Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет40/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69

Алаш қозғалысы

284


Құлманов  Бақтыгерей  (1857 

ж.  қазіргі  Атырау  обл.  Теңіз  ауд.) 

  Алаштың  белгілі  қайраткері.  Ол 

кісінің қайтыс болған ж. туралы де-

рек  сақталмаған. 

Алаш  қозғалысы 

кезінде елге басшы 

болған 


көрнекті 

қоғам  қайраткері. 

Ол – қазақтың тәу-

елсіздігі үшін күре-

скен ұлттық зиялы 

қауымның көшбас-

шыларының  бірі.  Арман  қуған  жас 

шағында  1887  ж.  Санкт-Петербург 

университетінің  шығыс  тілдері  фа-

культетін қызыл дипломмен бітірген. 

1888  ж.  филология  ғылымының  ма-

гистрі  ғылыми  дәрежесін  қорғаған. 

Соқтықпалы,  соқпақты  заманда  Қ.-

тың да бірсыдырғы тыныш өмір өт-

кізуі  мүмкін  емес  еді.  Ол  қоғамның 

әр  саласында  жұмыс  істейді.  1890-

1903  ж.  Ішкі  Орданың  Қамыс-Сама-

ра  бөлігін  басқарып,  білікті  басшы 

болады.  Он  ж.  артық  істеген  бұл 

қызмет  оның  қоғамдық  мәселелер-

ге түсінігін одан әрі тереңдетті. Осы 

кезеңде  ол  қоғамнан  мол  тәжірибе 

жинады.  Халықтың  әлеуметтік  тұр-

мыс-жағдайын,  арман-мұратын  жақ-

сы түсіне білді. Елі сенген абзал аза-

мат  1906-1907  ж.  халқының  сенімін 

арқалап,  Ресейдің  І  және  ІІ  Мемле-

кеттік Думаларына мүше болып сай-

ланған. Оны қазақ халқы өзінің мүд-

десін  қорғай  алатын  сенімді  азамат 

ретінде  сайлады.  Думада  ол  мұсыл-

ман  фракциясының  мүшесі  болды. 

Қ.  -  тың  сол  кездегі  Ресейдің  басты 

заң шығарушы жоғары органына екі 

рет  қатарынан  мүше  болып  сайла-

нуы – оның туған халқы алдындағы 

перзенттік борышын терең сезінуіне 

және мемлекет, қоғам қайраткері бо-

лып  қалыптасуына  шешуші  ықпал 

жасағаны  сөзсіз.  Жалпы  ұлтжанды 

қазақ  оқыған  азаматтарының  тізе 

қосып,  елдің  болашағы  жолында 

ерен  істер  атқаруы  1917  ж.  келетін-

дігі белгілі. Осы ж. бастап алашшыл 

азамат  Қ.  -  тың  саяси  белсенділігі 

айрықша  байқалады.  Аталған  ж.  21 

сәуірінде Бөкей Ордасында обл.-тық 

қазақ  сиезі  өткізіледі.  Осы  сиездің 

қабылдаған  қарарында:  «Территори-

яның  ауқымдылығына  байланысты 

халықтың  шашыраңқы  орналасуы 

Астрахан өлкесіндегі қазақтарды бір 

жерден  басқаруға  итермеледі.  Осы 

мақсатпен комиссарлыққа Қ. (І Мем-

лекеттік  Думаның  мүшесі),  оның 

көмекшісіне  мұғалім  И.  Меңдіханов 

сайланды»  делінген.  Бірінші  жал-

пықазақ  сиезіне  қатысып,  жұрттың 

қолдауына  ие  болған  Қ.  Бүкілресей-

лік мұсылмандар кеңесінің атқару ко-

митетіне сайланып, қазақ халқының 

өкілі болып қызмет істейді. Сиез қау-

лысына Қ. төраға ретінде қол қойған. 

Бұл  құжатта  Ә.Бөкейхан,  Ғ.Қараш, 

Х.Досмұхамедұлы,  Ә.Кенесарин,  М.

Дулатов төрағаның серіктері ретінде 

көрсетілген.  Ол  екінші  жалпықазақ 

сиезіне  арнайы  шақырылған.  Сиез 

Алашорда  үкіметін  құрып,  оған 

төраға  сайлауда  Қ.  Ә.Бөкейханмен, 

А.Тұрлыбаевпен  бірге  баламалы  не-

гізде сайлауға түседі. Осы сиезде ол 

Алашорданың  халық  кеңесіне  мүше 

болып  сайланады.  Екінші  жалпықа-

зақ сиезінде көтерілген мәселелердің 

бірі Алашорданың Түркістан өлкесін 

мекендеген  қазақтарды  Алаш  авто-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

285


номиясына  тарту  мәселесі  еді.  Осы 

мәселеге байланысты Сырдария обл. 

қазақтарының сиезі шақырылады да, 

оған  Қ.  М.Дулатовпен,  Т.Құнанбае-

впен  бірге  барып  қатысады.  1917  ж. 

Батыс Қазақстандағы Алаш қозғалы-

сын ұйымдастырушылардың бел ор-

тасында Қ. жүреді. Алаш қозғалысы 

үшін белсенді қимыл жасайды. Екін-

ші  жалпықазақ  сиезі  оны  Бүкілре-

сейлік  құрылтай  жиналысына  депу-

таттыққа кандидат етіп ұсынады. Қ. 

Бөкей Ордасынан У.Танашевпен бірге 

Құрылтай  жиналысына  ұсынылған-

да, оған мынадай қысқаша мінездеме 

берілген  екен:  «Бақыткерей  Құлма-

нов – І Государственной Думы ағзасы. 

Бұл күнде Бөкейлікте обл. комиссар. 

Университет  бітірген  кісі.  Былтыр 

25  июнь  жарлығы  шыққаннан  кейін 

«Арыз  айтасыз,  мәулет  сөйлейсің» 

деп Астрахан губернаторы Қ.-ты жер 

аударып еді. Қ. Самар губерниясынан 

еліне бостандық туғаннан кейін ғана 

қайтты». Кейін Алашорда үкіметінің 

ұлттық  кеңесіне  мүше  болады.  Ала-

шорда  үкіметі  таратылғанша  оның 

құрамында  болып,  халқына  адал 

қызмет етеді. Алаш Орда үкіметі жа-

рияланған  екінші  сиезде  автономия 

туралы  қазақ  зиялыларының  пікірі 

екіге  жарылғаны  белгілі.  Сонда  Қ. 

автономияны  жариялауды  жақтаған 

топтың ішінде болды. 



Құл-Мұхаммед 

Мұхтар 

Абрарұлы (1960 ж. ҚХР Шәуешек қ.) 

– мемлекеттік қайраткер, ғалым, заң 

ғылымдарының докторы, профессор. 

1982  ж.  ҚазҰУ-ді  бітірген.  1982-1992 

ж.  «Қазақ  энциклопедиясы»  бас  ре-

дакциясының  аға  ғылыми  редакто-

ры,  редакция  меңгерушісі,  жауапты 

хатшысы,  1992-1999  ж.  «Атамұра» 

корпорациясының  президенті,  1999-

2001  ж.  ҚР  Парламенті  Сенатының 

депутаты, 2001-2004 ж. ҚР Мәдениет, 

ақпарат және қоғамдық келісім мини-

стрі,  2004  ж.  ҚР  Президентінің  бас-

пасөз хатшысы және кеңесшісі, 2006-

2008 ж. Қызылорда обл.-ның әкімі, ҚР 

Мәдениет министрі. Қазір Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  кеңес-

шісі.  Ғылыми-зерттеу  еңбектерінің 

негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен 

құқығының  тарихы  мен  мәдениеті, 

руханият  пен  өркениет  мәселелері-

не  арналған.  ҚР  Мемлекеттік  сый-

лығының иегері. Қ. Алаш қайраткер-

лерінің  саяси-қоғамдық  көзқараста-

рының эволюциясы жөнінде көптеген 

ғылыми  еңбектер  жазған.  Ол  Алаш 

көсемдерінің  бірі  Ж.Ақбаевтың  сая-

си-қоғамдық еңбегіне арналған зерт-

теудің және «Алаш қайраткерлерінің 

саяси-құқықтық  көзқарастарының 

эволюциясы»  (1998)  және  «Алаш» 

бағдарламасы:  қиянат  пен  ақиқат» 

(2000) еңбектерінің авторы. Ол Алаш 

қайраткерлері  мұраларын  шығаруға 

және насихаттауға үлкен үлес қосты. 

Құнанбаев  Тұрағұл  Абайұлы 

(1876 ж. Шығыс Қазақстан обл. Абай 

ауд.  –  1934  ж.  Шымкент  қ.)  –  Алаш 

қайраткері,  жазушы,  аудармашы. 

Абайдың  екінші 

әйелі  Әйгерімнен 

туған  баласы.  Ол 

орыс  тілінен  көр-

кем  шығармалар 

аударған. Жасында 

ауыл  молдасынан 

оқып, сауат ашқан. 

Кейіннен  өздігінен  ізденіп  орысша, 

арабша оқып, білімін жетілдірген. Т. 



Алаш қозғалысы

286


бала жасынан әкесінің қолында тәр-

биеленген.  Сондықтан  да  Абайдың 

әрбір өлеңі қай кезде қалай жазылға-

нын  және  кімге  арналғанын  жақсы 

білген.  Ол  Кәкітай  Ысқақұлымен 

бірге 1909 ж. Абайдың тұңғыш өлең-

дер жинағын Петербургте бастырып 

шығарған. Сондай-ақ, 1927 ж. Қазақ 

АССР  білім  комиссариатына  тапсы-

рған толық қолжазба жинақ ғылыми 

құндылығы аса жоғары дерек көздері 

болып табылады. Тұрағұлдың соңғы 

аталған  еңбегі  бүгінде  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  Ор-

талық  музейінде  сақтаулы.  Т.-ның 

Абай  мұрасын  жинастырып  басты-

руда аса құнды мағлұматтар жазып, 

ақын  шығармаларының  текстологи-

ялық түпнұсқасын қалпына келтіру-

де  абайтану  ғылымына  қосқан  үлесі 

зор.  Ол  М.Әуезовке  «Әкем  туралы» 

деген көлемді естелік жазып берген. 

Ол  естеліктің  деректерін  М.Әуезов 

Абай  өмірбаянының  ғылыми  нұсқа-

сын  жасауда  және  «Абай  жолы»  ро-

ман-эпопеясын жазуда молынан пай-

даланған. Ол 1904 ж. Күшік-тобықты 

еліне  болыс  болып  сайланып,  1905 

ж.  өзінің  өтінішімен  болыстықтан 

босатылған.  1916  ж.  болыс  сайла-

уында Шыңғыс елінің болысы Біләл 

Құнанбаевқа  кандидат  болып  сай-

ланған. 1917-1920 ж. ол Семей өңірін-

дегі Алаш қозғалысына белсене ара-

ласып,  әртүрлі  жауапты  қызметтер 

атқарған.  Ол  алдымен  Семей  облы-

стық  қазақ  комитетіне,  содан  кей-

ін  «Алаш»  партиясының  облыстық 

комитетіне  Ә.Бөкейхан,  Ә.Ермеков, 

Х.Ғаббасов,  Р.Мәрсековтермен  бір-

ге  мүше  болып  сайланады.  Тұрағұл 

1917  жылдың  желтоқсан  айында  өт-

кен  Екінші  жалпықазақ  сиезіне  қа-

тысқан.  Қ.  1918  жылдың  6-9  қаңта-

рында Түркістан қаласында өткен қа-

зақ-қырғыздардың  Сырдария  облы-

стық сиезіне қатысады. Бұл сиезге ол 

орталық Алашорда атынан Б.Құлма-

нов,  М.Дулатовтармен  бірге  арнайы 

түрде келген болатын. Олардың келу 

мақсаты, «Бірлік туы» газетінің (1918 

жыл,  №20)  жазуынша:  «Сырдария 

қазақ-қырғыздарының  Алаш  авто-

номиясына  қосылуы  туралы  мәселе 

еді». Қ. Семейде жасақталған І Алаш 

полкін құруға атсалысқан. 



Құнанбай  мешіті  –  Қарқаралы 

қ.-ндағы  мешіт.  Құрылысы  1850  ж. 

басталып,  1851  ж.  салынып  біткен 

мешіт.  Мешіт  салу  жөнінде  1847  ж. 

әңгіме қозғалып, арасында Күшік-То-

бықты  баласы  Құнанбай  бар,  16  бо-

лыс  қол  қойған.  Аға  сұлтан,  майор 

Құсбек  Таукин  мөр  басқан  мешіт 

салу туралы акт дуанға тапсырылған. 

Онда құрылыс үшін халықтан қаржы 

жиналатыны  айтылды.  1849-52  ж. 

Қарқаралы  округіне  аға  сұлтан 

болған  Құнанбай  құрылыс  жүргізу 

ісін  өз  қолына  алып,  тыңғылықты 

аяқтағандықтан  –  мешіт  халық  ара-

сында  Құнанбай  мешіті  аталып  кет-

кен.  Кейінірек  мешіт  жанынан  ме-

дресе,  шәкірттер  үшін  жатақ,  мол-

далар  үйі  бой  көтереді.  Құнанбай 

мешіті Қарқаралы округіндегі ислам 

дінін  уағыздауға,  балалардың  қара 

танып, сауат ашуына көп қызмет ет-

кен. Мешітке кезінде Абай да барып 

тұрған.  Бұл  мешітте  көптеген  Алаш 

қайраткерлері болған. 

Құрманбайұлы 

Шерубай 

(27.11.1964,  Алматы  обл.  Райымбек 

ауд.)  –  филология  ғылымдарының 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

287


докторы  (1999),  профессор  (2001), 

ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі 

(2013).  1991  ж.  әл-Фараби  атындағы 

ҚазМУ-дың  филология  факуль-

тетін  бітірген.  1991-1996  ж.  ҚР  ҰҒА                

А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл 

білімі  институтының  кіші  ғылыми 

қызметкері, ғалым-хатшы. 1996-2001 

ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ка-

федра  меңгерушісі.  2001-2003  ж.  ҚР 

Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық 

келісім  министрлігінің  басқарма  ба-

стығы.  2003-2004  ж.  ҚР  Мәдениет 

министрлігі  Тілдерді  дамыту  депар-

таменті  директорының  орынбасары. 

2005-2006  ж.  ҚР  Мәдениет,  ақпарат 

және спорт министрлігі Тіл комитеті 

төрағасының орынбасары. 2006-2007 

ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық  университетінде  кафедра 

меңгерушісі.  2007  ж.  ҚР  Білім  және 

ғылым  министрінің  кеңесшісі,  2008 

ж.  ҚР  Президенті  Әкімшілігі  Бас-

шысының  кеңесшісі,  2009-2009  ж.  – 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат 

қоры  тіл  құрылымының  басшысы. 

2009-2011  ж.  ҚР  БҒМ  А.Байтұр-

сынұлы  атындағы  Тіл  білімі  ин-

ститутының  директоры.  2011-2014 

ж.  Мәдениет  және  ақпарат  мини-

стрлігі  Тіл  комитетінің  төрағасы, 

төрағының  орынбасары.  Қазіргі 

кезде  Қазақстан  Ұлттық  Банкінің 

Ұйымдастыру және бақылау депар-

таменті  директорының  орынбаса-

ры. «Алаш және терминтану» және 

т.б.  алаштануға  қатысты  еңбектер 

жазған.  Терминология  мәселелерін 

зерттеуге арналған 5 ғылыми моно-

графияның,  қазақ  тілін  орыс  тілді 

аудиторияларда  оқытуға  арналған 

қазақ  тілі  оқу  құралдарының,  бір-

неше  терминологиялық,  екі  тілді 

сөздіктердің  авторы.  22  кітап,  200-

ден астам мақала жариялаған. 

Құрылтай  жиналысы  –  Ақпан 

төңкерісінен  кейін  1917  ж.  Ресей-

де  сайлау  құқығы  негізінде  басқару 

түрі  мен  конституция  жасау  үшін 

ұйымдастырылған  құрылым.  Мұны 

сол  кездегі  саяси  ағымдар  мен  пар-

тиялардың  көпшілігі  қолдаған.  1917 

жылғы 14 маусымда Уақытша үкімет 

сайлау  осы  жылдың  14  қыркүйегін-

де  болады,  ал  Құрылтай  жиналысы 

30 қыркүйекте шақырылады деп ұй-

ғарғанымен 9 тамызда аталған үкімет 

А.Ф.Керенскийдің  төрағалығымен 

сайлауды 12 қарашаға, ал Құрылтай 

жиналысын  28  қарашаға  жылжыт-

ты. 12 қарашада Ресейдің басым ай-

мақтарында  сайлау  басталып,  кей-

бір  аймақтарда  ол  желтоқсан,  тіпті 

қаңтар айларында да жүргізілді. Қа-

зақ жерінің көп бөлігінде сайлау 12-

18 қарашада, Жетісу және Сырдария 

облыстарында  кешірек  жүргізілді.

Сайлау  кезінде  «Қазақ»  және  «Са-

рыарқа»  газеттері  белсенді  насихат 

жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, «Са-

рыарқа» газеті Семей облысы бойын-

ша ұсынылған депутаттардың тізімін 

үнемі  жариялап  тұрды.  Сайлаудың 

қорытындысы  бойынша  эсерлер-

мен,  меньшевиктермен,  казактармен 

және  тағы  да  басқа  саяси  ұйымдар-

мен  таласқа  түскен  Алаш  партиясы 

Қазақстанда дауыс берген халықтың 

басым  көпшілік  дауысын  иемденді. 

Атап  айтқанда,  Торғай  облысы  бой-

ынша,  Қостанай  уезінде  Алаш  –  72 

745 дауыс, эсерлер – 51 245, меньше-

виктер  –  3465;  Ырғыз  уезінде  Алаш 

– 55349, эсерлер – 181, меньшевиктер 


Алаш қозғалысы

288


–  1516;  Ақтөбе  уезінде  Алаш  28202, 

эсерлер  –  12114,  меньшевиктер  1736; 

Торғай  уезінде  Алаш  –  54978,  эсер-

лер  –  210,  меньшевиктер  –  41  дауыс 

алды.  Семей  облысының  осы  аттас 

уезінде:  Алаш  партиясы  үшін  59331 

сайлаушы  дауыс  берсе,  эсерлер  – 

3375, казактар (казак-орыстар) – 1910, 

ал қалған 10 партиялар мен ұйымдар 

небәрі 1300 дауыс алды. Орал облы-

сының Ілбішін уезінде: Алаш – 75544 

дауыс,  казактар  –  19571,  солшыл 

эсерлер – 1325, эсерлер – 125 дауысқа 

ие  болды.  Тек  Орал  қаласы  бойын-

ша ғана казактар 7248 дауыспен алға 

шықса, екінші орынды эсерлер (2737 

дауыс) алса, үшінші орынды иемден-

ген Алаш партиясы 976 дауыс алды. 

Ресейдегі  50-ге  жуық  партияның 

ішінен 10 - орынды иемденіп, жалпы 

Құрылтай жиналысынан 43 депутат-

тық  мандат  алды.  Ресей  бойынша 

40,4 пайызбен эсерлер бірінші орын-

ды,  екінші  орынды  24  пайыз  алған 

большевиктер  иемденді.  Бірақ  Ресей 

халқының  дауыс  беруге  қабілетті 

азаматтарының  50  пайызы  қатысқан 

бұл сайлаудың нәтижелерін больше-

виктер мойындамады. 

Құрылтайға  ұсынылған  депу-

таттар  –  Алаш  партиясы  атынан 

Бүкілресейлік  жиналысына  ұсы-

нылған  қазақ  депутаттары.  Ақпан 

төңкерісінен  кейін  Ресейдің  барлық 

аймақтарында  Құрылтай  жиналы-

сына  депутаттар  ұсыну  басталды. 

Құрылтай  жиналысының  Ресейдегі 

рөлін  түсіне  отырып,  Алаш  жетек-

шілері  Бірінші  жалпықазақ  сиезінде 

Құрылтай жиналысына дайындықты 

және  оған  депутаттар  сайлау  мәсе-

лесін  жеке  мәселе  ретінде  көтерді. 

Сиезде  Құрылтайға  қазақтан  депу-

таттар  ұсыну  мәселесі  қаралып,  осы 

сиездің қаулысымен Семей, Ақмола, 

Торғай,  Орал,  Сырдария,  Амудария, 

Жетісу,  Ферғана,  Самарқанд  облы-

старынан  және  Бөкей  ордасынан 

депутаттар  ұсынылды.  Облыстар 

бойынша  толық  тізім  1917  жылдың 

қазан  айында  «Қазақ»  газетінде  жа-

рияланды.  Олардың  ішінде  Алаш 

қозғалысының көсемдері, болашақта 

Алашорда  үкіметі  құрамына  енетін 

қайраткерлер болды.

Құтқожин  Сәтқали  (Сәтіға-

ли)  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы. 

Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тай-

пақ  ауд.-да  туған.  Қызы  академик 

Р.Сыздықтың  естелігінде:  «Халел-

ден әкеміз үш-төрт жас кіші болған» 

делінген.  Соған  қарағанда  шамасы 

1886-1987 ж. туған сияқты. Қарабау-

дағы орыс-қазақ училищесінде білім 

алған. Жас кезінде Орал қаласында, 

Қаратөбеде, Астрахань жағында жұ-

мыс  істеген.  Орынбордағы  мұғалім-

дер  мектебінде  оқыған.  Өзімен  бір 

мектепте оқыған Алаш қайраткері Х.  

Досмұхамедұлымен пікірлес, мүдде-

лес  болған.  1917-1920  ж.  Батыс  Ала-

шорда жұмыстарына қатысып, оның 

қайраткерлері  И.  Қашқынбаевпен, 

Ж.  Досмұхамедұлымен, Шынтас Қа-

ратаевпен,  Р.  Қаржаубаевпен  жақын 

араласқан. Батыс Алашорда тарихы-

на қатысты деректерде: «Кутгутшин 

Сатыгал  Г.Уил  Министр  Почто-Тел» 

деп  көрсетілгеніне  қарағанда,  Ала-

шорданың  осы  бөлімінің  байланыс, 

пошта  саласын  басқарған  болуы  ке-

рек.  1920-1930  ж.  Ақтөбе  обл.  бай-

ланыс,  пошта-телеграф  салаларын-

да  қызмет  істеген.  1933  ж.  бастап 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

289


Темір қаласында аудандық байланыс 

бөлімін басқарған. 1937 ж. тамызында 

тұтқындалып,  «Темір  ауданындағы 

контрреволюциялық-ұлтшыл,  тер-

рорист-көтерілісші,  шпиондық-ди-

версанттық  ұйымның  жетекшісі» 

деген  айыппен  қарашада  Ақтөбеде 

атылған. 



Қыдырәлі  дархан  Қуандықұлы 

(16.04.1974 ж. Оңтүстік Қазақстан обл. 

Түлкібас ауд.) - Түркияның Мармара 

(1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), 

Эгей  (1997-1998),  Ыстамбұл  (1998-

2001)  университеттерінде  оқыған. 

PhD, тарих ғылымдарының докторы. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт-

тық  университеті,  Стамбұл,  Мимар 

Синан  университеттерінің  профес-

соры.  М.  Шоқай,  Түркістан  идеясы, 

алаш  қайраткерлері,  қазақ  тарихы, 

түркі дүниесінің тұлғалары, түрколо-

гия мәселелері, әдебиет тарихы және 

руханият  тақырыптарында  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізген.  Ыстамбұл, 

Анкара, Қазан, Уфа, Орынбор, Баку, 

Ташкент,  Алматы,  Қоқан,  Самарқан, 

Бұхара,  Каир,  Париж,  Вашингтон 

сияқты  қ.-лардың  мұрағат  қорлары 

мен  ғылыми  кітапханаларында  жұ-

мыс  жасаған.  Түркі  халықтарынан 

шыққан ойшылдардың шығармалары 

мен  өлең-жырларын  қазақ  тіліне  ау-

дарған. Халықаралық іргелі ғылыми 

жобалар  мен  халықаралық  ғылыми 

конференцияларға  қатысып,  баянда-

малар  жасаған.  Ғылыми  монографи-

ялар мен танымдық жинақтардың ав-

торы. Көптеген ғылыми басылымдар 

мен  әдеби-танымдық  журналдардың 

редакция  алқаларына  мүше  ретінде 

енген.  Мерзімді  басылымдарда  300-

ге  тарта  ғылыми  және  танымдық 

мақалалары жарық көрген. Еңбектері 

Түркия, АҚШ, Голландия, Франция, 

Польша,  Чехия,  Қытай  және  Ресей 

елдерінде  жарияланған.  2001-2005 

ж.  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықара-

лық қазақ-түрік университетінде аға 

ғылыми  қызметкер,  ғалым-хатшы, 

кафедра  меңгерушісі,  аппарат  же-

текшісі,  жетекші  ғылыми  қызмет-

кер,  2003-2005  ж.  «Түркология»  ин-

ститутының  және  «Бауыржантану» 

ғылыми-зерттеу  орталығының  же-

текші ғылыми қызметкері, 2005-2006 

ж.  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университетінде  доцент,  аға 

ғылыми  қызметкер,  2006-2007  жыл-

дары  Қазақстан  Республикасы  Пре-

зиденттік мәдениет орталығында ди-

ректордың орынбасары, 2007-2008 ж. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінде  Министрдің 

кеңесшісі,  2008-2009  ж.  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Әкімшілі-

гінде  сарапшы,  сектор  меңгерушісі, 

2009-2012  ж.  Қазақстан  Республика-

сы Президенті Баспасөз хатшысының 

орынбасары болған. 2012-2014 ж. Түр-

кі кеңесі Бас хатшысының орынбаса-

ры. 2014 ж. Халықаралық Түркі Ака-

демиясының президенті. Ғылыми ең-

бектері:  «Мұстафа  Шоқай»  (Анкара, 

2001), «Тараз тарихы» (2005), «Мұста-

фа Шоқай» (2007), «Ұлық Түркістан» 

(2008),  «Атымды  адам  қойған  соң...» 

(2008), «Жерұйық» (2009), «Мұстафа» 

(2012).


Қызылжар  уезінің  мұғалімдер 

сиезі.  1917  ж.  мамыр  айында  өткен 

бұл сиезде ана тілінде оқу, орыс тілін 

үш  ж.  кейін  оқыту,  мектептерді  ал-

тыжылдық  ету,  мұғалімдер  дайын-

дау үшін курстар мен семинариялар 


Алаш қозғалысы

290


ашу,  мектептерді  үкімет  тарапынан 

қаржыландыру сияқты мәселелер қа-

растырылды.

  «Қырғыздар  және  ұлт-азаттық 

қозғалысы»  –  М.  Тынышпаевтың 

1905  ж.  19  қарашада  Санкт-Петер-

бургте  автономшылдар  сиезінде  жа-

саған баяндамасы. Бұл баяндама қа-

зақтардың ішінен Ресей астанасында 

халықтың тағдыры туралы жасалған 

ең  алғашқы  баяндамалардың  бірі. 

Баяндамашы  сөз  басында  қазақ  да-

ласының  мәдени,  әлеуметтік-саяси, 

қоғамдық-экономикалық  жағдайы-

ның  ерекше  екендігін  айтып,  ресей-

лік  биліктің  соған  орай  бейімделуін 

жеткізеді.  Т.  қазақ-орыс  қатынаста-

рының  1730  ж.  бергі  байланыстары-

на шолу жасап, орыс билігінің жыл-

дан  жылға  қазақ  жерінде  өз  билігін 

күшейте  әрі  қатайта  бастағанын 

сынайды.  Соның  салдарынан  отар-

шыл биліктің қазақтарға «адам емес, 

әйтеуір  бір  зиянды  тіршілік  иелері» 

ретінде  қарайтындығын,  соның  сал-

дарынан  қазақтардың  құқығы  бар-

лық жерде, барлық жағынан өрескел 

бұзылып  жатқанын  айтады.  Мешіт-

тер  мен  медреселердің  жабылуы, 

қазақ халқын басқа дінге кіргізу әре-

кеттерінің  күшейгендігі,  қазақтарды 

жөн-жосықсыз жазалау әрекеттерінің 

көбейгені,  қазақтар  үшін  ең  маңыз-

ды жер мәселесінің ушықтырылғаны 

баяндалады. Сондықтан қазақтар та-

рапынан  билікке  құзырхаттар  жол-

данғаны да айтылады. 

«Қырық  мысал»  жинағы  –  А. 

Байтұрсынұлының 1909 ж. Петербор 

қ.-нда жарық көрген кітабы. Кітапқа 

орыс  мысалшысы  И.  Крыловтан  қа-

зақ  тіліне  аударылған  мысалдар  ен-

ген. Осы мысалдар арқылы автор сол 

кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік, 

қоғамдық  мәселелерін  сатиралық 

мазмұнда  аңғартқан.  Бұл  кітап  ХХ 

ғ.басындағы  қазақ  қоғамына  да,  ұлт 

әдебиетіне  де  айрықша  ықпал  еткен 

еңбек болды. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

291


Л


1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал