Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет38/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69

Алаш қозғалысы

270


ұсынылды.  Қазәсревком  бұл  ұсы-

нысқа негізінен келіскенімен, РК(б)П 

Орталық комитетінің осы мазмұнды 

жеделхатына  Қазақ  РК(б)П  обл.-тық 

комитеті келісім бермеді. Әcipece Қ.-

ты «әлеумет үшін қауіпті» деп тауып, 

1920  ж.  21  маусымдағы  мәжілісінде 

оны  айрықша  мінездемемен  Завол-

жье  әскери  округіне  жіберу  жөнін-

де шешім кабылдады. Алайда Қазақ 

халық  ағарту  комиссариатының  ара 

түсуімен  сол  ж.  тамыз  айында  ай-

тылмыш  комиссариаттың  Түркістан 

Кеңес  Республикасындағы  уәкілетті 

өкілі етіп Ташкент қаласына жіберіл-

ді.  1920  ж.  осында  Өлкелік  мұсыл-

ман  фельдшерлік  мектебін  ұйымда-

стыруға  белсене  қатысты.  1920  ж. 

аяқ шенінде Орта Азия Мемлекеттік 

университетінің  педагогика  факуль-

тетінде ассистент. 1930 ж. 1 қазанда 

униве рситет  аспиранттары  М.Әуе-

зов,  Қ.Кемеңгеровпен  бipгe  тұтқын-

далып,  Алматы  қаласына  әкелінді. 

Осында  Қазақ  КСР  Бipiккeн  саяси 

басқармасы комендатурасының арна-

улы түрмесіне 32 қайраткермен бipгe 

қамалды.  «М.Әуезов,  Ж.Күдерин,  Қ.

Кемеңгеровпен  бipгe  қазақ  ұлтшыл-

дарының  контрреволюциялық  ұйы-

мының Ташкенттегі астыртын бөлім-

шесіне  мүше  болды»  деген  айып 

тағылды.  Тергеу  қорытындысымен 

қандай  жаза  кесілгені  әзір  белгісіз. 

Қауіпсіздік  органдары  архивінде 

оның үстінен қозғалған icтің құжат-

тары жоқ. Қ. отызыншы ж. ортасында 

Ташкент қ.-ндағы Семашко атындағы 

Функционалдық диагностика инсти-

тутында  бөлім  меңгерушісі  болып 

істеді.  Осы  қызметте  жүргенде  1938 

ж. 23 сәуірде Өзбек КСР Мемлекеттік 

қауіпсіздік  басқармасы  тарапынан 

ұсталып,  «халықаралық  буржуазия-

ның реакциялық бөлігіне көмек көр-

сетті», «контрреволюциялық ұйымға 

қатысты» деген айыппен қылмыстық 

жауапкершілікке  тартылды.  Өзбек 

КСР ІІ ХК-ның 1939 ж. 1 желтоқсан-

дағы  қаулысымен  Қ.-қа  қарсы  жүр-

гізілген  қылмыстық  қудалау  дәлел-

денбеуі  себепті  қысқартылып,  жау-

апкер  қамаудан  босатылған.  Бұдан 

соңғы тағдыры мәлімсіз.



Қирабаев  Серік  Смайылұлы 

–  әдебиеттанушы-ғалым,  ҚР  ҰҒА 

академигі,  филология  ғылымдары-

ның докторы, профессор. 1927 ж. Қа-

рағанды  обл.  Жаңа  Арқа  ауд.  туған. 

1951  ж.  Абай  атындағы  ҚазПИ-дің 

филология  факультетін  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша 

бітірген.  Аспирантурада  оқи  жүріп, 

«Әдебиет және искусство» журналы-

ның қызметкері болған. 1952-1955 ж. 

«Пионер» журналын басқарып, 1955-

1958  ж.  «Социалистік  Қазақстан» 

газетінің  бөлімін  меңгерген.  1958 

ж.  дейін  ҚазПИ-де  ұстаздық  еткен. 

1969-1988 ж. қазақ әдебиеті кафедра-

сының меңгерушісі болды. 1980-1985 

ж. институт проректоры болды. 1988-

1995  ж.  ҚР  ҰҒА  М.О.  Әуезов  атын-

дағы Әдебиет және өнер институтын 

басқарды. Ғалым отандық әдебиетта-

нуды  С.Көбейұлы,  С.Сейфоллаұлы, 

Ж.Аймауытұлы,  Ғ.Мұстафиндер  ту-

ралы  іргелі  зерттеулерімен  байыт-

ты. Әдебиетшінің «Өрлеу жолында», 

«Октябрь және қазақ әдебиеті», «Әде-

биет және дәуір талабы», «Революция 

және әдебиет» (2 том), «Шындық пен 

шығарма», «Талантқа құрмет», «Әде-

биетіміздің ақтаңдақ беттері», «Кеңес 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

271


дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Ұлт тәу-

елсіздігі және әдебиет», «Тәуелсіздік 

рухымен», «Өмір тағылымдары» т.б. 

зерттеу кітаптары, «ХХ ғ.  басындағы 

қазақ  әдебиеті»  атты  ЖОО  оқулығы 

(Б.Кенжебавпен  бірге),  мектеп  оқу-

лығы  бар.  1990  ж.  ұлт  мәдени  құн-

дылықтарын  жинақтау  мен  байып-

тау басталғанда, оның басы-қасында 

академик  Қ.  жүрді.  Қ.  кешенді  істі 

үйлестірумен  қабат  өзі  де  Ж.Айма-

уытұлының бес томдығын даярлауға 

кірісіп кетті. «Жаңаша бажайлау» ай-

дарымен  шыққан  монографияларға 

қомақты  тараулар  жазды.  Соңғы  ж. 

ғылыми  орта  жақсы  бағалаған  «Қа-

зақ  әдебиеті  тарихының»  7-8  томда-

рын басқарды. 



Қодаров  Қарасай  (1898.  –  б.  Гу-

рьев у. Қарақол б. Тасшағыл а. – 1953) 

– Б.А-О.-ның белсенді мүшесінің бipi, 

халық мұғалімі. Орта дәулетті отба-

сынан шыққан. Қарақол бip кластық 

болыстық орыс-қазақ мектебін (1906 

ж.),  Гурьев  екі  кластық  қазақ-орыс 

Романов  училищесін  (1908  ж.)  бітір-

ген.  Орынбор  қ.-ндағы  Орыс-қазақ 

мұғалімдер  мектебін  үздік  тәмамда-

ды (1914-15 ж.). Ақтөбе у.-не қарасты 

Алтықарасу  болыстық  мектебінде 

мұғалім  болды.  1916  ж.  қазан  айын-

да  Түркістан  генерал-губернатор-

лығы  мен  Ресей  Земство  комитеті 

майдандағы тыл жұмысына алынған 

қазақ  жігіттеріне  басшылық  жа-

сауға  жоғары  оқу  орындарындағы 

студенттерді,  мұғалімдер  мектебін, 

семинария  бітірген  қазақ  жігіттерін 

мыңбасылық, жүзбасылық қызметке 

шақырған  тұста  «Қазақ»  газетінің 

басқармасы  М.  Есболов,  Т.Шонанов, 

М.Жолдыбаевтармен  бipгe  осы  қы-

зметке  лайықтаған  сауатты  жаста-

рының  бipi.  1917  ж.  қыс,  көктем  ай-

ларында  Күнбатыс  майданындағы 

қазақ  жұмыс  қостарында  мыңба-

сы  болып,  жұмысшылардың  мұң-

мұқтажын  тиісті  орындарға  дұрыс 

жеткізу,  жігіттерді  қазақ  тамағымен 

қамтамасыз  ету,  т.б.  міндеттерді 

орындады.  Орынборда  А.  Кенжин 

құрған  «Еркін  дала»  мәдени-ағар-

ту  ұйымының  қызметіне  араласып, 

Орынбордағы  мұғалімдер  кеңесіне 

әзірлік  жұмысына  қатысты.  1918  ж. 

мамырдағы  IV  Қазақ  Орал  обл.-тық 

сиезіне  қатысушы.  Ойыл  уәлаяты 

үкіметінің, кейін Алаш-Орданың Ба-

тыс бөлімшесі үкіметінің құрамында 

жергілікті басқару органдары – болы-

стық,  уездік  және  обл.-тық  земство 

басқармалары  бойынша  оқу-ағарту 

жұмыстарын жүргізу iciн үйлестіріп 

отырумен айналысты. Ойыл обл.- мен 

жапсарлас Орал, Орынбор қ.-ларында 

гимназия, училище, семинарияларда 

оқып  жатқан  уәлаят  студенттерінің 

земстволар  тарапынан  уақтылы 

стипендиямен  қамтамасыз  етілуін, 

оқуды  үзіп  алмауын,  олардағы  пан-

сиондардың  жабылып  қалмауын  қа-

дағалады,  Орал  Войско  үкіметімен, 

Комуч,  Ciбip  Уақытша  үкіметімен 

осы  меселелер  бойынша  байланыс 

жасады. Осы ж. майданасты отырған 

елде бұрын Ы.Алтынсарин үлгісімен 

қызыл кірпіштен салынған стандарт-

ты  ауылдық-болыстық  мектептердің 

жабылып  қалмай,  елді  сауаттанды-

ру  iciн  жалғастыра  бepyi,  земство 

мекемелері  тарапынан  көзделген 

қор,  қаржының  уақтылы  бөлінуі, 

оқу  құралдарымен  жабдықталуы, 

бұрынғы  орыс-қазақ  мектептерінің 



Алаш қозғалысы

272


миссионерлік  бағыттан  ұлттық 

тағылым бағытына ойысуы, сабақты 

ана тілінде жүргізу, осы міндеттердің 

үдесінен  шығу  үшін  уәлаяттағы 

М.Жолдыбаев,  С.Бекболатов,  Т.Өте-

улиев, М.Шолақов, Г.Нығмаділов, Ж.

Бейісқалиев,  Е.Байтақов,  Ж.Нияров 

тәрізді  білікті  халық  мұғалімдеріне 

жағдай  жасау  ici  Қ.  есімімен  байла-

нысты.  Б.А-О.  таратылғаннан  кейін 

Орынборда  Қазәсревкомның  Халық 

ағарту  бөлімінің,  Қазақ  өлкелік  Ха-

лық  ағарту  комиссариатының  қазақ 

мектептері секциясының қызметкері 

(1920-1921  ж.).  Жабдықтау  бөліміне 

540 сом төлеп, жиырма фунт майша-

бақ алғаны архивте хатталған. Осын-

дай  тұрмыс  қиыншылығынан  және 

негізгі  мамандығы  бойынша  жұмыс 

icтey ойымен 1922 ж. елге қайтып, өзі 

оқыған  Қарақол  мектебінің  меңге-

рушісі болып істеді. 20-30 ж. Жымпи-

ты  уездік  атқару  комитетінің  халық 

ағарту бөлімінің, Гурьев округтік ха-

лық ағарту бөлімінің, Орал обл.-тық 

оқу  бөлімінің  меңгерушісі.  1935  ж. 

Батыс  Қазақстан  обл.-ның  Чапаев 

қ.-нда қайтыс болды. Зайыбы Жамал 

eкeyi  Асқар,  Қанапия,  Софья  есімді 

ұл-қыз  тәрбиелеп  өсірді.  Қыздары 

Орал  қ.-нда  тұрады.  Асқар  Қараса-

ев  Батыс  Қазақстан  обл.-на  қарасты 

Бөрлі  ауданында  аудандық  Комму-

нистік  партия  комитетінің  екінші 

секретары,  аудандық  атқару  коми-

тетінің председателі болып істеді.



Қожакеев  Темірбек  Қожакеұлы 

1926 ж. Жамбыл обл. Меркі ауд. Ой-

тал а – ғалым, филология ғылымда-

рының  докторы,  профессор,  Қа-

зақстан  Жоғары  мектебі  ҒА-ның 

академигі,  Қазақстан  Республикасы 

білім беру ісінің құрметті қызметкері, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қызмет-

кері.    ҚазҰУ-да  оқыған  ҚазҰУ-дың 

жуналистика  факультетінде  оқы-

тушы,  декан,  кафедра  меңгерушісі 

қызметтерін  атқарған.  Қ.  Қазақстан 

Жазушылар  Одағы  жанындағы  қа-

зақ  сықақшылар  қауымдастығының 

президенті.  Ол  Алаш  қаламгерлері 

С.Торайғыров,  М.Әуезов  туралы 

жазылған  кітаптардың  авторы.  Со-

нымен  бірге  «Көк  сеңгірлер»  (1992) 

кітабында  А.Байтұрсынұлы,  Ж.Ай-

мауытов,  С.Қожанов,  М.Әуезов  си-

яқты Алаш қайраткерлерінің өмірба-

яны мен шығармашылығынан дерек-

ті мәліметтер берілген. 

Қожанов Сұлтанбек 1894 ж. қазір-

гі Оңтүстік Қазақстан обл. Созақ ауд. 

Ақсүмбе  а.    –  көрнекті  қоғам  және 

мемлекет  қайраткері.  Түркістандағы 

орыс-түзем 

мек-


тебін,  үш  сынып-

тық  қалалық  учи-

лищені 

бітірген. 



1913-1917  ж.  Таш-

кенттегі  Түркістан 

мұғалімдер  семи-

нариясында  оқы-

ды.  Осы  кезден  саясат  істеріне  ара-

ласып, «Кеңес» атты жасырын ұйым-

ның  мүшесі  болады.  Зерттеушілер 

мұны  Қ.  пен  Мұстафа  екеуі  бірігіп 

құрды деген деректі де айтады. 1917 

ж.  ақпан  төңкерісінен  соң  үлкен  са-

ясатқа бел шеше кіріседі. Сол ж. та-

мыздан  М.Шоқай  ұйымдастырған 

«Бірлік туы» газетіне редактор бола-

ды. Осы басылымда қоғамдық-саяси 

мақалалармен  бірге  әдеби  материал-

дар  да  жариялап  отырады.  Мысалы, 

«Қайтейін?»  деп  аталатын  алғашқы 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

273


өлеңдерінің бірінде ол азаттыққа жете 

алмай  қорланған,  торыққан  елінің 

тағдырын  жас  азаматтың  ой  толға-

нысы арқылы жеткізеді. «Жете алмай 

дегенімнің жалғызына, Талап көп, та-

лайсыз боп сорладым ғой» дейді қай-

раткер  қаламгер.  1918  ж.  қаңтарда, 

яғни Түркістан автономиясына қауіп 

төнген  кезеңде  жазған  «Түркістан-

да орыс сиездері» атты мақаласында 

Қ.  большевиктік  зорлық  пен  бейба-

стықтың  себеп-салдарын  көрсетеді. 

Түркістанды  теріске  бұрып  жатқан 

ағымдағы  саясатты  ашады.  Мақа-

ладан  1917  ж.  Ташкенттегі  қырғын 

мен  1918  ж.  Қоқанға  қарай  кезенген 

зеңбіректің  табы,  ызғары  сезіледі. 

Жас  қайраткер  осы  қиындықты  жа-

нымен түсінеді. Қоқандағы қанқасап 

оқиғадан соң жариялаған «Өзіміздің 

большевиксінгендерге» атты көлемді 

мақаласында Қ. «өз қанын өзі ішіп, өз 

етін  өзі  жеп  жатқан»  Ресейдің  жаңа 

сиқына барлау жасайды. Осында қа-

ламгер  Батыста  жасалған  марксизм 

теориясының  қазақ  ішіне  мүлдем 

жүрмейтінін, большевиктік Ресейдің 

бар  діттегені  –  халықтар  тағдырына 

эксперимент жүргізу екенін көреген-

дікпен айтады. Қ. жаңа заман амалы-

на  сай  1920  ж.  коммунистік  партия 

қатарына қабылданып, үлкен қызмет 

баспалдақтарынан  өтеді.  1920-1924 

ж. Түркістан компартиясы ОК мүше-

сі,  Түркістан  орталық  атқару  коми-

теті  төрағасының  орынбасары,  Түр-

кістан  республикасының  ішкі  істер 

халық  комиссары,  Халық  ағарту  ха-

лық  комиссары,  «Ақжол»  газетінің 

редакторы  болады.  «Ақжол»  –  Түр-

кістанның  іргелі  елдік  газеті  бол-

ды. Ол «Жаңа өріс» газетінен бастау 

алды.  Газет  1920  ж.  7  желтоқсанда 

жарық  көрді.  Алғашқы  редакторы  – 

Қ. Қайраткердің беделі мен елшілдігі 

арқасында аз ж. мұнда М.Дулатұлы, 

Ж.Аймауытұлы, 

А.Байтасұлы, 

Б.Сүлейұлы, Т.Шонанұлы, Х.Болған-

бай  т.б.  азаматтар  топтасты.  1922  ж. 

Түркістан  Алаш  көшбасшыларының 

бірі,  ұлт  ұстазы  А.Байтұрсынұлы-

ның 50 ж. мерейтойын лайықты атап 

өтті. «Шолпан», «Сана» журналдары 

«Ақжол» бағытын ұстанды. Аталған 

басылымдарда Қ. «Тоқпақ», «Тарпаң», 

«Замандас»  деген  бүркеншіктермен 

мақала  жазып  тұрды.  «Ақжолда» 

шыққан  Сұлтанбектің  «Жақындық 

па,  жалақорлық  па?»,  «Қазақша  са-

уық кеші», «Менің жауабым», «О ли-

тературном  языке  и  терминологии» 

атты  еңбектерінен  қаламгерлік  пен 

өткенді  танудағы  ұстаным,  шығар-

машылдықты  бағамдау,  руханиятты 

қадірлеу  айқын  аңғарылады.  Елшіл 

газеттің бағыты 1925 ж. И.Сталиннің 

тікелей  тапсырмасымен  мұқият  тек-

серіліп, ол 1926 ж. жабылды. 1921 ж. 

кеңестердің бүкілресейлік ІХ сиезінің 

бір үзілісінде В.И. Ленин Қ. төралқаға 

шақырып, біршама әңгімелескен. Қай-

раткер 1922 ж. қази соттарын қалпына 

келтіру,  тартып  алынған  вакуф  жер-

лерді мұсылман жамағатына қайтару, 

жағымды  дәстүрлерді  қайта  жолға 

қою  секілді  шетін  мәселелерді  қолға 

алып, түркістандықтардың алғысына 

бөленді.  1924-1925  ж.  Қазақ  өлкелік 

партия  комитетінің  хатшысы,  1925-

1926 ж. БК/б/П ОК ұлт республикала-

ры  мен  обл.-тары  бойынша  жауапты 

нұсқаушысы,  Мәскеу  марксизм-лени-

низм  курсының  тыңдаушысы,  1928 

ж.  БК/б/П  ОК  Орта  Азия  бюросының 


Алаш қозғалысы

274


үгіт-насихат  бөлімі  меңгерушісінің 

орынбасары,  1929-1931  ж.  Орта  Азия 

мақта-ирригация  политехникалық  ин-

ститутының алғашқы директоры, 1931-

1932  ж.  Орта  Азия  мақта  орталығы 

басқармасының  төрағасы,  1932-1933 

ж.  Мәскеуде  Одақтық  мақта  өнімдері 

басқармасының орынбасары, 1933-1934 

ж. КСРО ХКС мақта тобы басшысының 

орынбасары, 1934 ж. кеңестік бақылау 

комиссиясының  Өзбекстан  бойынша 

өкілі болып қызмет атқарады. 1928 ж. 

Орта  Азия  партия  тарихы  институты 

қайраткердің  «Кеңестік  Түркістан  ав-

тономиясының  он  жылдығына»  атты 

кітабын  басып  шығарды.  Осында  ол 

жаңа  республика  құрудың  қиын  өт-

келдері  мен  алдағы  міндеттерді  ай-

қын жазады. Сондай-ақ осы ұлт күре-

скерінің  И.Сталинмен  пікірталасы  әлі 

күнге аңыз болып айтылады. Ол қиын 

ж. Алаш азаматтарына да көп көмекте-

сті. 1923 ж. Мағжанның өлең кітабына 

алғысөз жазып жариялады. Фольклор-

шы Ә.Диваевқа ерекше қолдау көрсет-

ті. Өзі де елдің мәдени-рухани шарала-

рына  атсалысып,  «Ақжол»,  «Еңбекші 

қазақ»  газеттері  мен  «Шолпан»  жур-

налына сан салалы мақалалар жазады. 

Қ.  көп  замандастары  секілді  халыққа 

арналған  сөзін  өлеңмен  де  жеткізді. 

Оның  шығармашылығында  «Нені  ай-

тайын?», «Кім жауапкер?», «Көреміз!», 

«Шынға ұқсаған пікірлер», «Бұл кім?», 

«Тілмаштарға  бір  сын»  т.б.  өлеңдері 

мен  К.Бальмонт,  Эзоп  (Д.Бедный 

тәржімесі)  туындыларынан  қазақша 

сөйлеткен аудармалары бар. Қайраткер 

1937 ж. 16 шілдеде ұсталып, 1938 ж. 8 

ақпанда атылды.



Қожықов  Қоңырқожа  –  ағар-

тушы,  ғалым,  Алаштың  белгілі  аза-

маттарының бірі. 1938 ж. Ақмешітте 

туған.  Алғашында  қазақ-орыс  мек-

тебін  оқып  сауатын  ашқан.  Кейін 

Ташкенттегі  мұғалімдер  семинария-

сында  оқып,  1900 

ж. бітірген. Сырда-

рия  губерниясын-

да  мектеп  инспек-

торы,  қазақ-орыс 

мектебінің  меңге-

руші,  Түркістан, 

Перовск,  Әндіжан 

қ.-ларындағы  мектептерде  оқытушы 

болған.  Осы  кезеңде  Ферғанада 

«Илиятия» атты ұйымды басқарған. 

Ұлт  мүддесін  бәрінен  жоғары  қо-

ятын  Қ.  1907  ж.  патша  үкіметінің 

жарлығы бойынша қазақтар мен Түр-

кістан  өлкесінің  өзге  де  жергілікті 

халықтарының  Мемлекеттік  Дума 

жұмысынан шеттетілуіне наразы бо-

лып,  ол  жарлықтың  күшін  жою  жо-

лында  ұйымдастырған  іс-шараларға 

қатынасады.  Ол  педагог  әрі  ақын 

болған. 1912 ж. Орынборда «Әліппе» 

оқулығын  шығарып,  Ғ.Қасымовпен 

бірігіп  Ш.Жәңгірұлының  «Русие 

патшалығында  Романов  нәсілінен 

хукимранлик  қылған  патшалар-

дың  тарихы»  («Историческая  поэма 

царствования  Дома  Романовных  на 

киргизском  языке»)  атты  дастанын 

жарыққа  шығаруға  септесті.  1917 

ж.  ақпан  төңкерісінен  кейін  Ферға-

на  өңіріндегі  қазақтардың  мүддесін 

қорғайтын  «Көшпенді»  атты  ұйым 

құрып, оған жетекшілік етеді. Осы ж. 

30 наурызында Перовск (қазіргі Қы-

зылорда)  қ.-нда  қазақтардың  жалпы 

сиезі  болып,  осы  жиынның  ұйғары-

мы  Мемлекеттік  Дума  төрағасына 

патшалық  Ресейдің  тағы  да  басқа 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

275


лауазымды  басшыларына  жолдана-

ды.  Осы  құжат  мәліметтеріне  сүй-

енсек,  сиезде  құрылған  депутаттар 

кеңесінің құрамына Қ. та сайланады. 

1917 ж. тамызда өткен Түркістан өл-

кесі  қазақтарының  сиезіне,  бүкілре-

сейлік  құрылтай  жиналысына  депу-

таттыққа  кандидат  болып  ұсыны-

лады.  Осы  автономияның  уақытша 

кеңесіне  мүше  болып  сайланды.  Қ. 

бірінші  жалпықазақ  сиезінде  прези-

диум  мүшелігіне  сайланған.  Кеңес 

үкіметі орнағаннан кейін де М.Шоқай 

секілді  шетте  жүрген  алаш  қайрат-

керлерімен  астыртын  байланыста 

болған  екен.  1922  ж.  Әулиеата  у.-н-

де  жер  басқармасында  істейді,  ескі 

қорғандар  мен  ескерткіштерді  зерт-

теумен шұғылданады. Орхон жазуы, 

Қозы-көрпеш – Баян сұлу, Келіншек 

тас,  Ақтас  мазарлары  туралы  ғылы-

ми  еңбектер  жазды.  Араб,  парсы, 

шағатай  тілдерін  меңгерген,  білікті 

маман  болған  екен,  орыс  тіліндегі 

әдебиеттерді  қазақ  тіліне  аударып, 

қазақтың  аударма  өнерінің  дамуы 

үшін  көп  үлес  қосады.  1935-1936  ж. 

«Қазақтың өткендегі тарихы туралы 

деректер» атты кітапты құрастыруға 

қатынасты. 1937 ж. халық жауы деген 

айыппен тұтқындалып, 1938 ж. атыл-

ды. 


Қозыбағаров  Ахметжан  (01.05. 

1879 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан обл. 

Абай ауд.) – Алаш қозғалысының қай-

раткері. Семейдегі ауылшаруашылық 

мектеп-интернатын бітіргеннен кейін 

1901-1906 ж. Омбыдағы фельдшерлік 

мектепте  оқыған.  1906-1918  ж.  ара-

лығында Семейдегі губерниялық ау-

руханада  фельдшер  қызметін  атқар-

ды. 1917-1919 ж. Алаш партиясының 

жергілікті  ұйымдарын  құруға  атса-

лысып,  1918  ж.  Алаш  Орданың  Се-

мей  обл.-тық  кеңесіне  мүше  болды. 

1921-1922  ж.  аралығында  Шыңғы-

стауда  Арқат  дәрігерлік  бөлімшесін 

басқарып, өз қаржысына емхана сал-

дырды.  1935-1937  ж.  Алматы  кірпіш 

зауытының  емханасында  меңгеруші 

болды. 1937 ж. 25 тамызында Алма-

тыда тұтқындалып, Семей абақтысы-

на жабылып, ату жазасына кесілді. 

Қозыбаев  Манаш  Қабашұлы 

(16.11.1931,  Қостанай  обл.  Меңдіғара 

ауд.  Тазкөл  а.  –  30.10.2002,  Алматы 

қ.-сы)  –  ғалым,  тарих  ғылымының 

докторы,  профессор,  академик.  1953 

ж. ҚазМУ-ды бітірген. 1953-58 ж. Қо-

станай пед. институтында, 1958-74 ж. 

Марксизм-ленинизм  институтының 

Қазақ  бөлімшесінде,  1974-79  ж.  Ал-

маты  мал  дәрігерлік  институтында, 

кейін  ҚазМУ  жанындағы  Қоғамдық 

ғылымдар оқытушыларының білімін 

жетілдіру институтында ғылыми-пе-

дагогикалық  жұмыстармен  айналы-

сты. 1979-86 ж. Қазақ Кеңес энцикло-

педиясының  Бас  редакторы,  1986-88 

ж.  Қазақстан  ҒА  Тарих  және  этнол. 

институты тарихнама бөлімінің мең-

герушісі,  1988  ж.  өмірінің  соңына 

дейін  осы  институт  директоры.  Қ. 

басшылығымен  “Қазақстан  тарихы” 

академиялық басылымының 3 томы, 

ағылшын  тілінде  “Қазақстан  та-

рихы”,  көптеген  құжаттар  жинақта-

ры, т.б. жарық көрді. Ғылыми зертте-

улері Қазақстан халқының 2 - дүни-

ежүзілік  соғыс  жылдарындағы  ерлі-

гіне, Қазақстан мемлекетінің құрылу 

және  қалыптасу  тарихына  арналған. 

Оның  «Қазақстан-  майдан  арсена-

лы»,  «Ақтаңдақтар  ақиқаты»,  «Ұлы 


Алаш қозғалысы

276


ерлік»,  «Қазақстан  тарихы»т.  б.  мо-

нографиялары жарық көрген. Ғалым-

ның  еңбектерінде  Алаш  қайраткер-

лерінің өмірі мен күресі зерттелген.



Қойгелдиев  Мәмбет  Құлжа-

байұлы  (18.08.1946  ж.  Жамбыл  обл. 

Шу  ауд.  Төле  би  а.)  –  алаштанушы 

ғалым,  тарих  ғылымдарының  док-

торы,  профессор,  Қазақстан  Респу-

бликасы  Ұлттық  Ғылым  Академия-

сының  мүше-корреспонденті.  1968 

ж.  Ж.  Баласағұн  атындағы  Қырғыз 

Ұлттық  университетінің  тарих  фа-

культетін,  1977  ж.  әл-Фараби  атын-

дағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 

аспирантурасын  аяқтаған.  1978  ж. 

ғылым кандидаты, ал 1994 ж. ғылым 

докторы дәрежесін алу үшін диссер-

тациялық  жұмыстар  қорғаған.  1968 

ж.  университетті  аяқтаған  соң  Шу 

ауданындағы  Қ.  Сәтбаев  атындағы 

сегізжылдық  мектепте  мұғалімдік 

қызмет  атқарған.  1970-1971  ж.  Жам-

был  обл.-тық  мұрағатында  ғылыми 

қызметкер, ал 1971 ж. бергі уақытта 

еліміздің  жоғары  оқу  орындарында 

ұстаздық  қызметті  ғылыми-зерттеу 

жұмысымен ұштастыра алып келеді. 

1995-2003 ж. әл-Фараби атындағы Қа-

зақ Ұлттық университетінде кафедра 

меңгерушісі,  факультет  деканы,  ҚР 

Жоғары  оқу  орындары  оқытушыла-

рының  біліктілігін  жетілдіру  инсти-

тутының директоры, ал 2002-2006 ж. 

ҚР БжҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы 

Тарих және этнология институтының 

директоры  қызметінде  болды.  2006-

2008  ж.  Сүлейман  Демирел  универ-

ситетінің  профессоры,  ал  2008  ж. 

бері  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың 

тарих  факультетінде,  магистратура 

және PhD докторантура институтын-

да  кафедра  меңгерушісі  қызметінде. 

Ғылым  саласындағы  белсенді  қыз-

меті  мемлекеттік  тәуелсіздік  ж.  тұс 

келді.  Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысы 

тарихы, әсіресе Алаш қозғалысы қай-

раткерлерінің ұлттық мемлекеттілік-

ті  жаңғырту  үшін  жүргізген  күресі 

ғалымның  негізгі  зерттеу  объектісі-

не айналды, осы бағытта өз мектебін 

қалыптастырды.  «Алаш  қозғалысы» 

(1 кітап, 1995), «Ұлттық саяси элита» 

(2004),  «Жетісудағы  Ресей  билігі» 

(2004), «Сталинизм и репрессии в Ка-

захстане в 1920-1940 гг.» (2009) және 

«Казахстан  в  Российских  револю-

циях  1917  года»  (авторлық  бірлікте, 

2011) атты монографиялық еңбектері, 

бұлардан ертерек жарық көрген «Қа-

дырғали Қосымұлы және оның жыл-

намалар жинағы» (авторлық бірлікте, 

1992)  және  «Тарих  тағлымы  не  дей-

ді?»  (авторлық  бірлікте,  1993)  атты 

кітаптары ғалымның отандық тарих-

намаға қосқан үлесі болып табылады. 

Оның ұсынысы және жетекшілігімен 

5  кітаптан  тұратын  «Алаш  қозғалы-

сы.  Движение  Алаш.  Құжаттар  мен 

материалдар  жинағы»  (2004-2008) 

және 12 томдық «Қазақ ұлт-азаттық 

қозғалысы»  2007-2008)  қазақ  және 

орыс  тілдерінде,  «Красный  террор: 

из  истории  политических  репрессий 

в  Казахстане»  құжаттық  материал-

дар  жинағы  (2013)  баспадан  шықты. 

Сценарий  авторы,  ғылыми  кеңесші 

және  түсінік  беруші  ғалым  ретін-

де  «Әлихан  және  Мұстафа»  (1998. 

«Хабар»),  «Алаш»  (2007,  реж.  Х. 

Омаров),  «Бірінші»  (2007,  реж. 

Қ.Олжай), «Мұстафа Шоқай ізімен» 

(2011,  реж.  Қ.  Бегманов),  «Кенеса-

ры  хан»  (  2011,  реж.  М.  Конуров), 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

277


«Асықпаған  ақиқат»  (2011,  реж.  Б. 

Әбіш)  және  басқа  көптеген  деректі 

фильмдерді даярлауға қатысты. 


жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет