Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет46/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69

Ойыл  уәлаятындағы  жастарды 

(жігіттерді)  ұйымдастыру  жөнін-

дегі  нұсқау  –  Алашорда  үкіметінің 

Батыс  бөлімі  басшысының  бұйрығы 

1918  ж.  мамырда  шығып,  1919  ж.  11 

маусымда күшіне енді. Бұйрыққа Ба-

тыс бөлімшенің басшысы әрі әскери 

министр Ж.Досмұхамедов қол қойды. 

Ол  18  параграфтан  тұрды.  Бұйрық 

бойынша  қазақ  халқы  армиясының 

қатарында қызмет етуге 19 жас пен 25 

жас арасындағы қазақ жастары (2000 

адам)  шақырылды.  Оларды  ұйымда-

стыру  жергілікті  жердегі  басшылар 

мен  ауыл  ақсақалдарына  жүктелді. 

Әскер қатарында қызмет ету мерзімі 

1,5  жыл  болып,  оларға  50  сом  мөл-

шерінде жалақы берілетін болды. Өз 

еркімен келетіндерге де рұқсат етіл-

ді.  Арнаулы  киім  үлгісі  ұсынылды. 

Шақырылатын  жігіттің  отбасында 

шаңырақ иесі өзі ғана болса, әкесінің 

жасы  50-ден  асып,  қалған  інілерінің 

жасы  15-тен  кіші  болса,  оқу  оқыса, 

әскерге  шақырылудан  босатылды. 

Отбасындағы жасы жетіп тұрған бір-

неше  баланың  біреуі  ғана  алынатын 

болды,  сондай-ақ  өз  орнына  басқа 

біреуді жолдауына рұқсат етілді.

«Ойыл  уәлаяты»  уақытша 

үкіметі  –  Орал  обл.  қазақтарының 

ІҮ сиезінде құрылған үкімет. 1918 ж. 

сәуірінен  қыркүйегіне  дейін  жұмыс 

істеді.  Бұл  мемлекеттік-автономи-

ялық құрылым Қазақстанның Батыс 

өңірінде қалыптасқан жағдайды рет-

теу  үшін  құрылып,  оның  құрамына 

Ж.Досмұхамедов,  Х.Досмұхамедов, 

Д.Күсепқалиев,  С.Омаров,  Қ.Асанов, 

Ғ.Қосдаулетов енді. Уәлаяттың жоға-

ры  органы  –  уәлаят  Құрылтайы,  ха-

лық сайлайтын басқару органы – Зем-

ство  управасы,  мемлекеттік  органы 

– Кеңес, мемлекеттік орган құратын 

атқарушы билік апараты – Уақытша 

үкімет,  орталығы  Жымпиты  қ.  бол-

ды.  Уәлаят  іштей  бірнеше  уездерге 

бөлінді.  1918  ж.  шілдеде  уәлаяттың 

прапорщиктер  және  юнкерлер  мек-

тебі  ашылды.  Уәлаяттың  әскери 

күштерін С.Сарығожин, Н.Есімханов 

басқарды. «Ойыл уәлаяты» уақытша 

үкіметі  1918  ж.  қыркүйегінде  тара-

тылып,  оның  орнына  Алашорданың 

Батыс бөлімі құрылды. 

Ойыл  уездік  сиезі  –  1917  ж.  на-

урыз  айында  Орал  обл.  қазақтары 

қатысқан  сиез.  Мұнда  ақпан  төң-

керісінен кейінгі жағдайға сәйкес ел 

ішінде тыныштық сақтау, Құрылтай 

жиналысына байланысты сайлау өт-

кізуге халықты үгіттеу, обл.-тық сиез 

ашу мәселелері көтерілді. Сиезде қа-

зақ атқару комитеті сайланды. Оның 

төрағасы Х.Досмұхамедұлы болды. 



Октябрь  манифесті  –  Ресей  им-

периясы  Жоғарғы  Билігінің  заңдық 

актісі,  1905  ж.  17  қазанында  жари-

яланған.  Ресми  атауы  –  «Мемле-

кеттік  тәртіпті  жетілдіру  туралы 

Жоғары  Манифест».  Император  ІІ 

Николайдың  тапсырмасымен  С.Вит-

те дайындаған 1905 ж. қазан айында 

бүкілресейлік  саяси  ереуіл  болды. 

Оған  өндіріс  саласынан  2  миллион-



Алаш қозғалысы

328


дай адам қатысты, осы жайт импера-

торды аталған манифесті қабылдауға 

мәжбүрледі.  Манифестте  азаматтар-

дың құқығы мен бостандығы, ұждан 

бостандығы,  сөз  бостандығы,  жина-

лыс  бостандығы  және  бірлестіктер 

құру бостандығы берілді. Манифест 

қабылданғаннан кейін Ресейдің Мем-

лекеттік  Думасы  Ресей  империясы-

ның  негізгі  мемлекеттік  заңдарына 

өзгеріс  енгізді.  Октябрь  манифесті 

қазақ  сияқты  отардағы  елдердің  бо-

стандығына  да  оң  ықпал  етті.  Бұл 

манифесттің маңызын Алаш қайрат-

керлері жақсы түсінді.

Октябрь  төңкерісінің  үшінші 

жылы – М.Дулатовтың 1920 жылғы 

7  қарашада  «Кедей  сөзі»  газетінде 

жарияланған  мақаласы.  Мақалада 

қазақтың  байырғы  мінезі,  тұрмысы, 

болмысы  айрықша  пафоспен  бейне-

леніп,  ұлттың  1916  жылғы  маусым 

жарлығы, ақпан және қазан төңкері-

стер тұсындағы жағдайы, Алаш авто-

номиясының  жариялануы,  кеңестік 

кезеңі  туралы  айтылады.  Автор 

Ресейдің  отаршылдығына  кірмей 

тұрғандағы қазақтың еркіндігін, жа-

уынгерлігін, ержүректігін, бодандық 

кезеңінде  қамыққанын,  әлсірегенін 

жаза келе, осындай шақта ақпан төң-

керісіне  қуанғаны,  Алаш  автономи-

ясын жариялағаны, бірақ 1918 жылы 

«қазақ  халқы  жақсылық  күткен 

Құрылтайды большевиктер қуғанын 

көріп,  совет  үкіметін  халық  дұшпа-

ны деп білді» дейді. Жалпы мақала-

да тұтас халықтың Алаш қайраткері 

көзімен жазылған тағдыры тұр. 

Омарбеков  Талас  (1948  ж.  Жам-

был  обл.  Байзақ  ауд.  Ақжар  а.)  Ға-

лым,  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор.  ҚазПи-ді  бітірген.  1980-

2001 ж. ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК 

жанындағы  Партия  тарихы  институ-

тында,  «Ақиқат»  журналында,  Қазақ 

ұлттық  университетінде  ғылыми-пе-

дагогикалық  шығармашылықпен  ай-

налысқан. 2001 ж. ҚазҰУ-дегі ежелгі 

және ортағасырлық Қазақстан тарихы 

кафедрасының  меңгерушісі.  Отан 

тарихын  кезеңдеудің  теориялық-ме-

тодологиялық  мәселелері  бойынша 

бірқатар  зерттеулер  жүргізді.  Қа-

зақстанда  сталиндік  тоталитарлық 

жүйенің орнығуы мен оның салдарын 

зерттеген алғашқы отандық тарихшы-

лардың бірі. Ол ХХ ғ. - дың 20-30 ж. 

Қазақстанда  байларды  тәркілеу,  ша-

руаларды  күштеп  ұжымдастыру  сая-

сатының зардаптарын ашып көрсетіп, 

сол тарихи кезеңде орын алған халық 

наразылықтарына жаңа тарихи көзқа-

рас  қалыптастырды.  О.  зерттеулері 

арқылы ХХ ғ. - дың алғашқы онжыл-

дықтарында қазақ халқының басынан 

өткен  ауыртпалық  кезеңдері  ғылы-

ми  тұрғыдан  жан-жақты  көрсетілді. 

Оның  еңбектері  арқылы  сол  дәуірдің 

тарихи шындығы ашылды. Ол «Тарих 

тағылымы не дейді?», «Зобалаң», «ХХ 

ғ.  -  дағы  Қазақстан  тарихының  өзек-

ті  мәселелері»,  «Қазақстан  тарихына 

және  тарихнамасына  ұлттық  көзқа-

рас» т.б. еңбектердің авторы.



Омаров  Қалила  Нематұлы 

(04.05.1957  ж.  Жаңақорған  ауданы 

Жаңақорған к.) – кинорежиссер-опе-

ратор. Қазақстан Киноматографистер 

одағының  мүшесі  (1992).  Ленинград 

(Санкт-Петербург) 

мәдени-ағарту 

училищесінде  оқыған.  1987  ж.  «Қа-

зақтелефильм»  студиясында  ре-

жиссер,  1998  ж.  «Алатау»  ұлттық 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

329


телеарнасының  бас  режиссері,  кей-

іннен ҚР Президенті «Телерадио-ке-

шенінің»  режиссері  болды.  1999  ж. 

«Хабар» агенттігінде дубляж режис-

сері қызметінде. «Алаш туралы сөз», 

«Алашорда»,  М.Жұмабаев  жайлы 

«Мағжан», М.Дулатов жөнінде «Мір-

жақыптың оралуы» фильмдерінің ав-

торы.  Қазақстан  Жастар  одағы  және 

Халықаралық  Жамбыл  атындағы 

сыйлықтардың иегері. 

Омаров  Салық  (т.ж.б.,  б.  Орал 

о.  Жымпиты  у.  Өлеңті  б.  Жетікөл  а. 

-1941) – Батыс Алаш-Орда қайраткері. 

Қазақ халқының атақты биі, батыры, 

қоғам  қайраткері  Сырым  Датұлы-

ның  шөбересі,  батырлығына  қоса 

шешен  болған,  сол  үшін  ел  ішінде 

«Қанатты  Қазы»  атанған  полковник 

Қазы  Сырымұлының  немересі.  Өз 

әкесі Омар да сөз ұстаған, ел ішінде 

ықпалды адам болды. Жырау Мұрат 

Мөңкеұлының  1906  ж.  Қазанда  жа-

рық  көрген  «Ғұмар  Қазыұғлына  ай-

тқаны» деп аталатын жырында оның 

көсемдік,  адамшылық  қасиеттері 

байыпталды. Ел «аударылмас томар» 

атаған  осы  Омардан  туған  Мұхтар 

мен  О.-тың  екеуі  де  ел  ішінде  билік 

жолын ұстаған қарекетті кісілер бол-

ды.  Мұхтар  болыстық  старшын,  бо-

лыс қызметтерін атқарса, одан кейін 

О. көп жыл бойы Өлеңті болысының 

управителі болып сайланды. 1912 ж. 

сайлауда  орнына  орысша  сауатты 

Ә.Есеналин  сайланғаннан  кейін  сау-

да-кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 

1917  ж.  Ақпан  революциясынан  соң 

халықтың  өзін-өзі  басқару  құрылы-

мын  түзу  кезінде  ел  ішіндегі  көзі 

ашықтарға және ортағасырлық билік 

түзіліміне – «азаматына Алаштың» – 

арқа сүйеген Ж.-Х. Досмұхамедовтер 

кезінде өз бабалары – тана Малайса-

ра  би  мен  беріш  Алдар  билер  тірек 

болған Сырымның ұрпағы О.-ты 1917 

ж. сәуірде өткен І Қазақ Орал обл.-тық 

сиезіне арнайы шақырды. Осы сиезде 

О. Жайық сырты қазақтарының обл. 

-тық  комитетіне  мүше  болып  сай-

ланды.  Сиездегі  ықпал  күші  С.Сей-

фуллиннің  «Тар  жол  тайғақ  кешу» 

тарихи-мемуарлық  романында  сол 

тұстың идеологиялық талабына орай 

асыра, дегенмен шындыққа біршама 

жақын  суреттелген.  1917  ж.  жазда 

Жымпиты уездік атқару комитетінің 

жаңа  аумақтық  межелеу  саясатына 

қарсы шығып, бұрынғы ауылдық-бо-

лыстық  аумақтық  бөліністі  сақтап 

қалуды  қызу  жақтады.  Мұны  мем-

лекеттілік  сезімі  төмендеу,  аламан-

дық мінезі күштілеу келетін көшпелі 

тұрмыс  салты  ыңғайында  жүргізді 

–  К.Жәленов,  Б.Игіліков  басқаратын 

уатком  құрамын  күшпен  таратып 

жіберу  ісінің  басында  тұрды.  1917 

ж.  жазда  земстволық  сиез  жинауға 

байланысты  құрылған  Жымпиты 

уездік  ұйымдастыру  комитеті  құра-

мына кірді, уездік земство управасы-

ның  төрағасы  болып  Б.Жанқадамов-

тың  сайлануына  атсалысты.  1918  ж. 

ақпанда  Қаратөбеде  өткен  ІІІ  Қазақ 

Орал обл. сиезінде Жайық сырты қа-

зақтарының  бөлек  обл.  болу  ниетін 

қызу қолдап, осы жолда елге түсетін 

салық  ауыртпалығын  барша  ел  бо-

лып  бірге  көтеруді  жақтады,  жаңа-

дан құрылмақшы Алаш әскеріне 200 

ат  берді.  Дінге,  ескіше  неке  қиюға 

және  жеке  меншікке  қарсы  больше-

виктік  саясатты  қабылдамаған  О. 

1918 ж. сәуірде Қазақ Орал обл. зем-


Алаш қозғалысы

330


ство басқармасы мен Казак Орал обл. 

земство  басқармасы  мен  Казак  Вой-

ско  үкіметі  арасында  қол  қойылған 

одақтық  келісімшартты  қолдап,  оны 

сол ж. мамырда Жымпитыда өткен ІV 

–  Қазақ  Орал  обл.  сиезінде  бекітуге 

белсене қатысты. Сол сиезде Жайық 

сырты  қазақтарының  жоғары  билік 

органы – Ойыл обл. (уәлаяты) Уақыт-

ша үкіметіне мүше болып сайланды, 

жаңа үкімет құрамында жер пайдала-

ну мәселесіне жауап берді уәлаят ау-

мағында Уақытша үкіметтің 1917 ж. 3 

сәуірдегі  өкімімен  бекітілген  уақыт-

ша  жер  пайдалану  тәртібінің  орын-

далуын,  яғни  Құрылтай  жиналысы-

на  дейін  жергілікті  халықтан  қазына 

есебіне жаңадан жер алынбауын, жұт 

ж.-дар бос жатқан бұрынғы переселен 

учаскелері күнкөрісі қиындаған ауыл-

дарға  бір  ж.-ға  тегін  берілуін,  сон-

дай-ақ  бос  жатқан  мал  жайылымда-

рының  да  бір  ж.-ға  ақысыз  берілуін 

қадағалады.  Б.А.-О.  Таратылғаннан 

кейін Орал губерниялық Төтенше ко-

миссарияты тарапынан ұсталып, кон-

цлагерьге қамалды. 1920 ж. 18 сәуірде 

бес жыл мерзімге азаматтық құқысыз 

бас  бостандығынан  айыру  жөнінде 

үкім шығарылды. С.О.-ның Қазәсрев-

комға  жазған  арызынан  кейін  Ә.Әй-

тиев,  С.  Арғыншиевтің  араласуымен 

үкім бұзылды. Одан әрі О. елде шару-

ашылықпен айналысты. 1928 ж. Орал 

округіндегі ірі байларды тәркілеп, жер 

аудару  науқаны  басталар  қарсаңында 

Қызыл-Ордаға,  Ж.Досмұхамедовке 

келіп,  ақыл-кеңес  алды.  Оралға  өзін 

тәркілеуге  іліктірмеу  туралы  Орал 

округі бойынша Қазақ өлкелік партия 

комитетінің уәкілетті өкілі Қ.Сармол-

даевқа,  Ж.Досмұхамедовтің  жазған 

хатын әкелді. Алайда күштеп тәркіле-

удің  құрығынан  құтыла  алмай,  «жар-

тылай феодал» аталған бай ретінде де, 

Алаш қозғалысына белсене қатысушы 

ретінде  де  мал-мүлкі  алынып,  Орал 

округі  бойынша  тәркіге  түскен  113 

адамның қатарында үй-ішімен Жетісу 

округіне жер аударылды. Мұнда Б.А-

О.-ның  тағы  бір  көрнекті  қайраткері 

Қуанай хазірет Қошдәулетов екеуі мал 

шаруашылығын  дамытты,  ел  ішінде 

беделге ие болды. Шамамен 1937-1938 

ж. Жетісудан Челябіге он ж. жер ауда-

рылып,  сонда  1941  ж.  қайтыс  болды. 

Соңында  қалған  ұрпағынан  Шұғыл, 

Ғабдол-Насыр  деген  екі  ұлы  белгілі. 

Ғабдол-Насыр  Орал  қ.-ғы  медицина 

техникумында  сабақ  беріп  жүргенде 

қызметтен  шығарылып,  1937  ж.  ре-

прессияланды.  

Орал  обл.-тық 

қазақ комитеті – 1917-1918 ж. Жайық 

өзенінің  сол  жағалауын  қоныстанған 

қазақ ауылдарын басқару мақсатында 

құрылған  атқару  органы.  1917  ж.  19-

22 сәуір аралығында Орал қ.-нда өткен 

Жайық сырты қазақтарының І делегат-

тық  сиезінде  бұрынғы  Жайық  сырты 

бөлігін  басқару  жөніндегі  уақытша 

комитетінің  орнына  құрылды.  Коми-

тетке  мүше  болып  Ж.Досмұхамедов, 

Ы.Токберлиев,  Х.Тасымов,  Т.Сары-

бөпиев,  Е.Мұқанов,  Д.Сәрсенбаев, 

Ғ.Әлібеков,  Д.Күсепқалиев,  Б.Жанқа-

дамов, Р.Қаржаубаев, Д.Жұлдызов, Х.

Досмұхамедов,  Ы.Топаев,  Е.Әбенов, 

К.Жәленов,  Ғ.Есенғұлов,  С.Қаратіле-

уов,  Б.Жұмағалиев,  С.Омаров  және 

Б.Тілепин  сайланды.  Комитет  І  Орал 

Қазақ обл.-тық сиезінің Жайық сырты 

бөлігіндегі  бұрынғы  төрешіл-бюро-

краттық басқару жүйесін коллегиалды 

халықтық басқару жүйесіне ауыстыру 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

331


жөніндегі  шешімімен  туындаған  бар-

лық  қаулы-қарарды  жүзеге  асырумен 

шұғылданды,  Орал  қ.-ғы,  у.-дердегі 

қазақ қаржысына салынған қозғалмай-

тын дүние-мүлікті есепке алып, қазақ 

пайдасына  қызмет  еткізу,  елден  ерік-

ті  жылу  жинау,  оқу  орындарын  ашу, 

жәрмеңкелер  өткізу,  азық-түлікпен 

қамтамасыз  ету,  басқа  қоғамдық  ұй-

ым-мекемелермен  байланыс  жасау 

ісімен  айналысты.  1917  ж.  1-5  мау-

сымда  Ойыл  жәрмеңкесінде  ІІ  Орал 

Қазақ обл.-тық сиезін өткізді, осы сиез 

аясында бас қосқан комитет мүшелері 

жиналысында Жайық сырты бөлігінің 

земстволық управасын сайлады, сол ж. 

күзде Бүкілресей Құрылтай жиналысы 

мүшелерін сайлау және екінші земство 

управасы құрамын сайлау науқанын өт-

кізді. 1918 ж. 18 қаңтарда III Орал Қа-

зақ обл.-тық сиезін, сол ж. 18 мамырда 

IV Орал Қазақ обл.-тық сиезін шақыр-

ды. Соңғы сиезде таратылып, өз өкілет-

тілігін  Ойыл  обл.-ның  (уәлаятының) 

Уақытша үкіметтігіне табыстады.

Омарұлы  Елдес  (01.  03.  1892, 

бұрынғы  Торғай  обл,  Қостанай  у. 

Дамбар  б.  2  а.  02.12.1937  ж.)  –  Алаш 

қайраткерлері,  педагог,  публицист. 

1907  ж.  Қостанай  қ.-ндағы  екі  сы-

ныптық орыс-қазақ мектебін, 1911 ж. 

Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер 

мектебін бітірген. Алашорда үкіметін 

құруға  бар  қажыр-қайратын  жұм-

саған  адамның  бірі.  Уақытша  үкімет 

құруға  белсене  араласады.  Уақытша 

үкіметтің  Торғай  у.  комиссарының 

көмекшісі,  Торғай  обл.  азаматтық 

істер комитетінің төрағасы. І және ІІ 

Жалпықазақ сиездеріне қатысады. Қо-

станайда өткен Қостанай у. қазақтары-

ның төтенше сиезінде «Жер мәселесі 

туралы» баяндама жасайды. Алашор-

даның  Қостанай  уездік  атқару  коми-

тетінің  төрағасы  міндетін  атқарады. 

Кейін Торғай обл.-тық жер басқарма-

сы төрағасының орынбасары, төраға-

сы болады. 1920 ж. Орынборда Халық 

ағарту  комиссариатында  инструктор, 

кеңестік партия мектебінде оқытушы. 

1922 ж. Қазақ Халық ағарту комисса-

риаты  академиялық  орталығына  қы-

зметке  алынып,  1926  ж.  дейін  сонда 

істейді. Қазақ халыққа білім беру ин-

ститутында (КИНО) оқытушы болып, 

саяси-әлеуметтік,  оқу-ағарту  және 

тіл  білімі  мәселелеріне  арнап  көпте-

ген мақалалар жазады. Қазақ тілінде 

физика,  геометрия  оқулықтарын  жа-

зып,  математикалық  терминдердің 

қалыптасуына  зор  үлес  қосады.  1924 

ж.  маусымда  өткен  Қазақ  білімпаз-

дарының  тобында  қазақ  тілі  грамма-

тикасы  туралы  баяндама  жасайды. 

1926-1929 ж. саяси қуғынға ұшыраған 

О.  Ташкент  педагогикалық  институ-

тында,  Орта  Азия  мемлекеттік  уни-

верситетінің  шығыс  факультетінде 

оқытушы  болып  жұмыс  істейді.  Сол 

ж. қазақ мектептеріне арналған геоме-

трия оқулығының 2 кітабын жазады. 

Цингирдің  физика  оқулығын  қазақ 

тіліне  аударады.  1923  ж.  Орынборда 

«Физика»  кiтабы  (бiрiншi  басылым), 

1928  ж.  Қызылордада  «Пiшiндеме» 

(геометрия)  кiтабының  бiрiншi  және 

екiншi  бөлiмдерi  жарық  көрді.  Ә.Бө-

кейхан  А.Байтұрсыновқа  жазған  ха-

тында  «Елдесiм  жақсы  жiгiт.  Бұрын 

да жақсы едi. Ендi онан да сүйiктi бо-

лып кеттi... Физиканы оқып қарасам, 

Елдесiм де қазақ екен» деп бағалады. 

1929  ж.  соңында  тұтқындалып,  1930 

ж. сәуір айында ату жазасына кесілді. 


Алаш қозғалысы

332


Кейіннен  он  ж.  Архангельскіге  жер 

аударылып,  1933  ж.  ақталып  шыға-

ды.  1934-1935  ж.  Қазақ  мемлекеттік 

медицина  институтында  қазақ  тілі-

нен сабақ береді. Қазақ тілі оқулығын 

жазады. 1935-1937 ж. ҚазМУ-де қазақ 

тілі  кафедрасының  доценті  болып 

қызмет  атқарады.  Қазақ  мектептері-

не арналған орыс тілі грамматикасын 

және  геометрия  есептері  оқулығын 

жазды.  «Упражнения  по  синтакси-

су»  («Синтаксис  жаттығулары»),  «О 

сочетании  звуков  казахского  языка» 

(«Қазақ  тiлiндегi  дыбыс  үндестiгi»), 

«Новые правила о казахском шрифте» 

(«Қазақ  қаріптерiнiң  жаңа  ереже-

лерi»),  «Ученая  деятельность  Ахмета 

Байтурсынова» («Ахмет Байтұрсыно-

втың ғылыми еңбектерi») т.б. ғылыми 

еңбектері  бар.  Саяси  қуғын-сүргінге 

ұшырап,  1937  ж.  2  желтоқсанда  қай-

тыс болды. 



Омбыдағы  «Алаш»  партиясы 

бас  кеңесінің  «Алаш  азаматтары-

на» үндеуі – Алашорда үкіметін қол-

дауға шақырған 1918 ж. 30 шілдесін-

дегі үндеу. Үндеуде патша үкіметінің 

құлағандығы, жаңадан орнаған боль-

шевиктер  үкіметінің  де  қанаушы 

билігі екендігі айтылады. Сөйтіп, бар-

лық Алаш баласын Алашорда үкіметі 

төңірегіне топтасуды үндейді. «6 мил-

лион Алаш баласының» басын құрау 

қажеттігі,  Алашордаға  жәрдем  жасау 

қажеттігі айтылады. 

«Омбының  Алаш  дәптері»    ға-

лым  Д.Қамзабекұлы  құрастырып, 

бастырған  жинақ  («Жазушы»,  2013). 

Алаш  мұрасына  тыйым  салынған  ж. 

ақындар өлеңдері ел арасында қолжаз-

ба  арқылы  тараған  («самиздаттың» 

бір түрі). «Омбының Алаш дәптерін» 

қарапайым  ауыл  зиялылары  (қазіргі 

РФ Омбы өңірі) көздің қарашығындай 

сақтап  келген.  Жалпы  осындай  қол-

жазбалар  тарихымыздың  бір  рухани 

қоры, құрамдас бөлшегі ретінде зерт-

телінуі  тиіс.  Жинаққа  кірген  мұра-

лардың  хронологиялық  ауқымы  ХХ 

ғ.  -  дың  20-40  ж.  қамтиды.  Сонымен 

бірге  мұнда  репрессияланған  Алаш 

зиялылары ұрпақтарының тоталитар-

лық  жүйе  тұсында  жазған  жырлары 

енген.  Дәптерге  жазуды  әуелде  қуат-

таған,  бастаған  -  Жұманұлы  Әбілда 

есімді өлең сөздің қадірін білетін кісі. 

Ол «Дала уәлаятының газетінде» кор-

ректор  болып  жұмыс  істеген.  Кейін 

оны жүргізген, көркем жазумен хатқа 

түсірген – Райысұлы Сыздық. Ол май-

данға  шақырылып,  содан  оралмаған. 

Жинаққа  А.Байтұрсынұлы,  М.Ду-

латұлы,  Ш.Құдайбердіұлы,  М.-Ж.

Көпейұлы,  Н.Орманбетұлы,  С.Ғыл-

мани  т.б.  белгілі  тұлғалармен  бірге 

Ізбасұлы  Әбдірахман,  Бейсембіұлы 

Баймұқамбет, Жұманұлы Әбілда, Ті-

легенұлы Ысқақ сынды жалпы әдеби 

қауымға  белгісіздеу  қаламгерлердің 

мұралары  кірген.  Оның  маңызы  – 

мәтіндік,  нұсқалық  құнында.  Кітап 

жоқта немесе Алаш зиялылары мұра-

сын  оқуға  тыйым  салған  кезде  қол-

дан-қолға  көшіп,  халықтың  рухани 

сұранымын  қанағаттандырған  «Дәп-

терлер»  феномені  мәнін,  тарихи  ор-

нын әлі де болса зерделеп, әлемге өз 

мағынасында  көрсету  –  тәуелсіздік 

талабы, заман сұранымы. «Омбының 

Алаш  дәптері»  -  осының  айқын  бір 

мысалы.


Он алтыншы жылғы көтеріліс – 

1916 ж. Қазақстан мен Орта Азиядағы 

ұлт-азаттық  көтеріліс-патшалық  Ре-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

333


сейдің отаршылдық саясатына қарсы 

бағытталған  ұлт-азаттық  қозғалыс. 

Көтерілістің  басталуына  Николай 

ІІ  патшаның  1916  ж.  25  маусымдағы 

«Реквизициялау  туралы»  жарлығы 

тікелей себеп болды. Жарлық бойын-

ша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара 

Сібірдің  «бұратана  халықтарының» 

19-43  жастың  аралығындағы  ер-аза-

маттарынан  майданның  тыл  жұмы-

старына  400  мың  адам,  оның  ішінде 

қазақтардан  240  мыңға  жуық  адам 

алу белгіленді. Бұл жұмыстардың қа-

тарына  қорғаныс  құрылыстары  мен 

әскери қатынас жолдарын салу, окоп-

тар қазу, т.б. кірді. Қазақстандағы кө-

терілістердің алғашқы ошақтары 1916 

ж.  шілде  айының  бас  кезінде  пайда 

болатын.  Жұмысқа  алынатындар-

дың  тізімдерін  жасаған  болыс  басқа-

рушылары,  ауыл  старшындары  және 

жергілікті  әкімшіліктердің  басқа  да 

қызметкерлері болды. Осы әкімшілік 

жүйе  ол  кезде  қазақтарда  туу  тура-

лы куәліктің болмағандығын пайда-

ланды.  Тізімге  жас  шамасына  қара-

мастан кедейлерді қалауынша енгізді. 

Ал  ауқатты  әулеттерден  пара  алып, 

олардың  өкілдерін  шақырудан  бо-

сатты. Оның үстіне патшалық өкімет 

орындары  өлке  тұрғындарының  кей-

бір әлеуметтік топтарының өкілдерін 

(болыс  басқарушыларын,  жергілікті 

халықтан  шыққан  төменгі  шенді  по-

лицейлерді,  имамдар  мен  молдалар-

ды,  ақсүйектер  мен  құрметті  азамат 

құқықтары  барларды,  т.б.)  майдан-

ның  қара  жұмысынан  босатты.  Осы 

іс-әрекеттер  халықтың  ашу-ызасын 

келтірді.  Көтерілісшілер  болыстық 

кеңселерді,  болыстар  мен  ауыл  стар-

шындарының  үйлерін,  олар  жасаған 

тізімдерді  өртеді.  Жекелеген  болыс 

бастықтарын  өлтірді.  Нәтижесінде, 

халықтың  ашу-ызасынан  туындаған 

бұл  қозғалыс  біртіндеп  ұйымдасқан 

сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа 

бастады. Он алтыншы ж. көтеріліске 

шыққан  көтерілісшілердің  негізгі 

құрамы қазақтар болды. Тек оңтүстік 

обл.-тарда (Жетісу мен Сырдария) кө-

теріліске  қазақтармен  қатар  ұйғыр-

лар,  өзбектер,  қырғыздар,  дүнгендер, 

т.б. ұлт  өкілдері қатысты. Сол  кезде-

гі  қазақ  қоғамындағы  саяси  қайрат-

керлердің  арасындағы  көтеріліске 

бірыңғай  көзқарас  болған  жоқ.  Қа-

зақ  зиялыларының  кейбір  өкілдері 

(Т.Бокин,  Ж.Ниязбеков,  Ә.Жүнісов, 

Т.Рысқұлов, С.Меңдешов, Б.Алманов, 

Ә.Жангелдин,  т.б.)  патша  жарлығына 

батыл қарсы шығып, халықты қарулы 

күреске  шақырса,  «Қазақ»  газетінің 

төңірегіне  топтасқан  либерал-демо-

кратияшыл зиялылардың жетекшілері 

(А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, М.Дула-

тов, т.б.) патша өкіметінен тыл жұмы-

сына  адам  алуда  асықпауды  өтініп, 

керісінше,  дайындық  шараларын 

жүргізу  жөнінде  ұсыныстар  жасады. 

Олар  көтеріліске  шыққан  халықты 

патша  өкіметі  аяусыз  жазалайтынын 

ескертті. Көпшілікті жарлықты орын-

дауға  қарсылық  көрсетпеуге  шақы-

рды.  Дегенмен,  жаппай  көтеріліс  тек 

қазақ  даласын  ғана  емес,  көршілес 

Орталық  Азия  елдерін  де  қамтыды. 

Ақыры,  көтеріліс  Қазақстанның  бар-

лық  аймақтарында  қатаң  басып-жа-

нышталды. Әйтсе де, қазақ халқының 

сан  ғ.  -  лық  ұлт-азаттық  қозғалысы-

ның тарихында ерекше орын алатын 

көтеріліс  болды.  Қазақстан  мен  ор-

талық  Азиядағы  1916  ж.  ұлт-азаттық 


1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет