Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет33/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69

Комуч  –  Құрылтай  жиналысы 

мүшелерінің  комитеті.  1918  ж.  мау-

сым айында Самара қ. - нда өздерін 

«уақытша  билік»  деп  жариялаған 

ақ  гвардияшылар  мен  эсерлердің 

үкіметі.  Олар  кеңес  үкіметінің  де-

креттерінің  күшін  жойып,  өндіріс 

орындарын, банктерді, сауда орында-

рын иелеріне қайтарып беру жөнінде 

шешім шығарды. Комучтің билігі Са-

мара, Саратов, Симбирск, Қазан, Уфа 

губернияларына  таралды.  Алашорда 

үкіметі  Комучпен  әскери-саяси  одақ 

құрды. Уфа директориясы құрылған 

соң Комуч «Құрылтай жиналысы мү-

шелерінің  сиезі»  деп  аталынды.  Бұл 

1918  ж.  желтоқсан  айында  таратыл-

ды. 


Көзеев  Қарабай  (1894  ж.т.,  б. 

Орал., Ілбішін у. Соналы б.,Шөптікөл 

–  Үшағаш  а.  қ.Қаратөбе  ауд.  – 

20.07.1938) – Жайық өңіріндегі Алаш 

қозғалысына және ауылды кеңестен-

діру ісіне қатысқан қайраткер. Әкесі 

Есет  кедей  адам  болған.  К.  ауыл 

молдасынан  хат  танып,  болыстық 

орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кей-

ін  1906-1916  ж.  аралығында  Соналы 

болысының 3 ауылында Тұраш бай-

ға  жалданып  еңбек  етті.  1916  ж.  қа-

зақтан тыл жұмысына адам алынған 

кезде Батыс майданында, Минск гу-

берниясында  қара  жұмыста  болды. 

1917 ж. көктемде елге оралып, ауылда 

жұмыс істеді. 1918 ж. Ойыл уәлаяты-

ның  Халық  милициясына  (әскеріне) 

жазылды. 1920 ж. Қаратөбе учаскелік 

ревкомы  жанындағы  учаскелік  ми-

лицияда  милиционер  болды.  1921-

1923  ж.  ЧОН  отрядының  құрамын-

да  қызмет  атқарды.  1924  ж.  РК(б)П 

мүшелігіне  кандидат,  1925  ж.  мүше. 

1924  ж.  Сабынкөл  болыстық  атқа-

ру  комитетінің  төрағасы.  ІІХК  өкілі 

Щитовтың  жаңа  түзімге  бағынбай 

жүрген  Қоныскерей  Қожахметов  ті 

ұстамақшы болған операциясына қа-

тысты. Халықтың іштей Қ. жағында 

екендігін  байқап,  «Халық  оны  бізге 

ұстаттыра  қоймас,  Қоныскерей  неде 

болса  көптің  жүрегіне  жол  тапқан 

адам» деп, Щитовты райынан қайтар-

ды.  1926-1928  ж.  Ащысай  болыстық 

атқару  комитетінің  төрағасы.  Жым-

питы және Ілбішін у.-дерін шағындау 

мақсатында 1928 ж. жаңадан Шалқар 

ауданы  құрылғанда  оның  аудандық 

Кеңес  атқару  комитетінің  төрағасы 

болып  тағайындалды.  Есен  Аңқаты 

өзенінің  Шалқар  көліне  құяр  саға-

лығынан  жаңа  аудан  орталығы  са-

лынатын  жерді  таңдап,  өз  қолымен 

қадасып  қақты.  1930  ж.  Жаңақала 

ауд.-дық  Кеңесі  атқару  комитетінің, 

1931  ж.  Семей  обл.-ндағы  Абыралы 

аудандық  Кеңесі  атқару  комитетінің 



Алаш қозғалысы

236


төрағасы. 1932-1934 ж. Гурьев обл. - 

на  қарасты Жилая Коса (Жылой) ау-

аткомының  төрағасы.  1934  ж.  Батыс 

Қазақстан  обл.  Тайпақ  ауд.-ндағы 

«Есенсай»  совхозының,  1935-1938 

ж.  Қаратөбе  ауд.-ндағы  «Қаратө-

бе»  ет  совхозының  жұмысшылар 

комитетінің  төрағасы.  Жаратылы-

сынан  батыл  да  әділ  К.  30  ж.  асыра 

сілтеу  тұсында,  1937  ж.  қуғын-сүр-

гін  кезінде  бірнеше  адамды  жолсыз 

жазадан  арашалап  қалды.  1937  ж. 

зейнет  демалысына  шығып,  туған 

жері  Үшағашқа  көшіп  барды.  1938 

ж. 20 - шілдеде ауырып қайтыс бол-

ды. Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл 

өндірістік  кооперативінің  1  -  бөлім-

шесі  маңындағы  қорымға  жерленді. 

Соңында  Жайылхан,  Нұртай  есімді 

екі  ұлы  қалды.  Жайылхан  Алматы 

қ.-нда  қайтыс  болды,  Нұртай  Қара-

баев  Қаратөбе  көшесінде  тұрады.  К. 

бейнесі Х.Есенжановтың «Ағайынды 

Жүнісовтер» романында сомдалған.



Көкшетау уездік мәжілісі – 1917 ж. 

18-19 сәуірінде 14 болыс адамдары бас 

қосқан  жиналыс.  Басқосудың  төраға-

лығына  Әлжан  Жұманов  сайланды. 

Мәжіліс  басында  Зәкір  қажы  мен 

Нұрым  қажы  құран  оқыды.  М.Сәлі-

мов  қазақ  халқын  Ресейдің  отарлауы 

және қазіргі қалыптасқан жағдай бой-

ынша  баяндама  жасады.  Сондай-ақ, 

мәжілісте  К.Тоқсарин,  А.Шоқай,  Ә.

Теміров,  М.Қасымов,  Х.Темірбеков, 

С.Шәріпов, Ә.Жұманов, Ғ. қажы Тата-

евтар сөйледі. 

Көкшетау  уездік  молдалар  мен 

мұғалімдер  сиезі  1917  ж.  тамыз  ай-

ында өтіп, ол Көкшетау қ.-нда зиялы-

лар ұйымын ашу, әр ауылнайда мек-

теп ашу, мұғалімдер курсын ұйымда-

стыру,  білім  серіктігін  құру  сияқты 

мәселелерді көтерді. 



Көпжасаров  Ескендір  –  Батыс 

Алашорда  әскери  далалық  сотының 

төрағасы.  Батыс  Алашорда  қайрат-

кері И.Көпжасарұлының ұлы. Кейбір 

деректерде  К.  Петербург  универси-

тетінде  білім  алғандығы  айтылады. 

Төңкеріске  дейін  қандай  қызметте 

болғаны белгісіз, патшалық дәуірдің 

Қобда болысына қатысты іс қағазда-

рында  ара-тұра  оның  қолы  кездесіп 

қалады;  ол  еуропаша  білімді  заңгер 

ретінде  болыстық  сайлаулар,  басқа 

да  әлеуметтік-саяси  талас-тартыстар 

кезінде  екі  жақты  бітімге  келтіруші 

ара ағайын ретінде қатысып, іс қағаз-

дарын  жүргізген.  Ол  Батыс  өңірдегі 

Алаш  қозғалысының  жұмыстарына 

белсене  араласқан.  Алаш  милиция-

сының офицері, Ойылдағы юнкерлер 

мектебінің  командирі  болады.  Б.Қа-

ратаевтың  естелігінде  К.-тың  Батыс 

Алашорда  үкіметінің  әскери-дала-

лық  сотының  төрағасы  болғаны  ай-

тылады.  К.-тың  Алаш  қозғалысына 

қатысын  айтқанда,  оның  ұлт-азат-

тық  қозғалыс  көсемдерінің  бірі  М. 

Шоқайдың  көмекшісі  болғандығын 

атап өткен жөн. Соңғы кездердегі де-

ректерде К. кеңес үкіметі орнағаннан 

кейін  алдымен  Кавказда,  содан  кей-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

237


ін  Еуропада  жүрген  М.Шоқайға  ел-

дегі  маңызды  оқиғалар  жөнінде  хат 

жазып,  ақпарат  беріп  тұрған.  Осы 

деректерде  оның  М.Шоқайға  соңғы 

хаты 1930 ж. жазылғандығы айтыла-

ды. Бұл хаттың мәтіні сақталған. К. 

1932-33 ж. қуғынға ұшыраған.

Көпжасарұлы Иса – «Ойыл уәла-

яты»  уақытша  үкіметінің  арнаулы 

кеңесінің  мүшесі.  К.-ның  1863-1864 

ж. Орынбор шекара комиссиясы жа-

нындағы қазақ балаларына арналған 

мектепте  оқығандығы  туралы  құ-

жат  Орталық  мемлекеттік  мұрағат-

та  сақталған.  Мектеп  бітірген  соң 

Санкт-Петербургте Ж. Досмұхамедо-

впен бірге оқыған. Университет бітір-

геннен  кейін  Орал  у.  бастығының 

көмекшісі қызметінде, содан соң Жи-

ренқопа  болысын  басқарады.  Қобда 

өңірінде «40 жыл болыс болған Иса» 

туралы әңгімелер сақталған. 1913 ж. 

Романовтар  әулетінің  Ресей  тағына 

отырған  300  ж.  салтанатына  қаты-

сып, патша тарапынан алтын медаль 

алады.  Жиренқопа  болысынан  бір 

кластық  орыс-қазақ  болыстық  мек-

тебін ашқызған және ұзақ ж. өзі оның 

құрметті  қамқоршысы  (почетный 

блюститель)  болған.  Халықты  оты-

рықшылыққа  көшіруге  атсалысқан. 

К.-ның  қайраткерлігі  1917  ж.  кейін 

Алаш қозғалысы өрістеген ж. баста-

лады.  Ол  сол  ж.  Ақпан  төңкерісінен 

соң орын алған саяси оқиғаларға бел-

сене араласады. 1917 ж. сәуір айында 

Оралда өткен Орал обл.-тық бірінші 

қазақ  сиездеріне  де  қатысқан.  1918 

ж. 18 мамырында Жымпитыда Орал 

обл.  қазақтарының  ІV  сиезі  баста-

лады.  450-ге  тарта  делегат  қатысқан 

осы  сиезде  Досмұхамедовтер  Орал 

обл.-нан  айрықша  «Ойыл  уәлаяты» 

деп  аталатын  уақытша  үкімет  жа-

сақтайды.  К.  осы  үкімет  құрамына 

енеді. Самарада кеңес өкіметі құлап, 

орнына  Құрылтай  жиналысы  коми-

теті  орнағанда,  К.  Батыс  Алашорда 

делегациясы  құрамында  Самараға, 

Челябіге,  Уфаға  барады.  Осы  ж.  К. 

жаңадан  құрылған  Батыс  Алашорда 

үкіметінің  құрамында  қаржы  мини-

стрі  болып  тағайындалады.  Ұлттық 

Алаш милициясын (әскерін) жасақта-

уға көп еңбек сіңіреді, оның пайдасы-

на өз дәулетінен 100 ат береді. ХХ ғ. 

- дың алғашқы ширегіндегі қазақтың 

көрнекті  саяси  қайраткерінің  бірі 

болған К. шамамен 1920 ж. жасы 70-

ке  қараған  шағында  қайтыс  болған. 

Моласы  қазіргі  Қобда  а.-нан  қашық 

емес,  К.  базы  деген  жерде  құлпыта-

сы  ысырылып,  орны  егістікке  жыр-

тылып кеткен. 

Көтібаров Әлмұхамет (Әлмағам-

бет)  –  Алаш  қозғалысының  қайрат-

кері.  1876  ж.  (кей  деректерде  –  1878 

жыл)  Перовск  у.  «Царская»  б.  7  а.,  

1898 ж. Санкт-Петербург әскери меди-

цина  академиясын  бітірген.  Мұстафа 

Шоқайдың  серіктерінің  бірі  болған. 

1917  ж.  Қазақ  азаматтық  комитет-

терінің Сырдария обл.-ндағы комитет 

төрағасы  болып  сайланды.  Ташкент 

уездік атқару комитетінің мүшесі бол-

ды. Орынбордағы екінші жалпықазақ 

сиезіне Сырдария обл. Перовск у.-нен 

делегат  болып  қатысқан.  Кеңестік 

дәуірдің  алғашқы  ж.  -  нда  Ташкент, 

Алматы  қ.-ларында  әртүрлі  қызмет-

тер атқарды. К. 1937 ж. қамауға алы-

нып, 1938 ж. Ташкентте атылған.


Алаш қозғалысы

238


Кучинский Макс – 20 ж. Еуропа 

мен  қазақ  зиялылары  арасына  дә-

некер ұғым мен тұлға. Бұл туралы 

Алаш  қайраткері,  жазушы-драма-

тург,  журналист-зерттеуші  Қ.Ке-

меңгерұлының  «Жол  әсері»  атты 

мақаласында  («Қазақ  тілі»,  1924 

ж.  15  тамыз)  айтылады.  Қаламгер 

былай  деп  жазады:  «Германиядан 

келген  Берлин  университетінің 

профессоры  доктор  Кучинский-

мен  Семей  у.-не  қараған  Бұғылы, 

Шыңғыс,  Меңдеш  болыстарын, 

Қарқаралы ү. - не қараған Ағанды, 

Абыралы,  Кент,  Ақсары,  Дастар, 

Ақбота  б.  -  тарын  шет  пұшпақтап 

аралап  түстім.  Профессордың  мақ-

саты  қазақ  арасындағы  ауру  түр-

лерін,  қандай  аурудың  көбірек  та-

рауы,  тазалық  шарттарын  тексеру 

еді және де қазақ елінің жалпы тұр-

мысымен  танысу  еді.  Профессор-

дың елді аралап аз уақыттың ішін-

де алып қайтқан қорытынды пікірі 

мынау:  «Бұрын  қазақпен  кітап 

арқылы  да  таныстығым  жоқ  еді. 

Германияда  ең  маңызды  жағрапия 

Зейдл дегендікі. Сонда қазақ тура-

лы  екі-ақ  жол  бар.  Қазақ  көшпелі, 

мекені киіз үй, баққаны мал деген. 

Енді байқап қарасам, қазақ туралы 

екі  жол  емес,  әлденеше  түп  кітап 

жазуға  болады  екен.  Көшпелі  тұр-

мысқа  қолайланған.  Мәдениеттен 

қазақ туралы екі-ақ жол бар. Қазақ 

көшпелі, мекені киіз үйлері өте ше-

берлікті  көрсетеді.  Мал  баққан  ел 

әнші  келеді  деген  пікірді  қазақ  елі 

айқын  дәлелдейді.  Қазақтың  кей-

бір әндері Венгриядағы мадиярлар-

дың әніне ұқсас. Қазақ өң жағынан 

бір  атадан  өрбіген  емес.  Өйткені 

кейбір  қазақтар  өңдес  Германия-

да,  Италияда,  Жапонияда,  Орта-

лық  Америкада  кездеседі.  Әсіре-

се  соңғы  айтылған  ауданда  қазақ 

өңдес  көп.  Бұл  антропологияның 

(адам  өңін  тексеретін  пән)  терең-

нен тексеретін зор мәселесінің бірі 

болу  керек».  Қ.Кемеңгерұлы  жол 

әсерін жүйе-жүйесімен (денсаулық, 

білім,  шаруашылық,  мәдени  өмір 

т.б.) хатқа түсірген. Бұл үрдіс неміс 

профессоры  жазбаларының  ықпа-

лынан  өрбуі  де  мүмкін.  Айтқан-

дайын,  Қошке  мәліметіне  қараған-

да, өзінен басқа К. жанында Халел 

Ғаббасұлының  атқосшысы  және 

бір  латыш  жігіті  болыпты.  Бір  қы-

зығы, ұлт зиялылары репрессияла-

нып,  олардың  атын  атауға  тыйым 

салынған  ж.  (1974)  осы  неміс  ға-

лымына  қатысты  бір  дерек  ғалым 

Ы.Дүйсенбаевтың  «Мұхтар  Әуе-

зов»  атты  еңбегінен  мына  жолдар-

ды оқимыз: «Шамасы, 20 ж. басын-

да  болу  керек,  неміс  ғалымы  (ме-

дик) К. бастаған шағын топ жазды 

күні Мұқаңдардың ауылына келеді. 

Неміс  оқымыстысының  жанында 

бір  орыс  (неміс  тілін  білетін),  бір 

қазақ  (орыс  тілін  білетін)  екі  тіл-

машы  бар  екен.  Сол  ж.  дәрігерлік 

жоғары  мектепте  оқып  жүрген  Қ. 

Кемеңгеров  қазақ  ауылына  келген 

соң  еркін  серуендеп,  біраз  серпіл-

мек  болады  да,  Мұқаңды  өз  орны-

на  тілмәштік  етуді  өтініп,  ол  кісі 

ойламаған  жерден  аз  уақыт  К.-дің 

қарамағында  қызмет  етеді.  Ал,  К. 

ең  алдымен  даланың  білімді  ада-

мымен  сөйлескісі  келген  тілегін 

білдіргенде,  оны  Мұқаң  Шәкәрім-

мен таныстырады. Неміс ғалымына 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

239


ол  зор  құрмет  көрсетеді.  Сонымен 

қатар  Құрбан  айтына  байланысты 

екі күндей ойын-сауық жасайды: ат 

жарыс, балуан күрес, көкпар тарту, 

тағы  да  басқа  ойындар,  әсіресе  ән. 

Олардың  бәрін  суретке  түсіріп,  К. 

қарық  боп  қалады.  Ол  ұзақ  уақыт 

Шәкәріммен  әңгімелескеннен  кей-

ін: «Бұл кісі шынында да даланың 

көпті көрген адамы екен» деп қатты 

сүйсінеді. Кейін өз еліне, Германи-

яға оралған соң К. «Степь и ее оби-

татели»  деген  атпен  кітап  шыға-

рыпты  деседі.  Бірақ,  сол  еңбекті 

алдыруға  қанша  әрекеттенсе  де 

Мұқаң, неге екені белгісіз, одан еш 

нәтиже шығара алмапты» (213-214-

б.). Алаштың белгілі зиялыларымен 

сұхбат құрып, қазақ мәдениеті мен 

білім-білігіне  қанық  аталған  неміс 

ғалымы  туралы  тағы  бір  мәлімет 

біз  ҰҚК  архивінен  тапқан  Ә.Бө-

кейханның 

А.Байтұрсынұлына 

жазған  хатында  да  көрініс  тапқан. 

Бұл мұра қайраткердің 1995 ж. С.А. 

Жүсіп құрастырған «Таңдамалысы-

на»  да  енді  (қараңыз:  397,  456-б.). 

1925  ж.  23  маусымда  Мәскеуден 

жазылған  Әлихан  хатында  мынан-

дай жолдар бар: «Профессор тамыз 

бен  қыркүйек  айларында  Ырғыз 

бен  Торғайға  барып,  сол  жақтан 

Қызылордаға  соғатын  боп  уәде 

беріп,  Берлин  қ.-на  қайтып  кетті. 

Мен  одан  Қостанайдан  бастауын 

өтіндім.  Ол  бұған  келісті.  «Егер 

осы өңірлерге барсаңыз, А. Байтұр-

сынұлын  ұшырастыруға  тиіссіз. 

Бұл  кісі  сізге  серік  болады»  дедім 

мен тағы да. Енді сенің келісіміңді 

біліп, оған хат жазып, хабарласып, 

ақпарымды  Мәскеудегі  неміс  өкіл-

дігіне  кетпекшімін.  Ол  өзі  біздің 

қазақ  өкілеттігіне  соғып,  анықтап 

сұрап  алатын  шығар.  Тамыз  айын-

да  қайда  боласың?  Мырзағалиевті 

неміспен  ұшырастыруға  жіберер-

сің.  Еуропа  сүзектің  микробын 

әлдеқашан  тапқан.  Лизажанның 

профессоры  дәріс  үстінде  айтатын 

көрінеді:  «Макс  па  (менің  профес-

сорым),  жоқ  мен  бе,  бұл  микроб-

ты тапқан сияқтымыз» деп. К. бұл 

жөнінде  ештеңе  демеп  еді.  Бәлкім, 

оның  зерттеу  нысанасы  да  сол 

шығар.  Егер  сен  оған  қосылсаң, 

тіпті  жақсы  болар  еді».  Бұл  хат-

та  сөз  болып  отырған  неміс  ғалы-

мы  мен  Қ.Кемеңгерұлы,  М.Әуезов 

деректеріндегі  неміс  ғалымы  бір 

азамат  екені  анық.  Бұдан  мынан-

дай  қорытынды  шығаруға  болады: 

1)  Берлин  университетінің  про-

фессоры  К.-дің  Қазақстан  сапарын 

ұйымдастыруға Алаш көсемі Ә.Бө-

кейхан  бірден-бір  себепші  болған; 

2) профессор К.-дің Қазақстан сапа-

рын жай ғылыми-танымдық немесе 

ғылыми-практикалық сапар деу аз. 

Мұның болашақ қазақ тәуелсіздігі-

не қатысты саяси астары да бар. Өй-

ткені,  Ә.Бөкейхан  хатында  тұспал, 

меңзеу  анық  байқалады.  Сонымен 

бірге ОГПУ-НКВД да ұйықтап жат-

пай, бұл хатты 1925 жылы-ақ қолға 

түсірген;  3)  қалай  болғанда  ХХ 

ғ.  -  дың  20  ж.  қазақтың  аса  таны-

мал, беделді қайраткерлерімен жо-

лығып,  олардың  ой-пікірін  жазып 

алған бүгінгі Қазақстан ғылымына 

бейтаныс К. тұлғасы Қазақ-Герман 

достастығының белгілі бір кезеңін 

ғана көрсетпейді, жалпы Алаштың 

Еуропаға терезе ашқан елеулі сәтін 


Алаш қозғалысы

240


аңғартады.  2012  ж.  бізге  К.  еңбе-

гінің көшірмесін зерттеуші И. Тұр-

сынов Германиядан тауып жеткізді. 

Қазір  ол  еңбек  қазақ  тіліне  ауда-

рылып,  баспаға  әзірленіп  жатыр. 

Расында,  осы  мұрада  автор  Ә.Бө-

кейханға ризашылығын білдіреді.

Күдерин  Жұмахан  Маусым-

байұлы (1891, Семей обл. Аягөз қ. 

–  1938)  –  Қазақтың  алғашқы  био-

лог  ғалымдарының  бірі.  1913-17  ж. 

Қапал  ауылшаруашылық  мектебін 

бітірген.  Жетісу  өңіріндегі  Алаш 

қозғалысының  жергілікті  жұмы-

старына  қатысқан.  1920  ж.  Қытай-

ға  кеткен  қазақтарды  қайтару  ко-

миссиясының  жұмысына  белсене 

атсалысып,  соның  нәтижесінде  6 

мың  отбасы  елге  оралған.  1930  ж. 

Орта  Азия  мемлекеттік  институ-

тын  бітірген.  Оның  «Қытайдағы 

босқындар  өмірі»,  «Қазақтардың 

ата-тегі туралы материалдар», «Бо-

таника»,  «Қой  мен  оның  жүні», 

«Өсімдіктану»  тағы  да  басқа  зерт-

теу  еңбектері  бар.  1930  ж.  Алаш 

қозғалысына  қатысты  деген  айып-

пен тұтқындалып, атылды.



Күлеев  Бернияз  1899  ж.  Ресей 

Орынбор  обл.  Бөрте  ауд.  -  да  – 

белгілі  ақын.  туған.  Оның  шығар-

машылық бағыты ХХ ғ. - дың басын-

да  М.Жұмабаев  қалыптастырған 

романтикалық  поэзия  дәстүрінде 

болды.  Ақын  1920-1923  ж.  Қазан 

қ.-нда  тұрып,  сол  кездегі  Қазақ 

АССР Халық ағарту комиссариаты-

ның  кітаптарды  бастырушы  өкілі 

ретінде  қызмет  атқарды.  Қазанда 

жүргенде  К.  Абайдың,  М.Жұмаба-

евтың тағы да басқа ақын-жазушы-

лардың  кітаптарын  шығаруда  бел-

сенділік  танытты.  Оның  алғашқы 

өлеңдері 1914 ж. бастап белгілі. Ли-

рикалық  өлеңдері,  лиро-эпикалық 

поэмалары  кейіпкердің  ішкі  әлемі-

не  құрылып,  оның  әртүрлі  қырла-

рын бейнелейді. Ақынның «Жердің 

жүзі жаз еді» (1919), «Қайда екен?» 

(1922), «Жорық» (1922) атты поэма-

лары бар. Бернияздың Алаш қозға-

лысына арналған «1917 ж.», «Ел ер-

леріне»,  «Алға»  шығармаларында 

осы  қозғалысты  туған  халқының 

тәуелсіздікке  жеткізеріне  сенім 

білдіріп,  азаттық  идеясы  ерекше 

леппен  жырланады.  Поэмалары-

ның  ішінде  «Жорық»  дастанының 

жазылуына ұлт-азаттық қозғалысы 

ықпал  етті  деуге  болады.  Бейне-

леу  тәсілі  жағынан  романтикалық 

шығарма  болып  табылатын  «Жо-

рық» поэмасына айрықша үміттілік 

тән.  К.  ІІ  Жалпықазақ  сиезіне  қа-

тысқан.  Оның  осындай  ірі  оқиғаға 

куә  болуы  –  болашақтағы  азамат-

тық  ұстанымын,  саяси  көзқараста-

рын қалыптастырды. Ол өз кезегін-

де ақынның шығармашылық әлемі-

не шешуші мәнде ықпал етті деуге 

болады. 

«Күншығыс  баспасы»    ХХ  ғ. 

- дың 20 ж. баспасөзде аты жиі ай-

тылатын баспа. Қазақша ресми аты 

–  «КСРО  халықтары  кіндік  баспа-

сының қазақ-қырғыз бөлімі». Оның 

тарихы  1922  ж.  басталады.  Осы  ж. 

автономиялық  республикалар  мен 

обл.  үшін  кітаптар  және  мерзімді 

басылымдар  шығаратын  КСРО 

ОАК  Шығыс  баспасы  негізінде 

ашылған. 1924 ж. КСРО халықтары-

ның орталық баспасы ретінде қайта 

құрылған.  50  тілде  кітап,  аударма 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

241


саяси  әдебиет,  12  тілде  газет-жур-

нал  шығарған.  Осы  баспа  саны  аз 

ұлттардың  ең  алғашқы  әліпбиін 

жасап,  оқулықтарын  жариялаған. 

Халық  арасында  «Күншығыс  бас-

пасы»  деп  айтылып  кеткен.  Осы 

мекемеде 1922-1927 ж. Алаш көсемі 

Ә.Бөкейхан  жұмыс  істеген.  1922-

1928  ж.  Н.Төреқұлов  КСРО  Орта-

лық  Атқару  Комитеті  жанындағы 

Орталық  баспа  басқармасының 

төрағасы  және  қазақ  секциясының 

басшысы  қызметін  атқарған.  Осы 

баспадан  «Темірқазық»  журналын 

шығарған. Бұл баспада келісімшарт 

негізінде  1923  ж.  Түркістан  респу-

бликасынан  Әдебиет  институтына 

оқуға  арнайы  жолдамамен  келген 

М.Жұмабаев  та  жұмыс  істеген.  20 

ж. ұлт фольклорының үлгілері, та-

нымдық кітаптар, аудармалар сын-

ды құнды дүниелер аталған баспа-

дан шыққан.

Күсепқалиев  дәулетше  (Дәу-

летшаһ)  (1870,  Екатеринослав  у. 

Старосербск  қ.  –  1944)  –  жоғары 

білімді  алғашқы  қазақ  дәрігер-

лерінің  бірі,  Батыс  Алаш-Орда 

қайраткері.  Атасы  –  Нұралының 

Орманынан  туған,  1869-1870  ж. 

Кіші  жүз  қазақтарының  патшалық 

жаңа  басқару  жүйесіне  қарсы  кө-

терілісін  бастаған  Күсепқали.  Кө-

теріліс  жеңіліс  тапқаннан  кейін  К. 

Ахметше,  Шәңгерей,  Сәлімгерей, 

Әділгерей, Сахыпкерей, Жүсіп дей-

тін алты баласымен бірге Сібірдегі 

Екатеринослав  у.-не  жер  аударыл-

ды.  Жүсіптің  баласы  Дәулетшаһ 

Старосербск  қ.-нда  дүниеге  келді. 

1880 ж. тірі қалған ағаларымен бір-

ге елге – Жайық өңіріндегі Азына-

бай-Тайпақ  атырабына,  соның 

ішінде  атамекен  Ақбақай  жайла-

уына  (қ.  Қаратөбе  ауд.  Саралжын 

а.  маңында)  оралды.  К.  болыстық 

орыс-қазақ мектебін және Орынбор 

гимназиясын  тәмамдады.  Импе-

раторлық  Мәскеу  университетінің 

медицина  факультетіне  түсіп,  оны 

1900 ж. үздік бітірді. Кейбір дерек-

тер  бойынша,  айтылмыш  универ-

ситеттің  заң  факультетінде  қатар 

оқып,  екі  дипломды  бірге  алған. 

Сол ж. Орал обл. қарасты Ілбішін у. 

2  медициналық-ауылдық  учаскеге 

учаскелік  дәрігер  болып  бекітілді, 

Қарағаш,  Өлеңті,  Жымпиты,  Со-

налы,  Қалдығайты  болыстарына 

дәрігерлік қызмет көрсетті. 1903 ж. 

бастап Орал обл. Гурьев у. қарасты 

2  учаскенің  Есбол,  Қарабау,  Кер-

мақас,  Тайсойған  және  Қызылқоға 

болыстарына  қызмет  көрсететін 

дәрігері,  әрі  осы  учаскеде  кре-

стьянский начальник, Кермақас бір 

кластық  орыс-қазақ  училищесінің 



жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет