-

алистер,  мектеп  мұғалімдері)  және 

оларды  әскер  ісіне  үйретуге  Орал 

казачествосынан  әскери  мамандар-

ды шақыру; Орал обл.-ндағы қырғы-

здарды «Ойыл Уәлаяты» деген атпен 

ерекше обл.-қа бөлу ...оның құрамын-

да 5 у. – бұрынғы Орал у.-нің орнына 

Шыңғыртау  у.,  Лбищенскінің  орны-

на  Жымпиты  у.,  Гурьевтің  орнына 

Сағыз  у.,  Темір  және  Ойыл  у.-дерін 

кіргізу;  Қырғыз  халық  милициясын 

қару-жарақпен  Орал  әскери  үкіметі 

қамтамасыз  етсін».  Бұл  ұсыныстар-

дың  басым  көпшілігі  жүзеге  асты. 

Соның нәтижесінде сиезде құрылған 

Уақытша  «Ойыл  Уәлаяты»  үкіметі 

құрылып,  оның  құрамында  Ж.До-

смұхамедов,  Х.Досмұхамедов,  Құр-

манғалиев,  Ж.Мергенов,  С.Омаров, 

Сейдолла  ишан,  И.  Көпжасаров, 

Е.Балтановтар  болды.  Жалпы  Орал 

обл. қазақтарының ІҮ сиезі еліміздің 

Батыс  өңіріндегі  сол  кезеңдегі  сая-

си,  әлеуметтік,  қоғамдық  көптеген 

мәселелердің  реттелуіне,  ең  басты-

сы  –  дербес  қазақ  мемлекетін  құру-

дағы  Алашорда  саясатының  жүзеге 

асуында  маңызды  болды.  Оны  си-

ездің қаулыларынан аңғарамыз. Сиез 

қаулысында мынадай маңызды мәсе-

лелер  қамтылды:  «Қазақ-қырғыз  өл-

кесі жалпы бұқараның ынтымақтасу 

негізіне  құрылған  Россия  республи-

касының  толық  құқылы  бір  мүшесі 

болып  өз  істерінде  ерікті  штат  бол-

сын; қазіргі саясат күйімен Оралдан 

бастап 5 обл., 1 губернияның бөлімі-

нен  құрылған  қазақ-қырғыз  өлкесі 

явочный  порядокпен  автономияны 

жарияласын;  Совет  тұрғанда  авто-

номияны  іске  асыру  мүмкін  емес. 

Себебі,  Совет  үкіметі  ұлтшылдыққа 

қарсы,  ұлттар  үшін  зиянды  саяси 

ұйым.  Сондықтан:  а)  қырғыз-қазақ 

халқы  Совет  үкіметін  танымасқа 

және бойсұнбасқа тиісті; ә) оралдық 

қазақ-орыстармен  бірігіп,  Орал  қа-

зақтары  большевиктермен  күресуге 

тиісті; бірақ, күрес қырғыз-қазақ пай-

дасын  сақтау  бөлімі  басқа  мақсатқа 

ауса,  ондай  күреске  қырғыз-қазақ 

қосылмасын; Орал обл. Орал ұлысы 

аталсын.  7  кісіден  хүкімет  құрып, 

әзірге  штат  болсын.  Орал  ұлысы 

«Алашорданың» уақытша бір бөлімі 

болып. Алаш автономиясы жарияла-

нып, билік түрін белгілеп, аяқ басқан 

соң, бар хакімшілікті «Алашордаға» 

тапсырсын.  Орал  обл.-ның  келесі  Ү 

сиезі  1919  ж.  ақпанында  Қаратөбе-

де  ұйымдастырылды.  Сиезде  боль-

шевиктерге  бағынбау  үшін  Колчак 

билігін мойындау шешімі қабылдан-

ды. Орал обл. қазақтарының ҮІ сиезі 

1919 ж. 14-20 шілде аралығында Ой-

ылда  өткізілді.  Сиезде  талқыланған 



Алаш қозғалысы

338


мәселелер  туралы  мәлімет  сақтал-

маған. Дегенмен сол кездегі жағдайға 

қарағанда Батыс Алашорданың әске-

ри қимылдары сиездегі басты мәселе 

болған  сияқты.  Орал  обл.-тық  қазақ 

сиездерінің  баршасында  сол  өңірге 

қатысты  алуан  мәселелер  қарасты-

рылып, әрекетке бастайтын жиындар 

ретінде ұйымдастырылды.

Орал облысы (1869 жыл) – патша 

үкіметінің «Дала обл.-тарын басқару 

жөніндегі  уақытша  ережесіне»  сәй-

кес  құрылған  әкімшілік-аумақтық 

бөлік.  Обл.  құрамына  Орал  казак- 

орыс әскерлері мен Орынбор қазақта-

рының  біраз  бөлігі  кірді.  Орал  обл. 

Орал, Ілбішін, Гурьев, Темір у.-деріне 

бөлінді,  сондай-ақ,  оған  Маңғыстау 

приставтығы да қарады. Жер көлемі 

29  626  234  десятина,  оның  шұрай-

лы деген 6 465 402 десятинасы Орал 

казак-орыс  әскерлерінің  иелігінде 

болды да, 23 160 832 десятинасы қа-

зақтардың пайдалануына «берілген» 

мемлекет  меншігі  деп  жарияланды. 

1897 ж. санақ бойынша Орал обл.-нда 

645 121 адам тұрды. Оның 335 972-сі 

ер, 309 149-ы әйел. Қала тұрғындары 

обл. халқының 8,5%-ын құрады. Обл. 

орталығы Орал қ.-нда болды. Жалпы 

санақ  бойынша  обл.-та  33  009  қазақ 

тұрған. Бүкіл азаматтық және әскери 

билік ішкі істер министрлігіне бағы-

нышты Орал әскери губернаторының 

қолына  шоғырландырылды.  Орал 

обл.  жәрмеңкесімен  аты  шығып,  ол 

балық  және  астық  саудасының  ор-

талығына айналды. Жәрмеңке ж. екі 

рет – маусым мен қыркүйек айларын-

да  өткізілді.  1834  ж.  Петровск  және 

Воздвиженск жәрмеңкелері ашылды. 

1867  ж.  Қазыбекте  ашылған  Ойыл 

жәрмеңкесінің  бүкіл  ресейлік  маңы-

зы болды. Негізгі сауда заттары – мал 

мен  мал  шаруашылығы  өнімдері, 

астық,  сабын,  желім,  шойын,  мыс 

және  ағаштан  жасалған  бұйымдар, 

жібек,  жүн,  кенеп  маталар  т.б.  ХІХ 

ғ.  -  дың  2  жартысында  Орал  обл.-н-

да  шикізат  өнімдерін  өңдейтін  72 

кәсіпорын  болды.  Орал  обл.-ның 

құрылуына  байланысты  құрылған 

жаңа  әкімшілік  бөлік  жайылымдық 

жерлерді  пайдалануға  ғ.  -  лар  бойы 

қалыптасқан  тәртіпке  сай  келмеді. 

Соның салдарынан 1869-1870 ж. Орал 

обл.-нда  қазақ  тұрғындарының  ара-

сында  күшті  толқулар  болды.  1869 

ж.  наурызында  патша  өкіметінің 

отаршылдық саясаты мен жергілікті 

оларды қостаушылардың ауыр езгісі-

не  қарсы  алғашқы  біріккен  баскөте-

рулері  ХХ  ғ.  -  дың  басында  болды. 

Әсіресе,  1906  ж.  толқу  күшті  өтті. 

Ал Орал обл.-ндағы 1916 ж. баскөте-

ру  бұқаралық  сипат  алып,  шілдеден 

тамызға  дейін  созылды.  Көтеріліске 

басшылық еткен А.Ізбасаров, И.Байұ-

зақов, А.Айымбетов (Айбетов), Қ.Ай-

жаевтар дарға асылды. Ә.Сәрсенбаев, 

С.М.  Меңдешев,  М.Жолдыбаев  және 

Н.Залиевтер  Астрахан  түрмесінде 

жазаларын өтеді.



Оралтай  Хасен  Қалибекұлы 

1933  ж.  ҚХР  Тарбағатай  айм.  Толы 

ауд. дүниеге келген.  Белгілі қоғам 

қайраткері,  журналист,  публицист, 

қазақ  диаспорасының  шетелдегі 

көрнекті  өкілі.  Әкесі  1940-1949  ж. 

ұлт-азаттық  қозғалыстың  қайрат-

кері  болған.  О.  еңбек  жолын  Түрки-

яда түрік және ағылшын тілдерін үй-

реніп, журналист болудан бастайды. 

Қазақ  халқының  ұлттық  болмысын, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

339


мәдениеті  мен  тарихын  түрік  оқыр-

мандарына  таныстырады.  Измирде 

«Үлкен  түрік  елі»  журналын,  «Ком-

мунизммен  соғыс»  газетін  шығара-

ды.  1968  ж.  Германияның  Мюнхен 

қ.-ндағы  «Азаттық»  радиосына  қыз-

метке  қабылданады.  Мұнда  әдебиет 

бөлімінің  директоры  болды.  «Азат-

тық»  радиосын  ұтымды  пайдалана 

отырып, қазақ халқының теңдігі мен 

тәуелсіздігі үшін еңбек етті. Халқы-

мыздың  ұлттық  құндылықтарын, 

соның  ішінде  алаштық  идея,  Алаш 

қайраткерлерінің  еңбектерін  наси-

хаттады.  «Азаттық»  радиосынан 

Алашорда жетекшілерінің шығарма-

ларын таныстырумен қатар олардың 

өмірбаян  деректері  мен  шығармала-

рын  жинақтады.  Ол  «Алаш  –  Түр-

кістан  түріктерінің  ұлттық  ұраны» 

(1973) деген атпен шықты. Бұл кітап 

Алашқа  арналған  оң  көзқарастағы 

тұңғыш  еңбек  болды.  О.  Қазақстан-

ның «Алаш» әдеби сыйлығының ие-

гері. Қазір Мюнхен қ.-нда тұрады.

Орманбетұлы  Нарманбет  (1859 

ж.  Орталық  Қазақстан  обл.  Ақтоғай 

ауд. Саға – 1918 ж.)  Ауыл моласынан 

хат танығаннан кейін Қарқаралыдағы 

екі  сыныпты  орыс-қазақ  мектебінде 

оқыған.  Араб,  парсы,  орыс  тілдерін 

үйреніп, әлем әдебиетімен танысқан. 

12  –  13  жасында  өлең  шығару  қа-

білеті  оянған.  Елге  «Айқап»  журна-

лы  мен  «Қазақ»  газетін  алып,  оқып 

отырған.  Петерборда  оқып,  Омбы, 

Самара, Орынбор қ.-нда қызмет істе-

ген Ә.Бөкейханмен сыйлы қарым-қа-

тынаста  болған.  Алаш  көшбасшысы 

Ә.Бөкейханның  ықыласына  бөлен-

ген  ақын  О.  ХХ  ғ.  басындағы  бiлiм 

саласындағы  оянуларды  қолдап-қу-

аттады.  Әлихан  оның:  «Қуандым, 

түнде жүрiп, күн шығар дер, Болса да 

бұлыт бүркеу, жел қуар деп» делiнген 

өлең жолдарын В.Г. Короленкодан ау-

дарған «От» әңгiмесiне эпиграф етiп 

алғаны мәлiм. Бұл ақынның көп сөзi 

ел арасында нақыл болып айтылған. 

Мысалы, 1906 ж. Ресейдiң II Думасы-

на сайлау жүрiп жатқанда, ол: «Жүй-

рiктен шабыс шығады, Сүйрiктен қа-

мыс шығады, Бiрлiктен намыс шыға-

ды»  деген  екен.  О.  намысты  оятар 

бiрлiктi аңсаған. 1917 ж. төңкеріс пен 

текетірес  тұсында  «Тілекті  хақтың 

берген  күн»,  «Даусың  қалай  ашыл-

ды?», «Ұран», «Олқын-толқын» атты 

азаматтық  салмағы  айқын,  мұраты 

маңызды өлеңдер жазды. 1917 - 1918 

ж.  Қарқаралы  уездік  Алаш  коми-

тетінің жұмыстарына белсене арала-

сты. Ақын 1918 ж. қайтыс болады.



Орынбор 

генерал-губерна-

торлығы    Қазақстанның  батыс, 

солт.-батыс  және  оңт.-батыс  иелік-

терін  отарлау  мақсатында  1850  ж. 

құрылып,  1881  ж.  дейін  сақталған 

г.-г.  1868  ж.  О.  г.-г.  құрамында  орт. 

Орынбор  қ.  болған  Торғай  обл. 

құрылды.  1876-81  ж.  Қазақстанның 

солт.-шығысы мен оңт-нде Дала және 

Түркістан 

ген.-губернаторлықта-

рының  құрылуына  байланысты  О. 

г.-г.  жойылып,  Орынбор  губ.  қалпы-

на  келтірілді.  Дегенмен  Торғай  обл. 

Орынбор  губ.  құрамына  қалдырыл-

ды.

Орынбордағы  әдебиет  кеші  – 

1915 ж. 11 сәуірде Орынбор қаласын-

да Алаш зиялылары ұйымдастырған 

мәдени шара. Ол жөнінде «Қазақ» га-

зетінде  хабарландыру  жарияланған 

болатын.  Кеш  І  дүниежүзілік  соғы-



Алаш қозғалысы

340


ста  жараланған  әскерлерге  көмек 

беру мақсатында ұйымдастырылған. 

Орынбор  театрындағы  бұл  кешке 

Алаш  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы 

қатысып,  ән  орындаған.  Сонымен 

бірге кеште халық әндері, А. Байтұр-

сынұлының,  Ғ.  Қараштың,  М.  Дула-

товтың,  татар  ақыны  Ғ.  Тоқайдың 

әндері орындалған. Кеште сондай-ақ, 

Алаш қайраткерлері М. Дулатов пен 

С.  Қадырбаевтың  жұбайлары  Ғай-

нижамал  мен  Жаңыл  халық  әндерін 

орындаған. 

Орыс  –  түзем  мектептері  –  ХІХ 

ғ. - да орыс әкімшілігі орыс емес ха-

лықтарының балаларын оқыту үшін 

ашқан  бастауыш  мектептер.  Бұл 

мектептердің мақсаты жергілікті ба-

лаларға  орыс  тілін  үйрету,  оларды 

Еуропа  мен  орыс  мәдениетіне  тарту, 

келешекте  әкімшіліктің  төменгі  са-

тыларына  шенеуніктер  даярлау  бо-

латын.  Бұл  мектептерде  орыс  тілін 

үйрету  алғашқы  оқу  ж.нан  бастала-

тын.  Қаржыландыру  өлке  әкімшілі-

гінің  қазынасынан  және  қайырым-

дылықтан  түскен  қаржы  есебінен 

жүзеге  асырылды.  Мектептегі  оқу 

мерзімі төрт жыл болды, кей жағдай-

да дайындық сыныптары да ашылды. 

Оқуға 7-17 жас аралығындағы жастар 

қабылданды.  Бастапқыда  мектепте 

ер  балалар  мен  жасөспірімдер  ғана 

оқыды. Кейін қыздарға арналған екі 

сыныптық  мектептерде  ашылды. 

Бұл  мектептердің  оқушылары  орыс 

сыныбы  және  жергілікті  сынып  бо-

лып  екіге  бөлінді.  Мектепте  әдетте 

мұғалімдер  семинариясының  түлек-

тері қызмет істеді, олар орыс тілі мен 

арифметикадан дәріс берді, жергілік-

ті ұлттан шыққан молдалар ана тілі 

мен  араб  тілін  және  дін  сабақтарын 

жүргізді.  Қалаларда  кешкі  орыс-тү-

зем мектептері жұмыс істеді, оларда 

ересек  кісілер  орыс  тілін  үйреніп, 

орысша хат таныды. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет