Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет43/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69

Мектеп  (парсыша  «мактаб»)  – 

жазу жазатын жер, бастауыш мектеп. 

Тағы  бір  мағынасы:  жазу  үстелі,  ка-

бинет, кеңсе, бюро. Бастауыш («құран 

әліппесі»)  білім  беретін  орын  ретін-

де қолданылатын мектеп – «құттаб» 

терминінің  баламасы.  Мектепте  5 

жастан  басталатын  бастауыш,  ал 

құттабта 10 жастан басталатын одан 

кейінгі білім берілген. Бұл сөз көбіне 

османдық  Түркияда,  Еділ  бойында, 

Қырым  мен  Орталық  Азияда  қолда-

нылған. Ал араб елдерінде ол басқа-

ша аталды («куттаб»). Кейінгі заман-

да  «мектептің»  -  «орта»,  «шәкірттер 

жиынтығы»  секілді  рәмізді  мағына-

сы да пайда болды. Жәдит кезеңінде 

мұсылманша білім ордасын – мектеп, 

ал  еуропаша  білім  ордасын  –  школ 

(скул,  үшкөл)  деп  атады.  «Сыныф», 

«класс» терминдері де осыған сәйкес 

аталды.


Мектеп-тегі 

Аманқос 

Құл-

танұлы (1954 ж. Ақтөбе обл. Байға-

нин ауд. Жарқамыс а. ) – филология 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент, 

ҚР  Журналистер  одағының  мүшесі. 

1979  ж.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінің  филология 

факультетін  бітірген.  1981-1996  ж. 

ҚР  ҒА-ның  А.Байтұрсынұлы  атын-

дағы  Тіл  білімі  институтының  кіші 

ғылыми  қызметкері.  1995-1996  ж. 

Республикалық  «Жалын»  журналы 

проза бөлімінің меңгерушісі. 1996 ж. 

бері  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дің 

журналистика  факультетінде  оқы-

тушылық қызметте. М. – Ә.Бөкейхан, 

А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатұлы, 

Х.Досмұхамедұлы, 

М.Тынышбай-

ұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы, С.Бө-



Алаш қозғалысы

306


кейхан т.б. мұрасын баспасөз бетінде 

алғашқы  насихаттаушылардың  бірі. 

М.  алаш  тақырыбына  байланысты 

зерттеу  мақалалары  мерзімді  бас-

пасөз  беттерінде  және  «Бес  арыс», 

«Тіл  тағлымы»,  «Аламан»,  «Халел 

тағлымы»,  «Бекет-Ата»,  «Қазақтың 

тәлімдік  ой-пікір  антологиясы», 

«Антология  педагогической  мыс-

ли  Казахстана»,  «Халел  Досмұха-

медұлының өмірі және оның шығар-

машылығы»,  «Ұлттық  рухтың  ұлы 

тіні»,  «Ағартушы  Халел»  т.б.  моно-

графиялар  мен  ғылыми-танымдық 

жинақтарда жарияланған.

Мемлекеттік дума – 1906-1917 ж. 

Ресей  империясындағы  мемлекетті 

басқарудың  конституциялық-монар-

хиялық  бағыттағы  заң  шығарушы 

жоғары  өкілетті  органы.  Мемлекет-

тік  дума  Бірінші  орыс  революциясы 

нәтижесінде  демократиялық  даму 

жолындағы  өзгерістерді  енгізуге 

мәжбүр  болған  Ресей  патшасының 

1905  ж.  17  қазанда  жариялаған  ма-

нифесі  негізінде  құрылды.  Мемле-

кеттік  думаға  Ресей  мемлекетіндегі 

партиялар фракциялары мен ұлттық 

аймақтардың  өкілдері  сайланды. 

Мемлекеттік  думаға  орыс  тілін  біл-

мейтіндер  сайлана  алмады.  Мемле-

кеттік  дума  төрт  рет  шақырылды. 

Қазақ халқы оның тек екеуіне қаты-

сты.  Бірінші  мемлекеттік  дума  1906 

ж.  27  сәуір  -  8  шілде  аралығында 

жұмыс істеді, бір ғана сессиясы бол-

ды.  Оның  құрамы  негізінен  кадет, 

трудовик  партияларынан  құралды. 

Дума  аграрлық  мәселемен  шұғыл-

данды.  Бірінші  мемлекеттік  думаға 

Қазақстаннан  13  депутат,  оның 

ішінде  қазақ  халқынан  8  депутат: 

Ә.Бөкейхан,  А.Бірімжанұлы,  А.Қал-

менұлы, Б.Құлманұлы, М.Тайынұлы, 

Ш.Қосшығұл, С.Жантөреұлы, Д.Тұн-

дыт,  орыс  ұлты  өкілдерінен  5  депу-

тат: В.И. Ищерский, И.П. Лаптев, В.В. 

Недоносков, Н.Е. Дыхнич, Н.Я. Кон-

шин  сайланды.  Бұл  думада  А.Бірім-

жанов  пен  А.Қалменов  ерекше  бел-

сенділік көрсетті. 1906 ж. 9 шілдеде 

патша  өкіметі  Бірінші  мемлекеттік 

думаны таратқаннан кейін, оның ли-

бералдық  және  әлеуметтік  ағымды 

жақтайтын мүшелерімен бірге Ә.Бө-

кейхан  Выборг  қ.-нда  (Финляндия) 

жиынға  қатысып,  халықты  салық 

төлемеуге,  үкіметке  қарыз  және  қо-

сымша солдаттар беруден бастартуға 

шақырған  наразылық  үндеуіне  қол 

қойды.  Осы  үшін  полиция  оны  да 

қамауға  алып,  Самараға  жер  аудар-

ды.  Екінші  мемлекеттік  дума  1907 

ж. 20 ақпан – 3 маусым аралығында 

жұмыс  істеп,  2  сессия,  53  мәжіліс 

өткізді.  Оның  құрамы  негізінен  ка-

деттерден,  социал-демократтар  мен 

октябристерден  тұрды.  Бұл  Дума  да 

аграрлық  мәселені  талқылады.  Қа-

зақстаннан  13  депутат,  оның  ішінде 

қазақ  халқынан  6  депутат:  Ш.Қос-

шығұл, Х.Нұркенұлы, Б.Қаратайұлы, 

А.Бірімжанұлы,  Т.Аллабергенұлы, 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

307


М.Тынышбайұлы,  орыс  халқынан: 

А.К.Виноградов, 

И.В.Голованов, 

И.И.Космодемянский,  Н.Я.Коншин, 

И.П.Лаптев,  Я.И.Егошкин,  М.А.Гав-

рилов  сайланды.  Қазақ  халқынан 

сайланған  Екінші  мемлекеттік  дума 

депутаттары  кадеттерге  қосылды 

және  мұсылман  фракциясына  кірді, 

олар  Ресейдің  басқа  ұлт  қайраткер-

лерімен бірлесіп шет аймақтарға ша-

руаларды  қоныс  аудартудың  тоқта-

тылуын  талап  етті.  Қазан  төңкерісі-

нен кейін 1917 ж. 18 (31) желтоқсанда 

Мемлекеттік дума таратылды.

Мемлекеттік салық мәселесі ту-

ралы қаулы – Алашорда үкіметінің 

1918  ж.  11-24  маусымында  шыққан 

қаулысы. Қаулыда Алаш автономия-

сы аумағынан жиналған мемлекеттік 

салықтар Алашорда кассасына түседі 

деп  көрсетілген.  Қаулыға  Алашор-

да  төрағасы  Ә.Бөкейхан,  мүшелері 

М.Тынышбаев,  Х.Ғаббасов  қол  қой-

ған.

Меңдіханов  Ишанғали  –  қоғам 

қайраткері,  драматург,  ағартушы. 

Ол  1885  ж.  Ордадағы  екі  сыныптық 

орыс-қазақ  мектебін  бітірген.  1886-

1891  ж.  Орынбор-

дағы  мұғалімдер 

семинариясында 

оқыған.  1891-1898 

ж. Ақтөбе қ.-ндағы 

екі сыныптық учи-

лищеде 

мұғалім 


болып 

қызмет 


атқарған.  ХІХ  ғ.  -  дың  соңында  М. 

патша  әкімшілігінің  және  жергілік-

ті  басқарушылардың  отаршылдық 

саясатына  қарсы  қазақтың  ұлттық 

мүддесін  қорғаған  ашық  пікірлері 

үшін  қуғынға  ұшыраған.  1898  ж. 

мұғалімдік қызметінен кетірген соң, 

1899-1902 ж. Ақтөбе у.-дік бітімші со-

тының  тілмашы  қызметін  атқарды. 

1903 ж. М. туған еліне оралып, Бөкей 

ордасын  басқаратын  уақытша  кеңе-

сте Б.Құлмановтың көмекшісі болып 

бекітілді. Осы ж. 21 сәуірінде Бөкей 


Алаш қозғалысы

308


ордасында  өткен  сиезде  С.Меңде-

шевпен,  Ә.Мұсағалиевпен  бірге  сиез 

төралқасының  хатшылығына  сай-

ланды. 1918 ж. Ордада кеңес үкіметі 

билікке келгеннен кейін Бөкей әскери 

төңкеріс комитеті баспасөз бөлімінің 

меңгерушісі,  кейіннен  губерниялық 

ішкі  істер  халық  комиссары  болып 

тағайындалды.  М.-тың  дүмше  мол-

даларды сынаған «Малдыбай» (1912) 

пьесасы баспасөзде жарияланып, әу-

есқой  театр  сахнасында  қойылған. 

Оның  «Ғылым  иесі»,  «Байғұстар», 

«Тамырлар»  пьесалары  Орынбор, 

Қазан, Ташкент қ.-лары сахналарын-

да  көрсетілген.  1919  ж.  казак  бүлік-

шілерінің қолынан қапыда қаза таба-

ды.


Мергенов  Жанқожа  (т.,  ө.ж.б,)  – 

Б.А.О. қайраткері. Көзі ашық, оқыған, 

кеуде билігі мол, ел ішінде ұйымда-

стырушылық  қабілетімен  көзге 

түскен. 1915 ж. жазда Көкжар (Ойыл) 

жәрмеңкесі кезінде Х.Досмұхамедов, 

Ж.Мырзағалиев,  Ж.Меңдібаев,  Ш.Е-

сенов, А.Жолдасбековпен бірге Бірін-

ші  дүниежүзілік  соғыстағы  Ресейге 

көмек  ретінде  елден  6  мың  сомнан 

аса  қаржы  жинап  беру  ісін  ұйымда-

стыруды,  сол  үшін  Орал  обл.-ның 

әскери  губернаторы  Хабаловтың 

алғысына  ие  болды.  Саяси  көзқарас 

жағынан  А.Қалменов,  Е.Тұрмұха-

медов,  Х.Досмұхамедовтермен  бірге 

Ресей конституциялық демократтары 

бағытына жақын жүрді. 1917 ж. жел-

тоқсандағы  ІІ  Жалпықазақ  сиезіне 

ұйымдастыру  тобы  тарапынан  ар-

найы шақырылған құрметті адамдар 

қатарында  қатысып,  Алаш-Орда 

Уақытша  Ұлт  кеңесі  құрамын  жа-

сақтасты.  Ұлт  кеңесінің  жиналыс 

өкілі болып белгіленді. 1918 ж. мамы-

рда Жымпитыда өткен IV Қазақ Орал 

обл.-тық  сиезінде  Д.Күсепқалиевпен 

бірге  сиез  төрағасының  орынбаса-

ры  болды.  Осы  сиезде  жасақталған 

Ойыл  обл.-тық  Уақытша  үкіметіне 

(Ойыл уәлаяты үкіметі) мүше болып 

сайланды. Үкімет құрамында уәлаят-

тағы ішкі істерге жауап берді. 1918 ж. 

қыркүйекте Уфа Мемлекеттік кеңесі 

кезінде  Ойыл  уәлаяты  таратылып, 

Алаш автономиясының батыс бөлігін 

басқару жөніндегі Алаш-Орда бөлім-

шесі  (Алаш-Орданың  Батыс  бөлім-

шесі  құрылған  соң  Б.А.-О.  үкіметі 

1917 ж. Уақытша үкіметтің Орал об-

л.-ндағы  комиссары  Г.  Бизяновтың 

құзыреті Ойыл обл.-на жүрмейтінді-

гіне Комучтың келісімін ала отырып, 

М.-ты  алдағы  Бүкілресей  Құрылтай 

жиналысына  дейін  1917  ж.  Уақыт-

ша  үкімет  ережесі  негізінде  жұмыс 

істейтін Ойыл уәлаятының (обл.-ның) 

комиссары және А.-О үкіметінің Уфа 

кеңесінің шешімі негізінде Уақытша 

үкімет  заңдарымен  берілген  бүкіл 

құқыққа ие Алаш-Орда обл.-тық ко-

миссары  етіп  тағайындалды.  Ойыл 

уәлаяты комиссарының тұрақты жұ-

мыс  істей  бастағандығына  1918  ж. 

желтоқсандағы  Жымпиды  гарнизо-

ны  көтерілісі  кезінде  оның  канцеля-

рия үйінің жойылып жіберілуі дәлел. 

Алайда, 1918 ж. күзде Директория та-

ратылып,  оның  орнына  А.В.  Колчак 

басқарған  Уақытша  Сібір  үкіметінің 

құрылуымен,  сөйтіп  Комуч  аясын-

дағы  демократиялық  альянстан  мо-

нархистік күштердің басым түсуімен 

обл.-тық комиссар қызметі өзінен-өзі 

доғарылды.  Уақытша  үкімет  сая-

сатын  жалғастырушы  Комуч  және 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

309


Директориямен  араны  шиеленістір-

меу  үшін  тактикалық  мақсатта  ғана 

енгізілген  бұл  лауазым  оның  үстіне 

Ойыл  обл.  шегінде  Уақытша  үкімет 

комиссарлары  қызметін  жойған  IV 

Қазақ Орал обл.-тық сиезінің қарары-

на қайшы келетін, сонымен бірге обл. 

комиссары  ретінде  бір  мезгілде  әрі 

уәлаяттағы  орталық  басқару  органы 

– Алаш-Орда қызметіне бақылау жа-

сайтын, әрі Алаш-Орданың обл.-тық 

комиссары ретінде жергілікті өзін-өзі 

басқару  органы  –  земство  ісіне  ара-

ласатын  айтылмыш  қызмет  уәлаят 

басқару жүйесінде онсыз да ушығып 

тұрған  қосарлануды  күшейтіп  жі-

берді.  Осы  себептермен  обл.-тық 

комиссар  қызметі  тоқтатылғаннан 

кейін М. Шыңғырлау (б. Орал) уездік 

земство басқармасының төрағасы бо-

лып істеді. Оның жаңа қызметі Орал 

Войско  үкіметінің  Жайық  сыртын 

басқару  ісін  нығайту  мақсатында 

осы өлкеге полковник Ерыклинцевті 

генерал-губернатор  құқымен  әске-

ри-әкімшілік  басқарушы  етіп  тағай-

ындап,  оның  қолына  толық  басқару 

билігін  берген  және  қазақ  арасын-

дағы  большевиктерге  тілеулес  топ-

тарды  қудалай  бастаған  қысылтаяң 

кезеңге  тұспа-тұс  келді.  М.  1918  ж. 

аяқ шені мен 1919 ж. бас кезінде Ха-

лық  милициясына  жігіт  алу,  азық-

түлік жинау мақсатында Темір, Елек, 

Қобда бағытында әрекет еткен жедел 

Алаш отрядын басқарды. Бұдан кей-

інгі қызметі мен өмірі жөнінде дерек 

жоқ.


Миллат (милла, мілләт) – діни қа-

уым. Мұсылман дүниесінің біразын-

да «ұлт», «жұрт», «ел» мағынасында 

айтылады. Ислам құндылықтарында 

милла  атауы  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пай-

ғамбар  мен  оның  жолын  ұстаушы-

лардың  бұрмаланған  дінді  қалпына 

келтірушілер  ретіндегі  мәртебесін 

белгілейді.  Құранда  миллат  ата-

уы  өзіндік  орын  алған.  Мұхаммед 

(с.ғ.с.) пайғамбар ол атаумен діни

 

бел-



гілері  бойынша  біріккен  қауымдар-

ды  атаған.  Миллат  атауының  мағы-

на-түсінігі  Мұхаммедпен  замандас 

ақындардың  өлеңдерінде,  ортағасы-

рлық  мұсылман  әдебиеттерінде,  би-

леушілердің  лауазым-атақтарында 

көрініс  тауып  отырады.  Сондай-ақ 

миллат  атауы  “бағыт”,  “түсінік” 

мағынасында да қолданылған. ХҮ ғ. 

- дың екінші жартысынан бастап Ос-

ман империясы миллат атауын «мем-

лекет  мойындаған  шектеулі  автоно-

миялық  еркіндігі  бар  діни  қауым» 

ұғымында қолданды. Бұл әлеуметтік 

саяси  басқару  тетігінің  дүниеге  ке-

луі Осман империясына бағынышты 

миллиондаған  халықтың  құқы  мен 

жағдайына  байланысты  еді.  Кейінгі 

дәуірде  аталған  сөз  құрандық  мағы-

насымен  қатар  “халық”,  ‘ұлт”  деген 

ұғымда  да  қолданылды.  Ливандағы 

Маронит  дін  уағызшылары  діни  және 

нәсілдік  байланыстарды  білдіру  үшін 

«миллә»  атауын  жиі  пайдаланады. 

Жәдит  кезеңінде  милләт  атауы  актив 

қолданысқа  түсті.  Тіпті  «милләтшіл-

дер»  (ұлтшылдар,  халықшылдар)  де-

ген  ұғым  пайда  болды.  Бұл  -метро-

полия  мен  колония  қарым-қатынасы 

кезінде дәстүрлі терминдердің орнына 

мәміле  атаулардың  өмірге  келуімен 

түсіндірілетін құбылыс. Алаш қайрат-

керлерінің  ішінде  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатұлы т.б. шығармаларында осы 

сөз жиі ұшырасады. Түркістан өңірін-


Алаш қозғалысы

310


де және эмиграцияға кеткен түркістан-

дықтар  ортасында  осындай  атаумен 

мерзімді басылымдар да шығып тұрды.

Молдабайұлы  Әнияр  (1856  ж. 

Абай  а.  -  1934)  –  Алаш  қозғалысы-

на  қатысушы.  Ә.-дың  әкесі  Қожабай 

қазақтың  үй-жиһаздары  -  бетін  сүй-

ектен ойып әшекейлеген ағаш төсек, 

жүк  аяқ  сияқты  заттарын  жасаған. 

Осы өнерін көрген Абай Қожабайды 

ауылына  көшіріп  алып,  қамқор  бо-

лып  жүргенде  Қожабай  қайтыс  бо-

лып, артында 3 баласы қалады. Кен-

жесі Ә. 8 жаста еді. Қожабайдың інісі 

Молдабай Ә.-ды Семейге оқуға беріп, 

өз  атына  жаздырады.  Ә.  5  кластық 

училищені  бітірген  соң,  Абай  оны 

Ташкент  қ-ндағы  банк  қызметкер-

лерін  дайындайтын  оқуға  жібереді. 

Ә. бұл оқуды бітіріп, Әндіжан қ-на ба-

рып, қызмет істеп, үйленіп, тұрақтап 

қалады.  1890  ж.  елге  оралады.  Ә. 

Семейдегі  банк  қызметіне  орналаса-

ды.  Абай,  Мағауия,  Ақылбай,  Ғаб-

доллалар көмектесіп, саудагер ноғай 

Ахметжан  Ғаббасовтың  үйін  сатып 

әпереді.  Бұл  үйге  Мағауия,  Ақыл-

бай, Кәкітай бастаған Абай туыстары 

келіп түсетін болған. Абайға арнайы 

жеке  бөлме  бөліп,  оны  қала  сәнімен 

жабдықтап, ақынның жазу жазуына, 

кітап оқуына жағдай жасайды. Абай 

өміріне тікелей қатысты тарихи орын 

болғандықтан,  Ә-дың  үйіне  1944-67 

жылдары  Абай  музейі  орналасты. 

1988 ж. дейін қаладағы балалар кіта-

пханасы  болып,  осыдан  кейін  Абай 

музейіне  қайта  берілді.  Үй  мемл. 

қамқорлығына  алынған.  Қайта  жаб-

дықталып,  1992  жылдан  Абай  му-

зейінің  бір  бөлімі  болды.  Бұл  үйде 

Алаш  көсемдері  Ә.  Бөкейхан  және 

М.Дулатовтар отбасымен тұрған. М. 

1917-1919  жылдары  Семейдегі  Алаш 

қозғалысының жұмыстарына белсене 

атсалысқан.  Шәкәрім,  Х.Ғаббасұлы, 

Р.Мәрсеков, А.Қозыбағаров, Б.Сәрсе-

новтермен бірге Семей уездік земство 

басқармасына  мүше  болған.  Екінші 

жалпықазақ  сиезінің  қаулысы  бой-

ынша  Алашорда  үкіметі  құрылған-

да  М.оның  бас  қазынашысы  болып 

тағайындалған.  М.-тың  б.  Б.А.-О. 

жауапты  қызметкерлері  қатарында 

Орынбор  қ-на  әкелінгені  қосымша 

дәлел.  1920  ж.  ақпан  айынан  бастап 

Қазақ өлкелік халық ағарту комисса-

риатында  байланыс  қызметкері  (ве-

стовой),  ал  інісі  Есқали  айтылмыш 

комиссариаттың  қазақ  мектептері 

секциясының қызметкері М.-тың бұ-

дан кейінгі тағдыры мәлімсіз. 

Молдажанов  Ілияс  Ысмай-

ылұлы  (1900  ж.  Шығыс  Қазақстан 

обл. Бесқарағай ауд. Бөдене а.) – Алаш 

қозғалысына қатысушы. Ақын, жур-

налист. 1914 ж. 2 кластық орыс-қазақ 

училищесін бітірген. 1918 ж. Семейде 

Алашорда  үкіметі  жасақтаған  атты 

әскер құрамында, Жетісу майданын-

да  шайқасты.  1920  ж.  Кеңес  өкіметі 

жағында.  3  қазақ  әскери  кавалери-

ялық полкінің соғыс комиссары бол-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

311


ды. 1921-24 ж. Орынбор мен Семейде 

партиялық  қызметте,  «Қазақ  тілі» 

газетінің  редакторы  болып  істеді. 

«Семей  таңы»  газетімен  тығыз  бай-

ланыста  болып,  үнемі  мақалаларын 

осы  газетте  жариялап  тұрған.  1925-

1928 ж. Павлодар, Қызылжар губ.-ла-

рында басшы қызметте болды. 1929-

35 ж. Гурьев, Қостанай, Алматы обл. 

окуругтық  атқару  комитеттерінің 

төрағасы,  1929-35  ж.  Гурьев,  Қоста-

най, Алматы обл.-тарында атқару ко-

митетінің төрағасы, 1935-37 ж. Қазақ 

АКСР  қаржы  халық  комиссары  бол-

ды. 1937 ж. түрмеге қамалды. КСРО 

Жоғарғы  соты  әскери  алқасының 

шешімімен  13.03.1938  ж.  сотталды. 

58-2, 58-7, 58-8, 58-11 ҚК РСФСР бап-

тары бойынша ату жазасына кесілді. 

Дастандары мен өлеңдерінің қолжаз-

басы Қазан университетінің кітапха-

насында сақтаулы. 



Мұғалімдер семинариясы – төң-

керістен  бұрынғы  Ресейдегі  баста-

уыш  мектеп  мұғалімдерін  даяр-

лайтын  педагогикалық  оқу  орны. 

Ресейдегі  тұңғыш  мұғалімдер  семи-

нариясы  1770  ж.  Мәскеу  универси-

тетінің  жанында  ашылды.  ХІХ  ғ.  да 

орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім-

дер Қазан, Орынбор, Омбы, Ташкент, 

т.б. қ.-лардағы мұғалімдер семинари-

ясында  даярланды.  Қазақстандағы 

тұңғыш семинариясы 1903 ж. Семей-

де ашылды. 1913 ж. Ақтөбе, Верный  

(қазіргі Алматы) және Оралда ашыл-

ды. Көптеген қазақ қаламгерлері мен 

қоғам  қайраткерлері  мұғалімдер  се-

минариясында білім алған. Олардың 

қатарында  С.Сейфуллинді,  Н.Нұр-

мақовты,  О.Жандосовты,  С.Мең-

дешевті,  т.б.  атауға  болады.  Қазан 

төңкерісінен  кейін  олардың  орнына 

педагогикалық училищелер ашылды.



Мұқанов 

Мұхамбетқали 

Машқалиұлы (т.ж.б. -б. Орал о. Орал 

у.  Төменгі  Барбастау  б.  Құлтай  а.  – 

ө.ж.б.) – Батыс Алаш-Орданың (Ойыл 

уәлаяты)  мүшесі.  Әкесі  Машқали 

кедей  шаруадан  шықса  да,  еті  тірі, 

көзіқарақты адам болған. Үлкен ұлы 

М.  ауыл  молдасынан  сауат  ашып, 

болыстық орыс-қазақ мектебін бітір-

геннен кейін одан әрі оқи алмаса да, 

кіші ұлы Есқалиды Орал мұғалімдер 

семинариясында арнайы оқытқан. М. 

ел ішіндегі қоғамдық қызметке ерте 

араласты.  Әсіресе  1905  ж.  Бірінші 

орыс  революциясы  тұсында  Б.Қара-

таев пен өз елінің көзіқарақты, пікірлі 

азаматы  Ә.Жұбаналинның  жанында 

жүріп, әлеумет ісіне қатысты. 1905 ж. 

соңына қарай І Мемлекеттік Думаға 

Жайық қазақтарынан депутат сайлау 

науқанының  ортасынан  табылды. 

Қазақ  даласындағы  тұңғыш  саяси 

ұйым  –  «Қазақ  конституциялық-де-

мократиялық партиясын» құру, оның 

бағдарламасын  әзірлеу  ісіне  атсалы-

сты.  1905  ж.  желтоқсанда  қазақ  ка-

деттер партиясы ресімделген бес об-

л.-тың (Ақмола, Семей, Торғай, Орал 

және Жетісу) Орал қ.-ғы делегаттық 

сиезін  ұйымдастырушылардың  бірі. 

Осы  бас қосуда  Б.Қаратаев, Ғ.Берди-

ев, Х.Досмұхамедов, Ы.Тоқберлинов, 

М.Рақымберлиевтермен  бірге  пар-

тияның  9  адамнан  тұратын  Орта-

лық комитетіне кірді. Жайық сырты 

қазақтарының  өміріне  сауда-кәсіп-

керлік  капитал  дендей  еніп,  қоғам 

жаңаны  малдана  алмаған  бұрынғы 

«шынжыртай»  болыстардың  орны-

на  көзіқарақты  адамдарды  керек  ете 


Алаш қозғалысы

312


бастаған 1910 ж. шамасында Қараоба 

болысының  управителі  Ж.Арғын-

шиевтың  орнына  «жалғыз  атты»  М. 

болыс  болып  сайланды.  Осы  дәстүр 

кейін  де  жалғасын  тапты  –  соңыра 

болыстық  аз  уақыт  «шынжыртай» 

Қисықовтарға  тисе  де,  Ақпан  рево-

люциясы  алдында  аз  рудан  шыққа-

нымен оқығаны мол Ә.Әйтиев Қарао-

баға болыс болып сайланады. 1917 ж. 

Мұқан тұқымы тағы да саяси қызмет 

өресінен табылды. Осы ж. сәуірде өт-

кен  І  Қазақ  Орал  обл.-тық  сиезінде 

Е. Мұқанов Жайық сырты қазақтары 

комитетіне мүше, ал М. І Қароба бо-

лысы  земство  управасының  төраға-

сы Әбдіхалық Нысановқа орынбасар 

болып  сайланды.  1917  ж.  шілдеде 

Ойыл  б.-да  өткен  ІІ  Қазақ  Орал  об-

л.-тық сиезіне және Жайық сырты қа-

зақтары  земство  управасы  жиналы-

сына  қатысты.  І  Қароба  болысынан 

барған  делегаттар  екіге  бөлініп, 

ішінде  болыстық  управа  милиция-

сының  бастығы  Ә.Әйтиев  пен  дәрі-

гер Н.Ипмағамбетов бар топ Ж. және 

Х.Досмұхамедовтер  тобына  қарсы 

шыққанда, өзге делегаттар – Т.Сары-

бөпиев,  К.Нармағамбетов,  Ә.Ныса-

новтармен  бірге  Досмұхамедовтерді 

қолдады.  1918  ж.  мамырда  Жымпи-

тыда  өткен  IV  Қазақ  Орал  обл.-тық 

сиезінде  Қараоба,  Барбастау,  Бөрлі, 

Кіндікті,  Қарағаш  атырабындағы 

отырықшы  қазақ  ауылдары  атынан 

Ойыл  обл.-тық  Уақытша  үкіметінің 

(Ойыл  уәлаяты  үкіметінің)  мүшесі 

болып  сайланды.  Алайда,  1918-1919 

ж. ақ казактар Қызыл армияның ал-

ма-кезек  жеңісі  мен  жеңілістері  тұ-

сында  екі  жақтан  да  табылды.  1918 

ж.  Орал  ревкомы  мен  Қызыл  армия 

командованиесінің  тапсырмаларын 

орындаған  Ә.Әйтиев,  С.Арғыншиев, 

М.Ипмағамбетов үштігі ұйымдасты-

рған  барлаушылар  тобы  құрамында 

Қ.Жүрсінов,  Ақтанғали  және  М.Қа-

метов,  У.Жауырбаевтармен  бірге 

Пугачев,  Озинка,  Соболев,  Бұзылық 

өңірінен  майдан  шебіне  дейінгі  ара-

лықта барлау жұмыстарын жүргізді. 

Соған  қарамастан  Б.  Қаратаев  1919 

ж.  ақпанда  большевиктік  «Яицкая 

правда»  газетінде  жарияланған  ала-

шордашылар тізімінде М.-ты Б.А.-О.-

ның үкімет мүшесі деп көрсетті. 1919 

ж.  көктемде  Ілбішіндегі  Чапаев  ди-

визиясы  талқандалған  белгілі  оқиға 

тұсында  Жайықтың  Бұқар  бетіндегі 

Б.А.-О.  штабынан  Самар  бетке  өтіп, 

Чапаев  дивизиясы  құрамындағы 

майдандық ревком төрағасы Ә.Әйти-

евтің жанында болды. Ал 1919 ж. ма-

усым айында К.Есенғалиев басқарған 

Алаш  милиция  отряды  Бұлақсай  а.-

да  М.Ипмағамбетов,  С.Бекмағамбе-

товпен  бірге  М.-ты  да  тұтқындады. 

Жымпиты к.-не әкелінген соң Б.А-О. 

басшылығы  алдыңғы  екі  тұтқынды 

қауіпсіздеу  Ойыл  түрмесіне  жөнел-

тіп,  М.-ты  босатты.  Осындай  фак-

тілер  ақ  казактар  мен  большевиктер 

текетірескен аумалы-төкпелі кезеңде 

қазақ  қайраткерлері  қолданған  бел-

гілі бір тактикалық әдіс-амалдан ха-

бар береді. Бұған Б.А.-О. таратылған-

нан кейін М.-тың б. Б.А.-О. жауапты 

қызметкерлері  қатарында  Орынбор 

қ.-на әкелінгені қосымша дәлел. 1920 

ж.  ақпан  айынан  бастап  Қазақ  өл-

келік халық ағарту комиссариатында 

байланыс  қызметкері  (вестовой),  ал 

інісі  Есқали  айтылмыш  комиссари-

аттың қазақ мектептері секциясының 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

313


қызметкері М.-тың бұдан кейінгі тағ-

дыры мәлімсіз. 




1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал