Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет34/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69

Алаш қозғалысы

242


қамқоршы  -  попечителі.  Көрнекті 

қазақ ақыны Шәңгерейдің ағасы М. 

Бөкеевтің  қызы  Айшаға  үйленді. 

1912  ж.  бастап  Жымпиты  земство-

лық  ауруханасының  меңгерушісі, 

онымен  бір  мезгілде  крестьянский 

начальник. Обл.-тық земство жиы-

нының  қаржысын  пайдалана  оты-

рып,  ауруханада  жүйке  сырқатына 

шалдыққандарды  емдейтін  бөлім-

ше,  перзентхана  ашуға  ұйтқы  бол-

ды.  Саратовтық  эпидемиолог  дәрі-

гер  Г.И.Кольцовпен  бірге  қазақ  да-

ласындағы  обаға  қарсы  күресетін 

алғашқы  лаборатория  ұйымдасты-

рды, жұқпалы ауруларға қарсы егу 

жұмыстарын  жүргізді.  1914  ж.  Са-

мар қ.-нда өткен обаға қарсы күрес 

сиезіне  қатысып,  жан-жақты  баян-

дама  жасады.  Бұл  уақиғаға  М.Ду-

латов «Қазақ» газетінде (1914, №55, 

57)  мақала  арнады.  К.  сондай-ақ 

«Қазақ» газетіне қалам қызметімен 

қолдау  көрсеткендердің  бірі.  Осы 

еңбегі  үшін  газет  басқармасы  1914 

ж.  45  нөмірінде  оған  басқа  аза-

маттарға  қосып  алғыс  айтты.  К. 

1915-1916  ж.  Жайық  өңірінде  сау-

да-кәсіпкерлік  істің  өркендеуіне 

үлес  қосты.  Мал  тұқымын  асыл-

дандырумен айналысты, бір өркеш-

ті бактрия түйелері мен жергілікті 

тұқым  арасынан  төзімді  де  өнімді 

жаңа нар тұқымын шығарды, шағын 

несиемен  жұмыс  істейтін  шару-

ашылықтар, несие беретін ұйымдар 

құру ісіне ұйтқы болды. Х.Тоқбер-

линовпен бірлесіп «Қазақ» газетін-

де (1916, №210) уақ қарыз ұйымда-

рына  қатысуға  шақырған  «Қазақ 

халқына» атты мақала жариялады. 

Ақпан  революциясынан  кейін  іле 

шала  әлеумет  жұмысына  арала-

сты.  1917  ж.  10  -  наурызда  Жайық 

сырты  қазақтары  өкілдерінің  жи-

налысында  Ғ.Әлібековтің  төраға-

лығымен  құрылған  Жайық  сырты 

бөлігі  обл.  -тық  комитетіне  мүше 

болып  сайланды  және  айтылмыш 

комитеттен  Орал  обл.-тық  азамат-

тық  комитетіне  Ғ.Әлібеков,  Б.Қа-

ратаевпен  бірге  өкіл  болып  кірді. 

Сол  ж.  сәуірде  өткен  І  Қазақ  Орал 

обл.-тық  сиезінде  Орал  обл.-тық 

қазақ  комитетінің  мүшесі  болып 

сайланды. 1917 ж. желтоқсандағы ІІ 

Жалпықазақ сиезінің делегаты, си-

езд  хатшысы.  Алаш  автономиясын 

дереу  жариялауды  жақтап  дауыс 

берді.  1918  ж.  қаңтарда  өткен  зем-

ство мекемелерін сайлаушылардың 

(гласныйлар)  обл.-тық  мәжілісін-

де  Г.Попов,  К.Жәленов,  Ы.Топаев, 

Қ.Ғалиев,  Ы.Шұғыловпен  бірге 

Жайық  сырты  обл.-тық  управасы-

ның  мүшесі  болып  сайланды.  Ай-

тылмыш  управа  төрағасы  Х.До-

смұхамедовпен  пікірлес,  идеялас 

болды. Сол ж. сәуірдің аяқ шенінде 

Г.Попов,  К.Жәленов,  Ы.Топаевпен 

бірге  барбастауда  Орал  Войско 

үкіметімен  арадағы  әскери-саяси 

одақтық  келісімшартқа  обл.-тық 

управа  атынан  қол  қойды.  Мамы-

рда  Жымпитыда  өткен  ІҮ  Қазақ 

Орал  обл.-тық  сиезінің  делегаты, 

сиезд  төрағасының  орынбасары. 

1918-1919 ж. Ж.Мергенов, Ж.Досмұ-

хамедовпен  бірге  Ойыл  уәлаятын-

дағы  Алаш-Орда  үкіметі  кеңесінің 

мүшесі  болды.  1918  ж.  желтоқсан-

дағы  Жымпиты  Алаш  гарнизоны-

ның бас көтеруінен кейін Х.Досмұ-

хамедов,  капитан  Волковпен  бірге 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

243


Орал  Войско  үкіметіне  мән-жайды 

баяндап, көмек алып келу үшін жі-

берілген делегация құрамына кірді. 

Батыс  Алаш-Орда  таратылған  соң 

оның  жауапты  қызметкерлері  қа-

тарында Орынборға әкетілді. 1920, 

наурыз  –  1920,  шілде  аралығында 

Қазәсревкомның  денсаулық  сақтау 

бөлімі 

санитарлық-эпидемиоло-



гиялық  қосалқы  бөлімінің  меңге-

рушісі.  Өз  өтінішімен  және  Орал 

губревкомының  төрағасы,  күйеу 

баласы  Е.Қасаболатовтың  (К.-тың 

қызы  Жамалға  үйленген)  сұрауы-

на  орай  1920  ж.  шілдеде  Жымпи-

ты  уездік  ауруханасына  меңге-

руші етіп жіберілді. Е.Қасаболатов 

Орынборға ауысқаннан кейін, 1921 

ж.  Тайпақ  дәрігерлік  учаскесіне 

меңгеруші  етіп  жіберілді.  Осында 

жүріп  Жымпиты  у.  бойынша  ме-

дициналық-санитарлық  көмек  ісін 

жолға  қоюдың  жан-жақты  жоспа-

рын  жасап,  1921  ж.  Орал  губрев-

комы мен денсаулық сақтау бөлімі 

төралқасының  мәжілісінде  баян-

дады.  Сол  ж.  мамырда  Орынборда 

өткен  І  Бүкілқазақ  медицина  қы-

зметкерлері  кеңесінде  «Орал  гу-

берниясына  қарасты  Жымпиты 

у.-нің  географиялық,  этнографи-

ялық,  тұрмыстық  жағдайы  және 

медициналық-санитарлық  ахуалы» 

атты тақырыпта толымды да терең 

мазмұнды баяндама жасады. Сол ж. 

денсаулық  жағдайына  байланысты 

өз  өтінішімен  қызметтен  босанып, 

атамекен Азынабай-Тайпақ жерінде 

шаруамен айналысты. 1928 ж. күз-

де «жартылай феодал» әрі бұрынғы 

Алашорда  қайраткері  деген  екі  ка-

тегориямен  тәркіленіп,  Орал  окру-

гінің  113  байы  қатарында  Жетісу 

округіне жер аударылды. 1929-1934 

ж.  аралығында  Алматыда,  респу-

бликалық  венерологиялық  диспан-

серде дәрігер (осы диспансерде інісі 

Сүлейменнен  туған  Әминаға  үй-

ленген А. Мәметов меңгеруші бол-

ды),  әрі  Алматы  зооветеринарлық 

институтында оқытушы. 1934-1940 

ж.  аралығында  Алматы  обл  -ның 

Қаскелең ауд.-дық ауруханасының, 

Оңтүстік Қазақстан обл.-ның Келес 

ауд.-дық  ауруханасының,  Семей 

обл.-ның  Абай  ауд.-дық  аурухана-

сының  бас  дәрігері.  1944  ж.  соңғы 

қызмет  еткен  жерінде  қайтыс  бол-

ды.


Алаш қозғалысы

244


Қ

Қабылдинов 

Зиябек 

Ермұ-

ханұлы (13.12.1965 ж. Ресейде Омбы 

обл. Тәбіршән (Таврическое) ауд. Бай-

далин а., (Байтұяқ) – тарих ғылымда-

рының  докторы,  профессор,  Л.Н.Гу-

милев атындағы Еуразия ұлттық уни-

верситеті «Еуразия» ғылыми-зерттеу 

орталығының  директоры.  1984-1986 

ж.  КСРО  ӘК  қатарында  қызмет  ет-

кен.  1991  ж.  «Тарих»  мамандығы 

бойынша Омбы мемлекеттік универ-

ситетін,  2000  ж.  «Юриспруденция» 

мамандығы  бойынша  КИПМО-ны 

тәмамдаған. 1991-1994 ж. «Қазақ тілі» 

қоғамының  Омбы  бөлімінде  жұмыс 

жасаған. 1994-1996 ж. «Қайнар» уни-

верситетінің  Павлодар  филиалын-

да  оқытушылық  қызметті  атқарған. 

1996-2003 ж. ҚР Ішкі Істер Министр-

лігі Павлодар заң колледжінде түрлі 

деңгейдегі  қызметтерде  (аға  оқы-

тушы,  күндізгі  оқыту  факультетінің 

бастығы,  оқу  ісі  бойынша  колледж 

бастығының  орынбасары  және  т.б.) 

болған. 2003 ж. қазан айынан бастап 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  Қа-

зақстан  тарихы  кафедрасының  мең-

герушісі  қызметін  атқарған.  2004  ж. 

наурыз  айынан  бастап  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  универ-

ситетінде  тарих  кафедрасының  мең-

герушісі,  ректор  кеңесшісі,  тәрбие 

ісі  жөніндегі  проректор,  әлеумет-

тік  ғылымдар  факультетінің  дека-

ны,  әкімшілік-шаруашылық  жұмыс 

бойынша  проректор  қызметтерін 

атқарған.  2011  ж.  бастап  «Еуразия» 

ГЗҒО  директоры  қызметіне  тағай-

ындалған.  Тарихшылардың  Ұлттық 

конгресінің  ғалым  хатшысы.  Ресей 

империясы  территориясындағы  қа-

зақ диаспорасы мен ирредентасының 

қалыптасу мәселелері бойынша 1997 

ж. кандидаттық, ал, 2003 докторлық 

диссертациясын  қорғаған.  350-ден 

аса ғылыми және ғылыми-танымдық 

мақалалардың,  үш  монографияның 

және  бірнеше  оқу  құралдарының 

(«Ақмола  обл.  Омбы  у.-нің  қазақта-

ры», «Қазақстандағы діндер: тарихы 

мен  қазіргі  жағдайы»,  «Астана  та-

рихы»,  «Қазақстан  халқы:  тарихы 

мен  қазіргі  жағдайы»,  «Жастарды 

патриоттық тәрбиелеу», «Олар қазақ 

жерін  мәңгілікке  даңқты  етті»,  Қа-

зақстан тарихы бойынша терминоло-

гиялық  сөздік  авторы.  2008,  2012  ж. 

оның авторлығымен еліміздің жалпы 

білім беретін мектептеріне арналған 

оқулықтар, ҚР БҒМ мақұлдаған 8 сы-

ныпқа арналған «Қазақстан тарихы» 

және  хрестоматиясы  жарық  көрді. 

2004-2012 ж. 30 дан аса отандық және 

шетелдік  ғылыми  және  әлеуметтік 

мәнді жобаларды жүзеге асыруға қа-

тысты әрі жетекшілік етті. Алаш қай-

раткері  С.  Асылбек  туралы  ғылыми 

материалдар  жинағын  құрастырды. 

Темірболат  Телжанов,  Смағұл  Сәду-

ақасұлы,  Әміре  Исин  сынды  алаш 

оқығандары жайында ғылыми еңбек-

тер жариялады. ХХ ғасыр басындағы 

қоғамдық-саяси  ахуал  туралы  мате-

риалдардың авторы. 

Қадырбаев Сейдәзім Құлмағам-

бетұлы  (1885,  қазіргі  Қостанай  обл. 

Жангелдин  ауд.  –  1938,  Ресей  Фе-

дерациясы,  Воронеж)  –  Алаш  қай-

раткері.  Торғайдағы  орыс-қазақ 

мектебін  бітірген.  1913-1918  ж.  ара-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

245


лығында Орынборда сот кеңселерін-

де қызметкер. 1918 ж. Алашорданың 

Торғайдағы әскери бөлімінің мүшесі 

болып қабылданады. 1919 ж. А.  Има-

нов  өліміне  себеп 

болған  Торғайдағы 

кикілжіңдерге бай-

ланысты айыптала-

ды. Тағылған айып 

дәлелденбегендік-

тен  көп  кешікпей 

босатылады.  Ала-

шорда  таратылып,  кеңес  билігі  та-

рапынан  кеңшілікке  ие  болғандар-

дың қатарында 1920 ж. Қазақ АКСР 

Әділет  халық  комиссариатының  заң 

шығару  бөліміне  жұмысқа  алына-

ды.  1929  ж.  дейін  осы  мекемеде  жа-

уапты  қызметтер  атқарады.  1929  ж. 

Алашордаға  қатысқаны  үшін  айып-

талып, тұтқынға алынады. Аса ауыр 

айып  тағылып,  1930  ж.  Воронежге 

жер аударылады. Кейін босатылады. 

1937 ж. қайта ұсталып, ату жазасына 

кесіледі. 

Қажымұқан 

Мұңайтпасұлы 

(1883  ж.  (бұрынғы  деректерде  1871 

ж.  деп  жазылып  келеді)  –  Ақмола 

обл.  Қараөткел  а.  –  12  тамыз  1948 

ж.,  Оңтүстік  Қа-

зақстан обл. Темір-

лан  а.)  –  фран-

цузша  және  еркін 

күрестерден  көп-

теген халықаралық 

чемпионаттардың 

бірнеше 


дүркін 

жеңімпазы; әлемдік спорт аренасына 

шығып,  шет  елдердегі  жарыстарда 

атақ-даңққа  бөленген  тұңғыш  қазақ. 

Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Ме-

динеде  өткен  жарыстарда  бірқатар 

жеңістерге жетті. 1913 ж. Троицк қ.- 

нда, 1914 ж. Парижде әлем чемпионы 

атағын  жеңіп  алды.  Сол  ж.  Уфа  қ.- 

ндағы  ірі  жарыста  жеңімпаз  болды. 

Ол  Санк-Петербург,  Мәскеу,  Киев, 

Варшава,  Будапешт,  Берлин,  Пра-

га,  Лондон  қ.-ларында  өнер  көрсе-

теді.  Алаш  қайраткерлері  А.Байтұр-

сынұлы,  М.Дулатов  және  Семей  об-

л.-тық  Алаш  комитеті  мүшелерімен 

пікірлес болған. 

«Қазақ.  Алаш.  Сарыарқа»  – 

мазмұндалған 

библиографиялық 

көрсеткіш.  1993  ж.  «Ғылым»  баспа-

сынан жарық көрген, көлемі 10,5 б.т. 

Алғы  сөзін  жазған  және  құрасты-

рған Ү.Субханбердина. Кітапта Алаш 

қозғалысы  тұсында  жарық  көрген 

«Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газет-

терінде  жарияланған  материалдар-

дың мазмұндалған тақырыптық көр-

сеткіші берілген. 

«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»  

-  «Шолпан» журналының 1922-1923 

ж.  сандарында  жарияланған  М.Әу-

езовтің  мақаласы.  Еңбекте  қазақ 

әдебиетінің  тарихына  шолу  жасай 

келе  автор  ХХ  ғ.  Басындағы  әдеби 

үдеріске  тоқталады.  Оны  «Абайдан 

кейінгі дәуір» деп бұл кезеңдегі қазақ 

әдебиетін  «Қазақ»  газетінің  бағы-

тымен жүрген ұлтшылдық дәуір деп 

атаған. Мақалада әдеби дамудың си-

патымен  бірге  саяси  және  қоғамдық 

ерекшеліктер де сараланған.

Қазақ большевиктерінің ісін қа-

райтын  арнайы  қазақ  соты  және 

тергеу комиссиясы мен сот және ко-

миссия  мүшелерін  тағайындау  ту-

ралы қаулы – Алашорда үкіметінің 

1918  ж.  11-24  маусымында  шыққан 

қаулысы.  Қаулыда  сот  және  тергеу 


Алаш қозғалысы

246


комиссияларын  белгілеу  туралы  ай-

тылған. Қаулыға Алашорда төрағасы 

Ә.Бөкейхан,  мүшелері  М.Тынышба-

ев, Х.Ғаббасов қол қойған.



Қазақ білімпаздарының тұңғыш 

сиезі    Қазақстан  Халық  ағарту  ко-

миссариатының  ұйымдастыруымен 

1924  ж.  12-17  маусым  аралығында 

Орынборда  өткен  ғылыми  жиын. 

Сиез мына мәселелерді қарастыруды 

жоспарлаған: “1. Қазақ емлесін бірөң-

кейлеу.  2.  Қаріп  жағдайын  қарасты-

ру.  3.  Халық  әдебиетінің  халін  һәм 

оқылатын пәндерді жоспарлау. 4. Оқу 

һәм  білім  кітаптарын  көбейту  шара-

сын  қарастыру.  5.  Қазақ  пән  сөздері 

бір  болу  мәселесі”.  Сиез  Орынборда 

ағарту қызметкерлері ұйымының үй-

інде өтеді. Оны Халық ағарту комис-

сары  Н.  Зәлиұлы  ашып,  комиссар-

дың  орынбасары  М.    Жолдыбайұлы 

уәкілдерді  топқа  келген  кісілермен 

таныстырады. Олар: Мәскеудегі Күн-

шығыс  баспасөз  тарататын  кіндік 

ұйымнан  –  Ә.  Бөкейханұлы  мен  Н. 

Төреқұлұлы,  Бұхарадағы  қазақтар 

атынан  –  М.    Наурызбайұлы,  Түр-

кістаннан  –  Х.  Досмұхамедұлы  мен 

И.  Арабайұлы,  Қазақстанның  ай-

мақтық партия комитетінен – А.Кен-

жеұлы,  Жалпыресейлік  кәсіпшілер 

кеңестер  ұйымының  қазақ  аймағы 

бөлімінен  –  М.Саматұлы,  Орынбор-

дағы  қазақ  институтынан  (КИНО) 

–  М.Мырзаұлы,  Қазақстан  халық 

ағарту комиссариатынан – А.Байтұр-

сынұлы,  Е.Омарұлы,  Н.Ералыұлы, 

Н.Зәлиұлы,  М.Жолдыбайұлы,  Қо-

станай гүбернелік оқу бөлімінен – Е. 

Алдоңғарұлы, Семей гүбернелік оқу 

бөлімінен – М. Тұрғанбаев, Орал гү-

бернелік оқу бөлімінен – Н.Шағиұлы, 

Бөкей  гүбернелік  оқу  бөлімінен  – 

Р.Ағыбайұлы,  Қазақ  аймағын  зерт-

теп,  ғылым  жиятын  қауымнан  –  М.

Дулатов,  Орынбордағы  газет-жур-

нал  басқармаларынан  –  Р.Сүгірұлы. 

Аталған жиын қазақ тілі мен әдеби-

етінің  ғылыми  жүйесі,  әсіресе  әліп-

би, орфография, терминология, оқы-

ту әдістемесі, ономастика т.б. салалар 

бойынша  маңызды  қаулылар  қабыл-

дайды.


«Қазақ»  газеті    1913-1918  ж. 

Орынбор  қ.-нда  жарияланып  тұрған 

қоғамдық-саяси  және  әдеби-мәде-

ни  басылым  (№1  1913  ж.  2  ақпанда 

шыққан). 1915 ж. дейін аптасына бір 

рет,  одан  кейін  екі  рет  шыққан.  Ба-

стырушысы – «Азамат» серіктігі. Га-

зетке  қаржылай  көмектескендердің 

көшбасында  Мұстафа  Оразайұлы 

бар.  Жалпы  265  нөмірі  жарық  көр-

ген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз 

үйді ұсынды. Бұл – қазақ ұлты деген 

ұғымды  берді.  Оның  түндігі  баты-

стан  ашылып,  есігіне  «Қазақ»  деп 

жазылды.  Мұны  түсіндірген  ұлт  зи-

ялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым- 

өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ 

жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт 

жұрт  жағынан  күзетшісі  болсын» 

деп  жазды.  «Қазақ»  газетін  шыға-

руды  ұйымдастырушы,  редакторы  –           


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

247


А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі 

М.Дулатұлы  болды.  1918  ж.  газетті 

Ж.Жәнібекұлы басқарды. Басылымда 

А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Ду-

латұлы, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, 

Ш.Құдайбердіұлы,  Ғ.Қараш,  Р.Мәр-

секов,  Ж.Тілеулин,  Ғ.Мұсағалиев, 

М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғабба-

сов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торай-

ғыров,  А.Мәметов,  С.Дөнентайұлы, 

Х.Досмұхамедұлы  т.б.  авторлардың 

мақалалары  жарияланып  тұрды.  ХХ 

ғ. басында аталған газет оқығандар-

дың,  діндарлардың,  шәкірттердің, 

қарапайым  сауаты  бар  адамдардың, 

тұтастай  жалпы  ұлттың  ықыласпен 

оқитын  басылымына  айналды.  Бұ-

дан кейін пайда болған барша елшіл 

газет-журналдар  осы  «Қазақтың» 

шекпенінен шықты.



Қазақ жастарының сиезі  1917 ж. 

қазан айында Омбы қ.-нда өткізілген 

сиез.  Сиезде  Ақмола  обл.  жастарын 

«Бірлік» ұйымына біріктіру мәселесі 

қаралды.  Аталған  қоғамның  кеңесі 

ай сайын Омбы қ.-нда өтетін болды. 

Кеңес құрамына Омбының оқу орын-

дарынан,  қаладан  тыс  ұйымдардан 

мүшелер енетін болды. 

Қазақ  жастарының  ұйымдары 

–  1917  ж.  Ақпан  төңкерісінен  кей-

ін  Қазақстанның  қалалары  мен  елді 

мекендерінде құрылған қазақ жаста-

рының  ұйымдары.  Қазақ  жастары, 

интеллигенциясы, ауыл мұғалімдері 

өкілдерінің  бұл  ұйымдары,  негізі-

нен,  1917  ж.  көктем  және  жаз  айла-

рында  құрылды.  Олар  «Демократи-

ялық оқушы жастар Кеңесі» (Омбы), 

«Жас қазақ» (Ақмола), «Жас жүрек» 

(Спасск),  «Қазақ  жастарының  рево-

люциялық одағы» (Мерке), «Жанар» 

(Семей),  «Талап»  (Петропавл),  «Бір-

лік» (Омбы) т.б. ұйымдар болды. Бұл 

ұйымдардың көпшілігі өздерінің ал-

дына  халық  арасына  газет-журнал-

дан тарату, халықтың сауатын ашуға 

көмектесу, әйел теңдігі үшін үгіт жүр-

гізу  міндеттерін  қойды.  Большевик-

тердің  басшылығымен  жұмыс  істе-

ген кейбір ұйымдар («Қазақ жастары-

ның революциялық одағы», «Жас қа-

зақ», «Демократиялық оқушы жастар 

Кеңесі»)  ағартушылық  мақсаттар-

мен  қатар,  үстем  таптарға,  Уақытша 

үкіметке қарсы күрес жүргізу сияқты 

мәселелерді көтерді. 1917 ж. жазында 

Ақмолада  С.Сейфуллин,  Б.Серікба-

евтардың  басшылығымен  құрылған 

«Жас  қазақ»  ұйымы  «Тіршілік»  га-

зетін  шығарып  тұрды.  Алғашқы 

кезде  «Жас  қазақтың»  40-қа  жуық 

мүшесі  болды.  Оның  жұмысына 

Ж.Нұркин,  Б.Әділов,  Р.Дүйсенбаев, 

Н.  Бекмұхамедов  т.б.  қатысты.  «Қа-



Алаш қозғалысы

248


зақ  жастары  революциялық  одағы-

ның»  құрамында  небәрі  30-ға  жуық 

мүшесі  болды.  (Қ.Сарымолдаев, 

Ы.Әсімов, Т.Тоқбаев, С. Абланов, Ж. 

Мыңбаев, т.б.). Ал «Жанар», «Талап», 

«Бірлік» ұйымдары негізінен ұлттық 

бағдарламаларды ұсынып, Алашорда 

үкіметімен тығыз байланыста жұмыс 

атқарды.

Қазақ  жәдитшілдігі    Ресей  им-

периясы ішіндегі жәдитшілдіктің қа-

наттас  бөлігі.  ХІХ  ғ.  -  дың  соңында 

Ресей-қазақ  қарым-қатынасы  емес, 

бодандықтың  отаршылдыққа  қар-

сы құбылысы өмiр жүзiне шығарған 

дара  ағартушылардың  орнын  идея-

лас  ағартушылардың  шоғыры  алма-

стыруы  қажет  болатын.  Себебi  ыз-

барлы жүйеге қарсы жеке-дара емес, 

бiрiгiп қарсы тұрудың алғышарттары 

жасалған-ды. Сауаты бар он адамның 

орысша оқыған бiреуi тарихтан сабақ 

алып,  тоғызбен  мәмiлеге  келiп  жұ-

мыс iстейтiн жолды iздестiрдi. Ресей 

империясындағы  шет  аймақтардың 

жағдайы ұқсас болғандықтан, мұсыл-

ман  халықтарының  барлығы  дерлiк 

бұл жолды сарпыла iздеуде едi. Осы 

халықтардың iшiнде жолсыздан жол 

тапқан – Қазан және Қырым татарла-

ры  болды.  Табылған  жол  жәдитшiл-

дiк  тұжырымдамасы  едi.  Ресейдегi 

батысшыл және шығысшыл оқыған-

дарды  мәмiлеге  келтiре  алған  осы 

жәдитшiлдiк  қазақтың  негiзгi  ағар-

тушылығының  –  Алаш  құбылысы-

ның iргетасын қалады. Жәдитшiлдiк 

ұғымының қазақ нұсқасы екi асудан 

тұрады деп есептеймiз. Бiрiншi асу – 

1890-1911  ж.  –  үйрену,  тәжiрибе  жи-

нау шағы. Екiншi асу – 1911-1920 ж. 

–  жәдитшiлдiк  кең  өрiс  алып,  Алаш 

қозғалысына ұласу шағы. Бiздiң ұғы-

мымызша,  жәдитшiлдiк  –  Ресей  им-

периясының мұсылман аймақтарына 

ортақ,  дәстүр  мен  жаңашылдықтың 

синтездi құбылысы. Оны қарапайым 

тiлге  аударсақ,  “жаңару”,  “елдiктi 

сақтау үшiн жаңа бағыт ұстау” деген-

ге саяр едi. Ресей империясының мұ-

сылман халықтары тарихында негiзi 

ортақ  жәдитшiлдiк  қозғалысының 

дамуы бiртектi емес. ХХ ғ. - дың 10 ж. 

ол Қазақстанда – алаш, Әзiрбайжанда 

–  мусават,  Қырымда  –  милли-фирк, 

Татарстанда – иттифак әл-муслимин 

қозғалыстарына ұласса, Бұхара, Хиу-

ада  мазмұны  бастапқыдан  бiраз  өз-

герсе де “жадидизм” атауымен дами 

бердi.  ХХ  ғ.  басында  алаш  жұртын, 

оның  көзi  ашық  азаматтарын  1907 

ж.  маусым  айындағы  ұлт  құқының 

аяққа тапталуы (сайлау құқынан ай-

ырған патшаның 3 маусым жарлығы) 

оятты. Алты миллион халықтан бiр-

де-бiр  депутат  сайланбады  деген 

сөз  –  осыншама  адамның  мұңын 

мұңдап, жоғын жоқтайтын, олардың 

зәрулiгiн, мұқтажын ресми өкiметке 

жеткiзетiн ешбiр жанның болмағаны 

деген  сөз.  Дүниежүзi  жақсылыққа, 

теңдiкке  ұмтылып  отырғанда,  Ре-

сей империясының оспадар әрекетiн 

ақтау мүмкiн емес едi. Сонымен ХХ 

ғ. басындағы қазақ қауымының хал- 

ахуалы  ел  тұтқасы  iспеттес  зиялы-

лардың  бетiн  күрескерлiкке  бұрды. 

Бұл  шақта  халықтың  рухани  сұра-

нымын  қанағаттандырып  жатқан 

жәдитшiлдiк  алаш  баласына  бiраз 

нәрсенi үйреттi. Әсiресе, оның Батыс 

пен  Шығыс  тәжiрибесi  мысалында 

ұлттық  ояну  мен  жетiлудi  түсiндiр-

ген iзденiсi қазақ сынды қаймана бо-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

249


лып қалған милләтке төтеннен олжа 

салды. Ұлт көшбасшысы Ә.Бөкейхан 

бір  еңбегінде:  «Ұлт  ұйысты.  “Алаш” 

деген  ұранға  тiк  тұрып,  бауырына 

көмекке  келдi»  деп  алыстағы  елдік 

бірліктің  негізін  нақтылап  айтты. 

«Озғандарға жету керек, жеткендер-

ден  озу  керек»  деп,  алдына  нақты 

мақсат  қойып  жарыққа  шыққан 

алғашқы  газет-журналдар  ұлтты 

Алаш  ұранына  топтастырып,  да-

мытуды  ойлады.  Ағартушылықтың 

жан-жақты  болуын  жақтады.  “Мил-

ләттiң”  қазаққа  түсiнiктi  “жұрт”, 

“ұлт”, “алаш” нұсқаларын актив қол-

данысқа түсiрдi. Түрiк ұлыстарының 

көзсiз бiртұтастануын емес, жеке-да-

ра мықты болып, ортақ мүдде бойын-

ша бiрiгуiн қолдады. 



1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал