Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет42/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69

Махаева Айткүл Шайымқұлқы-

зы  1965  ж.  Жамбыл  обл.  Қордай 

ауд.  –  алаштанушы  ғалым,  тарих 

ғылымдарының  докторы.  1989  ж. 

қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетін  тарих  маман-

дығы бойынша бітірген. 1995 ж. осы 

университеттің 

аспирантурасын 

аяқтап,  «Қазақ  комитеттері:  құрылу 

тарихы және қызметі» тақырыбында 

кандидаттық  диссертация  қорғаған. 

1995-2008 ж. аталған университетте, 

2008-2012  ж.  Қ.  Сәтбаев  атындағы 

Қазақ  ұлттық  техникалық  универ-

ситетінде  жұмыс  істеген.  2009  ж. 

«ХҮІІІ ғ. - дың ІІ жартысы және ХХ ғ.  

басындағы  қазақ-қырғыз  саяси  бай-

ланыстары»  тақырыбында  доктор-

лық  диссертация  қорғаған.  2012  ж. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго-

гикалық  университетінде  Қазақстан 

тарихы  кафедрасының  меңгерушісі, 

3 монографияның, 2 оқу құралының, 

100-ден астам ғылыми мақалалардың 

авторы. 

Мәкенов Хайролла – Алаш қозға-

лысына қатысушы. 1891 ж. Көкшетау 

ө. Айыртау б.-да туған. 1918 ж. Алаш 

қозғалысы жұмыстарына атсалысқан. 

Алаштың 

жер-


гілікті 

комитеті 

құрамына  енген. 

1921  ж.  кеңестік 

билікке  қарсы  ша-

руалар көтерілісіне 

белсене  қатысқан. 

Қудалаудан 

соң 

1931  ж.  Челябі  обл.  қоныс  аударып, 



1935 ж. еліне оралады. 1941 ж. он ж. 

бас бостандығынан айырылған. 



Мәметов 

Ахметғали 

(Ах-


мет)  (1895,  Астрахан  губ.,  Талов  у. 

Қойтоғыт  а.  –  11.11.1938)  –  Батыс 

Алаш-Орда қайраткері, Бөкей өңірін-

де  Алаш  қозғалысына  қатысушы, 

ағартушы, ақын, журналист, дәрігер. 

Әкесі Мәмет кедей шаруа болған. М. 

жасынан  әкесіне  көмектесіп,  жал-

данып мал бақты. Өз бетінше оқып, 

сауат ашты, жәдит мұғалімдер ашқан 

бастауыш ибтидай, орта рушдия ме-

дреселерінде  оқыды.  Елдегі  көзіқа-

рақты адамдар қауымының көмегімен 

1910 ж. шамасында Өфедегі «Ғалия» 

медресесіне  түсті.  Медресе  шәкірт-

терімен бірге төте оқулы Әліппе оқу 

құралын, Ғ.Қараштың «Бала тұлпар» 

өлеңдер жинағын шығарысты. Орал-

да  шыққан  «Қазақстан»  газетінде 

алғашқы өлеңдерін жариялады (1912). 

Қазан қ. - ғы Кәрімовтер баспахана-

сынан 1912-1914 ж. «Кеңес», «Ғибрат» 

өлеңдер жинақтарын шығарды. 1914-

1915  ж.  «Айқап»  журналында  «Бір 

қазақ  қызының  әкесіне  зары»  өлеңі, 

«Тарих  исламнан»  әфсана-өлеңі  жа-

рық  көрді.  1915-1917  ж.  «Қазақ  га-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

299


зетінде  «Тілегім»,  «Көңіліме»,  «Су 

жағасында»,  «Алашқа  сәлем»  өлең-

дері жарияланды. «Г-ді жұбату» атты 

өлеңі  (1917ж.)  ағартушы-мұғалім 

А.Балғымбаевтың  қызы  Г.Байгу-

ринаға  арналған.  Ақындық  жолы 

Ш.Бөкеев  поэзиясының  сыршылдық 

жағынан  еліктеуден  және  жәдиттік 

оқу-білім  игеру,  әйелдер  теңдігі,  т.б. 

тақырыптардан,  сондай-ақ  әлеумет-

шіл, алашшыл сарындардан тұрады. 

Өлеңдері 1918 ж. «Абай» журналын-

дағы «Екеу» (М. Әуезов, Ж. Аймауы-

тов) мақаласында жоғары бағаланды. 

Медресе «Ғалияда» оқыған ж. қаржы 

тапшылығын  шеккен.  Жаз  кезінде 

Сібір  жаққа  барып,  мұғалім  болды. 

1915  ж.  «Қазақ»  газеті  басқармасы 

тарапынан  қаржылай  көмек  беріл-

ді.  Ақыры  қаржы  қиындығына  бай-

ланысты  Орынбордағы  «Хусаиние» 

медресесіне  ауысып,  осы  оқу  орнын 

тәмамдады. Бұл ж. Шәңгерейдің мә-

дени  ықпал  аясында  болды,  ақынға 

еріп  Тайпақ,  Жымпиты  өңірін  ара-

лады,  Алаш  қозғалысына  үн  қосты. 

1916  ж.  дүрбелеңі  тұсында  босқын-

шылыққа  ұшыраған  қырғыз  еліне 

көмек  беру  жөнінде  Ә.Бөкейхан,  А.

Байтұрсынұлы,  М.Дулатов,  Ж.Жәні-

бековтермен  бірге  1917  ж.  маусымда 

«Қазақ» газетінде қазақ еліне үндеу 

тастады. І Бүкілресей Мұсылмандар 

сиезіне  қатысқан  бір  топ  зиялының 

Жалпықазақ  сиезін  Ташкент  қ.  да 

өткізу,  Алаш  автономиясына  Түр-

кістан  өңірін  қосу  туралы  ойын  қо-

стады.  Ақпан  революциясынан  соң 

Түркістан  генерал-губернаторлығы-

на  қараған  Ішкі  (Бөкей)  ордасынан 

Ташкентке  барған  бөкейлік  оқыған-

дар қатарында 1917 ж. Ташкент қ. на 

келіп, «Алаш» газетіне автор болды. 

1917-1918  ж.  «Бірлік  туы»  серікте-

стігіне  кірді,  С.Қожанов  редактор, 

М.Шоқай  шығарушы  болған  «Бірлік 

туы»  газеті  басқармасында  жұмыс 

істеді.  Педагогикалық  тақырыпта 

мақалалар,  азаматтық  әуенді  өлең-

дер  жариялады.  Түркістан  мұхта-

риаты  (Қоқан  автономиясы)  1918  ж. 

күзде большевиктер тарапынан қуып 

таратылғаннан  кейін  Ойыл  уәлая-

тына  келді.  Ойыл  обл.-  тық  земство 

басқармасында жұмыс істеді. 1918 ж. 

жазда Орал қ. сынан Жымпитыға, об-

л.-тық  земство  басқармасына  баспа-

хана жеткізу ісімен айналысты. 1919 

ж.  Қаратөбеде  өткен  обл.-тық  зем-

ство жиналысының обл.-тық земство 

басқармасы баспасөз органын шыға-

ру  жөніндегі  шешіміне  сәйкес  «Ер-

кін  қазақ»  газетінің  уақытша  шыға-

рушысы  болып  тағайындалды.  1919 

ж.  26  қыркүйектен  бастап  «Еркін 

қазақтың»  бірнеше  нөмірін  шығар-

ды. Осы шамада Жымпиты к-де тұра-

тын судья Сүлеймен Күсепқалиевтің 

қызы Әминаға (Ә.Мәметова) үйленді. 

Б.  А.  О.  үкіметі  таратылғаннан  кей-

ін  Б.  А.  О.  қайраткерлерімен  бірге 

Орал қ. на әкелінді. 1920 ж. РК (б) П 

қатарына қабылданды. Орал губрев-

комының үгіт-насихат бөлімінің қы-

зметкері болып істеді. 1920 ж. ақпан-

да Доссордан Орал қ. на мұнай тасу 

кезінде  қазақ  ауылдарында  түсінік 

жұмысын  жүргізу,  қазақша  үндеу, 

прокламациялар  шығарып,  тарату 

міндеті жүктелді. 1920 ж. көктемнен 

Жымпиты уездік ревкомының халық 

ағарту  бөлімінің  қызметкері.  Сау-

атсыздықты  жою  ісімен  айналысты, 

М.Жолдыбаев, 

Ш.Жантілеуовпен 


Алаш қозғалысы

300


бірге  саужой  бағдарламасын  талдап, 

жасау  комиссиясының  құрамына 

кірді.  Уездік  атқару  комитетінің  та-

тар-қазақ бөлімі шығарған «Яна фи-

кер»  газеті  тоқтағаннан  кейін  оның 

баспаханасы негізінде қазақша уездік 

«Ерік»  газетін  шығарды.  Таралымы 

үш мың дана газеттің жеті нөмірі жа-

рық көрді. 1920 ж. жазы – 1921 ж. көк-

темі аралығында Орал обл.-тық «Қы-

зыл  ту»  газетінің  редакторы.  1921 

ж.  көктемде  М.Шомбаловтың  Бө-

кей  губерниясы  атқару  комитетінің 

төрағасы  болуымен  сол  жерге  қыз-

метке  ауысты.  1921  ж  19  -  мамырда 

Бөкей губкомы төралқасы мен Бөкей 

губерниялық  VI  сиезі  фракциялық 

бюросының біріккен мәжілісінде ба-

ламалы негізде ұсынылған алты кан-

дидаттың ішінде басым дауыс алып, 

губатком  төралқасына  мүше  болып 

сайланды. Сол ж. маусым айында ба-

ламалы  негізде  Бөкей  губерниялық 

РК(б)П  комитетінің  үгіт-насихат 

бөліміне меңгеруші болып сайланды. 

Сәл кейін бұл қызметтен босатылып, 

Н.Манаев,  Ғ.Мұсағалиев,  Л.Атаян-

цпен  бірге  губерниялық  партия  ко-

митетінің жаңадан ұйымдасқан орга-

ны-апталық «Сәуле» – «Рассвет» га-

зетінің  редакция  алқасының  мүшесі 

болып  сайланды.  1921  ж.  қыркүйек-

тегі РК(б)П қатарын солшыл партия-

лар  мен  алашордашылардан  тазарту 

саяси  науқаны  кезінде  партиялық 

тазарту  жөніндегі  Бөкей  губкомы 

комиссиясының  шешімімен  «Алаш» 

партиясында  болғаны  және  патша 

тұсындағы Бөкей уақытша кеңесінің 

құпия кеңесшісі М.Шомбалов тобына 

қатысқаны  үшін»  РК(б)П  қатарынан 

шығарылды. 1922 ж. Саратов қ.-дағы 

жұмысшы  факультетінің  (рабфак) 

тыңдаушысы.  1923-1927  ж.  Сара-

тов  университеті  медицина  факуль-

тетінің студенті. 1927-1928 ж. Маңғы-

стау  өңірінде  дәрігерлік  қызметте, 

1929-1930  ж.  Семей  округтік  денса-

улық  сақтау  бөлімінің  кәсіподақ-са-

уықтыру жүйесінің инспекторы. 1927 

ж. «Жаңа мектеп» журналында жари-

яланған  Исатай-Махамбет  көтерілісі 

жайлы мақаласы әлі күнге осы тақы-

рыптағы  толымды  да  терең  еңбек-

тердің бірінен саналады. 1930 ж. Ал-

маты қ. да Қазақ тері және жұқпалы 

аурулар ғылыми-зерттеу институтын 

ұйымдастыруға шақырылды, осы ин-

ституттың  алғашқы  директоры  бол-

ды.  Гигиена,  тері-жұқпалы  аурулар, 

олардан  сақтану  жөнінде  жазылған 

20-ға тарта кітапшаның авторы. 1931 

ж.  бастап  Орал  обл.-тық  денсаулық 

сақтау  бөлімі  меңгерушісінің  орын-

басары.  30  ж.  орта  шенінде  Алма-

ты  қ.-лық  ауруханасында  дәрігер. 

1937  ж.  ІІХК  органдары  тарапынан 

тұтқындалды. «Бұрынғы Алаш-Орда 

қайраткері,  Орал  облатком  төрағасы 

Х.Қошанбаевтың  антисоветтік  то-

бының мүшесі» деген айыппен 1938 

ж. 11 қарашада КСРО Жоғарғы соты 

Әскери  коллегиясы  көшпелі  сессия-

сының (Үштік) қаулысымен атылды. 

1958  ж.  27  ақпанда  КСРО  Жоғарғы 

соты  Әскери  коллегиясының  қау-

лысымен  ақталды.  Қызы  Мәншүк 

Мәметова  әкесін  ақтау  мақсатында 

өзі  тіленіп  Ұлы  Отан  соғысына  ат-

танды, 1943 ж. Невель қ. нда болған 

шайқастағы  асқан  ерлігі  үшін  оған 

Шығыс  қыздары  арасында  бірін-

ші  болып  Кеңес  Одағының  Батыры 

атағы берілді (қаза болғаннан кейін). 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

301


Мәметов  Базарбай  (1888,  Жеті-

су  обл.  Лепсі  у.  Балқаш  -  Лепсі  б. 

–  1946)  –  Алаш  қозғалысының  қай-

раткері, Алашорда үкіметінің мүше-

сі,  алғашқы  қазақ 

заңгерлерінің  бірі. 

1911 ж. Верный ұл-

дар  гимназиясын, 

1917  ж.  Қазан  уни-

верситетінің  заң 

факультетін  бітір-

ген.  Қазанда  оқып 

жүргенінде  пікірлес  қазақ  жігіт-

терімен патша жарлығымен тыл жұ-

мысына  алынған  қыр  перзенттеріне 

бас-көз  болу,  отбасыларына  қамқор-

лық жасау жөнінде «Қазақ» газетінде 

(№201, 1916 ж. 15.09) Алаш жұртына 

ашық  хат  жазады.  Хатты  сол  кезде 

Минскідегі  «земский  союздың»  бас 

комитетінде  қызметте  жүрген  Ә.Бө-

кейхан қолдайды. 1917 ж. Ақпан төң-

керісінен  кейін  Қазаннан  елге  ора-

лысымен,  Алаш  қозғалысына  белсе-

не  араласады.  1917  ж.  21-26  шілдеде 

Орынборда өткен І Жалпықазақ сиезі-

не Жетісу өкілдері қатарында қатыса-

ды.  Сиезде  Бүкілресейлік  құрылтай 

жиналысына  депутаттыққа  Жетісу 

обл.-ның  кандидаты  ретінде  ұсыны-

лады  әрі  Бүкілресейлік  мұсылман-

дар  кеңесіне  (Шура-и-исламға)  өкіл 

етіп сайланады. 1917 ж. 5-13 желтоқ-

санда Орынборда өткен ІІ Жалпықа-

зақ  сиезінде  кеңеске  мүше  болған 

сегіз  адамның  бірі.  ІІ  Жалпықазақ 

сиезінің  шешімімен  1918  ж.  25  мау-

сымда  Алашорда  үкіметінің  төраға-

сы  Ә.Бөкейхан  халық  милициясын 

құру туралы қаулыға қол қояды. Сол 

қаулыны  жүзеге  асыру  мақсатымен 

Семей  қ.-нда  капитан  Х.Тоқтамы-

шев  басқарған  бірінші  Алаш  полкін 

ұйымдастыруға  Алаш  басшылары 

Х.Ғаббасов, М.Тынышбаев, А.Тұрлы-

баевтармен  бірге  қатысады.  1918  ж. 

10-31  тамызда  Лепсіде  өткен  Жетісу 

обл.-тық  ІІ  Қазақ  сиезінде  жергілік-

ті кеңес мүшелігіне сайланады. Аза-

мат соғысы ж. С.Аманжоловпен бір-

ге  Жетісу  қазақтарына  көмек  қорын 

құрады. Алашорда үкіметінің мүше-

сі  ретінде  Лепсі  көмек  комитетінің 

төрағасы  қызметін  атқарып  жүрген-

де  «Большевиктермен  байланысы 

бар»  деген  айыппен  Колчак  үкіметі 

қуғынға  алады.  Тұтқыннан  қалай 

құтылғаны туралы нақты дерек жоқ. 

Алашорда басшыларының ыждағаты 

шешуші сипат алса керек. Алашорда 

таратылып,  Жетісуда  кеңес  үкіметі 

орнаған  соң  қандай  қызмет  атқарға-

ны белгісіз. 1928 ж. тұтқындалып, от-

басымен  түрмеге  қамалады.  1931  ж. 

Саратовқа жер аударылады. Қарақал-

пақстанда  қызмет  атқарады.  Кейін 

елге  оралып,  Жамбыл,  Талдықорған 

қ.-ларында түрлі қызметтер атқарған 

екен. 1946 ж. қайтыс болған. 

Мәрсеков  Райымжан  (1879, 

бұрынғы Семей обл. Өскемен у. Ай-

ыртау б. – ө.ж.б.) – Алаш қозғалысы-

ның  қайраткері,  заңгер,  публицист. 

Өскемендегі  уездік 

орыс-қазақ 

мек-

тебін  бітірген  соң, 



1897  ж.  Омбыдағы 

классикалық  гим-

назияны тәмамдай-

ды.  Қазан  уни-

верситетіне  түсіп, 

1899  ж.  Санкт-Петербургтегі  Им-

ператорлық  университеттің  заң  фа-

культетіне  ауысады.  Университетті 



Алаш қозғалысы

302


1902 ж. заңгер мамандығы бойынша 

бітіріп шығады. М. қазақтан шыққан 

білікті заңгерлердің бірі. Оқып жүр-

ген кезінің өзінде 1899-1900 ж. «Дала 

уәлаятының  газетінде»  мақалалары 

жарық  көреді.  1908  ж.  Орыс  геогра-

фия  қоғамы  Батыс  Сібір  бөлімінің 

Семей  бөлімшесінің  мүшесі  болып 

қабылданады. 1902-1908 ж. Семейдің 

округтік  сотында  қызмет  атқарды. 

1908-1912  ж.  Омбының  сот  палата-

сында  жұмыс  істейді.  1912-1917  ж. 

Семейде заңгер, адвокат қызметінде. 

1912-1916 ж. «Айқап» журналы, «Қа-

зақ» газетінде жарық көрген мақала-

ларында патша үкіметінің отаршыл-

дық саясаты сынға алынады. «Қазақ» 

газетінде жарияланған мақалаларын-

да  ұлттық  әдебиеттанудың  тың  да 

өзекті  мәселелерін  көтереді.  «Қазақ 

әдебиетінің  жайынан»  атты  мақа-

ласында  қазақ  әдебиетінің  тарихын 

тану,  дәуірлеу  туралы  алғашқы 

ғылыми  пікір  айтылды.  Алаш  қай-

раткерлерінің қатарында елдік мәсе-

лелерге  белсене  кіріседі.  Семейдегі 

«Сарыарқа»  газетін  ұйымдастыруға 

қатысып, біраз уақыт жауапты шыға-

рушысы болды. 1917 ж. Семейде қа-

зақ  комитеті  құрылғанда  төрағасы 

болып  сайланды.  Сонымен  бірге 

Уақытша  үкіметтің  обл.  атқару  ко-

митетіне  мүше  болады.  1917  ж.  27 

сәуір 7 мамыр аралығында өткен Се-

мей обл. қазақ сиезін ұйымдастыруға 

мұрындық  болған  әрі  жетекшілік 

еткен  азаматтардың  бірі  ретінде  та-

рих  бетіне  жазылды.  Сол  ж.  күзде 

Алаш  партиясы  атынан  Бүкілресей-

лік  құрылтай  жиналысына  депутат 

болып сайланды. 1918-1919 ж. Семей 

обл .-тық жер басқармасының төраға-

сы. Жауапты қызметтерде жүріп қа-

зақ қоғамында жаңаша сот қағидасын 

қалыптастыру, соттар ұйымдастыру, 

Алаш  әскерін  жасақтау,  жер  дауын 

шешу,  елді  азық-түлікпен  қамту, 

қазақ  жастарын  оқыту  ісін  жүйелі 

жолға қою сияқты ұлттың көкейтесті 

мәселелерінде  қайраткерлігімен  та-

нылады. 1918-1919 ж. Семейде Алаш 

әскері  жасақталғанда  елдік  маңы-

зы  зор  істің  көшбасынан  табылады. 

Алашорда  атынан  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатұлы,  С.Аманжоловпен  бірге 

Қытайдың  Шәуешек  қ.-ндағы  Ресей 

консулдығы арқылы қызылдарға қар-

сы күрес жүргізу үшін Қытай үкіметі-

нен  қару-жарақ  алу  туралы  келіссөз 

жүргізуге  қатысады.  Алайда  бұл 

келіссөз  оң  нәтиже  бермейді.  Алаш 

көсемі А.Байтұрсынұлына 500 ат бе-

ремін деп ауызша уәде берген Таңғыт 

үкірдайдың өзін Қытай үкіметі кейін 

сол жомарттығы үшін өлім жазасына 

кеседі.  1920-1922  ж.  маусым  айына 

дейін Семей губерниялық атқару ко-

митетінің  ақпарат-нұсқау  бөлімінде 

нұсқаушы-тексеруші  болып  қызмет 

атқарады. Кеңес үкіметінің қас жауы 

ретінде  бақылауға  алынады.  Кейін 

қуғынға  ұшырайды.  1922  ж.  Қытай-

ға қашып өтеді. Жат елдегі тағдыры 

туралы  дерек  аз.  Қашан,  қайда  қай-

тыс  болғаны  толық  мәлім  емес.  Бір 

деректерде «Құлжа түрмесінде өлді» 

делінсе,  екінші  бір  деректерде  «Се-

мей түрмесінде атылды» делінеді. 



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  (1858, 

Баянауыл ө. – 1931) – қазақ халқының 

ірі  ойшыл  ақыны,  этнограф-фоль-

клортанушысы,  тарихшысы,  дінта-

нушысы.  Жасынан  арабша,  парсы-

ша  оқуға  ынтыққан.  10-15  жасынан 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

303


бастап өлең жазып, хат танып, халық 

әдебиетін  ел  ау зы нан  да,  қолжазба-

лардан  да  жинау мен  айналысқан. 

1887  ж.  29  жасында  Бұхара,  Таш-

кент, Түркістан т.б. қ. аралап, 2-3 жыл 

білім-ілім  іздейді,  ғұламалармен 

кездеседі.  Бір  жыл  Бұхарада  оқып, 

білімін  толық тырады.  Араб,  парсы, 

шағатай,  түркі  жазбаларына  бой-

лайды.  Орталық  Азия  халықтары-

ның  әдет-ғұрпын  түсінеді.  Көптеген 

ғылыми кітаптарды оқып, танысады. 

Қайтарда Түркістанға аялдайды. Сыр 

өңірін аралайды. Майлықожамен жо-

лығады, жеті атасынан бері ақындық 

үзілмеген  Көшек,  Күдерілермен  та-

нысады. Одан кейін Шу мен Сырдан 

өтіп,  Ұлы тау  мен  Кішітауды  басып, 

Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл-

ған  қандастарын  аралайды.  М.  дәл 

осындай екінші сапа рына - 37 жасын-

да,  яғни  1895  ж.,  үшінші  сапарына 

- 49 жасында, яғни 1907 ж. шығады. 

Ақынның үш кітабы (“Сарыарқаның 

кімдікі  екендігі”,  “Хал-ахуал”,  “Тір-

шілікте  көп  жасағандықтан  көрген 

бір  тамашамыз”)  1907  ж.  Қазандағы 

Құсайыновтар  баспаханасынан  жа-

рық көреді. М. ел аузындағы аңыз-әң-

гімелерді,  діни-тарихи  әпсаналар-

ды, шешендік сөздерді, тұрмыс-салт 

жырларын,  эпостарды,  ертегілерді, 

мақал-мәтелдерді,  ақын дар  айтысын 

т.б. тоқтаусыз жүйелеп жинағаны бел-

гілі.  Мұның  бәрі  ғұламаның  «Қара 

мес»  қолжазба  жинағына  топтасты-

рылған.  Сонымен  бірге  М.  Алаш 

қозғалысынан  да,  жәдитше  оқудың 

пайдасын  жастарға  насихаттаудан 

да шет қалмады. Ж.Аймауытұлымен 

хат  жазысып  тұрды.  Алаш  зиялыла-

ры (Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы 

т.б.)  М.  шығармашылығы  туралы 

ой-пайымдарын жеткізіп отырды. 



Медресе  («мадраса»)  –  бастауыш 

мектептен бір саты жоғары оқу орны. 

Ислам тараған елдердегі медресе ту-

ралы  деректер  Х  ғ.  кездесе  бастай-

ды.  Ол  Хорасан  мен  Мауераннахрда 

таралған.  ХІ  ғ.  -  дан  бастап  медресе 

жетекші оқу орнына айналды. Бұған 

дейін оқу негізінен мешіттерде, жеке 

үйлерде,  сондай-ақ  мейманханалар-

да,  кітапханаларда,  ауруханаларда 

жүргізілген  еді.  Енді  ол  қайырым-

дылық  мақсаттарға  берген  жеке 

адамдардың  мүлкі  негізінде  уакф 

есебінен құрылып, өмір сүрді. Медре-

се оқытушыларына, басқа да қызмет-

шілерге  жалақы  төленді,  оқушылар 

стипендиямен,  оқу  құралдарымен, 

баспанамен қамтамасыз етілді. Мұн-



Алаш қозғалысы

304


да  негізінен  мұсылмандық  құқық 

-  фикх  оқытылды.  Осыған  сәйкес 

медресе  бағдары  да  құқық  мектебі-

не  қарай  айқындалды.  Алғашқыда 

шафииттік,  кейін  ханафиттік  медре-

селер  құрылды.  Бірте-бірте  барлық 

төрт мазһаб бойынша фикх оқытатын 

осындай оқу орындары пайда болды. 

Бұлардың  әрқайсысына  көмекшісі 

бар  оқытушылар  бөлінді.  Оқыту 

дәріс,  белгілі  бір  кітаптарды  талдау, 

пікірталас  ұйымдастыру  түрінде 

жүргізілді. Медресенің бағдарламасы 

ондағы  мүдаристердің  қабілет-қары-

мына сай түзілді. Қосымша Құранға 

қатысты пәндер, араб тілі мен әдеби-

еті,  хадистану,  дін  ілімі,  сондай-ақ 

арифметика,  медицина,  басқа  да 

ғылым  пәндері  оқытылды.  Хадиста-

ну, медицина бойынша маманданды-

рылған  арнайы  медреселер  ұйымда-

стырылған.  ІХ-Х  ғ.  -  да  Андалусия 

мен  Кордовада  (қазіргі  Испан  жері) 

пайда  болған  жаңашыл  медреселер 

тек  мұсылман  әлеміне  емес,  дүни-

ежүзіне әсер етті. Мысалы, ол ХІІ ғ. 

да Батыс Еуропада колледждер жүй-

есінің қалыптасуына ықпал жасады. 

Мұсылман  елдерінде,  соның  ішінде 

мұсылмандық Ресей бөлігінде медре-

се  жүйесі  ХХ  ғ.  -  дың  басына  дейін 

өмір  сүріп  келді.  Төңкерістен  кейін 

ол біртіндеп құлдырады да, дәстүрлі 

пәндерді оқытатын оқу орны ретінде 

қайта құрылды. Ал ислам дүниесінде 

жаңа заманға сай жаңғыртылған ме-

дреселердің қатарында Бағдадтағы – 

Низами, Каирдегі – әл-Азхар т.б. оқу 

орындарын  айтуға  болады.  Жәдит 

кезеңінің  тұлғалары  негізінен  Еділ 

бойындағы,  Түркістан  өңіріндегі, 

Түркия мен Мысырдағы медреселер-

де оқыды.

«Медресе  Ғалия»  –  Башқорстан-

ның Уфа қ.-нда 1872 ж. ашылған мұ-

сылмандық  жоғары  діни  оқу  орны. 

Оның  ұйымдастырушысы  түркі  зи-

ялысы Зия Камали. Медресенің «Ға-

лия»  (арабша  –  «ұлы»,  «мәртебелі») 

аталуы оның жоғары дәрежелі ежелгі 

оқу орны екенін аңғартады. Ол Еділ 

бойына,  Орталық  Азияға  жоғары 

білімді  оқытушы  мамандар  даярла-

уға  жұмылды.  Бұл  медреседе  діни 

біліммен  бірге  араб-парсы  тілі  мен 

әдебиеті,  логика,  философия,  тарих, 

география,  математика  пәндері  оқы-

тылған.  ХІХ  ғ.  -  дың  аяғы  мен  ХХ 

ғ. - дың басында «Медресе Ғалияда» 

көптеген  талапкер  қазақ  жастары 

оқыды.  Солардың  ішінде  танымал 

ақын-жазушылар  М.  Жұмабайұлы, 

Б.  Майлин,  Т.  Жомартбайұлы,  Ж. 

Тілепбергенұлы,  белгілі  азаматтар 

Қ.  Оразаұлы,  И.  Тасболатұлы,  Ш. 

Назарұлы, Ғ. Тоқшарбекұлы, Ғ. Қам-

лин, М. Оразаұлы, Ғ. Каиров т.б. бар. 

Мысалы,  1913  ж.  50  қазақ  баласы 

оқыған. Олардың арасында қазақ қы-

здары  да  бар.  Жалпы  бұл  медреседе 

500-ге  таяу  шәкірт  оқыды.  Осында 

оқыған қазақ шәкірттері 1913-1914 ж. 

бастап  “Садақ”  атты  қолжазба  жур-

нал шығарып тұрды. Бейімбет Май-

лин, Жиенғали Тілепбергенов т.б. сол 

журналды жариялауға жауапты бол-

ды. Осында 1911 ж. қазақ жастары өз 

қаражатымен  “Әліппе  яки  төте  оқу” 

атты қазақша алғашқы оқу құралын 

даярлап,  жариялады  (Түпнұсқадағы 

толық  аты:  «Қазақ  уә  қырғыз  бала-

лары үшiн осул саутия илә жазылған 

әлiппе  яки  төте  оқу».  Мөрәттиб  уә 

нәшәрләрi: Мәдрәсә-и Ғалиядағы қы-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

305


рғыз  уә  қазақ  шәкiрттерi.  Құрасты-

рған Ишанғали Арабаев және Хафиз 

Сәрсекеев.  –  Уфа:  Шарқ  мәтбәғәсi, 

1911. - 52 б.). Жәдит бағытын ұстанған 

медресе  шәкірттері  1400  сом  қаржы 

жинап,  қазақ  кітаптарын  жарыққа 

шығарды. Сол кезде “Айқап” журна-

лы мен «Қазақ» газеті бұл шәкірттер-

ге үлкен қолдау көрсетіп отырды. 



1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал