Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет39/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69

Қойлық уездік мұсылмандар си-

езі 1918 ж. қаңтарында болды. Сиез-

де Түркістан автономиясына қосылу, 

милиция  жасақтау,  азық-түлікпен 

қамтамасыз  ету  т.б.  мәселелер  кө-

терілді. Сиезі Ә.Көтібаров басқарып, 

автономия туралы баяндама жасады. 



Қойшыбаев Бейбіт (1945 ж. Жам-

был  обл.  Сарысу  ауд.  Байқадам  а.) 



–  жазушы,  тарих  ғылымдарының 

кандидаты.  дүниеге  келген.  «Қа-

зақстан  пионері,  «Социалистік  Қа-

зақстан»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Әдеби 

қор»,  «Zaman  –  Қазақстан»,  «Діл», 

«Тарих  және  саясат»  газеттері  мен 

«Білім  және  еңбек»,  «Денсаулық», 

«Тіршілік» журналдарында жауапты 

қызметтер  атқарған.  «Заңгер»  жур-

налының жауапты редакторы. Бұған 

қоса,  Қазақстан  Жазушылар  одағы 

басқармасының хатшысы, Қазақстан 

әдеби қоры басқармасының төрағасы, 

ҚР Экономика және сауда министрлі-

гі Автор құқықтарын қорғау агентті-

гі бас басқармасының бастығы, әлеу-

меттік және гуманитарлық ғылымдар 

орталығының  басшысы.  «Киелі 

мұра», «Алтын діңгек», «Біз табысар 

қиырлар» т.б. прозалық кітаптардың 

авторы.  Ол  Алаш  қозғалысына  қа-

тысты  «Жазықсыз  жапа  шеккендер» 

және  қозғалыстың  жетекшісі  Ә.Бө-

кейханға және Б.Қаратаевқа арналған 

еңбектердің авторы.

Қоқан  автономиясы    жалпы 

мұндай автономия тарихта болмаған. 

Тарихи  аталу  жөні  –  Қоқан  қ.-н-

да  жарияланған  Түркістан  автоно-

миясы  немесе  түрік-мұсылманша 

ныспысы – Түркістан мұхтарияты. 



Қостанай  уезі,  Николаевск  уезі  – 

патшалық Ресей тұсында Торғай обл. 

на қараған у. 1868 ж. құрылған Тобыл 

өзенінің  жоғарғы  ағысы  және  оның 

Обаған атты тармағының оң жақ алқа-

бын  алып  жатты.  Халқының  саны 

–  160 мың  адамға  жетті  (1897), оның 

130 мыңдайы қазақтар болды. 1899 ж. 

кейін  жергілікті  халықтан  500  мың 

десятина  қара  топырақты  құнарлы 

жер  алынып,  онда  Ресейдің  орталық 

аудандарынан қоныс аударылған орыс 

шаруалары орнықты. Уезде мал басы 

870 мыңға жетті. Мұнда жәрмеңке са-

удасы кең өріс алды.

Қостанай уезі қазақтарының тө-

тенше  сиезі    1918  ж.  14-17  қазанда 

100-ден астам делегат қатысқан сиез. 

Бұл  уездік  сиездердің  ішіндегі  Ала-

шорда  сиезі.  Оның  жергілікті  жетек-

шісі А.Алдияров ашып, «Алаш авто-

номиясы  туралы»  арнайы  баяндама 

жасады. Сиезде сонымен бірге Байғо-

ринның  баяндамасы  тыңдалды.  Сиез 

президиум  сайлады.  Оның  төраға-

сы  А.  Бірімжанов,  төрағаның  серігі 

Е.Омаров,  хатшылары  болып  Ғайсин 

мен Тұяқов сайланды. Сиезге Ырғыз, 

Торғай  у.-дерінің  өкілдері  қатысты. 

Бұл  төрт  күнге  созылған  сиез  Алаш 

автономиясы,  қазақ  полкі,  Алашор-

даның  жергілікті  мүшелерін  сайлау, 

уездік  сот,  жер  мәселесі,  қаржы  т.б. 

мәселелерді қарастырды. Сиез соңын-

да  Қостанай  у.  Алаш  автономиясына 

қосылады  және  Алаш  үкіметін  ғана 

мойындайды деген қаулы қабылдады. 

Қостанай  уездік  сиезі  –  1918  ж. 

10-15 қаңтары аралығында өткізілген 

сиез.  Сиезде  Екінші  жалпықазақ  си-


Алаш қозғалысы

278


езінің қаулылары талқыланды. Сиез-

ге қатысушылардың басым көпшілігі 

Алашорда үкіметін қолдады. Сиездің 

төрағасы  Ғ.Досжанов  болды.  Сиезде 

Ә. Аймаев сөз сөйледі. 

Қостанай уезіндегі көтеріліс – 1916 

ж.  патша  өкіметінің  отарлау  саясаты-

на  қарсы  бағытталған  Қазақстандағы 

ұлт-азаттық  қозғалыстың  келесі  бір 

құрамдас  бөлігі.  Ресей  патшасының 

1916  ж.  25  маусымдағы  жарлығы-

на  қарсы  Қостанай  у.-нің  Қарабалық, 

Меңдіқара  болыстары  наразылық  біл-

дірді. 12 шілдеде Қарабалық көтеріліс-

шілері  болыс  Қадыровты  өлтіріп,  жа-

салған  тізімді  жойып  жіберді.  Болыс 

кеңсесін өртеді. Сөйтіп, Бестөбе болы-

сында қылышпен, сойылмен және бал-

тамен қаруланған көтерілісшілер тобы 

2000 адамға жетті. Ең күшті толқу 500 

адамнан  жасақ  құрған  4,  5,  6  және  8 

ауылдарда  болды.  Тамыз  айында  уезд 

басшысы патша өкіметінен әскер алды-

рды.  Жазалаушы  әскер  көтеріліс  бас-

шыларын ұстап, тұтқынға ала бастады. 

1916  ж.  күзде  Аманқарағай  болысын-

дағы  2470  шаңырақтың  600-і  Торғай 

у.-ндегі  көтеріліске  қосылды.  Желтоқ-

санда  2  зеңбірек  және  2  пулеметпен 

қаруланған  жазалаушылар  Қостанай 

әскери тобы көтерілісті басуға шықты. 

1916  ж.  21  желтоқсанда  басталған  кө-

терілісшілер  мен  жазалаушылар  ара-

сындағы  ұрыстар  1917  ж.  ақпанына 

дейін созылды. Нәтижесінде көтеріліс-

шілердің  бір  бөлігі  патша  өкіметі-

не  бағынып,  қалғандары  А.Иманов 

бастаған көтеріліске барып қосылды. 

Қосуақов  Ахметкерей  -  (1857  ж. 

Ақтөбе  у.  -  не  қарасты  Батпақты  а.) 

қарапайым шаруаның отбасында дү-

ниеге келген. Орынбордағы 3 сынып-

тық  гимназияны  бітіріп,  алдымен 

Орынборда  кейін  Ақтөбе  губерни-

ясында  тілмаш,  одан  соң  1895  ж. 

Батпақтыға  болыстыққа  сайланады. 

Болыс  бола  жүріп,  4  кластық  мек-

теп  салдырып,  А.  Байтұрсынұлын 

мұғалімдік  қызметке  шақырады. 

Бестамақ,  Батпақты  болыстығын-

да 19 ж. болыстық қызмет атқарған. 

Алматыдағы  мемлекеттік  мұрағатта 

оның 1895 ж. - дан бастап 1915 ж. - ға 

дейін  болыс  болып  сайланғандығы 

жөніндегі құжат сақтаулы. Уақытша 

Үкімет кезінде Қ. Ақтөбе уездік аза-

маттық  комитет  басқарма  төрағасы-

ның  орынбасарлығына  сайланады. 

1917  ж.  Екінші  жалпықазақ  сиезіне 

қатысқан. Кеңестік жылдарда Ақтөбе 

қаласында бірнеше қызмет атқарған. 

1924 ж. жаз айында қайтыс болған. 



Қосшығұлов  Құрманғали  Бай-

мұхаметұлы (1876 ж. Ақмола өңірі - 

1954 ж. Шымкент қ.) – Алаш қозғалы-

сына қатысушы. Алдымен медреседе, 

содан кейін Санкт-Петербург есеп-ко-

оперативтік институтына түсіп, оны 

сауда  экономисі  мамандығы  бой-

ынша  аяқтаған.  Қазақтың  алғашқы 

жоғары білімді экономистерінің бірі. 

Санкт-Петербургта  оқып  жүргенде 

автомобиль  жүргізуді  үйреніп,  жа-

рыстарға  қатысқан.  Сондай  жары-

стардың  бірінде  бірінші  орын  алып, 

автомобиль ұтып алған. Бұл автомо-

бильді  Ақмолаға  әкелген,  ол  қала-

дағы  ең  алғашқы  автомобиль  бола-

тын. Ақмоланың ауқатты адамдары-

на  Ресейден  автомобиль  жеткізумен 

шұғылданған.  Сөйтіп,  1913  ж.  Гер-

мания компанияларымен автомобиль 

құрастыратын  бірлескен  кәсіпорын 

құруға  шарт  жасаған.  Бұл  кезде  Қ.-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

279


тың қатысуымен Атбасарда немістің 

«Зингер»,  «Саламандра»,  «Якорь» 

сияқты  компанияларымен  байланыс 

орнатылған еді. Қосшығұловтың ба-

ласы  Б.  Қосшығұловтың  айтуынша, 

1913 ж. Германиядан немістің инже-

нер-конструкторлары  келіп,  автоза-

вод  жобасымен  таныстырады,  бірақ 

1914  ж.  басталған  Ресей  мен  Герма-

ния  арасындағы  соғыс  бұл  жобаны 

іске асырмапты. Қ. Алаш қозғалысы 

жетекшілерімен  тығыз  байланыста 

болып, Алашордаға қаржылық көмек 

көрсеткен. 



Қосшығұлұлы Шаймерден (1874 

ж.  Ақмола  обл.  Көкшетау  у.  Қотыр-

көл б.) – Алаш қозғалысының көрне-

кті қайраткері, діндар. Жас шағында 

ауыл  молдасынан 

хат  таниды,  кей-

ін  Көкшетаудағы 

Науан  хазірет  ме-

дресесінде 

және 


Бұхарада  оқиды. 

Мұнан соң осы қа-

лада 1886 ж. жұрт-

шылық қаржысымен салынған, Мез-

гіл  болысының  азаматы  Наурызбай 

(Науан  Хазірет)  Таласұлы  ұстаған 

мешіт  жанындағы  интернаттың 

мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұста-

зымен  бірігіп,  Ресейдің  шоқындыру 

саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 

ж. А. Құнанбайұлы сынды қазақтың 

білікті,  сыйлы  азаматтарына  патша-

лық режимнің оспадар әрекеті тура-

лы және осыған байланысты бас қосу 

жөнінде  екі  мәрте  хат  жазады.  Осы 

күресі  үшін  имам  Н.  Хазірет  екеуі 

абақтыға  жабылады.  Қ.  тексергенде, 

Көкшетау мешітінен «цензура» өткіз-

беген 164 кітап және күмәнді қолжаз-

балар шығады. Ақыры патша өкіметі 

1903 ж. шілдеде Қ. – 5 жыл, Науанға 

–  3  жыл  кесіп,  Үркіт  генерал-губер-

наторының бақылауына Батыс Сібір-

ге  жіберіледі.  Бұл  жерден  оларды 

Якутияға жер аударады. Осы заңсы-

здықты  Ә.Бөкейхан  мен  М.Сералин 

жауапты  орындарға,  орыс  зиялыла-

рына  дәлелдеп  айта  жүріп,  бірнеше 

министрдің  қабылдауында  болып, 

оларды  1905  ж.  наурызда  босатып 

алады.  Осы  ж.  М.Тынышбайұлы,  С.

Шипабекұлы  секілді  қайраткерлер-

мен  бірге  Петерборға  барып,  патша 

өкіметіне  қарсы  шеруге  қатынаса-

ды.  Сонан  соң  Нижний  Новгородта 

ашылған  жалпыресейлік  мұсылман-

дар  сиезіне  қатысады.  Елге  келген 

соң күрескер азаматты халық 1906 ж. 

І  Мемлекеттік  Думаға  депутат  етіп 

сайлайды.  Бірақ  ол  бұл  жолы  «орыс 

тілін білмейді» деген желеумен депу-

таттыққа  тіркелмеген.  Ресми  өкімет, 

халықты  сатып  жүрген  тілмаштар 

қайраткер  туралы  неше  түрлі  алы-

пқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қай-

раткер Балықты көлдегі алты бөлмелі 

ағаштан  қиып  салған  үйін  мектепке 

айналдырып,  орыс  мұғалімін  жал-

дап,  балалардың  оқу  шығынын  өзі 

көтерген.  І  Мемлекеттік  Дума  тара-

тылған  соң,  патша  ІІ  Думаға  сайлау 

жарлығын  шығарғанда  қайраткерді 

халық  тағы  да  парламентке  ұсына-

ды.  Ол  Петерборға  аттанады.  Дума 

мүшесі  болады.  Бұл  Дума  да  тара-

тылғанда  қайраткер  өз  қаржысымен 

астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) 

газетіне  қосымша  ретінде  «Серке» 

газетін шығарады. Қазақтан кісі сай-

ланбаған  ІІІ  Думаға  «Жер  туралы» 

Заң  жөнінде  сұрау  (запрос)  салады. 


Алаш қозғалысы

280


1907 ж. Алаш көсемі Ә.Бөкейханның 

тапсырмасымен  Түркияға  барып, 

үкімет,  парламент  басшыларымен 

кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы 

ІІ  Николайға  мәлімдеме  жасайды. 

Діндар 1917-1919 ж. Алаш қозғалысы-

на қатысқан. 1918 ж. Қызылжар өңірі 

Бәйімбет болысында Алаш комитеті 

құрылғанда  оның  төрағасы  болып 

сайланған. Кеңес өкіметі оны 1931 ж. 

Петропавл түрмесіне жабады. Әбден 

қиналған,  саясаттан  теперіш  көрген 

қайраткер 1932 ж. Омбы жерінде қай-

тыс болады.



Қоянды  жәрмеңкесі,  Қарқара-

лы  –  Қызылжар  жолы  бойындағы 

Қоянды  бекетінде  1848-1930  ж.  ара-

лығында  жұмыс  істеді.  Ж.  на  бір 

рет ұйымдастырылған. ХІХ ғ. - дың 

50  ж.  на  дейін  25  мамыр  –  25  мау-

сым  аралығында  жұмыс  істеді.  1882 

ж. тауар айналымы 1,5 миллион сом 

болса,  ғ.  -  дың  аяғында  ХХ  ғ.  -  дың 

бас  кезінде  3  миллион  сомға  жетті. 

Жәрмеңкеге Ресейден, Орталық Ази-

ядан мата, қант, айна-тарақ, ине-жіп, 

т.б.  тұрмыстық  заттар  әкелінді.  ХІХ 

ғ.-  дың  екінші  жартысында  Қарқа-

ралы жерінде орыс және татар көпе-

стері  басым  болса,  ғ.  -  дың  аяғында 

мал мен мал өнімдерін сататын қазақ 

байларының саны көбейді. Мысалы, 

1902  ж.  жәрмеңкенің  ж.  тауар  айна-

лымы  2773000  сомға  жетсе,  оның 

жартысына  жуығын  (1205705  сом) 

мал және мал өнімдері құрады. Қоян-

ды  жәрмеңкесі  жұмыс  істеп  тұрған 

шақта  сол  жерде  қазақтың  белсенді 

азаматтары саяси-әлеуметтік мәселе-

лер төңірегінде өзара пікір алмасып, 

астыртын  жиындар  өткізген.  Осы 

жәрмеңкеде  1905  ж.  26  шілдесінде 

Алаш  қозғалысының  басы  болып 

табылатын  «Қарқаралы  құзырхаты» 

қабылданған. 

Құдайбердіұлы  Шәкәрім  (1858 

ж.  Шыңғыстау  –  1931  ж.)  –  көрне-

кті  ақын-ағартушы,  Алаш  қайрат-

кері.  Қ.  Абайдың  немере  інісі,  яғни 

оның  туған  аға-

сы  Құдайбердінің 

ұлы. 

Өлеңдері 



мен  жазбаларын-

да  5  жасынан  хат 

танығанын, 

жасынан 



әкеден 

жетім  қалғанын, 

қажы  атасы  Құнанбай  мен  ағасы 

Абайдың  қамқорлығында  өскенін 

айтады.  Данышпан  Абайдың  тигіз-

ген ықпал-әсері туралы Қ. кейінірек: 

«Әкеміздің  бір  шешесінен  туған 

Ибраһим  мырза,  қазақ  ішінде  Абай 

деп атайды, сол кісі мұсылманша һәм 

орысша  ғылымға  жүйрік  һәм  Алла-

ның  берген  ақылы  да  бұл  қазақтан 

бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол 

кісіден тағылым алып, әртүрлі кітап-

тарын  оқып,  насихатын  тыңдап,  аз 

ғана  ғылымның  сәулесін  сезіндім» 

деп жазады. Осы дәйексөз Алаш қай-

раткерлеріне  темірқазық  болған  бір 

негізді  айғақтайды.  Қаламгер  ретін-

де  қалыптаса  келе  Қ.  араб,  парсы, 

түрік,  орыс  тілдері  арқылы  әлемдік 

руханияттың  тұнығынан  су  ішуге 

ұмтылады.  «Танбаймын,  шәкіртімін 

Толстойдың» деген ойында да ізгілік 

пен  біліктің  нышаны  аңғарылады. 

Ақынның  бүкіл  шығармашылығы 

–  ізденген,  тазарған,  өз  иманы  мен 

халық  иманына  қамқор  да  жауап-

кер  жан  сезімінің  айнасы  дерлік. 

Қаламгердің  ағартушылық  бағыт-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

281


тағы пәлсапалық, сыршыл, шыншыл 

өлеңдері  («Қазақ  айнасы»,  «Жолсыз 

жаза  яки  кез  болған  іс»  жинақтары-

на  кірген  немесе  қолжазба  күйінде 

жеткен),  халық  өмірінің  қилы  та-

рихынан  сыр  шерткен  «Еңлік-Ке-

бек»,  «Қалқаман-Мамыр»,  «Нар-

тайлақ-Айсұлу»  жырлары,  Шығыс 

тағылымын 

байыптаған 

«Ләй-

лі-Мәжнүн»  аударма-дастаны,  орыс 



тілінен  тәржімелеген  көркем  аудар-

масын (А.Пушкиннің «Дубровскийі» 

мен  «Бораны»,  Л.Толстойдың  алты 

әңгімесі,  Г.Б.Стоудың  «Том  ағайдың 

балағаны»),  мұсылмандықтың  әліп-

песі  сынды  «Мұсылмандық  шарты» 

еңбегі, ұлт тарихының бір шетін тү-

гендеген  «Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм 

хандар шежіресі», заманындағы түр-

лі ой ағымын бағамдаған «Үш анық» 

еңбегі  –  ХХ  ғ.    басындағы  бірнеше 

буынның  сауатын  ашып,  рухани 

көкжиегін  кеңейтті.  Ол  40-тан  аса 

бере, шамамен 1898-1899 ж. биік мұ-

сылмандық парызын өтемекке қаж.қ 

сапарда  болып  қайтады.  Стамбұл, 

Мысыр,  Араб  елдерін  аралап,  ойы-

на  –  ой,  білігіне  білік  қосып  келеді. 

Мұнан кейінгі жерде ақынның имани 

абыройы,  білімі  халқына  бұрынғы-

дан да жақындай түседі. Жасы ұлғая 

келе  ол  дінді,  білімді  елшілдікпен 

толықтырды.  Сондықтан  да  тарихи 

1917  ж.  дана  Абайдың  қайтқан  жа-

сына шыққан (59 жас) ақынды Алаш 

қайраткерлері  «Шәкәрім  ақсақал» 

деп  атады.  Қ.  мен  Алаш  қайраткер-

лері арасында тығыз байланыс болға-

нын дәлелдейтін дерек аз емес. Мы-

салы,  ұлттың  саяси  қозғалысының 

серкесі Ә.Бөкейхан 1907 ж. ІІ Мемле-

кеттік  Думаға  депутаттыққа  канди-

дат етіп Қ.-ны ұсынған. Бірақ ақын өз 

орнын Т.Нұрекенұлына берген. Сон-



Алаш қозғалысы

282


дай-ақ  1905-1906  ж.  Семейде  Ә.Бө-

кейханның  жетекшілігімен  және  қа-

тысуымен  өткен  саяси  жиындардың 

барлығына  дерлік  Қ.  ұлт  зиялыла-

рының өкілі ретінде қатысқан. Ақын 

Алаш  қайраткерлерінің  ақыл  және 

еңбек  күшімен  шыққан  «Айқап» 

журналы  мен  «Қазақ»  газетіне  бел-

сене  араласып,  мақала,  өлең  жазып 

тұрған. Екі басылым арасында өзара 

пікірталас  туғанда  бітістіруші-дәне-

кер  болғаны  тағы  бар.  Ә.Бөкейхан 

1914  ж.  мұсылман  сиезіне  қатысты 

сериялық  мақалаларында  қазақ 

тілінің  мықтылығын  дәлелдегенде, 

Абайдың  қатарында  Қ.-ның  орнын 

айрықша  атайды.  «Қазақ»  газетінде 

Алаш  қайраткерлері  Қ.-ның  жари-

яланған  кітаптарына  оң  баға  беріп 

отырды. Бұл дәстүр төңкерістен кей-

ін  де  жалғасып,  А.Байтұрсынұлы-

ның  «Әдебиет  танытқышында», 

басқа  да  қайраткерлердің  оқулықта-

ры мен мақалаларында ақын шығар-

машылығы лайықты сөз етілді. 1917 

ж. Қ. Алаш қозғалысының жуан орта-

сында  жүрді.  Алаш  партиясын  құру 

және  Алаш  автономиясын  жариялау 

шарасына даярлық ретінде обл.-тарда 

қазақ  сиездері  ұйымдастырылғанда, 

ақын өз өңірінде (Семей) 27 сәуір мен 

7  мамыр  аралығында  өткен  жиынға 

қатысып, сөз сөйлейді. Қ. Алаш Орда 

үкіметі  жарияланатын  5-13  желтоқ-

санда Орынборда өткен ІІ жалпықа-

зақ  сиезіне  арнайы  шақырылады. 

Алаш  партиясының  Семей  обл.-тық 

комитетіне  ақынның  өзіне  жақын 

тартқан  4  шәкірт-інісінің  (А.Қозы-

бағарұлы,  Т.Абайұлы,  Х.Ғаббасұлы, 

А.Молдабайұлы)  кіргені  де  біраз 

жайды аңғартса керек. Осы тұста ол: 

«Оқыған  жастың  етегін,  Қабыл  ал-

дым  жетегін,  Босқа  жатып  нетемін» 

деп жазды. 1917 ж. қараша-желтоқсан 

айларында  земство  сайлауы  болған-

да,  Қ.  Семей  уездік  земствосына 

Шыңғыс  болысынан  сайланады.  Ер-

терек,  1878-1880  ж.  Шыңғыстаудың 

болысы болып, ел билеу ісін тәжіри-

бесімен  өткерген  ақын  жаңа  заман-

ның да билігін көреді. Обл.-тық зем-

ствоға  бірнеше  рет  қатысады.  М.Бо-

штайұлы  басқарған  обл.-тық  қазақ 

сотының  мүшесі  болады.  Осы  ша-

мада  аталған  сот  земство  мәртебесі 

аясында  Алаш  Орданың  атынан  сот 

билігіне қатысып отырғанға ұқсайды. 

Біраз  зерттеушілер  «Алаш  Орданың 

қазысы,  биі  болды»  деуі  сондықтан. 

Ахат  Шәкәрімұлы  естеліктерінде  де 

осындай  мәлімет  бар.  1918  ж.  Алаш 

қ.-нда  большевиктер  қолынан  қапы-

да  қаза  болған  ұлт  сардары  Қ.  Нұр-

мұхамедұлының  жаназасында  Қ. 

«Өзінің  ұлтшылдығын  сөзбен  емес, 

іспен  дәлелдеді.  ...  Құдай  тағала  қа-

заққа  шын  ұл  бергеніне  бүгін  ғана 

көзім  жетті»  деп  аталы  сөзін  айтты. 

1919-1931 ж. ақын біраз уақыт шығар-

машылықпен  айналысып,  «Таң», 

«Қазақ  тілі»  басылымдарымен  ара-

ласып  тұрады.  1924  ж.  Германиядан 

келген профессор М.Кучински Қ.Ке-

меңгерұлының  жол  бастауымен  Қ.-

мен дидарласады. 1930 ж. үлкен ұлы 

Ғафур  Семей  түрмесінде  қорлықпен 

қаза  болғанда,  ақын  Шақпақтыдағы 

қыстауында  өмірден  баз  кешіп,  қай-

ғымен  жатып  қалады.  ОГПУ  мұнда 

да  тыныштық  бермейді.  Оның  «Ел-

сізде  қалған  мен  бір  шал»  дейтіні  – 

осы  шақ.  1931  ж.  2  қазанда  ауданға 

бет алып келе жатқан ақынды ОГПУ 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

283


қаныпезерлері екі рет атып, мерт қы-

лады.  Құрқұдыққа  тасталған  оның 

сүйегін  баласы  Ахат  1961  ж.  аршып 

алып, мұсылман ғұрпымен Абай зи-

ратының қасына қайта жерлейді.

Құлжанов  Нұрғали    (1869/70, 

Торғай у. – 1919, Семей қ.) – мәдени-

ет  қайраткері,  Алаш  қозғалысына 

қатысушы.  Орынбордағы  оқытушы-

лар мектебін бітірген. 1905 ж. Семей 

қ.  Мұғалімдер  семинариясында  ұс-

таздық  еткен.  1906  ж.  1  қаңтарда  3 

дәрежелі Әулие Станислав орденімен 

марапатталған.  1908  ж.  Батыс  Сібір 

географиялық  қоғамы  Семей  бөлім-

шесіне  мүшелікке  қабылданған. 

Бөлімшенің  тексеру  комиссиясының 

құрамында болып, өлке тарихына қа-

тысты ежелгі тарихи, музыка, фоль-

клорлық  мұраларды  бөлімше  мұра-

жайына жинақтап тапсырған. 1914 ж. 

Абайдың қайтыс болғанына он жыл 

толуына  арнап  жұбайы  Қ.-мен  бірге 

әдеби  кеш  ұйымдастырды.  «Қазақ», 

«Бірлік туы», «Үш жүз» газеттерінде 

мақалалары жарияланып тұрды. Об-

л.-тық  қазақ  сиезінде  1917  ж.  Семей 

обл.-тық  қазақ  комитетінің  мүшесі 

болып сайланған. Қазақ комитетінде 

жүріп, ұлт-азаттық қозғалыстың өрі-

стеуіне  үлес  қосқан.  1919  ж.  Колчак 

жендеттерінің қолынан қаза тапты. 

Құлжанова  Нәзипа  Сегізбай-

қызы  (Сағызбайқызы)  (27.07.1887 

ж. Торғай қ. - 1934ж.) – Алаш қозға-

лысында  қайраткерлігімен  көз-

ге  түскен  қазақ  қыздарының  бірі. 

Ағартушы-педагог, этнограф, аудар-

машы,  журналист.  1902  ж.  Қоста-

найдағы  орыс-қазақ  гимназиясын 

бітірген.  1903-1904  ж.  Торғайдағы 

қыздар  училищесінде,  1905-1920  ж. 

Семей 


қ.-ндағы 

оқытушылар  се-

минариясында  ұс-

таздық  еткен.  1913 

ж. Орыс география 

қоғамының  Семей 

бөлімшесіне, «Аза-

мат  серіктестігі» 

ұйымдарына  мүше  болады.  1914  ж. 

26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуы-

на  он  жыл  толуына  орай  әдеби  кеш 

ұйымдастырады. 1915 ж. 13 ақпанда 

Пертроградтағы  мұсылман  ауруха-

насы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне 

көмек көрсету мақсатында әдеби кеш 

ұйымдастырады. 1917 ж. Семей обл. 

қазақ сиезіне қатысып, төралқа құра-

мына  енеді.  1920  ж.  Қырғыз  (қазақ) 

АКСР  Халық  ағарту  комиссариаты-

ның  қазақ  тілінде  оқулықтар,  кітап-

тар шығару, баспасөз істері жөніндегі 

арнаулы  комиссияның  құрамында 

жұмыс  істеген.  Жаңа  қазақ  әліпбиін 

енгізу жөніндегі комитеттің құрамы-

на  енеді.  Қазақ  қыздарынан  шыққан 

тұңғыш  журналистердің  бірі  ретінде 

1922 ж. «Еңбекші қазақ» газеті редак-

ция  алқасының  мүшесі,  1923-1925  ж. 

«Қызыл Қазақстан», 1925-1929 ж. «Әйел 

теңдігі» журналдарында жауапты қыз-

меттер  атқарады.  «Айқап»,  «Қазақ», 

«Бірлік туы», «Алаш» басылымдарын-

да оқу-ағарту мәселелері туралы мақа-

лалары жарияланған. Қазақ мектептері 

үшін оқулықтар жазған. 1923 ж. Орын-

борда  «Мектептен  бұрынғы  тәрбие», 

1927  ж.  Қызылордада  «Ана  мен  бала 

тәрбиесі»  әдістемелік  кітаптары  ба-

сылған. Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», 

«Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 

ж. қайтыс болған. 

1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет