Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет4/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Ақмешіт уездік жиылысы – 1917 

ж. наурызында өткізілген сиез. Сиез-

ге  Алаш  қайраткерлері  С.  Лапин,  Е. 

Табынбаевтар қатысып, сөз сөйлеген. 

Сиезде қазақ ұйымдарын құру мәсе-

лесі  қалыптасқан  жағдайды  талқы-

лау мәселелері айтылды. 

  «Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал 

және  Торғай  облыстарын  басқару 

жайлы Ереже» - Бұл қазақ қоғамына 

әкімшілік  сот  реформасын  енгізуге 

бағытталған заң актісі. Құжатқа 1891 

ж.  25  наурызда  император  ІІІ  Алек-

сандр қол қойған. Ережеге сай Орын-

бор  және  Батыс  Сібір  генерал-гу-

бернаторлығының  орнына  Дала 

генерал-губернаторлығы  құрылып, 

Омбы қаласы оның орталығы болып 

бекітілді. Құрамына Ақмола, Семей, 

Орал,  Торғай,  Жетісу  облыстары 

кірді.  Генерал-губернаторға  шексіз 

билік берілді. Басқарма мүшелерінің 

жергілікті  халықтан  сайлануы  қағаз 

жүзінде болды. Патша әкімшілігінің 

жоғары лауазымдағылары болыс пен 

старшындарды  сайлаусыз-ақ  тағай-

ындай  алатын,  ал  сайланған  болы-

сты  әскери  губернатор  бекітетін. 

Әскери  губернатор  жаңа  сайлау  өт-

кізуге  құқылы  болды.  Жер  иелену 

нормалары өзгеріске ұшырады. Пат-

ша  өкіметі  қазақ  жерін  Ресей  мем-

лекетінің  меншігі  деп  жариялады. 

Қазақ  ауылдарында  дәстүрлі  жер 

бөлінісі  нормалары  аздаған  шекте-

улер  қойылғанмен,  бұрынғысынша 

сақталды. Патша өкіметі Қазақстанға 

орыс губернияларынан көшіп келген 

қазақ  әскері  мен  орыс  шаруалары 

үшін  арнайы  жер  иеленуі  тәртібін 

енгізді.  Өлкенің  тұтас  халқына  ор-

тақ  сот  билігін  жүргізген  импери-

ялық  соттар  құрылды,  ал  жергілік-

ті  мұсылман  жұртшылыққа  қаты-

сты  істерді  халық  соттары  қарады. 

Империялық  соттарға  заң  жүзінде 

басымдық  берілді.  Қазақстанның 

әкімшілік-аймақтық  құрылымы  мен 

әлеуметтік  экономикалық  өмірінде-

гі империялық реформалар жаңа са-

лық жүйесін қабылдауға мәжбүрледі. 

Салық  төлеушілердің  басым  бөлі-

гін  қазақ  шаруалары  құрады.  Ереже 

жергілікті  халық  құқығы  мен  мүд-

десін  қорғамады.  Патша  өкіметінің 

жер  саясаты  құнарлы  жерлерді  ба-

сып  алуды  көздеді,  бұл  мал  шару-

ашылығымен  айналысқан  көшпелі 

халықты  өрісін  тарылтып,  қыстауы 

мен  жайлауынан  айырды.  Екінші 

жағынан  қазақ  жерінде  егін  шару-

ашылығының  дамуына  кедергі  кел-

тірілді. Келімсектерді қолдау күшей-

іп, олардың саны арта берді. 1891 ж. 

«Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және 

Торғай  облыстарын  басқару  жайлы 

ереже» патшалықтың Қазақстандағы 

саяси  үстемдігін  арттырудың  заңды 

негізін  қалап,  отарлық  қанауды  кү-

шейтуге бағытталды.

Ақмола,  Жетісу,  Семей,  Орал 

және  Торғай  облысы  қазақтары 

өкілдерінің кеңесі – Ресей патшасы-

ның бұратана (қазақ, өзбек, қырғыз, 

т.б.)  халықтардың  19-43  жастағы 

азаматтарын  майдан  тылының  қара 

жұмысына  алу  туралы  жарлығынан 

(25.06.1916ж.)  туындаған  мәселе-

лерді  талқылаған  кеңес.  «Қазақ» 


Алаш қозғалысы

26

газетіне  топтасқан  зиялылардың 



бастамасымен  1916  ж.  7  тамызда, 

Орынборда  шақырылды.  Стихиялы 

түрде бастаған қарсылық әрекеттер-

ге  көзқарасты  айқындап,  қантөгісті 

болдырмау  үшін  ел  ішіндегі  жағдай 

жалпықазақтық  жиында  талқыла-

нуы қажет деп есептеген Ә.Бөкейхан, 

шілдеде Кеңес өткізуді сұрап, Торғай 

ген.-губернаторына  жеделхат  жол-

дады.  Кеңес  Бөкейханның  төраға-

лығымен  (хатшылары  М.Дулатов, 

О.Алмасов) өтті. Кеңеске қатысушы-

лар  патша  жарлығының  алдын  ала 

жарияланбай,  тосыннан  берілгенін, 

оған халықтың дайын еместігін, жер-

гілікті әкімдердің қиянатын атап көр-

сетті. Әр елге шыққан әскерді қайта-

ру, халық өкілдерінің кеңесін өткізіп, 

мән-жайды  түсіндіріп,  қазақ  жігіт-

терін  қара  жұмысқа  жіберуді  мүм-

кіндігінше  кешеуілдету,  бұған  дейін 

алынғандар  мен  олардың  отбасы-

ларына  мемлекет  тарапынан  жеңіл-

діктер  жасау  жолдарын  қарастыру 

қажет деп шешті. Ресей үкіметіне 17 

тармаққа  негізделген  талап-тілек-

терін ұсынды.

Ақмола көтерілісі – қазақ халқы-

ның  1916  ж.  Ресей  отаршылдығына 

қарсы  ұлт-азаттық  қозғалысының 

құрамдас  бөлігі.  Ақмола  өңіріндегі 

Қорғалжын, Қарабұлақ, Қоржынкөл, 

Ереймен,  Сілеті  болыстарында  қа-

рулы  жасақтар  ұйымдастырылды. 

Көтерілісшілерге  кәсіпорындардың 

қазақ жұмысшылары қосылды. Қыр-

күйек – қазан айларында Қорғалжын 

өңірлерінде,  Ерейментауда,  Ұлытау-

да жалпы саны 40 мыңнан астам кө-

терілісшілер шоғырланды. Қазан-қа-

раша  айларында  қазақ  жасақтары 

мен  империяның  әскери  бөлімдері 

арасында  бірнеше  ауыр  шайқастар 

болып  өтті.  Орыс  зеңбіректері  мен 

пулеметтеріне  қарсы  ашық  айқаста 

төтеп  бере  алмайтынына  көзі  жет-

кен көтерілісшілер шағын топтармен 

үкімет  әскерлеріне  тұтқиылдан  ша-

буыл  жасау  тәсілін  қолданды.  Мұн-

дай тәсілмен олар жауларын титықта-

тып, жеткілікті қару-жарақ жинаған-

ша уақыт ұтуға тырысты. Көтеріліс-

шілердің негізгі күшін ашық айқасқа 

тарта  алмаған  жазалаушылар  тобы 

бейбіт  елді  қырғынға  ұшыратты, 

мал-мүлкін  талады,  ауылдарды  өр-

теді. Көтерілісшілер мен жазалаушы-

лар арасындағы ірілі-ұсақты ұрыстар 

1917 ж. ақпанына дейін созылды. Ақ-

молалық көтерілісшілердің бір бөлігі 

Торғайдағы Әбдіғаппар – Амангелді 

әскеріне келіп қосылды. 

Ақмола  облысы  –  Батыс  Сібір 

(Дала)  генерал-губернаторлығының 

құрамындағы  облыс  (1868.10.21). 

Оған  Көкшетау,  Атбасар,  Ақмола  у. 

мен  Сібір  қазақ  Петропавл  қалала-

рындағы  Сібір  қазақ  әскерлерінің 

1-6-полк  округтарының  біраз  жер 

иеліктері қосылды. Орталығы Омбы 

қ.  болды.  1869  ж.  1  қаңтарда  об-

лыс  әкімш.  жағынан  біржолата  қа-

лыптасты.  Оның  құрамында  5  уезд 

(Омбы,  Петропавл,  Көкшетау,  Са-

рысу  (1882  ж.  18  мамырда  бұрынғы 

Батыс  Сібір  ген.-губернаторлығы-

ның орнына құрылған Дала ген.-гу-

бернаторлығының  құрамына  енді. 

Облыс халқы 1887 ж. – 375370, 1897 

ж. – 682608. Негізгі тұрғындары – қа-

зақтар (570 238 адам) болды. Келім-

сектердің  жалпы  саны  1896-1914  ж. 

1118700-ге жетті. 1916 ж. қарай облыс 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

27

тұрғындарының  арасындағы  оры-



стардың  саны  1  млн-ға  жетті.  Мұн-

да  Тайыншакөл  (Көкшетау)  маңы, 

Ақмола,  Атбасар  (Знаменский), 

Көкшетау  (Покров),  Александровск 

(Арық-Балық  ст.),  Петропавл  (Атба-

сар  у.)  сияқты  ірі  жәрмеңкелер  және 

ұсақ жәрмеңкелер болған. 1917 жылға 

қарай облыста 100-ге жуық жәрмең-

ке,  50-ге  тарта  сауда  орындары  жұ-

мыс  істеді.  А.  о-нда  Ақмола,  Баяна-

уыл, Қарқаралы, Көкшетау у-нде кен 

өндіру өнеркәсібі шоғырланды. А. о. 

Ресейді тұзбен қамтамасыз етуші не-

гізгі аймақтардың бірі болды.



Ақмола  облысы  қазақтарының 

Құрылтайы – 1917 ж. қазан айында 

өткізілген  Құрылтай.  Омбы  қала-

сында  өткен  бұл  Құрылтайдың  күн 

тәртібіндегі  бірден-бір  басты  мәселе 

«Алаш»  партиясының  бөлімін  құру 

еді.  Құрылтайға  100-ге  жуық  адам 

қатысқан. Тарихи деректерде бұл Қ.-

ға  Ә.Бөкейханның  қатысқаны  айты-

лады.  «Алаш»  партиясының  облы-

стық комитетін құру жөнінде қаулы 

қабылданып,  оның  төрағалығына 

А.Сейітов сайланды. 



Ақмола  облыстық  Алаш  коми-

теті – 1917 ж. қазан-желтоқсанда Қа-

зақстанның  бірқатар  облыстарында 

«Алаш»  партиясының  комитеттері 

құрыла  бастады.  Мәселен,  1917  ж. 

сондай комитет Омбыда өткен қазақ 

сиезінде  Ақмола  облысында  ашыл-

ды.  Облыстық  комитеттің  төрағасы 

болып Айдархан Тұрлыбаев сайлан-

ды, мүшелері Асылбек Сейітов, Мағ-

жан  Жұмабаев,  Қазы  Тұрсынов,  Ер-

мұхамед  Тоқбаев,  Төребай  Нұралин, 

Сәдуақас  Жантасов,  Ерқосай  Мұқы-

шев, Байсейіт Әділов. 

Ақмола  облыстық  қазақ  ко-

митеті – 1917 ж. 25 сәуірі мен 7 ма-

мыр  аралығында  өткізілген  Ақмола 

облыстық  қазақ  сиезінде  құрылған 

комитет.  Бұл  комитеттің  төрағасы 

болып  Айдархан  Тұрлыбаев,  орын-

басарлығына  Сейілбек  Жанайдаров 

пен Асылбек Сейітов, ал мүшелігіне 

Қозы  Торсанов,  Ермұхамет  Тоқбаев, 

Төлебай  Нұралин,  Сәдуақас  Жанта-

сов, Ерқосай Мұқышев, Мағжан Жұ-

мабаев, Байсейіт Әділовтер сайлана-

ды.  Комитет  мүшелері  Бірінші  жал-

пықазақ сиезін ұйымдастыруға және 

осы сиезден кейін «Алаш» партиясы-

ның  жергілікті  ұйымдарын  құруға, 

ұлт-азаттық  қозғалыстың  мақсаты 

мен  бағыттарын  жалпы  халыққа 

түсіндіруде  айтарлықтай  жұмыстар 

атқарады.  Екінші  жалпықазақ  сиезі-

нен  кейін  бұл  комитет  өңірде  Ала-

шорда үкіметінің саясатын жүргізуге 

атсалысты. Сондай-ақ, бұл облыстық 

комитет  өңірдегі  белсенді  жастарды 

ұлттық мүдде жолына ұйыстыра біл-

ді. 

Ақмола  облыстық  қазақ  сиез-

дері – Бірінші сиез 1917 ж. 25 сәуірі 

мен 7 мамыры аралығында Омбы қа-

ласында өтті. Сиез төрағасына А.Тұр-

лыбаев,  төраға  орынбасарларына 

Е.Итбаев  пен  М.Дулатов  сайланды. 

Сиездің күн тәртібіндегі негізгі мәсе-

лелер: білім беру; әйел мәселесі; сот; 

земство; баспасөз; азық-түлік; уақыт-

ша атқару комитеттерін құру т.б. Ақ-

мола обл. қазақтарының сиезі мазмұ-

ны  жағынан  Торғай  сиезіне  жақын 

қаулы-қарарлар  қабылдады.  Сиездің 

соңғы  мәжілісінде  Ақмола  облы-

стық  қазақ  комитеті  құрылды,  оған 

төрағалыққа  Айдархан  Тұрлыбаев, 


Алаш қозғалысы

28

орынбасарлыққа  Сейілбек  Жанай-



даров,  Асылбек  Сейітов,  мүшелікке 

тағы  жеті  адам  бекітілді.  Олардың 

арасында Мағжан Жұмабаев, Байсей-

іт Әділов сияқты белсенді жастар да 

бар  еді.  Ақмола  обл.  қазақтарының 

екінші сиезі қыркүйек айында өтті. 



Ақпан төңкерісі – 1917 ж. 27 ақпан-

да  (12  наурыз)  Ресей  империясында 

патша өкіметін құлатып, елде буржу-

азиялық-демократиялық  республика 

орнатқан  төңкеріс.  Төңкеріс  нәти-

жесінде ресми билікті қолына алған 

Мемлекеттік  думаның  шешімімен 

Уақытша  үкімет  құрылды.  А.т. 

жеңісінің  ең  маңызды  нәтижесі  – 

елде саяси бостандықтар орын алып, 

бүкіл  қоғамдық  өмірдің  демократи-

ялануы  болды.  Бүкіл  аймақта  сая-

си  бостандықтар  (сөз,  баспасөз,  т.б.) 

жүзеге  асырыла  бастады,  партиялар 

мен  басқа  да  саяси  ұйымдар  құруға 

рұқсат етілді. Алайда А.т. қоғамдық 

өмірдің барлық мәселелерін, мысалы 

соғыс  және  жер  мәселелерін  шеше 

алған жоқ. Жаңа үкімет органдарын 

құру ұзаққа созылды. Жер-жерлерде 

Уақытша  үкіметтің  органдарымен 

қатар,  орталықта  Петроград  кеңесі 

басқарған  Жұмысшы,  солдат  және 

шаруалар  кеңестері  құрылды.  Осы-

лайша,  елде  қосүкіметтілік  (ресми 

Уақытша үкімет және Кеңестер) жүй-

есі қатар орын алды. Уақытша үкімет 

Қазақстанда  кадеттерден,  эсерлер-

ден  және  өзінің  саяси  бағытын  жү-

зеге  асыруға  сенімді  деп  табылған 

қазақтың  зиялыларынан  өлкелік, 

облыстық  және  уез  комиссарларын 

тағайындады.  Мысалы,  Ә.Бөкейхан 

Уақытша үкіметтің Торғай облысын-

дағы,  М.Тынышпаев  Жетісу  облы-

сындағы комиссарлары болып тағай-

ындалды.  Қазақстанның  уез,  облыс 

орталықтарында  Уақытша  үкімет-

тің  жергілікті  органдары  қалыпта-

сты. Олар, негізінен, жергілікті орыс 

буржуазиясының, 

кәсіпкерлердің 

өкілдерінен  құралып,  кадеттердің, 

эсерлердің  және  соларға  жақын  са-

яси  партиялар  мен  қозғалыстардың 

мүшелері  болды.  Уақытша  үкімет-

тің  өлкедегі  ұлттық  тірегі  1917  ж. 

наурыз  айынан  құрыла  бастаған 

қазақ  және  мұсылман  комитеттері 

болды. Олар, негізінен, сол ж. шілде 

айында қазақтың ұлттық Алаш пар-

тиясын  ұйымдастырған  Ә.Бөкейхан 

басқарған  зиялылардың  жетекшілі-

гімен құрылған болатын. Қосүкімет-

тіліктің  дүниеге  келуі  елдің  қоғам-

дық-саяси  өмірінің  тұрақсыз  екенін 

көрсетті. Барлық билік не Уақытша 

үкіметтің,  болмаса  Кеңестердің  қо-

лына  көшу  тиіс  еді.  Ақырында,  са-

яси  тұрақсыздық  Қазан  төңкерісіне 

ұласып,  Уақытша  үкімет  биліктен 

тайдырылды.



Ақынбеков  Еркінбек  –  Алаш 

қозғалысына  қатысушы.  Ол  1863 

ж.  қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  обл., 

Түркістан  ауд.,  Құшата  а.-да  туған. 

Ақын,  ауыз  әдебиеті  нұсқауларын 

жинаушы.  1893  ж.  Түркістандағы 

төрт  кластық  орыс  мектебін  бітір-

ген.  Ферғана,  Әулиеата,  Шым-

кент  уездері  басқармаларында  тіл-

маш  болған.  Түркістан  уезі  атқа-

ру  комитетінде  әкімшілік  жұмыс 

атқарған.  Қысқа  арнау,  сықақ,  на-

сихат  өлең-жырлар  шығарған,  қис-

са-дастандар,  толғау-термелер  жы-

рлаған.  Қазақ  халқының  эпостық 

жырларын  жинаумен  шұғылданған. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

29

Ә.Диваев  Ақынбековтың  айтуы 



бойынша  «Алпамыс»,  «Бекет  ата» 

дастандарын жазып алып, 1897, 1916, 

1922 ж. жариялаған.

Алаш  автономиясы  –  Екінші 

жалпықазақ  сиезінде  жарияланған 

мемлекеттік құрылым. Бұл іс жүзін-

де  қазақ  хандығы  дәуірінен  кейін-

гі  қазақ  мемлекеттілігінің  нақты 

көрінісі  болатын.  Аталған  сиезде 

Х.Ғаббасұлы  комиссия  атынан  ба-

яндама  жасап,  онда  қалыптасқан 

жағдайды  ескеріп  қазақты  басқа-

ратын  үкімет  керектігін  баяндады. 

М.Шоқайұлы  баяндамасында  А.а. 

жарияланса  Түркістан  аймағы  қа-

зақтарының  қосылатындығын  біл-

дірді. Х. Ғаббасұлы баяндамасы не-

гізінде сиез автономия құру туралы 

қаулы қабылдады. Бұл қаулыда: «1) 

Бөкей  елі,  Орал,  Торғай,  Ақмола, 

Семей, Жетісу, Сырдария облыстары 

Ферғана,  Самарқанд  облыстарын-

дағы  һәм  Амудария  бөлімдеріндегі 

қазақ уездер Закаспий облысындағы 

һәм Алтай губерниясындағы іргелес 

облыстардың  жері  бірыңғай,  іргелі 

халқы  қазақ-қырғыз  қаны,  тұрмы-

сы, тілі бір болғандықтан өз алдына 

ұлттық, жерлі автономия құруға. 2) 

Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» 

деп аталсын. 3) Алаш автономиясы-

ның жер үстіндегі түгі, суы, астын-

дағы  кені  Алаш  мүлкі  болсын.  4) 

Алаш  автономиясының  низамын 

Бүкілресейлік  Учредительное  со-

брание  бекітеді.  5)  Қазақ-қырғыз 

арасында  тұрған  аз  халықтардың 

құқықтары  теңгеріледі»  делініп  та-

рихи  шешім  қабылданды.  Алаш 

қайраткерлерінің  А.а.  құрудағы 

негізгі  мақсаты  қазақтың  ұлттық 

мемлекетін  қалыптастыру  болатын. 

Сондықтан  да  автономия  құрылған 

шақта  барша  қазақ  баласы  қуанды. 

Оны  «Қазақ»,  «Сарыарқа»  газет-

терінің сол кездегі сандарынан оқи-

мыз. А.а. жарияланғаны туралы «Са-

рыарқа» газетінде Әлімхан Ермеков: 

«Декабрьдің 12-сі күні түс ауа сағат 



3-те  дүниеге  Алаш  автономиясы 

келіп,  азан  шақырылып,  ат  қойыл-

ды.  Алты  алаштың  баласының 

басына  ақ  орда  тігіліп,  алаш  туы 

көтерілді.  Үлкен  ауылдарға  қоңсы 

қонып, шашылып жүрген қазақ-қы-

рғыз жұрты өз алдына ауыл болды; 

отансыз жұрт отанды болды» деп 

жазды.  Аталған  тарихи  қаулы  қа-

былданған соң сиезге қатысушылар 

Уақытша  Ұлт  Кеңесінің,  яғни  Ала-

шорда  үкіметінің  төрағасын,  мүше-

лерін сайлады. Автономия астанасы 

болып  сиез  қаулысына  орай  Семей 

қаласының Заречная слободка бөлі-

гі белгіленіп, оның аты «Алаш» қа-

ласы  болып  өзгертілді.  Алашорда 

төрағасы Ә. Бөкейхан автономияның 

жұмысқа  кіріскендігі  туралы  жан-

жаққа  өзінің  жеделхатын  жолдады. 

Осы тарихи Екінші жалпықазақ си-

езінде  жарияланған  Алаш  автоно-

миясы  отарланған  қазақ  елінің  өз 

мемлекетін  құруға  деген  саяси  аса 

маңызды қадамы болатын. Сонымен 

бірге автономия 1905 ж. басталатын 

Алаш  қозғалысы  қайраткерлері  та-

рихи күресінің жемісі мен жеңісі еді. 

Алаш автономиясы территория-

сында уақытша жер пайдалану ту-

ралы қаулы – Алашорда үкіметінің 

1918 ж. 11-24 маусымында шыққан қа-

улысы. Алаш автономиясы аумағын-

да жер пайдалану туралы бұл қаулыда 



Алаш қозғалысы

30

уақытша ережелер бекітілген. 11 тар-



мақтан  тұратын  ережеде:  автономия 

аумағында  жерге  деген  жекеменшік 

институтының  жойылғандығы,  жер 

қойнауын, суды пайдалануды реттеу, 

қазақ және орыстар арасындағы жер 

дауы т.с.с. мәселелер бекітілген. Қау-

лыға Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхан, 

мүшелері М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов 

қол қойған.

Алаш  автономиясының  жерін-

де  жер  пайдалану  туралы  уақыт-

ша Ереже – 1918 ж. 11 маусымында 

Алашорда үкіметінің мәжілісінде қа-

былданған ереже. Бұл Ереже бойын-

ша  бұдан  былай  Алаш  автономиясы 

аумағында жер мүлік ретінде бөлін-

бейді;  жердің  кеңін,  суын,  балығын 

пайдалануға  рұқсатты  Алашорда 

береді;  қазақ  пен  орыс  арасындағы 

жерге байланысты дауларды земство 

шешеді;  бұрын  ақсүйектерге,  шірке-

улерге,  саудагер-кәсіпшілерге  беріл-

ген  жерлер  халыққа  қайтарылады 

және т.б. мәселелер айқындалған. 

«Алаш  ақиықтары»    Алаш  қа-

ламгерлерінің  еңбектері  енгізілген 

жинақ.  2006  ж.  «Алаш»  баспасынан 

жарық  көрген,  көлемі  18  б.т.  Құра-

стырған  және  алғы  сөзін  жазған 

Т.Жұртбай. Жинаққа «Алқа» бағдар-

ламасы  1920  ж.  әдеби  айтыстағы 

Ж.Аймауытовтың  А.Байтасов  пен 

Д.Ысқақовтың, 

Ы.Мұстанбайұлы-

ның,  С.Сәдуақасовтың  мақалалары 

және  А.Байтұрсынұлы,  М.Тұрған-

байұлы,  Т.Құнанбаевтың  мақалала-

ры мен аудармалары енгізілген. 



«Алаш  «Алаш»  болғанда»  –  Ға-

лым  Ахметовтың  кітабы.  1996  ж. 

«Жалын»  баспасынан  жарық  көр-

ген,  көлемі  11,7  б.т.  Алаш  қозғалы-

сы  тарихынан  мол  мәлімет  беретін 

тәуелсіздік  тұсындағы  алғашқы  ең-

бектердің  бірі.  Кітаптағы  «Ұлттық 

ұлы  бұлқыныс»,  «Ахаңның  өмір 

кезеңдерінен»,  «Қилы,  қилы  заман 

болды»,  «Түркістандағы  ұлт-азат-

тық  күресі»,  «Ертеде  оқыған  қазақ 

жастары»,  «Ғалия»  медресесі»,  «Ру-

сия Думасындағы қазақ депутаттар» 

сияқты еңбектерде Алаш қозғалысы, 

Алаш қайраткерлері жайынан маңыз-

ды деректер айтылады. 



«Алаш арыстары – Мұхтар Әу-

езов» мұражайы – Абайдың мемле-

кеттік тарихи-мәдени және әдеби-ме-

мориалдық 

қорық-мұражайының 

бөлімі. 1997 ж. 23 қыркүйекте Әуезо-

втің 100 ж. - дық мерейтойына орай 

Семей  қаласында  ашылған.  Мұра-

жай  экспозициясы  Әсет  Найманбай-

ұлы  көшесіндегі  Әнияр  Молдаба-

евтың  үйінде  орналасқан.Бұл  үйге 

кезінде  Абай,  Тұрағұл,  Кәкітайлар 

түскен,  Алаш  қозғалысы  тұсында 

және  1920  ж.  -  дары  Ә.Бөкейхан,  М.

Дулатов  отбасыларымен,  сонымен 

бірге  мұнда  М.Әуезов,  Ж.Аймауы-

товтар  да  тұрған.  Мұражайдың  4 

экспозициялық  бөлімінде  М.Әуезов-

тың  шығармашылық  өмірінің  1908-

1925  ж.  -  дағы  кезеңі  көрсетілген. 

Мұрағат  деректері,  фотосуреттер, 

сирек  кездесетін  кітаптар,  афиша-

лар,  бейнелеу  өнерінің  туындыла-

ры  Әуезовтің  алғашқы  жазушылық, 

журналистикалық,  педагогикалық, 

қоғамдық  саладағы  еңбектерімен 

таныстырады.  Бір  бөлім  Алаш  ары-

стары  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов,  С.Торайғыров,  Ж.Айма-

уытов,  Ш.Құдайбердиев,  М.Тыныш-

баев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасовтарға т.б. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

31

арналған.  Мұрағат  деректері  1918  ж. 



Семейде орналасқан алғашқы ұлттық 

мемлекет  –  Алаш  автономиясының 

тарихымен таныстырады. 

Алаш әдебиеті – қозғалыс кезеңін-

де туған әдебиет. Ұлт-азаттық қозға-

лыстың  өрістеуіне  ақын-жазушы-

лардың қаламгерлік те, қайраткерлік 

те  үлестері  айрықша  болды.  Тіпті 

олкездегі  ақын  -  жазушылар,  қай-

раткерлермен  бірге  осы  ұлт  азаттық 

қозғалысының негізгі қозғаушы күші 

болды. Алаш қозғалысы дәуірі – ұлт-

тық  жазба  әдебиетінің  тарихындағы 

ерекше жылдар. Қазақтың жазба әде-

биетінің  өмірге  келуінің  бастапқы 

кезеңі  Абай  заманымен  байланысты 

болғанымен, оның жан-жақты өрісте-

уі  ХХ  ғ.  алғашқы  онжылдықтарына 

келеді. ХІХ ғ. екінші жартысындағы 

жазба  әдебиетке  Ыбырай  Алтынса-

рин,  Абай,  Шәкәрім,  Мәшһүр-Жүсіп 

Көпейұлы, Нарманбет Орманбетұлы 

т.б.  кейбір  жекеленген  әдебиет  өкіл-

дерінің  шығармашылығы  мысал 

бола  алса,  келесі  ғасырдың  басында 

жазба  әдебиет  өкілдерінің  саны  есе-

леп  артты.  Жазба  әдебиеттің  жарық 

көретін қалыптары – баспасөз, кітап 

басу  ісінің  дамуы  жазба  әдебиетті 

өркендете түсті. Ендігі жерде әдеби-

ет  оқырманға  арнала  бастады.  «Ай-

қап»  журналы, «Қазақ» т.б. газеттер 

көркем  ойды  мыңдаған  оқырманға 

жеткізушіге  айналды.  Көркем  проза, 

драма,  әдеби  сын  жанрдың  алғашқы 

үлгілері  туып  қалыптасуы  ұлттық 

жазба әдебиетінің жаңа сапалық дең-

гейге  көтерілгенін  аңғартты.  Бұл 

бағытта Алаш қайраткері М. Дулато-

втың  «Бақытсыз  Жамал»  туындысы 

тұңғыш роман болса, Алаш қозғалы-

сы өкілдері Б. Серкебаевтың, Ж. Ай-

мауытовтың, М. Әуезовтің, Қ. Кемең-

герұлының  драмалық  туындылары 

осы жанрдың алғашқы үлгілері болға-




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал