Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет35/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69

Қазақ комитеттері – Ақпан төң-

керісінен кейін облыстарда және кей-

бір  уездерде  құрылған  комитеттер. 

Бұл  комитеттер  қалыптасқан  кезең-

дегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, 

негізгі мақсаты – мемлекеттік еркін-

дікке ұмтылысының табиғи көрінісі, 

ұлттық  мемлекет  болуға  жасаған 

алғашқы қадамы-тын. 1917 ж. 11 на-

урызында  облыстық  Қазақ  комитет-

тері  Семейде  (төрағасы  Р.Мәрсеков) 

және Омбыда (төрағасы Е.Итбаев), ал 

осы  айдың  соңына  қарай  Алматыда 

(төрағасы И. Жайнақов) жұмыс жасай 

бастайды. Наурыз айының ортасына 

қарай  Торғай  облыстық  Азаматтық 

комитеті  құрылып,  оның  құрамы-

на  енгендердің  арасында  А.Байтұр-

сынұлы,  Н.Бегімбетов,  С.Кәдірбаев 

және  М.Тұнғашиндер  болды.  Жаңа 

қалыптасқан  саяси  жағдайда  қазақ 

қоғамының  бастаушы  саяси  күші-

не  айналған  қазақ  демократиялық 

интеллигенциясына  күн  тәртібін-

де  тұрған  өзекті  мәселелерді  жалпы 

ұлттық  деңгейде  жинақтап,  белгілі 

бір  тұжырымдарға  келіп,  бүкілре-

сейлік  Құрылтай  жиналысына,  келе 

жатқан  түбегейлі  өзгерістерге  да-

ярлық  жасау  керек  еді.  Мұндай  жұ-

мысты іске асырудың тиімді құралы 

түрлі  деңгейде  жиналыстар,  сиездер 

өткізу болатын. «Қазақ» газеті өзінің 

1917  жылғы  9  наурыздағы  санында 

жол  қатынасының  ауырлығы  мен 

уақыттың тығыздығына байланысты 

тез арада жалпы қазақ сиезін шақыру 

мүмкін еместігін айтып, «әуелі, қазір-

гі болған өзгерістердің мақсат, мағы-

насын  түсіну  үшін,  екінші,  учреди-

тельное  собраниеге  лайық  адамдар» 

белгілеу мақсатында алдымен облы-

стық немесе облысаралық сиездер өт-

кізуді ұсынып, оған болыс басына ең 

аз болғанда екі адамнан өкіл жіберу 

керектігін  білдіреді.  Жаңа  құрылған 

Қазақ  комитеттері  наурыз  айынан 

бастап-ақ  ол  сиездерді  өткізуге  дай-

ындық жасай бастайды. 1917 ж. көк-

темінде  құрылған  облыстық  коми-

теттер  қалыптасқан  кезеңнің  саяси 

және  әлеуметтік  мәселелерін  шешу 

үшін екінші, үшінші кейбір жерлер-

де тіпті төртінші облыстық сиездерді 

өткізді.  Сонымен  бірге,  Қ.к.  шілде 

айындағы  Бірінші  жалпықазақ  және 

желтоқсан  айындағы  Екінші  жал-

пықазақ сиездерін өткізуде маңызды 

рөл  атқарды.  Қ.к.-нің  белсенді  жұ-

мысы  Бүкілресейлік  құрылтай  жи-

налысына  депутаттар  ұсыну  кезінде 

ерекше байқалды. Бұл кезде олардың 

көпшілігі Алаш комитеттері деп ата-

ла бастады. 



Алаш қозғалысы

250


Қазақ  конституциялық-демо-

кратиялық  партиясы    1905  ж. 

желтоқсан  айында  Орал  қ.-нда  өт-

кен  сиезде  құрылған.  Оны  ұйымда-

стырушылар  қатарында  Б.Қаратаев, 

Ғ.Бердиев,  М.Бақыткереев  т.б.  қазақ 

зиялылары  болды.  Осы  сиезде  «Қа-

зақ  конституциялық-демократиялық 

партиясының»  бағдарламасы  және 

жарғысы  қабылданды.  Бұл  құжат-

тар  татар  тіліндегі  «Әл-ғаср-ул-жә-

дид»  газетінде  жарияланған.  Мәтін 

соңында «Қазақ конституциялық-де-

мократиялық  партиясының»  мүше-

лері  мыналар:  С.Қаратаев,  Ғ.Берди-

ев,  М.Бақытгереев,  И.Тоқбердиев, 

Х.Досмұхамедұлы, Н.Ипмағамбетов, 

М.Мұқанов,  Ғ.Рақымбердиев,  Ізбаса-

ров, Ү.Дүйсембин» делінген. Бағдар-

лама  мынадай  бөлімдерден  тұрады: 

азаматтардың  негізгі  еркіндіктері, 

патшалықтың қалпы, халықтың өзін-

өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, 

жұмысшылар, мектептер, партия жұ-

мысы. Бұл құжат – мерзімі жағынан 

Қазақстандағы  партиялар  тарихын-

дағы  ең  алғашқы  бағдарлама.  Соған 

қарап, оны ұлт-азаттық қозғалыстың 

алғашқы кезеңіндегі маңызды оқиға 

деп қабылдауға болады.

Қазақ-қырғыз  білім  комисси-

ясы  –  20-ж.  Халық  ағарту  комисса-

риаты жанынан құрылған комиссия. 

Қазаққа  қатысты  мұндай  комиссия 

Түркістан  автономиялық  республи-

касында  да  (Ташкент),  Қазақстан 

автономиялық  республикасында  да 

(Орынбор)  құрылған.  Мақсаты  –  ха-

лық  ағарту  саласын  жүйелеу,  ма-

мандар  тарту,  оқулықтар  мен  оқу 

құралдарын  шығару  (жазу,  аудару), 

түрлі ұйымдармен келісу, газет-жур-

налдарда  білімді  насихаттайтын  ма-

териалдар  жазу,  есептерді  тыңдап, 

саралап,  сараптама  жүргізу,  оқу-әді-

стемелік нұсқаулықтар, талдау мате-

риалдарын даярлау. Мысалы, 1920 ж.  

21 тамызда Түркістан автономиялық 

республикасы  Халық  ағарту  комис-

сариаты  жанынан  өлкенің  рухани 

мәдениетін дамыту және елді жаппай 

ағартудың жүйесін сапаландыру мақ-

сатында Білім комиссиясы құрылды. 

1921  ж.  қазан  айында  комиссияның 

төрағасы  болып  Х.Досмұхамедұлы 

тағайындалды.  Оның  құрамына 

М.Тынышбайұлы,  М.Жұмабаев,  Ж.

Досмұхамедұлы,  Н.Төреқұлұлы  си-

яқты  көрнекті  қайраткерлер  мен  қа-

ламгерлер енді.

Қазақ  педагогика  университеті 

(КазПедВуз)    Ташкенттегі  Халық 

ағарту институты негізінде 1926 ж. 29 

қазанда  ашылған  қазақтың  тұңғыш 

университеті,  бүгінгі  Абай  атын-

дағы иииииҚазақ ұлттық педагогика 

университетінің  іргетас  оқу  орны. 

Мұның  да  тарихы  әріден  бастала-

ды. 1918 ж. 20 қазанда Түркістан Ха-

лыққа  білім  беру  кеңесі  Мұсылман 

комитетінің  7-15  қазандағы  «Орыс 

педагогика  училищесі  жанынан  қа-

зақ педагогика бөлімін ашу туралы» 

қаулысын  бекітеді.  1919  ж.  1  шілде-

де педучилищенің қазақ бөлімі жеке 

Қазақ  педагогика  училищесі  болып 

бөлініп шығады. 1920 ж. 1 қазаннан 

бұл  оқу  орны  Өлкелік  Қазақ  халық 

ағарту институты болып қайта құры-

лады.  Бұл  білім  шаңырағында  әр 

кездері  М.Тынышбайұлы,  Х.Досмұ-

хамедұлы,  С.Қожанұлы,  И.Тоқты-

байұлы,  М.Жұмабаев,  К.Жаленұлы, 

Х.Болғанбай,  Қ.Қожықұлы,  Ф.Құл-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

251


тасов, Е.Табынбайұлы, С.Өтегенұлы, 

А.Байтұрсынұлы,  Ж.Аймауытұлы, 

Д.Әділұлы, Д.Сәрсенов т.б. сабақ бе-

реді. 1926 ж. 29 қазанда университет 

ретінде ашылғанда Қазақстан Халық 

ағарту  комиссары  С.Сәдуақасұлы 

келіп,  ұлт  оқығандары,  интеллиген-

ция  туралы  тарихи-танымдық  ба-

яндама  жасайды.  «Казинпрос»  пен 

«Казпедвузды»  әр  кездері  С.Айұ-

зынұлы, Д.Сәрсенұлы, Т.Жүргенұлы, 

С.Сәдуақасұлы басқарды.



Қазақ  публицистикасы    Алаш 

қозғалысы  кезеңінде  туған  ұлттық 

баспасөз  ақпарат  құралдары.  А.Бай-

тұрсынұлының  ұйымдастыруымен 

және  редакторлық  етуімен  1913  ж. 

Орынборда  «Қазақ»  газеті  жарыққа 

шықты. Ол 1918 ж. кеңес үкіметі ке-

зеңіне  дейін  шығып  тұрды.  «Қазақ» 

газеті  Алаш  қозғалысының  басты 

басылымы  болды.  Мұнда  қозғалыс 

көсемдері  Ә.Бөкейханның,  А.Бай-

тұрсынұлының,  Ғ.Қараштың,  М.Ду-

латовтың,  М.Шоқайдың,  Х.Досмұ-

хамедұлының,  Х.Ғаббасовтың  және 

тағы  басқалардың  еңбектері  жарық 

көрді.  Сондай-ақ,  газетте  жалпықа-

зақ  сиезін  ашу  мәселесі,  осы  жал-

пықазақ  сиездері,  обл.-тық,  уездік 

сиездер  жөнінде  және  жергілікті  қа-

зақ комитеттері жөнінде көптеген ма-

териалдар шықты. 1917 ж. Семей қ.-т 

нда  «Сарыарқа»  газеті  жарық  көрді. 

Оны  шығарушылар  Х.Ғаббасов  пен 

Р.Мәрсеков болды. Бұл газетте Алаш 

қайраткерлері  мен  қаламгерлерінің 

мақалалары және тағы да басқа Алаш 

қозғалысына  қатысты  еңбектер  ба-

сылды. 1917 ж. Ташкент қ.-нда «Бір-

лік  туы»  газеті  жарық  көрді.  Бұл 

түркістандық  қазақ  басылымының 

негізін  М.Шоқай  қалады.  Басылым 

1917-18  ж.  оқиғаларды  арқау  етті. 

Алаш  қозғалысы  тұсындағы  бұл  га-

зеттер  және  1911  ж.  М.Сералиннің 

бас  редакторлығымен  жарық  көрген 

қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» 

ұлт-азаттық қозғалысына үлкен сер-

пін берді. 



Қазақ  соттары  туралы  қаулы 

  Алашорда  үкіметінің  1918  ж.  9-22 

қазандарында  шыққан  қаулысы.  Қа-

улыда обл.-тарда шұғыл түрде қазақ 

соттарын  1919  ж.  1  қаңтарына  дейін 

құру  көрсетілген.  Қаулыға  Алашор-

да  төрағасы  Ә.Бөкейхан,  мүшелері 

М.Тынышбаев,  Х.Ғаббасов  қол  қой-

ған.

Қазақ  тілінің  қоғамдағы  орны 

–  алғаш  рет  Алаш  зиялыларының 

еңбектерінде  көтерілген  тақырып. 

Алашқа дейінгі дәуірде тілдің ұлтты 

ұйыстырудағы, тіпті ұлттың дара бол-

мысын  сақтаудағы  орны,  қоғамдағы 

маңызды  қызметі  жөнінде  мүлде 

айтылмағаны  аян.  Алаш  зиялылары 

ХХ  ғ.  -  дың  басында  ұлт  тәуелсізді-

гі  мәселесін  көтере  отырып,  ұлттың 

рухани-мәдени  өрлеуіндегі,  саяси 

ұйысуындағы асыл қазынаның біре-

гейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, 

олар  тілді  сақтау,  дамыту,  қолданыс 

аясын  кеңейту  міндеттерін  көтере 

келе,  қазақ  тілінің  саяси,  қоғамдық, 

әлеуметтік  мәртебесіне  ерекше  мән 

берді. Алаш қозғалысының үні «Қа-

зақ»  газетінің  ең  алғашқы  сандары-

ның  бірінде  А.Байтұрсынұлы  «Өз 

тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған 

жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы 

құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақта-

луына да, жоғалуына да себеп бола-

тын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» – деп 


Алаш қозғалысы

252


ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, 

арқауы да тіл екендігін алғаш аңғарт-

ты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікір-

лерді  Алаш  зиялыларының  көпшілігі 

білдірді.  Яғни,  ұлттық  руханияттың 

өзегі  ана  тіл  екендігін  рухани-мәде-

ни  тарихымызда  алғаш  айтқандар 

алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт 

болмысының  басты  бөлшегі  ретінде 

қарастыра  отырып,  әсіресе,  жас  ұр-

пақ тәрбиесінде оның алатын орнына 

да  ерекше  назар  аударды.  Сондықтан 

да  өз  ана  тілінде  сөйлеу,  тілін  білу  – 

ұлттық  іргелі  мәселе  екендігін  Алаш 

зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақ-

сы  ұғынғаны  олардың  еңбектерінен 

бедерлене  байқалып  жүрді.  Мәселен, 

Х.Досмұхамедұлының:  «Ана  тілін 

жақсы біліп тұрып бөтенше сөйлесең, 

бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып 

бөтенше  сөйлесең,  бұл  –  күйініш.  Өз 

тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей 

беруі зор қата. Бұл оқығандардың һәм 

оқушылардың есінен шықпауы керек», 

М.Жұмабаевтың  «Тіл  –  адам  жаны-

ның  тілмашы»,  Ж.Аймауытұлының 

«Ана  тілі  –  халық  болып  жасағаннан 

бергі  жан  дүниесінің  айнасы»  деген-

дері біздің заманымызға сілемі қалың 

оқырман  қауымға  әлі  де  мәлім  бола 

қоймаған Ғ.Қараштың «Ұлт һәм туған 

тіл»,  М.Тұрғанбаевтың  «Қазақ  тілін 

іске  асыру»  мақалаларынан  айрықша 

аңғарылады.  Қазіргі  кезде  ана  тіліміз 

– қазақ тілі туралы әдеби шығармалар 

өрісті тақырыптардың біріне айналып 

отырса,  олардың  алғашқы  үлгілеріне 

дүниеге келтірген де Алаш қаламгер-

лері болатын. М.Жұмабаевтың «Қазақ 

тілі», С.Торайғыровтың «Туған тіліме» 

өлеңдері – жалпы қазақ әдебиетіндегі 

тіл туралы жазылған ең бастапқы көр-

кем туындылар еді.

«Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалы-

сы»  –  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 

бағдарламасы бойынша шығарылған 

көп  томдық  жинақ.  Осы  жинақтың 

ІҮ  томы  «Қазақ  сиездері»  деп  ата-

лып,  «Алаш»  қозғалысына  қатысты 

құжаттар  мен  материалдардан  тұра-

ды.  Жинаққа  1917-1919  ж.  сиездерін 

шақыру қажеттілігін, күн тәртібінде-

гі өзекті мәселелерін, оларды шешу-

дегі қазақ зиялыларының ұстанымда-

ры  мен  қазақ  қоғамын  реформалау 

жолындағы  еңбегін,  сондай-ақ  өзге 

ұлт өкілдерімен ара қатынасын жан-

жақты  ашып  көрсететін  құжаттар 

мен материалдар енгізілген. Жинаққа 

әр  деңгейде  өткен  қазақ  сиездерінің 

қаулылары мен қарарлары, Алашорда 

үкіметінің  заңдары  қазақ  және  орыс 

тілдерінде  берілген.  Жинақ  профес-

сор М.Қойгелдиевтің жетекшілігімен 

және К.Ілиясованың құрастыруымен 

2007 ж. «Ел-шежіре» баспасынан жа-

рық көрген.

«Қазақстан»  газеті    1911  ж.  16 

наурызынан 1913 ж. шілде айына дей-

ін бастапқыда Ордада, кейін Оралда 

шығып  тұрған  қоғамдық-саяси  ба-

сылым. 18 саны жарияланған. Редак-

торы – Елеусін Бұйраұлы. Газет білім, 

мәдениет,  отырықшылық  мәселесін 

жиі  қозғаған.  Мұнда  Е.Бұйраұлы, 

Б.Қаратаев,  Ғ.Қараш,  Ш.Бөкейұлы, 

Ғ.Мұсағалиев,  А.Мәметов,  Ғ.Көпжа-

саров т.б.-лардың мақалалары жария-

ланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, 

саяси  қозғалыстарға  жіті  қарауына 

себепші болды. 



«Қазақстан  тарихы»    энци-

клопедиялық  анықтамалық.  2010  ж. 

«Аруна»  баспасында  жарық  көрген, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

253


көлемі 85 б.т. Анықтамалықта Алаш 

қозғалысына,  Алашорда  үкіметі-

не,  Алашорданың  Батыс  бөліміне, 

«Алаш»  партиясына,  Алаш  автоно-

миясына, сондай-ақ Алаш қозғалысы 

қайраткерлерінің,  қатысушылары-

ның өмірі мен қызметіне байланысты 

мақалалар берілген. 



«Қазақтарды  басқару  Ережесі» 

немесе  «уақытша  ереже»  (1867-

1868 ж.)  1867 ж. Император ІІ Алек-

сандр  Түркістан  губернаторлығын 

құру  туралы  жарлығын  шығарды, 

оған  жаңадан  қосылған  Ұлы  жүз 

жері  Солтүстік  Қырғызстан  және 

бұрынғы Орта Азия хандықтарының 

құрамында болған Жетісу мен Сыр-

дария обл.-тарының аймақтары кірді. 

Ресей  заңдары  мен  салық  жүйесінің 

Қазақстанның  оңтүстік  өңірлерінде 

етек жаюы бұл аймақты империяның 

әкімшілік-аумақтық  және  мемлекет-

тік саяси құрылымын қосып алудың 

ең  соңғы  қадамы  болды.  Қазақстан-

ның Ресейге қосылуы осымен аяқтал-

ды. Қазақстан Ресей мемлекетінің бір 

бөлігіне айналды.

Қазан  төңкерісі,  Ресейдегі  1917 

жылғы  Қазан  төңкерісі  –  1917  ж. 

25  қазанда  (7  қараша)  Петроградта 

болған  ірі  әлеуметтік-саяси,  тарихи 

оқиға. Көтеріліс В.И.Ленин басқарған 

большевиктер  партиясының  жетек-

шілігімен  жүзеге  асырылды.  Қа-

зақстанда  Кеңес  өкіметінің  орнауы 

ұзаққа  созылды.  Бұл  кезде  Кеңес 

өкіметі негізінен алғанда қалалар мен 

өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде 

орнады. Ал ауылдар мен селолардың 

басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің 

басталғанға  дейін,  тіпті  одан  кей-

інгі  ж.  дейін  жалғасты.  Бұл  өлкенің       

әлеум.-экон.  артта  қалуынан,  жер-

гілікті  жұмысшы  тобы  мен  больше-

виктік  ұйымдардың  сан  жағынан  аз 

әрі  әлсіз болуынан, ұлтаралық қаты-

настардың  күрделігінен  шиеленісіне 

түсті.  Мұның  үстіне  ұлттық-демокр. 

Алаш  қозғалысының  жетекшілері 

Қ.т.  мен  Кеңес  өкіметінің  идеяларын 

қабылдамады.  Ал  Қазақстанда  орна-

ласқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және 

Орынбор  қазақ  әскерлерінің  әскери 

үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына 

қарулы қарсылық көрсетті.

«Қайта  оралған  қаламгер»   

«Ұлы  тұлғалар»  ғылыми-ғұмырна-

малық  сериясы  негізінде  Орталық 

ғылыми  кітапхана  дайындаған  жи-

нақ.  2003  ж.  Алматы  қ.-нда  жарық 

көрген,  көлемі  17,4  б.т.  Бас  редакто-

ры  С.Қирабаев,  құрастырушы  В.Кү-

зембаева.  Жинақ  Алаш  қаламгері 

Жүсіпбек  Аймауытұлына  арналған. 


Алаш қозғалысы

254


Жинаққа  жазушының  «Күнікейдің 

жазығы» повесі, әңгімелері өлеңдері, 

аудармалары,  мақалалары  топтасты-

рылған.  Сондай-ақ  кітапқа  жазушы-

ның  өмірі  мен  шығармашылығына 

арналған зерттеу мақалалар және би-

блиографиялық көрсеткіш енген.

Қалменов Алпысбай 1869 ж. Орал 

обл. Темір у.    Алаштың белгілі аза-

маты. Бала кезінде ауыл молдасынан 

сауатын ашқан. Кейін Орынбор гим-

назиясында  оқып, 

орыс  тілін  жетік 

меңгереді. ХІХ ғ. - 

дың  соңы  мен  ХХ 

ғ.  -  дың  басында 

қазақ 


қоғамын-

да  оқу  білімнің 

қадірі  күшті  бола-

ды.  Сондықтан  қолы  жеткен  ата-а-

на  баласының  білім  жолына  түсуі-

не  ықпал  етеді.  Соның  арқасында 

қазақ  арасынан  оқымыстылар  көп 

шыққан. Олар қазақ зиялылары деу-

ге лайық қауым болып, өздерінің ел 

алдындағы  міндеттерін  адал  атқар-

ды. .Қ. та білім жолына түсіп, кейін 

университет  бітірген.  Алайда  оның 

қандай университетте қандай маман-

дық  бойынша  білім  алғаны  туралы 

нақты  дерек  жоқ.  Жастық,  жігіттік 

шағын  ХІХ  ғ.  -  да  өткізген  Қ.  ХХ 

ғ.  -  ға  жігіт  ағасы  болып  толысқан 

шағында  жетті.  Соған  орай,  ХХ  ға-

сыр басындағы әлеуметтік-қоғамдық 

жұмыстарға көбірек араласады. 1906 

ж.  ашылған  Ресейдің  І  Мемлекеттік 

Думасына  Бөкей  ордасынан  депутат 

болып  сайланған.  Думада  «Еңбек 

тобы» фракциясында болды. Орданы 

басқару  жөніндегі  уақытша  кеңесте 

кеңесші  болды.  1910  ж.  кейін  қазақ 

халқының  басын  қосып,  тәуелсіз  ел 

болу жолындағы идея күшейген кез-

де Қ. те ұлттың алға басар зиялы то-

бының қатарынан табылды. Оралда, 

Орынборда, Жымпитыда өткен қазақ 

сиездерінің бәріне де қатысады. Сол 

сиездерде Алашорда көсемдерінің ба-

стамасын қолдап отырады. Х.Досмұ-

хамедұлымен  бірге  жұмыс  істейді. 

Өзінің  туа  біткен  ұлтшылдығының 

арқасында  Батыс  Алашорда  қозға-

лысының  жетекшілерінің  біріне  ай-

налады.  Алашорда  таратылған  соң 

кеңес  үкіметінің  қызметінде  болды, 

онда  да  халқы  үшін  адал  қызмет 

істеу ұстанымынан айнымаған. Ұзақ 

ж.  Мәскеу,  Киев  қ.-ларында  жұмыс 

істейді.  Кеңес  үкіметі  банктерінде 

жауапты  қызмет  атқарады.  1937  ж. 

қуғын-сүргінге ұшыраған. 



Қамзабекұлы  дихан  (19.06.1966 

ж. Оңтүстік Қазақстан обл. Түлкібас 

ауд.  Келтемашат  а.)  –  1990  ж.  Абай 

атындағы  Қазақ  мемлекеттік  педа-

гогика институтын бітірген. ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі,  филология 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор.  1990-1996  ж.  Қазақстан  ұлттық 

ғылым  академиясы  М.Әуезов  атын-

дағы  әдебиет  және  өнер  институ-

тында ғылыми қызметкер, 1996-2001 

ж.  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университеті  қазақ  әдеби-

еті  кафедрасының  меңгерушісі,  аға 

ғылыми қызметкері, 2001-2004 ж. Қа-

зақ ұлттық музыка академиясы тіл-ә-

дебиет  кафедрасының  меңгерушісі, 

2004  ж.  ЕҰУ  гуманитарлық  инсти-

тутының  директоры,  оқу-әдісте-

мелік  жұмыс  жөніндегі  проректоры, 

«Алаш» мәдениет және рухани даму 

институтының  директоры,  оқу-әді-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

255


стемелік  жұмыс  және  стратегиялық 

даму жөніндегі проректоры, стратеги-

ялық даму және жоғары оқу орнынан 

кейінгі білім жөніндегі проректор, әле-

уметтік-мәдени  даму  жөніндегі  про-

ректор. Кітаптары мен оқу құралдары: 

“Смағұл  Сәдуақасұлы”,  “Руханият”, 

“Алаш және әдебиет”, «Ағартушылық 

және  әдебиет»,  «Пайым»,  «Тіл  саяса-

ты: ғылым және тәжірибе», “Алаштың 

рухани  тұғыры”  (2008),  «Смағұл  Сә-

дуақасов» (2009), «Түркістан алқасы» 

(2011), «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі 

ментальдік»  (телавторлармен,  2012), 

«Жұрт» (2012). Ж.Аймауытұлы, Қ.Ке-

меңгерұлы, С.Сәдуақасұлы,           Қ.

Болғанбай, С.Ғылмани т.б. қайраткер-

лердің шығармалар жинағын даярлап, 

алғысөз-түсініктерімен  жариялады. 

600-ден  аса  ғылыми  және  танымдық 

мақаланың, 3 деректі фильмнің авторы 

(«Қазақтың Қошкесі», «Бата», «Көздің 

қарашығындай»). «Қазақстан» телеар-

насында  «Күмбез»  хабарын  жүргізді. 

Республикалық  «Жас  Алаш»,  «Ай-

қын», «Астана ақшамы» газеттерінде 

Алаш  тарихына  қатысты  мақалалар 

циклін жазып тұрды. ЕҰУ-да филоло-

гия саласы бойынша Диссертациялық 

кеңестің  төрағасы  (2008-2013).  Алаш 

тақырыбындағы  бірнеше  ғылыми 

диссертацияның  жетекшісі.  Алашты 

ағылшын, неміс, француз аудитория-

сына таныстыру жөніндегі оқу құрал-

дары  идеясының  авторы  және  жоба 

басшысы  (2010-2012).  Екі  мәрте  ҚР 

Президенттігіне  үміткердің  мемле-

кеттік тілді еркін білуін анықтайтын 

Лингвистикалық комиссияның мүше-

сі (2005, 2011). 2006 ж. ЕҰУ-да «Алаш» 

мәдениет және рухани даму институ-

тының негізін қалады. 2011 ж. қайрат-

кер  С.Сәдуақасұлы  сүйегінің  күлін 

Мәскеуден  Астанаға  әкеліп  дәстүрге 

сай жерлеу, басын көтеру шараларын 

ұйымдастырды.



Қара  Әбдіуақап    1961  ж.  19 

қарашада  Түркияның  Стамбұл 

қ.-  нда.  1982  ж.  Боғазичи  универ-

ситетінің  Электроника  бөлімін 

бітірді. Еңбек жолын Стамбұл қ.-н-

дағы  Ататүрк  әуежайында  элек-

троника  департаментінде  техник 

маман  болудан  бастады.  1986  ж. 

Стамбұл  университетінің  тарих 

факультетін  бітіреді.  1986-1988  ж. 

Стамбұлда  «Қазақ  түркілері  қо-

рында» басқару алқасы мүшелігіне 

сайланады.  1987-1988  ж.  Стамбұл-

дағы  Осман  Мемлекеті  мұраға-

тында жұмыс істейді. 1988-1995 ж. 

Германияның  Мюнхен  қ.-  ндағы 

«Азаттық»  радиосының  қазақ  ре-

дакциясында жұмыс істеді. 1994 ж. 

Мюнхен  қ.-нда  «Европа  Қазақта-

ры» деген атпен кітапша шығарған. 

1995 ж. Германиядан Түркияға қай-

тып, Мимар Синан университетіне 

оқытушы  және  ғылыми  қызметкер 

ретінде жұмысқа кірді. 1997 ж. осы 

университетте «1986 ж. Желтоқсан 

оқиғалары»  атты  магистрлік,  2002 

ж.  «Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен 

күресі» тақырыбында докторлық дис-

сертация қорғады. Осы ж. қараша ай-

ында докторлық диссертациясы «Түр-

кістан  жалыны.  Мұстафа  Шоқайдың 

өмірі  мен  күресі»  деген  атпен  Стам-

бұлда жарық көрді. 2004 ж. бұл кітап 

қазақ  тіліне  аударылып,  «Мұста-

фа  Шоқай.  Өмірі,  күресі,  шығар-

машылығы»  деген  атпен  Алматыда 

«Арыс» баспасынан жарық көрді. 



1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал