Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет41/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69

Лапин  Серәлі  Мұңайтпасұлы 

(1868,  Қызылорда  обл.  Сырдария 

ауд.  Қоғалыкөл  а.  –  1919,  Өзбекстан 

Республикасы  Самарқан  қ.)  –  қоғам 

қайраткері,  шығы-

станушы.  1889  ж. 

Ташкенттегі  Түр-

кістан  мұғалімдер 

с е м и н а р и я с ы н , 

1891  ж.  Санкт-Пе-

тербург  универси-

тетінің заң факуль-

тетін бітірген. 1889-1892 ж. Түркістан 

семинариясында  мұғалім,  1892  ж. 

Самарқан  обл.  әскери  губернаторы 

жанында  аудармашы.  1901-1917  ж. 

Самарқан,  Сырдария  обл.-тарында 

адвокат  қызметін  атқарады.  Араб, 

парсы, т.б. шығыс тілдерін жетік біл-

ген. Гүр-Әмір, Регистан, Шаһи-Зинда 

кешендері, Көкелташ медресесі және 

т.б.  көне  архитектуралық  ескерт-

кіштердегі арабтың көне емлелерімен 

өрнектелген  жазуларды  оқып,  орыс-

шаға  аударып,  ғылыми  айналымға 

қосты.  Жәдігерлердің  тұрғызылған 

уақытын,  салдырған  адамдар,  сәу-

летшілер  есімдерін  (мыс.,  Регистан 

ансамбліндегі  Ширдор,  Тіллә-Қари 

медреселерін  Жалаңтөс  баһадүрдің 

салдырғанын)  анықтады.  «Шаһна-

ма»,  «Туһрат  әл-Хани»  дастандары-

ның  парсы  тіліндегі  қолжазбаларын 

тауып  зерттеді.  Л.  ауызша  тәржіма-

лаған  Фирдаусидің  «Шаһнамасын» 

ақын Молда Ораз қазақша жырлаған. 

1900-1904 ж. қазақ, өзбек, қырғыз т.б. 

атауларды  дұрыс  қолдану  жөнін-

де  «Туркестанские  ведомости», 

«Оренбургский листок» газеттерін-

де  мәселе  көтерді.  Шығыстану  са-

ласындағы  жұмыстарын  В.Л.  Вят-

кин,  В.В.  Бартольд,  Н.И.  Веселов-

ский, В.В. Розен еңбектерінде пай-

даланған.  1908-1910  ж.  Санкт-Пе-

тербургте  тұрып,  ІІІ  Мемлекеттік 

Думаның  Мұсылман  фракциясы 

ұйымдастыру  бюросында  қызмет 

етті.  Халық  мүддесі  үшін  жұмыс 

атқарып  (1910-1913),  Түркістан 

генерал-губернаторының 

рұқса-

тымен қазақ арасында сауда-эконо-



микалық серіктестік құрды. 1917 ж. 

наурызда  Ақмешіт  халық  өкілдері 

кеңесінің төрағасы, шілдеден «Шу-

ро-и-улема»  («Ғұлама  қоғамы», 

«Дін  иелерінің  кеңесі»)  ұйымына 

жетекшілік етті. Сырдария қазақта-

рының  1917  ж.  тамызда  өткен  си-

езінде Бүкілресейлік Құрылтай жи-

налысына  депутаттыққа  кандидат 

ретінде  ұсынылды.  І  Жалпықазақ 

сиезінде Құрылтай жиналысына де-

путаттыққа  ұсынылады.  Түркістан 

өлкесі мұсылмандарының төртінші 

төтенше  сиезінде  құрылған  Қоқан 

(Түркістан)  автономиясы  халық 

кеңесі құрамына сайланды. 1918 ж. 

17 қаңтарда өлкелік Халық Комис-

сарлары  кеңесіне  жолдаған  мәлім-

демесінде  Қоқандағы  Түркістан 

автономиясы  мен  Ташкенттегі 

кеңес үкіметі арасындағы текетіре-

сті  бейбіт  жолмен  шешуді  көздеді. 

Алайда  большевиктер  Қоқан  ав-

тономиясын  қарулы  күшпен  құла-

тып  тынды.  Саяси  күресті  жалға-

стыру  мақсатымен  әуелі  Бұхар 

әмірлігіне  өтті,  кейіннен  бірінші 

дүниежүзілік  соғыс  тұтқындарын 



Алаш қозғалысы

292


қайтарумен  шұғылданатын  неміс 

комиссиясының  көмегімен  Герма-

нияға  барды.  Неміс  әскерлерінің 

көмегімен  Түркістандағы  кеңестер 

билігін  құлату  жолында  Германия 

үкіметі басшыларымен келіссөздер 

жүргізу  мақсатында  әрекеттер  жа-

сады. Олардан қолдау таппаған соң 

1919  ж.  Самарқанға  оралады.  Бел-

гісіз жағдайда қайтыс болды.



Ленин  (ульянов)  Владимир 

Ильич (10 (22). 04.1870 ж. Симбирск – 

21.01.1924 ж. Мәскеу) – Кеңес өкіметі 

мен Одағы Коммунистік (большевик-

тер)  партиясының  көсемі,  тұңғыш 

социалистік  мемлекеттің  негізін 

қалаушы. 1905-1907 ж. І Орыс рево-

люциясы тұсында Ресейге келіп, са-

ясатпен айналысты. 1907 ж. желтоқ-

санында  қайтадан  шетелге  кетеді. 

1917  ж.  Ақпан  төңкерісі  аяқталған-

нан  кейін  3  сәуірде  ол  Швейцария-

дан Петроградқа келіп, Кеңестердің 

билікке  жетуі  үшін  күрес  жүргізді. 

1917 ж. 25 қазанда Петроградта төң-

керісті ұйымдастырушылардың бірі 

болды.  Кеңестердің  Бүкілресейлік 

І  сиезінде  (1917  жыл,  қазан  айы)  Л. 

жаңадан  құрылған  Халық  Комис-

сарлар  Кеңесінің  төрағасы  болып 

сайланды.  Алаш  қайраткерлері  А. 

Байтұрсынұлы,  Х.  Досмұхамедұлы, 

Ж.  Досмұхамедұлы,  Ә.  Ермековтер 

1918 - 1919 ж. Л. мен бірнеше рет кез-

дескен.  Осы  кездесулер  барысында 

қазіргі  қазақ  жерінің  шекарасы  ай-

қындалып, Қазақ Кеңестік автономи-

ясының құрылуына қол жеткізілді.

Лепсі уезі қазақтарының шағы-

мы – 1905 ж. жазылған арыз – шағым. 

Бұл құжатқа Жетісу обл. Лепсі у. қа-

зақтарынан  1000  адам  қол  қойған. 

Бұл  жөнінде  Алаш  қайраткері  М. 

Тынышпаев  «Қазақ  халқының  та-

рихы» зерттеуінде жазған болатын. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

293


М

Мағауин  Мұхтар  Мұқанұлы 

(1940  ж.  Семей  обл.  Аягөз  ауд.). 

Жазушы,  әдебиет  зерттеушісі,  ға-

лым.  Қазақстанның  халық  жазушы-

сы.  ҚазМУ-ды,  осы  университеттің 

аспирантурасын  бітірген.  1965-1986 

ж.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде  бөлім 

меңгерушісі,  «Жазушы»  баспасында, 

«Жалын» альманағында бас редактор-

дың орынбасары, Әдебиет және өнер 

институтында, ҚазПИ-де аға ғылыми 

қызметкер,  доцент,  «Жазушы»  бас-

пасында  бас  редактор  қызметтерін 

атқарған. 1988 ж. «Жұлдыз» журналы-

ның бас редакторы. Соғыстан кейінгі 

ел өмірі бейнеленген «Бір атаның ба-

лалары», «Қияндағы қыстау», «Шақан 

шері»  атты  романдары,  «Аласапы-

ран» тарихи дилогиясы жарық көрді. 

Ол  «Алдаспан»,  «Бес  ғасыр  жырлай-

ды»,  «Ай,  заман-ай»  атты  ақын-жы-

раулар  шығармаларының  антология-

сын  құрастырды.  «Ғасырлар  бедері», 

«Қазақ  тарихының  әліппесі»  зерттеу 

еңбектері қазақ тарихының 500 ж. ке-

зеңін  қамтиды.  М.  «Қазақ  хандығы 

дәуіріндегі  әдебиет»  оқулығы  мен 

хрестоматиясының  т.б.  оқу  құралда-

рының  авторы.  Ол  Алаш  қайраткер-

лері  мұраларының  насихатталуына 

көп еңбек сіңірді. 1978 ж. Ленинградта 

Алаш  қайраткерлерінің  мұраларына 

қатаң тыйым салынған кезде Шәкәрім 

өлеңдерін  орысшаға  аударып  шығар-

ды.  Қаламгердің  соңғы  ж.  шыққан 

еңбектерінде алаштық идея көркемдік 

және публицистикалық тұрғыдан те-

рең көрініп жүр. Ол Мемлекеттік сый-

лықтың,  «Түркі  дүниесіне  қызмет» 

халықаралық сыйлығының лауреаты.



 «Мағжан – Сәкен» – Т.Кәкішұлы-

ның  кітабы.  1999  ж.  «Қазақ  универ-

ситеті»  баспасынан  жарық  көрген, 

көлемі  28  б.т.  Бұл  ғылыми  эсседе 

М.Жұмабаев, С.Сейфуллиннің өмірде-

ректері,  шығармашылық  мұрасы,  екі 

ақын арасындағы тұлғалық қарым-қа-

тынас  мәселелері  сөз  етіледі.  Сон-

дай-ақ  Алаш  қозғалысына,  обл.-тық 

қазақ сиездеріне, қазақ комитеттеріне 

байланысты деректер келтірілген. 

«Мағжанның  Қызылжары»  – 

алаштанушы ғалым З. Тайшыбайдың 

2008  ж.  Астана  қ.-нда  жарық  көрген 

зерттеуі.  Бұл  еңбекте  Алаш  қайрат-

кері Мағжан Жұмабаевтың қоғамдық 

қызметі  мен  шығармашылығына, 

Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» 

жинағына,  Ақмола  обл.-тық  қазақ 

комитетіне,  Қызылжардағы  жастар 

ұйымдарына байланысты зерттеулер 

топтастырылған. 

Мажитов  Равиль  Сидагатович 

(1979 ж. Батыс Қазақстан обл. Бөкей-

орда ауд. Сайхин а.) – тарих ғылымда-

рының  кандидаты,  М.Өтемісұлы 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемле-

кеттік  университетінің  «Конститу-

циялық құқық, құқық және мемлекет 

тарихы  мен  теориясы»  кафедрасы-

ның меңгерушісі. М.Өтемісов атын-

дағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  алдымен  тарих, 

содан  соң  заң  факультетін  бітірген. 

2005  ж.  Алаштың  ардақты  азаматы 

«Жаһанша  Досмұхамедовтің  қоғам-

дық-саяси қызметі» деген тақырып-

та  кандидаттық  диссертация  қорға-

ды.  Он  бестен  астам  ғылыми  мақа-

лалардың  авторы.  ХХ  ғ.  басындағы 



Алаш қозғалысы

294


Қазақстанның  ұлттық-мемлекеттік 

құрылымы  мен  Алаш  қозғалысы 

көшбасшыларының тарихын зертте-

умен айналысты. 



Майлин  Бейімбет  (Бимұхамет) 

Жармағамбетұлы – жазушы, драма-

тург. Алаш қозғалысына өлең арнаған 

ақындардың  бірі.  Алғашында  М. 

ауыл  молдасынан 

хат  таныған  соң 

Арғымбай  қажы, 

Троицк 

қ-ндағы 


Уәзифа  және  Уфа 

қ-ндағы  Ғалия  ме-

дреселерінде  оқы-

ды.  Оқып  жүрген 

жылдары  татардың  белгілі  жазушы-

лары Ғ.Ибрагимов пен М.Ғафуринмен 

танысады;  соның  нәтижесінде  Уфа 

қ-нан  шығып  тұрған  “Садақ”  атты 

қолжазба журналға белсене қатысқан 

М.  өзінің  алғашқы  прозалық  туын-

дысы  –  “Шұғаның  белгісі”  повесін 

жариялады.  1916-19  ж.  ауылда  бала 

оқытып,  мұғалімдік  қызметпен  ай-

налысады.  1917  ж.  Ақпан  төңкерісін 

басқа  қазақ  ақындары  сияқты  М.  да 

қуана қарсы алды. Осы кезеңде Алаш 

қайраткерлерінің  күресін  барын-

ша  қуанған  қаламгер  Алаш  автоно-

миясының  жарияланып,  Алашорда 

үкіметінің  құрылғанын  да  қолдап, 

өлең  арнайды.  Оның:  «Жарық  сәуле 

ендіретін қазаққа, Мәңгі жылдар жа-

сасын  Алаш  ордасы!»  деген  жолда-

рынан осыны аңғарамыз. М. поэзия, 

прозамен қатар драм. шығармалар да 

жазады.  1919-20  ж.  сауықшылар  үй-

ірмесін басқарып, өзі жазған “Әмең-

гер”,  “Шапай”  секілді  тырнақалды 

инсценировкасын  сахнаға  шығарды. 

Қостанай  қ.  -  дағы  сауықшыл  қазақ 

жастарының күшімен М-нің тұңғыш 

“Қаламқас” комедиясы қойылды. М. 

Қазақстанның  баспасөз  және  баспа 

орындарында  әр  түрлі  жауапты  қы-

зметтер  атқарды.  1934-37  ж.  “Қазақ 

әдебиеті” газетінің редакторы болды. 

1937  ж.  халық  жауы  деген  жаламен 

ұсталып, келесі жылы ақпан айында 

атылып кетті. 20 ғ-дың 50-жылдары-

ның соңына қарай М. нің есімі ақта-

лып,  жазушының  рухани-шығарм. 

еңбегі халық игілігіне айналды. Дра-

малық  шығармалары  қатарында  “Ел 

мектебі”,  “Шаншар  молда”,  “Неке 

қияр”,  “Жасырын  жиылыс”,  “Тал-

таңбайдың  тәртібі”,  “Біздің  жігіт-

тер”,  “Майдан”,  “Келін  мен  шешей”, 

“Шұға”,  “Жалбыр”,  “Амангелді”,  т.б. 

пьесалары бар. М. нің прозалық және 

драмалық  туындылары  қазақ  әдеби-

етінің дамуына зор үлес қосты.

Мақұл Мағди – көрнекті дін және 

қоғам  қайраткері,  Алаш  қозғалысы-

ның мүшесі, қазақтың алғашқы діни 

қазиларының бірі. Оның әзірше қай ж. 

туғаны белгісіз. Нақақ атылған уақы-

ты, яки шейіт кеткен ж. – 1937 жыл. 

Саяси репрессия құрбаны. Ол Алаш 

автономиясы  жарияланатын  екінші 

жалпықазақ  сиезінің  ұйымдастыру 

және  өткізу  жұмысына  белсене  қа-

тысады. 1923 ж. Қазақстандағы діни 

істерді  қадағалау  Бүкілресей  және 

Сібір  орталық  діни  басқармасына 

(Уфа)  тапсырылады.  М.  осы  Басқар-

маға  қараған  қазақ  қазиы  болады. 

Осы тұстың бір «ақтаңдағы» бар. Ол 

– «Ислам мәжілісі» атты башқұрт-қа-

заққа  түсінікті  журналға  қатысты 

жайт. Журналдың өз бетіндегі мағлұ-

маттарға қарағанда, 1924 ж. аяғынан 

(2  саны  15.11.1924  ж.  басылыпты) 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

295


1930 ж. соңына дейін шығып тұрған. 

Басылым  өз  бағдарын  «дін,  ахлақ, 

фәлсафа» деп көрсетіпті. Жазба қар-

пі – арабша (төтеше). Аталған журнал 

көбіне  ислам  түсініктерін,  ұғымда-

рын, дін және қоғам, дін және тарих, 

дін және салт-сана қарым-қатынасын 

талдап-таразылайды.  Басылымның 

басшылығында  және  жарияланым 

авторлары  ішінде  Р.  Фахретдинов 

(мүфти), К. Тәржіманов (найб-мүфти) 

т.б.  білікті,  діндар  азаматтар  болға-

ны  байқалады.  «Ислам  мәжілісі» 

6-7  мың  таралыммен  елге  жеткен. 

Журналда  Алаш  жұрты  туралы  мы-

надай  материалдар  жарияланған: 

«Өзіміздің  қазақ  ұлтымызға  бір-екі 

сөзім»,  «Мәрказ  діние  назарәтке  қа-

зақ халқының мүнәсибеті» (Орталық 

Діни  басшылықпен  қазақ  халқы-

ның  байланысы),  «Қазақстанда  дін 

оқыту  ісі»,  «Діние  назарәтке  Жеті-

су,  Сырдария  қазақтарының  һәмде 

Ойратски  жұмһриетінде  болған  қа-

зақтардың  мүнәсибеті».  Авторы  – 

Уфадағы  мұсылмандардың  «Мәрказ 

діние  назарәт»  (былайша  айтқанда, 

Бүкілресей  және  Сібір  мұсылманда-

рының  Орталық  Діни  басқармасы) 

мекемесінде  қазақ  қазысы  болған 

Маһди  Мағқұл  (журналдағы  жа-

зылуы  бойынша).  Дәл  қазір  біздің 

қолымызда М. (ауызекі тілдегі нұсқа-

сы – Мәди Мақұл) туралы көп дерек 

жоқ. «Өзіміздің қазақ ұлтымызға бір-

екі  сөзім»  атты  мақаласында  (1924 

жыл,  қараша,  №  2)  діндар  автор  қа-

зақ ішінде кеңес өкіметі жағдайында 

руханиятты қалай дамытуға болаты-

нына  қам  жейді.  Мұсылмандардың 

азаттық  жолында  бірігуін  тыйған 

(мүфтияттан шектеп) ескі хүкіметтің 

ащы сабағын парықтайды. Бұл жолда 

қазы  екі  мәселені  нақтылап  айтады: 

біріншісі  –  қазақ  жерінде  әр  ауылға 

мешіт  және  мектеп  салу;  екіншісі  – 

парасатты,  көзі  ашық  имам  сайлау. 

М.- дың «Марказ діние назарәтке қа-

зақ халқының мүнәсибеті» (1924, қа-

раша,  №2)  атты  мақаласынан  біз  бі-

раз тарихи мағлұмат аламыз. Мұнда 

1923 ж. 10 маусымда Уфада бүкілре-

сейлік діндар ғұламалардың сиезі өт-

кені, оған Семей, Ақмола, Қостанай, 

Бөкей,  Ақтөбе  обл.-тарынан  өкілдер 

келгені, дәл осы жолы Дін назарәтін-

дегі (Діни басқарма) мүфти һәм қазы 

сайлауға қатысып, «назарәтке тамам 

қосылғаны»,  тағы  да  басқа  тарихи 

маңызды  мәліметтер  берілген.  Енді 

тарихқа  кішкене  шегініс  жасайық: 

Ресей  мұсылмандарының  «Махкама 

Шарғия»  (орысша  нұсқасы  «Духов-

ное  собрание»)  Орынбор  губерни-

ясына  қараған  Уфа  қ.-нда  1786  ж.  ІІ 

Екатеринаның  пәрменімен  ашылды. 

Бұл  жерде  патша  өкіметі  де,  мұсыл-

мандар  да  өзінше  бағдар  ұстағаны 

анық. Ал, осы “мекемеге” қазақ жері-

нен  шыққан  зиялылар  қашан  кірді? 

М.  мақаласы  бізді  осыған  да  денде-

теді. Қазы бүй дейді: «Семипалат обл. 

Пауладар у.-нде Білән а. деген орында 

М. Шорманов салған мешітте имам-

мүдәріс  болып,  сол  атырапқа  діни 

қызмет көрсеткен Қамаралдин есімді 

ғалым уә фазыл зат өткен. Бұ күнде 

оның  баласы  жетпіс  жаста.  Соның 

қолында  мықты  Тефкилеф  (Тевке-

лев) заманында М. Шәрғие тараптан 

ержұм  Қамаралдин  хазіретке  беріл-

ген биік бұрынғы указ бар. Алдырып 

көрдім:  ...  ескі  уақыттардан  біздің 

қазақтар Мәһкәме Шәрғиеге қараған 



Алаш қозғалысы

296


болған.  Ләкин  ескі  царизм  хүкіметі 

кезінде  Носов  уә  Ильминскийлер  ... 

миссионерлік  саясатына  жорытып, 

Мәһкәме  Шәрғиенің  биік  зораюына 

өздерінің  тұтқан  бұзық  саясатына 

қарсы  бір  іс  көрген.  Осылар  біздің 

қазақтарды  бір  себеппенен  Мәһкәме 

Шәрғиеден  айырған  болар».  Осы 

үзіндіде  есімі  аталған  Қамаралдин 

–  атақты  М.  Ж.  Көпейұлы  «ислам-

ның шамшырағы» деп сипаттап поэ-

ма-жоқтау арнаған тұлғаның (шығар-

ма  «Қамаралдин  хазірет»  деп  атала-

ды) дәл өзі. М.- дың бұл мақаласында 

«Қытай  хүкіметінде  болған  Зайсан 

уа  Алтай»  мұсылман-қазақтарының 

жайы  да  сөз  болады.  Мәтіннен  бай-

қалатыны,  Бұқтарма  у.-нің  қазақта-

ры Қытай шегіндегі қазақтарды қоса 

отырып,  Діни  басқармаға  қаратуды 

өтініп, 1924 ж. 26 тамызда Уфаға хат 

жіберген. Тағы бір дерек: 1923-1924 ж. 

қазақ ішінде 120-ға жуық діни кеңе-

стер  (мүшаур)  сайланған,  мүфтият 

тарапынан Қазақстанға 348 имам, 68 

мәзін  (не  уәкіл,  не  азаншы)  жіберіл-

ген. «Қазақстанда дін оқыту ісі» атты 

мақаласында (1925 жыл, қаңтар, №4) 

М. қазы діни білім саласының көкей-

кесті  мәселелеріне  тоқтала  отырып, 

оны жолға қоюдың жөн-жобасын қа-

растырады.  Автор  бұл  еңбегінде  де 

ескі өкімет пен жаңа өкіметтің дінге 

деген көзқарасын салыстырады. Діни 

білім беруде орныққан, сыннан өткен 

жүйеге түсуді ескертеді. Осыған бай-

ланысты  Діни  басқарма  мұсылман 

аймақтарына  таратқан  низам-намені 

(бізше бағдарлама) мұқият ұстануды 

ел жадына салады. «Діние назарәтте 

Жетісу, Сырдария қазақтарының һәм-

де  Ойратски  жұмһриетінде  болған 

қазақтардың мүнәсибеті» атты (1925 

жыл,  көкек-мамыр,  №7-8)  М.  мақа-

ласының  да  тарихты  таразылауға 

септігі бар. 1920 ж. бұрын Түркістан 

автономиялы  республикасына  қарап 

келген  Сырдария,  Жетісу  обл.-та-

рының  Қазақстан  республикасына 

қосылғаны белгілі. Бірақ біз осы қы-

сылтаяң шақта жаңадан Қазақстанға 

кірген  екі  обл.  діндарлары  Уфадағы 

Діни  басқармаға  өтініш  жазғанын 

білеміз бе? Әрине жоқ. М. дың мына 

мақаласында  осы  туралы  айтылған. 

Сондай-ақ,  мұнда  Ойрат  автономи-

ялы  аймағы  қазақтарының  да  әл-

гіндей  өтініші  жөнінде  жазылған. 

Бұлар: «Қараңғы бір бұрышта қалған 

дін-қарындасыңызға  Бұқтармадағы 

өкіліңізді  жіберіп,  бізге  хақтан  жол-

басшылық  етіңіздер»,  –  депті.  Со-

нымен, М.-дың тарихи еңбегі аясын-

да  “Ислам  мәжілісі”  мен  қазақ  елі 

байланысына  қатысты  төмендегідей 

тұжырымдама жасаймыз: 1) Уфадағы 

Діни басқарма мен қазақ арасындағы 

қарым-қатынас  екі  жақтың  мүддесі-

не сай орныға бастаған және мұндай 

дәнекер  істің  басы-қасында  елшіл, 

иманды  азаматтар  жүрген;  2)  Қа-

зақ  жерінде  діни  қызмет  қауқарсыз 

кезінде  және  большевизмнің  зардап-

ты  шағында  «Мәрказ  діни  назарәт» 

(Уфа)  белгілі  дәрежеде  рухани  қа-

уіпсіздіктің кепілі болып, барша мұ-

сылман-түріктің  бір  рухани-мәдени 

кеңістікте  өмір  сүруіне  септігін  ти-

гізген; 3) «Ислам мәжілісі» журналы 

–  20  ж.  қилы  ізденістің  бір  тарамы-

ның айнасы және оған қазақ тағдыры 

да түскен деуге толық негіз бар.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

297


Малдыбаев  Мұстақым  (1880 

-1927) – Алаш қозғалысының қайрат-

кері,  ағартушы,  журналист.  Уфа  қ. 

Ғалия  медресесін  бітірген.  1911-1918 

ж.  «Айқап»,  «Қа-

зақ»,  «Сарыарқа» 

басылымдарында 

мақалалары 

жа-

рияланады.  Мақа-



лаларын  «М.М.», 

«Азамат  Қорықба-

сов»,  «Мұстақым 

Ризабек», «Сәулесе» деген бүркеншік 

аттармен жариялап отырған. 1911 ж. 

Семей  қ.-ндағы  «Жәрдем»  баспа-

сынан «Оқулық» атты кітабы жарық 

көреді. 1912 ж. Аңдамасов деген аза-

матпен  бірігіп  жазған  «Қазақша  ең 

жаңа  әліппе»  деген  еңбегі  1912  ж. 

Қазан қ.-нда басылған. 1917 ж. Ақпан 

төңкерісінен  кейін  Семей  обл.  қа-

зақ  комитеті  құрамына  еніп,  Семей 

обл.  қазақ  сиезін  ұйымдастырушы-

лардың  бірі  болды.  Алаш  партия-

сының  Семейдегі  комитетін  құруда 

қажыр-қайратын  танытады.  Азамат 

соғысы ж. Алаш атты әскер полкын 

ұйымдастыру  жолында  ел  ішінде 

үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізеді. 

1918-1919  ж.  Алаштың  атты  полкін 

ұйымдастыруға  жан  аямай  кіріседі. 

Кеңес  үкіметі  тұсында  Семейдегі 

педагогикалық  колледжде,  губерни-

ялық халық ағарту бөлімінде жұмыс 

істеді,  баспасөзде  редактор  болды. 

Саяси қуғын-сүргін құрбаны. 

Мамыраев  Бейбіт  Баймағам-

бетұлы (1957 ж. 5 ақпанда Қараған-

ды  обл.  Нұра  ауд.  туған)  –  ғалым, 

филология ғылымдарының докторы, 

профессор.  Қарағанды  мемлекеттік 

университетін  бітірген.  1980-88  ж. 

Қарағандыдағы  кооперативті  ин-

ститутының,  осындағы  мемлекеттік 

университетінің  аға  оқытушысы, 

доценті,  1988-93  ж.  Әдебиет  және 

өнер  институтының  аға  ғылыми 

қызметкері,  ғалым-хатшысы,  ин-

ститут  директорының  орынбасары 

қызметтерін  атқарған.  Қазір  Шығыс 

Қазақстан  мемлекеттік  педагогика 

институтының  ректоры.  «Казахские 

литературные связи начала ХХ века» 

және «Основные тенденции развития 

казахской  литературы  первой  чет-

верти  ХХ  в.»  монографияларының 

авторы. ХХ ғ. басындағы әдеби ағын-

дарға  арналған  зерттеуінде  Алаш 

қаламгерлері 

А.Байтұрсынұлы-

ның,  М.Дулатовтың,  Ж.Аймауытов-

тың,  М.Жұмабаевтың,  М.Әуезовтің 

шығармалары  жөнінде  ғылыми  тал-

даулар  жүргізген.  С.Торайғыровтың 

20  томдық  жинағын  құрастырушы-

лардың бірі. 

Мангельдин  Алдабек    –  Түр-

кістан  ұлт-азаттық  қозғалысының 

өкілі. Алаш партиясы атынан Бірінші 

жалпықазақ  сиезінде  Бүкілресейлік 

Құрылтай  жиналысында  Самарқанд 

облысынан  ұсынылған.  «Кеңес» 

астыртын  ұйымының  мүшесі,  заң-

гер, нотариус болып қызмет еткен. 



«Маса» жинағы – 1911 ж. Орын-

борда  жарық  көрген  Ахмет  Байтұр-

сынұлының  өлеңдер  жинағы.  Бұл 

жинақ ұлт-азаттық қозғалыс тұсында 

қазақ халқын оятуға арналған дәуір-

лік  кітап  болды.  Жинақта  ақын  ха-

лықты қараңғылық, енжарлық, кәсіп-

ке марғаулық сияқты кемшіліктерден 

арылуға  шақырды.  «Қазағым  елім, 

Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, 

Талауда малың, Қамауда жаның, Аш 


Алаш қозғалысы

298


көзіңді оянып, Қанған жоқ па әлі ұй-

қың,  Ұйықтайтын  бар  не  сиқың?!», 

-  дейді  ақын.  Қазақ  халқы  үшін  ең 

ауыр қасиет – отаршылық езгісі ақын 

поэзиясының  басты  идеясына  ай-

налды.  Ел  тәуелсіздігі  үшін  күресте 

ол  сөз  бен  істің  жігін  айыра  білуді 

міндет  етіп  қойды.  Ел  намысын  ой-

лаған ер қасиетін іздеп, зорлық-зом-

былыққа мойымауға, бостандық, ер-

кіндік  жолында  күресуге  қайрады. 

Бодандық қамытын киген жұртының 

қалыптасып отырған әлеуметтік-сая-

си жағдай туралы өзіндік көзқарасын 

қалыптастыруға ұмтылды. 



1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал