Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет32/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69

Кенебайұлы  Садық  –  (т.ж.б., 

бұрынғы  Семей  обл.  Аягөз  ауд.  қа-

расты  Ақшатау  а.  Қалғұты  елді  ме-

кені.  –  ө.ж.б.)  –  Алаш  қозғалысына 

қатысушы.  Ш.  Құдайбердіұлына 

нағашылық  жақындығы  болған-

дықтан  Семейде  Алаш  зиялылары 

Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.

Дулатұлы  т.б.  ұлт  зиялыларымен 

аралас-құралас  болғаны  турасында 

деректер  бар.  1920  ж.  Семейді  боль-

шевиктер қайта басып алғанда Алаш 

көсемдері Аягөз маңындағы Ақшатау 

ауылын,  оның  ішінде  Қалғұтыдағы 

К.-ның  үйін  уақытша  паналаған-

дары  туралы  мәлімет  ел  арасында 

сақталған.  Алаш  қайраткерлерінің 

кеңесімен  К.  ағайындары  Мұсабай, 

Мұсағилармен  бірлесіп,  Қалғұтыда 

мектеп  салады.  1918-1932  ж.  кеңес 

өкіметіне қарсы Қарауыл, Шұбартау 

қарулы  көтерілістерін  басқарған-

дардың  бірі.  1932  ж.  Қытайға  қоныс 

аударады.  Шығыс  Түркістанды  азат 

ету  көтерілісіне  қатысып,  соғыста 

жараланып қайтыс болған.



Кенемолдин  Мұратбек  Мүф-

тиұлы (1958 ж. 8 тамызда Шығыс Қа-

зақстан обл. Ақсуат а.) - 1980-1985 ж. 

Абай атындағы Қазақ педагогикалық 

институтының  тарих  және  құқық 

негіздері  факультетін  бітірген.  1985-

1990 ж. Шар аудандық «Достық туы» 

газетінде аудармашы, әдеби қызмет-

кер,  бөлім  меңгерушісі,  1991-2000 

ж.  обл.-тық  «Семей  таңы»  газетін-

де  тілші,  бөлім  меңгерушісі,  бас ре-

дактордың  орынбасары  қызметтерін 

атқарған. 2000-2003 ж. обл.-тық «Де-

мократия»  қоғамдық-саяси  газетінің 

атқарушы  редакторы.  2003-2004  ж. 

Семей  мемлекеттік  педагогикалық 

институты  жанындағы  «Шәкәрімта-

ну»  ғылыми-зерттеу  орталығы  ди-

ректорының  орынбасары  қызметін 

атқарған.  2004  ж.  бастап  республи-

калық  «Абай»  журналында  бөлім 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

229


меңгерушісі, ал 2012 ж. жауапты хат-

шы  болып  жұмыс  істейді.  К.  Алаш 

қозғалысы  тақырыбына  байланысты 

архивтік  деректер  негізінде  40-қа 

жуық зерттеу материалдарын, соның 

ішінде  «Әлихан  Бөкейхановтың  Се-

мейдегі  ж.»,  «Шәкәрім  өмірінің  бел-

гісіз  беттері»,  «Жәрдем»  баспахана-

сы», «Тінібай қажы», «Анненковтың 

«Ажал аралы», «Әнияр Молдабаев», 

«Қаражан  Үкібаев  кім?»,  «Бияш  деп 

елі  еркелеткен»,  «Турағұл  Абайұлы 

және Алашорда үкіметі», «Алаштың 

Ахметжаны», «Халел Ғаббасов», «Ға-

лия»  медресесінің  семейлік  шәкірт-

тері», «Шәкәрім айтқан қазақ оқыған-

дары» т.б. мақалалары бар. 

Кенесарин  Әзімхан  Ахметұлы 

(1878,  Шымкент  қ.  –  29.10.1937)  – 

Алаш  қозғалысының  қайраткері. 

Қазақтың  соңғы  ханы,  ұлт  қаһарма-

ны 

Кенесары 



Қасымұлының 

немересі.  1897 

ж.  Шымкентте 

қ.-лық  учили-

щені 

бітірген. 



Әулиеата  уездік 

басқармасында 

хатшы.  1905  ж. 

Әулиеата 

қа-

зақтары  атынан  Ресей  империясы 



Министрлер Кеңесінің төрағасы граф 

С.Ю.  Витте  атына  петиция  жазуға 

қатысады.  І  Жалпықазақ  сиезінде 

Бүкілресейлік құрылтай жиналысына 

Әулиеата у.-нен депутаттыққа канди-

дат ретінде ұсынылды. 1917 ж. 12 қа-

рашада өткен Әулиеата у. қазақтары-

ның  сиезін  ұйымдастырушылардың 

бірі. Сиезде ұлт тәуелсіздігі жолында 

Алаш  туы  астына  жиналып,  ел  бо-

лашағы  үшін  саяси  күрес  жүргізу 

жолдары қарастырылды. 1917 ж. жел-

тоқсанның  5-13  күндері  аралығында 

өткен  ІІ  Жалпықазақ  сиезіне  Сырда-

рия обл. қазақтары атынан қатысып, 

сиезд төрағасының орынбасары бол-

ды. Түркістан (Қоқан) автономиясын 

заңды  мемлекет  деп  танып,  кеңес 

үкіметінің оны әскери күшпен тара-

туына  наразылық  білдірді.  1921  ж. 

бастап  Сырдария  рев.  комитетінің 

хатшысы,  уездік  атқару  комитетін-

де  жер  бөлімінің  меңгерушісі,  ги-

дротехник.  1930  ж.  «ұлтшылдық» 

тұрғыдан айыпталып тұтқындалады. 

Бостандыққа шығарылғанымен, 1937 

ж.  тамызда  қайта  тұтқындалады. 

Большевиктік  жендеттер  тарапына 

ату  жазасына  кесілді.  1956  ж.  Түр-

кістан әскери округы трибуналының 

шешімімен ақталды.

Кенжеахметовұлы  Сейіт  (1939 

ж.т.), – жазушы, этнограф, Қазақстан 

Жазушылар  одағы  (1973),  Журнали-

стер  одағының  (1964)  мүшесі.  Қаз-

МУ-ді бітірген. Қостанай, Торғай обл. 

Журналист  және  жоғары  оқу  орын-

дарында  жұмыс  істеген.  Шығарма-

лары: «Сөз – семсер» (1977), «Мірдің 

оғы» (1990), «Хан барон – на сезоне» 

(1988), «Торғай жазушылары» (1991), 

«Жеті қазына» – 1,2,3 кітаптар (1997), 

«Ұлттық  әдет-ғұрыптың  бізге  бей-

мәлім 220 түрі» (1988), «Күлкіден ай-

ырмасын»  (1999),  «Қазақ  халқының 

салт-дәстүрлері» («Традиции и обря-

ды  казахского  народа»;  қазақ,  орыс, 

ағылшын  тілдерінде;  2004),  «Қа-

зақтың  дарқан  дастарханы»  («Кух-

ня  казахского  народа»;  қазақ,  орыс, 

ағылшын  тілдерінде;  2006),  «Қазақ 

халқының  тұрмысы  мен  мәдениеті» 


Алаш қозғалысы

230


(«Быт  и  культура  казахского  наро-

да»;  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін-

де; 2006), «Шешендерден сөз қалған» 

(Шыңжаң  халық  баспасы;  2006). 

«Алаш» қайраткерлері, қазақ мәдени-

еті мен этнографиясы туралы 70-тен 

астам ғылыми мақалалар мен еңбек-

тер жазған. Шығармалары ағылшын, 

орыс, түрік, әзірбайжан, қырғыз тіл-

деріне  аударылған.  ҚазКСР  Құрмет 

грамотасымен  (1991)  марапатталған. 

Торғай,  Арқалық  қ.-ларының  құр-

метті азаматы. Еуразия ұлттық уни-

верситетінің  «Отырар  кітапханасы» 

ғылыми-зерттеу  орталығында  аға 

ғылыми қызметкері. 



Кенжебаев  Бейсенбай  (1904  ж. 

Оңтүстік  Қазақстан  обл.  Ордабасы 

ауд. Бөген а. т.) – ғалым, филология 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор.  Мәскеудегі  Шығыс  еңбекшілері 

коммунистік университетін, әдебиет 

институтының  2  курсын,  ҚазМу-ді 

бітірген.  «Жас  қайрат»,  «Лениншіл 

жас»,  «Кеңес  туы»,  «Оңтүстік  Қа-

зақстан»,  «Социалистік  Қазақстан» 

т.б.  газет-журналдарда  бөлім  мең-

герушісі,  редактордың  орынбасары, 

редактор  қызметтерін  атқарған.  Қа-

зақстан  мемлекеттік  біріккен  баспа-

сының бас редакторы, 1961 ж. Қазақ 

мемлекеттік  университетінің  кафе-

дра меңгерушісі. К. – қазақ әдебиеті 

тарихының  мәселелеріне  арналған 

іргелі  еңбектердің,  Абай,  Жамбыл, 

Алаш  қайраткерлері  С.Торайғыров, 

М.Сералин,  М.Әуезов,  С.Шәріповтің 

өмірі  мен  шығармашылығы  туралы 

зерттеулердің  авторы.  М.Жұмабаев-

тың  шәкірті,  ұстазы  туралы  естелік 

қалдырған.

Кенжин  Аспандияр  (22.12.1887, 

Гурьев у. Рәкош к. – 26.ІІ.1938) – қоғам 

қайраткері,  «Алаш»  партиясының, 

Батыс  Алаш-Орданың  белсенді  мү-

шелерінің бірі. Әкесі Кенже қарапай-

ым малшы болған. К. Гурьев у. қара-

сты  Есбол  ау.  -  да  мектепті  (1897-

1900), Гурьев (қ. Атырау) қ.-ндағы екі 

кластық  орыс-қазақ  училищесін 

(1900-1902) 

және 

Орынбордағы 



орыс-қазақ  мұғалімдер  мектебін 

(1902-1906) бітірген. Семинарияда со-

циалистік  және  жаңа  халықшылдық 

идеяларымен әуестенді. 1906 ж. тара-

тылған  І  Дума  депутаттарының  бір 

тобы Выборг қ.-нда қол қойған нараз-

ылық  манифесін  таратуға  қатысты. 

1906-1917 ж. аралығында Орал губер-

ниясының  мектептерінде  мұғалім. 

Ақпан революциясын Орал у.-не қа-

расты  Қарашығанақ  болысындағы 

Елек мектебінде қызмет істеп жүріп 

қарсы алды. «Қазақ» газетінің шығу 

мерзімділігін  жиілету  ісіне  күш  са-

лып,  «Азамат»  серіктестігіне  мүше-

лер  тартты.  «Қазақ»  газетінің  авто-

ры. 

Мақалалары: 



«Қазақтың» 

шығуын  жиілеу»,  «Жұмысшылар 

жайынан»,  «Жиһанша  хатына  жау-

ап» (1917). 1917 ж. ақпан-наурыз ай-

ларында  Қарашығанақ  болысын-

дағы  Елек  кентінде  жоғары  баста-

уыш  училищеде,  педагогикалық 

курста  оқытушы,  бұған  қоса  Елек 

Тұтынушылар  қоғамы  басқармасы-

ның төрағасы, Елек Азаматтық атқа-

ру комитетінің хатшысы, Орал Вой-

скосы шаруашылық басқармасы жа-

нындағы  азық-түлік  комитетінің 

мүшесі,  Қарашығанақ  болысы  қа-

зақтарының  ұйымдастыру  коми-

тетінің төрағасы және Елек Азамат-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

231


тық  атқару  комитеті  жанындағы 

Мұсылмандар бюросы төрағасының 

серігі. 1917 ж. наурыз айының орта-

сында  Уақытша  үкімет  тарапынан 

Торғай  обл.  бойынша  комиссар  бо-

лып  тағайындалып,  Петроградқа 

шұғыл  аттанып  кеткен  Ә.Бөкейхан-

ның  орнына  А  Байтұрсыновтың  ай-

туымен Батыс майданға қызмет көр-

сететін  Ресей  земство  және  қала 

одағының  (Земгор)  Минск  коми-

тетіндегі  Бұратаналар  бөліміне  мең-

герушілікке  ұсынылды.  Минскіге 

сәуірдің басында жеткен К. тыл жұ-

мысынан  босатылған  қазақ  жігіт-

терін елге қайтару ісімен шұғылдан-

ды.  Майдан  жұмысында  жүрген 

жастардың арасында болашақта «Ер-

кін дала» деген атпен ашылатын мә-

дени-ағарту ұйымының іргесін қала-

ды.  1917  ж.  наурызда  ішінде  Ә.  Бө-

кейхан,  Ж.Сейдалин,  М.Дулатов  бар 

15  қазақ  зиялысы  қатарында  қазақ 

қоғамының алдағы міндеттерін бел-

гілеген,  қазақ  сиездерінде  қарауға 

ұсынылған  «Қазақтарға,  жаңарған 

Россияның ерікті азаматтарына» үн-

деуін  әзірлеп,  жариялауға  қатысты. 

Осы  үндеу  авторларымен  бірге  Пе-

троградқа  келіп,  Бүкілресейлік  мұ-

сылмандар мәжілісіне қатысты, онда 

Мұсылмандар 

бюросын 

құру, 


Бүкілресейлік  мұсылмандар  сиезін 

шақыру  туралы  шешім  қабылдауды 

қолдады. 1917 ж. мамыр-шілде айла-

рында К. және М.Есболов басқарған 

Бұратана  бөлімдерінің  ұйымдасты-

руымен майдандағы жігіттер 35 эше-

лон  болып  елге  оралды.  Бұратана 

бөлімі жұмысын тоқтатқаннан кейін 

К.  шілденің  басында  Орынборға 

келіп,  Н.Төреқұлов,  Т.Жаманмұры-

нов, М.Сейдалин, Ш.Қапсаламов, М.

Есболовтармен  бірге  «Еркін  дала» 

ұйымын  құрды,  «Қазақ»  газеті 

арқылы  елге  үндеу  тастады.  Негізгі 

мекенжайы «Қазақ» газеті басқарма-

сында  орналасқан  ұйымның  бергі 

мақсаты  –  Құрылтай  жиналысына 

және  мұғалімдер  жиынына  әзірлік, 

ал  ұзақ  мезімдік  мұраты  –  халықты 

сауаттандыру, мәдениет дарыту; мек-

тептер ашып, стипендиялар тағайын-

дау,  газет-журнал,  кітап  шығару; 

мұқтаж шәкірттерге пансион, асхана 

ашу  т.б.  болды.  Шілденің  басында  І 

Жалпықазақ  сиезін  ұйымдастыру 

бюросының атынан «Қазақ» газетін-

де  жарияланған  мақаласында  Ә.Бө-

кейхан  бюро  атынан  сиез  делегат-

тығына кандидат бола алады деген 43 

адамның  қатарында  К.-ді  де  атады. 

1917  ж.  21-26  шілде  аралығында 

Орынборда  өткен  І  Жалпықазақ  си-

езіне  қатысқан    К.  Құрылтай  жина-

лысы  депутаттығына  кандидат  бо-

луға лайық деп сиез атаған 81 қайрат-

кердің  тізіміне  енді  және  сиез  қара-

рымен Петроградтағы Оқу комиссия-

сына  қазақ  атынан  өкіл  болып  сай-

ланды.  Күзде  Орал  обл.-тық  Қазақ 

комитетінің  ұйымдастыруымен  өт-

кізілген земство сайлауы мен Құрыл-

тай  жиналысына  депутат  сайлау  на-

уқанына  белсене  қатысып,  Обл.-тық 

земство  басқармасы  төрағалығына 

түскен екі кандидат – Х.Досмұхаме-

дов пен Ғ.Әлібековтің ішінен соңғы 

қайраткердің  кандидатурасын  қол-

дады.  ІІ  Жалпықазақ  сиезінде 

Алаш-Орда  үкіметіне,  яғни  Алаш 

автономиясының  Уақытша  Ұлт 

Кеңесі  мүшесінің  орынбасарлығы-

на  сайланды.  1917  ж.  аяқ  шенінде 



Алаш қозғалысы

232


Темір у.-нде оқу-ағарту ісімен, жаңа 

оқу орындарын ашумен айналысты. 

1918  ж.  ақпан  айында  Қаратөбеде 

өткен ІІІ Қазақ Орал обл.-тық сиезін 

ұйымдастырушы  зиялылардың  бірі. 

Қаратөбе 

сиезінде 

Ғ.Әлібеков 

бастаған топ құрамында Ж. және Х.

Досмұхамедовтер 

жақтастарымен 

әскер  қажеті  үшін  түтін  басына  са-

лынатын  салық  мөлшері  жөнінде 

келіспей  қалып,  наразылар  құрған 

«Ақ жол» тобына енді. Келіспеушілік 

жөніндегі  пікірін  М.Жолдыбаев 

арқылы  Алаш-Орда  төрағасы  Ә.Бө-

кейханға  жолдады.  Өзге  мәселелер 

бойынша Алаш-Орда платформасын-

да қала берді. 1918 ж. ақпанынан - қа-

зан айына дейін Темір уездік земство 

басқармасының  төрағасы.  Ташкент-

тен  Жымпиты,  Орынбор  бағытына 

келе жатқан жолда Темірге аялдаған 

М.  Шоқайға  қолғабыс  берді.  1918  ж. 

қарашадан  бастап  Алаш-Орданың 

Торғай  бөлімшесіне  келіп,  Орскіде 

орналасқан 

Алаш-Орда 

Әскери 


кеңесіне мүше болды, Торғай бөлім-

шесі  әскеріне  жігіт  жинау  жөніндегі 

комиссияға  төрағалық  етті.  Орск 

майданасты қалғаннан кейін 1919 ж. 

көктемде 4 - Алаш полкінің құрамы-

на әуелі Қостанайға, кейінірек Торғай 

қ.-на келді, осында Торғай у.-нің әске-

ри комиссары А. Иманов басқаратын 

Қызыл армия отрядына қосылып, Со-

веттермен  жақындасу  жұмысын 

жүргізді, осы біріккен отрядтың ша-

руашылық бөлімін басқарды. Алайда 

1919  ж.  сәуірде  майдандағы  жағдай-

дың  күрт  өзгеріп,  ақтардың  бел  ала 

бастауына  байланысты  Торғайдағы 

Алаш полкі Қазақ автономиясы идея-

сын  жақтаушы,  Уақытша  Сібір 

үкіметі Ішкі істер министрінің орын-

басары  П.Коропачанский  басқарған 

ведомствоаралық комиссиямен арада 

үзіліп қалған келіссөзді жалғастырды 

да, К. 1919 ж. шілде айында Торғай у.-

нің  комиссары  С.Қадырбаевтың 

тапсыруымен  Сібір  үкіметінің  орта-

лығы Омбы қ.-на келіп, үкімет аппа-

ратында  заңнамалық  мәселелермен 

шұғылданып  жүрген  Ә.Бөкейханмен 

кездесті,  А.В.Колчак  атына  Торғай 

оқиғаларын, Таран мен А.Иманов қа-

засының  жай-жапсарын  сипаттаған 

және  төрт  Алаш  полкінің  басын  қо-

сып  дивизия  жасақтауды,  оны  қа-

ру-жарақпен,  әскери  киім-кешекпен 

жабдықтауды  сұраған  мәлімдеме 

тапсырды.  Колчак  әскері  жеңіліске 

ұшырағаннан кейін Батыс Алаш-Ор-

да  үкіметінің  шұғыл  шақыруымен 

1919  ж.  тамыз  айында  С.Қаратілеуо-

впен  бірге  Ойылға  оралды.  Б.А.-О 

үкіметінің шешімімен С.Қаратілеуов 

уақытша  тұтқындалды  да,  К.  кепіл 

ретінде ұсталды. 1919 ж. тамыз-жел-

тоқсан  аралығын  ауылда,  ағасының 

үйінде  өткізді.  Орал  майданында 

Қызыл армия жеңіске жете бастаған 

1919 ж. желтоқсанда РӘК өкілі П.Ко-

бозевтың  тапсыруымен  Б.А.-О.-мен 

арада  келіссөз  жүргізу  және  5  -  Ар-

мия  РӘК-і  уәкілеттілігімен  Б.А.-О.-

ны  қарусыздандыру  ісіне  қатысты. 

Сол  жолы  Қызыл-Қоға  Әскери 

бөліміне  мүше,  Қызыл-Қоға  уездік 

революциялық комитетінің төрағасы 

болып  тағайындалды  (1919,  желтоқ-

сан  –  1920,  сәуір).  Өлкелік  халыққа 

білім  беру  бөлімінің  мектептен  тыс 

жұмыстар 

жөніндегі 

қосалқы 

бөлімінің  меңгерушісі  (1920,  сәуір  – 

1921,  наурыз),  халыққа  білім  беру 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

233


бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары 

(1920, шілде). Осы кезеңде Қазревком 

облбюросының мүшесі ретінде ҚАК-

СР-дің  әкімшілік  бөлінісі  мәселе-

лерімен айналысты. Кейінірек Халық 

ағарту комиссариатының Саяси ағар-

ту  басқармасының  төрағасы  және 

Халкомның  алқа  мүшесі  (1921,  нау-

рыз 1921, қазан). ҚАКСР халық ағар-

ту комиссары (1921, қазан - 1922, қа-

раша).  Осы  кезеңде  ҚАКСР-де  орта-

лыққа  тікелей  бағынатын  дербес 

әскери округ құру мәселесімен айна-

лысты  және  «Еңбекші  қазақ»  га-

зетінің алқа мүшесі, ҚАКСР ОАК Ба-

лалар өмірін жақсарту жөніндегі ор-

талық  комиссиясының  (Ашыққан-

дарға  көмек  беру  ОК  жанындағы) 

төрағасы.  «Киргизы  и  Октябрьская 

революция»  («Жизнь  национально-

стей»  газеті,  1921,  №24),  «К  статье 

«Ревдвижение  в  Киргизии»  мақала-

ларын  жазды  («Степная  правда», 

1922, 27 тамыз). Осы кезеңде РК(б)П 

Қазақ обл.-тық комитетінің президи-

умы К.-нің А.-О.-дағы қызметіне бай-

ланысты  жазылған  И.Грушининнің 

«Благое намерение и неблагой посту-

пок»  атты  мақаласына  («Степная 

правда», 1922, 17-қыркүйек) байланы-

сты  мәселе  қарап  (1922,  қараша), 

Торғай оқиғаларына дейінгі қызметін 

А. О. ға қарсы бағытталған, ал Торғай 

кезеңінде  А.  О.  мен  ынтымақтасқан 

деген қаулы қабылдады, ісін Обл.-тық 

бақылау  комиссиясында  қарауға 

тапсырды.  ОБК  К.-ді  жұмысшылар 

арасында  жұмыс  жүргізе  тұру  үшін 

Орынбор  губкомының  қарамағына, 

кейін мұнай кәсіпшіліктерінде парти-

ялық жұмысқа пайдалану үшін Орал 

губкомына жіберу туралы шешім қа-

былдады. Алайда РК(б)П ОК өкілі Ря-

бининнің  күш  салуымен  РК(б)П  Қа-

зақ  облкомитеті  қарамағына  шақы-

рып  алынды.  Партия  тарихы  жөнін-

дегі Уақытша комитетке мүше болып 

тағайындалды  (1922,  қазан  –  1924, 

наурыз).  Осы  кезеңде  К.  қаламынан 

Алаш  қозғалысының  тарихын  бай-

ыптаған  алғашқы  очерктердің  бірі 

болып  саналатын  «К  исторической 

оценке  деятельности  «Алаш-Орды» 

мақаласы  туды  («Степная  правда», 

Орынбор, 1922, 14 қараша). Мақалада 

автор Алаш-Орда қызметіне бірқатар 

объективті  баға  бере  білді,  Алаш 

қозғалысын  танып-танытуда  нақты 

тарихи көзқарас ұстану қажет екенді-

гі  жөнінде  құнды  ой  айтты.  Осы 

көзқарасты  «К  исторической  оценке 

деятельности  партии  «Алаш»  атты 

мақаласында  («Известия  Киробкома 

РК (б) П. – 1923, № 1), «Алаш» парти-

ясы  туралы  мағлұмат»  («Қызыл  Қа-

зақстан», 1923, №15) мақаласында да 

берік ұстанды. К. 1924, наурыз – 1924 

ж.  мамыр  аралығында  ҚАКСР  Жұ-

мысшы-шаруа  инспекциясы  Халық 

комиссарының  орынбасары,  ҚАКСР 

Сыртқы сауда халық комиссары және 

өлкелік  партия  комитетінің  мүшесі 

(1924, мамыр – 1928, қаңтар). Осы ке-

зеңде  Қазақстан  Халкомкеңесінің 

астананы  Қызыл-Ордаға  көшіру 

жөніндегі комиссиясын басқарды. А. 

О.-дағы  қызметі  үшін  қамауға  алы-

нып,  БК(б)П  қатарынан  шығарылды 

(1926, қаңтар). «Революционное дви-

жение в Киргизии» мақаласын жари-

ялады  («Советская  правда»,  1927,  23 

шілде), Өлкелік партия комитеті бю-

росының  шешімімен  «Казторг»  Ак-

ционерлік  қоғамы  басқармасының 



Алаш қозғалысы

234


төрағасы  болып  тағайындалып,  сәл 

кейін  БК(б)П  ОК  сұрауына  орай 

Мәскеуге жіберілді. РКФСР Статисти-

ка Халық комиссарының орынбасары 

(1928, желтоқсан – 1929, ақпан). ҚАК-

СР  Халық  шаруашылығы  Орталық 

кеңесінің  төрағасы  (1929,  ақпан  – 

1929, қазан). Осы кезеңде екінші мәр-

те БК(б)П қатарынан шығарылып, Өл-

келік  партия  комитеті  Пленумының 

мүшелігінен  босатылды.  Бұдан  кейін 

Алматы шұға фабрикасының директо-

ры (1929, қазан – 1930, мамыр). «Ов-

цеводтрестің»  Өлкелік  конторының 

басқарушысы  (1930,  мамыр  –  1931, 

желтоқсан).  Семей  ет  комбинаты 

құрылысының бастығы (1931, желтоқ-

сан – 1932, қараша). Осы кезеңде Се-

мей  ет  комбинатында  шыққан  өрт 

үшін  бір  ж.  ға  жазаға  кесіліп,  оның 

төрт айын Петропавл облыстық инже-

нер-техникалық 

басқармасында 

нұсқаушы  болып  өтейді.  РКФСР  Ха-

лық  Комиссарлары  кеңесі  Дайындау 

комитетінің 

Түркіменстандағы 

уәкілетті  өкілі  (1934,  қаңтар  –  1936, 

шілде).  Орынбор  қ.  Биржевая  көше-

сіндегі  қонақүйде  ІІХК  Орынбор  об-

л.-тық 

басқармасы 



тарапынан 

ұсталғанға  дейін  Елтірі  тері  әзірлеу 

одағының Орынбор обл.-тық конторы 

директорының  орынбасары  (1936, 

желтоқсан – 1937, қаңтар). Алматыға 

әкелініп, 1938 ж. 26 - ақпанда атылды. 

1990 ж. қаңтарда КСРО Жоғарғы соты 

пленумының  қаулысымен  ақталды. 

Зайыбы – Жанета Рамазанқызы үй ша-

руасында болған. К. нің соңында Со-

фья,  Махмұд,  Бәкизат,  Шәміл,  Лия 

есімді үш ұл, екі қыз қалды. Софья Ас-

пандиярқызы – белгілі қайраткер Әлі-

би Жангелдиннің зайыбы.



Керенский  Александр  Федоро-

вич (22.04.1881 ж. Ресей Симбирск қ.) 

–  Ресейдің  саяси  қайраткері,  Уақыт-

ша үкімет басшысы. 1970 ж. 11 мау-

сымда  америка  құрама  штатында, 

Нью-йоркте қайтыс болған. 1912-1917 

ж. Вольск қ.-нан (Саратов губерния-

сы)  ІV  Мемлекеттік  думаға  депутат 

болып  сайланып,  еңбекшілер  фрак-

циясын  басқарған.  1917  ж.  Ақпан 

төңкерісінен  кейін  Санкт-Петербург 

жұмысшы  және  солдат  депутатта-

ры  Кеңесі  төрағасының  орынбаса-

ры,  Мемлекеттік  думаның  Уақытша 

комитетінің  мүшесі,  наурыз-мамыр 

айларында Уақытша үкіметтің әділет 

министрі,  мамыр  –  қыркүйек  айла-

рында  соғыс  және  теңіз  министрі,  8 

(21)  шілдеден  соғыс  және  теңіз  ми-

нистрі шенімен қатар Георгий Льво-

втың орнына министр-төраға, 30 та-

мыздан (12 қыркүйектен) Жоғары бас 

қолбасшы қызметтерін атқарған. 1917 

ж.  маусым-шілде  айларында  ереуіл-

ге  шыққан  жұмысшыларды  жазалау 

мен  большевиктер  партиясын  қуда-

лауды ұйымдастырған. 



Комиссар  (франц.  сommissaire, 

лат.  сommissaries  –  уәкілдік  алған) 

–  ХХ  ғ.  дың  басында  мемлекеттен 

(үкіметтен, заң шығарушы органнан) 

қоғамдық-саяси  немесе  әкімшілік 

шаралар  жүргізуге  арнайы  өкілдік 

алған  басшы,  лауазымды  қызмет-

кер  «комиссар»  деп  аталды.  Ресейде 

монархия  құлағаннан  кейін  пайда 

болған  әкімшілік  органдар  (Уақыт-

ша үкімет, совдептер, обл.-тық қазақ 

комиттері)  жер-жерге  шешімдерінің 

орындалуын  ұйымдастыру  үшін  жі-

берген  өкілетті  қызметкерлерін  де 

«комиссар»  деп  атаған.  Большевик 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

235


кеңестерінің  2  сиезінде  (қазан,  1917) 

жекелеген  салалардағы  мемлекеттік 

басқаруды жүзеге асыру үшін халық 

комиссариаттары құрылып, әр комис-

сариатты  «халық  комиссары»  басқа-

ратын  болып  (1946  ж.  комиссариат-

тар  министрлікке  айналдырылып, 

халық  комиссарлары  «министрлер» 

деп аталды). Алаш тарихынан да «ко-

миссар»  лауазымын  кездестіреміз. 

Бұл  жекелеген  тұлғалардың  ресми 

қызметтерінде  көрінді.  Мысалы, 

Ә.Бөкейхан  –  Уақытша  үкіметтің 

Торғай обл. бойынша комиссары бол-

са,  А.Байтұрсынұлы  кеңестік  билік 

жеңісінен  кейін  халық  ағарту  комис-

сары қызметін атқарды. Осы қызметте 

С.Сәдуақасұлы да болды.



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор

жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет