Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет37/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69

Қарқаралы жеделхаты – 1905 ж. 

22  шілдеде  Қарқаралы  у.-не  қарасты 

болыстардың  Ресей  патшасына  жі-

берген жеделхаты. Бұл жеделхат әй-

гілі  «Қарқаралы  құзырхатынан»  бір 

ай  кейін  жіберілген  құжат.  «Қарқа-

ралы жеделхаты» патшамен бірге по-

шта  арқылы  «Сын  Отечества»  және 

«Русские ведомости» газеттерінің ре-

дакцияларына да жіберілген. Жедел-

хатқа Қарқаралы өңірі 21 болысының 

42 өкілі қол қойған. Олардың ішінде 

белгілі ақын Н.Орманбетұлы, көрне-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

263


кті  діни  қайраткер  Т.    Алтынторин, 

М.  Қажы Ақайұлы, әйгілі күйші Тәт-

тімбет  ұлы  Мұсатай,  Төлебай  бидің 

ұлы Керімхан және т.б. өңірге сыйлы 

азаматтар  бар.  Бұл  «Его  император-

ческому  величеству  государю  импе-

ратору»  деп  жөнелтілген  жеделхат-

та:  «Қытай  мен  Ауғанстанмен  шек-

тесетін  алып  территорияны  мекен 

ететін  қырғыздар  өзінің  тағдырын 

және  мүдделерінің  тұтас  мемлекет-

пен  біріктіре  отырып,  өздерін  басқа 

халықтармен  тең  санайды»,  «қы-

рғыздар қоғамдық және мемлекеттік 

міндеттерді орыс шаруаларынан кем 

түсінбейді»  делініп,  мынадай  мәсе-

лелерді көтереді: қазақтардың сайлау 

құқығына ерік беру, Земский соборға 

халық  өкілдерін  қатыстыру,  патша 

шенеуніктерінің  қазаққа  жоғарыдан 

қарайтын бюрократиялық үстемдігін 

тоқтату сияқты мәселелер талап етіл-

ген.  Бұл  жеделхаттағы  «біз  қырғыз 

халқы  өкілдерінің  атынан  жолдаған 

жеделхатта  айтылған»  деген  сөз-

дерден оның осы ж. 26 маусымында 

12  767  адам  қол  қойған  «Қарқаралы 

құзырхатымен»  тығыз  байланысты 

екендігін аңғарамыз. 

Қарқаралы құзырхаты – 1905 ж. 

22  маусымында  Қарқаралы  қаласы 

маңындағы  Қоянды  жәрмеңкесінде 

Ресейдің Министрлер Кеңсесіне жол-

данған  құзырхат.  Құзырхатты  Ә.Бө-

кейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақпаев 

бастаған ұлт зиялылары ұйымдасты-

рған.  Қ.қ.  ұлт-азаттық  қозғалыстың 

жаңа  кезеңін  бастаған  аса  маңызды 

тарихи  құжат  болды.  Бұл  11  бап-

тан  тұратын  құжат:  «Күллі  Россия 

өз  өмірін  түгелімен  қайта  өзгерту 

керектігін  мәлімдеп  жатқан  қазір-

гі  тұста  тағдыры  Россиямен  тығыз 

байланысты қырғыз даласы да ел ба-

сынан  өтіп  жатқан  оқиғалардан  тыс 

қала  алмастан,  өзінің  пісіп-жеткен 

тілектерін  жеткізу  қажет  деп  танып 

отыр»  деп  басталатын  қ.-  та  ретіне 

қарай патшаның жергілікті әкімшілі-

гінің  репрессивті  шаралары,  мешіт 

ашу мәселесі, дін, ождан бостандығы 

қазақ  балаларына  арналған  мектеп 

ашу,  орыс  әріптерінің  қазақ  үшін 

түсініксіздігі, қазақ тілінде газет ашу, 

қазақтың шұрайлы жерлерінің келім-

сектерге  жөн-жосықсыз  берілуі,  қа-

зақтардың  байырғы  қыстауларынан 

ысырылуы,  болыстық  кеңселерде  іс 

жүргізудің  тек  орыс  тілінде  болуы, 

жергілікті бастықтардың өтініштерді 

қазақ  тілінде  қабылдамауы,  қа-

зақ  даласында  соттардың  орыстан 

тағайындалып,  қазақ  тілін  білмеуі, 

Дала  өлкесінде  халыққа  пайдасы 

жоқ  крестьян  бастықтардың  көбеюі, 

Дала  генерал-губернаторына  шексіз 

биліктің  берілуі,  заң  шығарушы  ор-

ганға қазақ халқынан өкілдер сайлау 

сияқты  қазақ  халқы  үшін  ең  өзекті 

мәселелер  көтерілді.  Бұл  құжатқа 

12767 адам қол қойған. Қ.қ.-нан кей-

ін қазақ жерінің әр түкпірінде патша 

үкіметіне  көптеген  осы  мазмұндас 

құзырхаттар  жазылды.  Қ.қ.  1920  ж. 

дейін  созылған  қазақ  тарихындағы 

ең  ірі,  ауқымды  ұлт-азаттық  қозға-

лыс – Алаш қозғалысының бастауы 

болды. 

Қарқаралы  уездік  жиылысы 

–  1917  ж.  ақпан  айында  өткізілген 

басқосу.  Бұл  басқосуда,  негізінен, 

оқу  мәселесі  көтерілді.  Ауылнай 

басына бір мектеп ашу, бай мен ке-

дей  балаларының  араласа  оқуы,  өз 


Алаш қозғалысы

264


күшімен  оқи  алмайтын  балаларға 

жәрдем беру және т.б. мәселелер сөз 

етілді. 

Қарқаралы шеруі – 1905 ж. 5 қа-

рашада  Қарқаралы  қаласының  орта-

лық алаңындағы шеру. Бұл шеруді зи-

ялы қауым өкілдері дайындаған. Осы 

кезеңде Ресейде патша үкіметі осы ж. 

17  қазанында  мемлекеттік  тәртіпті 

жетілдіру туралы жариялаған «Қазан 

манифесіне» қарсы шерулер өткізіліп 

жатқан  болатын.  Шеруге  қазақ  ке-

дейлері,  қоныс  аударған  орыс  ша-

руалары,  солдаттар  жалпы  мыңнан 

астам адам қатысқан. Олар «Полиция 

жойылсын!»,  «Шаруа  бастықтары 

жойылсын!» деген ұрандар жазылған 

қызыл  тулар  ұстап  өтті.  Шеру  ми-

тингіге  ұласты.  Халықтың  жаппай 

ереуілге шығып кетуінен үрейленген 

жергілікті билік шеруге шыққандар-

ды тарату үшін арнайы әскер шақы-

ртты. Шеруге Қарқаралыда ұстаздық 

етіп  жүрген  А.Байтұрсынұлы  және 

заңгер Ж.  Ақпаев қатысты. Бұл шеру 

халықтың  самодержавиялық  билік-

ке қарсылығының өте күшті екенді-

гін  және  Қарқаралы  қаласының  сая-

си  оқиғаларға  жақын  тұрғандығын 

аңғартқан тарихи оқиға болды. 

Қарқаралыдағы көк үй – Қарқа-

ралы  қ.-ндағы  ХІХ  ғ.  да  салынған 

Бекметевтердің үйі. «Көк үй» деп ата-

латын  бұл  ғимаратта  ХІХ  ғасырдың 

аяғында  Абай  бірнеше  рет  болған. 

Бұл үйде Құнанбай да болған. Құнан-

байдың Қарқаралыдағы әйгілі мешіті 

осы үйдің жанында орналасқан. Бұл 

«Көк  үйді»  салған  әйгілі  көпес  Х.  

Бекметев пен оның ұлы Хамидолла-

ның  есімі  де  кезінде  кеңінен  белгілі 

болған.  Алаш  қайраткері  Ж.    Ақпа-

ев  осы  үйдің  қызына  үйленген.  Х. 

Бекметевтің баласы М. М. Хамидол-

лаұлы  Алаш  қозғалысына  қатысқан. 

Ол  Алаш  қайраткерлері  Ә.Бөкейхан, 

А.Байтұрсынұлы,  Ж.Ақпаевтармен 

пікірлес  болған  адам.  «Көк  үйде» 

Қарқаралы  қаласына  келген  Ә.Бө-

кейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дула-

товтар  сан  рет  болған.  Алаш  қозға-

лысының  басы  саналатын  атақты 

«Қарқаралы  құзырхаты»  осы  үйде 

жазылған  деген  де  дерек  бар.  Қазір 

музыка мектебі орналасқан бұл үйде 

Абайға,  Алаш  қайраткерлеріне  ар-

налған бөлмелер жабдықталған. 

Қасаболатов  Есенғали  (1889,  б.

Орал о. Калмыков у. Антоновка с. сы 

қ.Тайпақ  ауд.  –  26.02.1938)  –  Батыс 

Алаш-Орда  қайраткері,  алғашқы  қа-

зақ  дәрігерлерінің 

бірі.  Әкесі  Керей 

Антоновка станци-

асындағы  бай  ка-

зактарда 

жал-


шылықта  жүріп, 

казак  қызына  үй-

ленген.  Ол  еті 

тірілігінің арқасында Калмыков у.-не 

қарасты  3  ауыл  маңынан  енші  жер 

алып, шаруашылықпен айналысады. 

Мал бағумен қатар шөп шабатын, ба-

лық  аулайтын,  егін  егетін  дамыған 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

265


шаруашылығы  бар  ауқатты  шаруа 

дәрежесіне  жетеді.  «Керейдің  оры» 

деп  аталатын  атамекен  жұртының 

орны әлі де бар. Қ. 1901 ж. Калмыков 

к. гі орыс-қазақ мектебін бітірді. Со-

дан кейін Орал реальдық әскер учи-

лищесін  (1909  ж.),  училище  жанын-

дағы жоғары оқу орнына түсуге әзір-

лейтін бір жылдық курсты тәмамда-

ды (1910 ж.). Сол ж. Саратов универ-

ситетінің медицина факультетіне қа-

былданды. Студент кезінде мерзімді 

басылымдар бетінде бірнеше мақала-

сымен  көрінді.  Тырнақалды  «Қазақ 

жастарына» деген мақаласында («Қа-

зақ»,  1913,  1  наурыз)  жастарды  ел 

игілігі  үшін  еңбек  етуге,  өнер-білім 

игеруге  шақырды.  «Бас  қосу  тура-

сында бір-екі сөз» мақаласында («Ай-

қап»,  1913,  №20)  қазақ  зиялылары 

арасындағы  жалпықазақ  сиезін 

шақыру  туралы  айтыс,  ел  басқару, 

әкімшілік  іс  жөнінде  өз  ойын  біл-

дірді. «Баспасөзге қарсы» атты өткір 

полемикалық мақаласында («Айқап», 

1914,  №5)  баспасөздегі  сын  мәдени-

еті,  қазақтың  басшы  адамдарының 

арасына  алалық  кіру  себебі  мәселе-

лерін  көтерді.  «Кімге  өкпелеуіміз 

тиіс» мақаласында («Қазақ», 1915, 20 

мамыр) оқып жүрген қазақ жастары-

ның  мұқтаждық  көруін,  бұл  орайда 

жүйелі қамқорлық жасалмай отырға-

нын  сөз  етті.  Қазақ  арасында  етек 

алған  ауру  түрлерінің  алдын  алу 

тақырыбында бірнеше мақала жария-

лады: «Чума» («Қазақ», 1913, №5, 42, 

44),  «Күйік»  («Қазақ»,  1913,  №37), 

«Арақ  пен  темекі  зияны»  («Қазақ», 

1914, № 76, 77), «Көз ауру (Трахома)» 

(«Қазақ»,  1915,  №  116,  118).  «Қазақ» 

газетінің  басқармасы  1914  ж.  1 

нөмірінде  газетті  шығаруға  белсене 

атсалысқаны  үшін  алғыс  айтқан  16 

адамның бірі. 1915 ж. университеттің 

толық  курсын  аяқтап,  «дәрігер» 

атағын алып елге оралды. Калмыков 

у.-ндегі  Жылы-Қоныс  ауылдық-дәрі-

герлік учаскесінде дәрігер болып қы-

змет етті. Бұл жөнінде «Қазақ» газеті 

1915  ж.  25  маусымдағы  нөмірінде 

«Жас  доктор»  деген  шағын  мақала-

мен хабарлады. 1916 ж. қазақтан тыл 

жұмысына  адам  алуға  байланысты 

туындаған 

толқуға 


қатысып, 

алғашқы  кезде  еріктілер  жасағын 

құруға ат салысты. Кейін «Қазақ» га-

зеті бетіндегі түсінік жұмысынан соң 

Алаш 

қайраткерлерінің 



соғыс 

жағдайындағы  Уақытша  үкіметке 

көмектесу  жөніндегі  үндеуін  қолда-

ды,  майдандағы  қазақ  жасақтарына 

бас-көз  болып,  дәрігерлік  көмек  ұй-

ымдастыруға шақыруын қабыл алды. 

М.Дулатов 1917 ж. наурызда «Қазақ» 

газетінде  майданға  шақырылған 

дәрігерлерден  Ә.Алдияров  пен  Е.Қ.

Минскіге  келмек  екендігін  хабарла-

ды. Батыс майданға келгендігі жөнін-

де дәл мәлімет жоқ. 1917 ж. шілдедегі 

І  Жалпықазақ  сиезінде  Ә.Бөкейхан 

бастаған сиез бюросы Құрылтай жи-

налысына  депутаттыққа  қосымша 

атаған 43 кандидаттың тізіміне енді. 

Сол  ж.  жазда  елде  земство  сиезін 

шақыру  жөніндегі  уездік  ұйымда-

стыру  комитетінің  жұмысына  қаты-

сты,  осы  орайда  И.Қашқынбаев,  М.  

Балтанов  бастаған  топпен  арада  ру 

алакөздігінен туған қақтығысқа ара-

ласты.  Қыркүйектен  бастап  Ғ.Әлібе-

ков, Н.Ипмағамбетов, М.-Х.Мырзаға-

лиев,  Ә.Әлібеков  тобына  қосылды. 

Сол  шамада  Ғ.Әлібековтің  қызына 



Алаш қозғалысы

266


үйленді.  1917  ж.  желтоқсандағы  ІІ 

Жалпықазақ  сиезінде  Алаш  автоно-

миясының  Уақытша  Ұлт  кеңесі 

(Алаш-Орда)  мүшелігіне  кандидат 

(мүше орынбасары) болып сайланды. 

1918 ж. қаңтарда Қаратөбеде өткен ІІІ 

Қазақ  Орал  обл.-тық  сиезіндегі  иде-

ялық  емес,  топтық  жікке  бөліну  тұ-

сында  Ж.  және  Х.Досмұхамедовтер 

жақтастарына қарсы шықты. Сиезден 

соң құрылған, құрамына 13 мүше ен-

ген  «Ақ  жол»  саяси  ұйымының 

төрағасы болды. 1918 ж. наурызда өт-

кен Орал обл.-тық жұмысшы, шаруа, 

солдат және қазақ депутаттарының І 

сиезіне қатысты. Сол ж. 29 наурызға 

қараған  түні  М.  Меңдіғазиевтің  пә-

терінде  заңсыз  қару  сақтағаны  үшін 

М.-Х.Мырзағалиев,  Ә.Әлібековпен 

бірге  Казак  Войско  үкіметі  тара-

пынан  тұтқындалды.  Көп  ұзамай 

Жайық  сырты  қазақтары  земство 

управасы  төрағасының  орынбасары 

Кәрім  Жәленовтің  көмегімен  боса-

тылды.  Сол  ж.  жазды  елде  өткізді. 

Б.А.-О. Үкіметі 1918 ж. күзде Самара-

дағы Құрылтай жиналысы мүшелері 

комитеті  (Комуч)  тарапынан  та-

нылып, күшейе бастаған кезде Б.А.-О. 

Қызметіне араласты. 1919 ж. қаңтар-

да Қаратөбе к. де Ойыл обл.-тық зем-

ство  басқармасының  сиезінде  Жым-

питы уездік земство управасы төраға-

сы  Б.Жанқадамовтың  орынбасары 

болып сайланды. Сол ж. тамыз айын-

дағы Қызыл армияның шабуылы тұ-

сында  Алаш  әскер  құрамаларын  то-

лықтыру үшін құрылған комиссияны 

және  жүзбасы  Балғымбаевтың  кон-

вой  командасын  бастап  Жымпиты, 

Калмыков,  Тайпақ  өңірінде  әскерге 

жігіт алу жұмысын жүргізді. Б.А.-О.-

ны  тарату  кезінде  Жымпиты  к.  де 

болды.  1920  ж.  қаңтар  айының  аяқ 

шенінде  Жымпитыға  келген  Б.А-О.-

ны  тарату  жөніндегі  комиссияның 

мүшесі,  Қазәсревком  өкілі  С.Меңде-

шевке  кейін  «Қасаболатов  тобының 

мәлімдемесі» деп аталған мәлімдеме 

тапсырды.  Онда  Б.А-О.  Қызметі 

жөнінде  алғашқылардың  бірі  болып 

неғұрлым толық мәлімет берді. 1920 

ж.  басында  М.-Х.Мырзағалиев,  М.

Жолдыбаевпен  бірге  Ә.Әлібеков 

төрағалық  еткен  Жымпиты  уездік 

ревкомының құрамына кірді. Сол ж. 

20 қаңтарда РК(б)П қатарына қабыл-

данды.  1920  ж.  көктемнен  Орал  гу-

берниялық 

денсаулық 

сақтау 

бөлімінің меңгерушісі. Қазәсревком-



ның  1920  ж.  24  маусымдағы 

шешімімен  құрамына  Чеботарев 

(орынбасар),  Почиталин,  С.Қаратіле-

уов,  Н.Ипмағамбетов,  т.б.  кірген  гу-

батком  құқындағы  Орал  губревком-

ның  төрағасы  болып  тағайындалды. 

Орал обл.-ндағы қазақ интеллигент-

терін  Кеңес  мекемелеріне  жұмысқа 

тарту  жөніндегі  Струппе  төрағалық 

ететін  айрықша  комиссияға  С.Қа-

ратілеуовпен  бірге  мүше  болды. 

Алайда, Қазақ РК(б)П обл.-тық бюро-

сы сол 24 маусым күнгі мәжілісінде 

Қазәсревком  шешімінен  өзгеше 

шешім қабылдап, Орал губкомының 

және  оның  төралқасының  төраға-

лығына  Струппені  бекітті,  Қ.-ты  гу-

бревком  мүшесі  етіп  белгіледі.  Кей-

інірек  Струппе  губревком  төралқа-

сының төрағасы жұмысын, ал Қ. гу-

бревком төрағасы қызметін атқарып, 

екі  шешім  бірқатар  уақытқа  дейін 

қосарланып келді. Сондықтан көпте-

ген құжатта және әдебиетте Қ. Орал 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

267


губревкомы төрағасы деп көрсетіліп 

жүр.  1920  ж.  шілдеде  айтылмыш 

төралқа  шешімімен  сол  ж.  қазанда 

өткен 


Бүкілқазақ 

Кеңестерінің 

Құрылтай  сиезіне  дайындық  комис-

сиясына губревком тарапынан мүше 

болып кірді. Осы сиезде Орал обл. де-

легациясының  ұсынуымен  ҚАКСР 

ОАК мүшесі болып сайланды. Қазақ 

РК(б)П  обл.-тық  комитетінің  партия 

бюросы  пленумының  1921  ж.  3  ма-

мырдағы мәжілісі шешімімен Орын-

борға  қызметке  шақырылды.  1921-

1922 ж. Қазақ РК(б)П обл.-тық коми-

тетінде  жауапты  қызметте.  Осы  ж. 

зайыбы қайтыс болғаннан кейін бел-

гілі  дәрігер,  б.  Б.А.-О.  қайраткері 

Д.Күсепқалиевтің  қызы  Ғайни-Жа-

малға үйленді. 1922 ж. бұрынғы ала-

шордашыларға қарсы науқан тұсын-

да ІІІ Қазақ өлкелік Кеңестер сиезінің 

қаулысымен  қызметтен  босатылды. 

Қазақ  РК(б)П  обл.-тық  комитеті 

төралқасының  1922  ж.  19  қазандағы 

шешімімен, Бақылау комиссиясының 

мақұлдауымен  Ішкі  істер  халық  ко-

миссариатына  жұмысқа  жіберілді. 

1925-1928  ж.  ҚАКСР  Тұтынушылар 

кооперациясының төрағасы. Осы қы-

зметте жүріп кооперациялау тақыры-

бына «К кооперированию казахского 

кочевого  населения»  («Советская 

степь», 1926, 5-қараша) тәрізді бірне-

ше  мақала  жариялады.  1928-1929  ж. 

тәркілеу  және  ауылды  күшпен  оты-

рықшыландыру  науқанына  батыл 

қарсы шықты. Осы үшін «Меңдешев 

тобы құрамында жікшіл күреске қа-

тысты» 

деген 


айыппен 

Ф.И.Голощекин жетекшілік еткен Қа-

зақ  өлкелік  РК(Б)П  комитетінің  бю-

росы 1929 ж. қарашада қызметтен бо-

сатты.  Сол  ж.  желтоқсандағы 

мәжілісінде  өзімен  келісе  отырып, 

Қазақстаннан  тыс  жерге  жіберу 

жөнінде шешім қабылдады. Сәл кей-

ін РК(б)П Орталық комитетінің қара-

уына шақыртылып, одан әуелі Сара-

тов қаласына, соңынан Астрахан қа-

ласына жіберілді. 1930-1931 ж. Астра-

хан  қ.-нда  РК(б)П  аудандық  коми-

тетінің хатшысы, Астрахан округтік 

атқару  комитеті  төрағасының  орын-

басары.  Негізінен  ұлтаралық  қаты-

нас, ұлт мәселесімен айналысты. 1931 

ж. маусым айында жаңадан ұйымда-

стырылып жатқан Алматы медицина 

институтына  қызметке  шақырылып, 

қыркүйекте  осы  оқу  орнының 

тұңғыш  директоры  болып  тағайын-

далды.  Қазақстанда  айтылмыш  оқу 

орны арқылы маман дәрігерлер даяр-

лауды  жүйелі  жолға  қою  ісі  Қ. 

есімімен  байланысты.  Ол  директор 

болған  кезеңде  әзірленген  кадрлар 

арасынан  кейін  академик-эпидемио-

лог  И.Қарақұлов,  академик-вирусо-

лог  Жұматов,  профессор-хирург  Е.

Өмірзақов  тәрізді  білікті  мамандар 

шықты.  «Студент  жастардан  ұлт-

шыл-контрреволюциялық  топ  құр-

ды»  деген  желеумен  1933  ж.  дирек-

торлықтан  босатылды.  1933-1935  ж. 

Алматы  обл.-ндағы  «Қызыл  қайың» 

совхозының директоры. 1935 ж. қазан 

айында РК(б)П қатарынан шығарыл-

ды.  1936  ж.  мамырда  РК(б)П-ға  мү-

шелігі қалпына келтірілді. 1936-1937 

ж.  Қазақ  КСР  Денсаулық  сақтау  ха-

лық комиссариатында экономикалық 

жоспарлау  бөлімінің  меңгерушісі, 

«Главнефть»  тресі  өлкелік  конторы 

басқарушысының  екінші  орынбаса-

ры.  «Нефтьторг»  қоғамының  Қа-



Алаш қозғалысы

268


зақстандағы уәкілетті өкілінің орын-

басары  болып  жүріп,  1937  ж.  29  та-

мызда Алматы қ.-нда ІІХК органдары 

тарапынан  тұтқындалды.  «Мемле-

кеттік қылмыс жасады» деген айып-

пен 1938 ж. 26 ақпанда атылды. КСРО 

Жоғарғы  соты  Әскери  коллегиясы-

ның  1957  ж.  7  желтоқсандағы  ұйға-

рымымен  ақталды.  Соңында  Хұп-

би-Жамал,  Шафхат,  Мара,  Шәміл, 

Бану, Нинель, Нәзір, Раиса есімді ұл-

қыз  қалды.  Республика  Опера  және 

балет  театрының  бұрынғы  әншісі 

Хұпби-Жамал Есенғалиқызы 2001 ж. 

Алматы  қ.-нда  қайтыс  болды.  Жиен 

немерелері  Жеңіс,  Ғалия  мен  Клара 

ата  жолын  қуып,  дәрігер  маман-

дығын игерді.



Қасымов  Мұзарап  –  Ақмешіт 

уезінде туған. Түркістан ұлт-азаттық 

қозғалысының  өкілі.  «Кеңес»  асты-

ртын  ұйымының  мүшесі.  Алашор-

да  әскерінің  офицері  болып,  Ақтөбе 

майданында  қызыл  әскердің  тұтқы-

нына түсіп, атылған.

Қашқынбаев 

Иса 

(Ғайса) 


(15.09.1891  -  б.  Орал.  Губ.  Ілбішін  у. 

Қурайлы б. 3 а. қ. Тайпақ ауд. – ө.ж.б.) 

–  Батыс  Алаш-Орда  қайраткері, 

алғашқы  қазақ  дәрігерлерінің  бірі. 

Әкесі  Таумыш  дәулеттілігіне  қоса 

көзіқарақты  кісі  болған.  1903  ж.  Қа-

расу-Шалқар  болыстық  орыс-қазақ 

мектебін  үздік  бітірді.  1903-1910  ж. 

Орал  реальдық  әскер  училищесінде 

оқыды.  Осы  училище  жанындағы 

жоғары  оқу  орнына  түсуге  мүмкін-

дік беретін қосымша кластың толық 

курсын тәмамдады. (1911 ж.) 1912 ж. 

Орынбор  халық  ағарту  округінің 

сынақ  комитетінде  ер  балалар  гим-

назиясының  8  класы  көлемінде  ла-

тын  тілінен  қанағаттанарлық  бағаға 

емтихан  тапсырып,  сол  негізде  құ-

жаттарын  Мәскеу  университетінің 

медицина  факультетіне  жолдады. 

Мәскеу  университеті  қабылдаудан 

бас  тартқан  соң  сол  1912  ж.  Қазақ 

университетінің  медицина  факуль-

тетіне  түсті.  Орал  обл.-тық  земство 

жиынының  стипендиясына  оқыды. 

1905  ж.  Бірінші  орыс  революциясы 

тұсында  студенттік  толқуларға  қа-

тысты,  татар  М.Уахитов,  чуаш-мары 

Н.В.  Никольский,  В.Н.  Охотников, 

қазақ Н. Залиев, Ә. Имамбаевтармен 

бірге  РСДРП  ұйымының  оқушылар 

ұясына  кірді,  полицияның  жасырын 

бақылауына  ілікті.  Бірінші  дүни-

ежүзілік  соғысқа  байланысты  ІV-V 

курстарды бір ж. экстерн бітірді. 1917 

ж.  Ақпан  революциясынан  соң  Пе-

троград қаласына келіп, саяси оқиға-

ларға  араласты.  І  Бүкілресей  Мұ-

сылмандар  сиезі  қарсаңында  Ресей 

мұсылмандарының  зиялы  өкілдері 

мен  саяси  қайраткерлерінің  арасын-

да  мұсылман  аймақтарының  бола-

шақ мемлекеттік құрылысы жөнінде 

унитарлық  (Ресейден  бөлінбейтін) 

және  федеративтік  түзілім  хақында 

өрістеген  айтысқа  қатысты,  науры-

здың  ортасында  Мұсылман  қайы-

рымдылық қоғамында өткен жиында 

Лутфи  Исхаки,  С.Мәмлиев  сияқты 

татар  зиялыларымен  бірге  федера-

тивтік түзілімді қолдап сөйледі. Елде 

саяси  оқиғалардың  өрістеуіне  орай 

Орынбор  қаласына  келіп,  1917  ж. 

сәуірдің  басында  өткен  Торғай  және 

Орал қазақтарының сиезіне қатысты. 

Сәуір ортасында өткен І Қазақ Орал 

обл.-тық  сиезінің  делегаты.  Сиезді 

құттықтауға келген қазақтың оқыған 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

269


қыздары  –  М.Шәпенова  мен  Қ.-тың 

зайыбы  Ж.  Қашқынбаева  бастаған 

қыз-келіншектер  тобын  сиезден 

шығарып  жіберу  жөнінде  дін  иелері 

мәселе көтергенде қыздар делегация-

сын қызу қорғады. Осы шамада Түр-

кістан  губерниясында  қызмет  етсе 

керек,  себебі,  1917  ж.  шілдеде  өткен 

І  Жалпықазақ  сиезінде  Құрылтай 

жиналысы  депутаттығына  кандидат 

болып М.Шоқаев, Ғ.Мәмбеевпен бip-

гe  Әмудария  бөлімінен  аталды.  Де-

путаттыққа  кандидаттар  тізімін  жа-

саған сиез бюросы «Қазақ» газетінің 

бетінде  оған  «Жас  доктор,  жігерлі, 

білімді, ұлтшыл жігіт» деген мінезде-

ме берді. Шамамен 1917 ж. жазда Орал 

обл.-тық земство управасында, оның 

халық денсаулығын сақтау бөлімінің 

мeңгepyшici А.В. Генкенің көмекшісі 

болып icтeйді. Земство сиезін шақы-

ру  жөніндегі  Жымпиты  уездік  ұй-

ымдастыру  комитетінің  жұмысына 

қатысты.  Осы  орайда  әкімшілік-ау-

мақтық  бөліністі  ру  жігі  бойынша 

жүргүзу көзқарасы салдарынан орын 

алған қақтығыстар тұсында Киев по-

литехника  институтының  түлегі  М.

Балтановпен бipгe Е.Қасаболатов то-

бына  қарсы  шықты.  1917  ж.  желтоқ-

санда  өткен  ІІ  Жалпықазақ  сиезінде 

Уақытша  Ұлт  Keңeci  (Алаш-Орда) 

мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мү-

шесінің  орынбасары)  болып  сайлан-

ды. 1918 ж. қаңтарда Қаратөбеде өт-

кен ІІІ Қазақ Орал обл.-тық сиезінде 

салық  мәселесіндегі  алалық  кезінде 

Ж.  және  Х.  Досмұхамедовтер  то-

бын  қызу  қолдады.  Сол  ж.  мамырда 

Жымпитыда өткен IV Қазақ Орал об-

л.-тық  сиезінің  делегаты,  сиезде  жа-

сақталқан Ойыл уәлаятының Уақыт-

ша үкіметіне мүше болып сайланды. 

Обл.-тық земство жанындағы үкімет 

мүшесі  ретінде  әскери  құрам  жа-

сақтау,  халыққа  дәрігерлік,  тұрмы-

стық  қызмет  көрсету  меселелерімен 

шұғылданды.  1918  ж.  желтоқсан-

дағы  Жымпиты  Алаш  гарнизоны-

ның  бас  көтеруі  кезінде  өткізілген 

Б.А-О.  үкіметі  мен  обл.-тық  земство 

басқармасының  төтенше  мәжілісіне 

қатысты.  Бас  көтеруден  соң  әскери 

құрамаларды зиялы топ өкілдері мен 

ел ішіндегі сыйлы адамдардың бала-

ларынан жасақтау, сапалық тұрғыдан 

жақсарту шараларын қолдады. Б.А-О. 

тізе  бүккеннен  кейін  оның  белсенді 

үкімет  мүшелері  арасынан  Ж.  және 

Х.Досмұхамедовтермен  бipгe  бөліп 

алынып,  1920  ж.  ақпан  айының  ба-

сында  Орынбор  арқылы  Мәскеуге 

жөнелтілді.  Маусым  айында  Кеңес 

басшылығына  табыс  етілген  Б.А-О. 

үкіметінің  қызметі  туралы  хат-ба-

яндаманы  әзірлегендердің  бipi.  Сол 

ж. 3 маусымдағы БОАК қаулысымен 

Қазәсревкомға  қызметте  пайдалану 




1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал