Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет36/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69

Алаш қозғалысы

256


Қаратаев Бақытжан Бәйсәліұлы 

–  (10.05.1863,  қазіргі  Орал  обл.  Қа-

ратөбе  ауд.  Ақбақай  а.  –  26.08.1934, 

Ақтөбе қ.) – көрнекті заңгер, мемле-

кет және қоғам қай-

раткері,  ағартушы, 

демократ. Орынбор 

гимназиясын  үздік 

бітіріп, 

Импера-


торлық  Санкт-Пе-

тербург  универси-

тетінің заң факуль-

тетін кіші алтын медальмен бітірген 

(1890) соң Әділет министрлігінің құ-

зырына  кіргізіліп,  басқарушы  сенат-

тың  екінші  департаменті  шенеунігі 

қызметіне  қалдырылды.  1891  ж.  сот 

тергеушісі  лауазымына  тағайында-

лып, Кутансиге жіберілді. Грузиядан 

еліне 1897 ж. оралды. Орал обл.-нда 

адвокат  болып  істеді.  1907-1916  ж. 

ағартушылық  жұмыстарымен  айна-

лысты.  «Қазақстан»,  «Айқап»  жур-

налын  шығаруға  атсалысқан.  Қазақ 

халқының  өз  жер-суына  өзі  ие  болу 

құқын  қорғауда  Қ.  екі  мемлекетпен 

Дума  мүшесі  ретінде  айрықша  бел-

сенділікпен  күресті.  Ішкі  Ресейден 

ағылған  көшіқонның  шұғыл  тоқта-

тылуын  талап  етті.  Думанның  1917 

ж. 16 мамырда өткен мәжілісінде қа-

зақ халқының мүддесін қорғап, қай-

та  қоныстандыру  саясатының  «ша-

руашылық өздерін де, қазақтарды да 

қатты  қинау»  жолымен  жүзеге  асы-

рылатынын ескертті. Қ. «Қазақстан» 

газетінің  (1911-1913)  идеологиялық 

бағыт-бағдарын  айқындауына  тіке-

лей  жәрдемдесті.  «Айқап»  журна-

лының  (1911-1915)  беделді  авторла-

рының  бірі  ретінде,  оның  заман  та-

лабына  сай  жаңару,  даму,  өркендеу 

шарттарын  уағыздаған  демократи-

ялық  мазмұнын  аша  түсуге  атсалы-

сты.  Ресей  патшасының  1916  ж.  25 

маусымдағы  бұратаналарды  май-

данның  қара  жұмысына  алу  туралы 

жарлығынан кейін Қ. «Қазақтар жай-

ындағы  естелік  жазба»  атты  құжат 

әзірлеп  (Жанна  Сейдалинмен  бірге), 

Петроградқа  сапар  шекті.  4  мемле-

кет  Дума  төрағасы  мен  Соғыс  ми-

нистрлігіне  тапсырылған  бұл  хатта 

жарлық шығару мен оны жариялауда 

заң тәртібінің бұзылуына жол беріл-

мегендігі, сондай-ақ жергілікті әкім-

дердің оның мәнісін халыққа өз мағы-

насында дұрыс жеткізе алмағандығы 

әшкереленді.  Монархия  құлағаннан 

кейін  Қ.  большевиктер  партиясына 

кіреді  (мамыр,  1917),  Орал  обл.-нда 

Кеңес  өкіметін  орнатуға  атсалысты. 

Орталық  ағарту  комитетінің  заң 

істері  комиссары  болып  сайланды. 

1918 ж. көктемінде-ақ қазақтар Орал 

қ.-нда төңкеріс жасап, обл.-тық кеңес 

атқару комитетінің өзге мүшелерімен 

қатар  оны  да  тұтқынға  алды.  Тоғыз 

айдан соң қызылдылар Оралды азат 

еткенде,  өлім  жазасынан  құтқа-

рылып,  түрмеден  босатылды.  Ақтө-

беде халық алдында БК (б) П Қазөл-

комының  бірінші  хатшысы  Ф.И.  Го-

лощекинге  қарсы  шығып,  халықты 

қырған,  аштыққа  ұрындырған  қыл-

мысын  бетіне  басты.  Сол  нәубеттен 

ұзамай, өзі де дүние салды. 



Қаратілеуов  Сәлімгерей  (1887 

ж.т.,  Гурьев  у.  –  26.  Ә  Ә.  1938ж)  – 

Алаш партиясының; Батыс Алаш-Ор-

даның  белсенді  мүшесі,  арнаулы 

білімді алғашқы қазақ агрономдары-

ның бірі. Қазан революциясына дейін 

Саратов  қ.  Маңындағы  Марийнск 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

257


ауылшаруашылық мектебін бітірген. 

Саратов  ауылшаруашылық  институ-

тында  оқыды.  Ақпан  революция-

сынан  соң  оқуын  аяқтамастан  Орал 

қаласына  келіп,  Уақытша  обл.-тық 

қазақ  комитетін  құруға  атсалысты. 

1917  ж.  сәуірде  өткен  І  Қазақ  Орал 

обл. сиезінде Орал обл. Қазақ коми-

тетіне  мүше  болып  сайланған  20 

адамның  бірі.  Сиез  шешімімен  жер-

гілікті басқару органы – Жайық сыр-

тын басқару жөніндегі әлеуметтік ко-

митет  таратылғаннан  кейін  ауыл 

старшындарынан, учаскелік крестьян 

бастықтарынан  тұратын  бұрынғы 

бюрократтық  басқару  жүйесінің  ор-

нына  алқалық  халықтың  басқару 

жұйесін енгізу ісіне белсене қатысты. 

І Обл.-тық сиездің осы жөніндегі қа-

рарына орай сол ж. маусымда Ойыл 

жәрмеңкесінде  жиналған  ІІ  Қазақ 

Орал  обл.-тық  сиезі  аясында  өткен 

Обл.-тық  қазақ  комитеті  мүшелері 

жиналысында  Обл.-тық  қазақ  упра-

васын  сайлаушылардың  бірі.  Қазақ 

ауылдары  мен  казак  станциалары 

арасындағы  шиеленісті  жер  мәселе-

сін  шешу  мақсатында  құрылған, 

құрамына 

Войсколық 

казак 

үкіметінің  төрағасы  Фомичев,  Об-



л.-тық  Қазақ  комитетінің  мүшесі  Х.

Досмұхамедов,  агроном,  генерал 

Иванаев,  бұрын  әскери  губернатор 

жанындағы  айрықша  тапсырмалар 

жөніндегі  чиновник  болған  Блукет, 

агроном  М.-Х.Мырзағалиев  енген 

Жер одағы комитетінің мүшесі. Жер 

мәселесін  Құрылтай  жиналысы 

арқылы  шешуді  қолдады.  1917  ж. 

шілдеде өткен І Жалпықазақ сиезінде 

Орал  обл.-нан  Құрылтай  жиналысы 

депутаттығына кандидат болып бел-

гіленді. Сол ж. күзде Облқазақуправа 

күшімен жүргізілген обл.-тық, уездік 

және болыстық земство мекемелерін, 

уездік земство гласныйларын (сайла-

ушыларын)  сайлау  ісін  ұйымдасты-

рушылардың  бірі,  обл.-тық  земство 

басқармасының  мүшесі.  Обл.-тық 

земство  басқармасы  төрағалығына  

Х.Досмұхамедовпен  бірге  баламалы 

негізде сайлауға түскен Ғ.Әлібековтің 

кандидатурасын  қолдады.  Обл.-тық 

гласныйлар  арасында  осы  сайлауда 

басталған  жік  Қаратөбеде  өткен  ІІ 

Қазақ Орал обл.-тық сиезінде салық 

мәселесіне орай ұлт зиялыларын екі-

ге  бөлген  кезде  Х.Досмұхамедовке 

наразы  топ  құрамында  болды.  Бірақ 

земство қызметі мен Алаш-Орда сая-

сатының негізгі бағытынан айныған 

жоқ.  Е.Қасаболатов,  Ә.Әлібековтер 

құрған  «Ақ  жол»  тобына  қосылға-

нымен,  олармен  бірге  Оралға  қайт-

пастан, 1918 ж. наурызда Н.Ипмағам-

бетов,  А.Кенжин  үшеуі  Темір  қала-

сына келіп, уездік земство басқарма-

сын құруға қатысты. Уездік земство 

гласныйлары  жиналысында  майдан-

нан қайтқан орыс солдаттарының қы-

сымымен Земство басқармасына қоса 

құрылған  уездік  атқару  комитетінің 

төрағасы  болып  сайланды.  1918  ж. 

жазда  ақ  казактардан  қашып  келген 

Ә.Әйтиевті  паналатты,  М.  Шоқайды 

Жұрын,  Темір  арқылы  Жымпитыға 

өткізу  ісін  ұйымдастырды.  Соңғы 

қайраткерді  дәнекер  етіп,  Досмұха-

медовтермен  ымыраласуға  ниеттен-

ді. Сол ж. жазда Темір уездік атқару 

комитетіндегі  большевиктерге  ниет-

тес  топтың  күш  салуымен  земство 

саясатын  жүргізгені  үшін  уездік  ат-

ком  төрағалығынан  босатылды. 



Алаш қозғалысы

258


Большевиктердің  Фогель  басқарған 

«Тарбо»  отряды  земство  қайраткер-

лерін  қамауға  ала  бастаған  кезде  А.

Кенжинмен  бірге  Алаш-Орданың 

Торғай  бөлімшесіне  келді.  А.  О. 

үкіметінің  Орал  қ.-ндағы  Әскери 

кеңесіне  мүше  болды.  А.Кенжин, 

А.-Х.Жүндібаевтармен  бірге  Торғай 

бөлімшесі  әскеріне  жігіттер  алатын 

комиссияда  жұмыс  істеді.  4  Торғай 

Алаш полкі құрамында отряд басқа-

рып,  Қостанай,  Торғай  даласындағы 

ұрыс қимылдарына қатысты. 1918 ж. 

желтоқсанда  А.Байтұрсынов  тобы-

ның Кеңес жағына өту әрекеттеріне, 

Торғай  полкіндегі  Сібір  үкіметінің 

өкілі  генерал  Дашков  пен  әскери 

нұсқаушыларды  қамауға  алу  опера-

циясына  қатысты.  1919  ж.  көктемде 

Торғай қ.-ндағы А.Иманов басқарған 

Қызыл  армия  бөлімшесі  мен  Алаш 

полкінен  құрылған  біріккен  отряд 

құрамында  болды.  Кейін  Кеңес 

өкіметі тарапынан Торғай оқиғалары 

кезінде  А.Иманов  пен  Таранды  өл-

тіруге қатысты деген айып тағылды, 

бірақ  Қ.-тің  бұл  оқиғаға  қатысқаны 

жөнінде  нақты  дерек  жоқ.  1919  ж. 

күзінде Батыс Алаш-Орданың шақы-

руымен  Орал  жеріне  қайтып,  аз 

уақыт Ойыл түрмесінде отырды. Гу-

рьевке  айдалып  бара  жатқан  М.Ип-

мағамбетовпен  бір  абақтыда  болды. 

Кешікпей босатылып, 1919 ж. аяғын 

ауылда өткізді. 1920 ж. басында Орал 

қаласына келіп, Кеңес қызметіне ара-

ласты.  Орал  губкомының  1920  ж. 

ақпандағы шешімімен Кирпичников, 

Финогенмен бірге Ойылға жіберіліп, 

Б.А-О. дүние-мүлкін, құжаттарын қа-

былдап  алу,  Ойыл,  Қызыл-Қоға 

өңірін  кеңестендіру  ісімен  айналы-

сты.  Ойыл  у.-не  Қазәсревком  өкілі 

болып келген Ғ.Әлібековке жергілікті 

қазақ  ауылдарымен  арада  байланыс 

орнатуда жәрдем көрсетті. 1920 ж. на-

урызда  Ғ.Әлібеков  Түркістан  майда-

ны  РӘК-інің  уәкілетті  өкілі  Лежа-

ва-Мюратқа  Қ.  жөнінде  «Мінезі  қы-

зуқанды,  бірақ  еті  тірі,  техникалық 

жағынан дайындығы мол» деген мі-

нездеме бере отырып, Өлкелік коми-

тетте  қызметке  пайдалану  жөнінде 

ұсыныс жасады. 1920 ж. дан. Комму-

нистік  партия  мүшесі.  Лежава-Мю-

раттың  кепілдемесімен  1920  ж.  мау-

сымда  Орал  губкомының  құрамына 

енді. Осы ж. аяқ шенінде Орал губер-

ниялық  жер  басқармасының  меңге-

рушілігіне тағайындалды. 1921-22 ж. 

ашаршылықта 

губернияның 

ұлан-ғайыр  жерінде  жаппай  тұқым 

себу науқанын табыспен жүзеге асы-

рды, ауылшаруашылық зиянкестерін 

жоюда  қажырлы  еңбектің  үлгісін 

көрсетіп,  зиянкестерге  қарсы  күре-

сетін  губерниялық  «үштіктің»  жұ-

мысына  белсене  қатысты.  1922  ж. 

жазда Гурьев у.-нде шегірткеге қарсы 

күрес  ісін  ұйымдастырды.  Орал  гу-

берниясы  бойынша  агрожүйе  жа-

сақтау,  учаскелік  агрономия  енгізу 

жөнінде бастама көтеріп, оны жүзеге 

асырды  –  өңірде  агроучаскелер 

ашылып, тұқымдық дән несиеге сол 

учаскелер  арқылы  берілетін  болды. 

Бұрынғы  ауылшаруашылық  учили-

щесін,  ауылшаруашылық  тәжірибе 

стансасын  қалпына  келтірді.  Орал 

ауылшаруашылық стансасы көп ұза-

май  ел  көлемінде  үшінші  орынға 

шықты. Сонымен қатар Орал жерін-

де келешек асыл тұқымды рассадни-

ктерге  негіз  болған  асыл  тұқымды 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

259


мал  басын  сақтап  қалу  ісі  де  Қ. 

есімімен  байланысты.  1922  ж.  күзде 

РК(б)П Қазақ обл.-тық комитеті пре-

зидиумы  А.Кенжин  екеуінің  А.  О. 

құрамындағы қызметіне байланысты 

мәселе  қаралды.  Президиум  А.Кен-

жинді  қызметтен  босатып,  ал  Қ.-ны 

бұрынғы  қызметінде  қалдыруға  бо-

лады деген шешім шығарды. 1923 ж. 

Мәскеуде РК(б)П Орталық Комитеті 

ұлт  республикалары  мен  обл.-тар-

дағы  басшы  қызметкерлерді  жинап 

өткізген  мәслихат-кеңеске  қатысқан 

Қазақстан  өкілдерінің  бірі.  Л.Каме-

нев,  В.Куйбышев,  Л.Д.Троцкий,  М.

Сұлтанғалиев,  Т.Рысқұлов,  С.Қожа-

нов  т.б.  қайраткерлер  қатысқан  мәс-

лихат-кеңесте Орал губерниясы бой-

ынша  нақты  мысалдар  келтіре  оты-

рып,  Қазақстандағы  бөгде  ұлт  өкіл-

дерінің  қазақ  тіліне  менсінбей  қара-

уы, ұлт тіліндегі мерзімді баспасөздің 

аз  тарауы,  қазақ  мектептерінің 

тапшылығы жөнінде өткір мәселелер 

көтерді. 1924 ж. жазда Қазақ обл.-тық 

партия комитеті қарамағына өлкелік 

деңгейде  жұмыс  істеуге  жіберілді. 

Сол ж. желтоқсаннан бастап Жер ха-

лық  комиссариатында  істеді.  Қазақ 

өлкелік партия комитетіне мүше бо-

лып сайланды. 1925 ж. наурызда Өл-

келік  партия  комитеті  бюросында 

Қазақстанда  жерге  орналастыру 

мәселесі  бойынша  жан-жақты  баян-

дама  жасап,  жаппай  жерге  орнала-

стырудың  он  жылдық  жоспарын 

ұсынды. Қазақ ауылдары қарамағына 

қоныс 


аударушылар 

иелігінен 

ауысқан  жер  үлесін  мемлекет  қара-

мағына  бірден  алмай,  бірте-бірте 

көшіру, жерге орналастыру барысын-

да байырғы халыққа жеңілдік жасап, 

несиелеу  жүйесін  қолдану  қажет 

екендігін  дәлелдеді.  Қазақөлкеком 

бюросы  1925  ж.  желтоқсанда  жерге 

орналастыру  жұмыстарын  орта-

лықтандырып,  жерге  орналастыру 

аппаратын  Орталық  Жерге  орнала-

стыру  басқармасы  етіп  қайта  құру 

жөніндегі  Қ.  ұсынысын  қабылдады. 

1925  ж.  Каширин,  Мырзағалиевпен 

бірге  Қазақстанның  солтүстік  ау-

мағын  межелеу  комиссиясына  еніп, 

Орынбордағы киноқондырғыны, Ор-

талық кітапхананы, жылқы зауытта-

рын Қазақстанға беру мәселелерімен 

шұғылданды. 1926 ж. күзде Өлкелік 

партия 


комитеті 

бюросының 

мәжілісінде  А.Кенжинмен  бірге 

бұрынғы Б.А-О.қайраткерлерінің бірі 

А.  Кенжәлиевті  қудалаудан  араша-

лап,  Жер  халкомының  Жер  дауы 

жөніндегі  айрықша  комиссиясының 

төрағасы қызметіне жіберткізді. 1927 

ж. наурызда Орталық Жерге орнала-

стыру басқармасының төрағасы қыз-

метінен  босатылып,  Өлкелік  партия 

комитеті  бюросының  шешімімен 

Халкомкеңесі  қарамағына,  Мемле-

кеттік Жоспарлау комитеті Су-мақта 

шаруашылығы  секциясының  меңге-

рушілігіне жіберілді. Мемжоспкоми-

теті Президиумының мүшесі болды. 

1928  ж.  наурыздан  Темір  ауылшару-

ашылық  тәжірибе  стансасының  ди-

ректоры. Осында бұрынғы эсер, бел-

гілі  ғалым-агроном  М.И.Сириуспен, 

Орал өңіріндегі Сламихин мекенінің 

негізін  салушы  бай  казак  тұқымы, 

селекционер Овчинниковпен қызмет-

тес  болды.  1929  ж.  ІІХК  тарапынан 

қамауға  алынды.  1930-1937  ж.  ара-

лығында  Темір  тәжірибе  стансасын-

да,  Алматы  обл.-ндағы  «Дегерес» 



Алаш қозғалысы

260


асыл  тұқымды  жылқы  зауытында 

директор.  Ұлтшыл  және  А.  О.  қыз-

метіне  қатысқанын  жасырды  деген 

айыппен  партия  қатарынан  үш  рет 

шығарылды. 1937 ж. Дегерестегі үй-

інде  Ауылшаруашылық  комиссариа-

тының 

мақта 


шаруашылығы 

бөлімінің  бастығы  Ғ.  Мұртазинмен 

бірге қазақша ән айтқаны үшін «А.-

О.  әнін  шырқаушы  ұлтшыл»  деген 

айыппен  ұсталды.  КСРО  Жоғарғы 

Соты Әскери коллегиясының қаулы-

сымен 1938 ж. 26 ақпанда атылды. За-

йыбы  Анна  Семеновна  Қаратілеуова 

екеуінен  Әлімхан  және  Сара  есімді 

ұл-қыз  қалды.  Қазақ  Политехника 

институтын  геолог-барлаушы  ма-

мандығымен  бітірген  Әлімхан  1942 

ж.  Мәскеу  түбінде  қаза  тапты.  Сара 

да  айтылмыш  оқу  орнын  геолог  ма-

мандығымен бітірген, Алматы қ.-нда 

тұрады.


Қараш Ғұмар 1875 ж. Ішкі Бөкей-

ліктің  (қазір  Батыс  Қазақстан  обл. 

Жәнібек а.) – көрнекті Алаш қайрат-

кері,  діндар-ақын.    Қырқұдық  Ауыл 

молдасынан 

хат 


танығаннан  кей-

ін, 


Жалпақтал-

дағы  Ғ.Ғәлікейұлы 

ұстаған  медреседе 

оқиды.  1902-1910 

ж. жиған білімімен 

ауылында,  Тілен-

шісайда  жәдитше  бала  оқытады. 

Сол  шамада  әйгілі  Шәңгерей  Бө-

кейұлының  шақыруымен  Көлбор-

сыға  мұғалім  болып  келеді.  Жаңа-

лыққа  жаны  құмар,  имандылық  пен 

дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қа-

лыптастыруға себепші болады. Қай-

раткер 1907 ж. бастап татар және қа-

зақ тіліндегі мерзімді басылымдарға 

мақала жариялай бастайды. 1911-1913 

ж.  алғаш  Ордада,  кейін  Оралда  ба-

сылған  «Қазақстан»  газетін  шыға-

рысуға,  оның  саяси-мәдени  әлеуетін 

көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қа-

зақтың  саяси  көзін  ашатын,  рухани 

байытатын «Ойға келген пікірлерім», 

«Бала  тұлпар»,  «Аға  тұлпар»,  «Қар-

лығаш»,  «Өрнек»,  «Тумыш»,  «Бәдел 

қажы»  атты  кітаптар  жарияланды. 

Ол Ғабдолла Мұштақ (Алланың зер-

делі  құлы)  атты  бүркеншікпен  «Ай-

қап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетіне 

мақалалар  жазып  тұрды.  Орынбор-

да  «Шайыр...»  және  «Көксілдер...» 

атты  жинақ  шығарды.  Қ.  –  ұлт  иде-

ясын  көтеру  мен  елшiлдiк  мәселе-

сiн  талдап-таразылауды  бiрiздi  және 

жүйелi  жазған  қаламгер.  Ол  ХІХ  ғ. 

-  да  мұсылмандық  Шығысқа  ерек-

ше  серпін  берген,  тіпті  Қазақ  дала-

сындағы  Абай  сынды  даналардың 

рухани  ниеттесіне  айналған  Мысыр 

мүфтиі М.  Абдо мен пәлсапашы Ж.  

Афғани  реформаларынан  хабардар 

едi. Мысалы, ол «Ойға келген пiкiр-

лерiм»  атты  фәлсафалық  еңбегiнде 

(1910)  Мысырда  оқыған,  бiрақ  iзден-

гiсi келмеген бiр мұғалiмге: «Рух ту-

ралы  төрт  кiтап  оқығаннан  гөрi,  М.  

Ғабдудың (Абдо – Д.Қ.) Бахра сүресi 

туралы  тәфсiрiн  оқығаның  дұрысы-

рақ шығар», – деп айтқанын жазады. 

Әлбетте,  Қ.  бұл  жерде  басты  ислам 

кiтаптарын  оқыма  деп  тұрған  жоқ. 

Оның айтпағы – канондарды таптау-

рын етпей, тазарту һәм тарату тура-

сында болып отыр. Осы ретте рухты 

оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген 

Қ.-тың ойлары аса бағалы. Санаткер 

«Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

261


«Адамдар әр ісінде Алланың көрсет-

кен жолымен жүрмесе, яғни себебіне 

кіріспесе,  ыждағат  етпесе,  ғылым-ө-

нер  үйреніп,  орнына  қолданбаса,  ол 

адам  иман  келтіріп,  бойұсынған  бо-

лып шықпайды. Бұл екпей егін күту 

һәм  әкесіз  перзент  үміт  ету  секілді 

нәрсе», – дейді. Бұрынғы-кейінгі қа-

зақ шындығын осы қағидатпен сарап-

тап жіберсек, «әй, қап!»-қа үн қосып 

жіберетін  жағдайымыз  жоқ  та  емес. 

Мұны  Қ.  да  жақсы  аңғарса  керек, 

аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау 

халықтардың  ақырында  көрешегі  өз 

алдына,  дүниеде-ақ  бек  ащы  жаза 

тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, 

ғылымды  елдерге  құл  болады.  Қара 

басының  билігі,  ықтияры  болмай-

ды.  Адамдар  ретінде  кіре  алмайды, 

хайуан  деуге  сорты  келмейді.  Екі 

аралық  жануар  ретінде  аяқ  астында 

тапталып,  күні  мен  дінінен  бірдей 

айырылып, ғақпетінде әлек болады», 

  деп  жазады.  Мұндағы  «ғақпет»  – 

өмірдің сын сәті деген мағына береді. 

Ағартушының  пайымынша,  ұлттың 

күйреуі  –  оны  сақтай  алмағандар-

дың ісі ретінде бағаланып, олар Жа-

ратқан алдында күнәсіне қарай жаза 

тартады.  Қайраткер-ақынның  ұлт 

бірлігіне қатысты да айрықша ойла-

ры бар. Бұл орайда Ж.Афғани пайы-

мына  сүйене  отырып  айтқан  Қ.-тың 

мына пікірі аса маңызды деп білеміз: 

«Әрбір адам сол милләттің бір ағзасы 

болғандығы  үшін  өзіне  тиіс  болған 

өнер сүнғатты біліп, дәйім милләтке 

пайда  келтіріп,  оның  арқылы  өз  ба-

сының  тірлігін  сақтауға  міндетті». 

Мұны бүгінгі танымға түсінікті етіп 

айтсақ, мемлекет халқы бір организм 

(ағза), бір ұлт болып, елді көтеретін-

дей кәсіппен айналысуы қажет. Осы-

ның  нәтижесінде  қоғамның  әрбір 

мүшесі  өз  орнын  анықтайды.  Бұл 

қағидаттың адамзат дамуына ешқан-

дай қайшылығы жоқ. Елiн, жерiн аса 

қадiрлеген,  сол  үшiн  азаматтықта 

да,  ақындықта  да  аянып  қалмаған 

Қ. адамзат пен ұлтқа ең дiлгiр қаси-

ет  ретiнде  ар-ожданды  атайды.  Та-

тардың «Шора» журналында 1911 ж. 

жарияланған «Ар-ождан – сенiм өл-

шемi»  атты  мақаласында  ол:  «Әрбiр 

жағдайда ар-ождан биiк тұруы керек. 

Сонда ғана оның қасиетi жоғары бол-

мақ»,-деп  жазады.  Әлбетте,  Қ.  сыны 

– ұлтқа шын жаны ашыған адамның 

сыны.  Оның  елге,  замандастарына 

айтқан  ақылын  да  осы  өреде  түсі-

неміз.  Заманаға  шынайы  көзбен  қа-

райтын  ақын:  «Дүниеде  не  арзан?» 

деп  сұраушыға  «Біздің  қазақ  жігіт-

терінің  ғұмыры»  деп  жауап  берілсе, 

бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл 

пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де 

көкейкесті  естіледі.  Қайраткер  1916 

ж.  бөкейліктер  атынан  Петерборға 

барып, Астрахан қазағы басып алған 

жерді және тиесілі жерді қазаққа ор-

нымен бөліп бер деген өтініш хатты 

бас  министрге  тапсырады.  1917  ж. 

Ордада  өткен  Бөкей  қазақтарының 

сиезіне қатысады. 1917-1919 ж. Алаш 

қозғалысына  белсене  араласады. 

Алаш  партиясы  құрылатын  бірінші 

жалпықазақ сиезінің де, Алаш авто-

номиясы  жарияланатын  екінші  жал-

пықазақ  сиезінің  де  ұйымдастыру 

және  өткізу  жұмысына  белсене  қа-

тысады. Өмірлік мәселелер мен діни 

ахуалды  күн  тәртібіне  қойған  Ала-

шорда  үкіметі  –  Ұлт  кеңесі  анықта-

латын екінші сиезде қази болып сай-



Алаш қозғалысы

262


ланды. 1918 ж. Ордадағы педагогика 

техникумында  сабақ  береді.  Сол  ж. 

қыркүйекте  Бөкей  губерниясының 

мұғалімдер  сиезіне  қатысады.  1918-

1920  ж.  губерниялық  кеңестердің 

төрт  сиезіне  делегат  болады.  Мұнда 

мағыналы  сөз  айтады.  1919  ж.  Бө-

кей  губаткомында  істейді.  Ордада 

ұйымдастырылған  айына  екі  рет 

шығатын  «Мұғалім»  атты  журнал-

ды  шығарушылар  алқасына  кіреді. 

Ол осы журналда «Педагогика» атты 

еңбегін жариялайды. 1919 ж. «Дұры-

стық  жолы»  газетінің  алқа  мүшесі 

әрі тілшісі болады. 1920 ж. маусымда 

Бөкейдің  ІІ  губерниялық  парткон-

ференциясында  губкомның  пленум 

мүшесі, ал сол жолы І пленумда губ-

комның  үгіт-насихат  бөлімінің  мең-

герушісі болып сайланды. Қайраткер 

жаңа  қоғам  жұмысына  белсене  ара-

ласып,  халық  қамқоршысы  ретінде 

танылды.  Сөйткен  тұлға  1921  ж.  12 

сәуірде  Құнаншапқан  деген  жерде 

қашқын әскерилер қолынан қапияда 

мерт болды.



Қарашығанақ уездік сиезі – 1917 

ж. 15 наурызында Қарашығанақта өт-

кен сиез. Сиезге жиналғандар елдегі 

қоғамдық-саяси оқиғалар мен өзгері-

стерге  мән  берді  және  ұлт-азаттық 

қозғалыстың  өрістеуі  үшін  «Қазақ» 

газетін аптасына үш рет шығару ке-

рек деген шешім айтты. 



Қарқара  көтерілісі  –  Қазақстан-

дағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің 

Жетісу  обл.-ндағы  орталығы.  Кей-

бір  мұрағат  құжаттарында  «Албан 

көтерілісі»  деп  аталады.  1916  ж.  25 

маусымдағы  патша  жарлығы  кө-

терілістің  шығуына  түрткі  болды. 

Қарқара-Жетісу  обл.-ның  жаркент 

у.-не  қарайтын  жайлау  атауы  және 

әйгілі  халықаралық  жәрмеңке  орта-

лығы,  16  болыстан  тұратын  албан 

тайпасының  13  болысы  Жаркент 

у.  қалған  үшеуі  Верный  у.-не  қара-

ды.  6  шілде  күні  13  болыс  өкілдері 

Ақбейіт  тауында  жиналып,  патша 

жарлығын  орындамауға  баталасты. 

Шілденің 10-ы күні жәрмеңкеден он 

шақырым  Ұ.Саурықовтың  ауылын-

да Құрман, Мерке, Шілік, Торайғыр, 

Сарыторғай,  Қоңырбөрік,  Қожбан-

бет, Бөдеті, Алжан, Айт болыстары-

ның басшылары мен басқа да беделді 

адамдары  майдан  жұмысына  адам 

бермейміз деп келісті. Он күн өткен-

нен  кейін  казак-орыс  жасағын  алып 

келіп,  «Ереуілтөбеде»  болғандарды 

түгелге  жуық  тұтқындап,  Қарақол 

қ.-ндағы түрмеге қамады. Түрме бас-

шылары  ереуілшілердің  ақсақалы 

Мәмбетұлын у беріп өлтірді. Жазалау 

әрекеттері көтерілісті бірден баса ал-

мады.  Қыркүйектің  аяғы  мен  қазан-

ның басында патша жазалаушылары 

көтерілісшілердің  негізгі  күштерін 

талқандады. Олар көтерілісшілермен 

қоса  бейбіт  халықты  да  қырғынға 

ұшыратты. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет