Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет45/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69

Алаш қозғалысы

320


Н

Назарбаев   Нұрсұлтан Әбіш-

ұлы  (1940  ж.  туған)  –  Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Прези-

денті,  мемлекет  қайраткері.  Эко-

номика ғылымының докторы, про-

фессор. ҚР ҰҒА-ның, Халықаралық 

инженерлік  академиясының  ака-

демигі.  ҚР  Қауіпсіздік  Кеңесінің 

төрағасы,  ҚР  Қарулы  Күштерінің 

бас  қолбасшысы,  Қазақстан  ха-

лықтары  Ассамблеясының  төраға-

сы,  «Нұр  Отан»  ХДП-ның  төраға-

сы.  Днепродзержинск  техникалық 

училещесін  (1960),  Қарағанды 

металлургия  комбинаты  жанын-

дағы  жоғары  техникалық  оқу  ор-

нын  (1967),  КОКП  ОК  жанындағы 

Жоғары  партия  мектебін  (1976) 

бітірген.  1960  –  1969  ж.  Қараған-

ды  металлургия  комбинатындағы 

домна  пешінде  жұмысшы,  шой-

ын  құюшы,  1969-1973  ж.  Теміртау 

қ.-лық  партия  комитетінде  бөлім 

меңгерушісі,  қалалық  комсомол 

комитетінің  бірінші  хатшысы,  қа-

лалық  партия  комитетінің  екінші 

хатшысы,  1973-1977  ж.  Қараған-

ды  металлургия  комбинатында 

партком  хатшысы,  1977-1979  ж. 

обл.-тық  партия  комитетінің  хат-

шысы,  екінші  хатшысы,  1979-1984 

ж.  Қазақстан  Компартиясы  ОК-

нің бірінші хатшысы, 1984-1989 ж. 

Министрлер  Кеңесінің  төрағасы, 

1989-1991  ж.  Қазақстан  Компарти-

ясы ОК-нің бірінші хатшысы, 1990 

ж.  ақпан-сәуірде  ҚазКСР  Жоғарғы 

Кеңесінің  төрағасы,  1990  ж.  24 

сәуірден  Қазақстан  Республика-

сының  Президенті,  1991  ж.  1  жел-

тоқсандағы  бүкілхалықтық  сайлау 

қорытындысы  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  бо-

лып  сайланды.  1995  ж.  29  сәуірде 

бүкілхалықтық  референдум  Пре-

зидент  өкілеттігін  2000  ж.  дей-

ін  ұзартты,  1999  ж.  10  қаңтарда 

және 2005 ж. 4 желтоқсанда 7 жыл 

мерзімге  Қазақстан  Республика-

сының  Президенттігіне  қайта  сай-

ланды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан 

бері  Н.  -  тың  басшылығымен  Қа-

зақстанда күрделі әлеуметтік, эко-

номикалық және саяси реформалар 

жүзеге  асты.  Ұлттық  заңнама  жа-

салып, 1995 ж. еліміздің жаңа Кон-

ституциясы  қабылданды.  Ұлттық 

қарулы күштер, ұлттық қауіпсіздік 

құрылымы,  тәуелсіз  сот  жүйесі 

құрылды. Қазақ тіліне мемлекеттік 

мәртебе  беріліп,  ұлттық  валюта  – 

теңге  енгізілді.  Ұлтаралық,  діна-

ралық келісімге негізделген саясат 

жүзеге асырылып, ел ішінде саяси 

тұрақтылық  берік  орнықты.  Се-

мей  ядролық  полигоны  жабылып, 

еліміз  ядролық  қару-жарақсыз  ай-

мақ  болып  жарияланды.  Елдің 

2030  ж.  -  ға  дейінгі  даму  страте-

гиясы  қабылданып,  экономикалық 

реформаның  қазақстандық  моделі 

жүзеге  асырылуда.  Соның  негізін-

де ел экономикасына 40 млрд дол-

лардан  астам  шетел  инвестици-

ясы  тартылды.  Н.  Қазақстанның 

сыртқы  саясатын  тарту  көршілік, 

өзара  түсіністік  пен  стратегиялық 

әріптестік  принциптері  негізінде 

жүргізуде.  Еліміз  өзінің  барлық 

көршілері  –  Ресей,  Қытай,  Өзбек-

стан,  Түркіменстан,  Қырғызстан 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

321


мемлекеттерімен  шекара  мәселе-

сін түпкілікті шешіп, халықаралық 

құжаттармен  бекітті.  ТМД  орган-

дарын  жетілдіру,  Еуразиялық  эко-

номикалық  одақ  пен  Біртұтас  эко-

номикалық  кеңістік  құру  жөнінде 

жаңа  бастамалар  көтерді.  Азия-

дағы  өзара  ықпалдастық,  сенім 

шараларын,  Әлемдік  және  дәстүр-

лі  дін  лидерлерінің  халықаралық 

басқосуларын  өткізді.  1997  ж.  20 

қазанда  тәуелсіз  Қазақстан  та-

рихында  аса  маңызды  оқиға  орын 

алды:  Президент  Н.Ә.  Назарбаев-

тың Жарлығымен ел астанасы Ақ-

мола қ. болып белгіленді. 1997 ж. 8 

қарашада  мемлекеттік  билік  атри-

буттары  –  Ту,  Елтаңба  мен  Прези-

дент  байрағы  әкелінді.  1998  ж.  6 

мамырда  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  Жарлығына  сәйкес 

Ақмола  атауы  Астана  болып  өз-

гертілді.  Назарбаев  Қазақстанның 

жаңа  елордасы  –  астананы  салуға 

басшылық  жасап,  оны  Еуразия-

дағы  ең  әдемі  қалалардың  біріне 

айналдыруға үлес қосуда. Халықа-

ралық  экономика  мен  саясат,  ұлт-

тық  экономиканы  реформалаудың 

қазақстандық моделі, қазақ тарихы 

мен мәдениеті жайлы әлемнің бір-

неше  тілдерінде  басылған  ғылы-

ми-зерттеу  еңбектерінің  авторы. 

«Стальной  профиль  Казахстана» 

(1984), «Әділеттің ақ жолы» (1991), 

«Стратегия  ресурсосбережения  и 

переход  к  рынку»  (1992),  «Идей-

ная  консолидация  общества  –  как 

условие  прогресса  Казахстана» 

(1993),  «Евразийское  простран-

ство:  интеграционный  потенциал 

и  его  реализация»  (1994),  «За  мир 

и  согласие  в  нашем  общем  деле» 

(1995),  «Ғасырлар  тоғысында» 

(1996),  «Пять  лет  независимости» 

(1996),  «О  времени,  о  судьбах,  о 

себе»  (1998),  «Тарих  толқынында» 

(1999), «Сындарлы он жыл» (2000), 

«Еуразия жүрегінде» (2005), «Бәй-

терек»  (2005),  «Казахстанский 

путь»  (2006)  және  т.б.  кітаптары 

жарық  көрді.  «Алтын  қыран»  бел-

гісімен, көптеген шетелдік жоғары 

мемлекеттік  наградалармен,  сый-

лықтармен марапатталған. Н. - тың 

«Тарих  толқынында»  кітабының 

бір  тарауы  Алаш  қозғалысына  ар-

налған. «Алаш және қазіргі заман» 

атты  бұл  тарауда  қозғалыстың 

бастау  көздері,  Алаш  қайраткер-

лерінің саяси күресі жөнінде, олар-

дың тағылымы туралы айтылады. 



Науан  Хазірет,  Наурызбай  Та-

ласұлы  (1843,  Ақмола  обл.  Көк-

шетау  у.  –  1916)  –  діни  қайраткер, 

ағартушы.  Алаш  қайраткерлерінің 

(Ә.  Бөкейхан  т.б.)  деректеріне  қа-

рағанда, ол жас кезінде Бұхара мен 

Бағдат  қ.-ларында  оқып,  жоғары 

діни білім алып, араб, парсы, орыс 

және  бірнеше  түркі  тілдерін  мең-

герген.  Бұхарадағы  діни  медресе-

лердің  бірінде  сабақ  беріп  жүрген 

жерінен Көкшетауға арнайы шақы-

рылды.  Ол  туған  жеріне  оралы-

сымен  Көкшетауда  мешіт,  медресе 

және  оның  жанынан  шәкірт  бала-

лар  жататын  арнайы  орын  (интер-

нат) ашты. Медреседе діни оқумен 

қатар  жаратылыстану  сабақтары, 

шығыс  әдебиеті  және  қазақ  ақын-

дары мен жырауларының еңбектері 

оқытылды.  Оның  шәкірттерінің 

ішінде  Ақан  сері  мен  белгілі  дін 



Алаш қозғалысы

322


және  қоғам  қайраткері  Ш.  Қос-

шығұл  болды.  Медресе  мен  ұстаз-

дың  ел  арасында  үлкен  беделге  ие 

болуынан  қорыққан  патша  үкіметі 

1903  ж.  арнайы  тінту  жүргізіп, 

көптеген  діни  кітаптар  мен  қол-

жазбаларды  тәркіледі.  Сондай-ақ 

осы  оқу  орнымен  және  «бүлікшіл 

мұсылмандармен»  байланысы  бар 

деп  есептелген  белгілі  қазақ  қай-

раткерлері  А.Құнанбайұлы  мен  С.

Шорманұлы үйлерінде де жүргізіл-

ген.  Тінтуден  кейін  Н.Таласұлы 

мен  оның  шәкірті  әрі  осы  медресе 

мұғалімі  Ш.Қосшығұл  Сібірге  жер 

аударылды.  Бірақ  Ә.Бөкейхан  мен 

М.Сейдалиннің  Ресей  Ішкі  істер 

министрлігіне  жазған  қоғамдық 

сұрау  салуы  негізінде  1905  ж.  на-

урызда  екеуі  де  айдаудан  босаты-

лады.  Әйгілі  Ақан  сері  екеуі  апа-

лы-сіңлілі қыздарға үйленген.



Наушабаев  Нұржан  (1858, 

қазіргі  Қостанай  обл.  Ы.Алтын-

сарин  ауд.  -  1919)  –  Алаш  қозға-

лысына  өлең  арнаған  ақын.  Ді-

ни-ағартушылық  бағыттың  көр-

некті  өкілі.  Оның  40  шақты  өлеңі 

мен  айтыстары  «Жұмбақ.  Нұржан 

мен  Сапарғалидың  жұмбақ  айты-

сы»  (1903),  «Манзұмат  қазақия» 

(1903),  «Алаш»  (1910)  атты  жи-

нақтарында Қазан қ. нда басылған. 

Н.  өлеңдерінің  негізгі  тақырыбы 

–  өнер-білім  мен  адамгершілік  қа-

сиеттерді  насихаттау.  «Замананың 

қалпына  айтылған  сөз»,  «Тақпақ», 

«Терме», «Леп ұрған жігітке» өлең-

дерінде,  «Түлкі  мен  әтештің  хика-

ясы»,  «Өгіз  бен  есек»,  т.б.  мысал-

дарында адамның мінез-құлқы мен 

жамандық-жақсылық,  әділдік  жай-

ын,  замана  бағытын,  қоғамдық  құ-

былыстарды сипаттады. Адам бой-

ындағы  қараулық,  дүниеқорлық, 

тойымсыздық  көріністерін  сына-

ды. Қоғамдық жайларды исламдық 

тұрғыдан  таразылап,  діни  өлең-

дерінде  Құран  Кәрімнің  маңызын, 

қасиетін  түсіндіруге  талпынған 

ақын  мұсылманның  парыз-уәжіп-

теріне талдау жасайды («Қырық па-

рыздың  баяны»,  т.б.).  Ақын  өзінің 

«Алаш» кітабына енген «Сегізінші 

назым» өлеңінде: «Алаш еді ұраны-

мыз,  Дін  ислам  –  құранымыз,  Дү-

ния ахірет жайынан Қолда жоқ еш 

құралымыз.  Ата  қоныс  кетті  қол-

дан,  Бұған  бар  ма  қыларымыз?...

Бастан сөзді асырмаймыз, Ұйқыдан 

көзді аша алмаймыз, Бишара Алаш 

баласы, Өнерлі халыққа қосылмай-

мыз. Өлсек тағы хауіп етіп, Еш нәр-

седен қысылмаймыз. Оянған пенде 

табылмас...  Жайлау,  қыстау,  жерді 

алып,  Көңілді  қылды  жаралы.  Ұй-

ықтама,  оян,  Алашым!  Қолыңда 

жоқ  заманның  Амал  қылар  құра-

лы» деп Алаш қозғалысы дәуірінің 

басты  мұраттарын  бейнеледі.  Н. 

Алаш  автономиясы  жарияланып, 

Алашорда  үкіметінің  құрылғанына 

ерекше  қуанған  ақындардың  бірі. 

Оның осы кезеңде жазылған «Ала-

шордаға» өлеңінен осыны аңғаруға 

толық  болады  («Бірлік  қылсаң, 

Алашым, Ілгері қарай басасың. Қол 

ұстасып  ұмтылсаң,  Қатар  жұрттан 

асасың.  Атағын  мәңгі  қалдырып, 

Жасасын, Алаш, жасасын!»). 



Ниязов Батырқайыр Жүсіпұлы 

(1872 ж. – ө.ж.б.) – Алаш қозғалысы-

ның  қайраткері.  Петербург  импе-

раторлық  университетінің  заң  фа-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

323


культетін бітірген. 1896 ж. Торғын, 

1898  ж.  Таловка,  1900  ж.  Қалмақ 

қисындарының  правителі.  1911  ж. 

«Алаш»  атты  газет  шығаруға  рұқ-

сат  сұрап,  Астрахан  губернаторы-

на  екі  рет  өтініш  жазған.  Бірақ, 

өтініші 

қанағаттандырылмаған, 

қайта  осы  өтініштен  кейін  билік 

оған  сенімсіздікпен  қараған.  1917 

ж.  Бөкей  Ордасының  уақытша  ко-

миссары қызметіне тағайындалған. 

Алаш  партиясы  атынан  Бірінші 

жалпықазақ  сиезіне  Бүкілресейлік 

Құрылтай  жиналысына  Бөкей  ор-

дасынан депутаттыққа ұсынылған. 

Екінші жалпықазақ сиезінде Алаш 

орда  үкіметі  мүшелігіне  канди-

дат болып сайланған. Алаш қозға-

лысында  ерекше  белсенділік  та-

нытқан.  Кеңес  кезеңіндегі  өмірі 

жөнінде деректер сақталмаған.



Нұрғали  Рымғали      (1940  ж. 

Семей  обл.  Абыралы  ауд.  Қайнар 

а.  -  2010  ж.  Дубай  қ.)  туған.  Қа-

зақстанның  белгілі  жазушысы,  ға-

лым,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА-ның 

Академигі,  Қазақстанның  еңбек 

сіңірген  ғылым  және  техника  қай-

раткері,  академигі.  Тырнақалды 

«Сабыр  Шарипов»  атты  ғылы-

ми  еңбегі  1961  ж.  жарық  көрді. 

Ондаған  ғылыми-зерттеу  еңбек-

терінің  авторы.  Соңғы  ж.  Н.  Алаш 

қайраткерлерінің  қазақ  мәдениеті 

мен  әдебиетіне  қосқан  өлшеусіз 

үлесін  жан-жақты  терең  зерттеп, 

олар  жайында  тұтас  концептуалды 

көзқарас қалыптастыруға күш сал-

ды. Бұл ретте «Әуезов және Алаш» 

(1997),  «Вершины  возврашенной 

литературы»  (1998)  кітаптары  жа-

рық көрді, жаңа тұрғыда жазылған 

«1920-30 ж. қазақ әдебиеті» ұжым-

дық  монографиясына  (1997)  те-

лавтор болып қатысты. «Абай» эн-

циклопедиясының  бас  редакторы, 

«Мұхтар  Әуезов»  энциклопедия-

сының  кеңесшісі.  «Қазақ  әдеби-

етінің алтын ғасыры» атты көлемді 

монографиялық  зерттеуінде  Алаш 

қаламгерлері  Шәкәрім,  А.Байтұр-

сынұлы,  М.Дулатов,  Ж.Аймауы-

тов,  М.Жұмабаевтардың  өмірі  мен 

шығармашылығы  жөнінде  арнайы 

тараулар  берілген.  Ол  «Алаш  қай-

раткерлері  мұрасының  қазіргі  Қа-

зақстанның  мәдени-рухани  дамуы 

мен  сабақтастығы»  атты  ғылы-

ми-жобаның жетекшiсi.

Нұрекенов  Темірғали  (1858  – 

өлген жылы белгісіз) – Алаш қозға-

лысына қатысушы. Сол кездегі Се-

мей  обл.    Павлодар  у.  -  де  туған. 

1905  ж.  Қарқаралы,  Павлодар  у. 

қазақтарының  атынан  Ішкі  істер 

министрлігіне  наразылық  білдіріп 

жазылған  атақты  «Қарқаралы  құ-

зырхатын»  жазуға  қатысқан.  Осы 

құзырхатты  қазақ  тілінен  орыс 

тіліне  аударған.  Семей  облысы 

Павлодар  уезінің  Сейтен  болысын 

басқарған. 1907 ж. Ресейдің екінші 

Мемлекеттік  Думасына  Семей  об-

лысынан депутат болып сайланған. 

Мемлекеттік  Думада  Мұсылман 

фракциясының мүшесі болған. 

Нұрмұхамедов  Хасен  (1900  ж. 

қазіргі  Ақмола  обл.  Есіл  ауд.)  – 

1937  ж.  Алаш  қозғалысының  қа-

тысушысы,  «Алаш»  партиясының 

мүшесі.  Атбасарда  мұғалімдер 

курсында,  Омбыда  партия-кеңес 

қызметкерлерін  даярлайтын  кур-


Алаш қозғалысы

324


ста  оқыды.  1926  ж.  Орынбор  жұ-

мысшы  факультетін,  1930  ж. 

Мәскеуде К.А.Тимирязев атындағы 

ауылшаруашылық 

академиясын 

бітірген.  1919-1920  ж.  Атбасар  у.- 

дік  мұғалім,  1920-1921  ж.  уездік 

партия  комитетінің  қазақтар  сек-

циясын  басқарды,  Азамат  соғысы-

на қатысты. 1922-1923 ж. «Еңбекші 

қазақ»  газеті  редакциясының  алқа 

мүшесі,  әрі  «Қызыл  Қазақстан» 

журналының редакторы. 1923-1928 

ж. Қазақ АКСР-і егін шаруашылық 

халық  комиссариатында,  Семей 

және  Ақмола  губернияларында 

лауазымды  қызметтер  атқарды, 

1930-1932 ж. Мәскеудегі ұжымшар 

ғылыми-зерттеу 

институтының 

директоры, 1933-1937 ж. Қазақ АК-

СР-і Мемлекеттік жоспарлау комис-

сиясы  төрағасының  орынбасары, 

Бүкілодақтық  ауылшаруашылық 

ғылымдары  академиясының  Қазақ 

бөлімі  төралқасының  төрағасы, 

Шығыс  Қазақстан  обл.-тық  атқару 

комитетінің төрағасы, Қазақ КСР-і 

Денсаулық  сақтау  халық  комисса-

ры  қызметтерін  атқарды.  1937  ж. 

қазанда тұтқындалып, ату жазасы-

на кесілген.



Нұрмұхамедұлы  Қазы  (1896, 

Семей  у.  Еңірекей  б.  –  1918,  Семей) 

–  Алаш  қозғалысының  қайраткері, 

Алаш сарбазы. Семейде екі кластық 

мектепті  бітіріп,  бірер  жыл  елінде 

мұғалім  болып  істейді.  1915  ж.  Се-

мейде семинарияға оқуға түседі. 1917 

ж.  семинарияда  оқып  жүріп,  Алаш 

мүддесіне  қызмет  етуді  мұрат  етіп 

ұстанады. Алаш қайраткерлерінің ел-

дік істерін қолдаушы азамат 1918 ж. 

қысында  Семейдегі  Алаштың  атты 

әскеріне  басшы  болып  тағайындала-

ды. 1918 ж. 6 наурыз күні Алаш қ.- нда 

атты  милицияның  сарбаздарын  жат-

тықтырып жүргенде қызыл әскер сол-

даттары атып кетеді. 1918 ж. 7 науры-

зда Алаш үшін жанын қиған тұңғыш 

құрбан ерекше құрметпен жерленеді. 

Жерлеу кезінде Шәкәрім қажы ел ал-

дында сөз сөйлеп, ер қазасын қасиет-

ті  өлім  деп  бағалайды.  М.  Дулатұлы 

Алашұлын  жоқтаған  өлеңін  оқиды. 

Р.Мәрсеков,  Жанғали  қажы,  М.Мал-

дыбаев сөз сөйледі. Н. ның бірге оқып 

жүрген  жолдасы  Ж.Аймауытұлы 

еңіреп тұрып: – «Жан бауырым, жол-

дасым.  Қош  бол!  Жасаған  алдыңды 

өзіңе,  артыңды  бізге  қайырлы  қыл-

сын. Талаптандың, талпындың, оқып 

қатарға  кірдік.  Бұл  күнде  мынадай 

мезгілсіз қазаға душар болдың, өкін-

бе!  Ұлтың  үшін  туып  едің,  ұлтың 

үшін өлдің. Кеудеңде бір-ақ арманың 

кетіпті, ешкімге оқ атып, қылыш суы-

ра  аламай,  жазықсыз  оққа  ұштың. 

Тым  болмаса  ұлтыңның  бақытының 

шетін  көре  аламай  кеттің.  Қош,  ба-

уырым,  жолдасым»  деп  жоқтайды. 

С.Дөнентайұлы «Алаштың» алғашқы 

құрбанына» деген өлеңін арнап, «Тірі 

жанға қылмыссыз, Қисыны жоқ оққа 

ұштың.  Қара  өмірден  тұрмыссыз, 

Періште  боп  көкке  ұштың.  Қандай 

жанға қастық қып, Кіммен баққа та-

ластың!  Жат  жігерін  жастық  қып, 

Қаһарманы  алаштың...  Әрі  тұңғыш, 

әрі  тақ,  Күнәсі  жоқ  меймандос!  Қо-

нағыңды  күтіп  ап,  Ұлттың  ұлы  қош 

бол, қош!» деп егілді. 



Нұрпейіс  Кеңес  Нұрпейісұлы 

–  ғалым,  тарих  ғылымдарының 

докторы, профессор. ҰҒА-ның ака-

демигі,  ҚР  білім  беру  ісінің  үзді-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

325


гі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

ғылым  және  техника  қайраткері, 

Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреа-

ты. Ол 1935 ж. Алматы обл. Райым-

бек ауд. Саты а. туған. 1957 ж. Қа-

зақ  мемлекеттік  университетінің 

тарих факультетін бітірген. 1958 ж. 

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және 

этнология  институтында  еңбек 

етеді.  Н.  көптеген  ғылыми  және 

ғылыми-көпшілік  еңбек  жазған. 

Олардың ішінде 20-дан астам моно-

графия  мен  мектептерге  арналған 

оқулықтар  бар.  Көптеген  ұжым-

дық  еңбектерді,  олардың  қатарын-

да  академик  5  томдық  Қазақстан 

тарихының екі басылымын жазуға 

қатысқан.  Ғылыми  зерттеулерінің 

басты  бағыттары:  Қазақстандағы 

ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы, 

ұлттық-мемлекеттік  құрылыс  пен 

Қазақстанның ХХ ғ. - дағы қоғам-

дық-саяси  өмірінің  өзекті  мәселе-

лері,  аграрлық  және  шаруалар  та-

рихының  мәселелері,  Алаш  қозға-

лысы  мен  ХХ  ғ.  -  да  Қазақстанда 

орын  алған  саяси  қуғын-сүргін 

тарихы,  т.б.  Н.  1989-2005  ж.  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандары  болған 

Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов, 

Ә.Ермеков, Т.Рысқұлов, М.Тыныш-

баев, Х.Досмұхамедов, О.Жандосов 

мұраларын  жариялап,  бағалауға 

қомақты  үлес  қосты.  Шығармала-

ры «Алаш һәм Алашорда», «Тұлға-

лар»  атты  іргелі  зерттеулерінде 

алаштанудың  қалыптасуы  мен  да-

муына айтарлықтай ықпал жасаған 

тарихи  тұжырымдамалық  негіз-

дерді  қалыптастырды.  Ғалымның 

бұл  саладағы  еңбектері  алашта-

нуға қосылған аса көрнекті үлес. 


Алаш қозғалысы

326


О

Облыстар  мен  уездерде  Ала-

шорданың кеңестерін құру туралы 

қаулы  –  1918  ж.  11-24  маусымында 

шыққан  қаулы.  11  баптан  тұратын 

бұл  қаулыда  Алашорда  автономия 

территориясын обл.-тық және уездік 

кеңестер  арқылы  басқаратындығы 

және осы кеңестердің міндеттері ай-

қындалған. Атап айтқанда, жергілік-

ті  кеңестер  Алаш  әскерін  жасақтау 

үшін  жігіттерді  шақыра  алады,  ха-

лықтан  салық  жинайды,  мәдени  - 

экономикалық мәселелермен шұғыл-

данады, мемлекеттік және қоғамдық 

тәртіпті  қамтамасыз  етеді  т.с.с.  Қау-

лыға Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхан, 

мүшелері М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов 

қол қойған.



Облыстық  және  уездік  кеңес 

терін құру жөніндегі қаулы – Ала-

шорданың 1918 ж. маусым айында қа-

былданған қаулы. Қаулыға Алашор-

да төрағасы Ә.Бөкейхан және мүше-

лері  М.Тынышпаев  пен  Х.Ғаббасов 

қолдарын қойған. Қаулы 8 тармақтан 

тұрады. Оларда: Алашорда жергілікті 

кеңестер – обл.-тық және у.-дік кеңе-

стер  арқылы  жалпы  Алаш  автоно-

миясын басқарады, обл.-тық және у.-

дік  кеңестердің  құрамын  Алашорда 

тағайындайды, егер ұлты қазақ емес 

тұрғындар  кеңеске  кіруге  ниет  біл-

дірсе,  оларды  земстволық  жиналыс 

сайлайды,  Алашорданың  обл.-тық 

және  у.-дік  кеңестері  Алаш  әскері-

не  жігіттерді  тартады,  Алаштың 

Құрылтай  жиналысына  дайындық 

жұмыстарын жүргізеді, Алаш халқы-

ның  мәдени-экономикалық  дамуына 

жұмыс  істейді,  мемлекеттік  тәртіп 

пен  қоғамдық  тыныштықты  сақтау-

ды жүзеге асырады және т.б. мәселе-

лер айқындалған. 



Ождан,  сөз,  баспасөз,  жиналыс 

өткізу,  одақтар  құру  және  тұлға-

ның  құқығын  сақтау  туралы  қа-

улы  –  Алашорда  үкіметінің  1918  ж. 

11-24 маусымында шыққан қаулысы. 

Қаулыда жаңа заңдар шыққанға дей-

ін  жоғарыда  аталған  бостандықтар 

мен еркіндіктердің сақталуы жөнінде 

айтылған. Қаулыға Алашорда төраға-

сы Ә.Бөкейхан, мүшелері М.Тыныш-

баев, Х.Ғаббасов қол қойған.



Озғанбаев  Өмірзақ  (1941ж.  т., 

Құрық к.) – қоғам қайраткері, ғалым, 

пед. ғыл. канд. (1982), тарих ғыл. докт. 

(1998),  Халықар.  пед.,  Ресей  Білім 

және  жоғары  мектеп  академиялары-

ның академигі, Қазақстанға еңб. сің. 

қайраткер  (1996),  профессор  (2010). 

Қызылорда пед. ин-тын (қазіргі ун-т) 

бітірген  (1966).  1959-77  ж.  мектепте 

мұғалім, мектеп директорының орын-

басары, ауд. оқу бөлімінің инспекто-

ры,  ауд.,  қалалық  партия  к-ттерінде 

бөлім  меңгерушісі,  1977-94  ж.  обл. 

«Білім»  қоғамының  басшысы,  обл. 

мұғалімдер  білімін  жетілдіру  ин-ты-

ның  директоры,  обл.  кәсіптік–тех. 

және  білім  басқармасының  бастығы, 

1994-95 ж. ҚР Жоғ. Кеңесінің депута-

ты, 1995-99 ж. ҚР Парламенті Сена-

тының  депутаты,  комитет  төрағасы, 

1999-2001  ж.  Ы.  Алтынсарин  атынд. 

Қазақ  Білім  академиясының  прези-

денті  болды.  2001-07  ж.  Қазақтың 

экон.  ун-тінің  проректоры.  Негізгі 

ғыл.  еңбектерінің  бағыты  өткен  ғ. 

-  дағы  қазақ  зиялыларын  зерттеуге 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

327


арналған.  200-дей  ғыл.-танымдық 

мақалалардың,  30  кітаптың  авторы. 

Негізгі  еңбектері:  «Ресей  Мемлекет-

тік  Думасы  және  Қазақстан»,  «Көк-

жиек»,  «Дәуір  белестерінде»,  «Ха-

лықтан асқан ұстаз жоқ», «Қайраткер 

Алпысбай  Қалменов»  (Б.  Құрманбе-

ковпен бірге), «Халық қалаулылары», 

т.б. 



1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал