Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет44/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69

Мұсағалиев  (Мусин)  Ғабдолға-

зиз – тарихшы, қоғам қайраткері, заң-

гер. 1880 ж. Бөкей ордасында  - 1933 

ж.  Алматы  қ.  Алғаш  ауыл  молда-

сынан  сауат  ашқан 

М.  одан  әрі  Қазақ 

медресесіне  оқуға 

түскен.  Медресені 

аяқтағаннан  кейін 

арнайы  ақсүйектер 

мектебінде  оқиды. 

Каирдегі  әл-Каһи-

ра университетінің заң факультетіне 

оқуға түсті. Мысырдың бай кітапха-

насын сүзіп, халифат дәуіріндегі қол-

жазбалармен  танысты,  түркі  халқы-

ның ежелгі тарихын зерттеді. Шетел-

дің 8 тілін (қытай, араб, парсы, түрік 

т.б.) білген. «Гүлжиһан» атты дастан-

ды  зерттеп,  қазақ  тіліне  аударды. 

Университетті бітірген соң 1909-1910 

ж. Үндістан, Пәкстан, Индонезия, Жа-

пония т.б. елдерді аралады. Сапардан 

оралған  соң  Жетісу  обл.-ның  Қапал 

у.-не  келіп,  «Мамания»  мектебінде 

сабақ берді. 1912-1914 ж. қазақ, татар 

тілдерінде жарық көрген мерзімді ба-

сылымдарда қазақ халқының тарихы 

мен мәдениеті, қоғамдық-саяси мәсе-

лелері туралы көлемді мақалалар жа-

риялады. Ғылыми еңбектерін «Мұса 

Ғ.»,  «Мұса  Ғабдолғазиз»,  «Мусин 

Ғабдолғазиз»  деген  аттармен  жария-

лаған. М. «Айқап» журналы мен «Қа-

зақ»  газетінің  тұрақты  авторлары-

ның бірі болған. «Айқап» журналын-

да оның «Тарих», «Қазақ жайынан», 

«Ухшат»,  «Бәдәуит  һәм  мәденият», 

«Жазу мәселесі», «Айқапты үлкейту 

қақында»,  «Кімге  өкпелерге  керек?» 

т.б. мақалалары жарияланып, оларда 

қазақ  елінің  арғы-бергі  тарихы  мен 

мәдениетінің  өзекті  мәселелері,  шет 

елдермен  қарым-қатынастары  жөнін-

де мәліметтер келтірілді. М. «Жетісу 

қазақтары  жайынан»  атты  мақала-

сы  («Қазақ»  газеті,  1914  ж.)  ғылыми 

құндылығын  осы  кезеңге  дейін  жой-

маған.  1917  ж.  Ордада  «Ұран»  атала-

тын жартылай ресми газет шығарды. 

1918 ж. сәуір-мамыр айларында өткен 

Бөкей  ордасы  Кеңестерінің  бірінші 

сиезіне  төрағалық  етті.  М.  Ордада 

2-5  қыркүйекте  өткен  мұғалімдердің 

бірінші сиезінде төралқаның тұрақты 

төрағасы  міндетін  атқарды.  «Дұры-

стық жолы» газетін, «Мұғалім» атты 

журналды  (10  нөмірі  жарық  көрді) 

шығарып,  таратуға  үлес  қосты.  1923 

ж. бірыңғай әдеби қызметпен айналы-

сты. М. бұдан кейінгі өмірі жөніндегі 

деректер  тым  аз.  1933  ж.  Алматыда 

қайтыс болған.



Мұсатайұлы  Шайхы  –  Алаш 

қозғалысына қатысушы. 1870 ж. Мы-

ржық  тауының  байрайында  дүниеге 

келген.  Әйгілі  күйші  Тәттімбет  Қа-

занғапұлының  немересі.  Омбы  қ.- 

ндағы гимназияны бітірген. Гимнази-

ядан соң Қарқаралы у.-нде ұзақ уақыт 

тілмаштық  қызмет  атқарған.  1917  ж. 

Семейге келіп Алаш қозғалысына ат-

салысады.  Алашорданың  Семей  об-

л.-тық  комитетінің  мүшесі.  Комитет 

мүшесі  ретінде  Алаш  партиясының 

идеяларын түсіндіру үшін М.Малды-

баев, М.Әуезовтермен бірге Павлодар, 

Семей,  өскемен  у.-деріне  жіберілген. 

Кеңес  үкіметі  тарапынан  Алашорда 

үкіметі таратылғаннан кейін Жамбыл 

обл. Мерке ауд. қоныс аударады. Ұлы 

Отан  соғысы  аяқталғаннан  кейін  ал-


Алаш қозғалысы

314


дымен  жаңа  Семейге  оралып,  содан 

кейін  Аягөз  қ.-нда  тұрады.  Осында 

1962 ж. қайтыс болады. 

Мұстанбаев Ыдырыс (8. 11. 1898, 

қазіргі  Шығыс  Қазақстан  обл.  Жар-

ма ауд. – 15.11.1937, Алматы) – Алаш 

қозғалысының  қайраткерлері,  әде-

биет 

сыншысы, 



абайтанушы.  Тіні-

бай  медресесінде 

діни  білім  алып, 

кейін  екі  сынып-

тық 

орыс-қазақ 



мектебін  бітіреді. 

Семей  гимназия-

сына  жақсы  нәтижемен  бітірген  соң 

пошта телеграфшысы болып қызмет 

атқарады.  Алашорданың  Семей  об-

л.-тық  комитетінің  мүшесі.  1918  ж. 

Семейде Алаштың атты әскер полкін 

жасақтау жұмысына қатысады. Алаш 

үкіметінің  қуаттанып  күшеюін,  қа-

зақтың тәуелсіз ел болуын армандай-

ды. 1919-1921 ж. Семей губерниялық 

рев.  комитетінің,  губерниялық  атқа-

ру комитетінің мүшесі. 1920 ж. Қазақ 

АКСР  құрылтай  сиезіне  қатысып, 

Орталық атқару комитетінің мүшесі 

болып сайланады. 1921-1923 ж. Орал-

да прокурор, 1924-1925 ж. Ақмола гу-

берниясының  прокуроры.  1925-1926 

ж.  Сырдария  губерниялық  атқару 

комитетінің  төрағасы,  Қазақ  ОАК 

нұсқаушысы  қызметтерін  атқарды. 

1926 ж. «Сырдария ісі», «Шаян ісіне» 

қатысты  жауапқа  тартылады.  Бірақ 

тағылған  күмән  расталмай,  ақталып 

шығады.  1926-1927  ж.  Қазақ  АКСР 

Байланыс халық комиссары. 1927 ж. 

Семейде  өткен  атаман  Анненковқа 

қарсы сотта мемлекеттік айыптаушы 

болды.  Әдеби  сынға  өзіндік  үлес 

қосып,  қазақ  әдебиетінің  тағдыры-

на  қатысты  талас-тартысқа  белсене 

араласты.  Абай,  А.Байтұрсынұлы, 

М.Жұмабайұлы  шығармаларын  таяз 

ойлы  таптық  танымдағы  социоло-

гиялық  талдаулардан  қорғады.  Бол-

шевиктік  билік  қысымына  алынып, 

«кеңес үкіметіне қарсы шыққан» де-

ген айыппен қудаланады. Сталиндік 

қуғын-сүргінге  түсіп,  1937  ж.  15  қа-

рашада  атылды.  1991  ж.  18  ақпанда 

ақталды. 

«Мұстафа  Шоқай»  еңбегі  – 

алаштанушы  ғалым  Д.Қыдырәли-

евтің  2007  ж.  Астана  қ.-ндағы  «Фо-

лиант» баспасынан «Нартұлға» жүл-

гесімен  жарияланған  еңбек.  Кітапта 

Алаш қайраткері М.Ш.-ның балалық 

шағынан  бастап  бүкіл  өмір  жолы 

ғылыми-эсселік стильде баяндалған. 

Кітаптың  соңындағы  қосымшада 

М.Ш.-ға қатысты құжаттар берілген. 



Мұсылман фракциясы – Мемле-

кеттік Думадағы мұсылман халықта-

ры  өкілдерінің  парламенттік  фракци-

ясы  (1906-1917)  Бірінші  Мемлекеттік 

Думадағы  436  депутаттының  36-сы 

мұсылман  депутаты  еді.  Олар  бүкіл 

империя  мұсылмандарының  мүд-

десін қорғау мақсатында парламенттік 

фракция  құрды.  Төрағалыққа  белгілі 

әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, 

бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.

Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов, 

С.Жантөриндер  бірауыздан  ұсыныл-

ды.  Мұсылман  фракциясы  депутат-

тары  Мемлекеттік  Думада  құрылған 

жер,  азаматтық  теңдік,  қаржы  комис-

сияларының  құрамына  еніп,  мұсыл-

ман  халықтарының  мүддесін  қорғау 

жолында  қызмет  етті.  Онда  қазақ  де-

путаттары А.Бірімжанұлы мен А.Қал-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

315


менұлы қазақ халқының мүддесін көз-

деді. Мұсылман фракциясы елдегі оп-

позициялық  саяси  күштермен  бірікті. 

Олармен бірге Мұсылман фракциясы 

Мемлекеттік Думаның құқын кеңейте 

түсуді, заң шығару ісімен қатар үкімет-

ті де парламент қолына тапсыруды та-

лап етті. 1907 ж. ашылған Екінші Мем-

лекеттік  думаға  сайланған  518  депу-

таттың 35-і мұсылман халықтарының 

өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман 

депутаттары  бір  фракция  төңірегіне 

топтаспады.  Олар  «Ресей  мұсылман-

дары  одағы»  және  «Еңбек  партиясы» 

бағдарламасын  қолдаушылар  болып 

екіге  бөлінді.  «Ресей  мұсылмандары 

одағы»  ұйымының  бағдарламасын 

қолдаушылар  Мұсылмандар  фрак-

циясына  бірікті.  Оның  төрағасы  бо-

лып М. Биглов сайланды. Ал бюросы 

құрамында Б.Қаратайұлы, Қ.Тевкелев, 

Ғ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф.Хан-Хо-

йский кірді. Олар әзірлеген бағдарла-

мада  Мұсылмандар  фракциясының 

мақсатына  сай  саяси,  экономикалық, 

діни,  т.б.  бірқатар  реформаларды  жү-

зеге асыру жолында Ресейдің мұсыл-

ман  азаматтары  іс-әрекеттерін  бірік-

тіруі керектігі атап көрсетілді. Үшінші 

Мемлекеттік  Думаға  Қазақстан  және 

Орта Азия халықтары қатыстырылма-

ды. Сондықтан ондағы 442 депутаттың 

10-ы  ғана  мұсылман  халықтарының 

өкілдері  болды.  Олар  Мемлекеттік 

Дума мәжілістерінде Түркістан өлкесі 

мен дала олбыстарына өз алдына діни 

басқарма  құру  қажеттігін,  мұсылман 

дін  басылары  құқықтарын  христи-

ан-православие дінбасылары құқықта-

рымен  теңестіру  мәселесін  көтерді. 

Төртінші  (соңғы)  Мемлекеттік  Дума-

дағы 442 - сінің 6-уы ғана мұсылман 

халықтарының  өкілі  болды.  Солар-

дың ұйымдастыруымен 1914 ж. 15-20 

маусым  аралығында  Бүкілресейлік 

мұсылман сиезі өтті. Бұл Думада Мұ-

сылмандар  фракциясы  мүшелерінің 

аз болуы себепті, 1916 ж. оған көмек 

көрсететін бюро қажеттігі туды. Ресей 

патшасының  1916  ж.  25  маусымын-

дағы  «бұратаналарды»  майданның 

тылдағы  қара  жұмысына  алу  туралы 

жарлығына Мұсылмандар фракциясы 

наразылық танытты. Жалпы 1-2 Мем-

лекеттік  Думаға  сайланған  қазақ  де-

путаттары:  Ә.Бөкейхан,  С.Жантөрин, 

Б.Қаратайұлы, А.Бірімжанұлы, А.Қал-

менұлы,  Б.Құлманұлы,  М.Тыныш-

байұлы,  М.Тайынұлы,  Т.Нұрекенұлы, 

Т.Аллабергенұлы, 

Ш.Қосшығұл, 

Д.Тұндытұлы.  Бұлардың  көбі  кейін 

Алаш  қозғалысының  көшбасшылары 

болды.


Мұхаметқанұлы 

Қайым 

(05.01.1916, Семей қ. – 30.06.2004, Ал-

маты) – ғалым, абайтанушы, жазушы, 

драматург, филология ғылымдарының 

кандидаты  (1958),  профессор  (1987). 

Семей  педагогикалық  институтын 

(1941) бітірген. Абай әдеби мұражай-

ының  аға  ғылыми  қызметкері  (1940-

41),  директоры  (1947-51),  1942-47 

ж.  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 

Семей обл.-ның өкілі, 1955-90 ж. Се-

мей  педагогикалық  институтының 

аға  оқытушысы,  доценті,  кафедра 

меңгерушісі,  профессоры,  1991-95 

ж. Әдебиет және өнер институтының 

Абайтану  бөлімінің  жетекші  ғылыми 

қызметкері. «Абайдың әдеби мектебі» 

деген  атпен  Ақылбай  мен  М.Абайұл-

дары, Ә.Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жай-

лы  мақалалар  сериясын  жариялаған. 

Абайдың бұрын белгісіз болып келген 


Алаш қозғалысы

316


7  өлеңін  тауып,  ұлы  ақынның  1945 

ж.  шыққан  жинағына  енгізген.  1959 

ж.  «Мағауия  Абайұлы  Құнанбаев», 

«Абай  шығармаларының  текстологи-

ясы»  монографиялық  зерттеулері  же-

ке-жеке кітап болып басылып шыққан. 

«Абайдың  ақын  шәкірттері»  атты  4 

кітаптан тұратын жинақ М.-тың құра-

стыруымен 1993-97 ж. жарық көрген. 

Ж.Аймауытов  пен  М.Әуезов  негізін 

қалаған  «Абай»  журналының  жетпіс 

ж. кейін қайтадан жарық көруіне көп 

еңбек  сіңірген.  Алаш  қаламгерлері 

мен қайраткерлері жөніндегі бірқатар 

зерттеулердің  авторы.  М.  Қазақ  ССР 

тұңғыш әнұраны авторларының бірі. 



Мұхитов  Ғұбайдолла  Мұхам-

бетжанұлы (Ғұбаш, Ғұбай) (1892, б. 

Орал  о.  Ілбішін  у.  Жақсыбай  б.  Ақ-

бақай  а.  –  1938)  –  Батыс  Алаш-Ор-

да  қайраткері,  сазгер.  Атақты  әнші 

Мұхит  Мерәліұлының  бел  немересі 

–  әншінің  бәйбішесі  Ермектен  туған 

үш баланың үлкені Шоңның (Мұхам-

бетжан) баласы. Жақсыбай болыстық 

орыс-қазақ  училищесін  бітіргеннен 

кейін Орал мұғалімдер семинариясын 

тәмамдап,  елде  мұғалім  болды.  1916 

ж.  Батыс  майданда  тыл  жұмысында 

жүрген  Жайық  өңірі  жұмысшы  жа-

сақтарында  жүзбасы.  1917  ж.  жазда 

елге  оралып,  уездегі  Алаш  қозғалы-

сына, қазақ атқару комитеті және зем-

стволық управа жұмысына араласты. 

1918  ж.  мамырда  Жымпитыда  өткен 

IV Қазақ Орал обл.-тық сиезіне қаты-

сты.  Сол  ж.  жазда  Ойыл  бекінісінде 

ашылған  Ойыл  уәлаяты  Бірінші  қа-

зақ  кавалерия  юнкерлік  мектебінде 

оқыды. Юнкерлік мектепті 1918 ж. 1 

қазанда  прапорщик  шенімен  бітіріп 

шығып,  Алаш  полктеріне  алынған 

қазақ  жігіттерін  әскер  өнеріне  үйре-

тетін  нұсқаушы  болды.  Жымпиты-

дағы Алаш полкінде және Ойылдағы 

Б.А.О.  Халық  әскері  штабы  жанын-

дағы  офицер  ретінде  жаңадан  әскер 

бөлімдерін  жасақтаумен,  күзет  қыз-

метімен айналысты. 1919 ж. көктемде 

Қаратөбеде өткен V Қазақ Орал  обл  

-тық  сиезінің  қарарымен  Жымпиты, 

Қаратөбе  және  Ойыл  юнкерлік  мек-

тебінің  алғашқы  түлектері-прапор-

щиктерінің қатарында Ойыл маңында 

жинақы  халық  әскери  жасақтарын 

құрысты. 1919 ж. күзде құрамында М. 

бар  28  офицер  басқарған  Алаш  пол-

кі  Орынбор  казактары  полктерімен 

бірге  Ойыл  бекінісін  қорғап  тұрды. 

Қазан айында Ойылдағы Алаш құра-

малары адай жасағының шабуылына 

ұшырағаннан  кейін  полктің  қалған 

құрамымен Қызыл-Қоға кентіне ығы-

сты. 1919 ж. қараша айында Б. А. О. 

Үкіметі  жанында  Миялы  жайлауын-

дағы отрядты басқарған 8 офицердің 

бірі.  Ішінде  Бисенов,  Шабназаров, 

Оспанов  бар  офицерлер  тобы  құра-

мында  Кеңес  жағына  шығуды  қол-

дады.  Генерал  А.В.  Акутиннің  Елек 

казак  корпусын  қолға  түсіру  опе-

рациясын  жүзеге  асыруға  қатысты. 

Түркістан  майданы  қолбасшысының 

1919 ж. 20 желтоқсандағы бұйрығына 

сәйкес  Алаш  әскери  құрамалары  қа-

русыздандырылғаннан  кейін  ел  іші-

нен аулақтатылған командалық құрам 

қатарында 1920 ж. басында Орынбор 

қ.-на  әкетіліп,  Қазақ  өлкелік  әскери 

комиссариатының  қарамағына  беріл-

ді.  Айтылмыш  комиссариаттың  1919 

ж.  9  наурыздағы  бұйрығына  сәйкес 

бұрынғы Алаш-Орда әскери қызмет-

шілерінің  әскери  дайындық  деңгейін 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

317


анықтау  мақсатында  құрылған  ко-

миссияның  аттестаттауынан  өтіп,  ко-

мандалық  қызметке  аттестатталмады. 

Түркістан майданы Қазақ әскерлерінің 

Ерекше  бөлімінің  мақұлдауымен, 

әскери  дайындығын  жақсарту  үшін 

Борисоглебскідегі Орынбор Кавалери-

ялық командалық құрам мектебіне жі-

берілді. 1921-1922 ж. айтылмыш мек-

тептің курсанты. М.Мерәлінің айнала-

сы, өз тұқымы сияқты М. да музыкаға 

аса қабілетті болған. Інісі Лұқпан екеуі 

Мұхит әндерін әкесінің ағасы Нәудің 

баласы Шайхыдан үйреніп, ел ішінде 

Мұхиттың ән дәстүрін таратуға белсе-

не атсалысты. 1920 ж. жазда қазақ ән-

дерін нотаға түсіруді бастаған А.В.За-

таевичке Мұхит әндерін алғаш айтып, 

нотаға түсіртушілердің бірі. А.В. Зата-

евич «Ах, дариға-ай» әнін алғаш Қуан-

дық  Жездібаевтан  жазып  алғанымен, 

кітабына  М.  вариантын  енгізгеніне 

қарағанда, оның әншілік қуаты күшті 

болған.  Мұны  М.  А.В.  Затаевичтің 

белгілі «Қазақтың 1000 әні» кітабына 

кірген  материалдарды  сараптау,  баға 

беру  комиссиясы  құрамында  болға-

ны дәлелдей түседі. 1922 ж. команда-

лық курсты аяқтаған М. Орта Азияға 

қызыл  командир  етіп  жіберіліп,  бас-

пашыларға қарсы ұрыс қимылдарына 

қатысты. 1924 ж. әскери қызметтен бо-

сап елге оралды, әртүрлі жауапты қыз-

мет атқарды. 1926 ж. Бөкей Ордасынан 

қайтып келе жатқан А.В. Затаевичпен 

екінші рет ұшырасып, Жайық өңірі ән-

дерін Мұхит шәкірттері орындауында 

жаздыру  ісін  ұйымдастырды,  өзі  де 

бірнеше  ән  жазғызды.  30  ж.  басын-

да  Орал  обл.-тық  атқару  комитетінде 

істеді. Саяси қуғын-сүргін құрбаны. 

«Мұхтар  Әуезов»  энциклопеди-

ясы – ұлы жазушы, Алаш қайраткері 

М.Әуезовке  арналған  энциклопедия. 

2011  ж.  «Атамұра»  баспасынан  жа-

рық  көрген,  көлемі  59,8  б.т.  М.Әу-

езов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институты  және  «Әуезов  үйі»  ғылы-

ми-мәдени  орталығы  дайындаған. 

Бас  редакторы  –  С.Қасқабасов.  Эн-

циклопедияда М.Әуезовтің өмірі мен 

шығармашылығына  қатысты  мате-

риалдар  жан-жақты  қамтылған.  Сон-

дай-ақ, «Алаш» партиясына, Алашор-

даға,  Алаш  қайраткерлері  Ш.Құдай-

бердіұлы,  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұр-

сынұлы,  М.Дулатов,  Х.Досмұха-

медұлы және тағы да басқа тұлғаларға 

байланысты мақалалар берілген.

Мырзағалиев 

Мұхамед-Хафи 

(1887, б. Орал обл. Орал у. Қараоба б. 

Дуанакөл  а.  Ақжайық  ауд.  –  1941)  – 

мемлекет  қайраткері,  Жайық  өңірін-

дегі революциялық қозғалысқа қаты-

сушы. Әкесі Ж.Мырзағалиев Жайық 

өңірі,  Шалқар  маңындағы  оқыған, 

көзіқарақты,  орта  дәулетті  адам 

болған. 1915 ж. жазда ойыл жәрмең-

кесі кезінде Х.Досмұхамедов, Ж.Мер-

геновпен,  т.б  оқыған  азаматтармен 

бірге халықтан соғыс қажетіне қаржы 

жинап  бергені  үшін  Орал  обл.-ның 

әскери  губернаторы  Хабаловтан 

алғыс  алған.  М.  болыстық  орыс-қа-

зақ  мектебін  бітіргеннен  кейін  Орал 

реальдық  әскери  училищесіне  түсті. 

Осында  училище  оқушысы  М.Бень-

яминович  құрған  академиялық  мақ-

саттағы  оқушылар  ұйымының  жұ-

мысына қатысты. 1908-1914 ж. Сара-

тов маңындағы Марийнск ауылшару-

ашылық мектебінде оқыды. 1914-1917 

ж.  Саратов  губерниясы  Новоузен 



Алаш қозғалысы

318


у.-не қарасты Александров-Гай село-

сында учаскелік агроном. 1917 ж. аяқ 

шенінде елге оралды. 1918 ж. қаңтар-

да  Жайық  сырты  земство  гласный-

лары  (сайлаушылары)  жиналысында 

Жайық сырты земство управасының 

мүшесі болып сайланды. Айтылмыш 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  құрылы-

мы  мен  Орал  Войско  үкіметі  жер 

мәселесін шешу үшін бірлесіп құрған 

Одақтық Жер комитетінің құрамына 

кірді. 1918 ж. қаңтарда Қаратөбеде өт-

кен ІІІ Қазақ Орал обл.-тық сиезінде 

Ж. және Х.Досмұхамедовтер тобынан 

ірге ажыратып, Ғ.Әлібеков, Е.Қасабо-

латов, т.б. құрған «Ақ жол» ұйымына 

қосылды. Сиезден соң Е.Қасаболатов, 

Ә.Әлібековпен бірге Орал қ.-на келді. 

1918 ж. 29 наурызға қараған түні Орал 

Совдепін қуып таратқан Орал Войско 

үкіметі М.Меңдіғазиевтің үйінде заң-

сыз  қару  сақтағаны  үшін  «Ақ  жол» 

тобы  мүшелерімен  бірге  тұтқында-

ды.  Обл.-тық  земство  басқармасы 

төрағасының орынбасары К.Жәлено-

втің көмегімен босатылып, елге кел-

ді. 1919 ж. қаңтарда Орал қ.-сын Ча-

паев дивизиясы қоршаудан босатқан 

соң,  наурыздың  орта  шенінде  Ғ.Әлі-

беков  тобының  ұйғаруымен  Ә.Әлі-

беков,  Қ.Тәтібековпен  бірге  Орал 

қ.-сына келіп, РК(б)П қатарына өтуге 

арыз берді. Ақ казактардың Орал қ.-

сын көктемгі қоршауы кезінде Қызыл 

армияның 22 дивизиясының 66 жеке 

қазақ  атты  әскер  эскадроны  қата-

рында қала қорғанысына белсене қа-

тысты.  Қорғаныс  күндері  Ә.  Әйтиев 

пен С. Арғыншиевтің кепілдемесімен 

РК(б)П қатарына қабылданды. Сол ж. 

жазда 4 армияның Ерекше бөлімінің 

бастығы  Федоровичтің  тапсырма-

сымен Б. Әлжанов, Г. және А.Тухва-

тулиндермен  бірге  Жайықтың  сол 

жағалауына  бойлай  еніп,  ақ  казак-

тардың  тылына  барлау  жұмыстарын 

жүргізді.  1919  ж.  қыркүйекте  Жай-

ықтың  қазақ  бөлігі  мен  Бөкей  орда-

сын  басқару  үшін  құрылған  Қазә-

сревком Орал бөлімшесінің мүшелі-

гіне  кандидат,  кейінірек  айтылмыш 

басқару  органы  төрағасының  орын-

басары, 1919 ж. қарашадан – Жымпи-

ты  уездік  ревкомының  мүшесі,  1920 

ж.  21  қаңтардағы  Орал  РК(б)П  гу-

берниялық  комитетінің  шешімімен 

Ә.  Әлібековтің  орнына  Жымпиты 

уездік  ревкомының  төрағасы  болып 

тағайындалды. Сол ж. мамырда РК(б)

П  ОК  қаулысына  сәйкес  РК(б)П  Қа-

зақ  обл.-тық  ұйымдастыру  бюросы-

ның  құрамына  енгізілді.  Орынборға 

шілде  айында  келді,  тамыз  басын-

да  РК(б)П  Қазақ  обл.-тық  бюросы 

мен  РК(б)П  Орынбор  губкомының 

бірлескен  қаулысымен  Бүкілресей 

Төтенше  комиссиясының  уәкілетті 

өкілінің  орынбасары  және  Орын-

бор-Торғай Төтенше комиссиясының 

төрағасы болып тағайындалды. 1920 

ж.  қазан  айында  өткен  Бүкілқазақ 

Кеңестері құрылтай сиезінде ҚАКСР 

ОАК  мүшесі  және  ішкі  істер  халық 

комиссары  болып  сайланды.  Қара-

шада ҚАКСР ОАК жанындағы Кеңе-

стерге қайта сайлау өткізу жөніндегі 

орталық комиссиясының және Қазақ 

Бас еңбек комиссариатының мүшесі. 

Желтоқсанда  ҚАКСР  Халық  комис-

сары  кеңесі  төрағасының  орынбаса-

ры және Қазақ Еңбек және Қорғаныс 

Кеңесінің төрағасы. 1921 ж. 27 қаңтар 

– 11 маусым аралығында РК(б)П Қа-

зақ  обл.-тық  бюросы  төралқасының 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

319


жауапты хатшысы. Осы қызметте ре-

спубликаның социалистік жолмен да-

муында өз ерекшелігі барын, партия-

ның орталықтағы қызмет әдіс-тәсілін 

Қазақстанға  механикалық  жолмен 

көшіре салуға болмайтынын табанды 

түрде  дәлелдеді.  1921  ж.  маусымда 

өткен І обл.-тық РК(б)П конференци-

ясында М.-тың тезистері ұлт саясаты 

жөнінде  қабылданған  қарарға  негіз 

етіп  алынды.  Айтылмыш  конферен-

цияда  М.  РК(б)П  Қазақ  обл.-тық  ко-

митетінің  жауапты  хатшысы  болып 

сайланды. Тамызда РК(б)П Қазақ обл. 

-тық  комитеті  төралқасының  Жай-

ықтың сол жағалауын қазақ халқына 

пайдалануға  беру  жөніндегі  ҚАКСР 

ОАК  декретіне  Орал  губкомының 

қарсылығы  қаралған  мәжілісінде  ай-

тылмыш  губком  хатшысы  Карасев-

тың  Орал  губкомын  ҚАКСР  құра-

мынан бөліп алу, орыс-казактарды ар-

тықшылықты  құқықпен  бөлек  аумақ 

етіп,  межелеу  жөніндегі  ұсынысын 

өлтіре  сынады.  Аталған  төралқаның 

ІІ  Бүкілқазақ  Кеңестері  сиезі  қар-

саңында  өткізген  мәжілісінде  қазақ 

қызметкерлері арасында жік туғызған 

әрекеті үшін БОАК өкілі Кагановичті 

батыл  айыптады.  ІІ  Бүкілқазақ  си-

езінде  (1921,  қазан)  ҚАКСР  Халық 

комиссарлары кеңесінің төрағасы бо-

лып сайланды. 1922 ж. қазан айының 

орта шенінде РК(б)П Қазақ обл.-тық 

комитеті  төралқасының  бұрынғы 

Алашорда  қайраткерлері  А.Кенжин 

мен  С.  Қаратілеуовтің  мәселесі  қа-

ралған  мәжілісінде  екеуін  қорғап 

сөйледі. Сол қазан айында партиялық 

тазарту  жөніндегі  Орталық  Бақылау 

комиссиясының араласуымен халком 

кеңесі төрағасы қызметінен босатыл-

ды.  1923  ж.  қаңтарда  РК(б)  П  Қазақ 

обл.  Комитетінің  шешімімен  РКФСР 

Халық  комиссарлары  кеңесі  жанын-

дағы ҚАКСР өкілі етіп Мәскеуге жі-

берілді. 1925 ж. маусым айында осы 

қызметте жүріп Қазақ өлкелік партия 

комитетінің Қазақстан аумағын меже-

леу жөніндегі БОАК комиссиясының 

алдына  Торғай  обл.-ын  революцияға 

дейінгі  шекарасымен  қалпына  кел-

тіру,  Қостанай  және  Ақтөбе  губер-

нияларын  ҚАКСР  құрамында  тұтас 

қалдыру,  сондай-ақ  Орынбор  губер-

ниясының  қазақтар  тұратын  бөлігін 

ҚАКСР  аумағына  қарату  жөнінде 

принципті мәселе қойды. М. тезистері 

Қазақстан үкіметінің осы мәселе бой-

ынша  ұстанған  позициясына  негіз 

етіп  алынды.  1926  ж.  орта  шенінде 

Қазақстанға  оралды.  ҚАСКР  ОАК 

мүшесі, 1926 ж. 30 маусым – 1929 ж. 

28 мамыр аралығында ҚАСКР қаржы 

халық  комиссары.  Осы  қызметте 

бірінші  бесжылдық  жоспарды  жаса-

уға, республикада индустрия құрылы-

сын дамытуға, көшпелі халықты оты-

рықшыландырып,  алғашқы  ұжым-

дық шаруашылықтар құру ісіне үлес 

қосты.  Репрессияның  бірінші  дүм-

пуі  басталғанда  қайтадан  Мәскеуге 

кетіп,  1930-1937  ж.  РКФСР  жер  ша-

руашылығы  халық  комиссариатында 

жауапты  қызметтер  атқарды.  Шын-

шыл да принципті М. 1938 ж. револю-

циялық  қызметтегі  серіктері  өрескел 

заңсыздықтың  құрбаны  болғанын 

естіп, Алматы қ.-сына келген жерінде 

ІІХК органдары тарапынан тұтқында-

лып, репрессияланды.


жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет